Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасында Кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісім жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 24 мамыр N 565

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша

 

Республикасының Үкіметі арасындағы Кеден істеріндегі ынтымақтастық және

өзара көмек туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.

     2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Қазақстан

Республикасының Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев

Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан көрсетілген Келісімді жасассын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының

          Үкіметі арасындағы Кеден істеріндегі ынтымақтастық

                        және өзара көмек туралы

                              Келісім


     Бұдан әрі Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының

Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі,

     достық қатынастарды, оның ішінде кеден ісі саласындағы ынтымақтастық

арқылы да дамытуды қалай отырып,


 
       Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерінің арасында жолаушы және жүк қатынастарын дамытуға және жеделдетуге ұмтыла отырып,
      кедендік заңнаманы сақтау мен кедендік құқық бұзушылықтарға қарсы күрес Уағдаласушы Тараптар мемлекеттері кеден органдарының ынтымақтастығы жағдайында неғұрлым табысты жүзеге асырылатындығын назарға ала отырып,
      екі жақты ынтымақтастыққа ықпал ететін халықаралық құжаттарды, сондай-ақ Кедендік Ынтымақтастық Кеңесінің 1953 жылғы 5 желтоқсандағы және 1971 жылғы 8 маусымдағы ұсынымдарын ескере отырып,
      мына төмендегілер туралы келісті:
 
                               1-бап
                             Айқындама
 
      Осы Келісімнің мақсаттары үшін қолданылатын терминдер мыналарды білдіреді:
      1. "Кедендік заңнама" - тауарларды, жолаушылардың қол жүгі мен жол жүгін, валюталық және басқа да құндылықтарды, халықаралық почта жөнелтілімдерін әкелудің, әкетуді және транзитінің, кедендік баждарды, алымдар мен басқа да төлемдерді алудың, кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер берудің, тиым салулар мен шектеулер қоюдың, сондай-ақ тауарлардың Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерінің кедендік шекаралары арқылы өтуін бақылаудың тәртібін реттейтін Уағдаласушы Тараптар мемлекеттері құқықтық нормаларының жиынтығы;
      2. "Кеден органдары"
      - Қазақстан Республикасында: Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті;
      - Польша Республикасында: Қаржы министрлігі;
      3. "Сұрау салушы кеден органы" - осы Келісімнің ережелеріне сәйкес жәрдем көрсету туралы сұрау салуды жолдаушы және осындай жәрдемді алушы тиісті кеден органы;
      4. "Сұрау салынған кеден органы" - осы Келісімнің ережелеріне сәйкес жәрдем көрсету туралы сұрау салуды алған немесе осындай жәрдем көрсетуші тиісті кеден органы;
      5. "Кедендік құқық бұзушылық" - кедендік заңнаманы кез келген бұзу немесе бұзуға әрекет жасау;
      6. "Тұлға" - жеке немесе заңды тұлға, ал Польша Республикасында ұлттық заңнамаға сәйкес заңды тұлға құрмастан құрылған және тауарларды әкелуді, әкетуді және транзитін жасайтын ұйымдар;
      7. "Есірткі құралдары" - кейінгі өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса Біріккен Ұлттар Ұйымының 1961 жылғы Есірткі құралдары туралы бірыңғай Z980257_ конвенциясының тізімдеріне, сондай-ақ кейінгі өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса Біріккен Ұлттар ұйымының 1988 жылғы Есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрес туралы Z980246_ конвенциясының тізімдеріне енгізілген заттар;
      8. "Психотроптық заттар" - кейінгі өзгерістерімен және толықтырулармен қоса Біріккен Ұлттар Ұйымының 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы Z980249_ конвенциясының тізімдеріне енгізілген заттар;
      9. "Прекурсорлар" - халықаралық конвенцияларда есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өндіру үшін пайдаланылатын химиялық материалдар ретінде жіктелетін заттар мен олардың тұздары;
      10. "Бақылауға алынған жеткізілім" - есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, оларға ұқсастардың және прекурсорлардың заңсыз айналымының көздері мен арналарын, сондай-ақ заңсыз айналымына қатысы бар адамдарды анықтау мақсатында Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерінің бірінің аумағы бойынша заңсыз немесе заңсыздығына күдікті олардың партияларын Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдарының рұқсатымен және қадағалауымен әкелу, әкету немесе транзитті рұқсат етілетін әдіс.
 
                           2-бап
                 Келісімнің қолданылу аясы
 
      1. Уағдаласушы Тараптар осы Келісімнің негізінде, кеден органдары құзыретінің шеңберінде олар арқылы және Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес мына салаларда ынтымақтасатын болады:
      а) Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерінің арасында жолаушы және жүк қатынастарын, сондай-ақ халықаралық почта жөнелтілімдерін кедендік бақылауды жетілдіру;
      б) кедендік баждардың, алымдардың және басқа да төлемдердің дұрыс алынуын, сондай-ақ кедендік жеңілдіктерді қолдануды қамтамасыз ету;
      в) кедендік құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және тексеру;
      г) кеден қызметтерінің қызметкерлерін оқыту мен кәсіптік деңгейін көтеру және Уағдаласушы Тараптардың мемлекеттері кеден қызметтерінің жұмысында пайдаланылатын техникалық құралдармен таныстыру;
      д) есірткі құралдары мен психотроптық заттардың, оларға ұқсастар мен

 

прекурсорлардың заңсыз айналымы саласында ақпарат алмасу.

     2. Осы Келісімнің шеңберіндегі жәрдем Уағдаласушы Тараптар

мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес әрі сұрау салынған кеден органы

құзыретінің және мүмкіндігінің шеңберінде көрсетілетін болады. Қажет

болған жағдайда сұрау салынған кеден органы жәрдем сұрап басқа құзыретті

органдарға жүгіне алады.


                          3-бап

                Кедендік рәсімдерді оңайлату


     1. Кеден органдары:

     а) өзара келісім бойынша кедендік ресімдеуді оңайлату жөнінде қажетті

шараларды қабылдайды;


 
       б) кедендік қамтамасыз етулерді (пломбалар, мөрлердің, мөртаңбалардың бедерлері) және бір-бірінің кедендік құжаттарын мойындайды, ал қажет болған жағдайда, өткізілетін тауарларға өздерінің кедендік қамтамасыз етулерін қолданады.
      2. Транзитпен әкелінетін тауарлар мен көлік құралдары оларды әкелуге, әкетуге және транзитіне Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес тыйым салынған не кедендік құқық бұзушылық орын алды деуге негіз болатын жағдайларды қоспағанда, кедендік тексеруден босатылады.
 
                            4-бап
      Есірткі құралдары мен психотроптық заттардың, оларға
           ұқсастардың және прекурсорлардың заңсыз
                   айналымына қарсы күрес
 
      1. Кеден органдары есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, оларға ұқсастардың және прекурсорлардың заңсыз айналымының алдын алу, тексеру және жолын кесу жөніндегі іс-әрекеттерді жандандыру мақсатында алдын ала сұрау салусыз және мүмкіндігінше қысқа мерзімде бір-біріне Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасын ескере отырып:
      а) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, оларға ұқсастардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қатысы бар не соған күдікті тұлғалар туралы;
      б) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, оларға ұқсастардың және прекурсорлардың заңсыз айналымы үшін пайдаланылатын контейнерлерді қоса алғанда көлік құралдары және халықаралық почта жөнелтілімдері туралы мәліметтерді береді.
      2. Кеден органдары алдын ала сұрау салусыз бiр-бiрiн есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, оларға ұқсастардың және прекурсорлардың заңсыз айналымының қолданылатын әдiстерi туралы, сондай-ақ оларды бақылаудың жаңа әдiстерi туралы хабардар етедi.
      3. Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң кеден органдары осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес алған жедел сипаттағы мәлiметтер, хабарлар және құжаттар құзыреттi құқық қорғау және Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес нашақорлыққа және есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, оларға ұқсастардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күреспен айналысатын басқа да мемлекеттiк органдарға берiлуi тиiс.
      4. Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес және өзара келiсiм бойынша кеден органдары қажет болған жағдайда есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, оларға ұқсастардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қатысы бар тұлғаларды анықтау мақсатында, олардың бақылауға алынатын жеткiзiлiмi әдiсiн қолданады.
      5. Бақылауға алынатын жеткiзілiм әдiсiн пайдалану туралы шешiмдi Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары әрбiр нақты жағдайда қолданады және қажет болған кезде, қаржылық шығыстар жөнiндегi уағдаластықты ескеруi мүмкiн.
 
                                5-бап
                           Мәлiметтердi беру
 
      1. Кеден органдары сұрау салуы бойынша немесе өз бастамашылығы бойынша бiр-бiрiне өздерiнде бар:
      а) тауарлардың бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағынан екiншi Уағдаласушы Тараптың мемлекетi аумағына әкетiлуiн растайтын;
      б) тауарлардың Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң мемлекетi аумағына әкелiнуiн және аталған тауарлардың белгiлi бiр кедендiк режиммен орналастырылуын растайтын мәлiметтердi бередi.
      2. Кеден органдары сұрау салу бойынша бiр-бiрiне ұсынылған құжаттардың түпнұсқалар болып табылатындығы және барлық қажеттi деректердi қамтитындығы туралы мәлiметтердi бередi.
      3. Кеден органдары бiр-бiрiне сұрау салу бойынша, оның iшiнде хаттамалар мен басқа да материалдарды немесе олардың расталған көшiрмелерiн жiберу жолымен:
      а) кедендiк баждарды, алымдарды және басқа төлемдердi алумен, сондай-ақ кедендiк жеңілдiктердi қолданумен байланысты жағдаяттар туралы;
      б) сұрау салушы кеден органы мемлекетiнiң кедендiк заңнамасына қайшы келетiн жасалған немесе дайындалып жатқан әрекеттер туралы өздерiнде бар мәлiметтердi бередi.
      4. Кеден органдары бiр-бiрiне сұрау салу бойынша немесе өз бастамашылығы бойынша және мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде олармен күресуде Уағдаласушы Тараптардың ерекше мүдделiлiгi бар мүмкiн болатын кедендiк құқық бұзушылықтар туралы мәлiметтердi хабарлайды. Бұл бiрiншi кезекте:
      а) қоршаған орта үшiн және халықтың денсаулығы үшiн қауiп төндiруi мүмкiн тауарларды;
      б) қару-жарақты, оқ-дәрiлердi, жарылғыш және улаушы заттарды, жару қондырғыларын, сондай-ақ қос ұдай мақсаттағы тауарларды;
      в) елеулi тарихи, көркем, мәдени немесе археологиялық құндылығы бар заттарды;
      г) ерекше маңызды мәнi бар және Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес жоғары кедендiк баждар, акциздер, және басқа да салықтар салуға жататын тауарларды, атап айтқанда, алкогольды сусындар мен темекi бұйымдарын өткiзу кезiндегi кедендiк құқық бұзушылықтарға қатысты.
 
                              6-бап
                          Құжаттарды беру
 
      1. Кеден органдары осы Келiсiм күшiне енгеннен кейiн үш айдың iшiнде өзара қолданылып жүрген заңнамалардың немесе кеден iсi саласындағы өзге де нормативтiк кесiмдердiң көшiрмелерiмен алмасады және бiр-бiрiн кедендiк заңнаманың барлық өзгерiстерi мен толықтырулары туралы жедел құлақтандырады.
      2. Уағдаласушы Тараптың бiрiнiң мемлекетiнiң кеден органы екiншi

 

Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң кеден органының сұрау салуы бойынша

мемлекеттiк және өзге де органдардың кедендiк заңнаманың қолданылуы

мәселелерi жөнiндегi құжаттарының көшiрмелерiн бередi.

     3. Құжаттарды беру туралы сұрау салуларда осы бапқа сәйкес iстiң

мәнiсi сипатталмауы мүмкiн.

     4. Құжаттарды алғандығын сұрау салушы кеден органы алынған күндi

көрсете отырып растайды.

                            7-бап

              Тәжiрибе алмасу және көмек көрсету

     1. Кеден органдары:

     а) өз қызметiнiң тәжiрибесi мен кедендiк бақылаудың техникалық

құралдарын қолдану туралы;

     б) жаңа құралдар мен кедендiк құқық бұзушылықтарды жасаудың тәсiлдерi

туралы;

     в) Уағдаласушы Тараптар үшiн өзара мүдденi бiлдiретiн басқа да кеден

мәселелерi бойынша ақпараттармен алмасады.

     2. Кеден органдары:

     а) өзара мүдденi бiлдiретiн жағдайларда, сондай-ақ кеден қызметтерi

пайдаланатын техникалық құралдармен танысу мақсатында қызметкерлермен

алмасуды;

     б) кеден қызметтерiнiң қызметкерлерiн оқыту мен олардың кәсiптiк

дағдыларын жетiлдiрудi;

     в) кеден мәселелерi жөнiндегi сарапшылармен алмасуды;

     г) кеден мәселелерiне қатысты кәсiптiк, ғылыми және техникалық

мәлiметтермен алмасуды қоса алғанда, кеден iсi саласында бiр-бiрiне жәрдем

көрсетедi.

                           8-бап

                          Тексеру


 
       1. Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң мемлекетi кеден органының сұрау салуы бойынша екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң кеден органы осы Келiсiмде көзделген мәселелер бойынша тексеру немесе тексерiс жүргiзедi. Мұндай тексерудiң немесе тексерiстiң нәтижелерi сұрау салушы кеден органына хабарланады.
      2. Тексеру немесе тексерiс сұрау салынған кеден органы мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес жүргiзiледi. Сұрау салынған кеден органы тексерудi немесе тексерiстi өзiнiң атынан әрекет ете отырып жүргiзедi.
      3. Сұрау салынған кеден органы сұрау салушы кеден органының лауазымды адамдарына мұндай тексерулерге немесе тексерiстерге қатысуға рұқсат ете алады.
 
                            9-бап
                     Сарапшылар мен куәлар
 
      1. Егер Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң мемлекетiнiң соттары немесе құзыретті органдары кедендік құқық бұзушылықтар бойынша жүргiзiлiп отырған талқылауларға байланысты тиiстi сұрау салумен жүгiнетiн жағдайда, сұрау салынған кеден органы құқықтық көмек туралы қолданылып жүрген халықаралық шарттарды ескере отырып, өзiнiң лауазымды адамдарын сот немесе әкiмшілiк талқылауларға сарапшылар немесе куәлар ретiнде өкiлеттендiре алады.
      2. Сот немесе әкiмшiлiк талқылауға қатысу туралы сұрау салуда сұрау салынған кеден органының лауазымды адамының қандай iс бойынша және қандай дәрежеде сөйлеуi тиiс екендiгi көрсетiлуi қажет.
      3. Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң мемлекетi кеден органы лауазымды адамдарының осы Келiсiмде көзделген жағдайларда екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында болған кезеңiнде өзiнiң ресми өкiлеттiгiнiң құжаттық растауының болуы, нысандық киiм кимеуi және қаруының болмауы тиiс.
 
                           10-бап
                Сұрау салудың нысаны мен мазмұны
 
      1. Осы Келiсiмнiң 8-бабының 1-тармағында көзделген сұрау салу жазбаша нысанда жолданады және орыс не ағылшын тiлiнде жасалады. Сұрау салуды орындау үшiн қажеттi құжаттар ресми түрде расталған көшiрмелерде немесе фотокөшiрмелерде қоса берiлуi тиiс.

 

     Төтенше жағдайлар кезiнде ауызша сұрау салулар қабылдануы мүмкiн,

алайда мұндай сұрау салулар кешiктiрiлмей жазбаша нысанда расталуы тиiс.

     2. Сұрау салу мынадай деректердi:

     а) кеден органының атауын;

     b) сұрау салудың мәнi мен негiздемесiн;

     в) рәсімнің түрін;

     г) тегiн, мекен-жайларын және егер ондайлар белгiлi болса рәсiмге

қатысушылар туралы басқа да деректердi;

     д) iстiң мән-жайы мен оның заңдық бiлiктiлiгiнiң қысқаша сипаттамасын

қамтуы тиiс.

     3. Егер сұрау салу 1 және 2-тармақтарда көзделген талаптарға жауап

бермесе, мұндай сұрау салуға түзетулер немесе толықтырулар енгiзу талап

етiлуi мүмкiн.

                          11-бап

                  Сұрау салуларды орындау


 
       1. Кеден органдары сұрау салуларды орындауда бiр-бiрiне ұлттық

 

заңнамаға сәйкес және өз құзыреттерiнiң шегiнде жәрдем көрсетедi.

     2. Егер оны орындау Уағдаласушы Тараптардың егемендiгiне,

қауiпсiздiгiне, қоғамдық тәртiбiне, экономикалық мүдделерiне, не ұлттық

заңнамасы мен халықаралық мiндеттемелерiне қайшы келсе, сұрау салуды

орындаудан бас тартады.

     3. Сұрау салуды орындаудан бас тарту туралы, сондай-ақ бас тартудың

себептерi туралы сұрау салушы кеден органы жазбаша нысанда кешiктiрілмей

құлақтандырылады.

                         12-бап

                        Құжаттар

     1. Түпнұсқалық құжаттарды сұрау салу бойынша беру расталған

көшiрмелер немесе фотокөшiрмелер жеткiлiксiз болып табылатын жағдайларда

жүзеге асырылады.

     2. Түпнұсқалық құжаттар сұрау салынған кеден органына бiр ай мерзiмде

қайтарылуы тиiс.


 
       3. Осы баптың ережелерiн қолдану кезiнде Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң немесе осы Келiсiмнiң қатысушысы болып табылмайтын мемлекеттердiң құқықтары мен заңды мүдделерiне қысым жасалмауы тиiс.
 
                          13-бап
          Алынған мәлiметтер мен құжаттарды пайдалану
 
      1. Кеден органдары осы Келiсiмге сәйкес алынған ақпараттар мен құжаттарды тексерулердi немесе тексерістердi жүргiзу кезiнде, сот, әкiмшiлiк немесе кедендiк құқық бұзушылықпен байланысты басқа да талқылауларда өзiнiң хаттамаларында, рапорттарында немесе өзге де материалдарында дәйектеме ретiнде пайдалануы мүмкiн.
      2. Сұрау салу бойынша ұсынылған мәлiметтер мен құжаттар тек осы Келiсiмдi орындау мақсатында пайдаланылады және кiмге болмасын берiлмейдi, өзге де мақсаттар үшiн пайдаланылмайды және осындай мәлiметтер мен құжаттарды ұсынған кеден органының жазбаша келiсiмiнсiз жария етiлмейдi.
      3. Осы баптың 2-тармағы ережелерiнiң есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, оларға ұқсастардың және прекурсорлардың заңсыз айналымымен байланысты жолсыздықтар туралы материалдарға қатысы жоқ. Мұндай ақпарат Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, оларға ұқсастардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күреспен тiкелей айналысатын құзыреттi құқық, қорғау және мемлекеттiк органдарға берiлуi мүмкiн.
 
                          14-бап
                       Шығыстарды өтеу
 
      1. Сұрау салушы кеден органы осы Келiсiмдi орындау барысында кеден органында жұмыс iстемейтiн сарапшылар мен аудармашылардың еңбегiне ақы төлеумен байланысты сұрау салынған кеден органы шеккен шығыстарды өтейдi.
      2. Осы Келiсiмнiң 8 және 9-баптарының ережелерiн орындаумен байланысты шығыстарды өтеу Уағдаласушы Тараптардың мемлекеттерi кеден органдарының арасындағы жекелеген уағдаластық мәнi болуы мүмкiн.
 
                           15-бап
          Өзгерiстер мен толықтырулар енгізудің тәртiбi
 
      Уағдаласушы Тараптардың келiсiмi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн. Өзгерiстер мен толықтырулар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделедi және осы Келiсiмнiң 18-бабында белгiленген тәртiппен күшiне енедi.
 
                           16-бап
                       Келiсiмдi орындау
 
      1. Осы Келiсiм Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасының аумақтарында қолданылады.
      2. Осы Келiсiммен көзделген ынтымақтастық тiкелей кеден органдарының арасында жүзеге асырылады. Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнің кеден органдары өз құзыреттерiнiң шегiнде осы Келiсiмдi орындау үшiн қажеттi нормативтiк кесiмдердi шығарады.
      3. Осы Келiсiмдi орындау үшiн Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң кеден органдары екi жақты кедендiк қатынастар мәселелерi бойынша жекелеген келiсiмдер жасасуы мүмкiн.
      4. Келiсiм бойынша немесе осы Келiсiм күшiне енген күннен бастап бес жылдық кезең аяқталғаннан кейiн Уағдаласушы Тараптардың мемлекеттерi кеден органдарының өкiлдерi осы Келiсiм ережелерiнiң орындалуын талдау және Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң кедендiк ынтымақтастығымен байланысты басқа да мәселелердi талқылау мақсатында екi жақты кездесулер өткiзедi. Егер мұндай кездесулер өткiзу үшiн қажеттiлiк болмаған жағдайда, кеден органдары бiр-бiрiн бұл туралы жазбаша нысанда хабардар етедi.
 
                           17-бап
                    Даулы мәселелердi шешу
 
      Уағдаласушы Тараптардың арасындағы осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге және қолдануға қатысты барлық даулар мен келiспеушiлiктер өзара консультациялар және келiссөздер жолымен шешiлетiн болады.
 
                           18-бап
                     Қорытынды ережелер
 
      1. Осы Келiсiмнiң ережелерi Уағдаласушы Тараптардың олар қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.
      2. Осы Келiсiм ноталар алмасу жолымен Уағдаласушы Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағандығы туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнiнен бастап күшiне енедi.
      3. Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады және өзiнiң қолданылуын Уағдаласушы Тараптардың бiрi екiншi Уағдаласушы Тараптың оның осы Келiсiмнің қолданылуын тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарламасын алған күннен бастап алты ай өткеннен кейiн тоқтатады.
 

 

     200  жылғы "___"___________ _________ қаласында әрқайсысы поляк,

қазақ және орыс тiлдерiндегi екi түпнұсқалық данада жасалды, әрi барлық

мәтiндердiң бiрдей заңды күшi бар. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде

келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Уағдаласушы Тараптар орыс тiлiндегi

мәтiнге жүгiнетiн болады.

     Осының айғағы ретiнде лайықты тұрғыда өкiлеттендiрiлді және осы

Келiсiмге қол қойды.

     Қазақстан Республикасының                Польша Республикасының

            Yкiметi үшiн                           Yкiметi үшiн




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.       








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады