Тәжiкстан Республикасына Ресей Федерациясынан медициналық мүлiктің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 18 наурыз N 327

      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 P991143_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қосымшаға сәйкес Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің 201-мотоатқыштар дивизиясы үшiн Тәжiкстан Республикасына Ресей Федерациясынан медициналық мүлiктiң Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне рұқсат етiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi 1995 жылғы 26 мамырдағы Z990368_ Арнайы жүктердi және әскери мақсаттағы өнiмдердi тасымалдау туралы келiсiмге және басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес қауіпсiздiктiң айрықша шараларын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темiр жол көлiгiмен жүктiң транзиттiк тасымалдануын жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден

 

комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағы

арқылы медициналық мүлiктің транзитiн бақылауды қамтамасыз етсiн.

     4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi осы

қаулыны iске асыру мақсатында қажеттi шаралар қабылдасын.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


                                           Қазақстан Республикасы

                                                Үкiметiнің

                                          2002 жылғы 18 наурыздағы

                                              N 327 қаулысына

                                                  қосымша


     Тәжiкстан Республикасындағы Ресей Федерациясының 201-мотоатқыштар

   дивизиясының әскери бөлімiне (01162 далалық почта) беру жоспарланған

             медициналық мүлiктің номенклатурасы және мөлшерi

---------------------------------------------------------------------------

          Атауы                 !  СЭҚ ТН коды  !  Өлшем   !   Мөлшерi

                                !               ! бiрлігі  !

---------------------------------------------------------------------------

Зил-130 автомобилi негiзiндегi

жылжымалы рентген кешенi            870590000       Жинақ         1


ДЖҚ-2 дәрiлеу-жуыну қондырғысы      842430010       Жинақ         2

---------------------------------------------------------------------------


     Бағыты: Свердлов темiр жолы Гипсовая станциясы (Ресей Федерациясы) -

Душанбе станциясы (Тәжiкстан Республикасы);

     шекаралық өту пункттерi: Никель-Тау станциясы - Шеңгелдi станциясы

(Қазақстан Республикасы);

     ЖҚМ өкілінің күзетiмен 1 платформа құрамында;

     жөнелтушi - Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің 35778 әскери бөлiмi;

     алушы - Ресей Федерациясы Қарулы Күштерiнің әскери бөлiмi 01162

далалық почтасы.


     Мамандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады