Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 12 наурыз N 298 Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.12.10. N 1300 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 6, 40-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентi мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:
      "28-1. Үкiметтiң қаулыларын және Премьер-Министрдiң өкiмдерiн тiркеу мен есепке алу Премьер-Министрдiң Кеңсесi анықтайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
      Қол қойылған Үкiметтiң қаулыларына және Премьер-Министрдiң өкiмдерiне Кеңсе мыналарды қамтыған тiркеу нөмiрлерiн бередi:
      1) құпия емес қаулылар үшiн - күнтiзбелiк жылдың басынан басталған реттiк нөмiр, өкiмдер үшiн - күнтiзбелiк жылдың басынан басталған реттiк нөмiр, сызықша арқылы "ө" әрпiн көрсете отырып;
      2) құпия немесе өте құпия мәлiметтердi қамтыған қаулылар мен өкiмдер үшiн - құпия емес қаулыларға (өкiмдерге) арналған реттiк нөмiр, құпия мәлiметтердi қамтыған қаулылар (өкiмдер) үшiн реттiк нөмiрдi сызық арқылы көрсетiп, құпия қаулылар (өкiмдер) үшiн - "қ" әрпiн және өте құпиялары үшiн - "өқ" әрiптерiн жаза отырып;
      3) бюджеттiк бағдарламалардың бекiтiлген паспорттарына өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзудi көздейтiн қаулылар үшiн - бастапқы қаулының реттік нөмірі, әлiпби тәртiбiмен берiлетiн әрiп таңбасы жазыла отырып.".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады