Санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау тұжырымдамасын мақұлдау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 26 қыркүйек N 1249

      Санаткерлiк меншiк құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз ету, осы салада бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, туынды авторларының және басқа да құқық иеленушілерінің мүліктік мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Санаткерлік меншік құқықтарын қорғау

 

тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) мақұлдансын.

     2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі басқа да мүдделі

мемлекеттік органдармен бірлесіп, екі айлық мерзімде Тұжырымдаманы іске

асыру жөніндегі Бағдарламаны әзірлесін және оны Қазақстан Республикасы

Үкіметінің бекітуіне енгізсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасы

     Премьер-Министрінің

     бірінші орынбасары


                                           Қазақстан Республикасы

                                                 Yкiметiнiң

                                         2001 жылғы 26 қыркүйектегі

                                              N 1249 қаулысымен

                                                мақұлданған


           Санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау тұжырымдамасы


                          1. Кiрiспе



 
       Санаткерлiк меншiктi қорғау жүйесi қазiргi кезде ұлттық инфрақұрылымның ажырамас бөлiгіне айналды. Жиырма бiрiншi ғасыр санаткерлiк экономика заманына айналады деп айтуға барлық негiзi бар, шығармашылық қызмет және оны құқықтық қорғаудың сенiмдi жүйесi оның дамуында шешушi роль атқаратын болады. Қазақстан Республикасы халықаралық мәдени және ғылыми-техникалық алмасудың толық құқықты қатысушысы ретінде Дүниежүзiлiк Санаткерлiк Меншiк Ұйымының (ДСМҰ) мүшесi бола отырып, қазақстандық, сондай-ақ шетелдiк құқық иелерiнiң де қабылданған әлемдiк стандарттарға жауап беретiн деңгейдегi санаткерлiк меншiкке құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуi тиiс.
      Санаткерлiк меншiк құқығын қорғау саласындағы мемлекеттiк саясат туындыларды жасау, санаткерлiк қызметтiң басқа да нәтижелерi мен оларды техниканың және технологияның ең жаңа объектiлерiнде пайдалануды байланыстыратын буын болып табылады. Бұл ретте осы құқықтарды қорғау жүйесi:
      республикада ғылыми-техникалық әлеуеттiң нығаюына, шығармашылық қызметтi ынталандыруға;
      жаңа технологияларды әзiрлеуге және пайдалануға, бәсекеге қабiлеттi өнiмдi шығаруға;
      инновациялық қызметтiң дамуы үшiн жағдай жасауға;
      жаңа техникамен және технологиямен iшкi және халықаралық алмасу үшiн жағдай жасауға, ғылыми-техникалық өнiмнiң рыногын қалыптастыруға;
      адал бәсекелестiктi қолдауға жағдай жасауға;
      iшкi рынокты контрафактiлiк тауарлардан қорғауға, отандық өндiрушiлердiң тауарлары мен қызмет көрсетулерiн қолдауға;
      қолайлы инвестициялық ахуал жасауға және ғылымды қажетсiнетін әрi жоғары технологиялық өнiмдердi шығаруға инвестицияларды тартуға;
      жаңа жетiстiктер мен талдамалар туралы ақпаратты қалыптастыруға және таратуға ықпал етедi.
      Санаткерлiк меншiк құқықтары жүйесiнiң тиiмдi жұмыс істеуi мемлекеттiк органдардың қызметiнде басым бағыттардың бiрi болуы және осы салада мемлекеттiк айқын қалыптастырылған ұлттық саясат негізiнде жүргiзiлуi тиiс.
 
        2. Санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғаудың қазiргi жай-күйi
 
      Қазiргi кезде Қазақстан Республикасының аумағында негiзiнен шетелден келiп түсетiн контрафактiлi өнiмдердiң таралғанын туралы атап өтуге тура келедi. Бiрақ мұндай өнiмдердiң келiп түсуiнiң және таралуының алдын алу жөнiндегі шаралардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасында санаткерлiк меншiк құқығын қорғау жөнiндегi шаралар тиiмдiлiгi жеткiлiксiз, осыған байланысты мемлекет тарапынан анағұрлым қатаң шаралар қабылдауды қажет етедi. Оларды қабылдау Қазақстан Республикасының әлемдiк қауымдастықта санаткерлiк меншiк құқығын қорғауды қамтамасыз етушi мемлекет ретiнде оң бейнесiн қалыптастыруға ықпал ететiн болады. Тиiстi құқық қолдану практикасының болмауы әсер етуде, бақылаусыздыққа жол берiлуіде, қызметтiң жеке түрлерiн лицензиялау сияқты бақылау тетігі пайданылмауда.
      Қазақстан Республикасында санаткерлiк меншiк құқығын қорғауды қамтамасыз етуге тиiс мемлекеттiк органдардың жүйесi құрылды. Алайда, бұл жұмысты тиiмдi iске асыру үшiн барлық мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың өзара тығыз iс-қимылы қажет болады.
      Сонымен қатар, авторлық және сабақтас құқықтар, өнеркәсiп меншiк объектiлерiн қорғау құжаттарын сараптау және беру жүйесi жолға қойылды, жоғары бiлiктi патенттiк сенiмдi өкiлдердiң штаты құрылуда. Мемлекет заңдық негізде өзiнiң атқарушы органдарының, мемлекеттiк емес ұйымдарының iс-қимылын үйлестiредi, санаткерлiк меншiк объектiлерiнiң құқық иеленушiлерi мен пайдаланушылары арасында өзара өркениеттi қатынастардың қалыптасуына ықпал етедi.
      Қазiргі кезде санаткерлiк меншiк құқығын қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi негізгi функциялар қолданыстағы Z990427_ заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң P010411_ Санаткерлiк меншiк құқықтары жөнiндегi комитетiне және басқа да құзыреттi органдарға берiлдi.
 
        3. Санаткерлiк меншiк саласындағы Қазақстан Республикасының
                    заңнамасы мен халықаралық шарттары
 
      Қазiргi кезде 1992 жылы басталған санаткерлiк меншiк құқығын қорғау саласында заңнамалық база қалыптастыру жөнiндегі жұмыс жан-жақты сипат алды. Тұтас бөлiмi санаткерлiк меншiк құқығына арналған Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң K990409_ Ерекше бөлiмiн 1999 жылы қабылдау осы салада құқықтық реттеудiң дамуының маңызды кезеңi болып табылады. Қазақстан Республикасында санаткерлiк меншiк құқығын қорғау қазiргi кезде мынадай заңдармен реттеледi:
      Қазақстан Республикасының Азаматтық K941000_ кодексi;
      "Авторлық құқық және сабақтас құқықтары туралы" Z960006_ Заңы;
      Қазақстан Республикасының патент Z990427_ заңы;
      "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы" Z990456_ Заңы;
      "Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы" Z990422_ Заңы;
      "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Z010217_ Заңы;
      1992 жылдан бастап өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн қорғауға байланысты әртүрлi мәселелердi реттейтiн бiрқатар заң нормативтік актiлер қабылданды.
      Санаткерлiк меншiк құқықтарымен байланысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтар үшiн жауапкершiлiктi көздейтiн K970167_ Қылмыстық Кодекс пен Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы K010155_ кодекстiң қабылдануы санаткерлiк меншiк құқығын қорғауды қамтамасыз етудегi маңызды кезең болып табылады.
      Қазiргi кезде Қазақстан ДСМҰ құрған 1967 жылғы 14 шiлдедегі Конвенцияның толық құқықты қатысушысы болып табылады. Z010201_
      Қазақстан Республикасы авторлық құқық қорғау саласында Әдеби және көркем шығармашылықты қорғау туралы Берн Z980297_ конвенциясы (1886 жылғы) және Фонограмма жасаушылардың мүддесiн олардың фонограммаларын заңсыз көшiруден қорғау туралы Z000054_ Конвенцияға (1971 жылғы) қосылды.
      1993 жылғы 5 ақпандағы "Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк меншiктi қорғау саласындағы халықаралық шарттар туралы декларациясына" сәйкес Қазақстан ДСМҰ қамқорлығында қолданылатын бiрқатар негiзгi шарттардың, келiсiмдердiң және конвенциялардың, соның iшiнде:
      1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсiптiк меншiктi қорғау туралы Париж конвенциясының;
      1891 жылғы 14 сәуiрдегi Халықаралық белгiлердi тiркеу туралы Мадрид келiсiмiнiң;
      1970 жылғы 19 маусымдағы Патент кооперациясы туралы шарттың толық құқықты мүшесi болып табылады.
 
                4. Тұжырымдаманың мақсаттары мен мiндеттерi
 
      Осы Тұжырымдаманың мақсаттары Қазақстан Республикасының аумағында санаткерлiк меншiк объектілерiн тең құқықты пайдалану (сату) мен қорғау (сақтау) саласында мемлекеттiк саясаттың негiздерiн баяндау болып табылады.
      Тұжырымдаманың негiзгi мiндеттерi мыналар:
      санаткерлiк меншiк құқығын қорғаудың барабар стандарттары мен

 

қағидаттарын, сондай-ақ, оларды жүзеге асыру жөнiндегi тиiмдi құралдармен

қамтамасыз ету;

     ғылыми-техникалық прогрестi, өнертапқыштықты және еркiн бәсекенi

дамыту үшiн жағдай жасау;

     Қазақстан Республикасының санаткерлiк меншiк саласындағы

экономикалық, технологиялық және ақпараттық қауiпсiздігін қамтамасыз ету;

     санаткерлiк меншiк объектiлерiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң

пайдалануын кеңейту;

     шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң санаткерлiк меншiк объектiлерiне

қол жеткiзуiн қамтамасыз ету саясатын қалыптастыру кезiндегi мемлекеттiң

рөлiн күшейту.


       5. Санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттiк

                        саясаттың негiзгi қағидаттары


     Санаткерлiк меншiк құқығын қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың

тұжырымдамасы елдiң мәдени және әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылығын

дамыту жөнiндегi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стратегиясын жүзеге

асыруға жәрдемдесуге бағытталған.

     Тұжырымдама мынадай негiзгi қағидаттарға негiзделедi:

     санаткерлiк меншiк құқығының конституциялық кепiлдiктерiн сақтау;

     санаткерлiк меншiк құқығын қорғау саласындағы халықаралық мiндеттердi

орындау;

     ұлттық қауiпсiздiк;

     санаткерлiк меншiк саласындағы мемлекеттiк қатынастарды реттеу;

     санаткерлiк меншiк құқығы саласындағы құқықтық бiлiмдi насихаттау;

     мемлекеттi қоса алғанда барлық құқықтық қатынас субъектiлерiнiң

мүдделерiн теңдестiру.


       6. Санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғауды дамытудың негізгi

                               бағыттары


               6.1. Санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау

                    саласындағы заңнаманы жетiлдiру



 
       Қазақстан Республикасының санаткерлiк меншiк саласындағы қазiргі кездегi қолданыстағы заңдары Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар мен конвенциялардың негізгі ережелерiне сәйкес келедi.
      Авторлық құқық саласында Қазақстан Республикасының Авторлық құқық жөнiндегі, орындау мен фонограммалар жөнiндегі ДСМҰ-ның шарттарына, Орындаушылардың, фонограмма жасаушылар мен хабар таратушы ұйымдардың құқықтарын қорғау жөнiндегi халықаралық конвенцияға (1961 жылғы Рим конвенциясы) қосылуы жөнiндегi жұмысты аяқтау қажет.
      Биотехнологиялар саласындағы өнертабыстарды анағұрлым толық қорғауды қамтамасыз ету, дүниежүзiлiк патенттiк қоғамдастықтың интеграциялық процестерiне белсендi қатысу және ұлттық патенттiк заңнаманы үйлестiру үшiн өнеркәсiптiк меншiк құқықтарын қорғау саласында мынадай халықаралық конвенциялар мен шарттарға қосылу қажет:
      1977 жылғы 28 сәуiрдегi "Патент рәсiмiнiң мақсаттары үшiн микроорганизмдердi депозиттеудi халықаралық тану туралы" Будапешт шарты;
      1957 жылғы 15 маусымдағы "Белгiлердi тіркеуге арналған тауарлар мен қызметтердiң халықаралық классификациясы туралы" Ницца келiсiмi;
      1968 жылғы 8 қазандағы "Өнеркәсiптiк үлгiлердiң халықаралық жiктемесiн жасау құру туралы" Локарно келiсiмi;
      1971 жылғы 24 наурыздағы "Халықаралық патент жiктемесi туралы" Страсбург келiсiмi;
      1994 жылғы 27 қазандағы "Тауарлық белгiлер жөнiндегi заңдар туралы" шарт.
      Азаматтық кодексте аталған санаткерлiк меншiктiң қорғалатын барлық объектiлерi бойынша нормативтiк құқықтық базаны қалыптастырудың аяқталуы мақсатында:
      - санаткерлiк меншiктiң ЭЕМ-ге арналған бағдарламалары, фирмалық атаулар мен ашылмаған ақпарат, Интернеттегi құқықтарды қорғау сияқты құқықтық меншiк объектілерiн құқықтық қорғау мәселелерiн;
      - Қазақстан Республикасында жасалатын құпия өнертабыстармен айналысуды реттейтiн заң кесiмдерiн әзiрлеу және қабылдау қажет.
      Бұдан басқа:
      - кинематография шығармаларын пайдаланушылардың қызметiн;
      - атқарушы органдардың санаткерлiк меншiк құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерiндегi қызметiн;
      - тауарлық белгiнiң жалпыға белгiлi болып танылуының өлшемдерi мен тәртiбiн;
      - селекциялық жетiстiктерге патенттер беруге өтiнiмдердi құрастыру, беру және қарау тәртiбiн, сондай-ақ селекциялық жетiстiктердi патенттеу үшiн ақы төлеудiң мөлшерi мен тәртiбiн;
      - санаткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарларды кедендiк шекара арқылы өткiзу үшiн кедендiк бақылау тәртiбiн реттейтiн қажеттi нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеудi және қабылдауды жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн, мемлекеттiк органдардың құзыретiн белгiлеу бөлiгіндегi заңнамалық кесiмдердi одан әрi жетiлдiру талап етiледi.
 
         6.2. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен және
                    шет мемлекеттермен ынтымақтастығы
 
      Осының шеңберiнде өнертабыстарды құқықтық қорғаудың аймақтық жүйесiнiң тұжырымдамасы әзiрленген Өнеркәсiп меншiгiн қорғау мәселелерi жөнiндегi мемлекетаралық кеңеске қатысуы Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығының маңызды саласы болып табылады, мұның өзi, сайып келгенде Қазақстан 1995 жылы бекiткен, Еуразиялық патент U952364_ конвенциясына қол қоюға қол жеткiздi.
      Қазақстан Республикасына ДСМҰ-ның бас директоры Камил Идристiң 2001 жылғы ақпандағы сапары барысында Қазақстан Республикасы Yкiметi мен ДСМҰ арасындағы Ынтымақтастық P010303_ бағдарламасына қол қойылды. Бағдарламаның мақсаты:
      санаткерлiк меншiк саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын басқа елдердiң тәжiрибесiн және үйлесiмнiң халықаралық үрдiстерiн ескере отырып, жетiлдiру;
      санаткерлiк меншiк құқықтарының бұзылуын анықтау, жолын кесу және тыю мақсатында Қазақстан Республикасының санаткерлiк меншiк саласындағы құқық қолдану практикасын жетiлдiру;
      Қазақстан Республикасының аумағында әртүрлi шаруашылық субъектiлерi жүзеге асырып жатқан ғылыми, техникалық және экономикалық қызметтерiн тиiстi салаларында санаткерлiк меншiктiң рөлiн күшейтуге бағытталған бiрлескен iс-шараларды жүргізу болып табылады.
      Аталған Бағдарламада көзделген барлық iс-шаралар кешенiн толық iске асыру қажет.
      ТМД елдерiмен санаткерлiк меншiктi қорғау саласындағы ынтымақтастық белсендi дамуда. 1993 жылы 24 қыркүйекте ТМД мемлекетiнiң басшылары қол қойған "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы ынтымақтастық туралы" келiсiм қолданылуда. Қазақстан Республикасы, соның iшiнде Ресей Федерациясымен, Қырғыз Республикасымен, Өзбекстан Республикасымен, Z990031_ Грузиямен, Z990026_ Әзiрбайжан Республикасымен өнеркәсiптiк меншiктi қорғау мәселелерi жөнiнде бiрқатар екiжақты үкiметаралық келiсiмдер жасады. Авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы ынтымақтастық хақында "Санаткерлiк меншiк саласындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу жөнiндегi ынтымақтастық туралы" Z010201_ , "Жалған тауар белгiлерi мен географиялық көрсеткiштердi пайдаланудың алдын алу және жолын кесу жөнiндегi шаралар туралы" Z010189_ , "Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласындағы мемлекеттік құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы" ТМД елдерiмен жасалған Z010190_ келiсiмдерге қол қойылды және бекiтiлдi.
 
        6.3. Санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласында мамандар
                                   даярлау
 
      Көптеген жағдайда санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау жүйесiнiң тиiмдiлiгi аталған құқықтардың бұзылуына байланысты iстердi соттардың және уәкiлеттi органдардың жылдам және бiлiктi түрде қарауына байланысты болады.
      Бұл ретте, санаткерлiк меншiк саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесудiң құқық қолдану тәжiрибесi практикасы негiзгi мiндет болып табылады.
      Санаткерлiк меншiк құқықтарының бұзылуына байланысты істердi жылдам және бiлiктi түрде қарауын қамтамасыз ету үшiн Әдiлет министрлiгi "Сот сараптамасы орталығы" мемлекеттiк мекемесi сот сарапшыларының санаткерлiк меншiк объектiлерiн заңсыз пайдалану фактiлерiн анықтаумен байланысты сараптама жүргізу үшiн қайта даярлау бiлiктiлiгiн көтеру қажет.
      Санаткерлiк меншiк саласындағы құқық бұзушылықтармен күрестi жетiлдiру мiндетi жаңа формациядағы мамандарды қажетсiнуiн көздейдi. Кадрларды даярлау, оқыту және қайта даярлау да маңызды мiндет болып табылады.
      ЭЕМ-ның, деректер базасының бағдарламаларына құқықтарды қорғауға байланысты, сондай-ақ, Интернеттегi авторлардың және өнеркәсiп меншігі объектiлерiнiң құқықтарын қорғауға байланысты істердi қарау судьялар үшiн таныстығы шамалы сала болып табылады және қорғау объектiлерiнiң ерекшелiгiне қарай белгілi бiр қиындықтар тудырады. Аталған санаттағы iстердiң тиiмдi қаралуы мақсатында санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы қолдану бөлiгiнде жұмыс iстеп жүрген судьялардың бiлiктiлiгiн арттыруды қамтамасыз еткен жөн.
      Санаткерлiк меншiк саласында мамандар даярлау жөнiндегi мiндеттердi шешу үшiн Қазақстан Республикасының ДСМҰ-ға қатысушы ретiндегі артықшылығын, соның iшiнде:
      мемлекеттiк органдар мен коммерциялық ұйымдардың санаткерлiк меншiк саласындағы мамандарды, сондай-ақ оқытушыларды әкiмшiсi ДСМҰ болып табылатын бағдарламалар бойынша оқыту;
      санаткерлiк меншiк саласындағы әртүрлi маманданған орталардың жалпы бiлiм деңгейiн көтеруге арналған теориялық және практикалық семинарлар мен симпозиумдарын бiрлесiп ұйымдастыру;
      оқыту әдiстемелерiн, оқу жоспарларын, бағдарламаларын, жетiлдiру курстарын немесе арнайы мамандану курстарын және қашықтықтағы оқытуды бiрлесiп әзiрлеу артықшылықтарын неғұрлым белсендi түрде пайдалану керек.
 
              6.4. Тұжырымдаманы іске асырудың тетiктерi
 
      Осы тұжырымдама санаткерлiк меншiк құқықтарының алдағы 5-7 жылдағы дамуы мен қорғалуын көздейдi, орындалуы Қазақстан Республикасының атқарушы органдарына жүктелетiн негiзгi бағыттары мен мiндеттерiн айқындайды. Осы мақсаттарды іске асыру үшiн:
      санаткерлiк меншiк саласындағы заңнамалық, нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiнде тұрақты жұмыс жүргiзу;
      санаткерлiк меншiк құқықтарының даму және қорғау перспективаларын ескерiп, тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi Бағдарламалар мен iс-шаралар жоспарын әзiрлеу;
      санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау мәселелерiмен айналысатын мамандарды нысаналы даярлау мен қайта даярлауды жүзеге асыру;
      екiжақты және көпжақты мемлекетаралық және ведомствоаралық шарттардың

 

негізiнде санаткерлiк меншiк саласындағы жұмыс тәжiрибесiн алмасуды

қамтамасыз ету;

     нормативтiк құқықтық құжаттарды қабылдау арқылы санаткерлiк меншiк

құқықтарын қорғауды жүзеге асыруға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк

органдардың бiрлескен жұмысын күшейту;

     бұл ретте халықаралық ұйымдар мен жекелеген инвесторлардың қаржы

қаражаттарын тарта отырып, Тұжырымдаманың жекелеген ережелерiн орындау

үшiн қаржыландыру көздерiн белгiлеу көзделедi.


     Мамандар:

       Багарова Ж.А.,

       Жұманазарова А.Б.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады