"Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 P991143_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Ресей Федерациясынан Қырғыз Республикасына 2001 жылғы 25 желтоқсандағы N 17/2002-НВ келiсiм-шарт бойынша қосымшаға сәйкес номенклатура және сан бойынша Хайдаркан сынап мемлекеттік акционерлік қоғамы (Қырғыз Республикасы, Баткен облысы, Хайдаркан кентi) үшін "Нитро-Взрыв" ашық акционерлiк қоғамы (Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы) беретiн жарылғыш материалдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне рұқсат берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi
мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті
заңнамада белгіленген тәртіппен жарылғыш материалдардың Қазақстан
Республикасының аумағы арқылы транзитіне бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi осы
қаулыны іске асыру мақсатында қажеттi шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 23 мамырдағы
N 560 қаулысына
қосымша
2001 жылғы 25 желтоқсандағы N 17/2002-НВ келiсiм-шарты
бойынша Хайдаркан сынап мемлекеттік акционерлік қоғамы (Қырғыз
Республикасы, Баткен облысы, Хайдаркан кентi) үшін "Нитро-Взрыв"
(Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы) ашық акционерлік қоғамы
беретін тауарлардың саны
___________________________________________________________________________
Р/с! Тауардың атауы ! СЭҚ ТН коды!Өлшем !Саны! Бағасы !Құны АҚШ
N ! ! !бірлігі ! ! АҚШ !доллары.
! ! ! ! ! долларымен !мен
! ! ! ! ! !
___!_____________________!____________!________!____!____________!_________
1 Диаметрі 32 мм пат. 360200000 тонна 200 480,00 96000,00
рондардағы 6ЖВ аммо.
ниті
2 ОША от өткізгіш бауы 360300100 мың 300 135,00 40500,00
метр
3 КД-8 капсюл-тұтан. 360300900 мың 200 124,00 24800,00
дырғышы дана
4 Электртұтандырғыштары 360300000 мың 50 865,00 43250,00
дана
5 ДША тұтандырғыш бауы 360300100 мың 40 226,00 9040,00
метр
6 ЗПБ оталдырғыш 360300900 мың 10 400,00 4000,00
патрондары дана
7 ЭЗ-ОШ электр 360300900 мың 10 540,00 5400,00
оталдырғышы дана
8 ВП-0,8 өндірістік 360300900 мың 20 52,00 1040,00
жарғыш жұмыстарына метр
арналған өткізгіш
Жиыны 230890,00
___________________________________________________________________________
Жөнелту пункттері: Курья станциясы және Пашино станциясы (Ресей
Федерациясы)
Соңғы баратын пункті: Жылы Арық станциясы (Қырғыз Республикасы)
Шекаралық өту пункттері: Тобол станциясы - Луговая станциясы, Локоть
станциясы - Луговая станциясы.
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.