Аймақтық саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 мамырдағы N 581 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 1239 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.12.24 N 1239 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 желтоқсандағы N 1598 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы аймақтық саясатының 2002-2006 жылдарға арналған тұжырымдамасын және "Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негізгі бағыттары туралы" Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының ережелерін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. 1-қосымшаға сәйкес құрамда Аймақтық саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.

     2. Қоса беріліп отырған Аймақтық саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.

     3. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Yкiметiнің           
2002 жылғы 28 мамырдағы    
N 581 қаулысына       
1-қосымша            

       Аймақтық саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық
                       комиссияның құрамы

Шөкеев                      - Қазақстан Республикасы
Өмірзақ Естайұлы              Премьер-Министрінің орынбасары,
                              төраға

Сұлтанов                    - Қазақстан Республикасының
Бақыт Тұрлыханұлы             Экономика және бюджеттік
                              жоспарлау министрі, төрағаның
                              орынбасары

Әбілбекова                  - Қазақстан Республикасының
Айгүл Әбілқадырқызы           Экономика және бюджеттік
                              жоспарлау министрлігі Аймақтық
                              саясат және бюджетаралық қатынастар
                              департаментінің директоры, хатшы

Комиссия мүшелерi:

Нұриманов                  - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Мақсат Әнуарбекұлы           қауіпсiздiк комитеті төрағасының
                             орынбасары (келiсiм бойынша)

Құсайынов                  - Қазақстан Республикасының
Марат Әпсеметұлы             Экономика және бюджеттiк жоспарлау
                             министрлiгi Аймақтық саясат және
                             бюджетаралық қатынастар
                             департаментiнiң директоры, хатшы

Тұңғышбеков                - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Санат Тұңғышбекұлы           министрлiгi Ауылдық аумақтар iстерi
                             комитетiнiң төрағасы

Котенко                    - Қазақстан Республикасы
Наталья Леонидовна           Премьер-Министрінің Кеңсесі
                             Әлеуметтік-экономика бөлімінің
                             меңгерушісі

Райымбеков                 - Қазақстан Республикасы
Сайлаухан Ғазизұлы           Премьер-Министрінің Кеңсесі
                             Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс
                             және аумақтық даму бөлімінің
                             меңгерушісі

Бiрәлиев                   - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Әлжан Хамидоллаұлы           ортаны қорғау вице-министрi

Белоног                    - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Анатолий Александрович       министрлiгi Мемлекеттiк
                             санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
                             комитетiнiң төрағасы, Қазақстан
                             Республикасының Бас мемлекеттiк
                             санитарлық дәрiгерi     

Бабақұмаров                - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ержан Жалбақұлы              және ақпарат вице-министрi

Құсайынов                  - Қазақстан Республикасының Көлiк
Әбiлғазы Қалиақпарұлы        және коммуникация вице-министрi

Әбдiхалықова               - Қазақстан Республикасының Еңбек
Гүлшара Наушақызы            және халықты әлеуметтік қорғау
                             вице-министрi

Ерғожин                    - Қазақстан Республикасының Қаржы
Дәулет Едiлұлы               вице-министрi

Күрiшбаев                  - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ақылбек Қажығұлұлы           шаруашылығы вице-министрi

Баймұхамбетова             - Қазақстан Республикасы
Кәмила Мақсұтқызы            Премьер-Министрінің кеңесшісі
 
Бекетаев                   - Қазақстан Республикасының
Марат Бақытжанұлы            Әділет вице-министрі

Бишімбаев                  - Қазақстан Республикасының
Қуандық Уәлиханұлы           Индустрия және сауда
                             вице-министрі

Мусин                      - Қазақстан Республикасының
Қобыланды Нұрғалиұлы         Туризм және спорт вице-министрі

Тұрғанов                   - Қазақстан Республикасының
Дүйсенбай Нұрбайұлы          Энергетика және минералдық
                             ресурстар вице-министрі

Шамшидинова                - Қазақстан Республикасының
Күләш Ноғатайқызы            Білім және ғылым вице-министрі

Шоқаманов                  - Қазақстан Республикасының
Юрий Қамарұлы                Статистика агенттігі
                             төрағасының орынбасары

Ябров                      - Қазақстан Республикасының
Владимир Викторович          Президенті Әкімшілігінің
                             Әлеуметтік-экономикалық талдау
                             бөлімінің бас инспекторы
                             (келісім бойынша)
      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.14.11. N 1209 қаулысымен , өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.10.17. N 1061 қаулысымен , 2004.02.03. N 129 қаулысымен , 2005.02.22. N 156 қаулысымен , 2006.07.13. N 668 қаулысымен , 2007.03.27. N 233 , 2007.10.15. N 948 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы     
Yкiметiнің          
2002 жылғы 28 мамырдағы     
N 581 қаулысымен       
бекiтiлген            

Аймақтық саясат мәселелерi жөнiндегi
ведомствоаралық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

                           1. Жалпы ереже

      1. Аймақтық саясат мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 7 желтоқсандағы N 1598 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы аймақтық саясатының 2002-2006 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске асыру мақсатында құрылды.

      2. Комиссия Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

      3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының  Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңдарын, басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

           2. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары

       4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
      1) аймақтар арасында әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейiнде орын алған айырмашылықтарды төмендетуге бағытталған мемлекеттiк аймақтық саясатты "Iшкi және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негiзгi бағыттары туралы" Президенттiң Қазақстан халқына K022003_ Жолдауының ережелерiн есепке ала отырып, жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
      2) проблемалық аймақтарды мемлекеттiк қолдау жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiру жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлеу болып табылады.
      5. Өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес Комиссияның функциялары:
      1) мемлекеттiк аймақтық саясатты одан әрi жетiлдiру;
      2) әкімшілік-аумақтық бірліктерді, оның ішiнде шағын қалалар мен ауылдық аудандарды тоқырауға ұшырағандар қатарына жатқызу өлшемдерінің құрамы;
      3) мемлекеттік қолдау көрсету үшін нақты әкiмшілік-аумақтық бiрліктерді, оның ішінде тоқырауға ұшыраған қалалар мен ауылдық аудандарды іріктеу;
      4) экономикасы тоқырауға ұшыраған аймақтарға мемлекеттік қолдау көрсету;
      5) проблемалық аймақтарды қолдау саласында орталық және жергілікті мемлекеттiк органдарды, қоғамдық бірлестіктер мен халықаралық ұйымдарды іс-қимылдарын үйлестiрудің ұсыныстарын дайындау болып табылады.

                  3. Комиссияның құқықтары

       6. Комиссия өз міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін:
      1) орталық және жергілікті атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
      2) проблемалық аймақтардағы ахуалды талдау және зерделеу үшiн мемлекеттік органдарды және мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын қажеттілігіне қарай тартуға;
      3) Комиссия мәжілістерiнде Комиссияның құзырына беретiн мәселелер бойынша орталық және жергіліктi атқарушы органдардың және өзге де ұйымдарының өкілдерін тыңдауға құқығы бар.

                  4. Комиссия қызметін ұйымдастыру

       7. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, оның мәжілістерінде төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және оны қызметiне жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары атқарады.

      8. Комиссия хатшысы Комиссия мәжілісінің күн тәртiбі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындауды және мәжілістен кейін хаттама ресімдеуді жүзеге асырады.

      9. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      10. Комиссия мәжiлiстерi оның мүшелерiнiң ең кемi үштен екiсi болған жағдайда, қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жарты жылда кемiнде бiр рет өткiзiледi.

      11. Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерiмен келiсiм бойынша мәжiлiстердiң күн тәртiбiн, сондай-ақ оларды өткiзу уақыты мен орнын айқындайды және нақтылайды.

      12. Комиссия шешiмдерi ашық дауыспен қабылданады және оларға комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе, қабылданды деп. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.

      13. Комиссия шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады.    

               5. Комиссияның қызметiн тоқтату

      14. Мыналар:
      1) Комиссияға жүктелген мiндеттердiң орындалуы;
      2) Комиссияға бұрын жүктелген мiндеттердi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды немесе өзге де комиссияны құру;
      3) Комиссияның мiндеттерi орындалмайтын не олардың орындалуын орынсыз ететiн өзге жағдайлар Комиссия қызметiн тоқтатудың негiздерi бола алады.

Қазақстан Республикасы    
Yкіметiнің          
2002 жылғы 28 мамырдағы   
N 581 қаулысына       
2-қосымша           

             Қазақстан Республикасы Yкiметiнің
             күшiн жойған кейбiр шешiмдерiнiң
                       ТIЗБЕСI

      1. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанынан Шағын және орташа қалалардың проблемалары жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1996 жылғы 3 шiлдедегi N 841 қаулысы .
      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 шiлдедегi N 841 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1996 жылғы 6 тамыздағы N 970 қаулысы .
      3. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 3 шiлдедегi N 841 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1997 жылғы 20 ақпандағы N 242 қаулысы .
      4. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1996 жылғы 3 шiлдедегi N 841 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 29 қыркүйектегi N 1380 қаулысы .

О создании Межведомственной комиссии по вопросам региональной политики

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 мая 2002 года N 581. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 декабря 2008 года № 1239

       Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 24.12.2008 № 1239.

      В целях реализации Концепции региональной политики Республики Казахстан на 2002-2006 годы, утвержденной постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 декабря 2001 года N 1598, и положений Послания Президента народу Казахстана "Об основных направлениях внутренней и внешней политики на 2003 год" Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Образовать Межведомственную комиссию по вопросам региональной политики в составе согласно приложению 1.
      2. Утвердить прилагаемое Положение о Межведомственной комиссии по вопросам региональной политики.
      3. Признать утратившими силу некоторые решения Правительства Республики Казахстан согласно приложению 2.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Приложение 1 к     
постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 28 мая 2002 года N 581 

Состав Межведомственной комиссии по вопросам
региональной политики

      Сноска. Приложение 1 - в редакции постановления Правительства РК от 14 ноября 2002 г. N 1209 . Внесены изменения - от 17 октября 2003 г. N 1061 ; от 3 февраля 2004 г. N 129 ; от 22 февраля 2005 г. N 156 ; от 13 июля 2006 г. N 668 ; от 27 марта 2007 г. N 233 ; от 15 октября 2007 г. N 948 .

Шукеев                 - Заместитель Премьер-Министра Республики
Умирзак Естаевич         Казахстан, председатель

Султанов               - Министр экономики и бюджетного
Бахыт Турлыханович       планирования Республики Казахстан,
                         заместитель председателя

Абильбекова            - директор Департамента региональной
Айгуль Абилькадыровна    политики и межбюджетных отношений
                         Министерства экономики и бюджетного
                         планирования Республики Казахстан,
                         секретарь

      Члены комиссии:

Нуриманов             - заместитель Председателя Комитета
Максут Ануарбекович     национальной безопасности Республики
                        Казахстан (по согласованию)

Белоног               - председатель Комитета государственного
Анатолий                санитарно-эпидемиологического надзора
Александрович           Министерства здравоохранения Республики
                        Казахстан, главный государственный
                        санитарный врач Республики Казахстан

Бралиев               - вице-министр охраны окружающей среды
Альжан Хамидулаевич     Республики Казахстан
 
Тунгышбеков           - председатель Комитета по
Санат Тунгышбекович     делам сельских территорий Министерства
                        сельского хозяйства Республики
                        Казахстан
 
Котенко               - заведующая Социально-экономическим
Наталья Леонидовна      отделом Канцелярии Премьер-Министра
                        Республики Казахстан

Раимбеков             - заведующий Отделом организационно-
Сайлаухан Газизович     инспекторской работы и территориального
                        развития Канцелярии Премьер-Министра
                        Республики Казахстан

Бабакумаров           - вице-министр культуры и информации
Ержан Жалбакович        Республики Казахстан

Кусаинов              - вице-министр транспорта и коммуникаций
Абильгази               Республики Казахстан
Калиакпарович

Абдыкаликова          - вице-министр труда и социальной
Гульшара Наушаевна      защиты населения Республики Казахстан

Ергожин               - вице-министр финансов Республики
Даулет Едилович         Казахстан

Куришбаев             - вице-министр сельского хозяйства
Ахылбек Кажигулович     Республики Казахстан

Баймухамбетова        - советник Премьер-Министра Республики
Камила Максутовна       Казахстан

Бекетаев              - вице-министр юстиции Республики
Марат Бакытжанович      Казахстан

Бишимбаев             - вице-министр индустрии и торговли
Куандык Валиханович     Республики Казахстан

Мусин                 - вице-министр туризма и спорта
Хобланды Нургалиевич    Республики Казахстан

Турганов              - вице-министр энергетики и минеральных
Дуйсенбай Нурбаевич     ресурсов Республики Казахстан

Шамшидинова           - вице-министр образования и науки
Куляш Ногатаевна        Республики Казахстан

Шокаманов             - заместитель Председателя Агентства
Юрий Камирович          Республики Казахстан по статистике

Ябров                 - главный инспектор Отдела социально-
Владимир Викторович     экономического анализа Администрации
                        Президента Республики Казахстан
                        (по согласованию)

Утверждено        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 28 мая 2002 года N 581 

Положение
о Межведомственной комиссии по вопросам
региональной политики

1. Общие положения

      1. Межведомственная комиссия по вопросам региональной политики (далее - Комиссия) образована в целях реализации Концепции региональной политики Республики Казахстан на 2002-2006 годы, утвержденной постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 декабря 2001 года N 1598.

      2. Комиссия является консультативно-совещательным органом при Правительстве Республики Казахстан.

      3. Комиссия в своей деятельности руководствуется Конституцией Республики Казахстан и законами Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

2. Задачи и функции Комиссии

      4. Основными задачами Комиссии являются:
      1) разработка предложений по совершенствованию государственной региональной политики, направленной на снижение существующих между регионами различий в уровнях социально-экономического развития, с учетом положений Послания Президента народу Казахстана "Об основных направлениях внутренней и внешней политики на 2003 год";
      2) выработка рекомендаций по совершенствованию нормативных правовых актов по государственной поддержке проблемных регионов.

      5. Функциями Комиссии, в соответствии с возложенными на нее задачами, являются выработка предложений по:
      1) дальнейшему совершенствованию государственной региональной политики;
      2) составу критериев отнесения административно-территориальных единиц, в том числе малых городов и сельских районов к депрессивным;
      3) отбору конкретных административно-территориальных единиц, в том числе депрессивных городов и сельских районов, для оказания им государственной поддержки;
      4) оказанию государственной поддержки регионам с депрессивной экономикой;
      5) координации действий центральных и местных государственных органов, общественных объединений и международных организаций в области поддержки проблемных регионов.

3. Права Комиссии

      6. Комиссия в установленном законодательством порядке для осуществления своих задач и функций имеет право:
      1) запрашивать и получать от центральных и местных исполнительных органов и иных организаций материалы, необходимые для реализации задач Комиссии;
      2) привлекать по мере необходимости специалистов государственных органов и государственных научно-исследовательских организаций для анализа и изучения ситуации в проблемных регионах;
      3) заслушивать на заседаниях Комиссии представителей центральных и местных исполнительных органов и иных организаций по вопросам, входящим в компетенцию Комиссии.

4. Организация деятельности Комиссии

      7. Председатель Комиссии руководит ее деятельностью, председательствует на ее заседаниях, планирует ее работу, осуществляет общий контроль над реализацией ее решений и несет ответственность за ее деятельность. Во время отсутствия председателя его функции выполняет заместитель.

      8. Подготовку предложений по повестке дня заседания Комиссии, необходимых документов, материалов и оформление протокола после заседания осуществляет секретарь Комиссии.

      9. Рабочим органом Комиссии является Министерство экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан. <*>

      Сноска. В пункт 9 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 14 ноября 2002 г. N 1209 .

      10. Заседания Комиссии проводятся по мере необходимости, но не реже одного раза в полугодие при наличии не менее двух третей ее членов.

      11. Повестка дня заседаний, а также время и место их проведения определяются и уточняются председателем Комиссии по согласованию с членами Комиссии.

      12. Решения Комиссии принимаются открытым голосованием и считаются принятыми, если за них подано большинство голосов от общего количества членов Комиссии. В случае равенства голосов принятым считается решение, за которое проголосовал председатель.

      13. Решения Комиссии оформляются протоколом и носят рекомендательный характер.

5. Прекращение деятельности Комиссии

      14. Основаниями прекращения деятельности Комиссии служат:
      1) выполнение задач, возложенных на Комиссию;
      2) создание государственных органов или иной комиссии, осуществляющей задачи, которые ранее были возложены на Комиссию;
      3) иные обстоятельства, которые делают задачи Комиссии невыполнимыми либо их исполнение нецелесообразным.

Приложение 2      
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 28 мая 2002 года N 581 

Перечень
утративших силу некоторых решений
Правительства Республики Казахстан

      1. Постановление Правительства Республики Казахстан от 3 июля 1996 года N 841 "Об образовании Межведомственной комиссии при Правительстве Республики Казахстан по проблемам малых и средних городов".
      2. Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 августа 1996 года N 970 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 июля 1996 года N 841".
      3. Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 февраля 1997 года N 242 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 июля 1996 года N 841".
      4. Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 сентября 1997 года N 1380 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 июля 1996 года N 841".