Санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi бағдарламаны бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 29 мамыр N 591

            "Санаткерлік меншік құқықтарын қорғау тұжырымдамасын мақұлдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 қыркүйектегі N 1249 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қоса беріліп отырған Санаткерлік меншік құқықтарын қорғау тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі бағдарлама бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы       
Yкiметiнiң             
2002 жылғы 29 мамырдағы      
N 591 қаулысымен         
БЕКIТIЛГЕН             

          Санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау тұжырымдамасын
                    iске асыру жөнiндегi бағдарлама

                       1. Бағдарлама паспорты

Атауы                       Санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау
                            тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi
                            бағдарлама (бұдан әрi - Бағдарлама)

Әзiрлеу негiздемесi         "Санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау
                            тұжырымдамасын мақұлдау туралы"
                            Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
                            2001 жылғы 26 қыркүйектегi N 1249
                            қаулысы (бұдан әрi - Тұжырымдама)

Бағдарламаның мақсаты       Қазақстан Республикасының аумағында
                            санаткерлiк меншiк объектiлерiн заңды
                            түрде пайдалану (iске асыру) және қорғау
                            (күзету) саласында мемлекеттiк саясаттың
                            негiзгi бағыттары мазмұндалған
                            Тұжырымдама ережелерiн iске асыру үшiн
                            ғылыми-әдiстемелiк негiз жасау

Бағдарламаның мiндеттерi    Санаткерлiк меншiк құқығын қорғау
                            саласындағы заңнаманы жетілдiру;
                            ғылыми-техникалық прогрестi,
                            өнертапқыштықты және еркiн бәсекелестiктi     
                            дамытуға жағдай жасау;
                            санаткерлiк меншiк саласында Қазақстан
                            Республикасының экономикалық және
                            ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
                            шағын кәсiпкерлiк субъектілерiнiң
                            санаткерлiк меншiк объектiлерiн
                            пайдалануын кеңейту;
                            шағын кәсiпкерлiк субъектілерiнiң
                            санаткерлiк меншiк объектiлерiне қол
                            жеткiзуiн қамтамасыз ету

Қаржыландыру көздерi        Бұл Бағдарлама Қазақстан Республикасының      
                            Yкiметi мен ДСМҰ арасындағы ынтымақтастық     
                            бағдарламасына сәйкес Дүниежүзiлiк
                            Санаткерлiк Меншiк Ұйымы
                            (бұдан әрi - ДСМҰ) бөлетiн қаражат
                            есебiнен жүзеге асырылады

Iске асыру мерзiмi          2002-2006 жылдар    

                            2. Кiрiспе

      Бағдарламаны әзiрлеудiң негiздемесi "Санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау тұжырымдамасын мақұлдау туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 26 қыркүйектегi N 1249 қаулысы болып табылады.
      Қазiргi уақытта санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау жүйесi ұлттық инфрақұрылымның бөлiнбес бөлiгiне айналды. Жиырма бiрiншi ғасырды санаткерлiк экономика дәуiрi болады деп пайымдауға барлық негiз бар, оның дамуында шығармашылық қызмет және оны қорғаудың сенiмдi құқықтық жүйесi шешушi орын алмақ. Қазақстан Республикасы халықаралық мәдени және ғылыми-техникалық алмасудың толық құқықты қатысушысы ретiнде, ДСМҰ мүшесi бола отырып, құқық иеленушiлер болатын тұлғалардың санаткерлiк меншiкке құқықтарының сақталуын әлемдiк стандартқа жауап беретiндей деңгейде қамтамасыз етуi тиiс.
      Санаткерлiк меншiк құқықтары жүйесiнiң тиiмдi жұмыс iстеуi мемлекеттiк органдар қызметiндегi басым бағыттардың бiрi болуға және осы салада мемлекеттiң айқын тұжырымдалған саясаты негiзiнде жүргiзiлуге тиiс.

           3. Проблемалардың қазiргi жай-күйiн талдау

      Қазақстан Республикасы ДСМҰ мүшесi ретiнде қазақстандық азаматтардың да, шет елдiк және азаматтығы жоқ адамдардың да санаткерлiк меншiкке құқықтарының сақталуын конституциялық тәртiппен мойындайды және кепiлдiк бередi.
      Туындыларды және санаткерлiк меншiк құқықтарын заңды түрде пайдалану (iске асыру) және тиiмдi қорғау (күзету), ең алдымен, кез-келген елдiң мүддесiне, сондай-ақ әлемдiк қоғамдастықтың мүддесiне жауап бередi.
      Санаткерлiк меншiктi қорғау қағидаттарын iске асыру және осы мақсаттарда құқық амалдарын қалыптастыру заңнаманы одан әрi жетiлдiрудi көздейдi.
      Сонымен қатар, мемлекет экономиканы және әлеуметтiк саланы тұрақты дамыту үшiн оңтайлы жағдайлар жасай отырып, шығармашылық әлеуеттiң дамуына, жаңа идеялардың қажет болуына ықпал етедi. Бiрақ қазiргi кезде санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғауға байланысты республикада қиын да қолайсыз жағдай қалыптасып отыр. Атап айтқанда, контрафактiлiк өнiмдер кең тарала бастады, тиiстi дәрежедегi құқық қолдану практикасы жоқтың қасы, қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялау сияқты бақылау тетiктерi пайдаланылмайды.
      Санаткерлiк меншiк объектiлерiн бағалау мәселелерi нарықтық қатынас талаптарына сай келмейдi, осы уақытқа дейiн бағалау стандарттары мен әдiстемелерiне ресми мәртебе беру туралы мәселе шешiлмеген. Санаткерлiк меншiк объектiлерiн бағалаудың нормативтiк-құқықтық базасы одан әрi жетiлдiрудi қажет етедi, ТМД мен алыс шет елдердегi бағалаушы ұйымдар жұмысының оң тәжiрибесiн қорыту, жедел ақпараттар алмасу және бағалау стандарттарын үйлесiмге келтiру жүйесiн реттеу қажет.
      Санаткерлiк меншiк саласындағы құқықтық қатынастардың өз ерекшелiгi бар және жалпы алғанда, Қазақстанда олардың өркениеттiк нысандары әлi қалыптаспаған, құқық иеленушiлердiң мүлiктiк мүдделерiн және пайдаланушылардың экономикалық мүмкiндiктерiн қамтамасыз етудiң ымырашыл нысандарына қол жеткiзiлмеген. Авторлық құқықты жеке құқыққа жатқызатынына қарамастан, бұл салада мемлекеттiк реттеудiң қажеттiлiгi көзге ұрып тұр. Сол себептi мемлекет өзiнiң құзыреттi органдары, бiлiм мекемелерi, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы осы саладағы құқықтық бiлiмдi ауқымды мақсатты түрде насихаттауды қолға алуы қажет. Осы жұмыстардың барлығы жаппай құқықтық оқыту шеңберiнде ұйымдастырылуы мүмкiн.
      Түсiндiру жұмыстарымен бiр мезгiлде заңнаманың орындалуына нақты бақылау жасауды, статистикалық есеп-қисап пен жасалған бұзушылықтың қатаң есебiн жүргiзу нысандарын әзiрлеудi қамтамасыз ету керек. Шығарма авторларының, құқық иеленушiлердiң және пайдаланушылардың арасында туындайтын қайшылықтар көрсетiп отырғандай, "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының , сондай-ақ Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң кейбiр ережелерiн өз бетiнше әр түрлi тұрғыдан түсiндiру орын алуда. Сондықтан, қайшылықтарды болдырмау үшiн кейбiр заңнама кесiмдерiнiң ережелерiн түсiндiруге бiрыңғай тұрғыдан келуге қол жеткiзген жөн. Ең алдымен, туындайтын көптеген мәселелер жөнiнде мамандардың түсiнiктемесi, ұғындыруы қажет етiледi. Құқық қолдану практикасын, келiп түскен ұсыныстарды талдаудың негiзiнде "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қажеттiлiгi пiсiп-жетiлдi.

              4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi

      Бағдарламаның мақсаты:
      Қазақстан Республикасының аумағында санаткерлiк меншiк объектiлерiн заңды түрде пайдалану (iске асыру) және қорғау (күзету) саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзi баяндалған Тұжырымдаманың қағидаларын iске асыру үшiн қажеттi ғылыми-әдiстемелiк негiздер жасау.
      Бағдарламаның негiзгi мiндеттерi:
      санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетiлдiру;
      ғылыми-техникалық прогрестi, өнертапқыштықты және еркiн бәсекелестiктi дамытуға ықпал ету;
      санаткерлiк меншiк саласында Қазақстан Республикасының экономикалық және ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      санаткерлiк меншiк объектiлерiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң пайдалануын кеңейту;
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң санаткерлiк меншiк объектiлерiне қол жеткiзуiн қамтамасыз ету.

       5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiктерi

      Санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасында жасалатын ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар, фирмалық атаулар және ашылмаған ақпарат, Интернетте құқықтар қорғау, құпия өнертабыстармен айналысу сияқты санаткерлiк меншiк объектiлерiн құқықтық қорғау мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу және қабылдау қажет.
      Бұдан басқа, заңнаманы кинематография туындыларын пайдаланушылардың қызметiн, санаткерлiк меншiк құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерiнде атқарушы органдардың қызметiн, санаткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарларды кедендiк бақылау тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеудi және қабылдауды жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн мемлекеттiк органдардың құзыретiн белгiлейтiн бөлiгiн одан әрi жетiлдiру қажет.
      Сондай-ақ Қазақстан Республикасында өнертапқыштық қызметтi дамыту бағдарламасын әзiрлеу жолымен ғылыми-техникалық прогрестi, өнертапқыштықты және еркiн бәсекелестiктi дамытуға ықпал ету, шағын және орта бизнес субъектiлерiне санаткерлiк меншiк объектiлерiн пайдалануда жәрдем көрсету қажет.
      Санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласында тәжiрибе алмасу, бiлiктiлiктi арттыру және ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету мәселелерiнде халықаралық ұйымдармен өзара iс-әрекет жасау арқылы халықаралық ұйымдармен және шет мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастықты кеңейтудiң, аудио-бейне саласында сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалануға және контрафактiлiк өнiмнiң таралуына қарсы күрес мәселелерiнде Фонограмма жасаушылар халықаралық федерациясымен (IFPI) өзара iс-әрекеттiң зор маңызы бар.
      Сонымен бiрге, әкiмшiсi ДСМҰ болып табылатын бағдарламалар бойынша санаткерлiк меншiк саласында мамандар даярлауды қамтамасыз ету, аумақтық әдiлет органдары, соттар, құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң, патенттiк сарапшылардың бiлiктiлiгiн арттыру, санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау мәселелерi бойынша судьялар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне арналған семинарлар өткiзу қажет.

          6. Қажеттi қорлар және оларды қаржыландыру көздерi

      Қазақстан Республикасының Yкiметi мен ДСМҰ арасындағы ынтымақтастық бағдарламасына сәйкес осы халықаралық ұйымның тарапынан берiлетiн көмектi пайдалану қарастырылады.

          7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер

      Бағдарламада қойылған негiзгi мiндеттердi шешу Бағдарламаны iске асыру барысында оң нәтижелерге қол жеткiзудi көздейдi, ол республиканың ғылыми-техникалық әлеуетiн нығайтудан, творчестволық қызметтi ынталандырудан көрiнiс табуы тиiс.
      Бұдан басқа, бұл мiндеттердi шешу инновациялық қызметтi дамыту үшiн жағдай жасауға, жаңа технологияларды әзiрлеуге және пайдалануға, бәсекеге жарамды өнiмдер шығаруға, жаңа техникамен және технологиялармен iшкi және халықаралық айырбас-алмасуға жағдай жасауға, ғылыми-техникалық өнiм нарығын қалыптастыруға ықпал ететiн болады.
     Сондай-ақ бұл iшкi нарықты контрафактiлiк тауарлардан қорғауды, отандық тауарлар мен қызметтер көрсетудi жасаушыларды қолдауды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
     Ғылыми ауқымды және жоғары технологиялық өндiрiстерге қолайлы инвестициялық ахуал жасау және инвестициялар тарту, жаңа жетiстiктер мен әзiрленiмдер туралы ақпарат қалыптастыру және тарату күтiлiп отыр.

      8. Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары

      Ескерту. 8-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.06. N 6 қаулысымен .


  ---------------------------------------------------------------------------
Р/с!     Іс-шара       !  Аяқталу  ! Орындалуына !Орындалу!Болжамды!Қаржы.
N !                   !  нысаны   ! жауаптылар  !мерзімі !шығыстар!ланды.
   !                   !           !             !        !        !ру көзi
---------------------------------------------------------------------------
1 !          2        !     3     !      4      !    5   !    6   !   7
---------------------------------------------------------------------------
                  1. Нормативтiк-құқықтық қамтамасыз ету
---------------------------------------------------------------------------    

1.1 Санаткерлiк меншiк  Қазақстан   Қазақстан     Жыл         -        -
    құқықтарын қорғау   Республика. Республика.   сайын
    саласында           сының       сының
    қолданылып жүрген   Үкіметіне   Әділет
    заңнаманың          ақпарат     министрлігі
    тиiмдiлiгiне
    талдау жүргiзу    

1.2 Санаткерлiк меншiк  Қазақстан   Қазақстан     Ұдайы       -        -
    құқықтарын қорғау   Республика. Республика.
    саласындағы халық.  сының       сының
    аралық келiсiмдерге Үкіметіне   Әділет
    Қазақстан Республи. ақпарат,    министрлігі
    касының қосылуы     Қазақстан
    жөнiнде ұсыныстар   Республика.
    енгiзу              сының
                        заңдарының
                        жобалары    

1.3 Мыналарды:         
    1) өнеркәсiптiк     ҚР ӘдМ      Қазақстан     2002        -        -
    меншiк объектi.     Санаткерлік Республика.   жылдың
    лерiн, селекциялық  меншік      сының         IV
    жетiстiктердi,      құқығы      Әділет        тоқсаны
    интегралдық микро.  жөніндегі   министрлігі
    схемалар топология. комитетінің
    ларын патенттеуге   бұйрығы
    ақы төлеу мөлшерлерi
    мен тәртiбiн;
    2) Қазақстан Рес.   Қазақстан   Қазақстан     2002        -        -
    публикасында        Республика. Республика.   жылдың
    жалпыға мәлiм       сы Әділет   сының         IV
    тауар таңбасын      министрлі.  Әділет        тоқсаны
    (қызмет көрсету     гінің       министрлігі
    таңбасын) тану      бұйрығы
    тәртiбiн және
    шарттарын анық.
    тайтын заңи
    нормативтiк
    құқықтық
    кесiмдердi
    әзiрлеу және
    қабылдау

1.4 "Қазақстан Респуб.  Заң         Қазақстан       2004    -  -
    ликасының кейбiр    жобасы      Республикасы-   жылдың
    заң актiлерiне                  ның Әдiлет      II
    санаткерлiк                     министрлiгi     тоқсаны
    меншiк саласында
    өзгерiстер мен
    толықтырулар
    енгiзу туралы"
    Қазақстан Респуб.
    ликасы Заңының
    жобасын әзiрлеу     
---------------------------------------------------------------------------
                       2. Халықаралық ынтымақтастық
---------------------------------------------------------------------------
2.1 Санаткерлiк         Қазақстан   Қазақстан     Жыл         -    ДСМҰ
    меншiк құқықтарын   Республика. Республика.   сайын            қаражаты
    қорғау саласында    сының       сының Әділет                   есебінен
    тәжiрибе алмасу,    Үкіметіне   министрлігі,
    бiлiктiлiктi        ақпарат     Қазақстан
    арттыру және                    Республика.
    ғылыми-әдiстемелiк              сының Сыртқы
    қамтамасыз ету                  істер
    мәселелерiнде                   министрлігі,
    халықаралық                     Қазақстан
    ұйымдармен өзара                Республика.
    iс-әрекет                       сының Білім
                                    және ғылым
                                    министрлігі    

2.2 ДСМҰ қаржыландыра.  Қазақстан   Қазақстан     Жыл         -    ДСМҰ
    тын бағдарламалар   Республика. Республика.   сайын            қаражаты
    бойынша әдiлет      сының       сының Әділет                   есебінен
    аумақтық органдары  Үкіметіне   министрлігі,
    қызметкерлерiнiң,   ақпарат     Қазақстан
    судьялардың, құқық              Республика.
    қорғау органдары                сының
    қызметкерлерiнiң,               Сыртқы істер
    патент сарапшылар.              министрлігі
    ының бiлiктiлiгiн
    арттыру

2.3 Аудио-бейне         Қазақстан   Қазақстан     Жыл         -        -
    саласында сабақтас  Республика. Республика.   сайын
    құқықтар            сының       сының Әділет
    объектiлерін        Үкіметіне   министрлігі,
    заңсыз пайдалануға  ақпарат     Қазақстан
    және контрафактiлiк             Республика.
    өнiмнiң таралуына               сының
    қарсы күрес                     Сыртқы істер
    мәселелерiнде                   министрлігі
    Фонограмма
    жасаушылар халық.
    аралық федерация.
    сымен (IFPI) өзара
    iс-әрекет жасау    

2.4 Қазақстан           Қазақстан   Қазақстан     2003        -        -
    Республикасы мен    Республика. Республика.   жылдың
    Дүниежүзiлiк        сының       сының Әділет  ІІ
    Санаткерлiк Меншiк  Үкіметіне   министрлігі   тоқсаны
    Ұйымы арасындағы    ақпарат
    ынтымақтастық
    бағдарламасын iске
    асыру бойынша
    шаралар қабылдау
---------------------------------------------------------------------------
     3. Санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласында мамандар даярлау
---------------------------------------------------------------------------
3.1 ДСМҰ-ның            Семинарлар  Қазақстан     Жыл         -    ДСМҰ
    ұйымдастыруымен                 Республика.   сайын            қаражаты
    санаткерлiк меншiк              сының Әділет                   есебінен
    құқықтарын қорғау               министрлігі,
    мәселелерi бойынша              Қазақстан
    судьялар мен құқық              Республика.
    қорғау органдары                сының
    қызметкерлерiне                 Ішкі істер
    арналған                        министрлігі
    семинарлар өткiзу    

3.2 Құзыретiне          Қазақстан   Қазақстан     2003 -      -        -
    санаткерлiк меншiк  Республика. Республика.   2005
    саласында құқық     сының       сының Білім   жылдар
    бұзушылықтың жолын  Үкіметіне   және ғылым
    кесу кiретiн        ұсыныс      министрлігі,
    органдар үшiн                   Қазақстан
    мамандар даярлауды              Республика.
    жүзеге асыратын                 сының Әділет
    жоғары оқу                      министрлігі
    орындары
    бағдарламаларына
    тиiстi оқу пәндерiн
    енгiзу

3.3 "Қазақстан Респуб.  Қазақстан    Қазақстан       2004    - -
    ликасының Әдiлет    Республи.    Республикасы.   жылдың
    министрлігі         касының      ның Әділет      ІІ
    Санаткерлік мен.    Үкіметіне    министрлігі     тоқсаны
    шік құқығы жөнін.   ұсыныстар
    дегі комитетінің
    ұлттық санаткерлік
    меншік институты"
    республикалық
    мемлекеттік қазына.
    лық кәсіпорнының
    жанынан
    Санаткерлік меншік
    оқу орталығын құру
    туралы ұсыныстар
    енгізу       
---------------------------------------------------------------------------
             4. Санаткерлiк меншiк құқығын қорғау мәселелерінде
                    халықтың құқықтық мәдениетін көтеру
---------------------------------------------------------------------------
4.1 Санаткерлік         Жарияланым. Қазақстан     Ұдайы       -        -
    меншік құқықтарын   дар, баспа. Республика.
    қорғау мәселелерi   сөз, конфе. сының Әділет
    бойынша бұқаралық   ренциялары, министрлігі,
    ақпарат құралдары,  сөз сөйлеу  Қазақстан
    мерзiмдi баспа                  Республика.
    басылымдары арқылы              сының
    түсiндiру                       Мәдениет,
    жұмыстарын жүргiзу              ақпарат және
                                    қоғамдық
                                    келісім
                                    министрлігі    

4.2 ДСМҰ әкiмшiлiк      Санаткерлік Қазақстан     Жыл        -     ДСМҰ
    ететiн бағдарлама.  меншік      Республика.   сайын            қаражаты
    лар бойынша         мәселелері  сының Әділет                   есебінен
    нормативтiк         жөніндегі   министрлігі
    құқықтық кесiмдер,  нормативтік
    әдiстемелiк         құқықтық
    материалдар және    кесімдер,
    санаткерлiк меншiк  әдістемелік
    құқықтарын қорғау   материалдар
    мәселелерi          жинағы
    жөнiндегi өзге де
    әдебиеттер шығару        

4.3 Санаткерлiк меншiк  Бейнеролик. Қазақстан     2003        -    ДСМҰ
    құқықтарын          тер         Республика.   жылдың           қаражаты
    қорғауға арналған               сының Әділет  I-IV             есебінен
    түрлi тақырыпта                 министрлігі,  тоқсандары
    роликтер,                       Қазақстан
    бейнеклиптер, кино.             Республика.
    фильмдер шығару                 сының
    бойынша жұмыс                   Мәдениет,
    жүргiзу                         ақпарат және
                                    қоғамдық
                                    келiсiм
                                    министрлiгі

4.4  Құқық иеленушіге   Әдістемелік  Қазақстан       2004
     оның құқықтарын    ұсынымдар    Республика.     жылдың
     бұзудан келтіріл.               сының Әділет    IV
     ген зиянды                      министрлігі     тоқсаны
     айқындайтын
     әдістемелік ұсы.
     нымдарды әзірлеу     
---------------------------------------------------------------------------
                    5. Санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау
---------------------------------------------------------------------------
5.1 <*>
5.2 <*>   

5.3 Санаткерлiк меншiк  Ақпарат     Қазақстан     Ұдайы       -        -
    объектiлерi бар     алмасу      Республикасы
    тауарлардың                     Мемлекеттік
    кедендiк шекара                 кіріс
    арқылы өтуiн реттеу             министрлігінің
    бойынша бiрлескен               Кеден
    шараларды жүзеге                комитеті,
    асыру                           Қазақстан
                                    Республикасы
                                    Әдiлет
                                    министрлiгiнiң
                                    Санаткерлiк
                                    меншiк құқығы
                                    жөнiндегi
                                    комитетi

5.4 Контрафактiлiк      Авторлық    Қазақстан     Ұдайы       -        -
    өнiмдер шығару      және        Республика.
    мен таратудың       сабақтас    сының Әділет
    алдын алуға         құқықтар    министрлігі,
    бағытталған         саласындағы Қазақстан
    шаралар қабылдау    құқық       Республика.
                        бұзушылықты сының
                        анықтау     Ішкі істер
                        және жолын  министрлігі
                        кесу
                        бойынша
                        рейдтер
                        өткізу    

5.5 Санаткерлiк меншiк  Қазақстан   Қазақстан     2003        -        -
    объектiлерiн        Республика. Республика.   жылдың
    бағалау институт.   сының       сының Әділет  І
    ының жай-күйiн      Үкіметіне   министрлігі   тоқсаны
    талдау              ақпарат

5.6 Санаткерлiк меншік  Бірлескен   Қазақстан     2003        -        -
    объектiлерiн        бұйрық      Республика.   жылдың
    бағалау                         сының Әділет  ІІ
    мәселелерiн                     министрлігі,  тоқсаны
    реттейтін                       Қазақстан
    әдiстемелiк                     Республика.
    материалдар әзiрлеу             сының Білім
                                    және ғылым
                                    министрлiгi

5.7 Өнертапқыштық       Қазақстан   Қазақстан     2002        -        -
    қызметтi ынталан.   Республика. Республика.   жылдың
    дыру, Қазақстан     сының       сының Әділет  IV
    Республикасында     Үкіметіне   министрлігі,  тоқсаны
    өнертапқыштықты     ақпарат     Қазақстан
    коммерцияландыру                Республика.
    шаралары мен                    сының Білім
    тетiктерiн жасау                және ғылым
                                    министрлiгi

---------------------------------------------------------------------------
          6. Қазақстан Республикасының патенттiк жүйесiн дамыту
---------------------------------------------------------------------------
6.1 Мыналарды:
    1) селекциялық      Бiрлескен   Қазақстан     2002        -        -
    жетiстiктерге       бұйрық      Республика.   жылдың
    патент алуға                    сының Әділет  IV
    өтiнiштердi жазу,               министрлігі,  тоқсаны
    беру және қарау                 Қазақстан
    ережесiн;                       Республика.
                                    сының Ауыл
                                    шаруашылығы
                                    министрлiгi
    2) интегралдық      Бұйрық      Қазақстан     2002        -        -
    микросхемалар                   Республика.   жылдың
    топологиясын тiркеу             сының Әділет  IV
    тәртiбiн белгiлей.              министрлігі   тоқсаны
    тiн заңи норматив.
    тiк құқықтық
    кесiмдердi әзiрлеу
    және қабылдау    

6.2 Өнеркәсiптiк меншiк Нұсқаулық.  Қазақстан     Ұдайы       -        -
    объектiлерiне       тар         Республика.
    сараптама жүргiзу               сының Әділет
    және қорғау                     министрлігі
    құжаттарын беру
    процесiн жетiлдiру
    жөнiндегi шараларды
    әзiрлеу және
    қабылдау
---------------------------------------------------------------------------
          7. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне жәрдем көрсету
---------------------------------------------------------------------------
7.1 Санаткерлiк меншiк  Бiрлескен   Қазақстан     2002        -        -
    объектiлерiн        шаралар     Республика.   жылдың
    пайдалануда шағын   әзiрлеу     сының Әділет  ІІІ
    бизнес субъектiле.              министрлігі,  тоқсаны
    рiн мемлекеттiк                 Қазақстан
    қолдау жөнiнде                  Республика.
    шаралар қабылдау                сының
    және нормативтiк                Табиғи
    құқықтық кесiмдер               монополия.
    әзiрлеу                         ларды реттеу,
                                    бәсекелестікті
                                    қорғау және
                                    шағын
                                    бизнесті қолдау
                                    жөніндегі
                                    агенттігі
---------------------------------------------------------------------------

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады