Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жекелеген мемлекеттiк мекемелерiн құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 22 шілде N 812

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мына мемлекеттiк мекемелері құрылсын:
      1) "Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағы";
      2) "Автокөлiк қызметiн көрсету мекемесi".

      2. Құрылатын мемлекеттік мекемелердi қаржыландыру 2002 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк мекемелердiң Ережелерiн бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. <*>
      Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.12.29. N 1443 қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады