Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Армения Республикасының Yкіметi арасында Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты мен импорты кезiнде жанама салықтар алу қағидаттары туралы келісім жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 11 шілде N 765

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Армения Республикасының Үкiметi арасындағы Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты мен импорты кезiнде жанама салықтар алу қағидаттары туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы - Қазақстан

 

Республикасының Сыртқы iстер министрi Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев оған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан қағидатты сипаты жоқ өзгерiстер

мен толықтырулар енгізуге рұқсат берiле отырып, көрсетiлген Келiсiмдi

жасассын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                                                 Жоба

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Армения Республикасының

      Үкiметi арасындағы Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты мен

          импорты кезiнде жанама салықтар алу қағидаттары туралы

                               КЕЛIСIМ

     Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен

Армения Республикасының Үкiметi


 
       Еркiн сауда аймағын құру туралы 1994 жылғы 15 сәуiрдегі келiсiмнің және Еркiн сауда аймағын құру туралы 1994 жылғы 15 сәуiрдегi келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы 1999 жылғы 2 сәуiрдегi хаттаманың Z990014_ ережелерiн басшылыққа ала отырып,

 

     өзара пайданы экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға және

экономикалық ықпалдастықты тереңдетуге, шаруашылық жүргiзушi субъектілер

үшiн тең мүмкіндіктердi орнатуға әрі адал бәсекелестік үшін жағдайлар

жасауға ұмтыла, халықаралық сауданың жалпы қабылданған ережелерiн бағдарға

ала отырып,

     мына төмендегiлер туралы келiстi:

                                1-бап

                          Жалпы анықтамалар

     Келiсімде қолданылатын терминдер:

     "жанама салықтар" - қосылған құн салығы және акциз (акциз салығы);


 
       "нөлдiк ставка" - нөл пайыз ставка бойынша қосылған құн салығын салу, бұл кеден аумағынан экспорт жүзеге асырылған Тарап мемлекетiнің ұлттық заңнамасына сәйкес қосылған құн салығы сомасын есепке алу немесе бюджеттен өтеу құқығын бередi;
      "экспорт" - қайта әкелу туралы міндеттемесiз бiр Тарап мемлекетiнің кеден аумағынан басқа Тарап мемлекетінің кеден аумағына тауарлар (жұмыстар, қызметтер) әкету;
      "импорт" - қайта әкету туралы мiндеттемесiз бiр Тарап мемлекетiнің кеден аумағына басқа Тарап мемлекетiнің кеден аумағынан тауарлар (жұмыстар, қызметтер) әкелу;
      "жалған экспорт" - Тарап мемлекетiнің кеден аумағынан экспортталған сияқты етіп, бiрақ осы Тараптың кеден аумағынан тыс жерлерге тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) iс жүзiнде әкету жүргiзiлмейтiн тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) жалған құжаттық ресімдеу;
      "жеткiзiлетiн ел" - осы Келiсiмнің бiр Тарапы мемлекетiнің кеден аумағынан бұрын экспортталған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) осы Келiсiмнің басқа Тарапының кеден аумағына импорты жүзеге асырылатын мемлекет;
      "құзыреттi органдар" -
      Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі,
      Армян Тарапынан - Армения Республикасының Қаржы және экономика министрлiгi, Армения Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлігі, Армения Республикасы Үкiметiнің жанындағы Мемлекеттiк кеден комитетi.
 

                                2-бап



 
                 Экспорт кезінде салықтар алу қағидаты
 
      Тараптар бiр Тарап мемлекетiнiң кеден аумағынан басқа Тарап мемлекетiнің кеден аумағына экспортталатын тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес жанама салық салмайды, бұл мынаны білдіреді:
      1) қосылған құн салығын нөлдiк ставка бойынша салу;
      2) акциздерден босату.
 

                                3-бап



 
                  Импорт кезінде салықтар алу қағидаты
 
      Бiр Тарап мемлекетiнің кеден аумағынан экспортталып, басқа Тарап мемлекетiнiң кеден аумағына импортталатын тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) жеткiзiлген елiнде оның ұлттық заңнамасына сәйкес жанама салықтар салынады.
 

                                4-бап



 
       Тауарларды өткiзуге және жанама салықтар төлеуге бақылау жасау
 
      Тауарлар импорты кезiнде осы Келiсімді қолдану және жанама салықтарды жинаудың толықтығын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ жалған экспортты болдырмау үшiн Тараптардың құзыреттi органдары Тараптар мемлекеттерінің кеден шекаралары арқылы тауарларды өткiзуге және жанама салықтар төлеуге бақылау жасау амалын әзiрлейдi және қолданысқа енгiзедi.
 

                                5-бап



 
                     Халықаралық шарттармен ара қатынасы
 
      Осы Келiсiм Тараптар қатысушысы болып табылатын басқа халықаралық шарттардың ережелерiн қозғамайды.
 

                                6-бап



 
                      Даулы мәселелердi шешу тәртiбi
 
      Осы Келiсiмнің ережелерiн түсiндіруге және қолдануға қатысты Тараптар арасындағы барлық даулар мен келiспеушiлiктерді Тараптардың құзыреттi органдары бiрлескен консультациялар мен келiссөздер жүргiзу жолымен шешедi.
 

                                7-бап



 
               Өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртібi
 
      Осы Келiсiмге Тараптардың келiсiмi бойынша осы Келiсiмнің ажырамас бөлiгi болып табылатын хаттамалармен ресімделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілуі мүмкiн.
 

                                8-бап



                         Қорытынды ережелер



 
 
       1. Осы Келiсiм Тараптар оның күшiне енуі үшін қажетті барлық

 

мемлекетiшiлiк рәсімдердің орындалғаны туралы соңғы жазбаша хабарлаған

күнiнен бастап күшiне енедi.

     2. Осы Келiсiм Тараптардың бiрi оның қолданылуын тоқтатпақ өз ниетi

туралы басқа Тарапқа жазбаша хабарлама жiберген күннен бастап алты ай

өткенге дейiн күшiнде қалады.

     2002 жылғы "___" __________ __________ қаласында әрқайсысы қазақ,

армян және орыс тілдерінде екi түпнұсқа данада жасалды.

     Осы Келiсiмнің ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған

жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

     Қазақстан Республикасының                Армения Республикасының

           Үкіметі үшін                             Yкіметi үшiн


     Мамандар:

       Қасымбеков Б.А.

       Жұманазарова А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады