Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 6 ақпан N 171

      "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Z990357_ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 1-3-қосымшаларға сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттары бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң 2002 жылғы 6 ақпандағы N 171 қаулысына 1 қосымша
 
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
 
                      001 "Әкiмшiлiк шығындар"
               республикалық бюджеттiк бағдарламаның
                             ПАСПОРТЫ
 
      1. Құны: 67160 мың теңге (Алпыс жетi миллион жүз алпыс мың теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының K951000_ Конституциясы, "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 U990029_ Жарлығы, "Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне еңбек ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 25 наурыздағы N 575 Жарлығы; "Мемлекеттiк қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi N 453-I Z990453_ Қазақстан Республикасы Заңының 21, 22, 23, 25-баптары; "Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 19 сәуiрдегi N 2956 U962956_ Жарлығы.
      3. Бюджеттiк бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаттары. 4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: өзiне жүктелген функцияларын неғұрлым тиiмдi орындауына қол жеткiзуi үшiн Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi Төрағасының, мүшелерiнiң және аппаратының қызметiн қамтамасыз ету. 5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң Төрағасын, мүшелерiн және аппаратын ұстау. 6. Бюджеттiк бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары: --------------------------------------------------------------------------- !Бағдар.!Ішкі !Бағдарламаның !Бағдарламаны (ішкі !Жүзеге! Жауапты !лама !бағ. !(ішкі бағдарлама.!бағдарламаны) жүзеге ! асыру!атқарушылар !ның !дар. !ның) атауы !асыру жөніндегі !мерзі.! N!коды !лама.! ! іс-шаралар !мі ! ! !ның ! ! ! ! ! !коды ! ! ! ! --------------------------------------------------------------------------- 1! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7 --------------------------------------------------------------------------- 1 001 Әкiмшiлiк шығыстар 001 Орталық орган Республикалық бюджет. Жыл Республика. аппараты тiң атқарылуын бақы. бойы лық бюджет. лау жөнiндегi есеп тің атқары. комитетiнiң Төрағасын, луын бақы. мүшелерiн және аппара. лау жөнін. тын 23 бiрлiкке бекi. дегі есеп тiлген штат саны лимитi. комитеті не сәйкес жүктелген функцияларын сапалы атқаруы мақсатында ұстау --------------------------------------------------------------------------- 7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: Есеп комитетiне жүктелген функциялардың сапалы әрi дер кезiнде орындалуы, органның үздiксiз қызмет етуi.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң 2002 жылғы 6 ақпандағы N 171 қаулысына 2 қосымша
 
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
 
      500 "Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп
      комитетiне ақпараттық-есептеу қызметiн көрсету" республикалық
                      бюджеттiк бағдарламасының
                              ПАСПОРТЫ
 
      1. Құны: 1266 мың теңге (бір миллион екi жүз алпыс алты мың теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттiк аппараттың қызметiн жақсарту, бюрократизммен күрес және құжат айналымын қысқарту жөнiндегi іс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 31 шiлдедегi N 427 U000427_ Жарлығы; "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 16 наурыздағы N 573 U010573_ Жарлығы.
      3. Бюджеттiк бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаттары.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң ақпараттық жүйесiнiң қызмет етуiн қамтамасыз ету. 5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне ақпараттық-техникалық қызмет көрсету. Мемлекеттiк органдардың интеграцияланған ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесiне ену. 6. Бюджеттiк бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары: --------------------------------------------------------------------------- !Бағдар.!Бағдарламаның !Бағдарламаны жүзеге !Жүзеге! Жауапты !лама !(ішкі бағдарлама.!жөніндегі іс-шаралар ! асыру!атқарушылар !ның !ның) атауы ! !мерзі.! N!коды ! ! !мі ! ! ! ! ! ! ! ! ! ! ! --------------------------------------------------------------------------- 1! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 --------------------------------------------------------------------------- 1 500 Республикалық Бөлек арна құру және Жыл Республикалық бюджеттiң жалдау. бойы бюджеттің атқары. атқарылуын Ай сайынғы төлемдер, луын бақылау бақылау жөнiндегі 2-шi деңгейдегi жөніндегі есеп есеп комитетiне домендi тiркеу, комитеті ақпараттық-есептеу локальды-есептеу қызметiн көрсету байланысын (ЛЕБ) монтаждау --------------------------------------------------------------------------- 7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Есеп комитетiнiң ақпараттық инфрақұрылымының үздiксiз жұмыс істеуiн қамтамасыз ету. Дербес компьютерлердi, локальды есептеу желiсiн және оның компоненттерiн (серверлердi, желiлiк коммутаторларды және кабельдiк жүйенi), сондай-ақ ұйымдастыру техникаларын техникалық түзелген күйде ұстау.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң 2002 жылғы 6 ақпандағы N 171 қаулысына 3 қосымша
 
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
 
       600 "Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп
       комитетiн есептеу және ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз ету"
               республикалық бюджеттiк бағдарламасының
                             ПАСПОРТЫ
 
      1. Құны: 15386 мың теңге (Он бес миллион үш жүз сексен алты мың теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттiк аппараттың жұмысын жақсарту, бюрократизммен күрес және құжат айналымын қысқарту жөнiндегi iс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 31 шiлдедегi N 427 Жарлығы.
      3. Бюджеттiк бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаттары.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң қызметiн материалдық-техникалық және бағдарламалық қамтамасыз ету. 5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: есептеу және ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз ету, ақпараттық жүйе құру, жұмыс орнын автоматтандыру, локальды желi құру. Мемлекеттiк органдардың интеграцияланған ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесіне синхронды ену. 6. Бюджеттiк бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары: --------------------------------------------------------------------------- !Бағдар.!Ішкі !Бағдарламаның !Бағдарламаны жүзеге !Жүзеге! Жауапты !лама !бағ. !(ішкі бағдарлама.! асыру жөніндегі ! асыру!атқарушылар !ның !дар. !ның) атауы ! іс-шаралар !мерзі.! N!коды !лама.! ! !мі ! ! !ның ! ! ! ! ! !коды ! ! ! ! --------------------------------------------------------------------------- 1! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7 --------------------------------------------------------------------------- 1 600 Республикалық компьютерлер, прин. 2002 Республикалық бюджеттiң терлер және басқа жыл бюджеттің атқарылуын да ұйымдастыру тех. нау. атқарылуын бақылау жөнiндегі никаларын, лицензия. рыз- бақылау есеп комитетiн лық бағдарламалық мау. жөніндегі есептеу және ұйым. қамтамасыз етуді сым есеп дастыру техника. сатып алу. комитеті сымен қамтамасыз ету. --------------------------------------------------------------------------- 7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Есеп комитетiнiң аппаратын есептеу және ұйымдастыру техникасымен толық қамтамасыз ету. Жұмыс орындарын автоматтандыру және ұлғайту, локальды желi құру. Ақпаратты рұқсат етiлмегендерден қорғау, сондай-ақ зиянды бағдарламалардың ("вирустардың") ықпалынан қорғау. Мемлекеттiк органдардың интеграцияланған ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесiне ену. Есеп комитетi қабылдайтын шешiмдердiң тиiмдiлiгi мен келiсiмдiлiгiн арттыру.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады