Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 305 және 2002 жылғы 28 мамырдағы N 581 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 17 қазандағы N 1061 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 1239 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.12.24 N 1239 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) <*>
      Ескерту. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.01.29. N 108 қаулысымен .
      2) "Аймақтық саясат мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 28 мамырдағы N 581 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 15, 163-құжат):
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      Аймақтық саясат мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:

Белоног                    - Қазақстан Республикасының
Анатолий Александрович       Денсаулық сақтау бiрiншi вице-министрi,
                             Қазақстан Республикасының Бас
                             мемлекеттiк санитарлық дәрiгерi;

Әшитов                     - Қазақстан Республикасының Еңбек
Батыржан Зайырқанұлы         және халықты әлеуметтiк қорғау
                             вице-министрi;

Баймағанбетов              - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Серiк Нұртайұлы              вице-министрi;

Исаев                      - Қазақстан Республикасының
Батырхан Арысбекұлы          Экономика және бюджеттiк жоспарлау
                             вице-министрi;

Исекешев                   - Қазақстан Республикасының
Әсет Өрентайұлы              Индустрия және сауда вице-министрi;

Ойнаров                    - Қазақстан Республикасының Қаржы
Азамат Рысқұлұлы             вице-министрi;

Құсайынов                  - Қазақстан Республикасының
Марат Әпсеметұлы             Экономика және бюджеттiк жоспарлау
                             министрлiгi Аймақтық саясат және
                             бюджетаралық қатынастар
                             департаментiнiң директоры, хатшы;

      көрсетiлген құрамнан мыналар: Аймақов Бауыржан Жаңабекұлы, Амангелдиев Ардақ Амангелдіұлы, Наймушина Ольга Вадимовна, Өтеулина Хафиза Мұхтарқызы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады