Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Z952200_ Заңына және Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 507 U000507_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 P951894_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулының 1-қосымшасында:
реттiк нөмiрi 2-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiктiң Аэроғарыш комитетi";
реттiк нөмiрi 4-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Атом энергетикасы жөнiндегi комитетi";
реттiк нөмiрi 5-жол мынадай редакцияда жазылсын: "5. Қазақстан Республикасының Электр және жылу энергиясын
Энергетика және минералдық (жиынтық орнатылған жылу қуаты
ресурстар министрлiгi 100 Гкал/сағаттан астам жылу
энергиясы көздерiнен) өндiру, беру
және тарату
өнеркәсiптік жарылу-өртену қаупі
бар және тау-кен өндiрiстерiн,
электр станцияларын, желiлерi мен
кіші станцияларын, гидротехника
құрылыстарын, магистральды
газ-мұнай өнiмдерi құбырларын,
көтергіш құрылыстарын, сондай-ақ
қысым күшiмен жұмыс iстейтін
қазандықтарды, сауыттар мен
өткiзгiш құбырларды пайдалану,
мұнай мен газға арналған бұрғылау
жұмыстары
химия, бұрғылау, мұнай-газ
кәсiпшілігі, геологиялық барлау,
тау-кен - шахта, металлургия,
энергетика жабдықтарын,
жарылудан қорғалған
электротехникалық жабдықтарды,
аппаратура мен бақылау
жүйелерiн, апаттан қорғану, дабыл
мен көтергіш құрылыстарын,
сондай-ақ қысым күшiмен жұмыс
iстейтiн қазандықтарды, сауыттар
мен өткiзгiш құбырларды
жобалау, дайындау, монтаждау
(өндiрiстi пайдалану кезеңiнде)
және жөндеу
электр энергиясын қайта сату
мақсатында сатып алу
тұрғын-үй және коммуналдық-
тұрмыстық объектілердi
газдандыру жөнiндегi өндiрiс және
жөндеу жұмыстары
минералдық шикiзатты қайта
өңдеу
уларды өндiру, қайта өңдеу,
тасымалдау, сатып алу, сақтау,
сату, пайдалану және жою";
реттік нөмірі 7, 8, 9-жолдар алынып тасталсын;
реттік нөмірі 6-жолдағы 3-бағанның екінші абзацы "монтажы" деген
сөзден кейін "(өндірісті пайдалану кезеңіне дейін)" деген сөздермен
толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.