"Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 14 ақпан N 217

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.     

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі

                                                  Жоба

              Қазақстан Республикасының Заңы     

        Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне
          өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы     

     1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      1. "Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" 1991 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1991 ж., N 26, 345-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 9-10, 158-құжат; N 15, 208-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; N 17-18, 219-құжат; 1998 ж., N 24, 432-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; 2001 ж., N 1, 4-құжат; N 13-14, 173-құжат): 
      1) 22-баптың төртiншi абзацындағы "медициналық-әлеуметтiк сараптау комиссиялары" деген сөздер "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық органдары" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      2) 29-баптың екiншi абзацындағы "медициналық-әлеуметтiк сараптау" деген сөздер "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық органы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      3) 46-баптың бiрiнші абзацындағы "медициналық-әлеуметтiк сараптау (дәрiгерлiк-еңбек сараптау комиссиялары)" деген сөздер "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық органы" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      2. "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттілік және әскери қызмет туралы" 1993 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Z939000 0 Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 2, 28-құжат; 1995 ж., N 8, 56-құжат, N 22, 135-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184-құжат; 2001 ж., N 8, 56-құжат; 2001 жылғы 15 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 13 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне бiлiм беру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2001 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Z010207_ Заңы; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат): 
      28-баптың 5-тармағындағы "Дәрiгерлiк-еңбек сараптама комиссиялары" деген сөздер "Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық органдары" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      3. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Z970094_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 8, 84-құжат; 1999 ж., N 13, 431-құжат; N 23, 921-құжат; 2001 ж., N 15-16, 228-құжат): 
      1) 118-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы "медициналық-әлеуметтiк сараптау комиссиясы (МӘСК)" деген сөздер "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық органы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      2) 120-баптың 4) тармақшасындағы "медициналық-әлеуметтiк сараптау комиссиясы (МӘСК)" деген сөздер "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық органы" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      4. "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" 1997 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының  Z970111_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 10, 109-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 24, 434-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 23, 927-құжат): 
      1) 39-баптың он бiрiншi абзацындағы "медициналық-әлеуметтiк сараптау комиссиялары" деген сөздер алынып тасталсын; 
      2) 71-бапта: 
      1-тармақтағы "медициналық-әлеуметтiк сараптау комиссиялары (МӘСК)" деген сөздер "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық органдары" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      3-тармақтағы "медициналық-әлеуметтiк сараптау комиссиясы" деген сөздер "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық органы" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      5. "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Z970126_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 11, 154-құжат; 1999 ж., N 8, 239-құжат; N 23, 925-құжат): 
      1) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын: 
      "9-бап. Мүгедектiк топтары 
      Тiршiлiк ету әрекетiнiң шектелуi және еңбек ету қабiлетiн жоғалту дәрежесiне қарай мүгедектiк үш топқа бөлiнедi. 
      Мүгедектiктiң себептерiн, топтарын, еңбек ету қабiлетiн жоғалту дәрежесiн, сондай-ақ мүгедектiкке душар болған уақытты халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық органы белгiлейдi. 
      Мүгедектiктi куәландыру, оның себептерiн, топтарын және еңбек ету қабiлетiн жоғалту дәрежесiн белгiлеу тәртiбiн халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орталық атқарушы органмен келiсiп белгiлейдi."; 
      2) 10-бапта: 
      1-тармақтағы "МӘСК" деген сөз "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      бiрiншi бөлiктегi "МӘСК-ке" деген сөздер "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық органына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiктегi "МӘСК" деген сөз "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық органы" деген сөздермен ауыстырылсын";
      3) 11-бапта:
      1) тармақшада ", бала кезiнен, оның iшiнде" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) бала кезiнен мүгедектер";
      4) 12-бап мынадай мазмұнда жазылсын:
      "12-бап. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақының мөлшерi 
      1. Осы Заңның 11-бабының 1), 1-1) және 3) тармақшаларында көрсетiлген мүгедектерге мүгедектiгi бойынша айлық жәрдемақы мынадай мөлшерде тағайындалады:
      I топтағы мүгедектерге - заң актiлерiнде белгiленген 7 айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi - айлық есептiк көрсеткiш);  
      II топтағы мүгедектерге - 4,5 айлық есептiк көрсеткiш;
      III топтағы мүгедектерге - 3 айлық есептiк көрсеткiш; 
      16 жасқа дейiнгi мүгедек балаларға - 4 айлық есептiк көрсеткiш;
      бала кезiнен I топтағы мүгедектерге - 7 айлық есептiк көрсеткiш;
      бала кезiнен II топтағы мүгедектерге - 5 айлық есептiк көрсеткiш;
      бала кезiнен III топтағы мүгедектерге - 4 айлық есептiк көрсеткiш.
      2. Осы Заңның 11-бабының 2) және 5) тармақшаларында көрсетiлген мүгедектерге мүгедектiгi бойынша айлық жәрдемақы мынадай мөлшерде тағайындалады:
      I топтағы мүгедектерге - 9 айлық есептiк көрсеткiш;
      II топтағы мүгедектерге - 6,5 айлық есептiк көрсеткiш;
      III топтағы мүгедектерге - 5 айлық есептiк көрсеткiш.
      3. Осы Заңның 11-бабының 4) тармақшасында көрсетiлген мүгедектерге мүгедектiгi бойынша айлық жәрдемақы мынадай мөлшерде тағайындалады: 
      I топтағы мүгедектерге - 16 айлық есептiк көрсеткiш; 
      II топтағы мүгедектерге - 10,5 айлық есептiк көрсеткiш; 
      III топтағы мүгедектерге - 7 айлық есептiк көрсеткiш. 
      4. Жұмыс iстейтiн жәрдемақы алушыларға мүгедектiгi бойынша жәрдемақы толық мөлшерiнде төленедi. 
      5. Егер Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан және жинақтаушы зейнетақы қорларынан берiлетiн зейнетақы төлемдерiнiң Жиынтықты мөлшерi мүгедектердiң тиiстi санаттары үшiн белгiленген мүгедектiгi бойынша айлық жәрдемақы мөлшерiнен кем болса, жәрдемақы төлеу мүгедектердiң осы санаттары үшiн белгiленген жәрдемақы мөлшерiне дейiн зейнетақы төлемдерiне тиiстi қосымша төлем ретiнде жүргiзiледi.". 
      6. "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Z990365_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 8, 238-құжат; N 23, 925-құжат; 2000 ж., N 23, 411-құжат; 2001 ж., N 2, 14-құжат): 
      6-баптың 4-тармағында: 
      бiрiншi абзацтағы "медициналық-әлеуметтiк сараптама (бұдан әрi - МӘСК) мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға" деген сөздер "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық органына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi абзацтағы "МӘСК" деген сөз "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық органы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2-бап. Осы Заң 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.     
     Қазақстан Республикасының 
          Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады