Дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын дайындау, өндіру, қайта өңдеу және көтерме сату жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер түрлерiн лицензиялау ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 12 маусым N 636 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2301 Қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2301 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен.

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын дайындау, өндiру, қайта өңдеу және көтерме сату жөнiндегi қызметті, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер түрлерiн лицензиялау ережесi бекiтiлсiн.
      2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 P951894_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
      реттік нөмiрi 11-жолда:
      2-бағандағы "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-бағанның бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Алматы қаласының аумағында жүзеге асырылатын қызметтен басқа, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдары мен препараттарын дайындау, өндiру, қайта өңдеу және көтерме сату, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен көрсетілетiн қызметтер түрлерi".
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                       Қазақстан Республикасы
                                              Үкіметінің
                                     2002 жылғы 12 маусымдағы N 636
                                          қаулысымен бекiтiлген

         Дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау
        құралдары мен препараттарын дайындау, өндіру,
      қайта өңдеу және көтерме сату жөнiндегі қызметтi,
    сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен
         көрсетілетiн қызметтер түрлерiн лицензиялау
                         ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын дайындау, өндiру, қайта өңдеу және көтерме сату жөнiндегi қызмет, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен көрсетiлетін қызметтер түрлерiн лицензиялау ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 Заңына сәйкес әзiрленген әрi заңды және жеке тұлғаларға аталған қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия беру тәртiбi мен шарттарын айқындайды. Z070214
      2. Алматы қаласының аумағында жүзеге асырылатын қызметтен басқа, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын дайындау, өндiру, қайта өңдеу және көтерме сату жөнiндегi қызметті, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер түрлерiн (бұдан әрi - дезинфекциялауға, дезинсекциялауға және дератизациялауға байланысты қызмет) лицензиялауды Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылық жасауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органы (бұдан әрi - Лицензиар) жүргiзедi.
      3. Қазақстан Республикасында заңды және жеке тұлғалардың дезинфекциялауға, дезинсекциялауға, дератизациялауға байланысты қызметi лицензиялауға (бұдан әрi - Лицензиаттар) жатады.
 
                2. Лицензия беру тәртiбi мен шарттары
 
      4. Дезинфекциялауға, дезинсекциялауға және дератизациялауға байланысты қызметке лицензия мерзiмi шектелмей берiледi.
      5. Лицензия қызметтiң мынадай белгiлi бір түріне (түрлерiне) берiледi:
      дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын дайындау, өндiру, қайта өңдеу;
      дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын көтерме сату;
      дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын пайдалануға байланысты жұмыстар мен көрсетілетiн қызметтер.
      6. Дезинфекциялауға, дезинсекциялауға және дератизациялауға байланысты қызметке лицензия алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
      1) белгiленген үлгідегi өтiнiш;
      2) лицензиаттың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар;
      3) аумақтық Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органының рұқсаты;
      4) бюджетке лицензиялық алымды төлегенiн растайтын құжат;
      5) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi (заңды тұлға үшін).
      7. Лицензия беру туралы өтiнiштi қарау мерзiмi Ереженiң 6-тармағында көзделген барлық қажеттi құжатпен бiрге өтiнiш берiлген күннен бастап есептеледi.
      Лицензия барлық қажеттi құжатпен бiрге өтiнiш берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - он күн мерзiмнен кешiктiрмей берiледi.
      8. Жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген жағдайда, ол көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, бiр ай мерзiмде бұл туралы лицензиарға жазбаша хабарлауға мiндеттi.
      Заңды тұлғаның атауы, тұрған орны (егер ол лицензияда көрсетiлген болса) өзгерген жағдайда, ол бiр айдың iшiнде көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi.
      Лицензиат тиiстi жазбаша өтiнiш берген күннен бастап лицензиар он күн iшiнде лицензияны қайта ресiмдейдi.
      Лицензияны қайта ресiмдеу және көрсетiлген құжатты беру кезiнде Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленген тәртiп пен мөлшерде алым төленедi.
      Лицензияны жоғалтып алған ретте лицензиаттың телнұсқаны алуға құқығы бар.
      Лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша лицензиар он күн iшiнде лицензияның телнұсқасын берудi жүргiзедi. Бұл ретте лицензиат қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн алым төлейдi.
 
           3. Дезинфекциялауға, дезинсекциялауға және
     дератизациялауға байланысты қызметтi лицензиялау
          кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары
 
      9. Дезинфекциялауға, дезинсекциялауға және дератизациялауға байланысты қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары мыналардың болуын қамтиды:
      1) меншiк немесе жалдау құқығын растайтын құжатты техникалық жоспарымен қоса ұсына отырып, өрт қауiпсiздiгi талаптарына жауап беретiн санитарлық және құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес келетiн дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын дайындауға, сақтауға және сатуға арналған өндiрiстiк үй-жайлар.
      Дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын дайындауға, өндiруге, қайта өңдеуге арналған өндiрiстiк үй-жайлар (цехтар) басқа объектiлерден (үй-жайлардан) бөлек орналасуы тиiс.
      Өнiмнiң мол көлемiн шығаратын өндiрiс (зауыт) үшiн басқа объектiлерден бөлек орналасқан тұрғын үй емес ғимарат болуы қажет;
      2) арнаулы жабдықтары, техника, аппаратуралар мен құрал-саймандар, мүкәммал, арнаулы киiм, жеке қорғанудың және жеке бас гигиенасының құралдары, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау шикiзатының, құралдары мен препараттарының қауiпсiздiгі мен сапасын қамтамасыз ететiн жағдайларды сақтау;
      3) еңбек және қауiпсiздiк техникасы ережелерi оқытылған қызметшiлер;
      4) жеке тұлғаларда (заңды тұлғалар қызметкерлерiнде) тиiстi бiлiмi (медициналық, биологиялық, химиялық) немесе көрсетiлген қызмет түрлерi үшiн кадрлар даярлаумен айналысу құқығы бар ұйымдарда алынған дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау мәселелерi бойынша арнайы даярлығы;
      5) жеке тұлғалардың (заңды тұлғалар қызметкерлерiнiң) заңнамада белгiленген тәртiппен бiлiктiлiктерiн көтеруден және қайта даярлаудан өтуi туралы құжат;
      6) жеке тұлғалардың (заңды тұлғалар қызметкерлерiнiң) алдын ала және мерзiм-мерзiммен медициналық қаралудан өтуi туралы құжат.

                    4. Лицензия беруден бас тарту

      10. Лицензия берілмейдi, егер:
      1) субъектiлердiң осы санаты үшiн қызметтiң белгiлi бiр түрiн жүзеге асыруға заңнамалық кесiмдермен тыйым салынса;
      2) осы Ереженiң 6-тармағына сәйкес талап етілетiн барлық құжат ұсынылмаса. Өтiнiш берушi көрсетiлген кедергiлердi жойған ретте, өтiнiш жалпы негiзде қаралады;
      3) лицензиялық алым енгiзiлмесе;
      4) өтiнiш беруші осы ережеде белгiленген бiлiктiлiк талаптарына жауап бермесе;
      5) өтiнiш берушiге қатысты оған қызметтiң осы түрiмен айналысуға тыйым салатын сот шешiмi болса. Лицензия беруден бас тартылған ретте, өтiнiш берушiге лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмдерде жазбаша түрде дәлелдi жауап берiледi.
      11. Егер өтiнiш беруші бас тартуды негізсіз деп таныса, онда ол бір ай мерзiмде оған сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.

                5. Лицензияны қайтарып алу және оның
                    қолданылуын тоқтата тұру
      12. Лицензия, егер заңнамалық кесiмдерде өзгеше көзделмесе, мынадай жағдайларда сот тәртiбiмен қайтарып алынуы мүмкiн:
      1) лицензияда қойылған талаптарды лицензиат орындамағанда;
      2) соттың лицензиатқа ол ие лицензия бойынша жүзеге асыратын қызмет түрiмен айналысуына тыйым салғанда;
      3) лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жөнiндегi себептердi лицензиар жоймағанда;
      4) лицензия алу кезiнде лицензиат көрiнеу жалған ақпарат ұсынғанда.
      13. Лицензиар тоқтата тұру себептерiн көрсете отырып, алты айға дейiнгi мерзiмге лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға құқылы. Шағын кәсіпкерлік субъектiсi лицензиясының қолданылуын тоқтата тұруды лицензиардың, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың арызы бойынша сот жүргiзедi.
      14. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептерi жойылғаннан кейiн лицензияның қолданылуы қайта қалпына келтiрiледi.
      15. Лицензияны тоқтата тұру туралы шешімге лицензиат сот тәртібімен шағымдануға құқылы. Соттың лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың заңдылығы туралы шешімі кезінде оның тоқтата тұру мерзімі лицензиардың осындай шешімді қабылдаған сәтінен (күнінен) бастап есептеледі.
      Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады