Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды, ақпараттандыру процестерін қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестіру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 553 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2007 N 553 қаулысымен.

      Ескерту.   Қаулының атауы өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.07. N  1870 2001.12.26. N   1697 , қаулының атауы және мәтінінде сөздер алынып тасталды - 2004.07.09. N  751 қаулыларымен.

      Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру, мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалану, деректерді ақпараттық алмасу мен мемлекеттік басқарудың халықаралық стандарттарын енгізу мақсатында, сондай-ақ Үкіметтің 1998 жылғы 29 шілдедегі N 715  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының біртұтас ақпараттық кеңістігінің тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: 
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 1999.12.07. N   1870 ,   2001.12.26. N   1697   қаулыларымен.

     1. Мына құрамда Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестіру жөніндегі комиссия құрылсын: 

Мәсiмов                 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
Кәрiм Қажымқанұлы         орынбасары - Қазақстан Республикасының
                          Экономика және бюджеттiк жоспарлау
                          министрi, төраға

Жұмағалиев              - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
Асқар Қуанышұлы           байланыс агенттiгiнiң төрағасы, төрағаның
                          орынбасары

Смағұлов                 - Қазақстан Республикасы
Қайрат Молдрахманұлы       Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
                           Басшысының орынбасары, төрағаның
                           орынбасары 

Сәрсембаев               - Қазақстан Республикасы Премьер-
Өмiрзақ Нұрғалиұлы         Министрiнiң Кеңсесi Өндiрiстiк сала
                           және инфрақұрылым бөлiмiнiң бас
                           сарапшысы, хатшы    

Исекешев                 - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әсет Өрентайұлы            және сауда вице-министрi 

Баядiлов                 - Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк
Ерғали Мұхаметжанұлы       Кеңесi Хатшылығының мемлекеттiк
                           инспекторы (келiсiм бойынша) 

Поспелов                 - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Николай Николаевич         министрінің орынбасары

Слободянюк               - Қазақстан Республикасының Премьер-
Анатолий                   Министрі Кеңсесінің Бақылау және
Ануфриевич                 құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі
                           меңгерушісінің орынбасары 

Жақыпов Мірболат         - Қазақстан Республикасының Президенті
Хабиұлы                    Жалпы бөлiмiнiң меңгерушiсi (келісім
                           бойынша) 

Лукин                    - Қазақстан Республикасының Парламенті
Михаил Иванович            Шаруашылық басқармасы бастығының
                           орынбасары (келісім бойынша) 

Арнутовский Сергей       - Қазақстан Республикасы Президентінің
Васильевич                 Күзет қызметі департаменті бастығының
                           орынбасары

Щелконогов               - Қазақстан Республикасының Президентi Iс
Игорь Рудольфович          басқармасының бюджеттiк жоспарлау және
                           қаржылық бақылау бөлiмі ақпараттандыру,
                           компьютерлендiру секторының меңгерушiсi
                           (келiсiм бойынша)

Мәжренов                 - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Жомарт Рахымбекұлы         қауiпсiздiк комитетi Қызметiнің
                           директоры (келiсiм бойынша)

Ахметов                  - Қазақстан Республикасы Премьер-
Серiк Баужанұлы            Министрiнің Кеңсесi Мемлекеттiк
                           құпияларды қорғау жөнiндегi бөлiмiнің
                           меңгерушiсi

Есекеев                  - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру
Қуанышбек Бақытбекұлы      және байланыс жөнiндегi агенттiгi
                           төрағасының орынбасары

Кан                      - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Людмила Михайловна         министрлiгi Ақпараттық-техникалық
                           қызмет департаментiнiң бастығы 

Жуат                     - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Мұратхан Жуатұлы           Әкiмшiлігі Мемлекеттiк құпияларды қорғау
                           және ақпараттандыру бөлiмiнiң меңгерушiсi
                           (келiсiм бойынша)

Баймағанбетов            - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Серiк Нұртайұлы            қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
                           қарсы күрес агенттігi (қаржы полициясы)
                           төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша)

Көмекбаев                - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
Әли Амантайұлы             қызмет iстерi aгeнттiгi төрағасының
                           орынбасары (келiсiм бойынша)

Сақалов                  - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
Болат Зиядаұлы             аппараты басшысының орынбасары (келiсiм
                           бойынша)

Кесiкбаев                - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Сұлтанғали Қабденұлы       ортаны қорғау бiрiншi вице-министрi

Амангелдиев              - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Ардақ Амангелдiұлы         сақтау вице-министрi

Әбдiмомынов              - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Азамат Құрманбекұлы        ғылым вице-министрi

Зверьков                 - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Вадим Павлович             министрiнiң орынбасары

Төртаев                  - Қазақстан Республикасы Статистика
Бауыржан Қадырұлы          агенттiгі төрағасының орынбасары

Нефедов                  - Қазақстан Республикасы Табиғи
Алексей Петрович           монополияларды реттеу агенттiгi
                           төрағасының орынбасары

Долженков                - Алматы облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары
Виктор Анатольевич

Савченко                 - Жамбыл облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары
Александр Георгиевич

Әбдiбеков                - Ақтөбе облысы әкiмiнiң орынбасары
Нұрмұхамбет Қанапияұлы

Бочин                    - Павлодар облысы әкiмiнiң орынбасары
Виктор Захарович

Бортник                  - Маңғыстау облысы әкiмiнiң орынбасары
Михаил Михаилович

Ыдырысов                 - Қызылорда облысы әкiмiнiң орынбасары
Құттықожа Ыдырысұлы

Төлебаев                 - Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары
Марат Еркiнұлы

Политкин                 - Ақмола облысының әкiмi аппаратының
Николай Афанасьевич        басшысы

Елемесев                 - Қазақстан Республикасының Қаржы
Асқар Раушанұлы            вице-министрi

Нұғманов                 - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Серiк Пикұлы               вице-министрi

Темiрболатов             - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының
Серiк Ғабдоллаұлы          аппарат басшысы (келiсiм бойынша)

Палымбетов               - Қазақстан Республикасының Экономика және
Болат Абылқасымұлы         бюджеттiк жоспарлау вице-министрi

Ақшолақов                - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Болат Оралұлы              минералдық ресурстар вице-министрi

Бабақұмаров              - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Ержан Жалбақұлы            ақпарат вице-министрi

Үмбетәлиев               - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Мәди Тоқтарұлы             халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi

Әлжанов                  - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi
Батырбек Асылбекұлы        төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша)

Молчанов                 - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi
Сергей Николаевич          Ақпараттық технологиялар департаментiнiң
                           директоры (келiсiм бойынша)

Сейдуманов               - Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары
Серiк Тұрарұлы

Сытдықов                 - Батыс Қазақстан облысы әкiмiнiң 
Әлiбек Бақтыгерейұлы       орынбасары  

Супрун                   - Атырау облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары
Виктор Васильевич

Развин                   - Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң
Сергей Владимирович        орынбасары

Баяндаров                - Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрiншi
Мағзам Тоғжанұлы           орынбасары

Қанаев                   - Қарағанды облысы әкiмiнiң орынбасары
Серiкжан Зиаданұлы

Маханбетәжиев            - "Ұлттық ақпараттық технологиялар"
Батыр Әпенұлы              акционерлiк қоғамының президентi (келiсiм
                           бойынша)           
      Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 1999.03.02. N  187 , 1999.09.14. N  1389 , 1999.09.27. N  1458 , 1999.12.07. N  1870 , 2000.03.29. N  454 , 2001.01.24. N  122 , 2001.04.16. N  498 , 2001.12.26. N  1697 , 2002.02.18. N   227 , 2002.03.05. N   274 , 2002.06.20. N   685 , 2002.10.11. N  1119 , 2003.03.27. N   299 , 2003.07.25. N   748 , 2004.01.30. N  118 , 2004.06.21. N  684 , 2004.07.09. N  751 , 2005.05.19. N  478 ,  2005.11.30. N  1176 , 2006.04.21. N  311 қаулыларымен.

      2. Қоса беріліп отырған Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестіру жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін. 
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.12.26. N  1697 ,  2004.07.09. N  751 қаулысымен.

      3. <*>
       Ескерту. 3-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.04.21. N  311 қаулысымен.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы         
Үкіметінің                
1998 жылғы 31 желтоқсандағы       
N 1384 қаулысымен            
бекітілген                 

  Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын
қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестіру жөніндегі комиссия туралы
ереже 

                        1. Жалпы ережелер 

       Ескерту. Атауына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 1999.12.07. N  1870 , 2001.12.26. N  1697 , мәтiндегi ", ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету", "ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi", ",ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң", "ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету" деген сөздер алынып тасталды - 2004.07.09. N  751 қаулыларымен.

         1. Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру жөнiндегi комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 10 қарашадағы N 1471  Жарлығын іске асыру мақсатында құрылады.
       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.05.19. N  478 қаулысымен.

      2. <*>
      Ескерту. 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.05.19. N  478   қаулысымен.

      3. Комиссия өз қызметінде қолданылып жүрген заңдарды, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

  ІІ. Негізгі міндеттері

      4. Комиссияның негізгі міндеттері:     
      Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" инфрақұрылымын қалыптастыру мен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі ережелерін әзірлеу;
      мемлекеттік қаражат (оның ішінде заемдар) есебінен жүзеге асырылатын, мемлекеттік мекемелерді ақпараттандырудың жоспарлары мен бағдарламалары жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
        мемлекетке, азаматтар мен ұйымдарға "ақпараттық қоғам" жағдайында жұмыс iстеуге мүмкiндiк беретiн нормативтiк құқықтық және әдiснамалық база жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
        мемлекеттiк органдардың электрондық қызметтерiн қалыптастыру және дамыту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;   
      деректердi электрондық беру мен алмасудың қазақстандық стандарттарын, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық индустрияның дамуын ынталандыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      электрондық үкiмет" қызметтерiне қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ету, "ақпараттық теңсiздiктi" жою жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында бiлiм деңгейiн арттыру жөнiнде iс-шаралар әзiрлеу;
      ақпараттық қоғамды қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерді үйлестіру болып табылады.
      "электрондық үкiмет" инфрақұрылымының базалық құрамдас бөлiктерiн қалыптастыру және мемлекеттiк органдардың ақпараттық инфрақұрылымын оңтайландыру жөнiндегi жұмысты үйлестiру;     
      Қазақстан Республикасының Үкiметi үшiн "электрондық үкiмет" қалыптастырудың және "ақпараттық қоғамды" дамытудың проблемалары жөнiнде материалдар мен ұсынымдар дайындау;
      ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тілде жұмыс істеуі процестерін үйлестіру;         
      Комиссия жүктелген міндеттерге сәйкес:
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына "электрондық үкiмет" қалыптастыру, мемлекеттiк мекемелердi ақпараттандыру мен "ақпараттық қоғам" дамыту жөнiнде ұсыныс енгізеді;
      мүдделі мемлекеттік мекемелермен келісім бойынша "ақпараттық қоғамды" қалыптастыру мен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру саласындағы басымдықтарды айқындайды;
      "электрондық үкiмет" қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандырудың процестерін үйлестіреді;
     мемлекеттік мекемелерде "электрондық үкiметтiң" базалық құрамдас бөлiктерiн, сондай-ақ ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер құрудың, енгізудің, алып жүрудің және пайдаланудың процестерін ұйымдастыру жөнінде ұсыныс әзірлейді және енгізеді;
      Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен Қазақстан Республикасын ақпараттандыру мәселелерін шешу кезінде мемлекеттің мүдделерін қорғау жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізеді;
     орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттiк органдар мен Комиссияға енгiзiлген өзге де ұйымдардан өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпаратты сұратады және алады;
      Қазақстан Республикасының Үкiметiне өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдер шығару, оларды өзгерту немесе олардың күшiн жою жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      министрлiктерден, ведомстволардан, кәсiпорындар мен ұйымдардан, ғылыми және зерттеу мекемелерiнен сараптамалар жүргiзу мен консультациялар үшiн келiсiм бойынша тиiстi бейiндегi мамандарды тартады және қажет болған кезде жұмыс топтарын ұйымдастырады;
      "электрондық үкiмет" қалыптастыру мен мемлекеттiк мекемелердi ақпараттандыру жөнiнде жұмыстар жүргiзу үшiн бюджет қаражатын, директивалық кредиттердi және басқа да мемлекеттiк қаржыландыру көздерiн (оның iшiнде қарыздар) пайдалану жөнiнде ұсыныстар енгізедi.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 1999.03.02. N  187 , 1999.12.07. N  1870 , 2001.12.26. N  1697   2003.07.25. N  748 , 2004.01.30. N  118 , 2005.05.19. N  478 қаулыларымен.

             Комиссияның құқықтары <*>

      Ескерту. "Комиссияның құқықтары" бөлімшесі алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.05.19. N  478 қаулысымен. 

                     III. Комиссияның қызметін ұйымдастыру 

      5. Комиссияны төраға басқарады. Комиссияның құрамына, сондай-ақ төрағаның екі орынбасары, хатшы және Комиссияның мүшелері кіреді.  
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 1999.12.07. N  1870 ,   2003.07.25. N  748 , 2005.05.19. N  478 қаулыларымен.

        6. Комиссияның төрағасы Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және осы Ережеде Комиссияға жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуы үшін жеке жауапкершілікте болады.

      7.<*> 
       Ескерту. 7-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 1999.12.07. N  1870 қаулысымен.

         8. Комиссияның жұмыстық мәжілістерінің материалдары Төрағамен келісілгеннен кейін, Комиссияның мәжілісіне дейін кемінде 10 күн бұрын Комиссияның әр мүшесіне жеткізіледі.

      9. Комиссия өзінің мәжілістерін мәжiлiстiң бекiтiлген жоспарына сәйкес және қажеттілігіне қарай өткізеді.
       Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің  2005.05.19. N  478 қаулыларымен.

      10. Комиссияның шешімі Комиссия мүшелерінің жай көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы - шешуші мәнге ие.

      11. Комиссияның шешімі оның мәжілісінің хаттамаларымен ресімделеді. Хаттамаларға Төраға мен хатшы қол қояды.

      12. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiне жүктелсiн.
      Ескерту.   12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.05.19. N  478 қаулыларымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады