Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 20 маусым N 685. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 553 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2007 N 553 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. "Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды, ақпараттандыру процестерін қалыптастыру мен дамыту және ақпараттық қауіпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 P981384   қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 50, 473-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
     1-тармақта:
     Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту жөнiндегi жұмыстарды және ақпараттық қауіпсiздіктi қамтамасыз етудің негiзгi бағыттары бойынша қызметтi үйлестiру жөнiндегi комиссияның құрамына мыналар енгiзілсін:     

Нағманов                     - Қазақстан Республикасының Көлiк
Қажымұрат Ыбырайұлы            және коммуникациялар министрi,
                               төрағаның орынбасары     

Досаев                       - Қазақстан Республикасы Табиғи
Ерболат Асқарбекұлы            монополияларды реттеу, бәсекелестiктi
                               қорғау және шағын бизнестi
                               қолдау жөнiндегi агенттiгiнiң
                               төрағасы     

Құрманғалиев                 - "Шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi
Серік Шолпанқұлұлы             республикалық ақпараттық-көрме
                               орталығы" жабық акционерлік қоғамының
                               президентi (келiсiм бойынша)     

Құсайынов                    - Қазақстан Республикасының
Әбiлғазы Қалиақпарұлы          Экономика және сауда вице-
                               министрi     

Щельконогов                  - Қазақстан Республикасының
Игорь Рудольфович              Президентi Iс басқармасының Жалпы
                               бөлiмi ақпараттандыру секторының
                               меңгерушiсi (келiсiм бойынша)     

Қашқынов                     - "Ұлттық ақпараттық технологиялар"
Әли-Мырза Рақышұлы             жабық акционерлiк қоғамының
                               президентi (келiсiм бойынша)     

мына:

"Жақыпов                     - Қазақстан Республикасы
Мiрболат Қабиұлы               Президентiнiң Әкiмшiлiгi Жалпы
                               бөлiмiнiң меңгерушiсi"

      деген жолда "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Жалпы бөлiмiнiң меңгерушiсi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң Кеңсесi меңгерушiсiнiң бiрiншi орынбасары (келiсiм бойынша)" деген сөздермен ауыстырылсын; 

     комиссияның көрсетiлген құрамынан Мырзахметов Абылай Исабекұлы, Андрющенко Александр Иванович, Өмiрбаев Әдiлхан Әбдiрахманұлы, Гусак Дмитрий Иосифович шығарылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады