Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.12.24 N 1239 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 желтоқсандағы N 1598 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы аймақтық саясатының 2002-2006 жылдарға арналған тұжырымдамасын және "Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негізгі бағыттары туралы" Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының ережелерін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1-қосымшаға сәйкес құрамда Аймақтық саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Аймақтық саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнің
2002 жылғы 28 мамырдағы
N 581 қаулысына
1-қосымша
Аймақтық саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық
комиссияның құрамы
Шөкеев - Қазақстан Республикасы
Өмірзақ Естайұлы Премьер-Министрінің орынбасары,
төраға
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының
Бақыт Тұрлыханұлы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрі, төрағаның
орынбасары
Әбілбекова - Қазақстан Республикасының
Айгүл Әбілқадырқызы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігі Аймақтық
саясат және бюджетаралық қатынастар
департаментінің директоры, хатшы
Комиссия мүшелерi:
Нұриманов - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Мақсат Әнуарбекұлы қауіпсiздiк комитеті төрағасының
орынбасары (келiсiм бойынша)
Құсайынов - Қазақстан Республикасының
Марат Әпсеметұлы Экономика және бюджеттiк жоспарлау
министрлiгi Аймақтық саясат және
бюджетаралық қатынастар
департаментiнiң директоры, хатшы
Тұңғышбеков - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Санат Тұңғышбекұлы министрлiгi Ауылдық аумақтар iстерi
комитетiнiң төрағасы
Котенко - Қазақстан Республикасы
Наталья Леонидовна Премьер-Министрінің Кеңсесі
Әлеуметтік-экономика бөлімінің
меңгерушісі
Райымбеков - Қазақстан Республикасы
Сайлаухан Ғазизұлы Премьер-Министрінің Кеңсесі
Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс
және аумақтық даму бөлімінің
меңгерушісі
Бiрәлиев - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Әлжан Хамидоллаұлы ортаны қорғау вице-министрi
Белоног - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Анатолий Александрович министрлiгi Мемлекеттiк
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитетiнiң төрағасы, Қазақстан
Республикасының Бас мемлекеттiк
санитарлық дәрiгерi
Бабақұмаров - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ержан Жалбақұлы және ақпарат вице-министрi
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Көлiк
Әбiлғазы Қалиақпарұлы және коммуникация вице-министрi
Әбдiхалықова - Қазақстан Республикасының Еңбек
Гүлшара Наушақызы және халықты әлеуметтік қорғау
вице-министрi
Ерғожин - Қазақстан Республикасының Қаржы
Дәулет Едiлұлы вице-министрi
Күрiшбаев - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ақылбек Қажығұлұлы шаруашылығы вице-министрi
Баймұхамбетова - Қазақстан Республикасы
Кәмила Мақсұтқызы Премьер-Министрінің кеңесшісі
Бекетаев - Қазақстан Республикасының
Марат Бақытжанұлы Әділет вице-министрі
Бишімбаев - Қазақстан Республикасының
Қуандық Уәлиханұлы Индустрия және сауда
вице-министрі
Мусин - Қазақстан Республикасының
Қобыланды Нұрғалиұлы Туризм және спорт вице-министрі
Тұрғанов - Қазақстан Республикасының
Дүйсенбай Нұрбайұлы Энергетика және минералдық
ресурстар вице-министрі
Шамшидинова - Қазақстан Республикасының
Күләш Ноғатайқызы Білім және ғылым вице-министрі
Шоқаманов - Қазақстан Республикасының
Юрий Қамарұлы Статистика агенттігі
төрағасының орынбасары
Ябров - Қазақстан Республикасының
Владимир Викторович Президенті Әкімшілігінің
Әлеуметтік-экономикалық талдау
бөлімінің бас инспекторы
(келісім бойынша)
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.14.11. N 1209 қаулысымен , өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.10.17. N 1061 қаулысымен , 2004.02.03. N 129 қаулысымен , 2005.02.22. N 156 қаулысымен , 2006.07.13. N 668 қаулысымен , 2007.03.27. N 233 , 2007.10.15. N 948 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнің
2002 жылғы 28 мамырдағы
N 581 қаулысымен
бекiтiлген
Аймақтық саясат мәселелерi жөнiндегi
ведомствоаралық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ереже
1. Аймақтық саясат мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 7 желтоқсандағы N 1598 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы аймақтық саясатының 2002-2006 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске асыру мақсатында құрылды.
2. Комиссия Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңдарын, басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары
4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
1) аймақтар арасында әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейiнде орын алған айырмашылықтарды төмендетуге бағытталған мемлекеттiк аймақтық саясатты "Iшкi және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негiзгi бағыттары туралы" Президенттiң Қазақстан халқына K022003_ Жолдауының ережелерiн есепке ала отырып, жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
2) проблемалық аймақтарды мемлекеттiк қолдау жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiру жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлеу болып табылады.
5. Өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес Комиссияның функциялары:
1) мемлекеттiк аймақтық саясатты одан әрi жетiлдiру;
2) әкімшілік-аумақтық бірліктерді, оның ішiнде шағын қалалар мен ауылдық аудандарды тоқырауға ұшырағандар қатарына жатқызу өлшемдерінің құрамы;
3) мемлекеттік қолдау көрсету үшін нақты әкiмшілік-аумақтық бiрліктерді, оның ішінде тоқырауға ұшыраған қалалар мен ауылдық аудандарды іріктеу;
4) экономикасы тоқырауға ұшыраған аймақтарға мемлекеттік қолдау көрсету;
5) проблемалық аймақтарды қолдау саласында орталық және жергілікті мемлекеттiк органдарды, қоғамдық бірлестіктер мен халықаралық ұйымдарды іс-қимылдарын үйлестiрудің ұсыныстарын дайындау болып табылады.
3. Комиссияның құқықтары
6. Комиссия өз міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін:
1) орталық және жергілікті атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
2) проблемалық аймақтардағы ахуалды талдау және зерделеу үшiн мемлекеттік органдарды және мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын қажеттілігіне қарай тартуға;
3) Комиссия мәжілістерiнде Комиссияның құзырына беретiн мәселелер бойынша орталық және жергіліктi атқарушы органдардың және өзге де ұйымдарының өкілдерін тыңдауға құқығы бар.
4. Комиссия қызметін ұйымдастыру
7. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, оның мәжілістерінде төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және оны қызметiне жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары атқарады.
8. Комиссия хатшысы Комиссия мәжілісінің күн тәртiбі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындауды және мәжілістен кейін хаттама ресімдеуді жүзеге асырады.
9. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
10. Комиссия мәжiлiстерi оның мүшелерiнiң ең кемi үштен екiсi болған жағдайда, қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жарты жылда кемiнде бiр рет өткiзiледi.
11. Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерiмен келiсiм бойынша мәжiлiстердiң күн тәртiбiн, сондай-ақ оларды өткiзу уақыты мен орнын айқындайды және нақтылайды.
12. Комиссия шешiмдерi ашық дауыспен қабылданады және оларға комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе, қабылданды деп. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.
13. Комиссия шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады.
5. Комиссияның қызметiн тоқтату
14. Мыналар:
1) Комиссияға жүктелген мiндеттердiң орындалуы;
2) Комиссияға бұрын жүктелген мiндеттердi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды немесе өзге де комиссияны құру;
3) Комиссияның мiндеттерi орындалмайтын не олардың орындалуын орынсыз ететiн өзге жағдайлар Комиссия қызметiн тоқтатудың негiздерi бола алады.
Қазақстан Республикасы
Yкіметiнің
2002 жылғы 28 мамырдағы
N 581 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнің
күшiн жойған кейбiр шешiмдерiнiң
ТIЗБЕСI
1. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанынан Шағын және орташа қалалардың проблемалары жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1996 жылғы 3 шiлдедегi N 841 қаулысы .
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 шiлдедегi N 841 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1996 жылғы 6 тамыздағы N 970 қаулысы .
3. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 3 шiлдедегi N 841 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1997 жылғы 20 ақпандағы N 242 қаулысы .
4. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1996 жылғы 3 шiлдедегi N 841 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 29 қыркүйектегi N 1380 қаулысы .