Заңды тұлғаларды қала салушыларға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргізу ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы N 325 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 727 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2015 № 727 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 100-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
     1. Қоса берiлiп отырған Заңды тұлғаларды қала салушыларға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
     2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi қала салушы заңды тұлғалардың тiзбесiн жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк уәкiлеттi орган болып белгiленсiн. <*>
     ЕСКЕРТУ. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.11.26. N 1184 қаулысымен .
     3. Мемлекеттiк уәкiлеттi орган 30 (отыз) күннiң iшiнде Қазақстан Республикасының қала салушы заңды тұлғаларының тiзбесiн бекiтсiн.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануы тиiс.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң       
2002 жылғы 18 наурыздағы           
N 325 қаулысымен               
бекiтiлген                   

Заңды тұлғаларды қала салушыларға жатқызу және
олардың тiзбесiн жүргiзу ережесi

      1. Заңды тұлғалар қала салушылардың тiзбесiне (бұдан әрi - Тiзбе) мынадай өлшемдердiң бiрi бойынша:
      1) заңды тұлға өндiрiсiнiң көлемi өндiрiстiң жалпы қалалық көлемiнiң 14 пайызынан асқанда;
      2) заңды тұлғада жұмыс iстейтiндердiң саны қаланың еңбекке қабiлеттi халқы санының 14 пайызынан асқанда;
      3) заңды тұлғада iстейтiндердiң саны қаланың еңбекке қабiлеттi халқы санының 10 пайызынан асқанда және өндiрiстiң жалпы қалалық көлемiнде заңды тұлғаның үлесi 10 пайыздан асқанда енгiзiледi.
      2. Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкiмияттары (бұдан әрi - Әкiмияттар) заңды тұлғаның аймақ үшiн әлеуметтiк-экономикалық мәнiн негiзге ала отырып, мемлекеттiк уәкiлеттi органға осы Ереженiң 1-тармағында көзделген өлшемдерге сәйкес оны Тiзбеге енгiзу жөнiндегi ұсыныстарды және ол туралы ақпаратты ұсынады.
      3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi және Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi мемлекеттiк уәкiлеттi органның сұратуы бойынша олардың ресми деректерге сәйкестiгiнiң мәнiне Әкiмияттардың ұсыныстары мен ақпаратына талдау жүргiзедi.
      4. Мемлекеттiк уәкiлеттi орган ресми деректердi ескере отырып, заңды тұлғаны Тiзбеге енгiзу туралы шешiм нәтижелерi бойынша Әкiмияттардың ұсыныстарына әлеуметтiк-экономикалық сараптама жүргiзедi. Тiзбе 30 (отыз) күннiң iшiнде жариялануы тиiс.
      5. Мемлекеттiк уәкiлеттi орган бiр жылдың iшiнде Тiзбенiң мониторингiн жүргiзедi және қала салатын заңды тұлға осы Ереженiң 1-тармағында көзделген өлшемдерге сәйкес келмеген кезде оны Тiзбеден шығарады.
     6. Тізбеге өзгерістер енгізгенге дейін кемінде үш ай бұрын мемлекеттік уәкілетті орган Тізбеге енгізілетін өзгерістер туралы тиісті Әкімияттарды хабардар етеді.
     7. Тізбеге өзгерістер ағымдағы жылғы 1 наурызға дейін жылына бір рет енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады