Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандарды
сынақтық ұшырудың 2002 жылға арналған жоспары бойынша қорытынды (бұдан әрі
- Қорытынды) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қорытындыны
дипломатиялық арналар бойынша ресей тарапына жолдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 22 сәуірдегі
N 458 қаулысымен
бекітілген
"Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандарды сынақтық ұшырудың
2002 жылға арналған жоспары бойынша қорытынды
2002 жылғы 19 ақпандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы
арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның ұсынымын және
"Байқоңыр" ғарыш айлағындағы РС-18 және РС-20 ҚБР ШЖҚ-ны Ресей
Федерациясына қайтадан есепке алу жөніндегі жұмыстарды аяқтау үшін белгілі
бір уақыттың керектігі туралы қосымша ақпаратты ескере отырып, Қазақстан
Республикасының Үкіметі "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандарды сынақтық
ұшырудың 2002 жылдың бірінші жарты жылына арналған жоспарын келіседі.
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.