"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1-4-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.03.01. N 259 қаулысымен .
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 23 қаңтардағы
N 92 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
001 "Әкiмшiлiк шығыстар" республикалық бюджет бағдарламасының
2002 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2669268 мың теңге (екi миллиард алты жүз алпыс тоғыз миллион екi жүз алпыс сегiз мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 1-30-баптары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575 Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2709 заң күшi бар Жарлығы .
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы орталық аппаратын, облыстық және оған теңестiрiлген прокуратуралардың оларға жүктелген функциялардың барынша тиiмдi орындалуына қол жеткiзу үшiн қызметiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: ҚР Бас прокуратурасының орталық аппаратын, облыстық және оған теңестiрiлген прокуратураларды ұстау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
N !Бағ. !Кіші !Бағдарламаның ! Бағдарламаны іске ! Іске ! Жауапты 001 Орталық Қазақстан Республикасы Бір Қазақстан 002 Аумақтық Облыстық және оған Бір Қазақстан |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына жүктелген функцияларды уақтылы және сапалы орындау, республиканың прокуратура органдарының үздіксіз жұмыс істеуі.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 23 қаңтардағы
N 92 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
030 "Қылмыстық және жедел есептердi жүргiзу" республикалық
бюджеттiк бағдарламасының 2002 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 446054 мың теңге (төрт жүз қырық алты миллион елу төрт мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 1-30-баптары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575 Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы заң күшi бар Жарлығы ; "Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңының 4-бабы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының жүйесiн реформалау жөнiндегi шаралар туралы" 1997 жылғы 22 сәуiрдегi Жарлығы ; "Шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң қызметтерiн тексерулердiң бiрыңғай статистикалық есебiн енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 1 қыркүйектегi N 1286 қаулысы ; "Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестiң 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 31 қазандағы N 1641 қаулысы ; "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығы (департаментi) туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2001 жылғы 6 наурыздағы N 32 бұйрығы; 1992 жылғы 3 тамыздағы Ішкi iстер министрлiгiнiң ақпарат алмасу саласындағы өзара қарым-қатынастар туралы келiсiм.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: статистикалық көрсеткiштердiң тұтастығын, уәждiлiгiн және жеткiлiктiгiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк құқықтық статистиканы қалыптастыру; шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн барлық тексерулердiң бiрыңғай статистикалық есебiн жүргiзу; қылмысқа қарсы күрес, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғау мiндеттерiн шешу кезiнде мемлекетаралық ақпараттық өзара iс-қимыл.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: құқықтық статистика субъектiлерiнiң қызметi құқық бұзушылық және қылмыс туралы алғашқы есебiн қамтамасыз ету; құқықтық статистиканы ұйымдастыру-әдiстемелiк басқару; құқықтық статистика субъектiлерiнiң алғашқы есебiнiң және статистикалық есептiлiгiнiң тұтастығын, уәждiлiгiн, жеткiлiктiгiн және дұрыстығын қамтамасыз ету; құқықтық статистика субъектiлерiмен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығы арасындағы аудандық және облыстық деңгейлерде қылмыстық, прокурорлық, сот есептiлiктiң және арнайы есептердiң статистикалық деректерiн өзара салыстыру тетiгi мен нысандарын әзiрлеу; мемлекетаралық ақпараттық банкке әр тараптан түсетiн есептiк материалдардың санын ескере отырып үлестiк қатысу нысанындағы мемлекетаралық ақпараттық банктi ұстау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
---------------------------------------------------------------------------
N !Бағ. !Кіші !Бағдарламаның ! Бағдарламаны іске ! Іске ! Жауапты
!дар. !бағ. !атауы (кіші ! асыру жөніндегі іс- ! асыру !орындаушылар
!лама !дар. !бағдарламаның ! шаралар !мерзім.!
!коды !лама.!атауы) ! !дері !
! !ның ! ! ! !
! !коды ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7
---------------------------------------------------------------------------
030 Қылмыстық
және жедел
есептерді
жүргізу
030 Құқықтық Жүктелген функцияларды Бір Қазақстан
статистика орындау мақсатында жыл Республикасы
және бекітілген 641 бірлік ішінде Бас прокура.
ақпарат штат санының лимитіне турасының
орталығы сәйкес Құқықтық жанындағы
статистика және Құқықтық
ақпарат орталығын статистика
ұстау және ақпарат
орталығы
031 Ресей Феде. Ресей Федерация-ның ІІМ Бір Қазақстан
рация-ның Бас ақпарат орталығы. жыл Республикасы
ІІМ Бас ның Мемлекетаралық ішінде Бас прокура.
ақпарат ақпараттық банкін турасының
орталығының Қазақстан Республика. жанындағы
Мемлекет. сының үлестік ұстауы Құқықтық
аралық ақ. бойынша өткен жылдың статистика
параттық берешегін өтеу және және ақпарат
банкін ағымдағы төлемдерді орталығы
үлестік ұстау төлеу
---------------------------------------------------------------------------
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне, Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгiне және құқықтық статистика субъектiлерiнiң барлығына қажеттi айлық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық статистикалық ақпаратты және қылмыс, тергеу мен анықтама органдарының жұмысы туралы, қылмыс жасаған адамдар туралы, қылмыс туралы өтiнiштер мен хабарламалардың саны туралы есептердi қалыптастыру және уақытылы беру; қылмыс туралы, оның iшiнде сыбайлас жемқорлық туралы жедел мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына уақытылы жинау, қалыптастыру және беру; азаматтық құқықтық және әкiмшiлік-құқықтық практика туралы есеп пен статистика жүргiзудi жетiлдiру; мемлекетаралық мүдделердi ескере отырып, қылмыстың алдын-алу, оны ашу және тергеу мақсатында, жедел-анықтама, қылмыстық және басқа есептердегi iздеу, мәлiметтердi беру.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 23 қаңтардағы
N 92 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
601 "Папилон-7" АДАЖ дактилоскоптық есептеудiң ақпараттық
жүйесiн құру" республикалық бюджеттiк бағдарламасының
2002 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 65000 мың теңге (алпыс бес миллион теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсанындағы заң күшi бар Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының жүйесiн одан әрi реформалау жөнiндегi шаралар туралы" 1997 жылғы 22 сәуiрдегi Жарлығы ; "Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестiң 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 31 қазандағы N 1641 қаулысы .
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: құқық қорғау органдарының, Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестiң 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасында айқындалған мiндеттердi тиiмдi шешу үшiн олардың ақпаратпен қамтамасыз етiлуiн жетiлдiру.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Құқықтық статистика және ақпарат орталығын лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету арнайы жабдықтарды (есептеуiш, алшақтықтан болжап пайдаланылатын станциялар) сатып алу және орнату жолымен бағдарламалық жарақтандыру; көлемді дактилокарттар мен іздерді толық енгізуді жүргізу жолымен деректердің автоматтандырылған дактилоскоптық базасын қалыптастыру, оқыту; бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйе енгізу.
6. Бюджеттік кіші бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
---------------------------------------------------------------------------
N !Бағ. !Кіші !Бағдарламаның ! Бағдарламаны іске ! Іске ! Жауапты
!дар. !бағ. !атауы (кіші ! асыру жөніндегі іс- ! асыру !орындаушылар
!лама !дар. !бағдарламаның ! шаралар !мерзім.!
!коды !лама.!атауы) ! !дері !
! !ның ! ! ! !
! !коды ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7
---------------------------------------------------------------------------
601 Дактилоскоптық "Папилон" жүйесі 2002 Қазақстан Рес.
есептеудің үшін төмендегідей жылдың публикасының
"Папилон-7" сан жабдықтарды және наурызы Бас прокурату.
АДАЖ ақпараттық бағдарламалық қам. желтоқ. расы, Қазақ.
жүйесін құру тамасыз етуді сатып саны стан Республи.
алу және орнату: касының Бас
1.1. есептеуіш - прокуратурасы
"Папилон-1000" - жанындағы
3 бірлік; Құқықтық
1.2. бағдарламалық статистика
қамтамасыз ету - және ақпарат
13 бірлік; орталығы
2. алшақтан болжап
пайдаланатын станция
- 1 бірлік;
3. жабдықтарды
жеткізіп беруді және
жабдықтарды орнатуға
арналған үй-жайларды
қайта жабдықтауды
қоса алғанда кешенді
монтаждау,
пайдалануға қосу;
4. 1300000
дактилокарттан
"Папилон-7" АДАЖ
деректердің
электрондық базасын
қалыптастыру;
5. "Папилон-7"
АДАЖ-бен жұмыс істеу
үшін 14 Тапсырыс
берушінің маманын
оқыту;
6. үш жыл ішінде
кешенді сервистік
сүйемелдеу <*>
---------------------------------------------------------------------------
Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.11.23. N 92a қаулысымен.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер: сыйымдылығы 1300000 бірлік республикалық автоматтандырылған дактилокарт деректерiнiң базасын жасау; бiрнеше саусақтар бедерi, бiр саусақ бедерiнiң аз ғана фрагментi бойынша адамның жеке басы мен басы анықталмаған өлiктердi анықтау мүмкiндiгi; бояусыз оптикаэлектронды қондырғыларды-арнайы сканерлердi енгiзудiң есебiнен келiп түсетiн сапасын жақсарту; болжап пайдаланылатын станциялардың автоматтандырылған дактилоскоптық ақпаратты енгiзуге, өңдеуге және жедел тексеруге арналған деректер базасының ресурстарына бiрыңғай республикалық алшақтықтан желiсiн құру үшiн жағдайларды қамтамасыз ету; шетелдiк құқық қорғау органдарының ең алдымен ТМД-ның дактилоскоптық есептерiнiң ақпараттық жүйелерiмен бiрге интеграциялау мүмкiндiгi.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 23 қаңтардағы
N 92 қаулысына
4-қосымша
Ескерту. 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.03.01. N 259 қаулысымен .
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
600 "Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы
Құқықтық статистика және ақпарат орталығының ақпараттық
жүйесiн құру" республикалық бюджеттiк бағдарламасының
2002 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 56138 мың теңге (елу алты миллион жүз отыз сегiз мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2709 заң күш бар Жарлығы (56 бап); Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының жүйесін одан әрi реформалау жөнiндегi шаралар туралы" 1997 жылғы 22 сәуiрдегi N 3465 Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Үкiметінің "Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестің 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 31 қаңтардағы N 1641 қаулысы .
3. Бюджеттiк бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: статистикалық көрсеткiштердiң тұтастығын, уәждiлiгiн және жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасында қылмыстар туралы автоматтандырылған ақпараттық мәлiметтер базасын қалыптастыру.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: ақпараттық жүйенi жетiлдiру мақсатында ақпараттық базаны қалыптастыру және құру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс шаралар жоспары:
---------------------------------------------------------------------------
!Бағдар.!Кіші !Бағдарламаның !Бағдарламаны іске ! Іске ! Жауапты
!ламаның!бағ. !атауы (кіші бағ. !асыру жөніндегі ! асыру!орындаушылар
!коды !дар. !дарламаның атауы)!іс-шаралар !мерзі.!
N! !лама.! ! !мдері !
! !ның ! ! ! !
! !коды ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
600 Қазақстан Төмендегi сан 2002 Қазақстан
Республикасының бойынша жабдықтарды жыл. Республика.
Бас прокуратурасы және бағдарламалық дың сының Бас
жанындағы Құқықтық қамтамасыз етуді нау. прокуратура.
статистика және сатып алу және рызы- сы, Қазақ.
ақпарат орталығы. орнату: жел. стан
ның ақпараттық компьютерлер - 210 тоқ. Республика.
жүйесiн құру бірлік; саны сының Бас
принтерлер - 154 прокуратура.
бiрлiк; сервер - 1 сы жанында.
бiрлiк; қолданбалы ғы Құқықтық
бағдарламалық қамта. статистика
масыз етуді (Астана және ақпарат
қаласы бойынша ҚСжАО орталығы
базасындағы алғашқы
жоба) әзірлеу <*>
--------------------------------------------------------------------------
Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.11.23. N 92a қаулысымен.
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: республика бойынша статистикалық есептiң бiрыңғай автоматтандырылған мәлiметтер базасын құру; ақпараттық-статистикалық жүйенi толығымен компьютерлендiру және автоматтандыру үшiн жағдай жасау; шетелдiк құқық қорғау органдарының, оның iшiнде ең алдымен Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының ақпараттық жүйелерiмен өзара байланыс жасау үшiн жағдайды қамтамасыз ету; құқықтық статистика субъектiлерiнiң қызметтерi және құқық бұзушылық, қылмыстар, оны жасаған адамдар туралы ақпараттарды өңдеу және жинау жеделдiлiгiн арттыру.