Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Құрлық әскерлерi қолбасшысының басқармасы" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 14 маусым N 649. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.12. N 1189 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Құрлық әскерлерi қолбасшысының басқармасы" (бұдан әрi - Мекеме) мемлекеттік мекемесi құрылсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгі Мекеменiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi штат санының лимиттi шегінде белгілесін. 
      3. Мекеменi қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн ұстауға көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылатын болып белгіленсiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен: 
      1) Мекеме туралы ереженi бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тіркелуiн қамтамасыз етсiн; 
      2) Мекеменi ұстауға және жарақтандыруға арналған шығыстар сметасын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне ұсынсын;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      5. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 9 наурыздағы N 368  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 15, 142-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
     1-тармақтың 3) тармақшасына (құпия).
     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

      Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі
    

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады