Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 сәуір N 434 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.19. N 610 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100  P020100_  қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 
      1) 4-тармақтағы "күшіне енеді және жариялануға тиіс" деген сөздер "заңды тұлғалар үшін және 2002 жылғы 31 қаңтардан бастап жеке тұлғалар үшін күшіне енеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларында:
      1-тарауда:
      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) медициналық, дәрігерлік қызметтен айналысу;           10
          мал дәрігерлік қызметпен айналысу;                    6";
      4-тармақтың 25) тармақшасындағы "тексеру" деген сөз "салыстырып тексеру" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.     

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

     

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады