Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 26 қыркүйектегі N 1173 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 26 сәуір N 475.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін дайындаудың және басып шығарудың мақсатты бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 26 қыркүйектегі N 1173 P961173_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 39, 367-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

 

     көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жалпы білім

беретін мектептері үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін дайындау

мен басып шығарудың мақсатты бағдарламасында:

     "Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді басып шығару жөніндегі

жұмыс" деген бөлімдегі:

     реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

     "3. Оқу жылдары бойынша оқулықтар мен

     оқу-әдістемелік кешендерді басып шығару

     және оларды көбейту жоспарын дайындау:

     6-сынып                           2000-2003 оқу жылы,

     7-сынып                           2003-2004 оқу жылы,

     8-сынып                           2004-2005 оқу жылы,

     9-сынып                           2005-2006 оқу жылы,

     10-сынып                          2006-2007 оқу жылы,

     11-сынып                          2007-2008 оқу жылы.";

     реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

     "5. Оқу жылдары бойынша оқулықтар

     мен оқу-әдістемелік кешендерді аймақтық

     орталықтарға жеткізу:     

     6-сынып                           2002-2003 оқу жылы,

     7-сынып                           2003-2004 оқу жылы,

     8-сынып                           2004-2005 оқу жылы,

     9-сынып                           2005-2006 оқу жылы,

     10-сынып                          2006-2007 оқу жылы,

     11-сынып                          2007-2008 оқу жылы.";

     реттік нөмірі 5-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

     "5-1. Оқу жылдары бойынша

     оқулықтар мен оқу-әдістемелік

     кешендерді білім беру жүйесіне

     енгізу:

     6-сынып                           2002-2003 оқу жылы,

     7-сынып                           2003-2004 оқу жылы,

     8-сынып                           2004-2005 оқу жылы,

     9-сынып                           2005-2006 оқу жылы,

     10-сынып                          2006-2007 оқу жылы,

     11-сынып                          2007-2008 оқу жылы.".


     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.    






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады