"Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 5 сәуір N 403. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.12.18. N 1267 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстанның Даму Банкі" жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Даму Банкі) Даму Банкіне заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Эксимбанк) міндеттемелерін және оның мемлекеттік заемдар шеңберінде жасасқан әрі оларды бірлесіп қаржыландыру республикалық бюджеттің қаражатынан жүзеге асырылатын агенттік келісімдер бойынша түпкі заемшыларға талаптар қою құқықтарын беру жөніндегі ұсынысы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы, Ауыл шаруашылығы, Көлік және коммуникациялар министрліктері, Даму Банкі (келісім бойынша), Эксимбанк (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі А.С.Павловқа жүктелсін.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы         
Үкіметінің                 
2002 жылғы 5 сәуірдегі        
N 403 қаулысына            
қосымша                

Эксимбанктің міндеттемелері
және оның түпкі заемшыларға талап қою
құқығы Даму Банкіне берілетін
жобалардың тізбесі

     1. Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру
     2. Ақтау қаласындағы теңіз сауда портын қайта құру
     3. Темір жол көлігінің қуатын дамыту

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады