Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының қаржы рыногын мемлекеттік реттеудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру мәселелері" туралы Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы Қазақстан Республикасының қаржы рыногын мемлекеттік
реттеудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру мәселелері
Қазақстан Республикасының Конституциясы K951000_ 44-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Z952733_ заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Yкiметi туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық Z952688_ заңы 22-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының қаржы рыногын мемлекеттiк реттеудiң бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру мақсатында, онда қалыптасып отырған қатынастарды қадағалау тиiмдiлiгiн арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қызметiн оңтайландыру үшiн қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi функциялары мен өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне беру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Yкiметi:
1) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетiн таратсын және оның мүлкiн бiр айлық мерзiмде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне берудi қамтамасыз етсiн;
2) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң бұрын шығарылған актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп осы Жарлықтан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы" 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 U990188_ Жарлығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ережеде:
қазақша мәтiндегi 5-тармақтың үшiншi абзацында "480090" деген сандар өзгерiссiз қалдырылсын;
27-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
"14-1) лицензиаттың атауы, орналасқан жерi өзгерген жағдайларда заңдарға сәйкес Ұлттық Банк берген лицензияларды қайта ресiмдеу туралы шешiмдер қабылдайды.";
2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң құрылымында:
"1. Орталық аппарат" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 1-жол мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 1-1-жолмен толықтырылсын:
"1-1. Төлем балансы және валюталық реттеу департаментi";
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 5-2-жолмен толықтырылсын:
"5-2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу департаментi";
реттiк нөмiрi 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Халықаралық қатынастар басқармасы";
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 12-1-жолмен толықтырылсын:
"12-1. Ұлттық Банк басшылығының қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi басқарма";
реттiк нөмiрi 17-жол алынып тасталсын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi