2002 жылға арналған республикалық бюджетте 042 "Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесі мен өкілдік шығындардың нормаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 30 наурыз N 377


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қоса беріліп отырған:
     1) 2002 жылға арналған республикалық бюджетте 042 "Өкілдік шығындар" 
бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесі;
     2) өкілдік шығындардың нормалары бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
                                     Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
                                       2002 жылғы 30 наурыздағы
                                           N 377 қаулысымен
                                              бекiтiлген
     
      2002 жылға арналған республикалық бюджетте 042 "Өкiлдiк шығындар"
         бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесi
     
                           1. Жалпы ережелер
     


      1. Осы ереже 2002 жылға арналған республикалық бюджетте 042 "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдаланудың тәртiбiн анықтайды.
      2. Өкілдiк шығындар - республикалық бюджетте тиiстi қаржы жылына көзделген және республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне шетелдiк делегацияларды қабылдауға, кеңестер, семинарлар, салтанатты және ресми iс-шаралар өткiзуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Премьер-Министрiнiң және Мемлекеттiк хатшысы - Қазақстан Республикасы

Сыртқы iстер министрiнiң шетелдiк сапарлары кезiнде өкiлдiк мақсаттарға 
бөлiнетiн қаражат.
     Өкiлдiк шығындарға:
     1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiнде көзделген 
жағдайларда iс-шараларға қатысу үшiн Қазақстан Республикасына шақырылатын 
адамдардың қонақ үйде тұруына және белгiленген пунктiне дейiнгi көлiктiк 
шығындарына ақы төлеуге;
     2) ресми түстiктерге, кешкi астарға, кофе-брейктерге, фуршеттерге;
     3) ресми қабылдаулар өткiзу кезiндегi музыкалық сүйемелдеуге;
     4) кәдесыйлар, ескерткiш сыйлықтар сатып алуға; 
     5) автокөлiктiк қызмет көрсетуге;
     6) аудармашылардың қызметiне ақы төлеуге;
     7) залды жалға алуға;
     8) Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi рұқсат еткен 
өзге де шығыстарға арналған шығындар жатады.
     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 17 маусымдағы 
              N 661  

P020661_

  қаулысымен.
       2. Өкiлдiк шығындарға бөлiнетiн республикалық бюджеттiң 
                  қаражатын пайдаланудың тәртiбi 
     


      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігi мемлекеттiк органдардың ұсыныстары негiзiнде және 2002 жылға арналған республикалық бюджетте өкілдiк шығындарға көзделген қаражаттың көлемiне сүйене отырып, өкілдiк шығындарды талап ететiн жылдық іс-шаралар жоспарын (бұдан әрi - Жоспар) жасайды.
      Мемлекеттiк органдардың ұсыныстары негiзiнде күтпеген iс-шараларды өткiзудiң саяси маңызы мен бөлiнген қаражат көлемiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Жоспарды жыл бойында түзете алады.
      4. Республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң 2002 жылға арналған республикалық бюджетте өкілдiк шығындарға қаражат бөлу туралы өтiнiштерiн Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi:
      1) iс-шараны өткiзу қажеттiлiгiнiң негiздемесi;
      2) деңгейi мен форматы бойынша делегацияның болу бағдарламасы;
      3) iс-шараға дайындалудың және оны өткiзудiң жұмыс жоспары;
      4) iс-шараға қатысушылардың iс жүзiндегi санын растайтын құжаттар;
      5) шығыстардың әрбiр бабының негiздемесiмен бiрге шығыстар сметалары;
      6) осы Ереженiң 3-тармағына сәйкес Жоспарда тиiстi iс-шара болған кезде қарайды.
      5. Осы Ереженiң 2-тармағының 3), 4), 7) тармақшаларында белгiленген өкiлдiк шығындар бойынша республикалық бағдарламалардың әкiмшiлерi көрсетiлген қызметтердi ұсынатын ұйымдар қызметтерiнiң құны мен деректемелерiн көрсете отырып, заңнамада белгiленген тәртiп сақталғандығын растайтын құжаттарды ұсынады.
      6. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Жоспардың және республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң өтiнiштерi негiзiнде осы қаулымен бекiтiлген өкiлдiк шығындардың нормаларына сәйкес республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне өкiлдiк шығындарға қаражат бөлудi жүзеге асырады.
      7. Өкiлдiк шығындарға қаражат бөлу туралы шешiм Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң шешiмiмен ресiмделетiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Премьер-Министрiнiң және Мемлекеттiк хатшысы - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң шетелдiк сапарлары кезiнде өкiлдiк мақсаттарға қаражат бөлу жағдайларынан басқа, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң бұйрығымен ресiмделедi.
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 17 маусымдағы
               N 661 P020661_ қаулысымен.
      8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң шешiмi немесе Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң бұйрығы негiзiнде белгiленген тәртiппен республикалық бюджет бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзедi:
      Қазақстан Республикасының аумағында және аумағынан тысқары жерлерде өкiлдiк шығындарды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң 042 "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша жоспарлы арналымдарды азайтуды және республикалық бюджеттiк бағдарламаның тиiстi әкiмшiсiнiң 023 "Өкiлдiк шығындарға арналған қаражаттың есебiнен iс-шаралар өткiзу" бағдарламасы бойынша жоспарлы арналымдарды ұлғайтуды жүргiзедi.
      ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 17 маусымдағы
               N 661 P020661_ қаулысымен.
      9. Қазақстан Республикасының аумағындағы өкілдiк шығындарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.
      10. Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Премьер-Министрiнiң және Мемлекеттiк хатшысы - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң шетелдiк сапарлары кезiнде өкiлдiк шығындарға қолма-қол шетелдiк валюта бөлу мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
      бөлiнген қаражатты айырбастау үшiн Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Астана қаласының Қазынашылық басқармасында валюталық шот ашады;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Орталық филиалы Астана қаласы Қазынашылық басқармасының өтiнiшi бойынша шетел валютасын айырбастауды жүргiзедi және оның корреспонденттiк (валюталық) шотына есептейдi;
      Астана қаласының Қазынашылық басқармасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Орталық филиалының үзiндi көшiрмесiнiң негiзiнде шетелдiк валютаны Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң валюталық есептеудi жүргiзедi;
      Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi ай сайын 10-күнiне дейiн тиiстi айға арналған жоспарлы арналымдарға баламалы сомада келесi күнтiзбелiк айға қолма-қол шетел валютасын алуға Астана қаласының Қазынашылық басқармасына өтiнiм жолдайды;
      өкілдiк шығындарға қаражат бөлу туралы қабылданған шешiмнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi қолма-қол шетел валютасын алуға арналған сенiмхатты беру үшiн ресми делегацияның құрамына кiретiн адамды көрсете отырып, Астана қаласының Қазынашылық басқармасына хат жолдайды. Астана қаласының Қазынашылық басқармасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң хатында көрсетiлген адамға Ұлттық Банктiң Астана қаласындағы Орталық филиалынан қолма-қол шетел валютасын алуға сенiмхат бередi.
      ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 17 маусымдағы
               N 661 P020661_ қаулысымен.

                     3. Есептілік және бақылау

      11. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi өкілдiк шығындарға бөлiнетiн қаражаттың жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады.
      12. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мен өкiлдiк шығындарға қаражат алған адамдар iс-шаралар өткiзiлгеннен кейiн 5 күннiң iшiнде бiрiншi басшының (оны алмастыратын тұлғаның) қолы қойылған:
      1) осы Ереженiң 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң өзге де шығындар бойынша шешiмiн;
      2) тиiстi тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетудi сатқан ұйымның мөрiмен расталған сатып алынған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтер көрсетудiң құны мен көлемiн көрсете отырып, растайтын құжаттарды (түбiртектердi, шот-фактураларды, жүк құжаттарды) қамтитын бөлiнген қаражаттың пайдаланылуы туралы есептi ұсынуы тиiс.
      Осы Ереженiң 10-тармағымен анықталған тәртiппен бөлiнетiн қаражат бойынша есеп беретiн тұлға үш банктiк күннiң iшiнде Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң валюталық шотына пайдаланылмаған ақшаның сомасын қайтарады және оған Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің шетелдiк сапарлары кезiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары бекiткен немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң шетелдiк сапарлары кезiнде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Басшысының орынбасары бекiткен,

елтаңбалық мөрмен расталған өкілдiк мақсаттарға арналған шығындар 
жөнiндегi актiнi, сондай-ақ қолма-қол қаражатты қайтару туралы түбiртектi 
және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Орталық филиалының кiрiс 
ордерiн ұсынады.
     ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 17 маусымдағы 
              N 661  

P020661_

  қаулысымен.     
     13. Өкiлдiк шығындарға бөлiнген қаражаттың мақсатты және тиімдi 
пайдаланылуына жауапкершілік қаражат алушыға жүктеледi.
     
                                 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
                                     2002 жылғы 30 наурыздағы
                                         N 377 қаулысымен
                                            бекiтiлген
     
                       Өкiлдiк шығындардың
                            нормалары
 _______________________________________________________________________
              Шығындардың атауы              Құны, теңгемен
 _______________________________________________________________________
 1. Ресми түстiктердi, кешкi астарды 
 өткiзуге арналған шығындар делегация
 үшiн күнiне бiр адамға арналған есеппен
 жүргiзiледi;                                6500-ге дейiн
    Қазақстан Республикасының Президентi
 мен Премьер-Министрiнiң қатысуымен
 ресми түстiктердi, кешкi астарды өткiзуге
 күнiне бiр адамға арналған есеппен          12500-ге дейiн
 2. Келiссөздер, мәдени бағдарламалар 
 iс-шаралары кезiндегi күнiне бiр адамға
 арналған буфеттiк қызмет көрсету            1 040-қа дейiн
 3. Делегацияны қабылдайтын мемлекеттiк
 органның штатында жоқ аудармашының
 еңбегiне ақы төлеу (iлеспе аудармадан
 басқа) сағаттық ақы төлеу есебiмен          700-ге дейiн
 4. Шетелдiк делегацияларға автомобиль
 көлiгiмен қызмет көрсету шығындарына
 ақы төлеу сағаттық ақы төлеу есебiнен
 шығыстар сметаларында көзделедi             1200-ге дейiн
 _______________________________________________________________________
     
     Ескерту:
     1. Ресми түстiктердi, кешкi астарды өткiзу кезiнде Қазақстан 
Республикасының тарапынан қатысушылардың саны шетелдiк делегациялардың 
тарапынан қатысушылардың санынан аспауы тиiс.
     2. Делегацияның құрамы 5 адамнан артық болған кезде делегацияға 
қызмет көрсететiн (iлеспе аудармадан басқа) iлесiп жүретiн адамдар мен 
аудармашылардың саны делегацияның 5 мүшесiне кемiнде 1 аудармашы немесе 
iлесiп жүрушi есебiмен айқындалуы тиiс.
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады