Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Грек Республикасының Үкіметi арасында Бiлiм және мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 24 маусым N 691

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Грек Республикасының Үкiметi арасындағы Бiлiм және мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрi Шәмша

 

Көпбайқызы Беркiмбаеваға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан

қағидатты сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат ете

отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Грек Республикасының Үкiметi

арасында Бiлiм және мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм

жасасуға өкілеттiк берiлсiн.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі

         Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Грек Республикасының

             Үкіметi арасындағы Бiлiм және мәдениет саласындағы

                      ынтымақтастық туралы Келiсiм


     Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен

Грек Республикасының Yкіметi

     өзара түсiнiстiк, достық негiзiнде бiлiм және мәдениет саласында екi

ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуды ниет ете отырып,

     мұндай ынтымақтастық жақсы өзара түсiнiстiкке және түрлi

деңгейлердегi қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал ететiндігiне кәмiл

сенiммен,

     төмендегілер туралы келiстi:


                         1-бап


     Тараптар бiлiм саласындағы ынтымақтастықты мынадай нысандарда жүзеге

асыратын болады:

     бiлiм мәселелерi бойынша ақпаратпен алмасу;


 
       оқу материалдарымен және оқыту әдiстемесiмен алмасу, оқу

 

бағдарламаларын дамыту мен жетілдiруге жәрдем көрсету;

     Тараптар мемлекеттерiнiң тiлдерi мен әдебиетiн оқытуға және үйренуге

жәрдем көрсету;

     Тараптар мемлекеттерi келiскен қаржы қаражаттары шегiнде

стипендиялармен алмасу.

                         2-бап


     Тараптар мемлекеттерiнiң оқу және мәдениет орындары мен ұйымдары

арасында бiлiм және мәдениет саласындағы ынтымақтастықты орнықтыру мен

дамытуға Тараптар ықпал ететiн болады.

                         3-бап



 
       Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдарына Тараптар мемлекеттерi

 

ұлттық заңнамасына сәйкес сертификаттарды, аттестаттарды, дипломдарды,

ғылыми дәрежелер мен атақтарды тануына жәрдемдесу мақсатында Тараптар

ақпаратпен және құжаттамамен алмасатын болады.

                         4-бап


     Студенттермен, зерттеушiлермен, ғылыми-педагог қызметкерлермен өзара

алмасу Тараптар мемлекеттерiнiң мүдделi ұйымдары арасындағы шарттарға

сәйкес жүзеге асырылатын болады, оларда Тараптар мемлекеттерiнiң жiберушi

және қабылдаушы бiлiм ұйымдарының құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершілiгi

белгiленедi.

                         5-бап


     Тараптар мәдениеттiң өзара қызығушылық тудыратын салаларында

ынтымақтастықты, атап айтқанда мыналарды көтермелей отырып, дамытатын

болады:

     театр, музыка ұжымдарымен, сондай-ақ жекелеген солистермен алмасу;

     мәдениет пен өнер саласында сарапшылармен алмасу;

     кинематография саласындағы ынтымақтастық, атап айтқанда,

кинофильмдермен алмасу, бiрлескен түсiрiлiмдер;

     Тараптардың бiрi ұйымдастыратын халықаралық фестивальдарға қатысу;

     халық шығармашылығының көркемөнер көрмелерiмен алмасу;

     әдебиет саласындағы ынтымақтастық.

                         6-бап


     Тараптар мемлекеттерiнiң мұражайлары, кiтапханалары мен мұрағаттары

арасындағы ынтымақтастық пен ақпарат алмасуды Тараптар көтермелейтiн

болады.

                         7-бап


     Тараптар мемлекеттерiнiң тиiстi мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдары

жекелеген мамандарының қатысуымен Тараптар мәдени мұраны сақтау мәселелерi

жөнiнде семинарлар мен симпозиумдар ұйымдастыратын болады.

                         8-бап


     Тараптардың бiрi ұйымдастыратын мәдениет мәселелерi жөнiндегi

халықаралық конференцияларға, кездесулер мен конкурстарға Тараптар өз

өкiлдерiнiң қатысуына жәрдем көрсететiн болады.

                         9-бап



 
       Тараптар мәдениет қайраткерлерімен кездесулер өткiзудi және

 

алмасуларды, көркемөнер білімі саласында тәжiрибе және мамандар алмасуды,

сондай-ақ бiрлескен мәдени бағдарламаларды көтермелейтiн болады.

                         10-бап


     Тараптар осы Келiсімді орындау мақсатында Тараптар мемлекеттерiнің

өкiлдерiнен тұратын бiрлескен комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрады.

Комиссия осы Келiсiмдi қолдануға байланысты мәселелердi қарайды,

ынтымақтастықтың егжей-тегжейін, сондай-ақ олардың қаржылық жағдайын

әзiрлейтiн болады.

     Комиссияның мәжiлiсi әрбiр үш жылда кезекпен Астана және Афины

қалаларында өтедi.

                         11-бап



 
       Осы Келiсiм оның күшіне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшілiк рәсiмдердi

 

Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнiнен

бастап күшiне енедi.

     Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалады және егер Тараптардың бiр де

бiрi кезектi бес жылдық мерзiмнің бiтуiне дейiн алты ай бұрын, оның

қолданылуын тоқтатпақ өз ниет туралы екiншi Тарапқа жазбаша хабарлама

жолдамаса, келесi бес жыл мерзiмге ұзартылатын болады.

     Астана қаласында 2002 жылғы "___"____________________ қазақ, грек,

орыс және ағылшын тiлдерiнде әрқайсысы екi түпнұсқа данада жасалды, әрi

барлық мәтiннiң күшi бiрдей. Осы Келiсiм ережелерiн түсiндiруде

келiспеушiлiктер туындаған ретте Тараптар ағылшын тіліндегі мәтiнге

жүгiнетiн болады.

     Қазақстан Республикасының                 Грек Республикасының

          Үкiметi үшін                             Үкiметi үшін           


Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Шарипова М.Е.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады