2002 жылғы 21-25 мамырда Қытай Халық Республикасы Қоғамдық қауіпсіздік министрінің Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындауды және оны өткізуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2002 жылға
арналған республикалық бюджетте "Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша
көзделген қаражат есебінен Қазақстан Республикасының Ішкі істер
министрлігіне делегация мүшелерінің Алматы-Астана-Алматы бағыты бойынша
жол жүруіне және Астана, Алматы қалаларында тұруына ақы төлеу үшін 1761760
(бір миллион жеті жүз алпыс бір мың жеті жүз алпыс) теңге сомасында
қаражат бөлсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.