Халықаралық шартқа сәйкес оларға қатысты тауарлар экспорты мен импортына салық салудың өзгеше тәртібі қолданылатын, Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды берушілерге төленуге тиісті қосылған құн салығын есепке жатқызу тәртібі туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 22 мамыр N 556. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.05.26. N 516 қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы  K010209_  Кодексінің (Салық кодексі) 235-бабына, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Өзара саудада жанама салықтарды өндіріп алу қағидаттары туралы" 2000 жылғы 9 қазандағы  келісімге  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына импортталатын табиғи газ конденсатын қоса алғанда, табиғи газды, мұнайды берушілерге төленуге тиісті қосылған құн салығын қосылған құн салығын төлеушілер есепке жатқызады деп белгіленсін. Есеп осы тармақта көрсетілген тауарларды берушінің Ресей Федерациясынан жөнелтуі сәтінде Ресей Федерациясының аумағында қолданылып жүрген салық ставкасы мөлшерінде онда қосылған құн салығы бөліп көрсетілген сомасымен Ресей Федерациясынан беруші ұсынған шот-фактура негізінде жүргізіледі. 
      Қосылған құн салығын төлеушіде салық салынатын және салық салынбайтын, оның ішінде қосылған құн салығынан босатылған айналымдар болған жағдайда Ресей Федерациясынан берушілерге төленуге тиісті қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы  Кодексінің  (Салық кодексі) 239-бабында көзделген тәртіппен есепке жатқызылады.
     2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады