Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 маусымдағы N 657 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 сәуірдегі N 343 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Kazakhstan Airlines" ашық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 маусымдағы N 657 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақтағы "әуе кемесін" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ 2000 жылғы 20 желтоқсандағы The Boeing Company мен "Kazakhstan Airlines" ААҚ мен Gore Design Completions, Ltd. арасындағы Ұшақты түрлендіру және оның интерьерін аяқтау туралы шартқа сәйкес сатып алынған қосалқы бөлшектерді, жабдықтарды және оларға арнайы аспаптарды (бұдан әрі - қосалқы бөлшектер, жабдықтар және оларға арнайы аспаптар)" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақтың екінші және үшінші абзацтарындағы "әуе кемесін" деген сөздерден кейін ", қосалқы бөлшектерді, жабдықтарды және оларға арнайы аспаптарды" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады