Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 маусымдағы N 833 және 2000 жылғы 31 шілдедегі N 1164 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 23 мамыр N 563

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған бағдарлама туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 маусымдағы N 833 P000833_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 25, 291-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес

 

жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламада:

     "Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету" бөлімінде:

     бірінші абзацтағы "2000 жылы - ІЖӨ-нің (ішкі жалпы өнімнің) 0,8%,

2001 жылы ІЖӨ-нің 1%," деген сөздер алынып тасталсын;

     төртінші абзац алынып тасталсын;

     "Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер" бөлімінде:

     Қазақстан Республикасындағы халықтың саны, еңбек ресурстары және

жұмыссыздықты азайту туралы 2001-2002 жылдарға арналған мәліметтер (мың

адам) кестесі мынадай редакцияда жазылсын:


                                                          мың адам

---------------------------------------------------------------------------

Көрсеткіштер                ! 2000 жыл     ! 2001 жыл    ! 2002 жыл

---------------------------------------------------------------------------

Халықтың саны                 14869,1        14847,8       14848,5

Еңбек ресурстары, барлығы      8530,5         8534,3        8540,8

Экономикалық белсенді халық    7106,5         7100,7        7118,9

Экономикада еңбек ететіндер    6200,1         6295,2        6416,4

Жұмыссыздар                     906,4          805,5         702,6

---------------------------------------------------------------------------

     жетінші абзацтағы "239,4" деген сан "295,1" деген санмен ауыстырылсын;

     сегізінші абзацтағы "48,2" деген сан "52,8" деген санмен ауыстырылсын;

     тоғызыншы абзац алынып тасталсын;

     "Кедейлікпен күрес" деген 1-бөлімнің "Әлеуметтік саясат" деген

1.2-бөлімшесінде:


 
       екінші абзацта 1) тармақшадағы "алатын кірісіне қарай алушылардың жекелеген санаттарына арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері бойынша" деген сөздер "алушылардың жекелеген санаттарына арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асыру бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзацтағы 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауды уәкілетті орган тиісті

 

бюджетте атаулы көмек көрсету үшін көзделген сома шегінде жүзеге асыратын

болады;";

     "Кедейлік шегі және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек" деген 1.5.

бөлімшеде:

     төртінші абзацтағы "азаматтар жиындарының, ардагерлер (ақсақалдар)

кеңестерінің ұсынымдары" деген сөздер "учаскелік комиссиялардың атаулы

әлеуметтік көмек беру қажеттігі туралы қорытындылары" деген сөздермен

ауыстырылсын;

     бесінші абзацтың екінші сөйлемі алынып тасталсын;

     "Жұмыссыздықпен күрес - кедейлікті жоюдың негізгі шарты" деген

2-бөлімдегі "Жұмыссыздық деңгейін бағалау" деген 2.1-бөлімшеде:

     оныншы абзац мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен

толықтырылсын:

     "2-1) шетелдік жұмыс күшін отандық еңбек рыногына жасырын әкелуді

болдырмау;

     2-2) еңбек қатынастарын заңдастыру жөнінде шаралар қабылдау;";

     он бірінші абзацтағы аймақтар шегінде жұмыссыздықтың болжамды деңгейі

туралы мәліметтер кестесі мынадай редакцияда жазылсын:

---------------------------------------------------------------------------

        Облыстар                 !        Жұмыссыздық деңгейі (%)    

                                 !-----------------------------------------

                                 !  2000 жыл   !  2001 жыл   !   2002 жыл

---------------------------------------------------------------------------

Ақмола                                12,7          10,9          9,4

Ақтөбе                                13,3          13           12,6    

Алматы                                13            11,9         10,9

Атырау                                15,5          14,4         11,8

Шығыс Қазақстан                        8,2           8            7,8

Жамбыл                                14,3          13,3         11,3

Батыс Қазақстан                        7,8           7,2          5,8

Қарағанды                             12,7          10            9,4

Қызылорда                             14,5          12,7         11,4

Қостанай                              13,1          12,1         10,6

Маңғыстау                             13,7          11,9          9,2

Павлодар                              13,8          11,4          9,5

Солтүстік Қазақстан                   12,8          12,5          9,9

Оңтүстік Қазақстан                    14,3          12            9,6

Алматы қаласы                         12,5          10,3          7,9

Астана қаласы                         14,3          12,6          11

Ел бойынша                            12,8          11,3          9,9

---------------------------------------------------------------------------

     "Тамақ өнеркәсібі" деген 2.2.3. бөлімшеде:

     үшінші абзацтағы "7,2" деген сан "7,336" деген санмен ауыстырылсын;

     "2001 жылы - 2 мың" деген сөздер "2001 жылы - 2,136 мың" деген

сөздермен ауыстырылсын;

     "Көмір өнеркәсібі" деген 2.2.4. бөлімшеде:

     екінші абзацтағы "1000" деген сан "1283" деген санмен ауыстырылсын;

     "2001 жылы - 200" деген сөздер "2001 жылы - 483" деген сөздермен

ауыстырылсын;

     "Тау-кен металлургия өнеркәсібі" деген 2.2.6. бөлімшенің екінші

абзацы мынадай редакцияда жазылсын:


 
       "Салада "ССКӨБ" (ССГПО) ААҚ-да, "Қазақмыс корпорациясы" ААҚ-да, "Қазмырыш" ААҚ-да және басқаларда өндірісті арттыру көзделген. "Қазақмыс корпорациясы" ААҚ-да мырыш зауытының құрылысы басталып та кетті, ол 2003 жылдың басында пайдалануға беріледі. 2002 жылы Шалқия және Юбилейный кеніштеріндегі жұмыстар жаңғыртылады.";
      "Химия өнеркәсібі" деген 2.2.7. бөлімшенің екінші абзацындағы "кең ауқымды өндірісін", "сондай-ақ сұйық хлор, сода, формалин, бес күкіртті фосфор және өзге де өнімдер" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Ауыл шаруашылығы" деген 2.3. бөлімшенің бірінші абзацында:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) жер учаскелерін кепілге беру және жерді пайдалану құқықтары

 

мәселелері жөніндегі нормативтік-құқықтық кесімдерге өзгерістер енгізу;";

     6) тармақша "несие, ең алдымен" деген сөздердің алдынан "ауылдық

несие серіктестігін құру және кепілдік құралы ретінде "астықпен қолхат

беру" институтын енгізу жолымен" деген сөздермен толықтырылсын;

     "Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі шаралар"

деген 4-бөлімде:

     сегізінші абзацтағы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті

органдарға өтінішпен келетін жұмыссыз азаматтардың болжамды саны кестесі

мынадай редакцияда жазылсын:

---------------------------------------------------------------------------

        Облыстар                 !           Жұмыссыз адамдар саны

                                 !-----------------------------------------

                                 !  2000 жыл   !  2001 жыл   !   2002 жыл

---------------------------------------------------------------------------

Ақмола                                52500         45000        38800

Ақтөбе                                43500         42400        41200   

Алматы                                86400         77800        71000

Атырау                                32400         30200        25100

Шығыс Қазақстан                       61400         59200        57700

Жамбыл                                61700         58100        49200

Батыс Қазақстан                       23000         21400        17300

Қарағанды                             90500         71000        66500

Қызылорда                             37200         33500        30200

Қостанай                              64500         58400        50800

Маңғыстау                             21000         18700        14700

Павлодар                              57000         47000        38700

Солтүстік Қазақстан                   45200         44700        35000

Оңтүстік Қазақстан                   118600         99700        80900

Алматы қаласы                         89100         79500        70600

Астана қаласы                         22500         18900        14900

Ел бойынша                           906400        805500       702600

---------------------------------------------------------------------------

     оныншы абзацтағы жұмысқа орналастырылатын жұмыссыздардың болжамды

саны кестесінде:

     "Ақтөбе" деген жолдағы "8100" және "8000" деген сандар тиісінше

"8500" деген сандармен ауыстырылсын;

     "Алматы" деген жолдағы "6853" және "6029" деген сандар "9000" және

"11000" деген сандармен ауыстырылсын;

     "Атырау" деген жолдағы "2200" деген сан "2300" деген санмен

ауыстырылсын;

     "Шығыс Қазақстан" деген жолдағы "10000" деген сан "13100" деген

санмен ауыстырылсын;


 
       "Батыс Қазақстан" деген жолдағы "5076" және "4677" деген сандар тиісінше "5500" және "5000" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Қарағанды" деген жолдағы "18000" деген сан "25000" деген санмен ауыстырылсын;
      "Қостанай" деген жолдағы "7600" және "7200" деген сандар тиісінше "8100" және "8000" деген сандармен ауыстырылсын;
      он бірінші абзацтағы "344,5" деген сан "364,7" деген санмен ауыстырылсын;
      он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "2000-2002 жылдары мақсатты топтар бойынша 82 мың адам жұмысқа орналастырылатын болады. Олардың ішінде: аз қамтылған адамдар; 21 жасқа дейінгі жастар; 23 жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-анасының қарауынсыз қалған балалар; кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуші жалғызілікті, көп балалы ата-аналар; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен үнемі күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдарды асырап отырған азаматтар; зейнеткер жасына таяп қалған адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалғанда); мүгедектер; Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған адамдар; бас бостандығынан айыру орындарынан және (немесе) мәжбүрлі емдеуден босатылған адамдар; репатрианттар (оралмандар).";
      он бесінші абзацтағы кәсіби оқыту жөніндегі деректер кестесінде:
      "Ақмола" деген жолдағы "511" деген сан "590" деген санмен ауыстырылсын;
      "Ақтөбе" деген жолдағы "500" және "600" деген сандар тиісінше "580" және "800" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Алматы" деген жолдағы "650" және "750" деген сандар тиісінше "3400" және "3500" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Атырау" деген жолдағы "650" және "700" деген сандар тиісінше "790" және "750" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Шығыс Қазақстан" деген жолдағы "2000" және "1900" деген сандар тиісінше "2100" және "2720" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Қостанай" деген жолдағы "200" және "230" деген сандар тиісінше "300" және "350" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Маңғыстау" деген жолдағы "70" және "100" деген сандар тиісінше "400" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Солтүстік Қазақстан" деген жолдағы "1782" және "1842" деген сандар тиісінше "187" және "194" деген сандармен ауыстырылсын;
      он алтыншы абзацтағы "48,2" деген сан "52,8" деген санмен ауыстырылсын;
      он сегізінші абзацтағы жұмыс орындарын құру туралы деректер кестесінде:
      "Ақмола" деген жолдағы "14300" және "16100" деген сандар тиісінше "7700" және "4896" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Алматы" деген жолдағы "2988" және "2532" деген сандар тиісінше "6000" және "7448" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Атырау" деген жолдағы "1580" және "1770" деген сандар тиісінше "4300" және "4380" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Шығыс Қазақстан" деген жолдағы "16334" және "17965" деген сандар тиісінше "18467" және "18000" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Павлодар" деген жолдағы "18200" және "20500" деген сандар тиісінше "7600" және "9000" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Солтүстік Қазақстан" деген жолдағы "2504" және "2567" деген сандар тиісінше "15052" және "12806" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Астана қаласы" деген жолдағы "4050" және "5050" деген санмен ауыстырылсын;
      "Қоғамдық жұмыстар" деген 7-бөлімде:
      екінші абзацтағы "239,4" деген сан "295,1" деген санмен ауыстырылсын;
      үшінші абзацтағы аймақтар шегінде қоғамдық жұмыстарға жіберілетін адамдар саны туралы болжамды деректер кестесінде:
      "Ақтөбе" деген жолдағы "3500" және "4000" деген сандар "8000" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Алматы" деген жолдағы "1060" деген сан "1080" деген сандар "8000" және "9000" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Атырау" деген жолдағы "1700" және "1800" деген сандар тиісінше "4700" және "4000" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Шығыс Қазақстан" деген жолдағы "9250" және "9700" деген сандар тиісінше "14000" және "11100" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Батыс Қазақстан" деген жолдағы "3462" және "3506" деген сандар тиісінше "4023" және "4500" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Қарағанды" деген жолдағы "13138" және "14824" деген сандар тиісінше "18450" және "18400" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Қостанай" деген жолдағы "3702" және "4474" деген сандар тиісінше "6200" және "4500" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Маңғыстау" деген жолдағы "2001 жыл" және "2002 жыл" бағандарындағы "1700" деген сандар тиісінше "5300" және "5500" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Павлодар" деген жолдағы "8750" және "9500" деген сандар тиісінше "9600" және "10000" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Солтүстік Қазақстан" деген жолдағы "6011" және "5991" деген сандар тиісінше "5600" және "5600" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Бағдарламаның орындалуын құқықтық қамтамасыз ету" деген 8-бөлімде:
      бесінші, он бірінші, он екінші, он бесінші абзацтар алынып тасталсын;
      Бағдарлама мынадай мазмұндағы 9-бөліммен толықтырылсын:
      "9. "Бағдарламаның орындалуын ақпараттық қамтамасыз ету
      Бағдарламаны ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында:
      халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бос жұмыс орындары туралы тұрақты хабардар ету;
      жұмысқа орналастыру, еңбек және жұмыспен қамту туралы заңнама мәселелері жөнінде азаматтармен консультациялар жүргізу;
      еңбек рыногындағы ахуал, жұмысқа орналастыру, қайта оқыту және кәсіптік бағдар беру, жұмыссыздардың біліктілігін арттыру мүмкіндігі туралы ақпараттық-анықтамалық және статистикалық материалдардың сапасын және оған халықтың қол жетімділігін арттыру;
      Бағдарламаның іске асырылу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
      кедейлік және жұмыссыздық проблемалары жөнінде теледидар мен радиохабарларда сөз сөйлеулер ұйымдастыру, баспасөз конференцияларын өткізу жөнінде шаралар қабылданатын болады.";
      2) "Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2000-2002

 

жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары

туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 шілдедегі N 1164



P001164_


  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 31,

395-құжат):

     көрсетілген қаулымен бекітілген Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес

жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі

іс-шаралардың жоспарында:

     "Шағын бизнес және кәсіпкерлік" деген 2.4-бөлімде реттік нөмірі

17-жолдағы "Іс-шаралар" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:


"17  Қолданылып             Үкіметке есеп    СІМ ИК     Тоқсан сайын

     жүрген

     келісім-шарттар

     бойынша облыстар

     бөлінісінде

     қосымша жұмыс

     орындарын және

     экономикалық

     қызмет түрлерін

     құру туралы                                                     ".


     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады