Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 14 сәуiрдегi N 585 Жарлығын iске асыру жөнiндегі кейбiр шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 11 наурыз N 290

      "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Z010273_ Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерiн Талдықорған қаласына көшiру жөнiндегi iс-шараларды аяқтауға 2002 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен 800 (сегiз жүз) миллион теңге, оның iшiнде:
      1) республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне әкiмшiлiк ғимараттарды жөндеуге (сатып алуға) - 238 (екi жүз отыз сегiз) миллион теңге, оның iшiнде мыналар үшiн:
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Алматы облыстық қазынашылық басқармасына - 3 (үш) миллион теңге;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қаржы бақылау комитетiнiң Алматы облысы бойынша басқармасына - 25 (жиырма бес) миллион теңге, оның iшiнде ғимарат сатып алуға - 15 (он бес) миллион теңге;
      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Алматы облысы бойынша әдiлет басқармасына - 26 (жиырма алты) миллион теңге;
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Алматы облысы бойынша салық комитетiне ғимарат сатып алуға - 35 (отыз бес) миллион теңге;
      Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгiнiң Алматы облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетiне - 8 (сегiз) миллион теңге;
      Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Алматы облыстық автомобиль жолдары басқармасына - 9 (тоғыз) миллион теңге;
      Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Алматы облысы бойынша көлiктiк бақылау басқармасына - 9 (тоғыз) миллион теңге;
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Алматы облыстық аумақтық басқармасына - 5 (бес) миллион теңге;
      Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Балқаш аймақтық биоресурстарды қорғау жөнiндегi мекемесiнiң Алматы облыстық балық ресурстарын қорғау жөнiндегi инспекциясына - 1 (бiр) миллион теңге;
      Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Алматы облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасына - 6 (алты) миллион теңге;
      Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Алматы облыстық орман және биоресурстар жөнiндегi басқармасына - 7 (жетi) миллион теңге;
      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Алматы облыстық прокуратурасына - 37 (отыз жетi) миллион теңге;
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкiмшiлiгi жөнiндегi комитеттiң Алматы облысы бойынша әкiмшiсiне - 44 (қырық төрт) миллион теңге;
      Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгiнiң Алматы облысы бойынша қаржы полициясы департаментiне - 16 (он алты) миллион теңге;
      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Алматы облысы бойынша департаментiне - 1 (бiр) миллион теңге;
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң Алматы облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармасына - 3 (үш) миллион теңге;
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Алматы облыстық әскери комитетiне - 3 (үш) миллион теңге;
      2) Алматы облысының әкiмiне - 562 (бес жүз алпыс екi) миллион теңге, оның iшiнде:
      Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Алматы облыстық iшкi iстер бас басқармасы үшiн әкiмшілік ғимаратты жөндеуге - 111 (бiр жүз он бiр) миллион теңге;
      Алматы қаласынан Талдықорған қаласына екiншi кезеңде көшiрiлген тиiстi орталық мемлекеттiк органдар облыстық құрылымдық бөлiмшелерiнiң мемлекеттiк қызметшiлерiн квота бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етуге - 451 (төрт жүз елу бiр) миллион теңге бөлсiн.
      2. Алматы облысының әкiмi республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiмен бiрлесiп, бөлiнетiн қаражаттың мақсатты да тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз етсiн және 2002 жылғы 1 тамызға дейiн Қазақстан Республикасының Yкiметiне осы қаулының 1-тармағына сәйкес бөлiнетiн қаражатты пайдалану туралы толық есеп берсiн, бұл ретте осы қаулының 1-тармағының 2) тармақшасы бойынша ақпаратты онда мемлекеттiк органды, пәтерлердiң мекен-жайларын, алаңын және оның теңгерiмдiк құнын көрсете отырып, ұсынсын.
      3. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi орталық мемлекеттiк органдардың Талдықорған қаласына көшiрiлген аумақтық бөлiмшелерi үшiн әкiмшiлiк ғимараттарды күрделi жөндеуге арналған шығындар есептемелерiнiң жобаларына белгiленген тәртiппен 2 ай мерзiмде мемлекеттiк

 

сараптама жүргiзсiн.

     4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнетiн қаражаттың

мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады