Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Алматыда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Орталығын ашу жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы арасындағы Өзара түсіністік туралы 1998 жылғы 2 желтоқсандағы меморандумға Толықтыру енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Қазақстан
Республикасының Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан көрсетілген Хаттаманы жасассын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 9 шілдедегі
N 744 қаулысымен
мақұлданған
Алматыда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының
Орталығын ашу жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы
арасындағы Өзара түсіністік туралы 1998 жылғы 2 желтоқсандағы
меморандумға Толықтыру енгізу туралы
Хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы 1998 жылғы 2 желтоқсанда Осло қаласында жасалған, Алматыда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Орталығын ашу жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға мынадай толықтыру енгізуге келісті:
1. Меморандумның 6-бабы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Орталық және оның халықаралық мүшелері, сондай-ақ олардың шаруашылығын жүргізуге қатысатын олардың отбасы мүшелері 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгілеген тәртіппен қосылған құнға салықты (ҚҚС) қайтарып алуға құқылы".
2. Осы Хаттама 1998 жылғы 2 желтоқсанда Осло қаласында жасалған, Алматыда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының орталығын ашу жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумның
ажырамас бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасы мемлекетішілік
рәсімдерді орындағаны туралы хабарлаған күнінен бастап күшіне енеді.
2002 жылғы "___"_________ ___________ әрқайсысы қазақ, ағылшын және
орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды және де барлық мәтіндердің
күші бірдей.
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған
жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.
Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және
Үкіметі үшін ынтымақтастық ұйымы үшін