Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Kazakhstan Airlines" ашық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - "Kazakhstan Airlines" ААҚ) тiркеу нөмiрi UN-B6701 Boeing 767-200 ER әуе кемесiн , сондай-ақ 2000 жылғы 20 желтоқсандағы The Boeing Company мен "Kazakhstan Airlines" ААҚ мен Gore Design Completions, Ltd. арасындағы Ұшақты түрлендіру және оның интерьерін аяқтау туралы шартқа сәйкес сатып алынған қосалқы бөлшектерді, жабдықтарды және оларға арнайы аспаптарды (бұдан әрі - қосалқы бөлшектер, жабдықтар және оларға арнайы аспаптар) республикалық меншiкке беру туралы ұсынысына келiсiм берілсiн. <*>
Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.09. N 343 қаулысымен .
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгіленген тәртiппенен:
тiркеу нөмiрi UN-B6701 Boeing 767-200 ER әуе кемесiн, қосалқы бөлшектерді, жабдықтарды және оларға арнайы аспаптарды
республикалық меншiкке қабылдасын; <*>
тiркеу нөмiрi UN-В6701 Boeing 767-200 ER әуе кемесiн, қосалқы бөлшектерді, жабдықтарды және оларға арнайы аспаптарды Қазақстан Республикасының Президентi Іс Басқармасының (келiсiм бойынша) жедел басқаруына берсiн. <*>
Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.09. N 343 қаулысымен .
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі