Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 наурыздағы N 356 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 28 желтоқсан N 1399

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Мемлекеттік азық-түлік резервіне 2002 жылғы егіннің астығын мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 наурыздағы N 356 қаулысына  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
      үшінші абзацтағы "153740 (бір жүз елу үш мың жеті жүз қырық) тоннаға дейінгі көлемдегі үшінші сыныптан төмен емес дәнінің маңызы 25%-дан кем емес жұмсақ сортты азық-түліктік бидай астығын 1663774280 (бір миллиард алты жүз алпыс үш миллион жеті жүз жетпіс төрт мың екі жүз сексен) теңге сомасына" деген сөздер "153728 (бір жүз елу үш мың жеті жүз жиырма сегіз) тоннаға дейінгі көлемдегі үшінші сыныптан төмен емес дәнінің маңызы 25 %-дан кем емес жұмсақ сортты азық-түліктік бидай астығын 1663640000 (бір миллиард алты жүз алпыс үш миллион алты жүз қырық мың) теңге сомасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші абзацтағы "30000 (отыз мың) тоннаға дейінгі көлемдегі үшінші сыныптан төмен емес қатты сортты азық-түліктік бидай астығын 348000000 (үш жүз қырық сегіз миллион) теңге сомасына" және "бір тоннасын 11600 (он бір мың алты жүз) теңгеден кем емес баға бойынша" деген сөздер "22510 (жиырма екі мың бес жүз он) тоннаға дейінгі көлемдегі СТ РК 1046 - 2001 үшінші сыныптан төмен емес қатты сортты азық-түліктік бидай астығын 348000000 (үш жүз қырық сегіз миллион) теңге сомасына" және "бір тоннасын 15460 (он бес мың төрт жүз алпыс) теңгеден кем емес баға бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесінші абзац алынып тасталсын;
      алтыншы абзацтағы "60000 (алпыс мың) тоннаға дейінгі көлемдегі екінші сыныпты арпаны 371040000 (үш жүз жетпіс бір миллион қырық мың) теңге сомасына" деген сөздер "65000 (алпыс бес мың) тоннаға дейінгі көлемдегі екінші сыныпты арпаны 401960000 (төрт жүз бір миллион тоғыз жүз алпыс мың) теңге сомасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік азық-түлік резервіне 2002 жылғы егіннің астығын мемлекеттік сатып алудың ережесінде:
      7-тармақтың 2) тармақшасындағы "11600 (он бір мың алты жүз)" деген сөздер "15460 (он бес мың төрт жүз алпыс)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады