Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының республикалық
бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту
туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 92
қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
1-тармақтағы "3" деген сан "4" деген санмен ауыстырылсын;
осы қаулының қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 1 наурыздағы
N 259 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 23 қаңтардағы
N 92 қаулысына
4-қосымша
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
600 "Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы
Құқықтық статистика және ақпарат орталығының ақпараттық
жүйесiн құру" республикалық бюджеттiк бағдарламасының
2002 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 56138 мың теңге (елу алты миллион жүз отыз сегiз мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2709 заң күш бар Жарлығы (56 бап); Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының жүйесін одан әрi реформалау жөнiндегi шаралар туралы" 1997 жылғы 22 сәуiрдегi N 3465 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкiметінің "Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестің 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 31 қаңтардағы N 1641 қаулысы.
3. Бюджеттiк бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық
бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: статистикалық көрсеткiштердiң
тұтастығын, уәждiлiгiн және жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан
Республикасында қылмыстар туралы автоматтандырылған ақпараттық мәлiметтер
базасын қалыптастыру.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: ақпараттық жүйенi жетiлдiру
мақсатында ақпараттық базаны қалыптастыру және құру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс шаралар жоспары:
---------------------------------------------------------------------------
!Бағдар.!Кіші !Бағдарламаның !Бағдарламаны іске ! Іске ! Жауапты
!ламаның!бағ. !атауы (кіші бағ. !асыру жөніндегі ! асыру!орындаушылар
!коды !дар. !дарламаның атауы)!іс-шаралар !мерзі.!
N! !лама.! ! !мдері !
! !ның ! ! ! !
! !коды ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
600 Қазақстан Төмендегi сан 2002 Қазақстан
Республикасының бойынша жабдықтарды жыл. Республика.
Бас прокуратурасы және бағдарламалық дың сының Бас
жанындағы Құқықтық қамтамасыз етуді нау. прокуратура.
статистика және сатып алу және рызы- сы, Қазақ.
ақпарат орталығы. орнату: жел. стан
ның ақпараттық компьютерлер - 70 тоқ. Республика.
жүйесiн құру бірлік; саны сының Бас
принтерлер - 59 прокуратура.
бiрлiк; сервер - 1 сы жанында.
бiрлiк; лицензия. ғы Құқықтық
лармен бағдарлама. статистика
лық қамтамасыз және ақпарат
ету - 8 бiрлiк. орталығы
--------------------------------------------------------------------------
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: республика
бойынша статистикалық есептiң бiрыңғай автоматтандырылған мәлiметтер
базасын құру; ақпараттық-статистикалық жүйенi толығымен компьютерлендiру
және автоматтандыру үшiн жағдай жасау; шетелдiк құқық қорғау органдарының,
оның iшiнде ең алдымен Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының ақпараттық
жүйелерiмен өзара байланыс жасау үшiн жағдайды қамтамасыз ету; құқықтық
статистика субъектiлерiнiң қызметтерi және құқық бұзушылық, қылмыстар, оны
жасаған адамдар туралы ақпараттарды өңдеу және жинау жеделдiлiгiн арттыру.
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.