Швейцария Конфедерациясының вице-президенті, Федералдық экономика кеңесшісі Паскаль Кушпеннің Қазақстан Республикасына ресми сапарына дайындық және оны өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 29 сәуір N 482

      Қазақстан Республикасы мен Швейцария Конфедерациясының арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту және Швейцария Конфедерациясының вице-президенті, Федералдық экономика кеңесшісі Паскаль Кушпеннің 2002 жылғы 2-6 мамыр кезеңінде Қазақстан Республикасына ресми сапарына дайындық және оны өткізу жөнінде Астана және Алматы қалаларында протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдарымен және мүдделі ұйымдармен (келісім бойынша) бірлесіп Швейцария Конфедерациясының вице-президенті, Федералдық экономика кеңесшісі Паскаль Кушпеннің 2002 жылғы 2-6 мамыр кезеңінде Қазақстан Республикасына ресми сапарына (бұдан әрі - сапар) дайындық және оны өткізу жөнінде Астана және Алматы қалаларында протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын (қосымшаға сәйкес) Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 16 шілдедегі N 173 U990173_ Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік протоколына сәйкес қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша):
      Швейцария Конфедерациясы ресми делегациясының мүшелерін орналастыру, тамақтандыру және көліктік қызмет көрсету жөніндегі қажетті шараларды (қосымшаға сәйкес) қабылдасын;
      2002 жылға арналған республикалық бюджетте "Ресми делегацияларға қызмет көрсету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың есебінен сапарды өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды (қосымшаның барлық тармақтары бойынша) қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) Швейцария Конфедерациясының ресми делегациясы мүшелерінің әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, сондай-ақ жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді қамтамасыз етсін.
      4. Алматы қаласының әкімі:
      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісе отырып, Швейцария Конфедерациясының ресми делегациясы мүшелерінің Алматы қаласында жеке болу бағдарламасын (мәдени-спорттық іс-шаралар) көздесін;
      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісе отырып Алматы қаласында қонақасы ұйымдастырсын (қосымшаның 10-тармағына сәйкес).
      5. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі:
      сапардың отандық бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсін;
      швейцария делегациясының мүшелері үшін фольклорлық концерт ұйымдастырсын (қосымшаның 8-тармағына сәйкес).
      6. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі жұмыс бабындағы қонақасы ұйымдастырсын (қосымшаның 9-тармағына сәйкес).
      7. Астана және Алматы қалаларының әкімдері Швейцария Конфедерациясының вице-президенті, Федералдық экономика кеңесшісі Паскаль Кушпенді, оның зайыбын және Швейцария Конфедерациясының ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу жөніндегі, сапардың бағдарламасына сәйкес болатын орындарындағы ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын, Астана және Алматы қалаларының әуежайлары мен көшелерін, сондай-ақ делегация жүретін бағыттар бойынша мемлекеттік тілде және қонақтар елінің тілінде

 

безендіруді қамтамасыз етсін.

     8. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының

Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

     9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                          Қазақстан Республикасы

                                               Үкіметінің

                                         2002 жылғы 29 сәуірдегі

                                             N 482 қаулысына

                                                 қосымша


   Швейцария Конфедерациясы ресми делегациясының мүшелерін орналастыру,

       тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету жөніндегі         

                          ұйымдастыру шаралары



 
       1. Швейцария Конфедерациясының ресми делегациясы мүшелерін (1+1+8: делегация басшысы, оның зайыбы, бірге жүретін ресми делегация мүшелері Швейцария Конфедерациясының Ресейдегі және Қазақстанда қоса қызмет атқарушы Елшісінің зайыбы) Астана және Алматы қалаларында тиісінше "Окан Интерконтиненталь-Астана" және "Анкара" қонақ үйлеріне орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі қызметкерлерін "Окан Интерконтиненталь-Астана" және "Анкара" қонақ үйлеріне орналастыру.
      3. 2002 жылғы 2-6 мамырдағы сапарды өткізуге жұмылдырылған адамдар үшін ұтқыр байланыс құралдарын (5 дана) жалға алу.
      4. Баспа өнімдерін (бейдждер, автокөліктерге арнайы рұқсаттамалар) дайындау.
      5. Ресми делегация мүшелері үшін кәдесыйлар және делегация басшысы мен оның зайыбы үшін сыйлықтар сатып алу.
      6. Швейцария Конфедерациясының ресми делегациясын Астана және Алматы қалаларының әуежайларында қарсы алу және шығарып салу кезінде VIР-залды, шай дастарханын ұйымдастыру.
      7. Швейцария Конфедерациясының ресми делегациясын Астана және Алматы қалаларының әуежайларында қарсы алу және шығарып салу рәсімдерін техникалық тұрғыдан безендіру (жалаулар, Астана және Алматы қалаларының әуежайлары мен делегацияның жол жүретін бағыттары бойынша мемлекеттік тілдегі және қонақтар елінің тіліндегі құттықтау транспаранттары).
      8. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі И.Н. Тасмағамбетов пен оның зайыбы атынан Швейцария Конфедерациясының вице-президенті, Федералдық экономика кеңесшісі П. Кушпеннің құрметіне Астана қаласындағы "Салтанат Сарайы" ғимаратында фольклорлық концертпен ресми қабылдау ұйымдастыру.
      9. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрі М.Т.

 

Есенбаевтың атынан Швейцария Конфедерациясының вице-президенті, Федералдық

экономика кеңесшісі П. Кушпеннің құрметіне Астана қаласында Қазақстан

Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында жұмыс бабындағы

қонақасы ұйымдастыру.

     10. Алматы қаласының әкімі В.В. Храпуновтың атынан Швейцария

Конфедерациясының вице-президенті, Федералдық экономика кеңесшісі П.

Кушпеннің құрметіне Алматы қаласы әкімінің қабылдау үйінде түстік қонақасы

ұйымдастыру.

     11. Ресми делегация мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға

медициналық қызмет көрсету.



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады