Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Шағын және орташа қалалардың проблемалары жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 3 шiлде N 841. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002.05.28. N 581 қаулысымен. ~P020581

      Елдiң шағын және орташа қалаларының проблемаларын кешендi зерттеу және оларды мемлекеттiк қолдаудың шараларын жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан

Шағын және орташа қалалардың проблемалары жөнiндегi республикалық
ведомствоаралық комиссия құрылсын.
     2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
жанындағы Шағын және орташа қалалардың проблемалары жөнiндегi
ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрiнiң
            орынбасары
                                      Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                      1996 жылғы 3 шiлдедегi
                                         N 841 қаулысына
                                             қосымша
              Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы
               Шағын және орташа қалалардың проблемалары
                 жөнiндегi ведомствоаралық комиссия
     Қасымов А.К.       - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
                          Кеңсесi Басшысының орынбасары - Аймақтық
                          жұмыстарды үйлестiру бөлiмiнiң меңгерушiсi,
                          төраға
     Әшiмов Н.С.        - Қазақстан Республикасының Экономика және
                          сауда вице-министрi, төрағаның орынбасары
     Мұқашев Ж.Ж.       - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi,
                          төрағаның орынбасары
                     Комиссия мүшелерi:
     Бәйбеков М.Н.      - Қазақстан Республикасы Экономика және сауда
                          министрлiгiнiң Аймақтық саясат және
                          әлеуметтiк сала департаментiнiң директоры
     Бертiсбаев Н.Б.    - Қазақстан Республикасы Энергетика және табиғи
                          ресурстар министрлiгiнiң Электр энергетикасы
                          департаментi директорының орынбасары
     Борисов В.М.       - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi
                          Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды
                          тiркеу жөнiндегi агенттiктiң директоры
     Камалов Б.К.       - Қазақстан Республикасы Экономика және сауда
                          министрлiгiнiң Шағын кәсiпкерлiктi қолдау
                          департаментi директорының орынбасары
     Махашов Х.К.       - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi
                          Салық комитетi төрағасының орынбасары
     Сизов А.П.         - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                          министрлiгiнiң Жер ресурстарын басқару
                          жөнiндегi комитетi төрағасының орынбасары
     Отаров К.М.        - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының
                          вице-министрi
     Үжкенов Б.С.       - Қазақстан Республикасы Энергетика және табиғи
                          ресурстар министрлiгiнiң Геология, жер
                          қойнауын қорғау және пайдалану комитетi
                          төрағасының орынбасары.
     Төтенов Б.В.           - Қазақстан Республикасы Еңбек және
                              халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 
                              орынбасары
<*>

     Дүйсембеков Ж.О.       - Қазақстан Республикасы Құрылыс, тұрғын
                              үй және аумақтарда құрылыс салу
                              министрiнiң бiрiншi орынбасары
     Рақышев С.Б.           - Қазақстан Республикасы Үкiметi
                              Аппараты Аумақтық даму бөлiмiнiң
                              сектор меңгерушiсi
     Раханов М.С.           - Қазақстан Республикасы Жекешелендiру
                              жөнiндегi мемлекеттiк комитетi
                              төрағасының бiрiншi орынбасары
     Әбдiкамалов О.А.       - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
                              мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк
                              комитетi төрағасының орынбасары
<*>

     Оспанов Х.А.           - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және
                              сауда министрiнiң орынбасары
     Сейтмұхамбетов Н.Н.    - Қазақстан Республикасы Экономика
                              министрлiгiнiң аймақтық саясат және
                              реформаларды ұйымдық атқарушылық
                              қамтамасыз ету бас басқармасының
                              бастығы (хатшы)
<*>

     Ескерту. Құрамға өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.06.
              N 970 қаулысымен.  

P960970_

 
     ЕСКЕРТУ. Құрамға өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.02.20.
              N 242 қаулысымен. 

P970242_

 
     ЕСКЕРТУ. Құрам өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.09.29. N 1380
              қаулысымен.  

P971380_

 
                                      Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                      1996 жылғы 3 шiлдедегi
                                       N 841 қаулысымен
                                           бекiтiлген
              Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы
               Шағын және орташа қалалардың проблемалары
               жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы
                               Ереже


      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Шағын және орташа қалалардың проблемалары жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) осы қалалардың әлеуметтiк-экономикалық проблемаларын шешу жөнiнде практикалық ұсынымдар мен ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында құрылды.

                I. Жалпы ережелер

      Ведомствоаралық комиссия республиканың шағын және орташа қалаларының әлеуметтiк-экономикалық дамуының стратегиясын айқындау, ондағы жинақталған әлеуметтiк-экономикалық проблемаларды шешудiң экономикалық және қаржылық тетiктерiн жасау жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеудi жүзеге асыратын консультативтiк орган болып табылады.
      Ведомствоаралық комиссия:
      өз жұмысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына, нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жоспарлайды және құрады;
      тиiстi нормативтiк базалар құру және орташа қалалардың проблемаларын практикалық шешу жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулыларының жобаларын әзiрлеудi жүзеге асырады.

             II. Ведомствоаралық комиссияның мiндеттерi

      Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
      республиканың шағын және орташа қалаларының ауқымын, олардың аса маңызды функционалды құрылымдық параметрлерi бойынша градациясы мен типологиясын анықтау;
      шағын және орташа қалалардың қазiргi жай-күйiне алғышарт жасаған себептер мен факторларды анықтай отырып олардың әлеуметтiк-экономикалық жағдайын кешендi зерттеудi ұйымдастыру;
      құлдырау жағдайында тұрған және бiрiншi кезекте мемлекеттiк қолдауға мұқтаж шағын және орташа қалаларды анықтау;
      республиканың өндiрiстiк күштерiн орналастырудағы перспективалық өзгерiстердi ескере отырып, жалпы аймақтық саясат шеңберiнде шағын және орташа қалалардың әлеуметтiк-экономикалық дамуының ұзақ мерзiмдi стратегиясы бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
      қаланың түрi мен олардың алдында тұрған әлеуметтiк-экономикалық проблемалардың жиынтығына байланысты шағын және орташа қалалардың жай-күйiн экологиялық және қаржылық жағынан сауықтыру шараларын жасауда саралау ыңғайын қамтамасыз ету;
      шағын және орташа қалалардың мәселелерi бойынша халықаралық қаржылық-экономикалық, гуманитарлық, экологиялық және өзге де ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау;
      проблемалық қалалардың мәселелерiн шешудiң әлемдiк тәжiрибесiн зерттеу және оны республикада қолдану жөнiндегi ұсыныстарды дайындау болып табылады.

            III. Ведомствоаралық комиссияның өкiлеттiгi

      Ведомствоаралық комиссияның өзiне жүктелген мiндеттер мен функцияларды орындауы үшiн:
      министрлiктерден, мемлекеттiк комитеттерден, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша қажеттi негiздемелер, есептеулер мен басқа да материалдар сұратуға және алуға;
      министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдар әзiрлеген шағын және орташа қалаларға қатысты мәселелердi шешу жөнiндегi материалдарды жинақтап қорытуға;
      қалалардың жекелеген проблемалары бойынша ұсыныстар дайындау үшiн жұмыс топтарын, уақытша шығармашылық ұжымдар құруға және тиiстi бейiндегi мамандар мен ғылыми қызметкерлердiң жұмыстарын ұйымдастырудың өзге де икемдi түрлерiн қолдануға құқы бар.
      Ведомствоаралық комиссияны төраға - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары басқарады, Қазақстан Республикасының Экономика министрi және Қазақстан Республикасының Қаржы министрi - оның орынбасарлары болып табылады. Ведомствоаралық комиссияның құрамына республиканың жетекшi министрлiктерi мен мемлекеттiк комитеттерiнiң басшылары немесе басшыларының орынбасарлары енедi.
      Ведомствоаралық комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, Ведомствоаралық комиссияның мәжiлiстерiне төрағалық етедi, оның жұмыстарын жоспарлайды және қабылданған шешiмдердi iске асыру үшiн жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төрағасы қатыспаған жағдайда оның функциясын Ведомствоаралық комиссия төрағасының орынбасарларының бiрi атқарады.
      Ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiледi.
      Ведомствоаралық комиссия мүшелерi:
      шағын және орташа қалалардың әлеуметтiк-экономикалық дамуының түйiндi проблемалары бойынша жетекшi сарапшылар мен консультанттардың мiндеттерiн атқарады;
      Ведомствоаралық комиссия құрған жұмыс топтары мен уақытша шығармашылық ұжымдардың жұмыстарын ұйымдастырады және үйлестiредi;
      Ведомствоаралық комиссия құзырына жататын мәселелердi орталық және жергiлiктi атқарушы органдарында қарау кезiнде қатысады;
      Ведомствоаралық комиссия төрағасының және оның орынбасарларының тапсырмаларын орындайды, өздерiнiң жұмыстары туралы мерзiм сайын есеп бередi.
      Ведомствоаралық комиссияның хатшысы - Ведомствоаралық комиссия мәжiлiсiнiң күн тәртiбi бойынша ұсыныстарды, қажеттi құжаттар мен материалдарды дайындайды және оны өткiзгеннен кейiн тиiстi хаттамаларды ресiмдейдi.
      Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Ведомствоаралық комиссияның жұмыс органы болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады