Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 тамыздағы N 1088 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 28 маусым N 705.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Жеңіл және тамақ өнеркәсібі салаларында импорт алмастырудың 2001-2003 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 тамыздағы N 1088 P011088_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 30, 386-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жеңіл және тамақ өнеркәсібі

 

салаларында импорт алмастырудың 2001-2003 жылдарға арналған

бағдарламасында:

     "Жеңіл және тамақ өнеркәсібі салаларында импорт алмастырудың

2001-2003 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар

жоспары" деген 6-бөлімде:

     "Жеңіл және тамақ өнеркәсібінің салаларында кәсіпкерлерге

өндірістердің жұмыс істеп тұрғандарын қалпына келтіру және жаңасын

ұйымдастыру жөнінде техникалық көмек көрсету" деген 6.3-тарауда:

     реттік нөмірі 6.3.5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

___________________________________________________________________________

"6.3.5  Жеңіл және тамақ        Қазақстан        БҒМ,        2002

        өнеркәсібінің           Республикасының  ЭСМ,        жылғы

        ұйымдары үшін           Үкіметіне        кәсіпкер.     4

        менеджерлерді қайта     ұсыныстар        лердің      тоқсан"

        даярлаудың және                          одақтары

        олардың біліктілігін                     мен

        арттырудың жай-күйін                     қауымдас.

        зерделеу                                 тықтары

                                                 (келісім

                                                 бойынша)    

___________________________________________________________________________

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады