Мемлекеттік азық-түлік резервіне 2002 жылғы егіннің астығын мемлекеттік сатып алу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 27 наурыз N 356.

      Мемлекеттік азық-түлік астығының резервін жаңарту және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден 2002 жылғы егіннің 500 000 (бес жүз мың) тонна көлеміндегі бидай және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдары астығын 5 413 400 000 (бес миллиард төрт жүз он үш миллион төрт жүз мың) теңге сомасына мемлекеттік сатып алу жүргізуді, сонымен бірге: <*>
      250 000 (екі жүз елу мың) тоннаға дейінгі көлемдегі үшінші сыныптан төмен емес жұмсақ сортты азық-түліктік бидай астығын 2 900 000 000 (екі миллиард тоғыз жүз миллион) теңге сомасына - 2002 жылғы 25 шілдеге дейінгі мерзімде қаржыландыру арқылы беру шарты негізінде қосымша құн салығын қоса алғанда және қосымша құн салығын төлемейтiн бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн қосымша құн салығын қоспай есептелген табиғи салмақтың бір тоннасын 11 600 (он бір мың алты жүз) теңгеден кем емес баға бойынша, франко-элеватор қағидасымен; <*>
      153728 (бір жүз елу үш мың жеті жүз жиырма сегіз) тоннаға дейінгі көлемдегі үшінші сыныптан төмен емес дәнінің маңызы 25 %-дан кем емес жұмсақ сортты азық-түліктік бидай астығын 1663640000 (бір миллиард алты жүз алпыс үш миллион алты жүз қырық мың) теңге сомасына қосымша құн салығын қоса алғанда және қосымша құн салығын төлемейтiн бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн қосымша құн салығын қоспай есептелген табиғи салмақтың бiр тоннасын 10822 (он мың сегiз жүз жиырма екi) теңгеден кем емес баға бойынша, франко-элеватор қағидасымен - күзде тiкелей сатып алу арқылы; <*>
      22510 (жиырма екі мың бес жүз он) тоннаға дейінгі көлемдегі СТ РК 1046 - 2001 үшінші сыныптан төмен емес қатты сортты азық-түліктік бидай астығын 348000000 (үш жүз қырық сегіз миллион) теңге сомасына қосымша құн салығын қоса алғанда және қосымша құн салығын төлемейтiн бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн қосымша құн салығын қоспай есептелген табиғи салмақтың бір тоннасын 15460 (он бес мың төрт жүз алпыс) теңгеден кем емес баға бойынша, франко-элеватор қағидасымен - күзде тiкелей сатып алу арқылы; <*>
      65000 (алпыс бес мың) тоннаға дейінгі көлемдегі екінші сыныпты арпаны 401960000 (төрт жүз бір миллион тоғыз жүз алпыс мың) теңге сомасына қосымша құн салығын қоса алғанда және қосымша құн салығын төлемейтiн бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн қосымша құн салығын қоспай есептелген табиғи салмақтың бiр тоннасын 6184 (алты мың бiр жүз сексен төрт) теңгеден кем емес баға бойынша, франко-элеватор қағидасымен - күзде тiкелей сатып алу арқылы қамтамасыз етсiн. <*>
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.11.05. N 1171 қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.12.28. N 1399 қаулысымен.

      2. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік азық-түлік резервіне 2002 жылғы егіннің астығын мемлекеттік сатып алудың ережесі бекітілсін.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсімовке жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің   
2002 жылғы 27 наурыздағы      
356 қаулысымен           
бекітілген             

Мемлекеттік азық-түлік резервіне 2002 жылғы
егіннің астығын мемлекеттік сатып алудың ережесі

  1. Сатып алу шарттары

      1. Сатып алуды өсімдік шаруашылығы өнімдерін тауарлары өндірумен айналысатын жеке немесе заңды тұлғалар - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен (бұдан әрі - Сатушы) мемлекеттік астық ресурстарын сақтау үшін заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Ауылшармині) таңдап алған желілік астық қабылдау кәсіпорындарында мемлекеттік ресурстарды басқаратын агент (бұдан әрі - Агент) жүзеге асырады.
      Астық қабылдау кәсіпорындарын сатып алуға қатысуға жіберуге іріктеудің негізгі өлшемі - астықты сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның болуы және астықты қабылдау, сақтау, ұқсату және тиеп жөнелту қызметтерін көрсетудің неғұрлым төменгі тарифтері болып табылады.

      2. Көктемгі және жазғы қаржыландыру арқылы мемлекеттік сатып алудың мақсаты - мемлекеттік азық-түліктік астықтың резервін жаңалау үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге тұқым, жанар-жағар май, тыңайтқыш, гербицид, ауыл шаруашылығы техникасы үшін қосалқы бөлшек сатып алуға олардың астық беру шартының негізінде мақсатты түрде қаражат бөліп, астық өндірісін мемлекеттік қолдау.

2. Астық сатып алуды және
оны қаржыландыруды жүргізудің тәртібі

      3. Осы қаулы жарияланғаннан кейін Агент республикалық баспасөз басылымдарында астықтың мемлекеттік ресурстарын сақтауға қатысуға жіберілген астық қабылдау кәсіпорындарының тізімін, Сатушылардың өтінім беру және оларды комиссияның қарауы мерзімдерін және басқа да шарттарын жариялайды.

      4. Өз астығын сатуға мүдделілік білдірген Сатушылар Ауылшарминінің бұйрығымен құрылған комиссияға:
      1) көктемгі және жазғы қаржыландыру арқылы сатып алу бағдарламасына қатысу үшін - екінші деңгейдегі банктің Сатушыға кепілдік беру ниеті туралы хатын; жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттың көшірмесін міндетті түрде ұсынған өтінімді;
      2) тікелей шартпен күзгі сатып алуға қатысу үшін - өз өндірген астығын сату туралы жазбаша өтінімді; астықтың бар екенін растайтын құжаттың көшірмесін; жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.

      5. Бір Сатушыдан 15 мың тоннадан аспайтын астық сатып алынады.

      6. Заңды және жеке тұлғалардың (Астық сатушылардың) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші айқындамасына сай келуін анықтау мақсатында облыс әкімдерінің шешімдерімен жұмыс топтары құрылады. Жұмыс топтарының құрамына ауыл шаруашылығы мәселелерін қадағалайтын облыс әкімдерінің орынбасарлары, ауыл шаруашылығы департаменттерінің (басқармаларының), жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдардың, статистика және салық органдарының, Ауылшармині облыстық аумақтық басқармаларының өкілдері және Агенттің облыстық өкілдіктерінің директорлары енгізіледі.

      7. Комиссия анықтаған Сатушы Агенттің облыстық өкілдіктерімен астық сатып алу шартын жасайды. Үлгі шарттың нысанын Ауылшармині бекітеді.
      Шарт жасасу үшін Сатушы салық қызметі органдарынан Сатушының қосымша құн салығын немесе бірыңғай жер салығын төлеуші екендігін растайтын анықтаманы тапсырады.
      Күзде сатып алынатын астық мынадай талаптарға сәйкес келуi тиiс:
      1) бiр тоннасының бағасы 10822 (он мың сегiз жүз жиырма екi) теңге бойынша үшiншi сыныптан төмен емес жұмсақ сортты азық-түлiктiк бидай:
      1. Табиғи салмақ, г/л                730-дан кем емес
      2. Ылғалдығы, %                      13,5-тен көп емес
      3. Дән маңызының жалпы үлесi, %      25-тен кем емес
      4. Дән маңызының сапасы, тобы        II-ден төмен емес
      5. Мөлдiрлiгi, %                     50-ден кем емес
      6. Түссiздiгi (дәреже)               1-ден төмен емес
      7. Арамшөп қоспасы, %                1-ден көп емес
      8. Дән қоспасы, %                    3-тен көп емес
      9. Зиянкестермен дерттенуiне жол берiлмейдi;
      2) бiр тоннасының бағасы 15460 (он бес мың төрт жүз алпыс) теңге бойынша үшiншi сыныптан төмен емес қатты сортты азық-түлiктiк бидай:
      1. Табиғи салмақ, г/л                745-тен кем емес
      2. Дән маңызының жалпы үлесi, %      25-тен кем емес
      3. Мөлдiрлiгi, %                     70-тен кем емес
      қалған сапа көрсеткiштерi ҚP СТ 1046-2001-ге сәйкес;
      3) <*>
      4) бiр тоннасының бағасы 6184 (алты мың бiр жүз сексен төрт) теңге бойынша екiншi сыныпты арпа:
      1. Табиғи салмақ, г/л                620-дан кем емес
      2. Ылғалдығы, %                      14,5-тен көп емес
      3. Арамшөп қоспасы, %                2-ден көп емес
      4. Дән қоспасы, %                    5-тен көп емес
      қалған сапа көрсеткiштерi МЕМСТ 28672-90-ға сәйкес. <*>
      Ескерту. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.11.05. N 1171 қаулысымен.
      Ескерту. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.12.28. N 1399 қаулысымен.

      8. Сатып алу шарттары бойынша ақы төлеуді жүргізу үшін Сатушылар:
      1) көктем, жаз кезеңінде - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пруденциалдық нормативтерін орындаған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің төлем кепілдігін;
      2) күзде - астықтың бар екенін куәландыратын құжатты (астық қолхаты немесе ПК-10), дән сапасының сертификатын, салық заңнамасына сәйкес нысан бойынша есеп-фактурасын тапсырады.

     9. Агент 8-тармақта көрсетілген құжаттардың түсуіне қарай Ауылшарминіне ақша алуға өтінім береді. Ауылшармині 3 банктік күн ішінде өтінім берілген ақшаны Агенттің Астана қаласы бойынша Қазынашылық басқармасындағы ашылған N 1 арнайы шотына аударады. Алынған қаражатты Агент 3 банктік күн ішінде Астық сатушылардың шоттарына аударады.    

3. Сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігі

     10. Сатып алуға қатысушылар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады