Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің жобасы Қазақстан
Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
КЕДЕН КОДЕКСI
Осы Кодекс Қазақстан Республикасындағы кеден iсiнiң құқықтық,
экономикалық және ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды және Қазақстан
Республикасының экономикалық қауiпсiздiгi мен экономикалық егемендiгiн
қорғауға, қазақстандық экономиканың дүниежүзiлiк экономикалық қатынастар
жүйесiндегi байланыстарын жандандыруға және сыртқы экономикалық қызметтi
ырықтандыруға бағытталған.
1. ЖАЛПЫ БӨЛIМ
1 БӨЛIМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-ТАРАУ. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Қазақстан Республикасындағы кеден iсi
Қазақстан Республикасындағы кеден iсi тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзудiң, кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылаудың, кедендiк режимдердi қолданудың, кедендiк төлемдер мен салықтарды алудың, кеден iсi саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргiзудiң мемлекет пен сыртқы экономикалық, және өзге де қызметтi жүзеге асырушы тұлғалардың арасындағы билiктiк қарым-қатынастарға негiзделген Қазақстан Республикасының кеден органдарын кедендiк әкiмшілiктендiруiн және жұмыс iстеуiн қоса алғанда кеден саясатын iске асырудың басқа да құралдарының тәртiбi мен шарттарын құрайды.
2-бап. Кеден iсi саласы
1. Кеден iсi саласы - Қазақстан Республикасының кеден саясатын iске асыру кезiнде кеден iсiн қолдану жөнiнде мемлекеттiк реттеу саласы.
2. Кеден iсi саласын қозғайтын осы Кодекспен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен реттеледi.
3-бап. Қазақстан Республикасының кеден саясаты
1. Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының iшкi және сыртқы саясатының құрамдас бөлiгi болып табылатын бiрыңғай кеден саясаты жүзеге асырылады.
2. Кеден саясаты олардың өкiлеттiктерiнiң шегiнде атқарушы өкiметтiң орталық органдарының қарауына жатады.
3. Қазақстан Республикасы кеден саясатының негiзгi мақсаттары, экономиканы дамытуды ынталандыру және Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қорғау, тиiмдi кедендiк бақылауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiмен белгiленген өзге де мақсаттар болып табылады.
4-бап. Қазақстан Республикасының кеден заңдары
1. Қазақстан Республикасының кеден заңдары осы Кодекстен, осы Кодекске өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлетiн Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiнен, сондай-ақ қабылдау осы Кодекспен көзделген нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
2. Осы Кодекске өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн Қазақстан Республикасының заң актiлерi оларды ресми жариялаған күнiнен бастап кемiнде отыз күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн қолдануға енгiзiледi.
3. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартпен осы Кодексте қамтылғандардан өзгеше ережелер белгiленген болса, көрсетiлген шарттың ережелерi қолданылады.
5-бап. Қазақстан Республикасы кеден заңдарының уақытта қолданылуы
1. Кеден iсi саласында осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден органы кеден декларациясын және құжаттарын тiркеген күнi қолданылған Қазақстан Республикасының кеден заңдары қолданылады.
2. Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы осы Кодекспен белгiленген талаптарды бұза отырып, өткiзу кезiнде:
1) тауарлар мен көлiк құралдары Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы iс жүзiнде өткiзiлген;
2) егер, iс жүзiнде өткiзiлген күнiн анықтау мүмкiн болмаса кеден iсi саласындағы құқық бұзушылық анықталған күнге қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының кеден заңдары қолданылады.
6-бап. Қазақстан Республикасының кеден аумағы мен кеден шекарасы
1. Қазақстан Республикасының кеден аумағын құрғақтағы аумақ, аумақтық және iшкi сулар (теңiз), олардың үстiндегi әуе кеңiстiгi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының теңiздiк тiкелей экономикалық аймағында және Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфiнде орналасқан жасанды аралдарды, қондырғыларды, ғимараттарды және Қазақстан Республикасы кеден iсi саласындағы ерекше құқыққа ие өзге объектiлердi құрайды.
2. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған арнайы экономикалық аймақтың аумағы Қазақстан Республикасы кеден аумағының бөлiгi болып табылады.
3. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына еркiн кеден аймағы кеден режимiмен орналастырылатын тауарлар кедендiк төлемдер мен салықтар алу мақсатында Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары орналасқан ретiнде қаралады.
4. Қазақстан Республикасы кеден аумағының шектерi кедендiк шекара болып табылады. Кедендiк шекара - Қазақстан Республикасының кеден аумағын шектерiн айқындайтын сызық пен осы сызық бойынша өтетiн тiктеме үстi.
5. Кедендiк шекара Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасымен сәйкес және кеден инфрақұрылымы бола алады.
7-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
1) тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзу - тұлғаларға белгiлi бiр кедендiк режимнiң шарттарына сәйкес тауарлар мен көлiк құралдарын пайдалану және (немесе) билiк ету құқығын беру;
2) жүк операциялары - кедендiк бақылаудағы тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау, тиеу, түсiру, қайта тиеу, орамдарының зақымдануын жөндеу, орамдау, қайта орамдау және тасымалдау үшiн қабылдау, мұндай тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу, көрсетiлген тауарлар болуы мүмкiн үй-жайлар мен басқа да орындарды ашу;
3) бой бермейтiн күш әрекетi - Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен көзделген белгiлi әрекеттердi орындауға немесе жасауға кедергi келтiретiн осы жағдайлар кезiндегi төтенше және болдырмау мүмкiн емес оқиға;
4) декларант - тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзушi тұлға не осындай тауарларды өз атынан декларациялайтын, бiлдiретiн және ұсынатын кедендiк делдал;
5) декларациялау - Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн және (немесе) кедендiк бақылаудағы тауарлар мен көлiк құралдары туралы мәлiметтердi мәлiмдеу;
6) шетелдiк тұлға - осы баптың 8) тармақшасында көрсетiлмеген тұлға;
7) шетелдiк тауар - осы баптың 9) тармақшасында көрсетiлмеген тауар;
8) қазақстандық тұлға - Қазақстан Республикасының азаматы; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлға, сондай-ақ оның Қазақстан Республикасында орналасқан жерi бар филиалдары мен өкiлдiктерi;
9) қазақстандық тауар - толықтай Қазақстан Республикасында өндiрiлген; жеткiлiктi қайта өңдеу мөлшерiне сәйкес қайта өңделген; Қазақстан Республикасының аумағында еркiн айналым үшiн босатылған; осы Кодекске сәйкес мемлекеттiң меншiгiне қаратылған тауар;
10) коммерциялық құжаттар - шот-фактуралар, ерекшелiктер, тиеу және орамдау парақтары, сондай-ақ тауарлардың құнын растайтын және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес пайдаланылатын басқа да құжаттар;
11) тұлға - жеке немесе заңды тұлға;
12) тауарларды өткiзушi тұлға: өз атынан не басқа тұлғаның тапсырмасы бойынша сыртқы экономикалық мәмiле жасаушы тұлға; егер, тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу қазақстандық тұлғаның сыртқы экономикалық мәмiлелер жасауынсыз жүзеге асырылатын болса Қазақстан Республикасының аумағында кедендiк бақылаудағы тауарларды пайдалануға және иелiк етуге құқығы бар тұлға; осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес кедендiк бақылаудағы тауарлармен өз атынан заң жүзiнде мәнi бар iс-әрекет жасау үшiн жеткiлiктi ретiнде кiрiсетiн өзге де тұлға;
13) тарифтiк емес реттеу шаралары - квоталауды, лицензиялауды, тауарлардың қауiпсiздiгi бойынша стандарттар мен талаптарға (оның iшiнде техникалық, фармакологиялық, санитарлық, малдәрiгерлiк, фитосанитарлық, экологиялық стандарттар мен өзге де талаптар) сәйкестiгiн мiндеттi растауды Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiмен және Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салулар мен шектеулер;
14) тарифтiк реттеу шаралары - тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу кезiнде Кедендiк тарифтi пайдалану арқылы сыртқы экономикалық және кеден iсi саласындағы өзге де қызметтердi мемлекеттiк реттеудi қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген шаралар;
15) салықтар - қосылған құнға салынатын салық пен тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткізуге байланысты алу Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген акциз;
16) кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеудi қамтамасыз ету - осы Кодексте көзделген мiндеттемелердi орындау мақсатында Қазақстан Республикасының кеден органдары қабылдайтын шаралар;
17) тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу - тауарлар мен көлiк құралдарын халықаралық почта жөнелтiлiмдерiнде салуды, құбыр желiсi көлiгi мен электр беру желiлерiн пайдалануды қоса алғанда кез келген тәсiлмен Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелу немесе Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкету жөнiндегi iс-әрекеттердi жасау;
18) тауарларды алушы - кеден бақылауындағы тауарларды жеткiзушi мiндеттi тауар iлеспе құжаттарында көрсетiлген тұлға;
19) өткiзу пунктi - адамдарды, тауарларды және көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзудi жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе халықаралық шартпен белгiленген автомобиль, темiржол вокзалының, станциялардың, әуежайдың, аэродромның, теңiз, өзен айлағының не өзге де жабдықталған орынның шегiндегi аумақ;
20) мамандандырылған мекемелер - кеден iсi саласындағы мiндеттердi шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi құратын мемлекеттiк мекемелер;
21) кеден декларациясы - декларант мәлiмдеген тауарлар мен көлiк құралдары туралы мәлiметтердi жазбаша және (немесе) электронды түрде растайтын құжат;
22) кедендiк бақылау - Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын, орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кедендiк және өзге де заңдарын сақтау жөнiндегi шаралардың жиынтығы;
23) кедендiк ресiмдеу - тауарлар мен көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлуiне байланысты адамдар мен кеден органдары жасайтын iс-әрекеттер мен рәсiмдердiң жиынтығы;
24) кедендiк операциялар - кедендiк бақылаудағы тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты Қазақстан Республикасының кеден органдары да, тұлғалар да Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жасайтын жекелеген iс-әрекеттер;
25) жөнелтушi кеден органы - тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк бақылаумен тасымалдау басталатын Қазақстан Республикасының кеден органы;
26) нысаналы кеден органы - тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк бақылаумен тасымалдау аяқталатын Қазақстан Республикасының кеден органы;
27) кедендiк рәсiмдер - Қазақстан Республикасының кеден органдары және тұлғалар кеден iсi саласында кедендiк бақылаудағы тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты жасайтын iс-әрекеттердiң жиынтығы;
28) кедендiк режим - Қазақстан Республикасының кеден аумағында не одан тысқары жерлерде тасымалдау, пайдалану мақсаттарына қарай оларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағы арқылы тасымалдау кезiндегi тауарлар мен көлiк құралдарының кеден iсi саласындағы мәртебесiн айқындайтын осы Кодекспен белгiленген нормалардың жиынтығы;
29) кедендiк алып жүру - Қазақстан Республикасының кеден органдары лауазымды адамдарының кедендiк бақылаудағы тауарлар мен көлiк құралдарын алып жүруі;
30) кеден терминалы - Қазақстан Республикасы кеден органының қызмет аймағындағы Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлармен және көлiк құралдарымен кедендiк рәсiмдер жасау үшiн арналған арнайы жайластырылған, техникалық жарақтандырылған және жабдықталған орын;
31) тауар - Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн мүлiк, оның iшiнде ақпараттарды таратушылар, валюталық құндылықтар, энергияның электрлiк, жылулық және өзге де түрлерi, сондай-ақ осы баптың 35) тармақшасында көрсетiлген көлiк құралдарын қоспағанда көлiк құралдары;
32) кедендiк бақылаудағы тауарлар - оларға қатысты кеден органдары Қазақстан Республикасының кеден және өзгеде заңнамасын сақтау, оны сақтау кеден органдарына осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес жүктелген жөнiндегi шаралар жүзеге асырылатын тауарлар;
33) көлiктiк құжаттар - халықаралық автомобиль жүк құжаттамасы, тауарлық-көлiктiк жүк құжаттамасы, темiржол жүк құжаттамасы, жүктiк ведомость, жүктiк түбiртек, әуе жүк құжаттамасы, коносамент, сондай-ақ тұрба өткiзу көлiгiмен тауарларды өткiзу кезiнде және электр беру желiлерi бойынша пайдаланылатын құжаттар және көлiк және халықаралық тасымалдар туралы Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiмен көзделген тасымалдар кезiндегi тауарлар мен көлiк құралдарын сүйемелдейтiн өзге де құжаттар;
34) тауарларға iлеспе құжаттар - Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарына арналған коммерциялық және көлiктiк құжаттар;
35) көлiк құралдары - егер олар көлiк құралдарымен бiрге тасымалданатын және халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыру үшiн қолданылатын болса олардың қарапайым қосалқы бөлiктерiн, құрал-саймандарын және жабдықтарын, олардың әдеттегi бактарында ұсталатын жанар-жағармай материалдары мен отынын қоса алғанда кез келген су, әуе кемесi; автокөлiктiк құралдары (тiркемелердi, жартылай тiркемелердi және құрама көлiк құралдарын қоса алғанда), темiржол жылжымалы құрамының бiрлiгi, оның iшiнде контейнерлер;
36) кеден iсi мәселесi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган - Қазақстан Республикасында кеден iсiне жалпы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
37) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкiлеттiктерге ие мемлекеттiк орган;
38) шартты босату - тауарлар мен көлiк құралдарын шектеумен және оларды пайдалану және билiк ету бойынша шарттармен босату;
39) сыртқы экономикалық қызметке қатысушы - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырушы тұлға;
40) орталық кеден органы - Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн және Қазақстан Республикасының кеден iсiне тiкелей басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
41) электронды құжат - электронды-сандық нысанда және қол қоюшы адамның деректемелерiмен ұсынылған ақпарат;
42) электронды санды қол қою - электронды санды қол қою құралдарымен құрылған және электронды құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлiлiгiн және мазмұнының өзгермегендiгiн растайтын электронды сандық рәмiздердiң жиынтығы;
43) электронды санды қол қою құралдары - электронды санды қол қоюлардың түпнұсқалығын құру және тексеру үшiн пайдаланылатын бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы.
2. Қазақстан Республикасы кеден заңдарының басқа арнайы ұғымдары олар осы Кодекстiң тиiстi баптарында қалай айқындалса, сондай мағынада қолданылады.
3. Осы Кодексте қолданылатын Қазақстан Республикасы заңдарының азаматтық және басқа да салалары ұғымы, егер осы Кодексте өзгедей көзделмесе олар Қазақстан Республикасы заңдарының бұл салаларында қалай пайдаланылса сол мағынада қолданылады.
2-ТАРАУ. ТАУАРЛАР МЕН КӨЛIК ҚҰРАЛДАРЫН ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕНДIК ШЕКАРАСЫ АРҚЫЛЫ ӨТКIЗУДІҢ
НЕГIЗГI ҚАҒИДАТТАРЫ
8-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына
әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге арналған құқық
1. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда барлық тұлғалардың тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тең негiздерде құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiмен тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тиымдар мен шектеулер, Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шаралары белгiленуi мүмкiн.
9-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының
кедендiк шекарасы арқылы өткiзудiң тәртiбi
1. Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасына әкелу кезiнде тауарлар мен көлiк құралдарының өту шарты кедендiк шекарадан iс жүзiнде өтуi және Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен белгiленген iс-әрекеттердi жасауы болып табылады.
2. Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан әкету кезiнде өту шарты кедендiк декларациялар беру немесе тауарлар мен көлiк құралдарын әкетуге бағытталған өзге де iс-әрекеттер болып табылады. Өзге де iс-әрекеттерге:
1) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге жол жүретiн жеке тұлғаның кедендiк бақылау аймағына кiруi (енуi);
2) тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзушi тұлғаның тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан әкету туралы құлақтандыру беруi;
3) автокөлiк құралының Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан шығу мақсатында Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу пунктiне келуi;
4) тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге жөнелту үшiн көлік саласында кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асырушы тұлғаларға не халықаралық почта жөнелтiлiмдерiн почта байланысы ұйымдарына тапсыру жатады.
3. Валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына және осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
10-бап. Кедендiк ресiмдеу
Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдары Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен көзделген тәртiппен және шарттарда кедендiк ресiмдеуге жатады.
11-бап. Кедендік режимдi таңдау және өзгерту
1. Тұлғалардың таңдауы бойынша Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдары осы Кодексте көзделген тәртiпте және шарттармен белгiлi бiр кедендiк режимге орналастырылады.
2. Тауарлар мен көлiк құралдарының кедендiк режимi осы Кодексте көзделген тәртiппен және шарттарда Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарының мақсаты мен пайдалану мақсатына қарай басқа кедендiк режимге өзгертiлуi мүмкiн.
12-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының
кедендiк шекарасы арқылы өткiзу кезiнде тарифтiк және
тарифтiк емес реттеу шараларын сақтау
1. Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу кезiнде декларант Қазақстан Республикасының кеден органдарына сыртқы экономикалық қызметтi тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шараларының сақталғандығын растайтын қуаттар мен мәлiметтердi ұсынуға мiндеттi.
2. Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелуге тиым салынған тауарлар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен өзгедей көзделмесе осындай тауарларды өткiзу күнiнен бастап бiр тәулiк iшiнде Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге әкетуге жатады.
Осы баппен белгiленген мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелуге тиым салынған тауарларды әкетудi жүзеге асырмау кезiнде - мұндай тауарлар Қазақстан Республикасының кеден органдары құрған уақытша сақтау қоймаларына орналастырылады. Әкетуге тиым салынған уақытша сақтау қоймаларындағы сақтаудың шектi мерзiмi үш тәулiктi құрайды. Сақтаудың белгiленген мерзiмiнiң аяқталуы бойынша мұндай тауарлар осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен және шарттарда мемлекет меншiгiне айналдырылады.
3. Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелу шектелген тауарларға осы Кодексте көзделген жағдайларда әкелуге рұқсат етiледi - Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптардың сақталуы шартымен Қазақстан Республикасының кеден органдары босатады.
4. Әкетуге тиым салынған тауарлар Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге әкетiле алмайды.
5. Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелу шектелген тауарларға Қазақстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптардың сақталуы жағдайында әкетуге рұқсат етедi.
13-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын пайдалану және оларға билiк ету
1. Ешкiмнiң де тауарлар мен көлiк құралдарын осы Кодексте көзделген тәртiптен және шарттардан басқадай пайдалануға және билiк етуге құқығы жоқ.
2. Тауарлар мен көлiк құралдары босатылғаннан кейiн оларды пайдалану және билiк ету мәлiмделген кедендiк режимнiң шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
14-бап. Шартты босату
Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн, оларға қатысты кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеу жөнiнде жеңiлдiктер берiлген не осы Кодекспен белгiленген өзге де шарттар мен талаптар орындалмаған тауарлар мен көлiк құралдары белгiленген шектеулер сақталуы және оған байланысты осындай жеңiлдiктер берiлген не осындай босату жүзеге асырылған сол мақсаттарда пайдалану арқылы шартты босатуға жатады.
Шартты босатуда тауарлар мен көлiк құралдары кеден бақылауында болады.
15-бап. Кедендiк бақылау
Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн
тауарлар мен көлiк құралдары кедендiк бақылауға жатады.
Кедендiк бақылауды осы Кодексте белгiленген тәртiппен және нысандарда
Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырады.
2 БӨЛIМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕН ОРГАНДАРЫ
3-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КЕДЕН ОРГАНДАРЫНЫҢ
ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ҚЫЗМЕТI
16-бап. Қазақстан Республикасының кеден органдары
1. Қазақстан Республикасының кеден органдары (бұдан әрi - кеден
органдары) өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасының кеден саясатын
iске асыруға қатысатын және кеден iсiн тiкелей жүзеге асыратын, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiмен көзделген өзге де
өкiлеттiктердi орындайтын мемлекеттiк органдар.
2. Кеден органдарына жалпы басшылықты кеден iсi мәселелерi жөнiндегi
уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады. Кеден органдарына тiкелей
басшылықты орталық кеден органы жүзеге асырады.
17-бап. Кеден органдарының жүйесi
1. Қазақстан Республикасының кеден органдарының жүйесiне:
1) орталық кеден органы;
2) облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша кеден басқармалары
(бұдан әрi - кеден басқармалары);
3) кедендер;
4) кеден бекеттерi;
5) Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасындағы бақылау-өткiзу
пункттерi кiредi.
2. Кеден iсi саласындағы мiндеттердi шешу үшiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының Yкiметiне кеден зертханаларын, кинологиялық, оқу, есептеу орталықтарын және басқа да мамандандырылған мекемелердi құру туралы ұсыныс енгiзуге құқылы.
3. Орталық кеден органы заңды тұлға болып табылады және өз өкiлеттiгiнiң шектерiнде iс-әрекет жасайды. Орталық кеден органы туралы ереженi Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
4. Кеден басқармалары және кедендер заңды тұлғалар болып табылады және Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн ережелердiң негiзiнде iс-әрекет жасайды.
5. Кеден бекетi мен бақылау-өткiзу пункттерi заңды тұлғалар болып табылмайды және орталық кеден органының ұсынымы бойынша кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн ережелер негiзiнде iс-әрекет жасайды.
6. Кеден басқармалары мен кедендердi құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
7. Кеден бекеттерi мен бақылау-өткiзу пункттерiн құру, қайта ұйымдастыру және тарату орталық кеден органының ұсынысы бойынша кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
8. Кеден органдарының штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Кеден органдарының құрылымы мен штат санының лимитi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен штат саны лимиттерiнiң шегiнде кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның ұсынуы бойынша бекiтiледi.
9. Кеден органдары тiктеме бойынша тiкелей жоғары тұрған кеден
органына бағынады.
10. Кеден органдары мен олардың қарауындағы теңiз және өзен
кемелерiнде кеден органдарының таным жалауы мен таным белгiлерi болады.
Кеден органдарының қаруындағы көлiк құралдары мен әуе кемелерiне кеден
органдарының таным белгiлерi қойылады. Кеден органдарының таным жалауы мен
таным белгiсiнiң сипаттамасы мен қолданылуының тәртiбiн кеден iсi
мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтедi.
18-бап. Кеден органдары қызметiнiң қағидаттары
Кеден органдарының қызметi:
1) заңдылық;
2) заң алдындағы қорғалу мен теңдiк құқықтарын қамтамасыз ету, сыртқы
экономикалық қызметке және кеден iсi саласындағы өзге де қызметтерге
қатысушылардың құқықтарын құрметтеу және сақтау;
3) жариялылық;
4) басқа да мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл қағидаттарында
құрылады.
19-бап. Кеден органдарының мiндеттерi
Кеден органдарының мiндеттерi:
1) Қазақстан Республикасының кеден саясатын әзiрлеуге және жүзеге
асыруға қатысу;
2) өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгi мен экономикалық егемендiгiн қамтамасыз ету;
3) орындалуын бақылауды кеден органдары жүзеге асыруға мiндеттi Қазақстан Республикасының кедендiк және өзге де заңдарының сақталуын қамтамасыз ету;
4) тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шараларының сақталуын қамтамасыз ету;
5) тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу кезiнде контрабанда мен кеден iсi саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының, қару-жарақтың, мәдени және тарихи құндылықтардың, Қазақстан Республикасының және шетелдердiң археологиялық игiлiктерiнiң, радиоактивтi заттардың, жануарлар мен өсiмдiктердiң құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң, олардың бөлiктерi мен дериваттарының, санаткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарлардың, басқа да тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы заңсыз айналымының жолын кесу, сондай-ақ халықаралық терроризмге қарсы күресте және Қазақстан Республикасының әуе жайларында халықаралық азаматтық авиацияның қызметiне заңсыз араласудың жолын кесуде жәрдем көрсету;
6) кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылауды жүзеге асыру және жетiлдiру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге ықпал ететiн жағдайлар жасау;
7) өз құзыретiнiң шегiнде валюталық бақылауды жүзеге асыру;
8) Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының кеден iсi саласындағы халықаралық шарттарын әзiрлеуге қатысу, шет мемлекеттердiң кеден және өзге де құзыреттi органдарымен, халықаралық ұйымдармен кеден iсi мәселелерi бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру;
9) бiрыңғай бюджет саясатын iске асыруға, кеден органдарының материалды-техникалық және әлеуметтiк базасын дамытуға қатысу;
10) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де мiндеттердi орындау болып табылады.
20-бап. Кеден органдарының орналасатын жерлерi
1. Кеден органдарының орналасатын жерлерiн жолаушылар және жүк ағымдарының көлемiне, жекелеген аймақтардың сыртқы экономикалық дамуының қарқынына, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың мұқтаждарына сүйене отырып орталық кеден органының ұсынысы бойынша кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайды.
2. Кеден органдары осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда тiкелей кеден органына тиесiлi үй-жайларға иелiк етедi.
3. Кеден органдары осы Кодексте көзделген жағдайларда кедендiк делдал, кедендiк тасымалдаушы ретiнде қызметтi жүзеге асырушы тұлғаларға, уақытша сақтау қоймаларының иелерiне, кедендерге тиесiлi және (немесе) еркiн қоймалардың аумағында және (немесе) үй-жайларында, сондай-ақ кеден терминалдарының, әуежайлардың, айлақтардың, темiржол және автомобиль станцияларының, вокзалдарының және тауарларды экспорттық-импорттық жеткiзудi жүзеге асырушы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың аумағында және (немесе) үй-жайларында орналаса алады.
Мұндай жағдайларда қажеттi аумақтар және (немесе) үй-жайлар кеден органдарына Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен көзделген тәртiппен шарттық негiзде ұсынылады.
4. Кеден органдарына арналған жер учаскелерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес пайдалануға берiледi.
21-бап. Кедендiк рәсiмдердi жүргiзетiн орындар
Тауарлармен және көлiк құралдарымен кедендiк рәсiмдер, осы Кодекспен белгiленген жағдайларды қоспағанда, кедендiк бақылау аймағында жүзеге асырылады.
22-бап. Кеден органдарының жұмыс уақыты
1. Кеден органдарының жұмыс уақытын осы баптың 2 және 3-тармақтарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес орталық кеден органы белгiлейдi.
2. Айлақтардағы, әуежайлардағы, темiржол станцияларындағы және өзге де Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу бекеттерiндегi кеден органдарының жұмыс уақыты, бұл жерлердегi басқа бақылаушы органдар мен қызметтердiң жұмыс уақытымен келiсiлуi тиiс.
3. Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiндегi кеден органдарының жұмыс уақыты мүмкiндiгiне қарай Қазақстан Республикасымен бiрлескен кедендiк шекарасы бар шет мемлекеттер кеден органдарының жұмыс уақытымен сәйкес келуi тиiс.
4. Қажет болған кезде кеден органдарының лауазымды адамдары қызметтiк
мiндеттерiн орындауға белгiленген уақыттан тыс, сондай-ақ түнгi уақытта,
демалыс және мереке күндерi тартылуы мүмкiн, мұндай жағдайларда еңбекақыны
төлеу еңбек туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге
асырылады.
4-ТАРАУ. КЕДЕН ОРГАНДАРЫНЫҢ ӨКIЛЕТТIГІ
23-бап. Кеден органдарының құқықтары
1. Кеден органдары:
1) өз өкiлеттiгiнiң шегiнде осы Кодексте көзделген нормативтiк
құқықтық актiлердi басып шығаруға;
2) мемлекеттiк органдардан және шетелдiк мемлекеттiк органдардан, сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушылардан кеден iсi саласына қатысты қажеттi ақпаратты, құжаттарды, мәлiметтердi сұратуға және алуға;
3) осы Кодексте және лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген өз құзыретiнiң шегiнде лицензиялауды және лицензиаттардың лицензиялық талаптарды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiн бақылауды жүзеге асыруға;
4) өз құзыретiнiң шегiнде кеден iсi саласында анықтауды, кеден iсi саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша iс қозғауға және іс жүргiзудi жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес әкiмшiлiк жазалар қолдануға;
5) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес сотқа талап арызбен жүгінуге;
6) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес кеден iсi саласында құқық бұзушылықтар жасады деп күдiк бiлдiрген, жасаған немесе жасайтын адамдарды ұстауға және кеден органының немесе Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметтік үй-жайына жеткiзуге;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметтiк өкiлеттiктердi жүзеге асырумен байланысты фактiлер мен оқиғаларды құжаттандыруды, бейне және аудиожазба жасауды, киноға және фото суретке түсiрудi жүргiзуге;
8) кеден органдарының ресми өкiлдерiн тиiстi халықаралық уағдаластықтардың негiзiнде шет мемлекеттерге жiберуге;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ақпараттық жүйенi, байланыс жүйелерiмен деректердi беру жүйелерiн, кедендiк бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпараттарды қорғау құралдарын әзiрлеуге, құруға және пайдалануға;
10) қолданыстағы заңдарға сәйкес кеден органдарына жүктелген функцияларды орындау үшiн қару-жарақты, арнайы техникалық және өзге де құралдарды қоса алғанда тауарлар сатып алуға;
11) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен көзделген өзге де өкiлеттіктердi жүзеге асыруға құқылы.
24-бап. Кеден органдарының мiндеттерi
1. Кеден органдары:
1) сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушылардың кеден iсi саласындағы заңды құқықтарын сақтауға және мемлекеттiң мүдделерiн қорғауға;
2) тұлғалардың төмен тұрған кеден органының шешiмiне, кеден органы лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдарын қарауға;
3) өз өкiлеттiгiнiң шегiнде Қазақстан Республикасының сыртқы саудасы мен экономикасын дамытуға жәрдемдесуге, Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге ықпал етуге;
4) тауарлар мен көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өтуiне кедендiк бақылау жасауды жүзеге асыруға;
5) кедендiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде көлiк құралдарының тұрып қалуына жол бермеу үшiн жағдай жасауға;
6) өз өкiлеттiгiнiң шегiнде сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушыларға өздерiнiң құқықтарын іске асыруда жәрдем көрсетуге;
7) кедендiк төлемдер мен салықтардың республикалық бюджетке өндiрiп алынуының толықтығы және аударылуының уақыттылығын қамтамасыз етуге;
8) мемлекеттiк бюджетке белгiленген мерзiмдерде төленбеген кедендiк төлемдер мен салықтардың сомаларын, сондай-ақ олар бойынша өсiмақыларды мәжбүрлеу тәртiбiмен өндiрiп алуға;
9) белгiленген мерзiмдерде кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиялар, шешiмдер, рұқсаттар, бiлiктiлiк аттестаттарын беру туралы шешiм қабылдауға;
10) Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының кедендiк статистикасын және арнайы кедендiк статистикасын жүргiзудi жүзеге асыруға;
11) стратегиялық тауарлардың әкетiлуiн бақылауды жүзеге асыруға;
12) мемлекеттiң меншiгiне қаратылған тауарлар мен көлiк құралдарының сақталуын қамтамасыз етуге;
13) өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасын күзетудi және кедендiк бақылау аймағы режимiнiң сақталуын бақылауды қамтамасыз етуге;
14) кеден органдары қызметiнiң қауiпсiздiгiн, кеден органдарының лауазымды адамдары мен олардың отбасы мүшелерiн құқыққа қарсы әрекеттерден қорғауды қамтамасыз етуге;
15) өз құзыретiнiң шегiнде кеден органдары лауазымды адамдарының тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу жөнiндегi жұмысты жүргiзуге;
16) кеден iсi саласындағы құқық бұзушылықтардың жасалғандығы туралы ақпараттарды жинауды және талдауды жүзеге асыруға;
17) өз құзыретiнiң шегiнде сот актiлерiн, прокурорлардың, сондай-ақ басқа да құқық қорғау органдарының жазбаша тапсырмаларын орындауға, оларға жекелеген iс жүргiзу әрекеттерiн жүргiзуде жәрдем көрсетуге;
18) ұлттық қауiпсiздiк органдарымен өзара iс-қимылда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға;
19) салық қызметi органдарына және басқа да мемлекеттiк органдарға Қазақстан Республикасының салықтық валюталық және өзге де заңдары саласындағы қылмыстарды анықтауда, олардың алдын алуда және жолын кесуде жәрдем көрсетуге;
20) осы Кодекспен көзделген мәлiметтердiң құпиясын сақтауға;
21) осы Кодекспен белгiленген тәртiппен тұрақты негiзде сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушыларды кеден iсi саласындағы, оның iшiнде қазақстан Республикасының кеден заңдарына өзгерiстер мен толықтырулар туралы уақытылы хабардар етуге;
22) кеден iсi саласына келiп түскен сұрау салулар мен ұсыныстарды уақытылы қарауды және жауаптар берудi немесе олардан туындайтын өзге де iс-әрекеттердi жасауды қамтамасыз етуге;
23) тегiн негiзде кеден iсi саласында кеңестер берудi жүзеге асыруды;
24) Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес кедендiк әкiмшiлдендiрудi жүзеге асыруға;
25) осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен көзделген өзге де мiндеттердi атқаруға мiндеттi.
2. Кеден органдары Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес басқа мемлекеттiк органдардың құзыретiне жатқызылған құқық бұзушылықтарды анықтаған кезде кеден органдары Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген мерзiмдерде материалдарды тиiстi мемлекеттiк органдарға беруге мiндетті.
25-бап. Кеден органдарының заңды талаптарын орындаудың мiндеттiлiгi
1. Кеден органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптары оларға қатысты Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес көрсетiлген талаптар қойылатын барлық тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.
2. Кеден органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамау, сондай-ақ кеден органдарының лауазымды адамдарына жүктелген мiндеттердi орындауға кедергi жасайтын басқа да әрекеттер Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен көзделген жауаптылыққа әкеп соқтырады.
26-бап. Кеден органдарына берiлетiн мәлiметтердiң құпиясы
1. Басқа мемлекеттiк органдар, сыртқы экономикалық және кеден iсi саласындағы өзге де қызметтерге қатысушылар кеден органдарына ұсынатын мәлiметтер Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес қана пайдаланылады.
2. Мәлiметтердiң құпиясын:
1) заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер төлейтiн кедендiк төлемдер мен салықтардың сомалары туралы;
2) кеден iсi саласындағы құқық бұзушылықтарды жасайтын тұлғаларды заң бойынша iзiне түсу мақсатында құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасындағы кеден заңнамасын бұзу туралы iстi қарау барысында соттар, сондай-ақ орталық кеден органының және жедел-iздестiру қызметiнiң тиiстi субъектiлерiнiң бiрлескен бұйрығымен айқындалатын тәртiппен олардағы iс материалдары бойынша жедел-iздестiру қызметiнiң субъектiлерi ұсынатын;
3) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердiң кеден немесе құқық қорғау органдары, халықаралық ұйымдары ұсынатын;
4) осы Кодекске сәйкес мемлекеттiк органдардан ұсынылатын;
5) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың тiзiлiмiнде көрсетiлген, ең аз тәуекел санатына жатқызылған;
6) санаткерлiк меншiк объектiлерiн қамтитын тауарлардың тiзiлiмiнде көрсетiлген мәлiметтердi қоспағанда кеден органдары алған кеден iсi саласындағы кез келген ақпарат құрайды.
3. Сыртқы экономикалық және кеден iсi саласындағы өзге де қызметтерге қатысушыға қатысты ақпарат осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда сыртқы экономикалық және кеден iсi саласындағы өзге де қызметтерге қатысушының жазбаша рұқсатынсыз басқа тұлғаға ұсынылмайды.
27-бап. Кеден органдары мен олардың лауазымды адамдарының
жауаптылығы
1. Кеден органдары Қазақстан Республикасының кеден заңдарының
нормаларын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес
жауаптылықта болады.
2. Кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден
органдарының заңсыз шешiмдерiнiң және кеден органдары лауазымды
адамдарының өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiндегi заңсыз
әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) салдарынан тұлғаларға және олардың
мүлкiне келтiрiлген зиянды өтейдi.
3 БӨЛIМ. КЕДЕН ОРГАНДАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРМЕН,
СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КЕДЕН IСI САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕ ДЕ
ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАТЫСУШЫЛАРМЕН ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
5-ТАРАУ. КЕДЕН ОРГАНДАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРМЕН,
СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КЕДЕН IСI САЛАСЫНДА ӨЗГЕ ДЕ
ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАТЫСУШЫЛАРМЕН ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
28-бап. Кеден органдарының мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимылы
1. Кеден органдары өз функцияларын дербес және өзге де мемлекеттiк
органдармен өзара iс-қимылды жүзеге асырады.
2. Кеден органдары тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзуге байланысты iс-әрекеттердi үйлестiрудi және мүмкiндiгiне қарай тауарлар Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге мемлекеттiк органдардың бақылауына жататын жағдайларда оларды бiр уақытта жүргізудi қамтамасыз етедi.
3. Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiмен көзделген жағдайларды қоспағанда кеден органдарының қызметiне араласуға тиым салынады.
4. Кеден органдары мемлекеттiк органдардың бiрлескен актiлерiмен айқындалатын тәртiппен мемлекеттiк органдармен өзара іс қимылды жүзеге асырады.
29-бап. Кеден органдарының сыртқы экономикалық және кеден iсi
саласындағы өзге де қызметтерге қатысушылармен және өзiн өзi
реттеушi ұйымдармен қарым-қатынасы
1. Кеден органдары ынтымақтастық және кеден iсi саласындағы мiндеттердi шешудiң тиiмдi әдiстерiн енгiзу жөнiнде өзара iс-қимыл жасау мақсатында сыртқы экономикалық және кеден iсi саласындағы өзге де қызметтерге қатысушылармен ресми қарым-қатынас орнатады және ұстайды.
2. Кеден органдары осы Кодексте белгiленген өкiлеттiктердiң шегiнде
сыртқы экономикалық және кеден iсi саласындағы өзге де қызметтерге
қатысушылардың құқықтарын қорғау жөнiндегi өзiн-өзi реттеушi ұйымдармен
өзара iс-қимыл жасасады.
30-бап. Кеден органдарының шет мемлекеттердiң кеден және өзге де
органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы
Кеден органдары өздерiнiң функцияларын жүзеге асыруы кезiнде
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттердiң
кеден және өзге де органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтасады.
6-ТАРАУ. КЕДЕН IСI САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ
КЕҢЕС БЕРУ
31-бап. Кеден iсi саласындағы ақпараттандыру
Кеден органдары сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушыларға осы Кодекстiң 32-бабында белгiленген тәртiппен кеден iсi саласындағы ақпаратты ұсынады.
32-бап. Кеден iсi саласындағы ақпараттандырудың тәртiбi
1. Кеден iсi саласындағы ақпараттандыру орталық кеден органының Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен мерзiмдi баспасөз басылымдарында кеден iсi саласындағы ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау жолымен жүзеге асырылады.
2. Кеден iсi саласындағы ақпараттандыру мынадай орындарда:
1) Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде;
2) әуежайларда, темiржол және автомобиль станцияларында, су айлақтарында;
3) халықаралық тасымалдауларды орындайтын автокөлiк құралдарының, әуе және су кемелерiнiң бортында;
4) осы Кодексте айқындалатын кедендiк бақылау аймақтарында, сондай-ақ кеден органдары айқындайтын өзге де жерлерде ауызша хабарландыруларды, ақпараттық стендiлердi, таблоларды, буклеттердi және өзге де баспасөз материалдарын, сондай-ақ бейне, аудио және ақпаратты тарату үшiн қолданылатын, оның iшiнде жалпы қолжетiмдi және тегiн танысуға арналған басқа да техникалық құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
3. Кеден органдары сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушыларға кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы кеден iсi саласындағы қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық актiлер туралы ақпаратқа қолжетімдiлiктi қамтамасыз етедi.
33-бап. Кеден iсi саласындағы кеңес беру
1. Кеден iсi саласындағы кеңес беру кеден органдарының сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушыларға Қазақстан Республикасының кеден заңдарының ережелерiн түсiндiруi болып табылады.
2. Кеден iсi саласында кеңес беру кеден органының орналасқан жерi бойынша және кеден органдарының жұмыс уақыты кезеңiнде жүзеге асырылады.
34-бап. Кеден органдарының кеңес беру тәртiбi
1. Кеден iсi саласында кеңес беру жазбаша нысанда жүргiзiледi.
2. Кеден органдары жазбаша нысанда кеңес берудi сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушылардан жазбаша өтiну алынған кезде, оның iшiнде ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жүргiзедi. Келiп түскен өтiну кеден органдарында мiндеттi тiркеуге жатады. Жазбаша өтiнудi қараудың мерзiмi осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда ол тiркелген күннен бастап он жұмыс күнiн құрайды.
3. Берiлетiн кеңес берудiң дұрыстығы және объективтiлiгi үшiн қосымша
құжаттар мен материалдарды ұсынуды талап ететiн өтiнулерге қатысты,
сондаЙ-ақ кеден органдарының аталған өтiнудi қарау үшiн айтарлықтай мәнi
бар ақпараттарды алу үшiн басқа мемлекеттiк органдарға және өзге де
ұйымдарға үн қатуы қажет болған жағдайда кеңес берудiң мерзiмi жазбаша
өтiну тiркелген күннен бастап отыз күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс.
35-бап. Кеден iсi саласында дұрыс емес ақпарат пен кеңес беру үшiн
жауаптылық
1. Кеден органдары мерзiмдi баспасөз басылымдарының кеден iсi
саласындағы дұрыс емес ақпаратты ресми емес жариялағаны үшiн жауаптылықта
болмайды.
2. Кеден органдарының лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының
заң актiлерiне сәйкес кеден iсi саласындағы ақпараттандыру мен кеңес
берудiң дұрыс еместiгi үшiн жауаптылықта болады.
7-ТАРАУ. СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КЕДЕН IСI
САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ
ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНIНДЕГI ӨЗIН-ӨЗI РЕТТЕУШІ ҰЙЫМ
36-бап. Сыртқы экономикалық және кеден iсi саласындағы өзге де
қызметтерге қатысушылардың құқықтарын қорғау жөнiндегi
өзiн-өзi реттеушi ұйымды құру
1. Сыртқы экономикалық және кеден iсi саласындағы өзге де қызметтерге қатысушылардың құқықтарын қорғау жөнiндегi өзiн-өзi реттеушi ұйымдар (бұдан әрi - кеден iсi саласындағы өзiн өзi реттеушi ұйым) заңды тұлға болып табылады және коммерциялық емес ұйым нысанында сыртқы экономикалық және кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын өзге де қызметтерге қатысушылар құрады.
2. Сыртқы экономикалық және кеден iсi саласындағы өзге де қызметтерге
қатысушылардың құқықтарын қорғау үшiн арналған өзiн өзi реттеушi ұйымды
кеден органдары, егер аумақтық нысандары бойынша не қызметiнiң түрлерi
бойынша бiрiккен кемiнде отыз заңды тұлға оның қатысушылары болып табылса
сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушылардың өкiлеттi өкiлi
ретiнде таниды және қарайды.
3. Кеден iсi саласындағы өзiн өзi реттеушi ұйымды құру, қайта құру
және тарату Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге
асырылады.
37-бап. Кеден iсi саласындағы өзiн-өзi реттеушi ұйымдардың
негiзгi мiндеттерi
Кеден iсi саласындағы өзiн-өзi реттеушi ұйымның негiзгi мiндеттерi:
1) тиiмдi сыртқы экономикалық және кеден iсi саласындағы өзге де
қызметтерге жағдайлар жасауды қамтамасыз етуде жәрдем көрсету;
2) осы Кодексте кеден органы белгiлеген кепiлдiктердi беру;
3) кеден iсi саласындағы өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiне жәрдем
көрсету;
4) өзiнiң сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушылардың
құқықтары мен мүдделерiн бiлдiру және қорғау;
5) қатысушылардың Қазақстан Республикасының кеден заңдарының нормаларын сақтауына бағытталған iс-шараларды жүзеге асыру болып табылады.
38-бап. Кеден iсi саласындағы өзiн-өзi реттеушi ұйымның құқықтары
1. Кеден iсi саласындағы өзiн-өзi реттеушi ұйым мына мәселелер:
1) өз құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн көрсетiлген ұйымдардың өкiлеттi өкiлдерiн тағайындау;
2) ұйым мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғауға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыру;
3) сыртқы экономикалық және кеден iсi саласындағы өзге де қызметтердiң қатысушыларын ең аз тәуекел санатына жатқызылған тұлғалардың тiзiлiмiне енгiзу жөнiнде ұсынымдар ұсыну;
4) кеден iсi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша ұсыныстар ұсыну және қатысу;
5) сауалдың нәтижелерi бойынша кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға ақпараттар ұсына отырып кеден iсi саласындағы өзiн өзi реттейтiн ұйым мүшелерi арасында әлеуметтiк сауалдарды жүзеге асыру;
6) жалпы саны үш өкiлден аспайтын байқаушы ретiнде кеден органдарының лауазымды адамдарын аттестациялау кезiнде әңгiмелесуге қатысуы бойынша сыртқы экономикалық және кеден iсi саласындағы өзге де қызметтерге қатысушылардың мүдделерiн кеден органдарында бiлдiруге құқылы.
2. Кеден iсi саласындағы өзiн-өзi реттеушi ұйым осы Кодекстiң 45-тарауымен көзделген кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеудi қамтамасыз ету жолымен олардың мүшелерiнiң Қазақстан Республикасының кеден заңдарының нормалары мен талаптарын орындауына кепiл ретiнде араласа алады.
39-бап. Кеден iсi саласындағы өзiн-өзi реттеушi ұйымдардың мiндеттерi
Кеден iсi саласындағы өзiн-өзi реттеушi ұйым:
1) өз мүшелерiнiң Қазақстан Республикасының кеден заңдарының нормаларын сақтауына жәрдемдесуге;
2) кеден органдарына кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен және нысанда қажеттi және дұрыс ақпаратты уақтылы ұсынуға;
3) сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушыларға Қазақстан Республикасының кедендiк заңдары туралы ақпараттар берiлуiне жәрдемдесуге;
4) өз мүшелерiнiң ұсыныстарын қарауға және оларды кеден органдарының назарына уақтылы жеткiзуге;
5) кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен орталық кеден органына кеден органдарының лауазымды адамдары жол берген Қазақстан Республикасының кеден заңдарын бұзулар туралы ақпарат ұсынуға;
6) кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен орталық кеден органына өз мүшелерi жол берген Қазақстан Республикасының кеден заңдарын бұзулар туралы ақпарат ұсынуға;
7) кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен кеден органына кеден органдарының кедендер рәсімдерді жүзеге асыру кезiндегі қызметiнiң деңгейi мен сапасы туралы ақпараттар ұсынуға жәрдемдесуге мiндеттi.
40-бап. Кеден iсi саласындағы өзiн-өзi реттеушi ұйымның жауаптылығы
1. Кеден iсi саласындағы өзiн-өзi реттеушi ұйым Қазақстан
Республикасының кеден заңдарының нормаларын және Қазақстан Республикасының
заң актiлерiне сәйкес жарғылық талаптарды бұзғаны үшiн жауаптылықта болады.
2. Кеден iсi саласындағы өзiн-өзi реттеушi ұйымдардың мүшелерiнiң
сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге басқа да қатысушылардың
алдында артықшылығы болмайды.
2. ЕРЕКШЕ БӨЛIМ
4 БӨЛIМ. ТАУАРЛАРДЫҢ ШЫҚҚАН ЕЛI. СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТТIҢ ТАУАР НОМЕНКЛАТУРАСЫ. АЛДЫН-АЛА ШЕШIМ
8-ТАРАУ. ТАУАРЛАРДЫҢ ШЫҚҚАН ЕЛДЕРIН АЙҚЫНДАУ
41-бап. Тауардың шыққан елiн айқындау
1. Тауардың шыққан елi тауарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелудi және тауарды бұл аумақтан әкетудi реттеудiң тарифтi және тарифтiк емес шараларын жүзеге асыру мақсатында айқындалады.
2. Тауар толықтай өндiрiлген немесе осы Кодекстің 43-бабында белгiленген өлшемдерге сәйкес жеткiлiктi мөлшерде қайта өңдеуге ұшыраған ел тауардың шыққан елi болып есептеледi. Бұл ретте, егер тауардың шыққан елiн айқындау мақсаты үшiн оларды бөлiп көрсетудiң қажеттiгi болса тауардың шыққан елi ретiнде елдер тобы, елдердiң кеден одақтары, елдiң аймағы немесе бөлiгi ұғылады.
42-бап. Аталған елде толықтай өндiрiлген тауарлар
Аталған елде толықтай өндiрiлген тауарлар:
1) елдiң жер қойнауынан, оның аумақтық суларында (теңiздерде) немесе оның континентальдық шельфте өндiрiлген пайдалы қазбалар;
2) аталған елде өсiрiлген немесе жиналған өсiмдiк тектес өнiмдер;
3) аталған елде туған және (немесе) өсiрiлген тiрi жануарлар;
4) аталған елде өсiрiлген жануарлардан алынған өнiмдер;
5) аталған елде аңшылық немесе балық аулау кәсiпшiлiгінің нәтижесiнде алынған өнiмдер;
6) аталған елдiң не ол жалға алған (жалдаған) кемемен алынған теңiз балық аулау кәсiпшiлiгi өнiмдерi мен теңiз кәсiпшiлiгiнiң басқа да өнiмдерi;
7) аталған елдiң қайта өңдеу кемесiнiң бортында тiкелей осы баптың 6) тармақшасында көрсетiлген өнiмдерден алынған өнiм;
8) аталған елдiң бұл теңiз табанын немесе бұл теңiз табаны қойнауын өңдеуге арналған ерекше құқығы болуы шартымен бұл елдiң аумақтық теңiзiнен тысқары жерлердегi теңiз табанынан немесе теңiз табаны қойнауынан алынған өнiмдер;
9) өндiрiстiк немесе қайта өңдеу жөнiндегi өзге де операциялардың нәтижесiнде алынған қалдықтар мен металл сынықтары (қайталанған шикiзат), сондай-ақ аталған елде жиналған және тек шикiзатқа қайта өңдеу үшін ғана жарамды пайдалануда болған бұйымдар;
10) аталған елге тиесiлі не ол жалға алған (жалдаған) ғарыш кемелерiнде ашық ғарышта алынған жоғары технология өнiмдерi;
11) аталған елде тiкелей осы баптың 1)-10)-тармақшаларында көрсетiлген өнiмдерден дайындалған тауарлар;
12) аталған елдiң аумағында өндiрiлген электр энергиясы есептеледi.
43-бап. Тауарды жеткiлiктi мөлшерде қайта өңдеудiң өлшемдерi
1. Егер тауарларды өндiруге екi және одан көп елдер қатысқан болса, осы баптың ережелерiне сәйкес жеткiлiктi мөлшерде қайта өңдеудiң өлшемдерiне жауап беретiн тауарларды қайта өңдеу және дайындау жөнiндегi соңғы операциялар жүзеге асырылған ел тауарлардың шыққан елi болып есептеледi.
2. Тауарды аталған мемлекетте жеткiлiктi мөлшерде қайта өңдеудiң өлшемдерi:
1) тауардың Сыртқары экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы бойынша кодының тауарды қайта өңдеудiң нәтижесiнде болған кез келген алғашқы төрт белгiнiң деңгейiнде өзгеруi;
2) тауардың шыққан елi бұл операциялар орын алған ел болып саналуы үшiн жеткiлiктi өндiрiстiк немесе технологиялық операцияларды орындау;
3) бұл ретте пайдаланған материалдардың құнының немесе қосылған құнның проценттiк үлесi түпкiлiктi өнiмнiң бағасында көрсетiлген үлестерге жететiн тауардың құнының өзгерiлгендiгiн бiлдiретiн адвалорлық үлестердiң тәртiбiн пайдалану болып табылады.
3. Осы баптың 2-тармағының 2) және 3)-тармақшаларында көрсетiлген жеткiлiктi мөлшерде қайта өңдеудiң өлшемдерiн нақты тауарларға қатысты Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
4. Егер адвалорлық үлестер ережесi қолданылған жағдайда көрсеткiштердiң құны:
1) импортталған тауарлар үшiн - бұл тауарлардың оларды түпкiлiктi өнiм өндiру жүзеге асырылатын елге әкелу кезiндегi кедендiк құны бойынша немесе, егер импортталған тауарлардың шығу тегi белгiсiз болған жағдайда олардың түпкiлiктi өнiм өндіру жүзеге айырылатын елдің аумағында алғашқы сатылуының құжат жүзiнде расталған бағасы бойынша;
2) түпкiлiктi өнiмдер үшiн - сатушының франко-зауыты (франко-қоймасы) шарттарындағы баға бойынша есептеледi.
5. Тауардың аталған елде жеткiлiктi мөлшерде қайта өңдеудiң өлшемiне:
1) тауарларды сақтау немесе тасымалдау кезiнде олардың сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi операциялар;
2) тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау жөнiндегi операциялар (партияларды бөлшектеу, жөнелтулердi қалыптастыру, сорттау, қайта орамдау);
3) бекiту материалдарының (винттердiң, гайкiлердiң, болттардың және басқаларының) көмегiмен не жапсырғышпен, пiсiрумен, дәнекерлеумен немесе желiмдеу жолымен тауардың компоненттерiн құрастыру ұғылатын қарапайым құрастыру операциялары;
4) егер түпкiлiктi өнiмдердiң сипаттамалары араластырылған тауарлардың сипаттамаларынан ерекшеленбейтiн болса түрлi елдерде шығарылатын тауарларды (компоненттердi) араластыру;
5) мал сою;
6) жоғарыда көрсетiлген операциялардың екi немесе одан көп санының комбинациясы жауап бермейтiн болып есептеледi.
6. Егер тауарлардың жекелеген түрлерiне немесе Қазақстан Республикасы тарифтiк преференциялар бермейтiн қандай да бiр елге қатысты Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнген тауарлардың шыққан елiн айқындаудың ерекшелiктерi өзгеше ескертiлмесе жалпы тәртiп қолданылады: егер тауарларды қайта өңдеу немесе дайындау жөнiндегi операцияларды жүзуге асырудың нәтижесiнде бастапқы кез келген төрт белгiнiң деңгейiнде сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы бойынша жiктеу кодының өзгеруi болса тауар аталған мемлекеттен шыққан болып есептеледi.
44-бап. Бөлшектелген және жиналмаған түрде жеткiзiлетiн тауарлардың
шыққан елiн айқындау
1. Бiрнеше партиялармен берiлетiн бөлшектенген немесе құрастырылмаған түрдегi тауарлардың шыққан елiн айқындау кезiнде, егер өндiрiстiк немесе көлiктiк жағдайлар бойынша оларды бiр партиямен тиеу мүмкiн болмаса, сондай-ақ, егер тауарлардың партиясы қатенiң негiзiнде бiрнеше партияға бөлiнсе бiртұтас тауар ретiнде қаралады.
2. Осы баптың 1-тармағының ережесi мына жағдайлар сақталған кезде қолданылады:
1) мұндай берулердiң себептерiн көрсете және тауарлардың Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы бойынша кодтарын көрсету арқылы әр партияның ерекшелiгiн, әр партияға кiретiн тауарлардың құны мен шыққан елiн ұсына отырып кеден органының бөлшектелген немесе құрастырылмаған түрдегi тауарлар туралы алдын ала құлақтандыруы. Қателiктердiң немесе мекен-жайына дұрыс жолданбаудың нәтижесiнде тауарды бiрнеше партияға бөлшектеген жағдайларда тауарды бөлшектеудiң қателiгiн құжаттық растау қосымша ұсынылады;
2) тауарлардың барлық партияларын бiр елден бiр келiсiм-шарттың шеңберiнде бiр берушiнiң беруi;
3) тауарлардың барлық партияларын бiр кеден органында декларациялау;
4) тауарлардың барлық партияларын Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына кеден органы жүктiк кедендiк декларацияны қабылдаған не тауарлардың алғашқы партиясына қатысты оны беруге арналған мерзiмдер аяқталған күннен бастап алты айдан аспайтын мерзiмде әкелу. Тауарларды алушыға қатысты емес себептер бойынша тауарларды жеткiзу мүмкiн болмаған жағдайда декларанттың дәлелдi өтiнiшi бойынша тауардың қалған партияларын әкелудiң мерзiмiн кеден органы ұзартуы мүмкiн. Бұл ретте, көрсетiлген ұзарту тауардың алғашқы партиясы әкелiнген күннен бастан бiр жылдан аспайды.
45-бап. Тауарлардың шыққан елiн айқындау кезiндегi ерекшелiктер
1. Тауарлардың шыққан елiн айқындау кезiнде оларды өндiру немесе қайта өңдеу үшiн пайдаланылған энергиялар, машиналар, жабдықтар және аспаптар есептелмейдi.
2. Машиналармен, жабдықтармен, аппараттармен немесе көлiк құралдарымен пайдалану үшiн арналған құрал-саймандар, керек-жарақтар, қосалқы бөлшектер және аспаптар, егер құрал-саймандар, керек-жарақтар, қосалқы бөлшектер және аспаптар жоғарыда көрсетiлген машиналармен, жабдықтармен, аппараттармен немесе көлiк құралдарымен бiр жиынтықта және техникалық сипаттағы iлеспе құжатта көрсетiлген мөлшерде әкелiнсе және сатылса сол машиналар, жабдықтар, аппараттар немесе көлiк құралдары шыққан елден шыққан деп есептеледi.
3. Тауар Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн орам, ол Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына сәйкес тауардан бөлек қаралатын жағдайларды қоспағанда сол тауар шыққан елде шыққан болып есептеледi. Бұл жағдайларда орамдар шыққан ел тауар шыққан елден жеке айқындалады.
4. Тауардың шыққан елiн айқындау мақсаты үшiн, оның iшiнде адвалорлық үлестердiң тәртібiн қолдану кезiнде, егер тауар Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнетiн орам сол тауар шыққан елде шыққан болып есептелсе тауар бөлшек саудада сатылатын орам ғана есепке алынады.
46-бап. Тауардың шыққан елiн растау
Тауардың шыққан тегi туралы сертификат не тауардың шыққан тегi туралы декларация тауардың шыққан елiн растау болып табылады.
47-бап. Тауардың шығу тегi туралы сертификат
1. Тауардың шығу тегi туралы сертификат - тауардың шыққан елiн куәландыратын және аталған елдiң немесе, әкетiлген ел сертификат тауардың шыққан елiнен алынған мәлiметтердiң негiзiнде берiлетiн болса әкетiлген елдiң уәкiлеттi органы берген құжат.
2. Тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан әкету кезiнде тауардың шығу тегi туралы сертификатты, егер көрсетiлген сертификат келiсiм-шарттың талаптары бойынша, тауарды әкелген елдiң ұлттық ережелерi бойынша қажет болса немесе көрсетiлген сертификаттың болуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген болса уәкiлеттi орган бередi.
Тауардың шығу тегiн растайтын құжат берген органдар оның көшiрмесiн және оның негiзiнде тауарлардың шығу тегi куәландырылған өзге де құжаттарды тауарлардың шығу тегін растайтын құжатты берген күннен бастап кемiнде үш жыл сақтауға мiндеттi.
3. Егер, тауардың шығу тегi туралы сертификаттар шыққан елi туралы мәлiмет Қазақстан Республикасында қолданылатындардан өзгеше өлшемдерге негiзделген болса тауардың шыққан елi осы Кодекстiң 43-бабында көзделген өлшемдерге сәйкес айқындалады.
48-бап. Тауардың шығу тегi туралы декларация
1. Тауардың шығу тегi туралы декларация тауарды дайындаушы немесе сатушы өткiзушi тауарға қатысты тауарға iлеспе құжатта жасалған тауардың шыққан елi туралы өтiнiштi бiлдiредi.
2. Егер, тауардың шығу тегi туралы декларацияда шыққан елi туралы мәлiмет Қазақстан Республикасында қолданылатындардан өзгеше өлшемдерге негiзделген болса, тауардың шыққан елi осы Кодекстiң 43-бабында көрсетiлген өлшемдерге сәйкес айқындалады.
49-бап. Тауардың шығу тегiнiң сертификатын берудiң шарты
1. Тауарды Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасына әкелу кезiнде тауардың шығу тегi туралы сертификат мынадай жағдайларда, егер:
1) аталған тауардың шыққан елiне Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес тарифтiк преференциялар берсе;
2) Қазақстан Республикасының кеден органында тауар оларды әкелу тарифтiк емес реттеу шараларымен реттелетiн елдерде шығарылған деп ұйғаруға негiздеме болса;
3) Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарымен көзделген болса ұсынылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдайларда тауардың шығу тегiнiң сертификаты Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарымен көзделген белгiлi нысан бойынша ұсынылады.
3. Осы баптың 1-тармағының 1)-тармақшасының ережелерiне қарамастан, егер:
1) Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнетiн тауарлар таңдап алынған кедендiк режимнiң шарттарына сәйкес кедендiк баждар мен салықтар төлеуден босатылса;
2) тауарлардың әкелiнетiн партиясының кедендiк құны бiр келiсiм-шарттың шеңберiндегi көп жолғы жеткiзулердi, сондай-ақ сол бiр тауарды бiр жөнелтушi сол бiр алушының атына түрлi келiсiм-шарттар бойынша қайталап жеткiзулердi қоспағанда 900 айлық есептi көрсеткiшке баламды сомадан аспайтын болса;
3) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормалар мен шарттар сақталады;
4) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттармен көзделген тауардың шығу тегi туралы сертификатты ұсыну талап етiлмейдi.
4. Тауардың шығу тегі сертификатының түпнұсқасы тауарды кедендiк ресiмдеу алдын ала, уақытша және толық емес декларациялау рәсiмi бойынша жүргiзiлетiн жағдайларды қоспағанда кеден декларациясымен және кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыру үшiн қажеттi басқа да құжаттармен бiр уақытта ұсынылады. Сертификат жоғалған жағдайда оның сертификаттың түпнұсқасын берген орган ресми түрде растаған көшiрмесi қабылданады.
5. Тауарлардың шығу тегiн сертификатта көрсетiлген мәлiметтердi тауардың iлеспе құжаттарында қамтылған мәлiметтермен салыстырғаннан кейiн кеден органдары белгiлейдi. Тауардың iс-жүзiнде берiлген саны мен сертификатта көрсетiлген санының арасындағы алшақтық үлкен де кiшi де жағына бес проценттен аспауы тиiс. Өзге жағдайларда шығу тегi сертификаты қате ресiмделген болып есептеледi.
6. Сертификаттың немесе онда қамтылған мәлiметтердiң түпнұсқалығына қатысты күмән пайда болған жағдайларда кеден органы сертификаттарды қарапайым iрiктеп тексерумен байланысты өтiнiмдi қоса алғанда қосымша не нақтылаушы мәлiметтердi хабарлауды дәлелдi өтiнумен сертификатты, тауардың шыққан елiн куәландырған уәкiлеттi органға хабарласа алады. Бұл ретте, оның шығу тегiн растайтын құжаттар ұсынылғанға дейiн тауар аталған елде шығарылған болып есептелмейдi.
7. Кеден органдарының тауарлардың шығу тегi сертификаттарын қабылдауына жағдай кеден органдарында бланктердiң үлгiлерiнiң, мөрлердiң таңбасының, тұлғалардың қолдарының, сондай-ақ тауарлардың шығу тегi сертификаттарын растауға және беруге уәкiлеттi ұйымдардың мекен-жайларының болуы болып табылады. Аталған мәлiметтердi кеден органдарына оларды әкелiнетiн тауар шыққан елдiң уәкiлеттi органдарының ресми түрде алынғаннан кейiн орталық кеден органы бередi.
8. Егер, тауардың шығу тегi сертификатын ұсыну талап етiлмесе, онда тауардың шыққан елi тауардың шығу тегi туралы декларациямен расталады.
50-бап. Тауардың шығу тегi себептерi бойынша тауарды босатудан бас
тарту үшін негіздеме
1. Кеден органы, егер тауардың шыққан елi Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес тауарлары Қазақстан Республикасына әкелуге жатпайтын ел болып танылған жағдайда тауарларды босатудан бас тартады. Кеден органының аталған бастартуы декларантқа жазбаша нысанда ұсынылады.
2. Қате ресiмделген тауардың шығу тегiнiң сертификатын немесе тауардың шығу тегi туралы декларацияны ұсыну осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда оларды босатудан бастарту үшiн негiздеме болып табылмайды.
3. Егер, тауардың шыққан елi анық расталмаған жағдайларда мұндай тауарларға қатысты екi есе көбейтiлген кеден баждарының ставкiлерi қолданылады.
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген тауарларға қатысты кеден органының кеден декларациясы қабылдаған күннен бастап бiр жыл аяқталғанға дейiн аталған тауарлардың шыққан елiн растауды алуы шартымен преференциялдық режим қолданылады (қалпына келтiрiледi).
51-бап. Тауарлардың шыққан елiн айқындауға қатысты қосымша ережелер
1. Қазақстан Республикасының тарифтiк преференциялары "тiкелей тиеу" тәртiбiнiң сақталуы шартымен ұсынылады. Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттармен белгiленген жағдайда қатысушы елдер үшiн тарифтiк преференциялар ұсынудың шарты ретiнде "тiкелей сатып алулар" тәртiбiн орындау қажет.
2. "Тiкелей тиеу" ретiнде аталған тауарлар транзит елдерiнде, оның iшiнде бұл елдердiң аумағында оларды уақытша қоймаға қойылуы немесе кедендiк қоймада болуы кезiнде кедендiк бақылауда болуы шартымен экономикалық, географиялық, техникалық немесе көлiктiк себептердiң салдарынан тауарлар бiр немесе бiрнеше мемлекеттердiң аумағы арқылы өткен жағдайларды қоспағанда тауарды өзге мемлекеттiң аумағы арқылы тасымалдамастан тауарды ол шыққан елден Қазақстан Республикасына жеткiзу ұғылады.
3. "Тiкелей тиеу" тәртiптерiне мынадай шарттардың орындалуы:
1) тауарлар олар шыққан елдiң аумағынан көрмелер немесе жәрмеңкелер өткiзiлетiн елдiң аумағына жеткiзiлуi және оларды өткiзу кезiнде кедендiк бақылауда қалуы;
2) тауарлар оларды көрмеге немесе жәрмеңкеге жөнелткен сәттен бастап көрсетуден басқа қандай да болмасын өзге мақсаттарға пайдаланылмауы;
3) тауарлардың Қазақстан Республикасына табиғи тозудың немесе тасымалдаудың (алып жүрудiң) және сақтаудың қалыпты жағдайларындағы кемуiнiң салдарынан тауарлардың жағдайының өзгеруi есептелместен олар көрмеге немесе жәрмеңкеге қойылған жағдайда жеткiзiлуi жағдайында көрмелерде немесе жәрмеңкелерде сатып алынған тауарлар да жатады.
4. "Тiкелей сатып алу" тәртiбiне қазақстандық тұлға мен Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шартқа қатысушы елдiң резидентiнiң арасындағы шарттың негiзiнде тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы тасымалдануы жатады.
9-ТАРАУ. СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТIҢ ТАУАР
НОМЕНКЛАТУРАСЫ
52-бап. Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы
1. Өзiне сандық белгi немесе сандық белгiлердiң тобы (жiктеу кодтары) түрiнде тауар топтарын, позицияларын, iшкi позицияларды, кiшi iшкi позицияларды қамтитын тауарларды жiктеушi. Жiктеудiң кез келген деңгейiндегi позицияларға ескертпелер, сондай-ақ Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасын интерпретациялаудың негiзгi ережелерi Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасының ажырамас бөлiгi болып табылады.
2. Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы тарифтiк және тарифтiк емес реттеу, Қазақстан Республикасының кедендiк есебiн жүргiзу үшiн қолданылады.
3. Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасын Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
4. Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасының негiзiн Тауарларды сипаттаудың және кодтаудың үйлестiрiлген жүйесi және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Бiрыңғай сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы құрайды.
53-бап. Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасын
жүргiзудiң негiздерi
Қазақстан Республикасының орталық кеден органы Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасын жүргiзудi жүзеге асырады, атап айтқанда:
1) халықаралық ұйымдарда халықаралық негiздердi әзiрлеу, өзгерту, толықтыру, түсiндiру және қолдану бөлiгiнде Қазақстан тарапын бiлдiредi;
2) Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасының халықаралық негіздерiнiң өзгерулерi мен толықтыруларын, бұл негiздердi халықаралық түсiнiктеулердi ұғындыруларды және түсiндiру жөнiндегi шешiмдердi қадағалауды қамтамасыз етедi;
3) Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасын оның халықаралық негiзiне сәйкес келтiруi жөнiндегi Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзедi;
4) мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасын әзiрлеу, өзгерту және толықтыру туралы ұсыныстар дайындауды қамтамасыз етедi;
5) Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасының эталондық данасын әзірлейдi және өзектiлендiрiлген жағдайда ұстап тұрады;
6) Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасын жариялауды қамтамасыз етедi;
7) жекелеген тауарларды жiктеу жөнiндегi орындау үшiн мiндеттi шешiмдердi әзірлейдi, бекiтедi және жариялауды қамтамасыз етедi;
8) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын жүргiзу үшiн қажеттi өзге де функцияларды жүзеге асырады.
54-бап. Тауарларды жiктеу
1. Тауарлар оларды декларациялау кезiнде жiктеуге жатады, яғни тауарларға қатысты Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы бойынша жiктеу коды (жiктеу кодтары) айқындалады.
2. Тауарларды декларациялау кезiнде декларант олардың жiктеу кодын
қате көрсеткен жағдайда кеден органы аталған тауарды өз бетiнше жiктеуге
құқылы.
3. Кеден органдарының тауарларды жiктеу жөнiндегi шешiмi мiндеттi
болып табылады.
4. Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына сәйкес
тауарлар кодын және тауар iлеспе құжаттарында, сондай-ақ қорытындыларда,
анықтамаларда, сараптама ұйымдары беретiн сараптау актiлерiнде
көрсетiлетiн мәлiметтердi кеден органдары тауарларды жiктеу кезiнде
көмекшi (ақпараттық) сипаттағы ретiнде қарастырады.
5. Тұлғаның сұрау салуы бойынша кеден органы осы бөлiмге сәйкес
тауардың жiктемесi бойынша алдын ала шешiм қабылдайды.
10-ТАРАУ. АЛДЫН-АЛА ШЕШIМ
55-бап. Алдын ала шешiм қабылдау
1. Кеден бекеттерi мен бақылау өткiзу пункттерiн қоспағанда кеден органдары тұлғаның (өтiнiш берушiнiң) өтiнiшi бойынша нақты тауарға қатысты Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың жiктемесiне қатысты алдын ала шешiм қабылдайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген кеден органдары осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес тауардың шыққан елiн және кедендiк құнын айқындаудың методологиясын қолдану жөнiнде алдын ала шешiм қабылдауға құқылы. Көрсетiлген мәселелер бойынша алдын ала шешiм қабылдау туралы сұраумен өтiнiм жасаудың тәртiбi мен нысаны осы тарауда белгiленген тәртiптi қолдана отырып орталық кеден органы айқындайды.
3. Алдын ала шешiмдi қабылдау үшiн осы Кодекстiң 321-бабына сәйкес белгiленген кеден алымы өндiрiп алынады.
56-бап. Алдын-ала шешiм қабылдау туралы өтiнiш
1. Өтiнiш берушi Қазақстан Республикасының кеден органына жазбаша нысанда жазылған осы Кодекстiң 55-бабында көрсетiлген өтiнiштi жолдайды.
2. Өтiнiш тауар туралы алдын ала шешiм қабылдау үшiн қажеттi мәлiметтердi қамтуы тиiс. Өтiнiш берумен бiр уақытта тауарлардың сипаттамасы, олардың фото суреттерi, сызбалары, коммерциялық, техникалық не алдын ала шешiм қабылдау үшiн қажеттi өзге де құжаттар ұсынылады. Мүмкiн болған жағдайда алдын ала шешiм қабылданатын тауардың сынамалары мен үлгiлерi де ұсынылады.
3. Өтiнiштi кеден органы қарайды және алдын ала шешiм, егер өзге де ақпараттар не сараптама жүргiзу талап етiлмесе өтiнiштi тiркеу күнiнен бастап он жұмыс күнiнiң iшiнде берiледi.
4. Егер, өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтер алдын ала шешiм қабылдау үшiн жеткiлiксiз болса кеден органы тұлғаны оларды ұсыну үшiн мерзiм белгiлеу арқылы дәлелдеме ұсынудың қажеттiгi туралы құлақтандырады. Егер, дәлелдеме белгiленген мерзiмде ұсынылмаса алдын ала шешiм қабылдау туралы өтiнiш қабыл алынбайды.
Дәлелдеме ұсынудың жалпы мерзiмi өтiнiш берушiнi жазбаша құлақтандырған сәттен бастап бiр айдан аспауы тиiс.
5. Алдын ала шешiм қабылдауы туралы өтiнiш қабыл алынбаған жағдайда
кеден органы жетi жұмыс күнiнiң iшiнде өтiнiш берушiге жазбаша дәлелдi
бастарту ұсынуға мiндеттi.
Өтiнiштi қабыл алмау, өтiнiш берушiнiң өтiнiштi қабыл алмауы үшiн
негiз болған себептердi жоюы шартымен алдын ала шешiм қабылдау туралы
қайталап жүгінуiне кедергi болмайды.
6. Кеден органдарының алдын ала шешiм қабылдауына не оны
қабылдамауына осы Кодексте белгiленген тәртiппен шағым жасауы мүмкiн.
57-бап. Алдын-ала шешiмнiң қолданылу мерзiмi
Кеден органдарының алдын ала шешiмi ол қабылдаған сәттен бастап үш
жыл бойы қолданылады.
58-бап. Алдын ала шешiмдi тоқтату немесе өзгерту
1. Қазақстан Республикасы орталық кеден органы өзi не кеден басқармасы және кеден қабылдаған алдын ала шешiмдi тоқтата немесе өзгерте алады.
2. Алдын ала шешiмдi тоқтату, егер мұндай шешiм өтiнiш берушi ұсынған толық емес немесе дұрыс емес ақпараттың негiзiнде қабылданған болса, егер толық және дұрыс ақпарат ұсыну кезiнде басқа алдын ала шешiм қабылданған болса жүргiзiледi.
Тоқтату алдын ала шешiм қабылданған күннен бастап күшiне енедi.
3. Алдын ала шешiмдi өзгерту мынадай:
1) Дүниежүзiлiк кеден ұйымы Қазақстан Республикасында қолдану үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдаған;
2) нәтижесiнде алдын ала шешiм бұл шарттардың нормаларына қайшы келетiн Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттар жасалған;
3) Қазақстан Республикасының кеден заңдары алдын ала шешiм қабылдау бөлiгiнде өзгерген;
4) алдын ала шешiм қабылдау кезiнде жол берiлген заң бұзушылықтар анықталған жағдайларда жүргiзiледi.
4. Алдын ала шешiмдi өзгерту тұлғаларды өзгерту туралы қабылданған шешiм туралы құлақтандырғаннан кейiн ғана күшiне енедi.
Нәтижесiнде алдын ала шешiм қолданылып жүрген кеден заңдарына қайшы келетiн Қазақстан Республикасының кеден заңдары өзгерген жағдайда Қазақстан Республикасы кеден органдарының шешiмi Қазақстан Республикасының кеден iсi саласындағы нормативтiк құқықтық актiсi қолдануға енгiзiлген сәттен бастап күшiн жойған болып танылады.
5. Алдын ала шешiмдi алушыға жоғарыда көрсетiлген жағдайларда тоқтатудың немесе өзгертудiң себептерi көрсетiлетiн жазбаша құлақтандыру жалданады.
6. Алдын ала шешiмдi тоқтату немесе өзгерту кезiнде алдын ала шешiм қабылдау үшiн алымдар мұндай тоқтату немесе өзгерту кеден органы жол берген қатеге байланысты болған жағдайларды қоспағанда қайтаруға жатпайды.
59-бап. Алдын-ала шешiмнiң жариялылығы
Кеден органдары қабылдаған алдын ала шешiм құпия болып табылатын ақпараттарды қоспағанда жариялануы және жазбаша сұрату бойынша кез-келген тұлғаға ұсынылуы мүмкiн.
60-бап. Тауарды кедендiк ресiмдеу кезiнде алдын-ала шешiм ұсыну
1. Осы Кодекстiң 55-бабында көрсетiлген, кеден органдары қабылдаған алдын-ала шешiм кеден органдары үшiн мiндеттi болып табылады.
2. Алдын ала шешiм кеден органына кеден декларациясымен бiр уақытта ұсынылады.
3. Кедендiк ресiмдеу және кедендiк бақылау мақсаттары үшiн алдын ала шешiмнiң түпнұсқасы не осы Кодекстiң 55-бабында көрсетiлген, осындай шешiмдi берген кеден органы растаған көшiрмесi пайдаланылады.
4. Партиялармен түрлi уақыттарда және (немесе) түрлi кеден органдарына жүзеге асырылатын сол бiр тауарды жеткiзу жағдайында тауарды жiктеу жөнiндегi алдын ала шешiмдi тауардың алғашқы партиясын кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыратын кеден органы қабылдайды, бұл ретте бiрегей тауардың одан кейiнгi партияларын ресiмдеу үшiн алдын ала шешiмнiң мұндай шешiмдi қабылдаған кеден органы растаған көшiрмелерiн пайдалануға жол берiледi.
5-БӨЛIМ. ТАУАРЛАР МЕН КӨЛIК ҚҰРАЛДАРЫН ӨТКIЗУГЕ
БАЙЛАНЫСТЫ АЛДЫН-АЛА ОПЕРАЦИЯЛАР МЕН КЕДЕНДIК ОПЕРАЦИЯЛАР
10-ТАРАУ. ТАУАРЛАР МЕН КӨЛIК ҚҰРАЛДАРЫН ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕНДIК ШЕКАРАСЫ АРҚЫЛЫ ӨТКIЗУ
61-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының
кедендiк шекарасына өткiзу кезiнде алдын-ала операцияларды
жүзеге асырудың тәртiбi
1. Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасына өткiзу кезiнде алдын ала операциялар мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
1) Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан өту;
2) Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасын өтуi туралы кеден органдарын құлақтандыру;
3) Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу пунктiнде алдын ала кедендiк ресiмдеу;
4) тауарларды, көлiк құралдарын және оларға арналған құжаттарды баратын кеден органына жеткiзу;
5) тауарлар мен көлiк құралдарын жеткiзгендiгi туралы баратын кеден органын құлақтандыру;
6) тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтау.
2. Осы тараудың ережесi құбыр желiсi көлiгiн пайдалану арқылы және электр беру желiлерi бойынша тасымалданатын тауарларға қолданылмайды.
62-бап. Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан өту
1. Тауарлар мен көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына iс жүзiнде өтуi тауарлар мен көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан өтуi болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан өту тауарды тасымалдаушы тұлғаның тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзу пунктінде орналасқан кеден органына қысқа мерзiмде тауарларды, көлiк құралдарын және олардың құжаттарын жеткiзу мiндетiне әкеп соғады.
63-бап. Өткiзу пунктiн айқындау
1. Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзу пунктi:
1) әуе көлiгiмен тасымалданатын тауарлар үшiн - баратын әуежай немесе тауарларды тасымалдаушы әуе кемесi қонатын және тауарларды түсiрудi жүргiзетiн Қазақстан Республикасының кеден аймағындағы алғашқы әуежай;
2) су көлiгiмен тасымалданатын тауарлар үшiн - Қазақстан Республикасының кеден аумағындағы алғашқы түсiру айлағы немесе қайта тиеу айлағы;
3) көлiктiң басқа түрлерiмен тасымалданатын тауарлар үшiн - Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу пункті;
4) құбыр желiсi көлiгiмен және электр беру желiлерi бойынша тасымалданатын тауарлар үшiн орталық кеден органымен келiсiлген коммерциялық есептеу аспаптары орнатылған жер болып табылады.
64-бап. Кеден органдарын Қазақстан Республикасының кедендiк
шекарасынан өтуi туралы құлақтандыру
1. Тасымалдаушы не тауарларды өткiзушi тұлға өткiзу пунктiне орналасқан кеден органын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан өту туралы құлақтандыруға мiндеттi.
2. Кеден органдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан өткендiгi туралы құлақтандыру - бұл Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу пунктiнде орналасқан кеден органын шекарадан өту фактiсi туралы хабардар ету.
3. Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өтуi кезiнде кеден органын құлақтандыру тауарларды, көлiк құралдарын және оларға арналған тауарға iлеспе құжаттарды Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу пунктiнде орналасқан кеден органына көрсету жолымен жүргiзiледi.
4. Кеден органының лауазымды тұлғаның осы баптың 3-тармағымен көзделген құжаттарды қабылдаудан бастартуға құқығы жоқ.
65-бап. Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу
пунктiнде алдын-ала кедендік ресiмдеу
1. Негiзгi кедендiк ресiмдеуге бастайтын және тыйым салынған тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден аумағына өтуiне жол бермеу үшiн арналған кедендiк бақылаудың белгiленген нысандарындағы iс-әрекет Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу пунктiнде алдын ала кедендiк ресiмдеу болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу пунктiнде алдын ала кедендiк ресiмдеу кезiнде:
1) орналасуы кеден органдарымен келiсiлген, тиеу-түсiру операцияларын жүргiзу үшiн арнайы бөлiнген және жабдықталған орындарда тауарлармен және көлiк құралдарымен тиеу-түсiру операцияларын жүзеге асыруға жол берiледi;
2) тауарлармен және көлiк құралдарымен тиеу-түсiру операцияларын жүзеге асырушы тұлғаның сұрауы бойынша тауарлар тиеу-түсiру операцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi мерзiм iшiнде уақытша сақтау орынына қойылмастан мұндай операциялар жүргiзу орындарында бола алады. Бұл ретте, тауарларды сақтаудың жалпы мерзiмi осы Кодекспен белгiленген тауарларды уақытша сақтауға арналған мерзiмнен аспайды. Тауарлар жоғалтқан не оларды кеден органдарының рұқсатынсыз басқа тұлғаларға берген жағдайда осы Кодекске сәйкес кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеу үшiн тауарлардың сақталуы үшiн жауаптылықта болатын және тауарлар мен жүк операцияларын жүзеге асыратын тұлға жауаптылықта болады.
3. Тауарларды негiзгi кедендiк ресiмдеу кедендiк ресiмдеу үшiн қажеттi жағдайлардың болуы кезiнде Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу пунктiнде не осы Кодекске сәйкес Қазақстан Республикасының басқа кеден органында жүргiзiле алады.
66-бап. Тауарларды, көлiк құралдарын және оларға арналған құжаттарды
баратын кеден органына жеткiзу
1. Тауарларды, көлiк құралдарын және оларға арналған құжаттарды
баратын кеден органына жеткiзу осы Кодекстiң 13-тарауында айқындалған iшкi
кедендiк транзиттiң рәсiмiне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Тасымалдаушы тауарларды, көлiк құралдарын және оларға арналған
құжаттарды тасымалдаудың және сақтаудың қалыпты жағдайы кезiнде табиғи
тозуының немесе кемуiнiң салдарынан өзгеруiн қоспағанда өзгермеген
жағдайда кеден органы белгiлеген орынға және мерзiмдерде жеткiзуге
мiндеттi.
67-бап. Тауарлардың баратын кеден органына жеткiзiлгендiгi туралы
құлақтандыру
Тауарлар мен көлiк құралдарын баратын кеден органына жеткiзген кезде
тасымалдаушы немесе тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзушi тұлға:
1) жеткiзiлудi бақылау құжаттарын;
2) көлiктiк және коммерциялық құжаттарды;
3) әкелiнген тауарлар мен көлiк құралдарын ұсыну жолымен тауарлардың
әкелiнгендiгi туралы құлақтандыру жүргiзедi.
68-бап. Апат немесе жеңуге болмайтын күштiң әрекетi кезiнде
қабылданатын шаралар
1. Апаттар немесе жеңуге болмайтын күштердiң әрекетi жағдайларында, сондай-ақ егер су не әуе кемесi Қазақстан Республикасының аумағында мәжбүрлi аялдаса немесе қонса, тасымалдаушы тауарлар мен көлiк құралдарының сақталуын қамтамасыз ету үшiн барлық шараларды қабылдауға және таяудағы кеден органына осы жағдаяттар және тауарлардың орналасқан жерi туралы жедел хабарлауға мiндеттi.
2. Уақиға туралы құлақтандыру алған кеден органы уақиғаның сипатына,
тауардың сапасын жоғалту дәрежесiне және көлiк құралдарының техникалық
жағдайына қарай кедендiк бақылауды қамтамасыз ету үшiн қажеттi шараларды
белгiлейдi.
3. Тасымалдаушыларда осы баптың талаптарын сақтауға байланысты пайда
болған шығыстарды кеден органдары өтемейдi.
12-ТАРАУ. КЕДЕНДIК ТАСЫМАЛДАУШЫ
69-бап. Кедендiк тасымалдаушы
Кедендiк тасымалдаушы меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздемелерде көлiк құралдарына ие, ақысына немесе жалданып тауарларды тасымалдау жөнiндегi қызметтердi көрсететiн, белгiленген тәртiппен көлiк саласындағы уәкiлеттi орган берген тиiстi лицензиясы немесе рұқсаты бар және кедендiк тасымалдаушы ретiнде қызметiн жүзеге асыруға орталық кеден органының лицензиясын алған таныған қазақстандық тұлға бола алады.
70-бап. Кедендiк тасымалдаушының қызметi
1. Кедендiк тасымалдаушының қызметi осы Кодекспен көзделген нормаларды сақтау арқылы кедендiк бақылаудағы тауарларды тасымалдауға саяды.
2. Кедендiк тасымалдаушының тауарларды өткiзушi тұлғамен қарым-қатынасы шартпен реттеледi.
71-бап. Кедендiк тасымалдаушының қызметiне бiлiктiлiк талаптары
Кедендiк тасымалдаушы ретiнде қызметтi жүзеге асыру үшiн қазақстандық тұлға мынадай бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуi тиiс:
1) белгiленген тәртiппен көлiк саласындағы уәкiлеттi орган берген тауарларды тасымалдауға арналған лицензиялардың не тиiстi шешiмнiң болуы;
2) осы Кодекстiң 45-тарауымен көзделген тәртiппен белгiленген айлық
есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiндегi сомаға кедендiк төлемдер
мен салықтарды төлеудi қамтамасыз ету;
3) осы Кодекстiң 89-бабымен белгiленген талаптарға сәйкес 24 сағаттың
iшiнде кем дегенде бiр көлiк құралының келуiн қамтамасыз ететiн
жабдықталған көлiк құралдарының болуы;
4) кеден бақылауында тұрған тасымалданатын тауарларды есепке алуды
жүргiзу және олар бойынша есептiлiктi қамтамасыз ету шарттарының бар болуы.
72-бап. Кедендiк тасымалдаушы ретiнде қызметтi жүзеге асыруға
лицензияны беру тәртiбi
1. Лицензия алу үшiн:
1) белгiленген нысан бойынша лицензия алуға тұлғаның өтiнiшi;
2) тiркеу құжаттарының нотариалдық расталған көшiрмелерi;
3) лицензияны бергенi үшiн алым төлеудi растайтын құжаттар;
4) осы Кодекстiң 71-бабымен белгiленген бiлiктiлiк талаптарына
сәйкестiктi растайтын құжаттар.
2. Өтiнiштi орталық кеден органы оны тiркеу күнiнен бастап отыз жұмыс
күнiнiң iшiнде қарайды.
3. Көлiк саласындағы уәкiлеттi орган он күнтiзбелiк күннен
кешiктiрмейтiн мерзiмде орталық кеден органын көлiк саласындағы уәкiлеттi
орган берген тауарларды тасымалдауға тиiстi рұқсатты немесе лицензияның
қызметiн тоқтата тұру не керi қайтару, тоқтату туралы хабарлайды.
4. Орталық кеден органы кедендiк тасымалдаушылардың тiзiлiмiн
жүргiзедi және оны баспа басылымдарында жариялауды жүзеге асырады.
73-бап. Кедендiк тасымалдаушының мiндеттерi
1. Кедендiк тасымалдаушы:
1) осы Кодексте белгiленген шарттар мен талаптарды сақтауға;
2) кедендiк бақылаудағы тасымалданатын жүктердiң есебiн жүргiзуге және кеден органдарына мұндай тауарларды тасымалдау туралы есеп ұсынуға;
3) кедендiк бақылаудағы тауарлар мен бiр уақытта өзге де тауарларды тасымалдамауға;
4) тауарлар мен оларға арналған құжаттарды баратын кеден органына ұсынуға;
5) тауарларды кедендiк бақылау аймағына орналастыруға;
6) көлiк құралдарын тиiстi техникалық жағдайда ұстауға және кеден бақылауындағы тауарларды тасымалдауға арналған көлiк құралдарын жабдықтауға олардың талаптарының сәйкестiгiн қамтамасыз етуге;
7) кеден органы белгiлеген тауарлармен оларға арналған құжаттарды жөнелту жеткiзу мерзiмдерiмен қозғалыс бағытын сақтауға;
8) тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезiндегi табиғи тозу мен кемудiң салдарынан өзгерiстердi қоспағанда өзгертусiз, қандай да болмасын өзге мақсаттарға пайдаланусыз жеткiзуге;
9) тауарларды жеткiзгеннен кейiн оларды баратын кеден органының рұқсатынсыз қараусыз қалдырмауға, тауарлардың бастапқы орналасқан жерiн өзгертпеуге, орамды ашпауға, тауарларды орамауға және қайта орамауға, сондай-ақ кедендiк бiрегейлендiру құралдарын өзгертпеуге, алып тастамауға және жоймауға;
10) тауарларды жоғалтқан не оларды кеден органдарының рұқсатынсыз басқа тұлғаларға берген жағдайда кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеуге;
11) кедендiк тасымалдаушы қызметiн тоқтатқан жағдайда лицензияны он бес жұмыс күнiнiң iшiнде орталық кеден органына қайтаруға мiндетті.
74-бап. Қызметтi жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру
1. Лицензияның қолданылуын:
1) тұлғаның кедендiк тасымалдаушы ретiнде қызметтi уақытша тоқтату туралы өтiнiшiнiң негiзiнде;
2) тасымалдаушы осы Кодекстiң 73-бабында көзделген өзiнiң мiндеттерiн орындамаған жағдайларда кедендiк тасымалдаушы тiркелген кеден органы қорытындысының негiзiнде;
3) көлiк саласындағы уәкiлеттi орган берген тауарларды тасымалдауға тиiстi рұқсаттың немесе лицензияның қолданылуын тоқтата тұру кезінде орталық кеден органы алты айға дейiн мерзiмге тоқтата тұруы мүмкiн.
2. Лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған кезде тұлғаның кедендiк тасымалдаушы ретiндегi қызметтi жүзеге асыруға құқығы жоқ. Лицензияны тоқтата тұру кедендiк тасымалдаушы ретiндегi қызметтi тоқтата тұру туралы бұйрық қабылданған күннен бастап қолданылады.
3. Лицензияның қолданылуы ол бойынша тоқтатыла тұрған себептер жойылғаннан кейiн орталық кеден органының тиiстi бұйрығымен жаңартылады.
75-бап. Кедендiк тасымалдаушы ретiнде қызметтi жүзеге асыруға
лицензияны керi қайтарып алу
Орталық кеден органы лицензияны мынадай жағдайларда керi қайтарып алады:
1) көлiк сапасындағы уәкiлеттi орган берген тауарларды тасымалдауға тиiстi рұқсатты немесе лицензияны керi қайтарып алынғанда;
2) лицензия кедендiк тасымалдаушы ұсынған дұрыс емес мәлiметтердiң негiзiнде берiлгенде;
3) осы тарауда белгiленген шарттар сақталмағанда;
4) осы Кодекстiң 74 бабымен белгiленген мерзiмнiң iшiнде ол бойынша лицензияның қолданылуы бұрын тоқтатыла тұрған себептер жойылмағанда.
2. Керi қайтарып алу туралы шешiм осындай шешiмдi негiздеумен орталық кеден органының бұйрығымен ресiмделедi.
76-бап. Кедендiк тасымалдауды тасымалдаған кедендiк бақылаудағы
тауарлардың есебi
Кедендiк тасымалдаушы кедендiк бақылаудағы тасымалданған тауарлардың есебiн жүргiзедi және кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы белгiлеген тәртіппен олар бойынша есеп бередi.
77-бап. Кедендік тасымалдаушының жауаптылығы
1. Кедендiк тасымалдаушы тауарларды уақытша әкелу орындарындағы уақытша сақтау қоймасының иесiне iс жүзiнде бергенге не тауарларды баратын кеден органының рұқсатымен бұл тауарларға қатысты өкiлеттiкке ие тұлғаға iс жүзiнде бергенге дейiн кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеудi қоса алғанда кеден органдарының алдында жауаптылықта болады.
2. Тауарларды кеден органының рұқсатынсыз берген, жоғалтқан немесе оларды баратын кеден органына жеткiзбеген жағдайда тасымалдаушы осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауаптылықта болады.
78-бап. Кедендiк тасымалдаушы ретiнде қызметтi жүзеге асыруға
лицензияның қолданылуын тоқтатуы
1. Лицензияның қолданылуы мынадай жағдайларда тоқтатылады:
1) көлiк саласындағы уәкiлеттi орган берген тауарларды тасымалдауға
тиiстi рұқсатты немесе лицензияны керi қайтарып алынған;
2) кедендiк тасымалдаушы ретiнде қызметтi жүзеге асыруға лицензия
керi қайтарылып алынған;
3) жазбаша нысанда тиiстi өтiнiш беру арқылы кедендiк тасымалдаушының
тiлегi бойынша;
4) заңды тұлға болып табылатын кедендiк тасымалдаушы қайта
ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда.
2. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда тұлға бiр айдың iшiнде
кедендiк бақылаумен тасымалданатын тауарлардың есебiн жүргiзетiн кеден
органына өзi кедендiк тасымалдаушы ретiнде орындаған тасымалдаулар туралы
есеп беруге мiндеттi.
3. Лицензияның қолданылуын тоқтатуға кедендiк тасымалдаушы ретiндегi
қызметтi тоқтатудың себептерi көрсетiле отырып орталық кеден органының
бұйрығымен ресiмделедi.
13-ТАРАУ. IШКI КЕДЕНДIК ТРАНЗИТ
79-бап. Осы тарауда қолданылатын ұғымдар
Осы тарауда қолданылатын ұғымдар мыналарды бiлдiредi:
1) iшкi кедендiк транзиттiң рәсiмi - осы Кодекспен және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен белгiленген тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк бақылау мен жөнелтушi кеден органынан баратын кеден органына дейiн тасымалдаудың тәртiбi;
2) аралық кеден органы - тауарларды iшкi кедендiк транзит рәсiмi бойынша қозғалатын тауарларды ішінара түсiру жүргiзiлетiн кеден органы.
80-бап. Жалпы ережелер
Осы тараудың ережелерi уақытша сақтау, еркiн және кеден қоймалары арнайы экономикалық аумақтар орындарының арасындағы қозғалысты қоса алғанда кедендiк бақылаудағы тауарлар мен көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының және (немесе) шет мемлекеттiң кеден аумағы бойынша қозғалысының барлық жағдайларында қолданылады.
Осы тараудың ережесi құбыр желiсi көлiгiмен және электр беру желiлерi бойынша қозғалатын тауарларға, сондай-ақ, егер әуе кемесi қалыпты халықаралық рейстi жасау кезiнде тауарлар келетiн жерде тауарларды iшiнара түсiрусiз аралық немесе мәжбүрлi (техникалық) қонса әуе көлiгiмен тасымалданатын тауарларға қолданылмайды.
81-бап. Iшкi кедендiк транзит
1. Iшкi кедендiк транзит - кедендiк бақылаудағы тауарлар Қазақстан Республикасының кедендiк аумағы бойынша, сондай-ақ осы тараумен бекiтiлген шарттарды сақтау жағдайында шет мемлекеттiң аумағы арқылы тасымалданатын кедендiк рәсiм.
2. Тауарлар iшкi кедендiк транзит кезiнде жөнелтушi кеден органының баратын кеден органына дейiн тасымалдаушының және (немесе) тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзушi тұлғаның жауаптылығымен тасымалданады.
3. Тауарларды бiрегейлендiру құралдарын, тасымалдаушылар мен жөнелтушiлердiң пломбаларын пайдалану арқылы iшкi транзит рәсiмi бойынша темiржол көлiгiмен тасымалдауға жол берiледi.
4. Транзиттiк тауарлардың iшкi кедендiк транзит рәсiмi бойынша Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы қозғалысы осы Кодекстiң 82-бабының 2-тармағында көрсетiлген шаралардың бiреуiнiң сақталуы жағдайында жүзеге асырылады.
82-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын iшкi кедендік транзит рәсiмiне
сәйкес тасымалдану шарты
1. Тауарлар мен көлiк құралдарына iшкi кедендiк транзит рәсiмiне сәйкес қозғалуға мына жағдайлар сақталған:
1) тауарларға Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелуге немесе Қазақстан Республикасының кеден аумағынан әкетуге тыйым салынбаған;
2) осы Кодекстің 84-бабына сәйкес жеткiзудi бақылау құжаты ресiмделген;
3) осы баптың 2-тармағына сәйкес тауарларды жеткiзудi қамтамасыз ету шараларының бiрi сақталған кезде рұқсат етiледi.
2. Iшкi кедендiк транзиттiң рәсiмiне сәйкес тауарлар мен көлiк құралдарын жеткiзудi қамтамасыз ету шараларына:
1) көлiк құралдарының кедендiк мөрлермен және пломбалармен тауарларды тасымалдау үшiн жiберiлуi;
2) кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеудi кез келген кеден органында - қамтамасыз ету;
3) тауарларды кедендiк тасымалдаушының тасымалдауы;
4) тауарларды кедендiк алып жүру жатады.
Тасымалдаушы және (немесе) тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзушi тұлға осы Кодекстiң 519-бабымен көзделген жағдайларды қоспағанда осы баптың 2-тармағында көзделген аталған шаралардың кез келгенiн таңдауға құқылы.
3. Тауарларды iшкi кедендiк транзиттiң рәсiмiне сәйкес темiржол көлiгiмен тасымалдау кезiнде, осы баптың 2-тармағының 1), 4) тармақшалары қолданылмайды.
4. Iшкi кедендiк транзит кезiнде тауарлар мен көлiк құралдарын жеткiзудi қамтамасыз ету шаралары осы Кодекстiң 518-бабында көзделген неғұрлым көп кедендiк қолайлы жағдай жасау режимiне қатысты, сондай-ақ тауарларды Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес және әуе көлiгiмен тасымалдау кезiнде қолданылмайды.
5. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалданатын тауарлардың тiзбесiн кеден төлемдерi мен салықтарын төлеудi қамтамасыз етумен Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
6. Көлiк құралдарына тауарларды кедендiк пломбалармен және мөрлермен тасымалдау үшiн рұқсат ету туралы шешiмдi меншiк иесiнiң немесе көлiк құралының иесi өтiнiшiнiң негiзiнде кеден органы қабылдайды. Рұқсат ету нысаны мен толтырудың тәртiбiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы айқындайтын көлiк құралына кедендiк мөрлермен және пломбалармен тасымалдауға рұқсат ету туралы куәлiкпен куәландырылады.
83-бап. Iшкi кедендік транзиттi қолдану үшiн ұсынылатын құжаттар
1. Тасымалдаушы жеткiзудi бақылау құжатын ресiмдеудi жүргiзу үшiн жөнелтушi кеден органына тауарға ілеспе құжаттарды ұсынады.
2. Ұсынылған құжаттарды әкелудi бақылау құжатының тiркеу нөмiрiн көрсете отырып, жөнелтушi кеден органының лауазымды адамы растайды.
84-бап. Тауарларды жеткiзудi бақылау құжаты
1. Тауарларды жеткiзу құжаты - кеден органдарының тауарлардың баратын кеден органына дейiн жеткізiлуiн бақылауды жүзеге асыру үшiн қажеттi, Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлар туралы мәліметті қамтитын құжат.
2. Жеткiзулердi бақылау құжаты бiр немесе бiрнеше тауарға iлеспе құжаттармен тасымалданатын тауарлардың әрбiр партиясына ресiмделедi. Тауарлардың шоғырландырылған (бiрнеше жүк алушылар мен жөнелтушiлердiң болуы) тасымалдау кезiнде жеткiзудi бақылау құжаты әрбiр жүк алушы мен жөнелтушiге жеке ресiмделедi.
3. Жеткiзудi бақылау құжатын декларант, ал декларант болмаған кезде кеден органының лауазымды адамы толтырады.
4. Жеткiзулердi бақылау құжаты нысанын және оны толтырудың тәртiбiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы белгiлейтiн қатаң есептiлiк құжаты болып табылады.
5. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарымен көзделген жағдайларда жеткiзулердi бақылау құжаты ретiнде осындай шарттармен айқындалған құжаттар пайдаланылады.
85-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк төлемдер мен салықтарды
төлегендiгiн растайтын құжатты пайдалану арқылы жеткiзу
1. Ішкi кедендiк транзит кезiнде кедендiк бақылаудағы тауарлар кедендiк төлемдер мен салықтарды төлегендiгiн растайтын құжатты пайдалану арқылы iшкi кедендiк транзиттiң рәсiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағы бойынша тасымалдана алады.
2. Кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеудi қамтамасыз еткендiгiн растайтын құжатты кеден органының толтыруы және ұсынудың нысанын, тәртiбiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы белгiлейдi.
86-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын iшкi кедендiк транзит кезiнде
кедендiк алып жүру
1. Кедендiк алып жүру - кеден органдары лауазымды адамдарының кедендiк бақылаудағы тауарларды, көлiк құралдарын және оларға арналған құжаттарды жөнелтушi кеден органынан баратын кеден органына дейiн, сондай-ақ бiр кеден органының қызмет аймағында алып жүруi.
2. Кедендiк алып жүрудi осы Кодекстiң 82-бабының 2-тармағының
1)-3) тармақшаларымен көзделген шараларды сақтамау жағдайында кеден
органдары Қазақстан Республикасының кеден аумағы бойынша өткiзiлетiн
тауарларды, көлiк құралдарын және оларға арналған құжаттарды жеткiзудi
қамтамасыз етудiң ерекше шарасы ретiнде қолданылады.
3. Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының аумағы
бойынша кедендiк алып жүрудiң тәртiбiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi
уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы
белгiлейдi.
87-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын iшкi кедендiк транзит кезiнде
баратын кеден органдарына дейiн жеткiзудiң мерзiмдерi
Iшкi кедендiк транзиттің мерзiмiн көлiк құралының, белгiленген
бағыттың мүмкiндiктерiн ескере отырып жеткiзудiң кәдiмгi мерзiмдерiне және
тасымалдаудың басқа да шарттарына сәйкес, бiрақ бiр айға екi мың километр
есебiмен айқындалатын шектi мерзiмнен аспайтын мерзiмге жөнелтушi кеден
органы белгiлейдi.
88-бап. Iшкi кедендiк транзит кезiнде тауарлар мен көлiк құралдарын
бiрегейлендiрудi қамтамасыз ету
1. Жөнелтушi кеден органы тауарлар мен көлiк құралдарын бiрегейлендiрудi қамтамасыз етедi, ал баратын кеден органы iшкi кедендiк транзитке сәйкес олардың тасымалдауы кезiнде тауарлар мен көлiк құралдарын бiрегейлендiру құралдарының сақталуын тексередi. Аралық кеден органдары тауарға iлеспе құжаттарға қойылған жаңа бiрегейлендiру құралдары туралы
белгiлер қояды.
2. Кеден органдары бiрегейлендiру құралдары ретiнде осы Кодекстiң
89-бабына сәйкес көлiк құралына қойылған кедендiк пломбалар мен (немесе)
мөрлердi пайдаланады.
3. Кеден органдары осы Кодекстiң 89-бабына сәйкес олар жеткiлiксiз
немесе сенiмсiз деп қарастырылған жағдайларды қоспағанда шетелдер кеден
органдарының кедендiк пломбалары мен басқа да бiрегейлендiру құралдарын
таниды.
89-бап. Тауарларды кедендiк пломбалармен және (немесе) мөрлермен
тасымалдау кезiнде көлiк құралдарын жабдықтау
1. Тауарларды кедендiк пломбалармен және (немесе) мөрлермен
тасымалдау үшiн көлiк құралдары мынадай талаптар:
1) кедендiк пломбаларды және (немесе) мөрлердi қоюдың мүмкiндiгi;
2) тауарды көлiк құралының пломбаланған бөлiгiнен кедендiк
пломбаларды және (немесе) мөрлердi бүлдiрместен алудың немесе қоюдың
мүмкiндiгiнiң болмауы;
3) тауарларды жасыруға арналған жасырын орындардың болмауы;
4) тауарларды кедендiк тексеру үшiн еркiн кiрудi қамтамасыз ету сақтала отырып конструкцияланған және жабдықталған болуы тиiс.
2. Кедендiк пломбаларды және (немесе) мөрлердi пайдалану мүмкiн болмайтын жағдайларда тауарларды бiрегейлендiру осы Кодекстiң 525-бабына сәйкес жүргiзiледi.
90-бап. Iшкi кедендiк транзит кезiнде тауарлармен операциялар
1. Iшкi кедендiк транзитке сәйкес тасымалданатын тауарлар мен жүк операцияларын жүргiзуге қызмет аймағында оны жүзеге асырудың қажеттілiгi пайда болған кеден органының бақылауымен рұқсат етiледi.
2. Егер, тауарларды бiр көлiк құралынан екiншiсiне қойылған кедендiк пломбаларды және (немесе) мөрлердi бұзбастан қайта тиеу мүмкiн болса мұндай қайта тиеуге аталған операциялар қызмет аймағында жүргiзiлетiн кеден органын алдын ала құлақтандыру арқылы жол берiледi.
3. Тұлғалардың өтiнiшi бойынша кеден органы тауарлармен жұмыс уақытынан тыс уақытында кеден бақылауындағы жүк операцияларын жүргiзуге рұқсат етедi.
91-бап. Тасымалдаушының iшкi кедендiк транзит кезiндегi мiндеттерi
Тауарларды iшкi кедендiк транзиттiң рәсiмiне сәйкес тасымалдау кезiнде тасымалдаушы:
1) тауарлар мен оларға арналған құжаттарды жөнелтушi кеден органы белгiлеген мерзiмдерде жеткiзудi бақылау құжаттарында көрсетiлген баратын кеден органына жеткiзуге;
2) тауарлардың, сондай-ақ кедендiк пломбалардың және (немесе) мөрлердiң не, егер олар пайдаланылған өзге де бiрегейлендiру құралдарының сақталуын қамтамасыз етуге;
3) осы Кодекстiң 89-бабында көзделген жағдайларда тауарларды басқа көлiк құралдарына қайта тиеудi қоспағанда кеден органдарының рұқсатынсыз тауарлар мен жүк операцияларына жол бермеуге мiндеттi.
92-бап. Тасымалдаушының iшкi кедендiк транзит кезiндегi жауапкершiлiгi
1. Тауарлар, көлiк құралдары және оларға арналған құжаттар баратын кеден органына жеткiзiлмеген жағдайда тасымалдаушы Қазақстан Республикасының заң актерлерiне сәйкес жауаптылықта болады.
2. Тасымалдаушы кедендiк төлемдер мен салықтардың төленуi үшiн, сондай-ақ осы Кодекстiң 93-бабында көзделген жағдайларда тауарларды түсiру, қайта тиеу, орамдарын ашу немесе қайта орамдау, тауарларды бiрегейлендiру құралдарының алып тасталынғаны, жойылғаны немесе зақымдалғаны үшiн жауаптылықта болмайды. Бұл ретте, тасымалдаушы мұндай операцияларды жасау жолаушылар мен көлiк құралы экипажының өмiрi мен денсаулығына нақты қауiп төнуiне, тауарлар мен көлiк құралдарының жойылуына, жоғалуына, қалпына келтiрiлмейтiн зияндарға немесе айтарлықтай бүлiнуiне байланысты Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк
органы берген растаушы құжаттарды ұсынады.
3. Тауарларды темiржол көлiгiмен тасымалдау кезiнде iшкi кезеңдiк
транзитке сәйкес кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеу үшiн тауарларды
жоғалтқан не оларды кеден органының рұқсатынсыз берген тасымалдаушы
жауаптылықта болады.
93-бап. Апаттар және (немесе) жеңуге болмайтын күштердiң әрекетi
кезiнде ішкi кедендік транзит кезiнде тауарлар мен көлiк
құралдарын тасымалдауға кедергi келтiретiн қолданылатын
шаралар
1. Апаттар және (немесе) жеңуге болмайтын күштердiң әрекетi кезiнде
тасымалдаушы:
1) тауарлар мен көлiк құралдарының сақталуын қамтамасыз ету үшiн
барлық қажеттi шараларды қабылдауға;
2) одан кейiн қызмет аймағында авария, жеңуге болмайтын күштердiң әрекетi немесе тауарлар мен көлiк құралдарын одан әрi тасымалдауға кедергi келтiретiн өзге де жағдайлар болған таяудағы кеден органын құлақтандыру арқылы аталған уақиға туралы уәкiлеттi мемлекеттiк органына дереу қабылдауға мiндеттi. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес құлақтандыру алған кеден органы жөнелтушi және баратын кеден органдарын дереу құлақтандыруға, сондай-ақ iшкi кедендiк транзиттiң рәсiмдерiн сақтай отырып тауарларды одан әрi тасымалдаудың мүмкiндiктерi туралы шешiм қабылдауға мiндеттi.
2. Осы бапта көзделген шараларға байланысты тасымалдаушы шеккен шығыстарды кеден органдары өтемейдi.
94-бап. Iшкi кедендiк транзит рәсiмiнiң аяқталуы
1. Iшкi кедендiк транзит рәсiмiне сәйкес тасымалданатын тауарлар мен көлiк құралдары баратын кеден органы тауарларды әкелу аяқталғандығын ресiмдеген сәттен бастап жеткiзiлген болып есептелiнедi.
2. Iшкi кедендiк транзит рәсiмiне сәйкес тасымалданатын тауарларды жеткiзудiң аяқталуын ресiмдеудi жүргiзу үшiн тасымалдаушы баратын кеден органына тауарлар мен көлiк құралдарын, тауарға iлеспе құжаттарды және жеткiзудi бақылау құжатын ұсынады.
3. Тауарларды темiржол көлiгімен тасымалдау кезiнде тасымалдаушының құжаттарды баратын кеден органына ұсыну мерзiмi баратын кеден органының қызмет аймағына келген сәттен бастап бiр тәулiктен аспауы тиiс.
4. Баратын кеден органы тасымалдаушы құжаттарды баратын кеден органына ұсынған сәттен бастап үш сағаттың iшiнде көлiк құралының келуiн тiркейдi және тасымалдаушыға нысанын кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы белгiлейтiн көлiк құралының келгендiгi туралы жазбаша растау бередi.
5. Тауарлар мен көлiк құралдары iшкi кедендiк транзит рәсiмiне сәйкес тасымалданатын тауарларды жеткiзудiң аяқталуын ресiмдегенге дейiн баратын кеден органының қызмет аймағындағы жеткiзу орынына орналастырылуы тиiс.
6. Баратын кеден органы, егер құжаттарды тексеру кезiнде кеден iсi саласындағы құқық бұзушылықтар анықталмаған болса, мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмдерде, бiрақ көлiк құралының келуiн тiркеу сәтiнен бастап жиырма төрт сағаттан кешiктiрмей тауарлар мен көлiк құралдарының iшкi кедендiк транзитiнiң аяқталғандығын ресiмдейдi.
14-ТАРАУ. УАҚЫТША САҚТАУ
95-бап. Уақытша сақтау
Әкелiнген тауарлар белгiлi бiр кедендiк режимге сәйкес баратын кеден органына ұсынылған сәттен бастап олар босатылғанға не осы Кодекспен белгiленген тәртiппен мемлекеттiң меншiгiне қаратылғанға дейiн кедендiк бақылаумен сақталатын кедендiк рәсiм.
96-бап. Уақытша сақтау орыны
1. Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтау арнайы бөлiнген және жайластырылған үй-жайларда, ашық алаңдарда, көлiк құралдарында, сондай-ақ уақытша сақтау қоймаларында, кеден қоймаларында, еркiн қоймаларда, алушының қоймаларында жүзеге асырылады.
2. Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтау орындары:
1) көлiк құралдары - тауарларды тасымалдау және уақытша сақтау үшiн пайдаланылатын көлiк құралдары болып табылады.
Көлiк құралдары уақытша сақтау орны ретiнде пайдалануға консолидирлендiрiлген жүктердi және осы Кодекстiң 102-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда екi тәулiкке дейiн рұқсат етiледi;
2) ашық алаңдар - тауар иелерiнiң:
әуежайлардың, теңiз және өзен айлақтарының, темiржол станцияларының, өнеркәсiптiк кәсiпорындардың бұл тұлғалардың тауарларын уақытша сақтау үшiн арналған күзетiлетiн аумақтарында;
бұл тұлғалардың өз тауарларын уақытша сақтау үшiн арнайы бөлiнген және күзетiлетiн аумақтарында орналасқан алаңдар.
Көлiк құралдарындағы тауарларды ашық алаңда сақтауға жол берiледi;
3) арнайы бөлiнген және жайластырылған үй-жайлар - өз тауарларын уақытша сақтау үшiн арналған тауарлар иесiнiң үй-жайы немесе үй-жайдың арнайы бөлiнген және жайластырылған бөлiгi;
4) уақытша сақтау қоймалары - тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтау үшiн арнайы арналған, орталық кеден органы беретiн лицензияның негiзiнде қызмет жасайтын қоймалар;
5) кеден қоймалары мен еркiн қоймалар - бiр бөлiгi уақытша сақтау үшiн пайдаланылатын кеден қоймасының және еркiн қойманың кедендiк режимiне сәйкес оларда тауарлар мен көлiк құралдарын орналастыру үшiн арнайы арналған, орталық кеден органы беретiн кеден қоймасын немесе еркiн қойманы ашуға арналған лицензияның негiзiнде жұмыс iстейтiн қоймалар;
6) осы Кодекстiң 103-бабында көзделген тәртiппен тауарларды алушылардың қоймалары.
3. Арнайы бөлiнген және жайластырылған үй-жай немесе ашық алаң тиiстi орынның бiртұтас және бөлiнбеген кешенi болып табылуы және бiр мекен-жай бойынша орналасуы шартымен уақытша сақтау орыны болып танылады.
Осы Кодекстiң 104-бабына сәйкес кеден органы беретiн уақытша сақтау орыны деп тану туралы шешiм арнайы бөлiнген және жайластырылған үй-жайлар мен ашық алаңдарды уақытша сақтау орыны ретiнде тануды растау болып табылады.
97-бап. Уақытша сақтау орындарына қойылатын талаптар
1. Арнайы бөлiнген және жайластырылған үй-жай осы Кодекстiң 112-бабының 24), 3), 4), 7), 8)-тармақшаларында белгiленген талаптарды қоспағанда уақытша сақтау қоймасын құруға қойылатын талаптарға жауап беруi тиiс.
2. Уақытша сақтау орыны ретiнде кедендiк үй-жайдың немесе еркiн қойманың бөлiктерiн пайдаланған жағдайда ол үй-жайдың қалған бөлiктерiнен темiр бетоннан, бетоннан, кiрпiштен, металл конструкциясынан не аталған материалдардың қоспасынан үзiлiссiз қоршаумен алшақталған болуы тиiс.
3. Ашық алаңның аумағы:
1) бүкiл өн бойы бойынша белгiленген және қоршалған. Ашық алаңдардың аумағын қоршау темiр бетоннан, бетоннан, кiрпiштен, металл конструкциясынан не аталған материалдардың қоспасынан жасалған және биiктiгi кемiнде 2,2 метр үзiлiссiз конструкцияны бiлдiруi тиiс;
2) кедендiк бақылауды жүзеге асыру үшiн жеткiлiктi техникалық құралдармен қамтамасыз етiлген;
3) осы Кодекстiң 112-бабының 1), 3), 6), 8)-тармақшаларында белгiленген санитарлық нормаларға және талаптарға жауап беретiн болуы тиiс.
Әуежайлардың, теңiз және өзен айлақтарының, темiржол станцияларының аумағындағы ашық алаңдарға арналған кедендiк бақылау айлақтарын бiлдiру мүдделi тұлғалармен (әуежайлардың, теңiз, өзен айлақтарының, темiржол станцияларының әкiмшiлiгiмен) келiсiм бойынша жүзеге асырылады.
4. Көлiк құралдары:
тауарларды халықаралық жол тасымалы рәсiмдерiн пайдалану арқылы тасымалдаған және жеткiзген жағдайда;
көлiк құралдарын кедендiк мөрлермен және (немесе) пломбалармен тауарларды тасымалдау үшiн рұқсат етiлген көлiк құралдарының жабдықталуына қойылатын белгiленген талаптарға сәйкес келуi жағдайында уақытша сақтау орыны ретiнде пайдаланыла алады.
Тауарлармен қандай да болмасын жүк операцияларын (түсiру, тауарлардың салмағын, санын анықтау, сараптама жүргiзу мақсатында сынамалар мен үлгiлерiн алу) жүргiзу қажет болған жағдайда олар бiрегейлендiру құралдарын пайдалану арқылы кеден органы лауазымды адамының қатысуымен кедендiк бақылаудың уақытша аймағында не тауарларды уақытша сақтау орынына орналастыру үшiн белгiленген тәртiпке сәйкес тауарларды өзге уақытша сақтау орынына орналастыру - шартымен жүргiзiледi.
Көлiк құралындағы тауарлардың сақталуы, сәйкестендiру құралдарының тұтастығы үшiн тауарларды алушы жауаптылықта болады.
5. Уақытша сақтау орыны оларды уақытша сақтау орыны ретiнде пайдаланудың бүкiл мерзiмi бойы белгiленген талаптарға сәйкес келуi тиiс.
6. Уақытша сақтауға қойылған тауарларды кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылауды жүзеге асыру мақсатында уақытша сақтау қоймасының иесi кеден органдарының лауазымды тұлғаларына кеден органы айқындайтын нормалардың шегiнде қызметтiк және тұрмыстық үй-жайларды, жабдықтар мен байланыс құралдарын ұсынуы тиiс.
7. Кедендiк терминалдарды ұйымдастырған жағдайда уақытша сақтау орындары кедендiк ресiмдеу залымен, кеден органдарының бiрыңғай автоматтандырылған жүйесiне кiрудi қамтамасыз ететiн қажеттi ұйымдастыру техникасымен және байланыс құралдарымен жабдықталған болуы тиiс.
98-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтау орындарына қою
үшiн қажеттi құжаттар
1. Қысқаша декларация тауарлар мен көлiк құралдарының уақытша сақтау орындарына қойылғандығын растайтын құжат болып табылады.
2. Қысқаша декларацияны баратын кеден органы тауарларды жеткiзетiн жерге тауарларды әкелгендiгi туралы құлақтандырумен бiр уақытта тасымалдаушы не тауарларға қатысты өкiлеттiкке ие тұлға бередi.
3. Қысқаша декларация тауарға iлеспе құжаттарда көрсетiлген және тауарларды бiрегейлендiру үшiн қажеттi мәлiметтердi, сондай-ақ мәлiмделетiн әкелген тауарларды уақытша сақтау орыны туралы мәлiметтi қамтуы тиiс.
4. Қысқаша декларацияның нысаны мен оны толтырудың тәртiбiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы белгiлейдi.
99-бап. Уақытша сақтаудың мерзiмi
1. Тауарларды уақытша сақтау орындарында уақытша сақтаудың мерзiмi екi айдан аспайды.
2. Кеден iсi саласындағы қылмыстық iстер мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша заттай айғақ болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтау мерзiмi алты айдан асуы мүмкiн емес.
3. Осы бапта көзделген уақытша сақтау мерзiмдерi аяқталғаннан кейiн тауарлар мен көлiк құралдарына билiк ету Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
100-бап. Уақытша сақтаудағы тауарлармен операциялар
1. Уақытша сақтау қоймасының, өзге де уақытша сақтау орынының иесi тауарларды алушы, кедендiк брокер, тауарларға қатысты өкiлеттіктерге ие өзге де тұлғалар және олардың өкiлдерi уақытша сақтау қоймасындағы тауарларды тексере және өлшей және кеден органының рұқсатымен тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн ала алады.
2. Уақытша сақтаудағы тауарлар кеден органының рұқсатымен бүлiнген орамдарын жөндеудi қоса алғанда олардың өзгерiссiз жағдайда сақталуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi операцияларға ұшырауы мүмкiн.
3. Олардың уақытша сақталуы кезеңiнде жеңуге болмайтын күштiң әрекетi салдарынан жарамсыз болған, бүлiнген немесе зақымданған тауарлар декларант белгiлеген, егер олар жарамсыз, бүлiнген немесе зақымданған жағдайда әкелiнгендейгi кедендiк режимге орналастыруға жатады.
101-бап. Уақытша сақтау қоймасына орналастыруға болатын тауарлар
1. Уақытша сақтау қоймасына кез келген тауарларды орналастыруға болады.
Басқа тауарларға зиян келтiруi мүмкiн немесе сақтаудың ерекше жағдайларын талап ететiн тауарлар мұндай тауарларды сақтау үшiн арнайы бейiмделген уақытша сақтау қоймасында сақталуы тиiс.
2. Құбыр желiсi көлiгiмен және электр беру желiлерi бойынша тасымалданатын тауарлар уақытша сақтау орындарына қойылмайды.
102-бап. Темiржол көлiгiмен тасымалданатын тауарларды уақытша
сақтаудың ерекшелiктерi
1. Қарауында тауарлар жүзеге асырылатын темiржол учаскесi орналасқан тұлғаның сұрауы бойынша кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеудi қамтамасыз ету шартымен темiржол көлiгiмен тасымалданатын ерекше тауарлар мен сақтаудың ерекше жағдайларын талап ететiн тауарларды уақытша сақтауға рұқсат етiледi.
2. Уақытша сақтау оларды түсiргенге дейiн бұл тұлғалардың орналасуы
кеден органдарымен келiсiлген орындардағы тiкелей көлiк құралдарында
жүзеге асырылады.
3. Көрсетiлген орындар кедендiк бақылаудың уақытша аймағы болып
табылады.
4. Тауарларды түсiруге және оларды кез келген басқа жерге қозғауға
кеден органының рұқсатымен ғана жол берiледi.
5. Қарауында темiржол учаскесi бар тұлға:
1) көлiк құралынан кедендiк бақылаудан тыс уақытша сақтаудағы
тауарларды алуды болдырмауға;
2) уақытша сақтаудағы тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге;
3) кедендiк бақылауды жүзеге асыруға жәрдемдесуге;
4) кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен
келiсiм бойынша орталық кеден органы айқындайтын тәртiппен көлiк құралында
сақталудағы тауарлардың есебiн жүргiзуге және кеден органы ол туралы есеп
беруге;
5) бөгде адамдардың сақтаудағы тауарларға кеден органдарының
рұқсатынсыз кiруiнiң мүмкiн болмауын қамтамасыз етуге;
6) тауарларды жоғалтқан не кеден органының рұқсатынсыз басқа
тұлғаларға берген жағдайда кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеуге
мiндеттi.
103-бап. Тауарларды алушының қоймасында уақытша сақтау
1. Кеден органының рұқсатымен уақытша сақтау:
1) оларға қатысты неғұрлым зор қолайлы жағдай жасау режимi қолданылатын жекелеген тұлғалар үшiн оңайлатылған рәсiмдердi қолдану кезiнде;
2) осы Кодекспен белгiленген мерзiмдерде жүктiк кедендiк декларацияны ұсыну туралы мiндеттеме беру шартымен ерекше санаттағы тауарларды немесе сақтаудың ерекше жағдайларын талап ететiн тауарларды уақытша сақтау қажет болған жағдайларда;
3) кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеудi қамтамасыз ету шартымен тауарларды жеткiзген жерде уақытша сақтау қоймасы болмаған жағдайда қоймасын ашуға лицензиясыз және уақытша сақтау орыны деп тану туралы шешiмсiз тауарларды алушының қоймасында жүзеге асырылуы мүмкiн.
2. Тауарларды алушы сақтау кезiнде 102-баптың 5-тармағымен көзделген талаптарды сақтауға мiндеттi.
3. Тауарларды алушының қоймасында кедендiк бақылаудағы және басқа тұлғаларға тиесiлi тауарларды сақтауға рұқсат етiлмейдi.
104-бап. Арнайы бөлiнген және жайластырылған үй-жайларды, ашық
алаңдарды, уақытша сақтау орыны деп тану туралы шешiмдердi
берудiң тәртiбi
1. Арнайы бөлiнген және жайластырылған үй-жайларды, ашық алаңдарды, уақытша сақтау орыны деп тану туралы кеден органының шешiмi үй-жай немесе ашық алаң меншiгiндегi немесе пайдаланудағы тұлғаға берiледi.
2. Үй-жайдың немесе ашық алаңның иесi уақытша сақтау орыны деп тану туралы шешiмдi алу үшiн тұлға және үй-жайдың немесе алаңның орналасқан жерi туралы мәлiметтердi көрсете отырып кеден органына еркiн нысанда өтiнiш бередi.
3. Өтiнiшке мынадай құжаттар:
1) үй-жайлардың немесе ашық алаңдардың иесiнiң тiркеу құжаттарының нотариалдық расталған көшiрмелерi;
2) уақытша сақтау орыны үшiн арналған аумақтың жоспары, үй-жайлардың немесе ашық алаңдардың жоспарлары мен сызбалары;
3) уақытша сақтау орыны үшiн арналған үй-жайлар немесе ашық алаңға меншiк құқығын немесе пайдалану құқығын растайтын нотариалдық расталған құжаттар;
4) сыртқы экономикалық қызметке қатысушының сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды есептi тiркеу үшiн жауапты кеден органы лауазымды адамының жеке нөмiрлiк мөрiмен расталған есеп кәртiшкесiнiң көшiрмесi қоса берiледi.
4. Өтiнiштi ол алынған күннен бастап он күнтiзбелiк күннiң iшiнде кеден органы қарайды.
5. Егер, мәлiмделген мәлiметтер, үй-жайлар мен ашық алаңдардың жайластырылуы мен жабдықталуы уақытша сақтау орындарына ұсынылатын талаптарға сәйкес келмейтiн жағдайларда кеден органы уақытша сақтау орыны деп тану туралы шешiмдi беруден бастартуы мүмкiн.
6. Тұлғаны қайта тiркеу кезiнде уақытша сақтау орыны деп тану туралы шешiм өзiнiң күшiн сақтайды. Бұл жағдайда, уақытша сақтау орынының иесi кеден органын қайта тiркеу фактiсi туралы құлақтандыруға мiндеттi. Қажет болған жағдайларда орталық кеден органы қайта тiркеудiң күнiн көрсете отырып уақытша сақтау орынын орыны деп тану туралы шешiмге өзгерiстер енгiзедi.
105-бап. Арнайы бөлiнген және жайластырылған үй-жайлар, ашық алаңдар
иелерiнiң мiндеттерi
Уақытша сақтау орындарының иелерi:
1) үй-жайды немесе ашық алаңды кедендiк бақылауды қамтамасыз ету үшiн қажеттi лайықты тұрғыда жайластыруға;
2) үй-жайдан немесе ашық алаңнан кедендiк бақылаудан тыс уақытша сақтаудағы тауарлар мен көлiк құралдарын алудың мүмкiндiгiн болдырмауға;
3) үй-жайдағы (ашық алаңдағы) тауарлардың және (немесе) көлiк құралдарының сақталуын қамтамасыз етуге;
4) кедендiк бақылауды жүзеге асыруға жәрдемдесуге;
5) кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы айқындайтын тәртiппен келiп түскен, сақтаудағы, әкетiлген тауарлардың және (немесе) көлiк құралдарының есебiн жүргiзуге (оның iшiнде бақылау мен есебiн жүргiзудiң автоматтандырылған нысандарын пайдалану арқылы) және кеден органы ол туралы есеп беруге;
6) бөгде адамдардың кеден органдарының рұқсатынсыз сақтаудағы тауарларға және (немесе) көлiк құралдарына кiруiнiң мүмкiн болмауын қамтамасыз етуге;
7) арнайы бөлiнген және жайластырылған үй-жайларды, ашық алаңдарды уақытша сақтау орыны деп тану туралы шешiм берудiң шарттарын сақтауға және сақтаудағы тауарларға және (немесе) көлiк құралдарына олардың талап етуi бойынша кеден органдарының жауапты лауазымды адамдарының кiруiн қамтамасыз етудi қоса алғанда кеден органдарының талаптарын орындауға;
8) тауарларды жоғалтқан не кеден органының рұқсатынсыз басқа тұлғаларға берген жағдайда кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеуге;
9) уақытша сақтау орыны деп тану туралы шешiмнiң қолданылуын тоқтатуы рәсiмiмен байланысты барлық шығыстарды көтеруге мiндеттi.
106-бап. Арнайы бөлiнген және жайластырылған үй-жайларды, ашық
алаңдарды уақытша сақтау орыны деп тану туралы шешімнiң
қолданылуын тоқтата тұру
1. Уақытша сақтау орыны деп тану туралы шешiмнiң қолданылуын кеден органы:
1) уақытша сақтау орыны иесiнiң жөндеу жұмыстарын жүргiзу туралы, уақытша сақтау орынының алаңдарын ұлғайту не азайту туралы өтiнiшi бойынша уақытша сақтау орынының иесi белгiлеген мерзiмге;
2) уақытша сақтау орыны иесiнiң осы Кодекспен белгiленген уақытша сақтау орынына қойылатын талаптары мен мiндеттерiн сақтамаған жағдайда уақытша сақтау орынында - бiр айға дейiн мерзiмге тоқтата тұрады.
2. Уақытша сақтау орыны деп тану туралы шешiмнiң қолданылуы оның ұсынатын талаптарына сәйкес болған жағдайда қайта жаңартылады.
107-бап. Арнайы бөлiнген және жайластырылған үй-жайларды, ашық
алаңдарды уақытша сақтау орыны деп тану туралы шешімдi керi
қайтарып алу
1. Уақытша сақтау орынын тану туралы шешiмдi кеден органы:
1) осы Кодекспен белгiленген талаптар мен мiндеттердi алты айдың iшiнде қайталап бұзған жағдайларда;
2) ол бойынша шешiмнiң қолданылуы бұрын тоқтатыла тұрған себептер осы Кодекстiң 106-бап 1-тармағының 2)-тармақшасында белгiленген мерзiмнiң iшiнде жойылмаған жағдайда;
3) уақытша сақтау орынына қатысты үй-жайларды немесе ашық алаңдарды
уақытша сақтау орыны ретiнде пайдалануға мүмкiндiк бермейтiн мүлiктiк
құқықтар тоқтатылған немесе өзгерiлген кезде;
4) уақытша сақтау орыны иесiнiң өтiнiшi бойынша орталық кеден органы
керi қайтарып алады.
2. Уақытша сақтау орыны деп тану туралы шешiмдi қайта қайтарып алу
кезiнде уақытша сақтау орынының иесi қайта қайтарып алу туралы шешiм
қабылданған күннен бастап он бес күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей шешiмнiң
түпнұсқасын кеден органына беруi тиiс.
3. Шешiмдi беру туралы қайталама өтiнiштi орталық кеден органы оны
қайтарып алу үшiн негiз болған себептердiң жойылуы шартымен жалпы
белгiленген тәртiппен қарауы мүмкiн.
108-бап. Арнайы бөлiнген және жайластырылған үй-жайларды, ашық
алаңдарды уақытша сақтау орыны ден тану туралы шешiмнiң
тоқтатылуы
1. Уақытша сақтау орыны деп тану туралы шешiмнiң қолданылуы:
1) шешiм керi қайтарылып алынған кезде;
2) уақытша сақтау орынының иесi болып табылатын тұлға таратылған не
қайта ұйымдастырылған кезде тоқтатылады.
2. Арнайы бөлiнген және жайластырылған үй-жайларды, ашық алаңдарды уақытша сақтау орыны деп тану туралы шешiмнiң қолданылуын тоқтатуы туралы шешiм мұндай тоқтатудың себептерiн көрсету арқылы кеден органы басшысының бұйрығымен ресiмделедi.
3. Уақытша сақтау орынының иесi болып табылатын тұлға таратылған не қайта ұйымдастырылған кезде арнайы бөлiнген және жайластырылған үй-жайларды, ашық алаңдарды уақытша сақтау орыны деп тану туралы шешiмнiң қолданылуын тоқтатуы туралы шешiм он бес күнтiзбелiк күндiк мерзiмде орталық кеден органына қайтаруға жатады.
4. Уақытша сақтау орыны деп тану туралы шешiмнiң қолданылуы тоқтатылған кезде онда сақтаудағы тауарлар лицензияның қолданылуын тоқтату туралы шешiм қабылданған күннен кейiнгi күннен бастап отыз күнтiзбелiк күннiң iшiнде уақытша сақтау қоймасына орналастыруға жатады.
109-бап. Уақытша сақтау қоймаларының түрлерi
1. Тауарларды уақытша сақтау үшiн арналған арнайы белгiленген және жайластырылған үй-жай, аумақ немесе орын уақытша сақтау қоймасы деп танылады.
2. Уақытша сақтау қоймалары осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда кез келген тауарларды сақтау және кез келген тұлғалардың пайдалануы үшiн қолжетiмдi ашық түрдегi қоймалар болып табылады.
3. Кеден органдары құратын уақытша сақтау қоймалары ашық түрдегi қоймалар болып табылады.
4. Жабық үлгiдегi уақытша сақтау қоймалары белгiлi бiр тауарларды немесе белгiлi бiр тұлғалардың тауарларын сақтау үшiн арналған. Жабық үлгiдегi уақытша сақтау қоймаларын айналымы шектелген және сақтаудың ерекше жағдайларын талап ететiн тауарлардың ерекше санаттарын әкелудi жүзеге асыратын тұлғалар құрады не жабық үлгiдегi қойманы құру сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың немесе көлiк ұйымдарының қажеттерiне жауап берсе құрылады.
110-бап. Уақытша сақтау қоймасы иесiнiң мiндеттерi
Уақытша сақтау қоймасының иесi:
1) қойманы кедендiк бақылауды қамтамасыз етуге қажеттi лайықты тұрғыда жайластыруға;
2) қоймадан уақытша сақтаудағы тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк бақылаудан тыс алу мүмкiндiгiн болдырмауға;
3) кеден органының жұмыс уақытынан тыс кезде келген тауарлар мен көлiк құралдарын қоймада не қоймаға жалғас, кедендiк бақылау аймағы болып табылатын аумақта орналастыруды қамтамасыз етуге;
4) тауарлардың және уақытша сақтау қоймасындағы не оған жалғас, кедендiк бақылау аймағы болып табылатын аумақтағы көлiк құралдарының сақталуын қамтамасыз етуге;
5) кедендiк бақылауды жүзеге асыруға жәрдемдесуге;
6) кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы белгiлейтiн тәртiппен есеп жүргiзуге (оның iшiнде бақылау мен есеп жүргiзудiң автоматтандырылған нысандарын пайдалану арқылы) және кеден органына уақытша сақтау қоймасына келiп түскен, сақталудағы және одан әкетiлген тауарлар мен көлiк құралдары туралы есеп беруге;
7) бөгде адамдардың (қойма қызметкерлерi болып табылмайтын және тауарларға қатысты өкiлеттіктерге ие емес) кеден органдарының рұқсатынсыз сақтаудағы тауарлар мен көлiк құралдарына кiруiнiң мүмкiн еместiгiн қамтамасыз етуге;
8) уақытша сақтау қоймасын құруға арналған лицензияның талаптарын сақтауға және кеден органдарының жауапты лауазымды адамдарының сақтаудағы тауарлар мен көлiк құралдарына кiруiн қамтамасыз етудi және бұл адамдарға кедендiк бақылау мен кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыру үшiн уақытша сақтау қоймасында үй-жайлар, жабдықтар және байланыс құралдарын берудi қоса алғанда кеден органдарының талаптарын орындауға;
9) сақтаудың ерекше жағдайларын талап ететiн тауарларды сақтау жағдайында тауарларды сақтаудың ерекше жағдайларын орындауды қамтамасыз етуге;
10) осы Кодекстiң 100-бабымен көзделген қоймада орналасқан тауарлармен операцияларды жүзеге асырудың мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге;
11) тауарларды жоғалтқан не кеден органының рұқсатынсыз басқа
тұлғаларға берген жағдайда кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеуге;
12) уақытша сақтау қоймасының қызметiн тоқтату рәсiмiне байланысты
барлық шығыстарды көтеруге мiндеттi.
111-бап. Уақытша сақтау қоймасын құруға арналған лицензия
1. Уақытша сақтау қоймаларын орталық кеден органының лицензиясын
алғаннан кейiн қазақстандық тұлғалар құра алады.
2. Егер, уақытша сақтау қоймасын кеден органдары құратын болса
көрсетiлген лицензияны алу талап етiлмейдi.
3. Лицензиялауға байланысты және осы Кодексте көрсетiлмеген
қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарымен
реттеледi.
4. Уақытша сақтау қоймасын ашуға арналған лицензия басқа тұлғаға
беруге жатпайды.
5. Орталық кеден органы жұмыс iстеп тұрған уақытша сақтау қоймалары туралы ақпараттарды мезгiлдi жариялап тұруды, оның iшiнде ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы, қамтамасыз етедi.
112-бап. Уақытша сақтау қоймасын ашуға қойылатын бiліктiлiк
талаптары
1. Уақытша сақтау қоймасын құруға арналған үй-жай немесе орын мынадай талаптарға сәйкес келуi тиiс:
1) қойма иесiнiң меншiгiнде орналасуы немесе олар үш жылдан кем емес мерзiмге жалға алуы;
2) жалғас түсiру алаңдарын (олардың орналасқан жерi бiр мекен-жай бойынша бiртұтас аумақта болуы шартымен бiр немесе бiрнеше қоймалық үй-жайлар мен алаңдарды) қоса алғанда уақытша сақтау қоймасының аумағы бүкiл өн бойы бойынша белгiленген және қоршалған болуы және көлiк құралдарының қауiпсiз қозғалысын қамтамасыз ететiн қатты жабылғысы болуы тиiс. Қойма аумағының қоршауы темiр бетоннан, бетоннан, кiрпiштен, металл конструкциясынан не аталған материалдардың жиынтығынан жасалған үзiлiссiз конструкцияны бiлдiруi және биiктiгi кемiнде 2,2 метр болуы тиiс;
3) қойманың аумағында қойманың бөлiгi болып табылмайтын құрылыстар
мен ғимараттар болмауы;
4) техникалық жағынан жарамды кiрме жолдар, сондай-ақ жабық тексеру
алаңдары болуы;
5) өртке қарсы қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келуi;
6) санитарлық және техникалық нормаларға сәйкес келуi;
7) қауiпсiздiк пен еңбек қорғау талаптарына сәйкес қажеттi
түсiру-тиеу техникасының болуы;
8) уақытша сақтауға қойылған тауарлар мен көлiк құралдарының сипатына
сәйкес келетiн сертификатталған өлшеу жабдығы болуы тиiс.
113-бап. Уақытша сақтау қоймасын құруға арналған лицензияны алу үшiн
қажеттi құжаттар
1. Уақытша сақтау қоймасын құруға арналған лицензиялар алу үшiн
мынадай құжаттар қажет:
1) белгiленген нысан бойынша лицензия беру туралы өтiнiш;
2) тiркеу құжаттарының нотариалдық расталған көшiрмелерi;
3) уақытша сақтау қоймасы ретiнде мәлiмделетiн үй-жайлар мен
аумақтардың жоспарлары, сызбалары;
4) уәкiлеттi органдар берген өртке қарсы қауiпсiздiк, санитарлық және техникалық нормаларға сәйкес келуді растайтын құжаттар;
5) лицензияны бергенi үшiн алымды төлегендiгiн растайтын құжаттар;
6) тиiстi үй-жайларға немесе орындарға қатысты меншiк пайдалану құқығын растайтын құжаттар;
7) осы Кодекстiң 112-бабының 7), 8)-тармақшаларымен белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiктi растайтын құжаттар;
8) жабық үлгiдегi уақытша сақтау қоймасын құру жағдайында тауарларды сақтауды жүзеге асыратын тұлғалардың тiзiлiмi ұсынылады.
2. Өтiнiште және осы бапта белгiленген құжаттарда көрсетiлген мәлiметтер өзгерген жағдайда уақытша сақтау қоймасының иесi кеден органын өзгерiс енгiзiлген күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн өткеннен кешiктiрмей тиiстi өзгерiстер туралы құлақтандырады.
3. Уақытша сақтау қоймалары олардың қызмет етуiнiң барлық мерзiмiнiң iшiнде белгiленген талаптарға сәйкес келуi тиiс.
114-бап. Уақытша сақтау қоймасын құруға арналған лицензиялардың
қолданылуын тоқтата тұру
1. Уақытша сақтау қоймасының иесi осы Кодексте белгiленген талаптар мен мiндеттердi сақтамаған жағдайда лицензияның қолданылуы кеден органының шешiмi бойынша тоқтата тұрудың себептерi көрсетiле отырып алты айға дейiн мерзiмге тоқтатыла тұруы мүмкiн.
2. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімдi осындай шешiмнiң негiздемесiмен бiрге бұйрық нысанында орталық кеден органының басшысы қабылдайды.
3. Лицензияның қолданылуы тиiстi бұйрықта көрсетiлген күннен бастап тоқтатыла тұрады. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру кезiнде тауарларды уақытша сақтау қоймасына қоюға рұқсат етiлмейдi. Лицензияның қолданылуы тоқтата тұрғанға дейiн уақытша сақтау қоймасына қойылған тауарлар өзге кедендiк режимдермен қойылуы мүмкiн.
4. Лицензияның қолданылуы ол бойынша оның қолданылуы тоқтатыла тұрған себептер жойылғаннан кейiн кеден органы лицензияны қолданылуын қайта жаңарту туралы шешiм қабылдаған күннен бастап қайта жаңартылады.
115-бап. Уақытша сақтау қоймасын құруға арналған лицензияларды керi
қайтарып алу
1. Лицензияны орталық кеден органы:
1) ол дұрыс емес мәлiметтердiң негiзiнде берiлген, егер толық және дұрыс ақпараттар ұсынған кезде ол белгiленген тәртiптiң негiзiнде мәлiмдеушiге берiлмесе;
2) лицензиат лицензияда қамтылған талаптарды орындамаған;
3) лицензияның қолданылуы бұрын тоқтатыла тұрған себептер жойылмаған;
4) сот лицензиатқа уақытша сақтау қоймасының қызметiн көрсету жөнiндегi қызметпен айналысуға тыйым салған жағдайларда керi қайтарып алуы мүмкiн.
2. Керi қайтарып алу туралы шешiм осындай шешiмнiң негiздемесiмен бiрге орталық кеден органы басшысының бұйрығымен ресiмделедi.
3. Лицензияны керi қайтарып алу керi қайтарып алу туралы шешiм қабылданған күннен бастап қолданылады.
4. Лицензия керi қайтарылып алынған жағдайда уақытша сақтау қоймасының иесi керi қайтарып алу туралы шешiмдi алған күннен бастап он бес күннен кешiктiрмей лицензияның түпнұсқасын орталық кеден органына қайтаруға мiндеттi.
5. Уақытша сақтау қоймасын құруға арналған лицензия беру туралы қайталама өтiнiш оны керi қайтарып алу үшiн негiздеме болған себептердiң жойылуы жалпы белгiленген тәртiппен қаралуы мүмкiн.
116-бап. Уақытша сақтау қоймасын құруға арналған лицензияның
қолданылуын тоқтату
1. Уақытша сақтау қоймасын құруға арналған лицензия:
1) лицензия керi қайтарылып алынған;
2) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;
3) кеден органына уақытша сақтау қоймасы иесiнiң өтiнiш ұсынуы арқылы уақытша сақтау қоймасының қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызмет тоқтатылған жағдайларда орталық кеден органының шешiмi бойынша өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
2. Уақытша сақтау қоймасын құруға арналған лицензияның қолданылуын тоқтату туралы шешiм мұндай шешiмнiң себептерi көрсетiле отырып орталық кеден органы басшысының бұйрығымен ресiмделедi.
3. Уақытша сақтау қоймасының қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызмет тоқтатылған, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған кезде уақытша кеден қоймасының иесi он бес күнтiзбелiк күн iшiнде лицензияны орталық кеден органына қайтаруға мiндеттi.
4. Уақытша сақтау қоймасын құруға арналған лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда онда сақталудағы тауарлар лицензияның қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдаған күннен кейiнгi күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде басқа уақытша сақтау қоймасына орналастыруға жатады.
117-бап. Кеден органдарының уақытша сақтау қоймасын құруының
ерекшеліктерi
1. Кеден органы уақытша сақтау қоймасын орталық кеден органы шешiмiнiң негiзiнде лицензия алмастан құрады.
2. Кеден органы құрған уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтау үшiн осы Кодекстiң 322-бабына сәйкес кедендiк алым алынады.
3. Уақытша сақтау қоймасын құрған кеден органы тауарлар мен көлiк құралдарының есебiн жүргiзедi.
4. Уақытша сақтау қоймасын құрған кеден органы қойманы конструкциясына, сақталатын тауарлардың, көлiктiң түрлерiне, қойманың өткiзу қабiлетiне және нақты қойманың жұмыс iстеуiне әсер ететiн басқа да факторларға байланысты қойманы пайдаланудың регламентiн әзiрлейдi және бекiтедi. Регламентте:
1) уақытша сақтау қоймасының жұмыс режимi;
2) уақытша сақтау қоймасында тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтауға қоюдың мерзiмдерi мен тәртiбi, есебi, сондай-ақ оларды берудiң тәртiбi;
3) тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтау қоймасында сақтауға арналған кедендiк алымның мөлшерлерi, сондай-ақ мұндай қоймаларға орналастырылатын тауарларды тиеудiң, түсiрудiң бағалары;
4) жекелеген санаттағы тауарларды сақтаудың ерекше шарттары;
5) уақытша сақтау қоймасының жұмыс iстеуiне байланысты басқа да талаптар мен шарттар көрсетiлуi тиiс.
5. Уақытша сақтау қоймасын пайдаланудың регламентi кеден органдары орналасқан жерлерде және қойманың үй-жайларында жалпы қолжетiмдi тасу үшiн ұсынылады.
118-бап. Уақытша сақтау қоймасы иесiнiң тауарларды уақытша сақтау
қоймасына орналастырушы тұлғалармен өзара қарым-қатынасы
1. Уақытша сақтау қоймасы иесiнiң тауарларды уақытша сақтау қоймасына орналастырушы тұлғалармен өзара қарым-қатынасы осы баптың 2-тармағымен көзделген жағдайларды қоспағанда шарттық негiзде құрылады.
2. Кеден органдарының тауарларды кеден органдары құрған уақытша сақтау қоймаларында сақтау кезiндегi тауарларды қоймаға орналастырушы тұлғалармен өзара қарым-қатынасы осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
Кеден органдарының тауарларды сақтауға қабылдауын тауарларды қоймаға орналастырушы тұлғаға орталық кеден органы айқындайтын нысан бойынша құжат беруiмен куәландырылады.
Кеден органдарының бұл органдардың тауарларды сақтауды жүзеге асыруына байланысты тұлғалардың алдындағы құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiгi осы Кодекспен белгiленген ережелер ескерiле отырып Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген сақтау туралы жалпы ережелерге сәйкес мiндеттемелердiң болуынан туындайды.
119-бап. Уақытша сақтау қоймаларындағы, өзге де уақытша сақтау
орындарындағы тауарларға қатысты кедендiк төлемдер мен
салықтарды төлемегенi үшiн жауапкершiлiк
1. Уақытша сақтау қоймасында, сақтаудағы тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты кедендiк төлемдер мен салықтарды төлемегенi үшiн олар жоғалған не кеден органының рұқсатынсыз басқа тұлғаларға берiлген жағдайда осындай қойманың иесi жауапкершiлiкте болады.
2. Өзге де уақытша сақтау орындарында сақтаудағы тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты оларды жоғалтқан не кеден органының рұқсатынсыз басқа тұлғаларға берген жағдайда кедендiк төлемдер мен салықтарды төлемегенi үшiн тауарлардың өзге де уақытша сақтау орындарында сақталуы үшiн жауапты тұлға жауапкершiлiкте болады.
15-ТАРАУ. ТАУАРЛАР МЕН КӨЛIК ҚҰРАЛДАРЫН ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕНДIК АУМАҒЫНАН ТЫСҚАРЫ ЖЕРЛЕРГЕ
ӘКЕТУ КЕЗIНДЕГI КЕДЕНДIК РӘСIМДЕР
120-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының
кедендiк аумағынан тысқары жерлерге әкету
1. Тауарлар мен көлiк құралдарын әкету - тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге тасымалдауға бағытталған әрекеттердi жасау.
2. Тауарлар мен көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге әкетуге тауарларды осы Кодекстiң 6-бөлiмiне сәйкес әкетiлетiн тауарларға қолданылатын мәлiмделген кедендiк режимге сәйкес босатқаннан кейiн жол берiледi.
3. Тауарлар мен көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге әкету кезiндегi кедендiк рәсiмдер мынандай кедендiк операцияларды:
1) кедендiк декларацияларды, құжаттар мен мәлiметтердi ұсынуы жолымен жүзеге асырылатын тауарларды тасымалдаушы тұлғаның оларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге әкетудi жүзеге асырмақ ниетi туралы жөнелтушi кеден органын құлақтандыруды;
2) кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыруды;
3) тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасындағы өткiзу пунктiне дейiн жеткiзудi;
4) тасымалдаушының тауарларды, көлiк құралдарын және кеден мақсаттары үшiн қажеттi құжаттарды ұсыну жолымен баратын кеден органын құлақтандыруын;
5) тауарлар мен көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге iс-жүзiнде әкетудi қамтиды.
4. Тауарлар мен көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге әкетуге тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде жол берiледi.
5. Осы баптың ережелерi Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасын Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан айлақта немесе әуежайда алаңдамастан кесiп өтетiн су және әуе кемелерiмен және электр беру желiлерi бойынша тасымалданатын тауарларға қолданылмайды.
6. Тауарларды құбыр желiсi көлiгiмен және электр беру желiлерi бойынша Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге әкету кезiнде кедендiк операциялар жасаудың тәртiбiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы айқындайды.
121-бап. Құжаттар мен мәлiметтердi ұсыну
1. Тауарлар мен көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге әкету кезiнде тауарды тасымалдаушы тұлға жөнелтушi кеден органына мәлiмделген кедендiк режимге сәйкес осы Кодекстiң 405-бабымен көзделген өздерi өткiзетiн тауарлар мен көлiк құралдарын бiрегейлендiру үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi ұсынуға мiндеттi.
2. Тауарлар мен көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге әкету кезiнде тауарлар мен көлiк құралдарын жеткiзетiн жер мен мерзiмдерiн көрсету арқылы тиiстi мөртаңба қойылатын жүктiк кедендiк декларация тауарлардың жеткiзiлуiнiң бақылау құжаттары болып табылады. Мерзiмi осы Кодекстiң 87-бабына сәйкес белгiленедi.
3. Құжаттарды ұсыну және транзиттiң кедендiк режимiмен тасымалданған тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау осы Кодекстiң 13 және 28-тарауларына сәйкес жүзеге асырылады және осы баптың 2-тармағының қолданылуына ұшырамайды.
122-бап. Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары
жерлерге әкетiлетiн тауарларды көлiк құралдарына тиеу
1. Тауарларды кедендiк ресiмдеу кезiнде кеден органы тауарларды ұсынуды талап етпейтiн немесе тауарлар тиеудi жүзеге асырғаннан кейiн ғана белгiлi бiр кедендiк режимге мәлiмделетiн жағдайларды қоспағанда тауарларды белгiлi бiр кедендiк режимге орналастырғаннан кейiн, сондай-ақ тауарларды транзиттiң кедендiк режимiне сәйкес тасымалдау кезiнде жол берiледi.
2. Тауарларды көлiк құралына тиеу кеден органдарымен келiсiлген жерлерде, қажет болған жағдайда кедендiк тексеру актiсiн жасау арқылы кеден органы лауазымды адамының қатысуымен жүзеге асырылады.
3. Тұлғаның өтiнiшi бойынша кеден органы осы Кодекстiң 22-бабына сәйкес бұл органның жұмыс уақытынан тыс уақытта тиеудi жүргiзуге рұқсат беруге құқылы.
123-бап. Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан
тысқары жерлерге әкету кезiнде оларға қойылатын талаптар
1. Тауарлар Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан тысқары жерлерге iс-жүзiнде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген нормалары мен стандарттарына сәйкес тауарлардың тасымалдаудың, тасудың және сақтаудың қалыпты жағдайы кезiндегi табиғи тозуы мен кемуiнiң не тауарлардың табиғи ерекшелiктерiнiң салдарынан саны мен жағдайының өзгеруiн, тауарлардың мөлшерiнiң көлiк құралындағы төгiлмейтiн қалдықтардың салдарынан, ал құбыр желiсi көлiгiмен әкелiнетiн тауарларға қатысты, сондай-ақ тасымалдаудың технологиялық ерекшелiктерi мен тауарлардың өзiндiк сипаттарының салдарынан өзгеруiн қоспағанда олар белгiлi бiр кедендiк режиммен орналастырылған сәтте болған мөлшерде және жағдайда әкетiлуi тиiс.
2. Баратын кеден органы инспекторының жеткiзудi бақылау құжаттарындағы жеке нөмiрлi мөрiмен расталған, өткiзу пунктi арқылы шыққан күнi көрсетiлетiн кедендiк мөртаңбалар тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан тысқары жерлерге iс-жүзiнде әкетудi растау болып табылады.
3. Баратын кеден органы ең қысқа, бiрақ он бес тәулiктен артық емес мерзiмдерде кейiн оны кедендiк бақылаудан алу үшiн негiздеме болып табылатын жеткiзудi бақылау құжаттарын ұсыну арқылы жөнелтушi кеден органын тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге әкету фактiсi туралы құлақтандырады.
4. Егер, тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының
кедендiк шекарасынан тысқары жерлерге әкету жүзеге асырылмаса, онда
тауарды тасымалдаушы тұлға не тасымалдаушы жеңуге болмайтын күштiң
әсерiнiң не авариялардың салдарынан болған жағдайларды қоспағанда
Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiне сәйкес жауаптылықта болады.
6-БӨЛIМ. ТАУАРЛАРДЫҢ КЕДЕНДIК РЕЖИМДЕРI
16-ТАРАУ. КЕДЕНДIК РЕЖИМДЕРГЕ ЖАТАТЫН ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
124-бап. Кедендiк режимдердiң түрлерi
Кедендiк заңдарды қолдану мақсатында кедендiк режимдердiң мынадай
түрлерi белгiленедi:
1) тауарларды еркiн айналым үшiн босату;
2) тауарлардың қайта импорты;
3) кеден қоймасы;
4) бажсыз сауда дүкенi;
5) тауарларды кеден аумағында қайта өңдеу;
6) тауарларды еркiн айналым үшiн қайта өңдеу;
7) тауарларды кеден аумағынан тысқары жерлерде қайта өңдеу;
8) тауарларды және көлiк құралдарын уақытша әкелу;
9) тауарларды және көлiк құралдарын уақытша әкету;
10) тауарлардың экспорты;
11) тауарлардың қайта экспорты;
12) тауарлардың транзитi;
13) тауарларды жою;
14) тауарлардан мемлекеттiң пайдасына бастарту;
15) еркiн кеден аймағы;
16) еркiн қойма;
17) арнайы кедендiк режим.
125-бап. Тауарларды кедендiк режимге мәлiмдеу және орналастыру
1. Кеден органы кедендiк декларацияларды тiркеген күн тауарларды белгілi бiр кедендiк режиммен мәлiмдеген күн болып есептеледi.
2. Осы Кодексте белгiленген тәртіппен кеден органының тауарларды босатқан күнi тауарларды кедендiк режимiмен орналастырған күн болып есептеледi.
126-бап. Кедендiк режимнiң шарттарын сақтамағаны үшiн жауаптылық
1. Осы бөлiмде айқындалған тұлғалар кедендiк режимнiң шарттары мен талаптарын сақтамағаны үшiн жауаптылықта болады.
Тұлғалар кеден режимiнiң шарттары мен талаптары кедендiк бақылаудағы тауарлардың олар еркiн айналымға шығарылғанға дейiн не олар осы Кодексте белгiленген шарттар мен талаптар бұзылмастан iс-жүзiнде Қазақстан Республикасының кедендiк аймағынан тысқары жерлерге әкетiлгенге дейiн аварияның не жеңуге болмайтын күштiң әрекетiнiң салдарынан қалпына келтiрiлместей жоғалуы, бүлiнуi немесе жойылуы себебi бойынша сақталмайтын, сондай-ақ тауарлардың саны мен жағдайы, егер көрсетiлген операцияларды белгiлi бiр кедендiк режимдi қолдану кезiнде осы бөлiмге сәйкес жасауға жол берiлетiн болса тасымалдаудың, жеткiзудiң, сақтаудың және пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайлары кезiнде табиғи тозудың немесе кемудiң не тауарлардың табиғи ерекшелiктерiнiң салдарынан өзгерген жағдайларда жауаптылықта болмайды.
2. Тұлғалар Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге әкетiлген тауарларға немесе оларды қайта өңдеу өнiмдерiне қатысты, егер бұл тауарларды немесе оларды қайта өңдеу өнiмдерiн қайтару олардың авариялардың немесе жеңуге болмайтын күштердiң әрекетiнiң, тасымалдаудың, сақтаудың және пайдаланудың қалыпты жағдайы кезiндегi табиғи тозуының не кемуiнiң салдарынан қайтаруға келмейтiн жоғалуы немесе жойылуы, сондай-ақ шет мемлекеттердiң мемлекеттiк органдарының немесе лауазымды адамдарының iс-әрекеттерiнiң салдарынан иелiктен шығуы себебi бойынша болмаса жауаптылықта болмайды.
3. Тауарлардың қалпына келтiрiлмейтiн жоғалуына, бүлiнуiне немесе
жойылуына, олардың саны мен жағдайының өзгеруiне әкеп соқтырған
жағдайларды растау мiндетi осы бөлiмде көзделген тұлғаларға жүктеледi шет
мемлекеттердiң аумағында болған жағдайларды Қазақстан Республикасының
шетелдердегі консулдық мекемелерi растайды.
127-бап. Тауарларды кедендiк режиммен орналастырудың шарттары мен
кедендiк режимнiң талаптарының сақталғандығын дәлелдеу
мiндетi
Тауарларды кедендiк режимiмен орналастырудың шарттарының
сақталғандығын дәлелдеу салмағы декларантқа, ал кедендiк режимнiң
талаптарының сақталғандығын дәлелдеу мiндетi - осы бөлiмде көзделген
тұлғаларға жүктеледi.
17-ТАРАУ. ТАУАРЛАРДЫ ЕРКIН АЙНАЛЫМ ҮШIН БОСАТУ
128-бап. Тауарларды еркiн айналым үшiн босату кедендiк режимiнiң
мақсаты
Тауарларды еркiн айналым үшiн босату - Қазақстан Республикасының
кеден аумағына әкелiнетiн тауарларды ұдайы пайдалану және тұтыну үшiн
арналған кедендiк режим.
129-бап. Тауарларды еркiн айналым үшiн босатудың кедендiк режимiмен
тауарларды орналастырудың шарттары
Тауарларды еркiн айналым үшiн босату:
1) кедендiк баждар мен салықтарды төлеу;
2) тарифсiз реттеу шараларын сақтау;
3) осы Кодекспен, Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен
көзделген басқа да талаптардың орындалуы;
4) кедендiк ресiмдеудi аяқтау шарттары жағдайында жүзеге асырылады.
18-ТАРАУ. ТАУАРЛАРДЫҢ ҚАЙТА ИМПОРТЫ
130-бап. Тауарлардың қайта импорты кедендiк режимiнiң мақсаты
Тауарлардың қайта импорты - бұрын Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетiлген тауарлар кедендiк төлемдер мен салықтардан босатыла отырып, тауарлардың қауiпсiздiгi бойынша талаптарды қоспағанда тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмастан осы Кодекстiң 131-бабымен белгiленген мерзiмдерде қайта әкелiнетiн кедендiк режим.
131-бап. Тауарларды кедендiк режимiмен орналастырудың шарттары
1. Тауарларды тауарлардың қайта импорты кедендiк режимiмен орналастыру үшiн тауарлардың:
1) оларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкету кезiнде қазақстандық тауарлар мәртебесi болуы;
2) олар әкетiлген сәттен бастап үш жылдың iшiнде тауарлардың қайта импорты кедендiк режимiне мәлiмделген болуы;
3) тасымалдаудың, сақтаудың немесе пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайлары кезiнде табиғи тозудың немесе кемудiң салдарынан өзгеруiн қоспағанда өзгермеген жағдайда болуы.
2. Тауарларды Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде коммерциялық мақсаттарға пайдалану, сондай-ақ олармен ұсақ жөндеу операцияларын, техникалық қызмет көрсетудiң және тауарларды қалыпты ұстау үшiн қажеттi басқа да операцияларды қоса алғанда олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажеттi операциялар жасау жөндеу бойынша операциялар оларды әкеткен сәттегi құнымен салыстырғанда тауарлардың құнының артуына әкелетiн жағдайларды қоспағанда оларды тауарлар импортының кедендiк режимiмен орналастыруға кедергi келтiрмейдi. Бұл ретте әкету күнгi құн мен әкелген күнгi құнның арақатынасы жүктiк кедендiк декларацияда көрсетiлетiн тауарлардың статистикалық құнының негiзiнде айқындалады.
3. Тауарлардың экспорты кедендiк режимiне сәйкес әкетiлген тауарлардың қайта импорты кедендiк режимiмен орналастырылатын тауарлардың жағдайының өзгермегендiгi, оларды әкету фактiсi, әкетiлген күнi құжаттамалы түрде расталған болуы тиiс.
4. Тауарлардың қайта импорты кедендiк режимiмен тауарларды орналастыруға осы баптың 1-тармағының талаптарының сақталуы шартымен, сондай-ақ және егер керi әкетiлген тауарлардың бөлiгi ғана әкелiнетiн жағдайда жол берiледi.
132-бап. Әкетулiк кедендiк баждарды қайтару
1. Егер, тауарларға қатысты әкету кезiнде кедендiк шекарадан өткен сәтте оларда ақау болғандығы не олар өзге тұрғыда сыртқы экономикалық мәмiлелердiң шарттарына сәйкес келмегенi анықталса, сондай-ақ сыртқы экономикалық мәмiле аталған тұлғаға қатысты емес жағдаяттар бойынша аяқталмаған және осы себептер бойынша мынадай:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құқықтық мұрагерлiк жағдайларын қоспағанда тауарларды әкеткен сол адамның тауарларды әкелуi;
2) тауарларды пайдалану ақауларын, немесе тауарларды қайтаруға әкеп соқтыратын өзге де жағдайларды анықтау үшiн қажеттi жағдайларды қоспағанда тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерде пайдаланылмауы және жөнделмеуi;
3) тауарларды кеден органдары бiрегейлендiре алатындай;
4) тауарлардың оларды әкету кезiнде кедендiк шекарадан өткен күннен кейiнгi күннен бастап алты айдың iшiнде қайта импортталуы шарттары сақталуы кезiнде тауарлар берушіге не ол нұсқаған өзге тұлғаға қайтарылған жағдайларда тауарлардың қайта импорты кезiнде қайта импорттауды жүргiзген тұлғаға кеден органы бұрын төленген кедендiк баждарды қайтарады.
2. Әкетулiк кедендiк баждарды қайтару осы Кодекстiң 46-тарауымен белгiленген тәртiппен қайта импорттауды жүргiзушi тұлғаға жүргiзіледi.
133-бап. Кедендік режимнiң шарттарын сақтамағаны үшiн жауаптылық
Тауарлардың қайта импорты режимiмен тауарларды орналастырған тұлға осы Кодекстiң 425-бабының 3-тармағымен көзделген жағдайды қоспағанда кедендiк режимнiң шарттарының сақталмағандығы үшiн жауаптылықта болады.
19-ТАРАУ. КЕДЕН ҚОЙМАСЫ
134-бап. Кеден қоймасы кедендiк режимiнiң мақсаты
Кеден қоймасы - әкелiнген тауарларды кедендiк баждар, салықтар алмастан және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмастан кеден қоймасы мәртебесi бар арнайы үй-жайларда немесе арнайы аумақтарда кедендiк бақылаумен сақтау үшiн арналған кедендiк режим.
135-бап. Тауарларды кеден қоймасы кедендiк режимiмен орналастырудың
шарттары
1. Кеден қоймасының кедендiк режимiмен тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тауарларды қоспағанда кез келген тауар орналастырыла алады.
2. Басқа тауарларға зиян келтiруi мүмкiн немесе сақтаудың ерекше жағдайларын талап ететiн тауарлар мұндай тауарларды сақтау жағдайына сәйкес жабдықталған кеден қоймаларына орналастырылуы тиiс.
136-бап. Тауарларды кеден қоймасында сақтаудың мерзiмi
1. Тауарларды сақтаудың мерзiмiн тауарларды кеден қоймасына орналастырған тұлға белгiлейдi, бiрақ үш жылдан аспауы керек.
2. Оларды сақтау, тұтыну және сату үшiн шектеулi жарамдылық мерзiмi бар тауарлар өзге кедендiк режимге мәлiмделуi және көрсетiлген мерзiмдер аяқталғанға дейiн алпыс күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей кеден қоймасынан әкетiлуi тиiс.
137-бап. Кеден қоймасындағы жарамсыз болған, бүлiнген және
зақымдалған тауарлар
Кеден қоймасында оларды сақтау кезеңiнде жеңуге болмайтын күштердiң әсерi салдарынан жарамсыз болған, бүлiнген немесе зақымдалған тауарлар декларант таңдаған, егер олар жарамсыз, бүлiнген немесе зақымданған жағдайларда әкелiнгендегiдей кедендiк режиммен орналастыруға жатады.
138-бап. Кеден қоймасы кедендiк режимiнiң қолданылуының аяқталуы
1. Кеден қоймасы кедендiк режимi тауарларды өзге де кедендiк режиммен орналастырумен аяқталады. Кеден қоймасының кедендiк режимiмен орналастырылған тауарлар толық немесе iшiнара өзге кедендiк режимге мәлiмделе алады.
2. Өзге кедендiк режиммен орналастырылған тауарлар үш тәулiктiң ішінде кеден қоймасынан әкетуге жатады.
3. Бұрын тауарларды уақытша әкелудiң кедендiк режимiмен орналастырылған тауарларды оларды осы режимге сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағында одан әрi пайдалану мақсатымен кеден қоймасынан босату кезiнде уақытша әкелу мерзiмi iшiнде жаңартылады. Көрсетiлген тауарларды еркiн айналым үшiн босату кезiнде төлеуге жататын кедендiк баждардың, салықтардың сомасын есептеу осы Кодекстiң 40-тарауына сәйкес жүргiзiледi.
139-бап. Кеден қоймалары мен олардың үлгiлерi
1. Кеден қоймасының кедендiк режимiне сәйкес тауарларды сақтау үшiн арналған кез келген арнайы белгiленген және жайластырылған үй-жай немесе орын кеден қоймасы болып табылады.
2. Кеден қоймасы тауарларға қатысты өкiлеттікке ие кез келген тұлғаның пайдалануы үшiн қолжетiмдi ашық үлгiдегі және қойма иесiнiң немесе мұндай қойманы құру кезiнде иесi айқындаған жекелеген тұлғалардың тауарларын сақтау үшiн арналған жабық үлгiдегi болуы мүмкiн.
3. Ашық және жабық үлгiдегi кеден қоймалары тауарлардың сақтаудың ерекше жағдайларын талап ететiн және басқа тауарларға зиян келтiруге қабiлеттi жекелеген санаттарын сақтау үшiн пайдаланыла алады.
4. Кеден органдары құрған кеден қоймалары ашық үлгiдегi қоймалар болып табылады.
140-бап. Кеден қоймаларының қызметiне қойылатын бiліктiлік талаптары
1. Кеден қоймасын құруға арналған үй-жай немесе орын сәйкес келуi, сондай-ақ мынадай талаптарға жауап беруi тиiс:
1) кеден қоймасы иесiнiң меншігінде орналасуы немесе олар үш жылдан кем емес мерзiмге жалға алуы;
2) iргелес түсiру алаңдарын қоса (бiр мекен-жай бойынша бiр аумақта олардың орналасу шарты кезiнде бiр немесе бiрнеше қойма үй-жайлары және алаңдары) кеден қоймасының аумағы өн бойына белгiленуi және қоршалуы және көлiк құралдарының қауiпсiз қозғалуын қамтамасыз ететін қатты жамылғы болуы тиiс. Қойманың аумағын қоршау темiрбетоннан, бетоннан, кiрпiштен, металлконструкциядан үздiксiз конструкциядан немесе осы материалдардан конструкциядан және биiктiгi 2,2 метрден кем емес болуы тиiс;
3) кеден қоймасының аумағында қойманың бөлiгi болып табылмайтын құрылыстар мен ғимараттар орналаспауы тиiс;
4) техникалық ақаусыз кiрме жолдарының, сондай-ақ ашық қарау алаңдарының болуы;
5) өрт қауiпсiздiгiне қарсы талаптарға сәйкес келуi;
6) санитарлық және техникалық нормаларға сәйкес келуi;
7) қауiпсiздiк пен еңбектi қорғау талаптарына сәйкес келетiн қажеттi түсiру-тиеу техникасының болуы;
8) сақтауға орналастырылатын тауарлар мен көлiк құралдарының сипатына
сәйкес келетiн сертификацияланған салмақтық жабдықтың болуы.
2. Өтінiште және осы баппен айқындалған құжаттарда көрсетiлген
мәлiметтердiң өзгеруi жағдайында кеден қоймасының иесi өзгерiстердi енгiзу
күнiнен бастап отыз күнтiзбелiк күннiң аяқталуынан кешiктiрмей тиiстi
өзгерiстер туралы кеден органын хабардар етедi.
3. Кеден қоймалары олардың жұмыс iстеуiнiң бүкiл мерзiмi бойы
белгіленген талаптарға сәйкес келуi тиiс.
141-бап. Кеден қоймасы иесiнiң мiндеттерi
Кеден қоймасының иесi:
1) кеден бақылауын қамтамасыз ету үшiн қажеттi қойманы тиiстi жолмен
жайғастыруға;
2) сақтауда орналасқан тауарлар мен көлiк құралдарын кеден бақылауынан басқа қоймадан алып қою мүмкiндiгiн болдырмау;
3) кеден бақылауының аймағы болып табылатын аумақ қоймасына жалған немесе қоймада кеден органының жұмыс уақытынан тыс келген тауарлар мен көлiк құралдарын орналастыруды қамтамасыз ету;
4) кеден бақылауының аймағы болып табылатын оған жалғас аумақта немесе кеден қоймасында орналасқан тауарлар мен көлiк құралдарын сақтауды қамтамасыз ету;
5) кеден бақылауын жүзеге асыруға жәрдем көрсету;
6) осы Кодекстiң 142-бабымен белгiленген тәртiппен сақталатын тауарлар мен олардың айналымы туралы есептiлiктi салық органдарына беруге және есепке алуды жүргізу;
7) кеден органдарының рұқсатынсыз сақталатын тауарлар мен көлiк құралдарына бөгде тұлғалардың (қойма қызметкерлерi болып табылмайтын және тауарларға қатысты өкiлеттiктерге ие емес) енуiне мүмкiн еместiгiн қамтамасыз ету;
8) кеден қоймасын құруға арналған лицензиялардың шарттарын сақтау
және кеден органдары жауапты лауазымды тұлғаларының сақталатын тауарлар
мен көлiк құралдарына енудi қамтамасыз етудi қоса кеден органдарының
талаптарын сақтау және осы тұлғаларға кедендiк бақылау мен кедендiк
ресiмдеу үшiн кеден қоймасында өтеусiз үй-жайлар, жабдықтар және байланыс
құралдарын беру;
9) сақтаудың ерекше шарттарын сақтауды талап ететiн тауарларды сақтау
жағдайында тауарларды сақтаудың арнаулы шарттарын орындауды қамтамасыз ету;
10) осы Кодекстiң 143-бабының 2-тармағымен көзделген жағдайларда
кедендiк баждарды, салықтарды төлеуге мiндеттi.
142-бап. Кеден қоймасы арқылы айналатын тауарлар туралы есеп пен
есептiлік
1. Кеден қоймасының кедендiк режимiне сәйкес кеден қоймасы арқылы
айналатын тауарлар есебiн жүргiзуге жатады.
2. Тауарларды кеден қоймасына орналастыру кезiнде қойманың иесi
қойманың есеп құжаттарында мынадай мәлiметтердi:
1) тауардың қоймаға орналастырған күнiн;
2) тауардың атауын;
3) орындардың саны мен орамдағы салмағын (кг);
4) тауарға iлеспе құжаттың нөмiрiн;
5) жүктiк кедендiк декларацияның нөмiрiн және босатылған күнiн
тiркеуi тиiс.
3. Кеден қоймаларының иелерi кеден iсi мәселелерi жөнiндегі уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы белгiлеген нысанда және тәртіппен кеден органдарына кеден қоймасында сақталудағы тауарлар туралы есеп беруi тиіс. Бұл ретте, есепке алу жүйесiне:
1) есепке алу кiтабы;
2) есепке алудың кедендiк құжаты енгiзiледi.
Кедендiк декларация кедендiк есеп құжаты болып табылуы мүмкiн.
4. Есеп кiтабы есептiң автоматтандырылған жүйесiнен тәуелсiз белгiленген нысанға сәйкес жүргiзiледi.
5. Кеден органы кеден қоймасындағы тауарлар мен көлiк құралдарына түгендеу жүргізуге құқылы.
6. Кеден қоймасындағы тауарлар мен көлiк құралдарының есебi құжаты бес жыл сақталады.
143-бап. Кеден қоймасы арқылы айналатын тауарларға қатысты кедендiк
баждар мен салықтарды төлемегенi үшiн жауаптылық
1. Осы Кодексте өзгедей белгiленбесе тауарларды кеден қоймасының кедендiк режимiмен орналастырған тұлға кеден қоймасы арқылы айналатын тауарларға қатысты кедендiк баждар мен салықтарды төлемегенi үшiн жауаптылықта болады.
2. Кеден қоймасының иесi кеден органы кеден қоймасының иесi болып табылатын жағдайларды қоспағанда тауарларды жоғалтқан не оларды кеден органының рұқсатынсыз берген жағдайда кедендiк баждар мен салықтарды төлемегенi үшiн жауаптылықта болады.
144-бап. Кеден қоймасында сақтау кезiнде тауарлармен жүргiзiлетiн
операциялар
1. Кеден қоймасының кедендiк режимiмен орналастырылған тауарлармен кеден органының рұқсатымен:
1) тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi;
2) тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау жөнiндегi - партияларды ұсақтау жөнелтулердi қалыптастыру, сорттау, орамдау, қайта орамдау, маркiлеу (оның iшiнде акциздiк алым маркiлерiнiң) операциялары, сондай-ақ тауарлардың тауарлық сапасын жақсарту үшiн қажетті операциялар;
3) сынамалар мен үлгiлер алу жөнiндегi операциялар жүргiзiле алады.
2. Кеден қоймасында тауарлармен жүргiзiлетiн барлық операциялар бұл тауарлардың Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы бойынша жiктеу кодының өзгеруiне байланысты сипатын (сапасын) өзгертпеуi тиiс.
3. Тауарларды бiр кеден қоймасынан екiншiсiне ауыстыруға осы Кодекстiң 13-тарауымен айқындалған тәртiппен кедендiк бақылаумен жол берiледi. Бұл ретте, кеден қоймасы кедендiк режимiнiң қолданылуы үзiлмейдi және тоқтатылмайды.
145-бап. Кеден қоймасы иесiнiң тауарларды кеден қоймасына
орналастыруды тұлғалармен өзара қарым-қатынасы
1. Кеден қоймасы иесiнiң тауарларды кеден қоймасына орналастырушы тұлғалармен өзара қарым-қатынасы шарттық негiзде құрылады.
2. Кеден органдарының тауарларды кеден қоймасына орналастырушы тұлғалармен тауарларды кеден органдары құрған кеден қоймаларында сақтау кезiндегi өзара қарым-қатынасы осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте, кеден органдары тауарларды сақтауға қабылдауды тауарларды қоймаға орналастырушы тұлғаға орталық кеден органы айқындайтын және кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiлген нысан бойынша құжат берумен куәландырылады.
3. Тауарларды кеден органы құрылтайшысы болып табылатын кеден
қоймасында сақтау үшiн осы Кодекстiң 322-бабына сәйкес кедендiк алым
алынады.
146-бап. Кеден қоймасын құруға арналған лицензия
1. Кеден қоймасын орталық кеден органының лицензиясын алғаннан кейiн
қазақстандық тұлға құрады.
2. Егер, кеден қоймасын орталық кеден органы шешiмiнiң негізiнде
кеден органы құратын болса, кеден қоймасын құруға арналған лицензияны алу
талап етiлмейдi.
3. Лицензиялауға байланысты және осы тараумен реттелмеген қатынастар
лицензиялау туралы заңдармен реттеледi.
4. Кеден органы жұмыс iстеп тұрған кеден қоймалары туралы
ақпараттарды мерзiмдi жариялап тұруды қамтамасыз етедi.
147-бап. Кеден қоймасын құруға арналған лицензияны алу үшін қажеттi
құжаттар
1. Кеден қоймасын құруға арналған лицензияны алу үшiн мынадай
құжаттар қажет:
1) тұлғаның нысан бойынша лицензия беру туралы өтiнiшi;
2) тiркеу құжаттарының нотариалдық расталған көшiрмелерi;
3) өртке қарсы қауiпсiздiк талаптарына, санитарлық және техникалық
нормаларға сәйкес келудi растайтын құжаттар;
4) лицензия бергенi үшiн алымды төлегендiгiн растайтын құжаттар;
5) тиiстi үй-жайларға немесе орындарға қатысты меншiк немесе иелiк
ету және пайдалану құқығын растайтын құжаттар;
6) кеден қоймасы ретiнде мәлiмделетiн үй-жайлар мен аумақтардың
жоспарлары, сызбалары;
7) лицензияны беру туралы өтiнiштi берген тұлғаның мөрiмен расталған бар тиеу-түсiру техникасының және салмақтық жабдықтың тiзбесi;
8) жабық үлгiдегi кеден қоймасын құру кезiнде тауарларды сақтауды жүзеге асыратын тұлғалардың тізімі ұсынылады.
2. Өтiнiште және осы баптың 1-тармағының 5)-6)-тармақшаларында белгiленген құжаттарда көрсетiлген мәлiметтер өзгерген кезде лицензиат өзгерiстер енгiзiлген күннен бастап отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей тиiстi өзгертулер туралы кеден органын құлақтандырады.
148-бап. Кеден қоймасын құруға арналған лицензияның қолданылуын
тоқтата тұру
1. Кеден қоймасының иесi осы Кодекспен белгiленген талаптарды және мiндеттердi сақтамаған жағдайда, лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұру себебiн көрсете отырып алты айға дейiнгi мерзiмге орталық кеден органының шешiмi бойынша тоқтатыла тұруы мүмкiн.
2. Лицензияның қолданылуы кеден қоймасы иесiнiң дәлелдi жүгiнуi бойынша тоқтатыла тұруы мүмкiн.
3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмдi осындай шешімдi негiздеумен бұйрық нысанында орталық кеден органы қабылдайды.
4. Лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда тауарларды кеден қоймасына қоюға рұқсат етiлмейдi. Кеден қоймасына лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрғанға дейiн қойылған тауарлар басқа кеден қоймасына кеден бақылауына орналастырылуы немесе өзге кедендiк режиммен орналастырылуы тиiс.
5. Лицензияның қолданылуы ол бойынша оның қолданылуы тоқтата тұрылған себептi жойғаннан кейiн лицензияның қолданылуын жаңғырту туралы шешiмдi қабылдау күнiнен бастап орталық кеден органының бұйрығымен жаңғыртылады.
149-бап. Кеден қоймасын құруға арналған лицензияларды керi
қайтарып алу
1. Лицензияларды орталық кеден органы:
1) егер толық және дұрыс ақпарат берiлген жағдайда оның белгiленген тәртiптiң негiзiнде мәлiмдеушiге берiлуi мүмкiн болмаса, ол дұрыс емес мәлiметтердiң негiзiнде берiлген;
2) лицензиат лицензиядағы талаптарды орындамаған;
3) олар бойынша лицензияның қолданылуы бұрын тоқтатыла тұрған себептер жойылмаған жағдайларда керi қайтарып алуы мүмкiн.
2. Керi қайтарып алу туралы шешiм осындай шешiмнiң негiздемесiмен
бiрге орталық кеден органы басшысының бұйрығымен ресiмделедi.
3. Лицензияны керi қайтарып алу керi қайтарып алу туралы шешiм
қабылданған күннен бастап қолданылады.
4. Лицензия керi қайтарылып алынған жағдайда кеден қоймасының иесi
керi қайтарып алу туралы шешiмдi алған күннен бастап он бес күнтiзбелiк
күннен кешiктiрмей лицензияның түпнұсқасын кеден органына қайтаруға
мiндеттi.
5. Кеден қоймасын құруға арналған лицензия беру туралы қайталама
өтiнiш керi қайтарып алу үшiн негiздеме болған себептердiң жойылуы
шартымен лицензияны керi қайтарып алу туралы шешiм шығарылған күннен
бастап екi жыл өткеннен кейiн қаралуы мүмкiн.
150-бап. Кеден қоймасын құруға арналған лицензияның қолданылуын
тоқтату
1. Кеден қоймасын құруға арналған лицензия:
1) кеден қоймасын құруға арналған лицензия керi қайтарылып алынған;
2) кеден қоймасы иесiнiң кеден органына жазбаша өтiнiш ұсынуымен кеден қоймасының қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызмет тоқтатылған;
3) кеден қоймасын құруға арналған лицензиясы бар заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда орталық кеден органының шешiмi бойынша өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
2. Кеден қоймасын құруға арналған лицензияның қолданылуын тоқтату туралы шешiм мұндай шешiмнiң себептерi көрсетiле отырып орталық кеден органы басшысының бұйрығымен ресiмделедi.
3. Кеден қоймасының қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызмет тоқтатылған, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған кезде кеден қоймасының иесi он бес күнтiзбелiк күннiң iшiнде лицензияны орталық кеден органына қайтаруға мiндеттi.
4. Кеден қоймасының қызметiн көрсету жөнiндегi қызмет тоқтатылған жағдайда, лицензияның қолданылуын тоқтату туралы шешiм қабылданғанға дейiн кеден қоймасы кедендiк режимiмен орналастырылған тауарлар осы Кодекстiң 13-тарауында белгiленген тәртiппен басқа кеден қоймасына ауыстырылуы мүмкiн не аталған тауарларға қатысты кеден қоймасы кедендiк режимiнiң қолданылуы лицензияның қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылданған күннен кейiнгi күннен бастап отыз күнтiзбелiк күннiң iшiнде тоқтатылуы тиiс.
5. Кеден органы құрған кеден қоймасының қызметтерiн көрсету жөнiндегi
қызметтiң тоқтатылуына байланысты тауарларды беру кезiнде аталған кеден
органы тауарларды сақтауға орналастырған тұлғаға iс-жүзiнде сақталған
мерзiмнiң тауарларды сақтауға орналастыру кезiнде белгiленген мерзiмге
қатынасына байланысты сақтау үшiн кедендiк алымдардың бөленген сомаларының
бiр бөлiгiн қайтарып бередi.
6. Кеден органы құрған кеден қоймасының қызметтерiн көрсету жөнiндегi
қызметтiң тоқтатылуына байланысты тұлғада пайда болған шығыстарды кеден
органы өтемейдi.
151-бап. Кеден қоймасы кедендiк режимiнiң шарттарын орындамағаны
үшiн жауаптылық
Осы Кодекстiң 425-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды
қоспағанда, тауарларды кеден қоймасының кедендiк режимiмен орналастырған
тұлға, ал кеден қоймасындағы тауарларға қатысты билiк ету құқығын басқа
тұлғаға берген жағдайда - осы тауарларға қатысты өкiлеттiктерге ие тұлға
кеден қоймасы кедендiк режимiнiң шарттарын орындамағаны үшiн жауаптылықта
болады.
20-ТАРАУ. БАЖСЫЗ САУДА ДҮКЕНI
152-бап. Бажсыз сауда дүкенiнiң кедендік режимiн тағайындау
1. Бажсыз сауда дүкенi - Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнген шетелдiк тауарлар немесе қазақстандық тауардың қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды қоспағанда, кейiн мұндай тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкету шартымен қорғау және әкiмшiлдендiру сипатындағы тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану және кедендiк баждар, салықтар алынбастан тiкелей бажсыз сауда дүкендерiнде жеке тұлғаларға сатылатын кедендiк режим.
2. Тауарларды бажсыз сауда дүкендерiнде сату Қазақстан Республикасының кеден аумағында Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы кедендiк пункттерiнде өткiзумен кедендiк бақылаумен жүргiзiледi.
3. Бажсыз сауда дүкенiнiң аумағында сауда операцияларын, сондай-ақ тауарларды сақтауды қамтамасыз ету және сатуға тауарларды дайындау (қаттаманы ашу, ыжыстан босату және басқалары) жөнiндегі операцияларды жүзеге асыруға арналған орындар болуы тиiс.
Осы мақсаттар үшiн бажсыз сауда дүкенiнiң аумағында:
1) сауда залы (сауда залдары);
2) бажсыз сауда дүкенiнiң қоймасы (қоймалары) болуы тиiс.
Сауда залы және бажсыз сауда дүкенiнiң қоймасы тек бажсыз сауда дүкенiнiң кедендiк режимi талаптарының шеңберiнде ғана пайдаланылуы мүмкiн. Көрсетiлген орындарды өзге мақсаттар үшiн пайдалануға рұқсат етілмейдi.
153-бап. Тауарларды бажсыз сауда дүкенi режимiмен орналастырудың
шарттары
1. Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған, Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық айналымнан алынған тауарларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған өзге де тауарларды қоспағанда кез келген тауарлар бажсыз сауда дүкенiнiң кедендiк режимiмен орналастырыла алады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында сату шектелген тауарлар бажсыз сауда дүкенiнiң кедендiк режимiмен Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптардың сақталуы шартымен сатылады.
3. Бажсыз сауда дүкенiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн
пайдаланылатын тауарлар бажсыз сауда дүкенi кедендiк режимiмен
орналастыруға жатпайды.
154-бап. Тауарларды бажсыз сауда дүкенiнде сату
1. Бажсыз сауда дүкенiнiң кедендiк режимiмен орналастырылған
тауарларды сату мiндеттi түрде бақылау-фискальдық жады бар кассалық
машиналарды қолдану арқылы Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан
тысқары жерлерге жол жүретiн жеке тұлғаларға жүзеге асырылады.
2. Бажсыз сауда дүкенiнде сатылатын тауарлардың кеден органымен
келiсiлген арнайы таңбалауының болуы және сату үшiн алдын ала орамдалған
болуы тиiс.
155-бап. Бажсыз сауда дүкенiне түсетiн және онда сатылатын тауарлар
туралы есеп пен есептілік
1. Бажсыз сауда дүкенiнiң кедендiк режимiмен орналастырылған тауарлар бажсыз сауда дүкенi иесiнiң мiндеттi есебiн жүргiзуiне жатады.
2. Бажсыз сауда дүкенiне түсетiн және онда сатылатын тауарлардың есебiн жүргiзудiң нысанын кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы айқындайды. Бұл ретте, тауарлардың есебi мiндеттi түрде:
1) есеп кiтабын;
2) кедендiк есеп құжатын жүргiзу арқылы жүргiзiледi.
Жүктiк кедендiк декларация кедендiк есеп құжаты болып табылуы мүмкiн.
3. Бажсыз сауда дүкенi иесiнiң есеп кiтабын жүргiзуiне қосымша
есептiң басқа да, оның iшiнде автоматтандырылған жүйелерiн пайдалануына
рұқсат етiледi.
4. Кеден органы бажсыз сауда дүкенiнiң кеден органы сауда
залдарындағы, қосалқы үй-жайларындағы және қоймасындағы тауарларды
түгендеудi жүргiзуге құқылы.
156-бап. Бажсыз сауда дүкенiнiң қызметiне қойылатын бiлiктiлiк
талаптары
1. Бажсыз сауда дүкенiн құру үшiн арналатын үй-жай мынадай талаптарға
сәйкес келуi:
1) дүкен иесiнiң меншiгiнде болуы немесе оларға үш жылдан кем емес
мерзiмге жалға берiлуi;
2) сауда залы жеке тұлғалар бұл адамдар Қазақстан Республикасының
кедендiк шекарасы арқылы жол жүрген кезде әкететiн тауарларды кедендiк
ресiмдеудi жүргiзу үшiн белгiленген орыннан тысқары жерде болуы;
3) өртке қарсы қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келуi;
4) санитарлық және техникалық нормаларға сәйкес келуi тиiс.
157-бап. Бажсыз сауда дүкенiн құруға арналған лицензия
1. Бажсыз сауда дүкенi оның иесi орталық кеден органының лицензиясын
алғаннан кейiн ашылады.
2. Осы тараумен реттелмеген лицензиялаумен байланысты қатынастар
лицензиялау туралы заңнамамен реттеледi.
158-бап. Бажсыз сауда дүкенiн құруға арналған лицензияны алу үшiн
қажеттi құжаттар
1. Бажсыз сауда дүкенiн құруға арналған лицензияны алу үшiн мынадай
құжаттар қажет:
1) тұлғаның белгiленген нысан бойынша лицензия беру туралы өтiнiшi;
2) тiркеу құжаттарының нотариалды расталған көшiрмелерi;
3) өртке қарсы қауiпсiздiк талаптарына, санитарлық және техникалық
нормаларға сәйкес келуiн растайтын құжаттар;
4) лицензияны бергендiгi үшiн алымның төлегендiгiн растайтын құжаттар;
5) тиiстi үй-жайларға қатысты меншiк немесе иелiк ету және пайдалану
құқығын растайтын құжаттар;
6) бажсыз сауда дүкенi ретiнде мәлiмделетiн үй-жайлардың жоспарлары,
сызбалары.
2. Осы баптың 1-тармағының 5), 6)-тармақшаларында белгiленген өтiніште және құжаттарда көрсетілген мәлiметтер өзгерген жағдайда, лицензиат кеден органын тиiстi өзгерiстер туралы өзгерiстер енгiзiлген күннен бастап отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей хабардар етедi.
159-бап. Бажсыз сауда дүкенiн құруға арналған лицензияның қолданылуын
тоқтата тұру
1. Бажсыз сауда дүкенi иесiнiң өз мiндеттемелерiн және бажсыз сауда дүкенiнiң қызметiне қойылатын талаптарды орындамау жағдайына лицензия қызметi тоқтата тұру себебiн көрсете отырып алты айға дейiнгi мерзiмге орталық кеден органының шешiмi бойынша тоқтатыла тұруы мүмкiн.
2. Лицензияның қызметiн тоқтата тұру туралы шешiмдi осындай шешiмдi негiздеумен басшының бұйрығы түрiнде орталық кеден органы қабылдайды.
3. Лицензия қызметi тиiстi шешiмдi қабылдау күнiнен бастап тоқтатыла тұрады. Лицензияның қызметiн тоқтата тұру кезiнде тауарлардың үй-жайы бажсыз сауда дүкенiнiң кеден режимiне жол берiлмейдi. Лицензияның қызметiн тоқтата тұруға дейiн бажсыз сауда дүкенiнiң кеден режимiне орналастырылған тауарлар өзге кеден режимiне орналастырылуы тиiс.
4. Лицензияның қызметi ол бойынша оның қызметi тоқтатыла тұрған себептердi жойғаннан кейiн лицензияны жаңғырту туралы шешiмдi қабылдау күнiнен бастап орталық кеден органы басшысының бұйрығымен жаңғыртылады.
160-бап. Бажсыз сауда дүкенiн құруға арналған лицензияны қайтарып алу
1. Лицензияны мына жағдайларда орталық кеден органы қайтарып алуы мүмкiн:
1) егер толық және рас ақпаратты беру кезiнде ол белгiленген тәртiп
негiзiнде өтiнiш берушiге ол берiлмейтiн, рас емес мәлiмет негiзiнде ол
берiлген жағдайда;
2) лицензиядағы талаптарды лицензиаттың орындамауы;
3) ол бойынша лицензияның қызметi бұрын тоқтатыла тұрған себептердi
жою.
2. Қайтарып алу туралы шешiм осындай шешiмдi негіздеумен орталық
кеден органы басшысының бұйрығымен ресiмделедi.
3. Лицензияны қайтарып алу қайтарып алу туралы шешiмдi қабылдау
күнiнен бастап қолданылады.
4. Лицензияны қайтарып алу кезiнде бажсыз сауда дүкенiнiң иесi
қайтарып алу туралы шешiмдi алу күнiнен бастап он бес күнтiзбелiк күннен
кешiктiрмей бажсыз сауда дүкенiнiң иесi лицензияны орталық кеден органына
қайтаруға мiндеттi.
5. Бажсыз сауда дүкенiн құруға лицензияны беру туралы қайталама
өтiнiш оны қайтарып алу үшiн негiздеме болып қызмет ететiн себептердi жою
кезiнде лицензияны қайтарып алу туралы шешiмдi шығару күнiнен бастап екi
жылдың аяқталуы бойынша қаралуы мүмкiн.
161-бап. Бажсыз сауда дүкенiн құруға арналған лицензияның қызметін
тоқтату
1. Бажсыз сауда дүкенiн құруға арналған лицензия мына жағдайларда орталық кеден органының шешiмi бойынша ез қызметiн тоқтатады:
1) лицензияны қайтарып алу;
2) бажсыз сауда дүкенi иесiнiң жазбаша өтiнiшiн орталық кеден органына берумен бажсыз сауда дүкенiнiң қызметiн тоқтату;
3) бажсыз сауда дүкенiн құруға арналған лицензиясы бар заңды тұлғаны қайта құру немесе тарату.
2. Бажсыз сауда дүкенiн құруға лицензияның қызметiн тоқтату туралы шешiм осындай тоқтатудың себебiн көрсете отырып орталық кеден органы басшысының бұйрығымен ресiмделедi.
3. Бажсыз сауда дүкенiнiң қызметiн тоқтату, заңды тұлғаны қайта құру немесе тарату кезiнде бажсыз сауда дүкенiнiң иесi он бес күндiк мерзiмде орталық кеден органына лицензияны қайтаруға мiндетті.
4. Лицензияның қызметiн тоқтату туралы шешiмдi қабылдауға дейiн бажсыз сауда дүкенiнiң кедендiк режимiне орналастырылған тауарлар бажсыз сауда дүкенiнiң қызметiн тоқтату кезiнде лицензияның қызметiн тоқтату туралы шешiмдi қабылдау күнiнен бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде өзге кеден режимiне орналастыруға жатады.
5. Бажсыз сауда дүкенiнiң иесi бажсыз сауда дүкенiнiң қызметiн тоқтату туралы хабарламаны алу күнiнен бастап үш күндiк мерзiмде осы Кодекстiң 154-бабымен көзделген тәртiпте қоймада орналасқан тауарлар туралы есептi кеден органына беруге мiндеттi.
6. Бажсыз сауда дүкенiнiң қызметiн тоқтату кезiнде кеден органы жетi күндiк мерзiмнен кешiктiрмей тауарларды түгендеудi жүргізедi.
162-бап. Бажсыз сауда дүкенi иесiнiң мiндеттерi мен жауаптылығы
1. Бажсыз сауда дүкенiнiң иесi:
1) бажсыз сауда дүкенiнiң қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын сақтауға;
2) бажсыз сауда дүкенiнiң үй-жайында орналасқан тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету, оның iшiнде, кеден бақылауынан басқа бажсыз сауда дүкенiнiң кедендiк режимiне орналастырылған тауарларды алып қоюдың мүмкiндiгiн болдырмау;
3) қоймаларда, қосалқы үй-жайларда орналасқан тауарларға бөгде тұлғалардың енуiн болдырмау;
4) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге кететiн жеке тұлғаларға ғана сауда залдарына енудi қамтамасыз ету;
5) түсетiн және сатылатын тауарлардың есебiн жүргiзуге және олар туралы кеден органдарына осы Кодекстiң 155-бабында белгiленген тәртiппен есептiлiк ұсынуға;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарды сақтауға мiндеттi.
2. Бажсыз сауда дүкенiнiң иесi шетелдiк тауарларды жоғалтқан не осы тарауда белгiленген талаптар мен шарттарға сәйкес бажсыз сауда дүкенiнде сатудың орнына оларды өзге мақсаттарға пайдаланған жағдайда, кедендiк төлемдер мен салықтардың төлемеуі үшiн жауаптылықта болады.
21-ТАРАУ. ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕН АУМАҒЫНДА ҚАЙТА ӨҢДЕУ
163-бап. Тауарларды кеден аумағында қайта өңдеудiң кедендiк режимiн
тағайындау
1. Тауарларды кеден аумағында қайта өңдеу - Қазақстан Республикасының кеден аумағында шетелдiк тауарларды тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбастан, кейiн қайта өңдеу өнiмдерiн Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге әкету арқылы кедендiк баждар мен салықтарды өндiрiп алуға пайдалануға арналған кедендiк режим.
2. Осы тараумен белгiленген жағдайларда кеден аумағында тауарларды қайта өңдеудiң кедендiк режимiне орналастырылған шетел тауарларын қазақстандық тауарлармен ауыстыруға жол берiледi.
164-бап. Тауарларды кеден аумағында қайта өңдеудің кедендiк режимiмен
орналастырудың шарттары
1. Тауарларды кеден аумағында қайта өңдеудiң кедендiк режимiмен тауарларды орналастыру:
1) уәкiлеттi мемлекеттiк органның осы Кодекстiң 168-бабында белгiленген тәртіппен кеден аумағында тауарларды қайта өңдеудiң орындылығы туралы қорытындысының ұсынылуы. Егер қайта өңдеудiң мақсаты жөндеу болып табылса көрсетiлген қорытындыны ұсыну талап етiлмейдi;
2) кедендiк режим осы Кодекстiң 171-бабына сәйкес шетелдiктерге балама тауарларды қайта өңдеудiң нәтижесiнде алынған қайта өңдеу өнiмдерiн әкетумен аяқталатын жағдайды қоспағанда, кеден органдарының қайта өңдеу өнiмдерiндегi шетел тауарларын бiрегейлендiруi шартымен рұқсат етiледi.
Егер тауарларды Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тiзбе бойынша қайта өңдеудiң кеден режимiне орналастыруға тыйым салынса, кеден аумағында тауарларды қайта өңдеудiң кедендiк режимiн пайдалануға жол берiлмейдi.
3. Кеден аумағында тауарларды қайта өңдеудiң кедендiк режимi осы Кодекстiң 400-бабына сәйкес декларант ретiнде көрiнуi мүмкiн тұлға жариялауы мүмкiн.
4. Шетел тауарларын қайта өңдеу бойынша операцияларды жүзеге асыру кезiнде қазақстандық тауарлар пайдаланылуы мүмкiн.
165-бап. Қайта өңдеу өнiмдерiндегi шетел тауарларын бiрегейлендiру
1. Әкелiнген тауарларды қайта өңдеу фактiсiн белгiлеу мақсатында мынадай тәсiлдердiң бiреуiн пайдалана отырып қайта өңдеу өнiмдерiндегi әкелiнген тауарларды бiрегейлендiру жүргiзiледi:
1) уәкiлеттi орган берген қорытындыда көрсетiлмеген тауарлардың өндiрiстiк процесiнде пайдалануды болдырмау мақсатында айқындалған технологиялық операцияларды орындайтын технологиялық желiлердiң телiмдерi, қойма үй-жайларында пломб түрiнде кеден қамтамасыз етуiн салу;
2) декларанттың, қайта өңдеушiнiң немесе кеден органдарының лауазымды тұлғаларының қайта өңдеуге арналған шығыс шетел және/немесе қазақстандық тауарлардың мөрдi, мөртаңбаны, сандық және басқа да таңбалауды беруi;
3) өндiрiсте пайдаланылатын шикiзат, материалдар және жинақтаушылар туралы мәлiметтi қоса қайта өңдеуге арналған тауарларды суреттеу;
4) қайта өңдеу үшiн тауарлар масштабында суретке түсiру, бейнелеу;
5) қайта өңдеу өнiмдерi тауарларының алынған сынамасын, үлгiлерiн алдын-ала салыстыру;
6) зауыт нөмiрлерi түрiндегi (мысалы, қозғалтқыштар, шанақ бөлшектерi және басқалары) тауарларды бар таңбалауды пайдалану.
2. Қайта өңдеу өнiмдерiндегi тауарларды бiрегейлендiру талап етiлмейдi, егер:
1) қайта өңдеу үшiн өндiрiстiң тоқтаусыз циклына қатысты технологиялық процесс пайдаланады;
2) қайта өңдеушi Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңдеудiң сәйкес өнiмдерiн өндiрудi болдырмайтын, бiрегей технологиялық процесс пайдаланылады.
Көрсетiлген технологиялық процестердiң тiзбесiн тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайды.
166-бап. Тауарларды қайта өңдеу жөнiндегi операциялар
Тауарларды қайта өңдеу жөнiндегi операциялар:
1) бiрегейлендiру қайта өңдеудiң мiндеттi шарты болып табылатын кезде шетел тауарлары қайта өңдеу өнiмдерiндегi әкелiнген тауарларды бiрегейлендiруге мүмкiндiк беретiн қайта өңдеу өнiмдерiндегi сипаттамаларды сақтай отырып жеке сипатын жоғалтатын тауарларды өңдеудi немесе қайта өңдеудi;
2) оның кезiнде әкелiнетiн тауарлардың негiзгi сипаттамасы сақталатын монтаждауды, жинауды және айдауды қоса алғанда, тауарларды дайындауды;
3) оны қалпына келтiру тәртiпке келтiру, құрамдас бөлшектерiн ауыстыруды қоса алғанда тауарды жөндеудi;
4) қайта өңдеу процесiнде егер тiптен бұл тауарлар толық немесе iшiнара тұтынылса, өнiмдер өндiрiсiн қайта өңдеуге жәрдем ететiн немесе оны жеңiлдететiн тауарлар шикiзаты ретiнде пайдалануды қамтиды. Аталған операция осы баптың 1)-3)-тармақшаларында көрсетiлгендердiң бiрiмен бiр уақытта орындалуы тиiс.
167-бап. Кеден аумағына тауарларды қайта өңдеудiң мерзiмдерi
1. Кеден аумағына тауарларды қайта өңдеу осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын, бiрақ кеден режимiне тауарларды орналастыру күнiнен бастап үш жылдан астам емес мерзiмде жүргiзiледi.
2. Қайта өңдеу мерзiмiн уәкiлеттi мемлекеттік орган айқындайды және:
1) Қазақстан Республикасының кеден аумағына қайта өңдеуге әкелiнетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу үшiн қажеттi уақытты;
2) тауарларды қайта өңдеудiң өндiрiстiк процесiнiң ұзақтығын;
3) қайта өңдеу өнiмдерiн нақты әкету үшiн қажеттi уақытты қамтиды.
3. Үш жыл шегiнде тауарларды қайта өңдеу мерзiмiн ұлғайту туралы мәселенi шешу үшiн декларант бақылауды жүзеге асырушы кеден органына қайта өңдеу мерзiмiнiң аяқталуына дейiн бiр айдан кешiктiрмей қайта өңдеу мерзiмiн ұлғайтудың орындылығы туралы уәкiлеттi мемлекеттiк органның қорытындысын қосымшамен осындай ұзартудың қажеттiлiгi туралы өтiнiштi бередi.
4. Қайта өңдеу мерзiмiн ұлғайту туралы өтiнiштi қарау мерзiмi өтiнiштi алу күнiнен бастап он күнтiзбелiк күннен аспайды.
5. Егер, мерзiмдi мұндай ұзартуды уәкiлеттi орган орынсыз деп таныған
жағдайда, сондай-ақ декларант кедендiк ережелердi бұзған жағдайда, қайта
өңдеудiң мерзiмiн ұзартудан бас тартылуы мүмкiн.
6. Тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына қайта өңдеу
мерзiмiн ұлғайту туралы кеден органының шешiмi жазбаша үлгiде өтiнiш
берушiнiң назарына жеткiзiледi.
7. Қайта өңдеу мерзiмiн ұзартудан бас тарту жағдайында кеден аумағына
қайта өңдеудiң кеден режимiне орналастырылған тауарлар өзге кедендiк
режимге өтiнiш беруге жатады.
168-бап. Уәкiлеттi органның тауарларды кеден аумағында қайта өңдеудiң
орындылығы туралы қорытындысы
1. Уәкiлеттi органның қорытындысын алу үшiн декларант уәкiлеттi
органға:
1) жазбаша өтiнiштi;
2) мемлекеттiк тiркеу туралы нотариальды расталған куәлiктiң
көшiрмесiн;
3) тауарлар қайта өңдеу мақсаты үшiн әкелiнетiнiн куәландыратын қайта
өңдеуге шартты (келiсiм-шарт);
4) қайта өңдеудi жүзеге асыратын тұлғамен келiсiм-шартты;
5) жылдық өндiрiс көлемдерiн, қайта өңдеуге жоспарланған өнiм көлемдерiн, тауарларды қайта өңдеу құны мен олардың бағасы есебiмен қайта өңдеу өнiмдерiн қайтаруға жағдайларды, сондай-ақ қызмет ететiн технологиялық құжаттаманы көрсете отырып қайта өңдеу режимiнiң техникалық-экономикалық негiздемесiн;
6) уәкiлеттi орган айқындайтын өзге де мәлiметтер мен құжаттарды
ұсынуға міндетті.
Уәкiлеттi органның қорытындысын алу үшiн қажеттi құжаттарды ұсыну,
сондай-ақ аталған қорытындыны беру уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен
жүзеге асырылады.
2. Уәкiлеттi органның қорытындысында мынадай мәлiметтер болуы тиiс:
1) тауарлар мен қайта өңдеу өнiмдерiнiң Сыртқы экономикалық қызметтiң
тауарлық номенклатурасына сәйкес атауы, жiктемесi, олардың мөлшерi және
құны;
2) қайта өңдеуге шарттың (келiсiм-шарттың) күнi мен нөмiрi,
тауарларды қайта өңдеудiң өндiрiстiк процесiнiң мерзiмi;
3) қайта өңдеу өнiмiнiң шығу нормасы;
4) қайта өңдеу сипаты;
5) бiрегейлендiру тәсiлдерi;
6) қайта өңдеудi жүзеге асыратын декларант және тұлға туралы
мәлiметтер;
7) қалдықтар мен артық қалғандарды пайдалану мүмкiндiгi.
Оларды әкетуге тарифтiк емес реттеу шаралары және (немесе) кеден баждары қолданылатын қазақстандық тауарларды пайдалану жағдайында уәкiлеттi мемлекеттiк органның тауарларды кеден аумағында қайта өңдеудiң орындылығы туралы қорытындысында олардың Сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлық номенклатурасына сәйкес атаулары, тауарлардың жiктемесi, саны және құны көрсетiлуi тиiс.
Кеден аумағында тауарларды қайта өңдеудiң орындылығы туралы қорытындының нысанын тиiстi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы белгiлейдi.
169-бап. Қайта өңдеу өнiмдерiнiң шығу нормасы
1. Шығу нормасы деп - абсолюттiк мәндегi немесе проценттiк қатынастағы қайта өңдеу процесiнде пайдаланылатын тауарлар санының бiр бiрлiгiнен өндiрiстiк процестерге сәйкес алынатын қайта өңдеу өнiмдерiнiң саны.
2. Әкелiнген тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына қайта өңдеу нәтижесiнде қалыптасатын қайта өңдеу өнiмдерiнiң шығу нормасын айқындау уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіпте жүзеге асырылады.
170-бап. Қайта өңдеу нәтижесiнде алынған қалдықтар мен артық қалғандар
Қайта өңдеу нәтижесiнде құралған артық қалғандар мен қайта өңделмеген әкелiнген шетел тауарларының қалдықтары көрсетiлген қалдықтар мен артық қалғандар оларды одан кейiнгi пайдалану үшiн жарамсыз болған жағдайды қоспағанда өзге кеден режимiне орналасуға жатады.
171-бап. Балама тауарлар
1. Орталық кеден органының рұқсатымен тұлғаның дәлелдi сұрау салуы бойынша кеден аумағына қайта өңдеуге кеден режимiне орналастырылған шетел тауарларын балама тауарлармен ауыстыруға жол берiледi.
2. Балама тауарлар ретiнде өзiнiң сипаты, сапасы және техникалық сипаттамалары бойынша шетел тауарларымен сәйкес келетiн қазақстандық тауарлар түсiнiледi.
3. Баламалы тауарларды қайта өңдеу нәтижесiнде алынған өнiмдер осы тараудың ережелерiне сәйкес шетел тауарларын қайта өңдеу өнiмдерi ретінде қаралады.
4. Баламалы тауарлар шетел тауарларының мәртебесiн, ал оларды ауыстырған тауарлар - қазақстандық тауарлар мәртебесiн алады.
172-бап. Тауарларды кеден аумағында қайта өңдеу кезiнде тауарларды
кедендiк бақылаудың ерекшелiктерi
1. Кеден аумағына тауарларды қайта өңдеудiң кеден режимiне қолданғаны үшiн бақылауды оның қызметi кеден аумағына тауарлар қайта өңдеу жүзеге асырылатын аймағында кеден органы жүзеге асырады.
2. Кеден аумағына тауарларды қайта өңдеудiң кеден режимiне тауарларды орналастырған тұлға қайта өңдеу мерзiмiнiң аяқталу күнiнен бастап жиырма күнтiзбелiк күннiң iшiнде кеден органына кеден аумағына тауарларды қайта өңдеудiң кеден режимiн пайдалану туралы толық есеп беруге мiндеттi. Есеп беру нысанын кеден iсi мәселелерi жөнiндегі уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы белгiлейдi.
3. Қайта өңдеу өнiмдерiн дайындау кезiнде өндiрiстiк процесс нәтижесiнде құралатын өндiрiстiк шығындар кедендiк ресiмдеуге жатпайды.
173-бап. Кедендiк баждар мен салықтарды төлеудi қамтамасыз етудiң
қызметін тоқтату
Кедендiк баждар мен салықтарды төлеудi қамтамасыз ету әкелiнген тауарларды немесе қайта өңдеу өнiмдерiн Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге нақты әкетудi растау шартымен осы Кодекстiң 167-бабына сәйкес белгiленген қайта өңдеу мерзiмдерiнiң аяқталуынан кешiктiрмей қайта өңдеу үшiн әкелiнген тауарларды қайта экспорттау немесе қайта өңдеу өнiмдерiн әкету кезiнде өз қызметiн тоқтатады.
174-бап. Қайта өңдеу өнiмдерiне кедендік баждарды, салықтарды және
тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану
Шетел тауарларын қайта өңдеу өнiмдерi әкетiлетiн кеден баждарынан босатылады. Көрсетiлген өнiммен тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмайды.
Еркiн айналым үшiн шығарудың кедендiк режимiне қайта өңдеу өнiмдерiн орналастыру жағдайында кеден баждары мен салықтар, сондай-ақ, тарифтiк емес реттеу шаралары қайта өңдеу өнiмдерiне қолданылмайды.
175-бап. Кеден аумағына қайта өңдеудiң кеден режимiн аяқтау
1. Осы Кодекстiң 167-бабына сәйкес белгiленген кеден аумағына қайта өңдеу мерзiмiнiң аяқталу күнiнен кешiктiрмей қайта өңдеу өнiмдерi Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге әкетілуі немесе өзге кеден режимiне мәлiмделуi тиiс.
2. Қайта өңдеу өнiмдерiн Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге әкетiлетiн кедендiк ресiмдеу кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
3. Егер қайта өңдеу өнiмдерi бiрнеше партиялармен кеден аумағынан тысқары әкетілсе, қайта өңдеу өнiмдерiнiң санына сәйкестiгiн түпкiлiктi салыстыра тексеру қайта өңдеу өнiмдерiн әкетуден кейiн мезгiл-мезгiл, бiрақ бiр айда үш реттен кем емес және тауарлардың соңғы партиясын әкету күнiнен бастап отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей жүргiзiлуi мүмкiн.
4. Кедендiк режимге тауарларды қайта өңдеудiң кедендiк режимiнде
мәлiмделген шетелдiк тауарлар, оның iшiнде оларды қайта өңдеу өнiмдерi осы
режимнiң талаптарын сақтау кезiнде өзге кедендiк режимге орналастырылуы
мүмкiн. Көрсетiлген кедендiк режимнiң қызмет ету мерзiмiне кеден аумағына
тауарларды қайта өңдеудiң кедендiк режимiнiң қызметi осы Кодекске сәйкес
аяқталады.
176-бап. Кедендiк режимнiң шарттарын сақтамағаны үшiн жауаптылық
Осы Кодекстiң 425-бабының 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда,
тауарларды қайта өңдеудiң кедендiк режимiне орналастырған тұлға кедендiк
режимнiң шарттарын сақтамағаны үшiн жауаптылықта болады.
22-ТАРАУ. ЕРКIН АЙНАЛЫМ YШIН ТАУАРЛАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ
177-бап. Еркiн айналым үшiн тауарларды қайта өңдеудiң кедендiк режимiн
тағайындау
Еркiн айналым үшiн тауарларды қайта өңдеу - шетел тауарлары еркiн айналым үшiн тауарларды шығарудың кеден режимiне қайта өңдеу өнiмдерiн одан кейiнгi орналастырумен тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану және кеден баждарын, салықтарды алмастан кеден бақылауымен кеден аумағына қайта өңдеу бойынша операциялар ұшырайды.
178-бап. Еркiн айналым үшiн тауарларды қайта өңдеудiң кеден режимiне
тауарларды орналастырудың шарты
1. Еркiн айналым үшiн тауарларды қайта өңдеудiң кеден режимiне тауарларды орналастыруға:
1) осы Кодекстiң 181-бабымен белгiленген тәртiпте еркiн айналым үшiн тауарларды қайта өңдеудiң орындылығы туралы уәкiлеттi мемлекеттiк органның қорытындысын беру;
2) кеден органдарының қайта өңдеу өнiмдерiндегi шетелдiк тауарларды бiрегейлендiру;
3) кедендiк бақылаудан басқа, қайта өңдеу өнiмдерiн және тауарларды алып қою мүмкiн еместiгiн қамтамасыз етудi қоса алғанда, кеден заңнамасы талаптарын орындауды қамтамасыз ету, кеден бақылауын жүзеге асыру үшiн жағдай жасау, тауарларға кеден органдарының енуiн қамтамасыз ету, тауарларды есепке алу және олармен операцияларды жүргiзу, сондай-ақ есептiлiк беру;
4) экономикалық тиiмдi тәсiлмен бастапқы жағдайдағы қайта өңдеу өнiмдерiн қалпына келтiрудiң мүмкiн еместiгi шарттарымен рұқсат етiледi.
2. Еркiн айналым үшiн тауарларды қайта өңдеудiң кедендiк режимi осы Кодекстiң 401-бабына сәйкес декларант ретiнде көрiнуi мүмкiн тұлға мәлiмдеуi мүмкін.
3. Еркiн айналым үшiн тауарларды қайта өңдеудiң кедендiк режимiне өзге кеден режимдерiне бұрын орналастырылған шетелдiк тауарлар орналастырылуы мүмкiн.
4. Қазақстан Республикасының Үкiметi еркiн айналым үшiн тауарларды қайта өңдеудiң кедендiк режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлар тiзбесiн айқындайды.
179-бап. Қайта өңдеу өнiмдерiндегi шетел тауарларын бiрегейлендiру
1. Әкелiнген тауарларды қайта өңдеу фактiсiн белгiлеу мақсатында мынадай тәсiлдердiң бiрiн немесе бiрнешеуiн пайдаланумен қайта өңдеу өнiмдерiндегi шетел тауарларын бiрегейлендiру жүргізiледi:
1) уәкiлеттi мемлекеттiк орган берген қорытындыда көрсетiлмеген тауарлардың өндiрiстiк процесте пайдалануды болдырмау мақсатында белгiлi технологиялық операцияларды орындайтын қойма үй-жайларында, технологиялық желiлердiң телiмдерiнде пломб түрiнде кедендiк қамтамасыз етудi салу;
2) декларанттың, қайта өңдеушiнiң немесе кеден органы лауазымды тұлғасының қайта өңдеуге арналған асығыс шетелдiк және қазақстандық тауарларға мөрлердi, мөртаңбаларды, сандық және басқа таңбалауды беруi;
3) өндiрiсте пайдаланылатын шикiзат, материалдар және жинақтаушылар туралы мәлiметтi қоса қайта өңдеуге арналған тауарларды суреттеу;
4) қайта өңдеуге тауарлар масштабындағы суретке түсiру, бейнелеу;
5) қайта өңдеу өнiмдерiмен алдын-ала алынған сынама, үлгiлердi салыстыру;
6) зауыт нөмiрлерi түрiндегi (мысалы, қозғалтқыштар, шанақтың бөлшектерi және басқалары) бар тауарлар таңбалауын пайдалану.
2. Егер, қайта өңдеу өнiмдерiнде тауарларды бiрегейлендiру талап етiлмесе:
1) қайта өңдеу үшiн өндiрiстiң тоқтаусыз циклына қатысты технологиялық процесс пайдаланылады;
2) қайта өңдеушi Қазақстан Республикасының аумағына қайта өңдеуге ұқсас өнiмдер өндiрiсiн болдырмайтын бiрегей технологиялық процестi пайдаланады.
Көрсетiлген технологиялық процестердiң тiзбесiн тиiстi уәкiлеттi орган айқындайды.
180-бап. Тауарларды қайта өңдеу жөнiндегi операциялар
Тауарларды қайта өңдеу жөнiндегi операциялар:
1) бiрегейлендiру қайта өңдеудiң мiндеттi шарты болып табылатын кезде шетел тауарлары қайта өңдеу өнiмдерiндегi әкелiнген тауарларды бiрегейлендiруге мүмкiндiк беретiн қайта өңдеу өнiмдерiндегi сипаттамаларды сақтай отырып жеке сипатын жоғалтатын тауарларды өңдеудi немесе қайта өңдеудi;
2) оның кезiнде әкелiнетiн тауарлардың негiзгi сипаттамасы сақталатын монтаждауды, жинауды және айдауды қоса алғанда, тауарларды дайындауды;
3) қайта өңдеу процесiнде егер тiптен бұл тауарлар толық немесе iшiнара тұтынылса, өнiмдер өндiрiсiн қайта өңдеуге жәрдем ететiн немесе оны жеңiлдететiн тауарлар шикiзаты ретiнде пайдалануды қамтиды. Аталған операция осы баптың 1), 2) тармақшаларында көрсетiлгендердiң бiрiмен бiр уақытта орындалуы тиiс.
181-бап. Уәкiлеттi органның тауарларды еркiн айналым үшiн қайта
өңдеудiң орындылығы туралы қорытындысы
1. Уәкiлеттi органның тауарларды еркiн айналым үшiн қайта өңдеудiң орындылығы туралы қорытындысын алу үшiн декларант уәкiлеттi мемлекеттiк органға:
1) жазбаша өтiнiштi;
2) құрылтай және тiркеу құжаттарының нотариальды расталған көшiрмелерi;
3) тауарлар қайта өңдеу мақсаты үшiн әкелетiнiн куәландыратын қайта өңдеуге шартты (келiсiм-шарт);
4) қайта өңдеуге жоспарланатын өнiм көлемдерiн, өндiрiс көлемдерiн, тауарлардың қайта өңдеу құнын және олардың бағасының есебiмен қайта өңдеу өнiмдерiн қайтару шартын көрсете отырып қайта өңдеу режимiнiң техникалық-экономикалық негiздемесiн;
5) уәкiлеттi органдар белгiлейтiн өзге де мәлiметтердi және
құжаттарды ұсынуға міндетті.
Уәкiлеттi органның қорытындысын алу үшiн қажеттi құжаттарды ұсыну,
сондай-ақ аталған қорытындыны беру уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен
жүзеге асырылады.
2. Уәкiлеттi органның қорытындысында мынадай мәлiметтер болуы тиiс:
1) тауарлар мен қайта өңдеу өнiмдерiнiң Сыртқы экономикалық қызметтiң
тауарлық номенклатурасына сәйкес атауы, жiктемесi, олардың мөлшерi және
құны;
2) қайта өңдеуге шарттың (келiсiм-шарттың) күнi мен нөмiрi, қайта
өңдеудiң мерзiмi;
3) қайта өңдеу өнiмiнiң шығу нормасы;
4) қайта өңдеу сипаты;
5) бiрегейлендiру тәсiлдерi;
6) қайта өңдеудi жүзеге асыратын декларант және тұлға туралы
мәлiметтер.
Тауарларды еркiн айналым үшiн қайта өңдеудiң орындылығы туралы қорытындының нысанын тиiстi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы белгiлейдi.
3. Уәкiлеттi органның қорытындысы осы баптың 1-тармағында көрсетiлген құжаттар ұсынылған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күннiң iшiнде берiледi.
182-бап. Қайта өңдеу өнiмдерiнiң шығу нормасы
1. Шығу нормасы деп абсолюттiк мәндегi немесе проценттiк қатынастағы қайта өңдеу процесiнде пайдаланылатын тауарлар санының бiр бiрлiгінен өндiрiстiк процеске сәйкес алынатын қайта өңдеу өнiмдерiнiң саны түсiнiледi.
2. Тауарларды еркiн айналым үшiн қайта өңдеудiң нәтижесiнде пайда болған қайта өңдеу өнiмдерiнiң шығу нормасын айқындау уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіппен жүзеге асырылады.
183-бап. Еркiн айналым үшiн тауарларды қайта өңдеудiң мерзiмi
1. Еркiн айналым үшiн тауарларды қайта өңдеу осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын, бiрақ кеден режимiне тауарларды орналастыру күнiнен бастап бiр жылдан астам емес мерзiмде жүргізіледi.
2. Қайта өңдеу мерзiмiн кеден органы айқындайды және:
1) еркiн айналым үшін тауарларды қайта өңдеуге әкелiнетiн тауарларды кедендiк ресiмдеуге қажеттi уақытты;
2) уәкiлеттi орган белгiлеген тауарларды қайта өңдеудiң өндiрiстiк процесiнiң ұзақтылығын;
3) еркiн айналым үшiн тауарларды шығарудың кеден режимiне қайта өңдеу өнiмдерiн орналастыруға қажеттi уақытты қамтиды.
3. Бiр жыл шегiнде тауарларды қайта өңдеу мерзiмiн ұлғайту туралы мәселенi шешу үшiн декларант қайта өңдеу мерзiмiнiң аяқталуына дейiн бiр айдан кешiктiрмей кеден органына растаушы құжаттардың қосымшасымен осындай ұзартудың қажеттiлiгі туралы өтiнiштi бередi.
4. Қайта өңдеу мерзiмiн ұлғайту туралы өтiнiштi қарау мерзiмi өтiнiштi алу күнiнен бастап отыз күнтiзбелiк күннен аспайды.
5. Еркiн айналым үшiн тауарларды қайта өңдеу мерзiмiн ұлғайту туралы кеден органының шешiмi жазбаша нысанда өтiнiш берушiнiң назарына жеткiзiледi.
6. Еркiн айналым үшiн тауарларды қайта өңдеудiң кеден режимiне орналастырылған тауарлар қайта өңдеу мерзiмiн ұлғайтуда бас тарту жағдайында өзге кеден режимiне өтiнiш беруге жатады, ал қайта өңдеудiң алынған өнiмдерi еркiн айналым үшiн тауарларды шығарудың кеден режимiне орналастыруға жатады.
184-бап. Қайта өңдеу нәтижесiнде алынған қалдықтар мен артық қалғандар
Ұқсатылмаған шетелдiк тауарлардың қалдықтары, сондай-ақ, қайта өңдеу нәтижесiнде құралған артық қалғандар көрсетiлген қалдықтар мен артық қалғандар оларды одан кейiнгi пайдалануға жарамсыз жағдайда ұқсатылған кездегi жағдайды қоспағанда бұл жағдайда Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнген шетел тауарлары ретінде кедендiк бақылауға және кедендiк ресiмдеуге жатады.
185-бап. Еркiн айналым үшiн қайта өңдеудiң кедендiк режимiн аяқтау
Еркiн айналым үшiн тауарларды қайта өңдеудiң кедендiк режимi еркiн
айналым үшiн тауарларды шығарудың кеден режимiне қайта өңдеу өнiмдерiн
орналастырумен аяқталады. Қайта өңдеу өнiмдерiн еркiн айналым үшiн шығару
кезiнде кедендiк баждар, салықтар қайта өңдеу өнiмдерiне қолданылатын
ставкаларды ескерiп есептеледi. Қайта өңдеу өнiмдерiнiң құны мен мөлшерi
еркiн айналым үшiн шығарудың кедендiк режимiне олардың өтiнiш беру күнiне
айқындалады.
186-бап. Тауарларды еркiн айналым үшiн қайта өңдеу кедендiк режимiнiң
шарттарын сақтамағаны үшiн жауапкершiлiк
Осы Кодекстiң 425-бабының 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда,
тауарларды қайта өңдеудiң кедендiк режимiне еркiн айналым үшiн
орналастырған тұлға кедендiк режимнiң шарттарын сақтамағаны үшiн
жауаптылықта болады.
23-ТАРАУ. КЕДЕН АУМАҒЫНАН ТЫС ТАУАРЛАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ
187-бап. Кеден аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеудiң кедендiк
режимiн тағайындау
Кеден аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу - тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбастан кеден баждары мен салықтарынан толық немесе iшiнара босатумен Қазақстан Республикасының кеден аумағына қайта өңдеу өнiмдерiн одан кейiнгi әкелу және оларды қайта өңдеу мақсатымен Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс қазақстандық тауарларды пайдалануға және әкелуге арналған кедендiк режим.
Осы тараумен белгiленген жағдайларда кеден аумағынан тыс тауарларды ұқсатудың кеден режимiне орналастырылған қазақстандық тауарларды қайта өңдеу өнiмдерiн шетелдiк тауарлармен ауыстыруға жол берiледi.
188-бап. Кеден аумағынан тыс қайта өңдеудiң кедендік режимiне
тауарларды орналастыру шарты
1. Кеден аумағынан тыс қайта өңдеудiң кедендiк режимiне тауарларды орналастыруға мына шарттар кезiнде жол берiледi:
1) осы Кодекстiң 191-бабымен айқындалған тәртiпте кеден аумағынан тыс қайта өңдеудiң орындылығы туралы уәкiлеттi мемлекеттiк органның қорытындысын беру.
Көрсетiлген қорытындыны беру егер, қайта өңдеу мақсаты жөндеу болып табылса талап етiлмейдi;
2) осы Кодекстiң 195-бабымен көзделген жағдайларды қоспағанда осы Кодекстiң 193-194-баптарына сәйкес кеден органдарының қайта өңдеу өнiмдерiндегi қазақстандық тауарларды бiрегейлендiру;
3) әкетiлетiн кеден баждарын төлеудi қамтамасыз ету.
2. Кеден аумағынан тыс қайта өңдеудiң кедендiк режимi осы Кодекстiң 400-бабына сәйкес декларант ретiнде көрiнуi мүмкiн тұлға мәлiмдеуi мүмкiн.
3. Кеден аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеудiң кедендiк режимi:
1) белгiленген шектеулердi, талаптарды немесе шарттарды мiндеттi сақтаумен ұштасқан кеден баждары немесе салықтардан босатумен еркiн айналымға бұрын шығарылған тауарлар үшiн - жөндеуге тауарларды әкетудi қоспағанда осындай шектеулер қызметi мерзiмiнiң аяқталуына дейiн;
2) егер тауарлар сатып алу-сату келiсiм-шарты бойынша қайта өңдеуге әкетiлсе;
3) егер осы Кодекстiң 193-194-баптарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, қайта өңдеу өнiмдерi әкетiлген тауарларды қайта өңдеу нәтижесiнде құралғандығын анықтау мүмкiн болмаса, пайдаланылмайды.
189-бап. Кеден аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу бойынша
операциялар
1. Тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялар:
1) бiрегейлендiру қайта өңдеудiң мiндеттi шарты болып табылатын кезде шетел тауарлары қайта өңдеу өнiмдерiндегi әкелiнген тауарларды бiрегейлендiруге мүмкiндiк беретiн қайта өңдеу өнiмдерiндегi сипаттамаларды сақтай отырып жеке сипатын жоғалтатын тауарларды өңдеудi немесе қайта өңдеудi;
2) әкелiнген тауарлардың негiзгi сипаты сақталатын кездегi монтаждауды, жинауды және ыңғайлап қоюды қоса алғанда басқа тауарды дайындауды (өңдеу);
3) қайта өңдеу үшiн бұзылған немесе тозған тауарларды ауыстыру немесе қалпына келтiру болатын кездегi оны қалпына келтiрудi қоса алғанда тауарды жөндеу, рекламация бойынша ақауды жоюды қамтиды.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу бойынша жекелеген операцияларға шектеулер белгiлеуге құқылы.
190-бап. Кеден аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеудiң мерзiмi
1. Кеден аумағынан тыс тауарларды өңдеу осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын, бiрақ кеден режимiне тауарларды орналастырудың күнiнен бастап екi жылдан кем емес мерзiмде жүргiзiледi.
2. Қайта өңдеу мерзiмiн кеден органы айқындайды және:
1) Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс қайта өңдеуге әкетiлетiн тауарларды кедендiк ресiмдеуге қажеттi уақытты;
2) уәкiлеттi орган белгiлейтiн тауарларды қайта өңдеудiң өндірістiк процесiнiң ұзақтығын;
3) Қазақстан Республикасының кеден аумағына қайта өңдеу өнiмдерiн нақты әкелу үшiн қажет уақытты қамтиды.
3. Екi жыл шегiнде тауарларды қайта өңдеу мерзiмiн ұлғайту туралы мәселенi шешу үшiн декларант қайта өңдеу мерзiмiнiң аяқталуына дейiн бiр айдан кешiктiрмей кеден органына растаушы құжаттардың қосымшасымен осындай ұзартудың қажеттiлiгi туралы өтiнiштi бередi.
4. Қайта өңдеу мерзiмiн ұлғайту туралы өтiнiштi қарау мерзiмi өтiнiштi алу күнiнен бастап отыз күнтiзбелiк күннен аспайды.
5. Тауарларды қайта өңдеу мерзiмiн ұлғайту туралы кеден органының шешiмi жазбаша нысанда өтiніш берушiнiң назарына жеткiзiледi.
6. Қайта өңдеу мерзiмiн ұлғайтуға бас тарту жағдайында кеден аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеудiң кедендiк режимiне орналастырылған тауарлар өзге кеден режимiне өтiнiш беруге жатады.
191-бап. Уәкiлеттi органның тауарларды кеден аумағынан тыс қайта
өңдеудiң орындылығы туралы қорытындысы
1. Уәкiлеттi органның тауарларды еркiн айналым үшiн қайта өңдеудiң орындылығы туралы қорытындысын алу үшiн декларант уәкiлеттi органға:
1) жазбаша өтiнiштi;
2) мемлекеттiк тiркеу туралы нотариальды расталған куәлiктiң көшiрмесiн;
3) тауарлар қайта өңдеу мақсаты үшiн әкелетiнiн куәландыратын қайта өңдеуге арналған шартты (келiсiм-шарт);
4) қайта өңдеудi жүзеге асыратын тұлғамен келiсiм-шартты;
5) қайта өңдеуге жоспарланатын өнiм көлемдерiн, жылдық өндiрiс көлемдерiн, тауарлардың қайта өңдеу құнын және олардың бағасының есебiмен қайта өңдеу өнiмдерiн қайтару шартын, сондай-ақ, қызмет ететiн технологиялық құжаттаманы көрсете отырып қайта өңдеу режимiнiң техникалық-экономикалық негiздемесiн;
6) уәкiлеттi орган айқындайтын өзге де мәлiметтер мен құжаттарды
ұсынуға мiндеттi.
Уәкiлеттi органның қорытындысын алу үшiн қажеттi құжаттарды ұсыну,
сондай-ақ аталған қорытындыны беру уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен
жүзеге асырылады.
2. Уәкiлеттi органның қорытындысында мынадай мәлiметтер болуы тиiс:
1) тауарлар мен қайта өңдеу өнiмдерiнiң Сыртқа экономикалық қызметтiң
тауарлық номенклатурасына сәйкес атауы, жiктемесi, олардың мөлшерi және
құны;
2) қайта өңдеуге арналған шарттың (келiсiм-шарттың) күнi мен нөмiрi,
қайта өңдеудiң мерзiмi;
3) қайта өңдеу өнiмiнiң шығу нормасы;
4) қайта өңдеудiң сипаты;
5) бiрегейлендiрудiң тәсiлдерi;
6) қайта өңдеудi жүзеге асыратын декларант және тұлға туралы
мәлiметтер.
Тауарларды кеден аумағынан тыс қайта өңдеудiң орындылығы туралы қорытындының нысанын тиiстi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы белгiлейдi.
192-бап. Қайта өңдеу өнiмдерiнiң шығу нормасы
1. Шығу нормасы деп абсолюттiк мәндегi немесе проценттiк қатынастағы қайта өңдеу процесiнде пайдаланылатын тауарлар санының бiр бiрлiгiнен өндiрiстiк процеске сәйкес алынатын қайта өңдеу өнiмдерiнiң саны түсiнiледi.
2. Әкетiлген тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс қайта өңдеудiң нәтижесiнде пайда болған қайта өңдеу өнiмдерiнiң шығу нормасын айқындау уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
193-бап. Шетел тауарларымен қайта өңдеу өнiмдерiн ауыстыру
Егер олар қайта өңдеу өнiмдерiмен өз сипаттауы, сапасы және техникалық сипаты бойынша сәйкес келсе, орталық кеден органының рұқсатымен тұлғаның дәлелдi сұрау салуы бойынша шетел тауарларымен қайта өңдеу өнiмдерiн ауыстыруға жол берiледi.
194-бап. Кеден аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеудiң кедендiк
режимiнде тауарларды жөндеу кезiндегi қайта өңдеу өнiмдерiн
ауыстыру тәртібі
1. Тауарларды жөндеу кезiнде қайта өңдеу өнiмдерiн ауыстыруға қайта өңдеу өнiмдерiн ауыстыратын тауарлар кеден аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеудiң кедендiк режимiне сәйкес жөндеуге арналған тауарларға қатынасы бойынша ұқсас немесе бiртектi болып табылатын жағдайы кезiнде жол берiледi. Бұл ретте, ауыстыратын тауарлар жаңа да бұрын пайдалануда болған да болуы мүмкiн.
2. Мұндай жөндеу бастапқы өнiмнен бiраз айырмашылықтағы алынған өнiмге сипат беретiн кезде тауарларды жөндеу кезiндегі қайта өңдеу өнiмдерiн ауыстыруға жол берiлмейдi.
3. Тауарларды жөндеу кезiнде қайта өңдеу өнiмдерiн ауыстыру үшiн негiз тауарларды жөндеуді жүзеге асыратын тұлғаның тиісті кепiл мiндеттемелерi мен шарт (келiсiм-шарт) ережелерi болып табылады.
195-бап. Қайта өңдеу өнiмдерiндегi әкелiнген тауарларды бiрегейлендiру
1. Әкелiнген тауарларды қайта өңдеу фактiсiн белгiлеу мақсатында мынадай тәсілдердiң бiрiн немесе бiрнешеуiн пайдаланумен қайта өңдеу өнiмдерiндегi әкелiнген тауарларға бiрегейлендiру жүргізiледi:
1) декларанттың, қайта өңдеушiнiң немесе кеден органы лауазымды тұлғасының қайта өңдеуге әкетiлетiн шығыс тауарларға мөрлердi, мөртаңбаларды, сандық және басқа таңбалауды беруi;
2) қайта өңдеуге арналған тауарларды суреттеу;
3) қайта өңдеуге тауарлар масштабындағы суретке түсiру, бейнелеу;
4) қайта өңдеу өнiмдерiмен алдын-ала алынған сынама, үлгілердi салыстыру;
5) зауыт нөмiрлерi түрiндегi (мысалы, қозғалтқыштар, шанақтың бөлшектерi және басқалары) бар тауарлар таңбалауын пайдалану.
2. Егер, қайта өңдеу үшiн өндiрiстiң тоқтаусыз циклдарына жататын технологиялық процесс пайдаланылса қайта өңдеу өнiмдерiндегi тауарларды бiрегейлендiру талап етiлмейдi.
196-бап. Тауарларды кеден аумағынан тыс қайта өңдеу кеден режимiмен
орналастыруға тыйым салынатын тауарлар
Қайта өңдеудiң нәтижесiнде қайта өңдеу өнiмдерi ретiнде:
Сыртқы экономикалық тауар номенклатурасы бойынша тауарлық позицияларда 2203-2206, 2208 болып жiктелетiн алкогольдiк iшiмдiктердi;
Сыртқы экономикалық тауар номенклатурасы бойынша тауарлық позицияларда 2402-2403 болып жiктелетiн темекi өнiмдерiн;
Сыртқы экономикалық тауар номенклатурасы бойынша тауарлық позицияларда 42 болып жiктелетiн табиғи терiден жасалған бұйымдарды;
Сыртқы экономикалық тауар номенклатурасы бойынша тауарлық позицияларда 7113-7116 болып жiктелетiн зергерлiк бұйымдар, алтын және күмiс iстерi зергерiнiң бұйымдарын тауарларды кеден аумағынан тыс қайта өңдеудiң кеден режимiмен орналастыруға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының Үкiметi тауарларды кеден аумағынан тыс қайта өңдеудiң кедендiк режимiмен орналастыруға тыйым салынатын тауарлардың қосымша тiзiмiн белгiлеуге құқылы.
197-бап. Кеден баждарын, салықтарды қолдану
Кеден баждары мен салықтарын төлеуден толық босату егер, қайта өңдеу мақсаты әкетілген тауарлардың кепiлдi (өтеусiз) жөндеуi болса, қайта өңдеу өнiмдерiне қатысты берiледi.
Кеден баждары мен салықтарын төлеуден жартылай босату егер, әкетiлген тауардың өтеулi жөндеуi кезiнде немесе қайта өңдеу бойынша басқа да операцияларды жүзеге асыру кезiнде берiледi.
Есеп айырысу кезiнде кедендiк баждар мен салықтардың адвалорлық ставкалары қолданылған жағдайда әкелiнген қайта өңдеу өнiмдерi бойынша кедендiк құнды айқындау үшiн негіздеме ретiнде тауарларды қайта өңдеу (жөндеу) жөнiндегi операциялардың құны қабылданады.
Кедендiк баждар мен салықтардың арнайы ставкаларын қолдану кезiнде
тауарларды қайта өңдеу (жөндеу) жөнiндегi операциялардың құнына
пропорционалды болатын өлшеу бiрлiктерiнде көрiнетiн қайта өңдеу
өнiмдерiнiң мөлшерi есеп айырысу үшiн негіздеме болып табылады.
Кедендiк баждар мен салықтардың сомасы қайта өңдеу өнiмдерiне
қолданылатын кедендiк баждар мен салықтардың ставкаларына сүйене отырып
айқындалады.
198-бап. Әкелулiк кедендiк баждарды төлеудi қамтамасыз етудiң
қызметiн тоқтату
1. Осы Кодекс ережелерiнiң сақталуы шартымен кеден баждары мен
салықтарды қамтамасыз ету қайта өңдеу өнiмдерiн Қазақстан Республикасының
кеден аумағына әкелу кезiнде өз қызметiн тоқтатады.
2. Қазақстан Республикасының кеден аумағына қайта өңдеу өнiмдерiн
қайтармау кезiнде әкетiлетiн кеден баждары жалпы белгiленген тәртiппен
өндiрiлiп алынады.
199-бап. Кеден аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу кезiнде тауарларды
кедендiк бақылаудың ерекшелiктерi
1. Қазақстан Республикасы кеден аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеудiң кеден режимiн қолданғаны үшiн бақылауды кеден аумағынан тыс қайта өңдеу үшiн тауарларды әкетудiң кедендiк ресiмiн жүзеге асырған кеден органы жүзеге асырады.
2. Кеден бақылауын жүзеге асыру мақсатында кеден аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеудiң кеден режимiн қолданғаны үшiн бақылауды жүзеге асыратын кеден органы Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеудiң кеден режимiн қолдануға қатысты барлық материалдар мен құжаттар тiгiлетiн iстi қалыптастырады.
3. Қайта өңдеу мерзiмiнiң аяқталуынан бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде кеден аумағынан тыс қайта өңдеудiң кеден режимiне тауарларды орналастырған тұлға кеден аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеудiң кеден режимін қолданғаны үшін бақылауды жүзеге асыратын кеден органына жүк кеден декларацияларының көшiрмесiн берумен Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеудiң кеден режимiн қолдану туралы кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкілеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы белгiлеген нысан бойынша толық есеп берудi бередi.
200-бап. Оларды жою, жоғалту, табиғи жетiспеушілігі немесе органдар
немесе шетел мемлекетi лауазымды тұлғасының заңсыз
iс-әрекеттерiнiң себебi бойынша әкетiлген қайта өңдеу
өнiмдерiн немесе тауарларын қайта өңдеу үшiн қайтармау
Белгiленген мерзiмде әкетiлген қайта өңдеу тауарларын немесе өнiмдерiн қайта өңдеу үшiн қайтармау егер, авария салдарынан немесе жеңiлмейтiн күш iс-әрекетi қайта өңдеу өнiмдерiн немесе тауарларды жою немесе өтеусiз жоғалту, тасымалдау мен сақтаудың жақсы жағдайлары кезiнде табиғи тозу немесе есептен шығуда олардың жетiспеушiлiгi немесе шетел мемлекетi мемлекеттiк органдарының немесе лауазымды тұлғасының iс-әрекетi салдарынан иеленуден шығу фактiсi шетелдегi Қазақстан Республикасының консульдық мекемесi растаған жағдайда, сондай-ақ кеден iсi мәселелерi бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы айқындайтын тәртiппен тауарлардың экспорт режимiне кеден аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеудiң кеден режимi өзгерген жағдайда ғана мүмкін.
201-бап. Тауарларды кеден аумағынан тыс қайта өңдеудiң кедендiк
режимiн аяқтау
1. Осы Кодекстiң 190-бабына сәйкес белгiленген кеден аумағынан тыс қайта өңдеу мерзiмiнiң аяқталу күнiнен кешiктiрмей қайта өңдеу өнiмдерi Қазақстан Республикасының кеден аумағына немесе тауарлардың экспортының кеден режимiне орналастырылуы тиiс. Кедендiк ресiмдеу тәртібiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы айқындайды.
2. Экспорттың кедендiк режимiне Тауарларды кеден аумағынан тыс қайта
өңдеудiң кеден режимiн өзгертуге тауарларды немесе қайта өңдеу өнiмдерiн
кеден органына iс жүзiнде ұсынбастан рұқсат етiледi.
202-бап. Тауарларды кеден аумағынан тыс қайта өңдеу кедендiк режимiнiң
шарттарын сақтамағаны үшiн жауапкершiлiк
Осы Кодекстiң 425-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды
қоспағанда, кеден аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеудiң кедендiк
режимiне тауарларды орналастырған тұлға кедендiк режим шарттарын
сақтамағаны үшiн және осы Кодекстiң 197-198-баптарына сәйкес кедендiк
баждар мен салықтарды төлемегенi үшiн жауаптылықта болады.
24-ТАРАУ. ТАУАРЛАР МЕН КӨЛIК ҚҰРАЛДАРЫН УАҚЫТША ӘКЕЛУ
203-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелудiң кедендiк
режимiн тағайындау
Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелу - Қазақстан
Республикасының кеден аумағынан тысқары тауарларды одан кейiнгi әкетумен
тауарлардың қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды қоспағанда, тауарларды,
тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбастан әкелiнетiн кеден баждарын,
салықтарды төлеуден толық немесе iшiнара босатыла отырып, Қазақстан
Республикасының кеден аумағында шетел тауарлары мен көлiк құралдары
пайдаланылатын кедендiк режим.
204-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелудiң кеден режимiне
тауарларды орналастырудың шарты
1. Тауарлар:
1) тауарлардың бiрегейлендiрiлуiнiң қамтамасыз етiлуi;
2) белгiленген мерзiмде тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкету туралы мiндеттеменiң ұсынылуы. Көрсетiлген мiндеттеменiң нысанын кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы айқындайды;
3) осы Кодекстiң 206-бабына сәйкес кедендiк баждар мен салықтардың төленуi шартымен тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелудiң кедендiк режимiне орналастырылады.
2. Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелудiң кедендiк режимiне:
1) бiрнеше даналардағы жарнама және/немесе көрсету мақсатында уақытша әкелудi қоспағанда шығыс материалдары мен үлгiлер, шикiзат, жартылай фабрикаттар, қосалқы бөлшектер мен жинақтаушы бұйымдарды (олар уақытша әкелiнген көлiк құралдарына арналмаған жағдайда);
2) бiрнеше даналардағы жарнама және/немесе көрсету мақсатында уақытша әкелудi қоспағанда алкоголь, темекi өнiмдерiн қоса алғанда тамақ өнiмдерiн, iшiмдiктердi;
3) өндiрiстiк қалдықтарды;
4) Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелуге тыйым салынған тауарларды орналастыруға жол берiлмейдi.
205-бап. Уақытша әкелiнген тауарларды пайдалану және иелiк ету
бойынша шектеу
1. Тауарларды уақытша әкелудiң кедендiк режимiн аяқтауға дейiн Қазақстан Республикасының кеден аумағына басқа қазақстандық тұлғаға уақытша әкелiнген тауарды иелiк ету құқығын беру және/немесе пайдалану не кез-келген басқа да иелiктен айыру бұл тұлға кедендiк режимдi мәлiмдеген тұлғаның мiндеттеменi өзiне қабылдауы шарты кезiнде жол берiледi.
2. Уақытша әкелiнген тауарлар тасудың (тасымалдаудың), сақтаудың немесе пайдаланудың (пайдаланудың) қалыпты жағдайлары кезiнде табиғи тозу немесе есептен шығу салдарынан өзгеруiн қоспағанда өзгерiссiз жағдайда қалуы тиiс. Оларды керi әкету кезiнде кеден органының тауарларды бiрегейлендiрудi қамтамасыз ету шарты кезiндегi қалыпты жағдайдағы тауарларды қолдау үшiн қажеттi ұсақ жөндеу операцияларын, техникалық қызмет көрсетудi және басқа да операцияларды қоса, олардың сақталуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi операцияларды жасауға жол берiледi.
206-бап. Кедендік баждарды, салықтарды қолдану
1. Кедендiк баждар мен салықтарды төлеуден толық босатумен уақытша әкелiнетiн тауарлардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiткен тiзбеге енгiзiлген лизинг мәнi қаржы лизингi туралы Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарын сақтау шарты кезiнде кеден баждары мен салықтарын толық төлеуден босатылады.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарымен көзделген тiзбеге енгiзiлмеген тауарларға қатысты кедендiк баждарды, салықтарды төлеуден жартылай босату қолданылады. Қазақстан Республикасының кеден аумағына тауарлардың орналасуы әрбiр толық және толық емес күнтiзбелiк айы үшiн кеден баждарын, салықтарды төлеуден жартылай босату кезiнде егер, бұл тауарлар еркiн айналым үшiн шығарылса ол төлеуге жататын сомадан үш процент төленедi.
4. Жартылай босату кезiнде төлеуге жататын кеден баждары, салықтары сомасын есептеу кеден декларациясын қабылдау күнiне келiсiм-шарттағы валютада жүргiзiледi. Кедендiк баждар, салықтар сомасын төлеу кезектiлiгiн декларант айқындайды. Бұл ретте, кеден баждары, салықтары сомасын төлеудiң нақты мерзiмi осы соманы төлеу тиiстi кезеңнiң басталуына дейiн жүргiзiлетiнiн ескерiп айқындалады.
5. Еркiн айналым үшiн тауарларды шығарудың кедендiк режимiне уақытша әкелiнген тауарларды орналастыру жағдайында кедендiк баждар мен салықтарды төлеуден жартылай босату кезiнде төленген кедендiк баждар мен салықтардың сомасы еркiн айналым үшiн тауарларды шығарудың кедендiк режимiне сәйкес төлеуге жататын кедендiк баждар мен салықтардың сомасы есептеледi.
6. Осы Кодекстiң 205-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда осы баптың 3-тармағына сәйкес төленген кедендiк баждар мен салықтардың сомасын уақытша әкелiнген тауарларға қатысты құқық иесi болып табылатын тұлға төлеген болып саналады.
7. Кедендiк баждар мен салықтарды төлеуден жартылай босатумен уақытша әкелу кезiнде алынатын кедендiк баждар, салықтардың жалпы сомасы егер, тауарлар еркiн айналым үшiн шығарылса, уақытша әкелу режимiне тауарларды орналастыру сәтiне төленуi тиiс кедендiк баждар мен салықтардың сомасынан аспауы қажет.
8. Өзге кеден режимдерiне тауарларды орналастыру кезiнде кедендiк баждарды, салықтарды төлеуден жартылай босату кезiнде төленген кедендiк баждар, салықтардың сомасы қайтаруға жатпайды.
207-бап. Уақытша әкелу мерзiмi
1. Уақытша әкелу мерзiмiн осындай әкелудiң мақсаты мен жағдайына сәйкес кеден органы белгiлейдi, бiрақ осы баппен көзделген жағдайларды қоспағанда Қазақстан Республикасының кеден аумағына тауарларды әкелу күнiнен бастап үш жылдан асуы мүмкiн емес.
Декларанттың дәлелдi өтiнiшi бойынша уақытша әкелу мерзiмiн кеден органы ұзартуы мүмкiн. Декларант тауарларды уақытша әкелудiң мерзiмiн ұзарту туралы мәселенi шешу үшiн көрсетiлген мерзiмнiң аяқталуына дейiн бiр айдан кешiктiрмей кеден органына растаушы құжаттардың қосымшасымен осындай ұзартудың қажеттiлiгi туралы өтiнiштi бередi.
Тауарларды уақытша әкелудiң мерзiмдерiн ұзарту кезiнде кедендiк ресiмдеу үшiн кедендiк алымдар алынбайды, кеден декларациясы берiлмейдi.
2. Осы Кодекстiң 205-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда уақытша әкелу мерзiмi Қазақстан Республикасының кеден аумағына тауарларды нақты әкелу сәтiнен бастап есептеледi.
3. Осы Кодекстiң 206-бабында көрсетiлген тiзбеге енгiзiлген лизинг мәндерi үшiн уақытша әкелу мерзiмi лизинг шартының қағидасына сәйкес белгiленедi.
Лизингтiң көрсетiлген мәндерi үшiн уақытша әкелу мерзiмi кеден органдары қаржы лизингi туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау шарты кезiнде лизингтiң шартына енгiзiлген берiлген өзгерiстер негiзiнде уақытша енгiзiлген лизинг мәнiне тұлғаның жүгiнуi кезiнде өзгередi.
4. Шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң, сондай-ақ олармен бiрге тұратын олардың отбасыларының мүшелерiн қоса олардың қызметкерлерiнiң ресми және жеке пайдалануына әкелiнетiн тауарларға Қазақстан Республикасындағы оларды тiркеудiң барлық мерзiмiне Қазақстан Республикасына уақытша әкелуге жол берiледi.
208-бап. Уақытша әкелiнген тауарларды кедендiк бақылаудың ерекшелiгi
1. Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелудiң кеден режимiн қолданғаны үшiн бақылауды уақытша әкелiнген тауарларды кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыратын кеден органы жүзеге асырады.
2. Үш айға және одан астам мерзiмге басқа кеден органының қызмет аймағына уақытша әкелiнген тауарларды кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыратын кеден органының қызметi аймағынан уақытша әкелiнген тауарларды орналастыру жағдайында тауарды уақытша әкелетiн тұлға басқа кеден органының қызмет аймағына оны әкету ынтасы туралы уақытша әкелiнген тауарларды кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыратын кеден органын хабарландыруға мiндеттi.
Хабарландыру уақытша әкелiнген тауарларды кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыратын кеден органының қызмет аймағынан тыс тауарлардың орналасқан мерзiмi және жеткiзу орнын көрсете отырып еркiн нысанда жазбаша жүргiзiледi. Ұқсас хабарлама уақытша әкелiнген тауарлардың орналасуы жүргiзiлетiн қызмет аймағына кеден органына берiледi.
3. Тауарларды кедендiк ресiмдеу мен Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкету аяқталғаннан кейiн уақытша әкелiнген тауарларды кедендiк ресiмдеудi жүзеге асырған кеден органының қызмет аймағынан тыс уақытша әкелiнген тауарларды Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге керi әкетудi кедендiк ресiмдеген жағдайда, кедендiк ресiмдеудi жүзеге асырған кеден органы бұл туралы уақытша әкелiнген тауарларды кедендiк ресiмдеудi жүзеге асырған кеден органын хабардар етедi.
4. Осы Кодекстiң 205-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда жаңа жүк кеден декларациясын ресiмдеу сәтiне тауарлар орналасқан қызмет аймағына кеден органы уақытша әкелiнген тауарларға қатысты құқық мирасқоры болып табылатын тұлға жүргiзедi. Мұндай ресiмдеудiң шартты мiндетi уақытша әкелiнген тауарларға қатысты кеден баждары мен салықтар бойынша берешегi жоқтығы туралы, уақытша әкелiнген тауарларды кедендiк ресiмдеудi жүзеге асырған кеден органының растауы болып табылады.
Жаңа жүк кеден декларациясын ресiмдеу жүргiзiлген кеден органы бақылаудан алып тастау үшiн уақытша әкелiнген тауарларды кедендiк ресімдеудi жүзеге асыратын кеден органына оның көшiрмесiн жiбередi және одан кейiн осындай бақылауды өздiгiнен жүзеге асырады.
209-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелу кеден режимiнiң
қызметiн аяқтау және тоқтата тұру
1. Кеден орган белгiлеген уақытша әкелу мерзiмiнiң аяқталуынан кешiктiрмей тауарлар Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс әкетiлуi немесе осы Кодекске сәйкес өзге кеден режимiне мәлiмделуi тиiс. Уақытша әкелiнген тауарлар керi әкетiлуi немесе бiр немесе бiрнеше партиялармен өзге кеден режимiне мәлiмделуi тиiс.
2. Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелудiң кедендiк режимi уақытша әкелiнген тауарларды әкету жолымен аяқталған жағдайда, мұндай аяқтауды растау уақытша әкелiнген тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге iс жүзiнде әкетiлгендiгiн растайтын тауарларды жеткiзудi бақылау құжаты болып табылады.
3. Тауарларды және көлiк құралдарын уақытша әкелудiң кеден режимi еркiн айналым үшiн тауарларды шығарудың кеден режимiне тауарларды орналастырумен аяқталуы мүмкiн. Бұл ретте, кеден баждары, салықтары сомасын есептеу келiсiм-шарт валютасында жүргiзiледi. Еркiн айналым үшiн тауарларды шығару кезiнде тауарларды уақытша әкелудiң кедендiк режимiне тауарларды мәлiмдеу күнiне тауарлардың саны мен кедендiк құны, ал кедендiк баждардың, салықтардың ставкасы - еркiн айналым үшiн тауарларды шығарудың кедендiк режимi талаптарына сәйкес кеден декларациясын беру күнiне қолданылады.
4. Тауарларды және көлiк құралдарын уақытша әкелудiң кедендiк режимiнiң қызметi мыналарда:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды алып қою немесе уақытша әкелiнген тауарларға тыйым салу кезiнде;
2) кеден қоймасының кедендiк режимiнiң шарттарына сәйкес кеден қоймасына уақытша әкелiнген тауарларды орналастыру кезiнде тоқтатыла тұрады.
210-бап. Көлiк құралдарын тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша
әкелудiң кедендiк режимiмен орналастырудың ерекшелiктерi
Көлiк құралдарын тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелудiң кедендiк режимiмен орналастырудың ерекшелiктерi, уақытша әкелiнген көлiк құралдарын пайдалану мен билiк ету жөнiндегi шектеулер, кедендiк баждарды қолдану, уақытша әкелудiң мерзiмдерi, көлiк құралдарын кедендiк бақылау мен кедендiк ресiмдеудiң ерекшелiктерi, сондай-ақ кедендiк режимдi аяқтау осы Кодекстiң 34-тарауымен айқындалады.
211-бап. Уақытша әкелiнген тауарлар мен көлiк құралдарын әкетпеу
Уақытша әкелiнген тауарлар мен көлiк құралдарын белгiленген мерзiмдерде әкетпеу тек тауарлардың аварияның немесе тежеусiз күштер әсерiнiң салдарынан жойылуы немесе қайтарымсыз жоғалуы не Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының немесе олардың лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттерiнiң салдарынан иелiктен шығуы жағдайында ғана мүмкiн болады. Бұл фактiлер бойынша декларант уәкiлеттi орган берген растау
құжатын ұсынуы тиiс.
212-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелу кедендiк
режимiнiң шарттарын сақтамағаны үшiн жауаптылық
Осы Кодекстiң 425-бабының 3-тармағымен көзделетiн жағдайды
қоспағанда, тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелудiң кедендiк
режимiмен орналастырған адам кедендiк режимнiң шарттарын сақтамағаны үшiн
және кедендiк төлемдер мен салықтарды төлемеу үшiн жауаптылықта болады.
25-ТАРАУ. ТАУАРЛАР МЕН КӨЛIК ҚҰРАЛДАРЫН УАҚЫТША ӘКЕТУ
213-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкетудiң кедендiк
режимiн тағайындау
Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкету - қазақстандық тауарлар
мен көлiк құралдары Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан тыс
жерлерде Қазақстан Республикасының кеден аумағына тауарларды одан кейiнгi
әкелумен тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбастан әкетiлетiн кедендiк
баждарды төлеуден толық немесе iшiнара босатыла отырып пайдаланылатын
кедендiк режим.
214-бап. Тауарларды тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкетудiң
кедендiк режимiмен орналастырудың шарттары
1. Тауарлар тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкетудiң кедендiк
режимiмен:
1) тауарларды бiрегейлендiрудiң қамтамасыз етiлуi;
2) кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы бекiткен нысан бойынша тауарлар мен көлiк құралдарын керi әкелу туралы мiндеттеме ұсыну;
3) кедендiк баждардың осы Кодекстiң 216-бабына сәйкес төленуi шартымен орналастырылады.
2. Мыналарды:
1) жеке даналарда жарнамалық және/немесе көрсетулiк мақсаттарда уақытша әкетудi қоспағанда, шығыстау материалдары мен үлгiлерiн, шикiзаттарды, жартылай фабрикаттарды, қосалқы бөлшектер мен жинақтаушы бұйымдарды (олар уақытша әкетiлетін көлiк құралдары үшiн арналмаған жағдайда);
2) жеке даналарда жарнамалық және/немесе көрсетулiк мақсаттарда уақытша әкетудi қоспағанда, алкоголь, темекi бұйымдарын қоса алғанда, тамақ өнiмдерiн, сусындарды;
3) Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге әкетуге тыйым салынған тауарларды тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкетудiң кедендiк режимiмен орналастыруға рұқсат етiлмейдi.
3. Осы баптың 2-тармағының 1-тармақшасының ережелерi Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органы растайтын баламалықты сақтаудың өлшемдерi пайдаланылуға тиiс жай-күйдiң өзгермеушiлігін айқындауға арналған бастапқы және бөлiнетiн радиоактивтi материалдарды уақытша әкету жағдайларына қолданылмайды.
215-бап. Уақытша әкетiлген тауарларды пайдалану мен билiк ету
жөнiндегi шектеулер
1. Тауарлар тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкетудiң кедендiк режимi аяқталғанға дейiн уақытша әкетiлген тауарларға иелiк ету құқығын басқа қазақстандық тұлғаға беру немесе кез келген басқа да иелiктен айырылу бұл қазақстандық тұлғаның өзiне тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкетудiң кедендiк режимiн мәлiмдеген тұлғаның мiндеттемесiн қабылдауы шартымен рұқсат етiледi.
2. Уақытша әкетiлген тауарлар табиғи тозудың немесе тасымалдаудың (тасудың), сақтаудың немесе пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайлары кезiндегi кемудiң салдарынан болатын өзгерiстердi қоспағанда өзгерiссiз жай-күйде қалуы тиiс.
216-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкету кезiнде кедендiк
баждарды қолдану
1. Кедендiк баждар төлеуден толық босатыла отырып уақытша әкетiлетiн тауарлар санаттарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
2. Осы баптың 1-тармағымен көзделмеген тауарлардың санатына қатысты, сондай-ақ кедендiк баждар төлеуден толық босатудың шарттарын сақтамаған жағдайда, кедендiк баждар төлеуден iшiнара босату қолданылады. Кедендiк баждар төлеуден iшiнара босатылған кезде тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерде болған әрбiр толық және толық емес күнтiзбелiк айы үшiн егер тауарлар экспортталса төлеуге жататын соманың үш процентi төленедi.
3. Iшiнара босатылған кезде төлеуге жататын кедендiк баждардың сомасын есептеу келiсiм-шарт валютасында жүргiзiледi. Кедендiк баждардың сомалары тауарларды тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкетудiң кедендiк режимiмен орналастырған кезде немесе декларанттың таңдауы бойынша мерзiмдi түрде төленедi. Бұл ретте, кедендiк баждардың сомаларын төлеудiң нақты мерзiмдерi бұл сомаларды төлеу тиiстi кезеңнiң басына дейiн жүргiзiлуi тиiс екендiгiн негiзге ала отырып белгiленедi. Кедендiк баждардың сомаларын кезең-кезеңмен төлеудiң мақсаттары үшiн шетелдiк валютаны Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеу төленетiн күнi қолданылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ресми бағам бойынша жүргiзiледi.
4. Уақытша әкетiлген тауарларды тауарлар экспортының кедендiк режимiмен орналастырған жағдайда, кедендiк баждар төлеуден iшiнара босатылған кезде төленетiн кедендiк баждардың сомасы тауарлар экспортының кедендiк режимiне сәйкес төлеуге жататын кедендiк баждардың сомасына енгiзiледi.
5. Осы Кодекстiң 215-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда, осы баптың 3-тармағына сәйкес төленген кедендiк баждардың сомалары уақытша әкетiлген тауарларға қатысты құқықты қабылдаушы болып табылатын тұлға төлеген болып саналады.
Уақытша әкету кезiнде кедендiк баждарды төлеуден iшiнара босатыла отырып алынатын кедендiк баждардың жалпы сомасы, егер тауарлар экспортталған болса тауарларды уақытша әкетудiң режимiмен орналастыру сәтiнде төлеуге жататын кедендiк баждардың сомасынан аспауы тиiс.
217-бап. Уақытша әкетудiң мерзiмдерi
Уақытша әкетудiң мерзiмдерiн мұндай әкетудiң мақсаттары мен жағдаяттарына сәйкес кеден органы белгiлейдi, алайда тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге әкеткен күннен бастап үш жылдан аспайды.
Декларанттың дәлелдi өтiнiшi бойынша уақытша әкету мерзiмiн кеден органы ұзартуы мүмкiн. Декларант тауарларды уақытша әкелудiң мерзiмiн ұзарту туралы мәселенi шешу үшiн көрсетiлген мерзiмнiң аяқталуына дейiн бiр айдан кешiктiрмей кеден органына растаушы құжаттардың қосымшасымен осындай ұзартудың қажеттiлігі туралы өтiнiштi бередi.
Тауарларды уақытша әкетудiң мерзiмдерiн ұзарту кезiнде кедендiк ресiмдегенi үшiн кедендiк алымдар алынбайды, кедендiк декларация ұсынылмайды.
218-бап. Уақытша әкетiлген тауарларды кедендік бақылаудың
ерекшелiктерi
1. Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкетудiң кедендiк режимiнiң пайдаланылуын бақылауды кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыратын кеден органы жүзеге асырады.
2. Уақытша әкетiлген тауарларды кедендiк бақылауды жүзеге асыратын кеден органы қызметiнiң аймағынан тыс уақытша әкетiлген тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына қайта әкелудi кедендiк ресiмдеген жағдайда, кедендiк ресiмдеу аяқталғаннан кейiн кедендiк ресiмдеудi жүзеге асырған кеден органы бұл туралы осы баптың 1-тармағында көрсетiлген кеден органын хабардар етедi.
219-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкету кедендiк
режимiнiң аяқталуы
1. Уақытша әкетiлген тауарлар Қазақстан Республикасының кеден аумағына керi әкелуге жатады немесе кеден органы бекiткен уақытша әкету мерзiмiнiң аяқталуынан кешiктiрiлмей өзге кеден режимiне мәлiмделуі тиiс.
2. Уақытша әкетiлген тауарларға меншiк құқығын шетелдiк тұлғаға берген жағдайда, уақытша әкетiлген тауарлар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мiндеттi түрде қайта әкелуге жататын жағдайларды қоспағанда, тауарларды уақытша әкетудi жүзеге асыратын тұлға тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкетудiң кедендiк режимiн осы Кодексте белгiленген тәртiппен экспорттың кедендiк режимiне өзгертiлуге мiндеттi.
3. Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкетудiң кедендiк режимi экспорттың кедендiк режимiне өзгерген жағдайда, кедендiк баждардың сомаларын есептеу келiсiм-шарттың валютасында жүргiзiледi. Экспорт кезiнде тауарлардың кедендiк құны мен мөлшерi тауарларды уақытша әкетудiң кедендiк режимiмен орналастырған күнiне, ал кедендiк баждардың ставкалары - экспорттың кедендiк режимiнiң талаптарына сәйкес кедендiк декларация берiлген күнiне айқындалады.
4. Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкетудiң кедендiк режимiн тауарлар экспорты кедендiк режимiне өзгертуге тауарларды кеден органына iс жүзiнде ұсынусыз рұқсат етiледi.
220-бап. Көлiк құралдарын тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша
әкетудiң кедендiк режимiмен орналастырудың ерекшелiктерi
Көлiк құралдарын тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкетудiң кедендiк режимiмен орналастырудың шарттары, уақытша әкетiлген тауарларды пайдалану мен билiк ету жөнiндегi шектеулер, кедендiк баждарды қолдану, уақытша әкетудiң мерзiмдерi, көлiк құралдарын кедендiк бақылау мен кедендiк ресiмдеудiң ерекшелiктерi, сондай-ақ кедендiк режимдi аяқтау осы Кодекстiң 34-тарауымен айқындалады.
221-бап. Уақытша әкетiлген тауарлар мен көлiк құралдарын қайтармау
Уақытша әкетiлген тауарлар мен көлiк құралдарын белгiленген мерзiмдерде қайтармау тек тауарлардың аварияның немесе қарсы тұруға болмайтын күш әсерiнiң, не тауарлар болған мемлекет органдарының немесе мемлекеттiң лауазымды адамдардың әрекеттерiнiң нәтижесiнде иелiктен шығуы салдарынан жойылуы немесе қайтарымсыз жоғалуы жағдайында ғана мүмкiн болады. Бұл факт бойынша декларант шет елдердегi Қазақстан Республикасының
консулдық мекемелерi растаған құжатты ұсынуы тиiс.
222-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкету кедендiк режимiн
сақтамағаны үшiн жауаптылық
Осы Кодекстiң 420-бабының 3-тармағымен көзделетiн жағдайды
қоспағанда, тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкетудiң кедендiк
режимiмен орналастырған адам кедендiк режимнiң шарттарын сақтамағаны үшiн
және кедендiк төлемдердi төлемегенi үшiн жауаптылықта болады.
26 ТАРАУ. ТАУАРЛАРДЫҢ ЭКСПОРТЫ
223-бап. Тауарлардың экспорты кедендiк режимiн тағайындау
Тауарлардың экспорты - тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан
тысқары жерлерге олардың осы аумақтан тыс тұрақты болуы немесе тұтынылуы
мақсатында әкетiлетiн кедендiк режим.
224-бап. Тауарларды тауарлар экспортының кедендiк режимiмен
орналастырудың шарттары
Тауарлардың экспорты:
1) әкету кедендiк баждарының төленуi;
2) тарифтiк емес реттеу шараларының сақталуы;
3) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгiленген талаптар мен
шарттардың орындалуы шартымен жүзеге асырылады.
225-бап. Экспорт үшiн шығару
1. Экспорт үшiн шығарылған тауарлар iс жүзiнде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге шығарылуы тиiс. Бұл ретте, олар табиғи тозуы немесе тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайлардағы кемуi салдарынан болатын өзгерiстердi қоспағанда, кедендiк декларацияны қабылдаған күнгi күйiнде болуы тиiс.
2. Тауарларды өткiзушi тұлға экспорт үшiн шығарылған тауарларды
Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан тысқары жерлерге әкетпеу
кезiнде жауаптылықта болады.
3. Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары
жерлерге әкету осы Кодекстiң 15-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
226-бап. Тауарлар экспортының кедендік режимiн сақтамағаны үшiн
жауаптылық
Осы Кодекстiң 425-бабының 3-тармағымен және 225-баптың 2 тармағымен
көзделетiн жағдайларды қоспағанда, тауарларды кедендiк режиммен
орналастырған тұлға тауарлар экспортының кедендiк режимiн сақтамағаны үшін
жауаптылықта болады.
27-ТАРАУ. ТАУАРЛАРДЫҢ ҚАЙТА ЭКСПОРТЫ
227-бап. Тауарлардың қайта экспорты кедендiк режимiн тағайындау
Тауарлардың қайта экспорты - бұрын Қазақстан Республикасының аумағына
әкелiнген тауарлар осы аумақтан әкелулiк кедендiк баждар мен салықтарды
төлеместен немесе төленген сомаларды қайтара отырып, тауарлардың
қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды қоспағанда, тарифтiк емес реттеу
шараларын қолданбастан әкетiлетiн кедендiк режим.
228-бап. Тауарларды тауарлар қайта экспортының кедендiк режимiмен
орналастыру шарттары
1. Тауарлардың қайта экспорты:
1) уақытша сақтау орындарындағы тауарлардың белгiлi бiр кедендiк
режиммен орналастырғанға дейiн әкетiлуi;
2) бұрын осы Кодекстiң 230-бабында көзделген шарттарды сақтай отырып, еркiн айналым үшiн шығарудың кеден режимiнде ресiмделген тауарлардың әкетiлуi;
3) еркiн айналым үшiн тауарларды қайта өңдеу және бұрын кеден аумағына тауарларды қайта өңдеуге орналастырылған қайта өңдеу жөнiндегi операцияларға жатпайтын шетелдiк тауарларды әкету кедендiк режимiмен орналастырылу шартымен жүзеге асырылады.
2. Тауарлардың қайта экспорты Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалған жағдайларда рұқсат етiледi. Қайта экспортталатын тауарларды кедендiк ресiмдеу тәртiбi кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы белгiлейдi.
3. Акциздiк тауарлардың қайта экспорты әкелулiк кедендiк баждар мен салықтарды төлеудiң не кедендiк алып жүрудiң қамтамасыз етiлуi шартымен жүзеге асырылады. Әкелулiк кедендiк баждар мен салықтарды төлеудiң қамтамасыз етiлуiн қайтару тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге iс жүзiнде әкетiлгенi расталғаннан кейiн жүзеге асырылады.
229-бап. Тауарлардың қайта экспорты кезiнде кедендiк баждарды,
салықтарды қолдану
Арналған ретiнде және тек қана қайта экспорт үшiн мәлiмделген, сондай-ақ осы Кодекстiң 228-бабының 1-тармағының 1, 2-тармақшаларында көрсетiлген уақытша сақтау орындарындағы тауарларға қатысты кедендiк баждар мен салықтар төленбейдi.
Қайта экспортталатын тауарларды әкету кезiнде, мұндай тауарларды iс жүзiнде әкетудiң мерзiмiн бұза отырып не қайта экспорттың кедендiк режимiнiң басқа да талаптарын бұза отырып тауарларды iс жүзiнде әкететiн жағдайларды қоспағанда, әкетулiк кедендiк баждар мен салықтар төленбейдi.
230-бап. Қайта экспорттың кедендік режимiн еркiн айналым үшiн
шығарылған тауарларға қолдану
Егер алушы тауарларды алған кезде оларда ақаулардың болғаны не олардың өзгедей түрде сыртқы экономикалық мәмілеге сәйкес келмегенi және:
1) тауарлар олар шыққан күннен бастап алты айдың iшiнде әкетiледi;
2) тауарларды кеден органдары бiрегейлендiруi мүмкiн;
3) тауарларды пайдалану ақауларды анықтау немесе тауарларды қайтаруға әкеп соқтыратын өзге де жағдаяттар үшiн қажет болатын жағдайларды қоспағанда, тауарлар Қазақстан Республикасында пайдаланылмады деген шарттарды сақтаған жағдайда тауарлар жеткiзушiге не ол көрсеткен өзге тұлғаға қайтарылғаны анықталса, тауарлардың еркiн айналым үшiн шығарылған тауарларға қатысты қайта экспорты рұқсат етiледi.
2. Тауарлардың қайта экспорты кезiнде осы баптың 1-тармағына сәйкес
кедендiк баждардың, салықтардың төленген сомаларын қайтару жүргiзiледi.
231-бап. Тауарлардың қайта экспорты кедендiк режимiнiң шарттарын
сақтамағаны үшiн жауаптылық
Тауарларды қайта экспорттың кедендiк режимiмен орналастырған тұлға,
осы Кодекстiң 425-бабының 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда,
кедендiк режимнiң шарттарын сақтамағаны үшiн жауаптылықта болады.
28-ТАРАУ. ТАУАРЛАРДЫҢ ТРАНЗИТI
232-бап. Тауарлар транзитiнің кедендiк режимiн тағайындау
Тауарлардың транзитi - ол бойынша:
1) тауарлардың қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды қоспағанда, шетелдiк тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендiк аумағы бойынша кедендiк бақылаумен олардың Қазақстан Республикасының кеден аумағына келген жерi мен олардың осы аумақтан әкетiлген жерiнiң арасында кедендiк баждар мен салықтарды төлеместен, тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбастан өткiзiлетiн;
2) қазақстандық тауарлардың қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды қоспағанда, шетелдiк мемлекеттiң аумағы бойынша олардың Қазақстан Республикасының кеден аумағынан әкетiлген жерi мен олардың Қазақстан Республикасының кеден аумағына келген жерiнiң арасында кедендiк баждарды төлеместен және тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану өткiзiлетiн кедендiк режимi.
233-бап. Тауарларды тауарлар транзитiнiң кедендік режимiмен
орналастырудың шарттары
Тауарлар транзитiнiң кедендiк режимiмен:
1) бұл тауарлардың Қазақстан Республикасына әкелiнуiне және Қазақстан Республикасынан әкетiлуiне тыйым салынған тауарлардың тiзбесiне енгiзiлмеуi;
2) бұл тауарлардың, егер оларды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлесе, транзиттiң жолдары мен бағыттары бойынша тасымалданатын болуы;
3) тауарлардың кеден органы белгiлеген әдеттегi жеткiзу мерзiмiне сәйкес көлiк құралының, белгiленген жол бағытының мүмкiндiктерiн және тасымалдаудың басқа жағдайларын негізге ала отырып тасымалдануы;
4) табиғи тозу немесе тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезiнде кему салдарынан болған өзгерiстердi қоспағанда, тауарлардың өзгерiссiз күйде жеткiзiлуi шартымен кез келген тауарлар орналастырылуы мүмкiн.
234-бап. Қазақстан Республикасының кеден аумағы бойынша транзит
1. Шетелдiк тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы
транзитiнiң тәртiбi осы тарауда белгiленген ережелердi қоспағанда, осы
Кодекстiң 13 тарауына сәйкес белгiленедi.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi транзитi тек кедендiк баждар мен
салықтар төлеудiң қамтамасыз етiлуi шартымен ғана рұқсат етiлетiн
тауарлардың тiзбесiн белгiлейдi.
235-бап. Жiберiлетін кеден органына тапсырылуға тиiсті тауарға
арналған құжаттар
Жiберiлетiн кеден органына тапсырылуға тиiстi тауарға арналған
құжаттар өздерi қатысты болып отырған тауарлар сияқты тәртiппен
жеткiзiледi.
236-бап. Қайта тиеу және Қазақстан Республикасының кеден аумағы
бойынша өткiзiлетiн тауарлармен жүргiзiлетiн өзге де
операциялар
1. Транзиттiң кедендiк режимiне сәйкес тасымалданатын тауарларды олар Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнген көлiк құралынан тауарлар бұл аумақтан тысқары жерлерге әкетiлетiн көлiк құралына қайта тиеуге қызмет аймағында қайта тиеу жүзеге асырылатын кеден органының жазбаша рұқсатымен жол берiледi.
2. Транзиттiк тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралы бұзылған жағдайда, мұндай тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағында уақытша сақтауға рұқсат етiледi.
Уақытша сақтау осы Кодекспен белгiленген тауарларды уақытша сақтауға қойылатын шарттар мен талаптарды сақтай отырып, кеден органы ашқан уақытша сақтау қоймасында, ал ол болмағанда өзге уақытша сақтау орындарында жүзеге асырылады.
Уақытша сақтау мерзiмi жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу үшiн қажеттi, бiрақ тауарларды уақытша сақтаудың шектi мерзiмiнен көп емес уақытты негiзге ала отырып тасымалдаушы айқындайды.
Қызмет аймағында уақытша сақтау жүзеге асырылатын кеден органы жөнелтетiн және жiберетiн кеден органдарын тауарларды жеткiзудiң мерзiмiн ұзарту мақсатында мерзiмдер мен көлiк құралының бұзылуы жағдаяттары туралы хабардар етедi.
3. Транзиттiң кедендiк режимiндегi тауарлармен жүргiзiлетiн осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген операцияларды жүргiзу тек егер мұндай операцияларды жасау тауарлар мен көлiк құралдарының жойылуының, қайтарымсыз шығынының немесе елеулi түрде бүлiнуiнiң нақты қаупiнен туындаған жағдайда ғана рұқсат етiледi.
4. Тұлғаның сұрауы бойынша кеден органы тауарлармен бұл кеден органының белгiленген жұмыс уақытынан тыс жүктiк операциялар жүргiзуге рұқсат етуге құқылы.
237-бап. Тауарлардың транзитi кедендiк режимiнiң аяқталуы
1. Тауарлар транзитiнiң кедендiк режимi:
1) егер тасымалдаушы аварияның, өрттiң немесе транзиттік тауарларды одан әрi өткiзудi мүмкiн емес не орынсыз ететiн тежеусiз күштер әсерiнiң салдарынан осы Кодекстiң 13-тарауының шарттары мен талаптарының орындалуын қамтамасыз ете алмаған;
2) тауарларға меншiк иелерi, оларды сатып алушылар болып табылатын не өзге сапада болатын тұлғалардың ниеттерi өзгерген жағдайда, тауарларды Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге iс жүзiнде әкетумен не оларды өзге кедендiк режимдермен орналастырумен аяқталады.
238-бап. Тауарлар транзитiнiң кедендiк режимiн қолданудың
ерекшелiктерi
1. Тауарлар мен көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының кеден аумағына келу орны мен оларды бұл аумақтан әкетiлу орны сәйкес келетiн жағдайларда, кедендiк транзитке кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы белгiлейтiн оңайлатылған тәртіппен рұқсат етiледi.
2. Егер тауарлар осы баптың 1-тармағында көрсетiлген орында тауарлар әкелiнген кезде пайдаланылатын көлiк құралынан оларды әкету кезiнде пайдаланылатын көлiк құралына қайта тиелсе, тауарларды қайта тиеу мұндай жүк операциясын жүзеге асыру бұл тауарларға одан арғы кедендiк бақылауды
жүзеге асырудың мүмкiн болмайтындығына әкеп соқтыратын жағдайларды
қоспағанда, осы Кодекстiң 235-бабында көзделген құжаттар мен мәлiметтердiң
ұсынылуы шартымен рұқсат етiледi.
239-бап. Халықаралық почта жөнелтiмдерiнiң транзитi
Қазақстан Республикасының кедендiк аумағы бойынша транзитпен
өткiзiлетiн халықаралық почта жөнелтiмдерiн кедендiк ресiмдеу
жүргiзiлмейдi.
240-бап. Құбыр желiсi көлiгi мен электр беру желiлерi бойынша
өткiзiлетiн тауарлардың транзитi
Құбыр желiсi көлiгi мен электр беру желiлерi бойынша өткiзiлетiн тауарлардың кедендiк транзитiн кедендiк ресiмдеу кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы белгiлейтiн оңайлатылған тәртiппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының кеден аумағы бойынша құбыр желiсi көлiгiмен
өткiзiлетiн транзиттiк тауарлардың жай-күйiнiң Қазақстан Республикасында
белгiленген нормалар мен стандарттарға сәйкес тасымалдаудың технологиялық
ерекшелiктерiнiң және тауарлардың өзiндiк сипаттамаларының салдарынан
өзгеруiне жол берiледi.
29-ТАРАУ. ТАУАРЛАРДЫ ЖОЮ
241-бап. Тауарларды жоюдың кедендік режимiн тағайындау
Тауарларды жою - оның кезiнде шетелдiк тауарлар жойылатын, оның
ішiнде кедендiк бақылаумен кедендiк баждар мен салықтарды төлеместен,
сондай-ақ тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбастан пайдалану үшiн
жарамсыз қалыпқа келтiрiлетiн кедендiк режим.
242-бап. Тауарларды тауарларды жоюдың кедендiк режимiмен
орналастырудың шарттары
1. Тауарларды тауарларды жоюдың кедендiк режимiмен орналастыру онда жоюдың тәсiлi көрсетiлетiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган қорытындысының негiзiнде кеден органының рұқсатымен жол берiледi.
2. Тауарларды жоюдың кедендiк режимiмен орналастыруға:
1) қолдануға жарамсыз деп танылған дәрiлiк заттар мен тамақ өнiмдерiн қоспағанда, бұйымдар және/немесе материалдар ретiнде пайдаланылуы мүмкiн тауарларға, сондай-ақ адамның денсаулығына, қоршаған табиғи ортаға, жануарлар мен өсiмдiктерге зиян келтiруi мүмкiн бұйымдарға;
2) мәдени, археологиялық, тарихи құндылықтарға;
3) оларды жою iндеттер мен эпизотиялардың жолын кесу мақсатында талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, жойылып кету қаупi төнген жануарлар мен өсiмдiктердiң түрлерiне;
4) кеден органдары кепiлдiк зат ретiнде қабылдайтын тауарлар мен көлiк құралдарына кепiлдiк қатынастар тоқтатылғанға дейiн;
5) алынған тауарларға немесе тиым салынған тауарларға оның iшiнде Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес заттық айғақ болып табылатын тауарларға;
6) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын өзге де тауарларға рұқсат етiлмейдi.
3. Тауарларды жою аталған кедендiк режимдi мәлiмдеген тұлғаның есебiнен жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының кеден және өзге де мемлекеттiк органдары үшiн қандай да бiр шығыстарға әкеп соқтырмауы тиiс.
4. Егер жоюдың кедендiк режимiне мәлiмделген тауарлардың экономикалық
тиiмдi тәсiлмен бастапқы жай-күйiнде қалпына келтiрiлуi мүмкiн болмаса,
жоюға рұқсат етiледi.
5. Кеден қоймасында сақталатын тауарларға қатысты тауарларды жоюдың
кедендiк режимiн тауарларды кеден қоймасына өткiзген тұлғаның келiсiмi
бойынша кеден қоймасының иесi мәлiмдеуi мүмкiн.
243-бап. Тауарларды жоюдың мерзiмдерi
Жою тәсiлi мен оны жүргiзу орнын негiзге ала отырып тауарларды iс
жүзiнде жою үшiн кеден органы белгiлейтiн мерзiмдерде кедендiк бақылаумен
жүргiзiледi.
244-бап. Тауарларды жоюдың тәртiбi
1. Жою:
1) нәтижесiнде тауарлар мен көлiк құралдары толық жойылатын термиялық, химиялық, механикалық не өзге де ықпал ету (өртеу, қирату, көму және тағы басқа) жолмен;
2) мұндай бүлiнулердiң тауарлар мен көлiк құралдарын кейiн қалпына келтiру мен оларды пайдалану мүмкiндiгiн жоққа шығаруы шартымен тесiктер, жарықтар жасауды, өзге де тәсiлдермен бүлдiрудi қоса алғанда, бөлектеу, бөлшектеу, механикалық тұрғыдан бүлдiру жолымен жүргiзiледi.
Уәкiлеттi органның тауарларды сақталу орындарынан алудың және оларды одан әрi пайдаланудың мүмкiн еместiгi туралы қорытындысының негiзiнде сақталу орындарынан алынуы және пайдаланылуы мүмкiн болмайтын тауарларға қатысты жою жүргізiлген болып саналады.
2. Тауарларды жою нәтижесiнде пайда болған қалдықтарды одан әрi
пайдалану мүмкiн болған жағдайда, жою режимiн мәлiмдеген тұлға арқылы олар
кедендiк бақылаудағы шетел тауарлары ретiнде тиiстi кеден режимiмен
орналастырылуы тиiс.
3. Кеден органы қалдықтарды кедендiк ресiмдеу орнын айқындайды.
Кеден органы қалдықтардың уақытша сақтау орындарына орналастырылуға
жататындығын белгiлеуге құқылы.
4. Тауарларды жою тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметі
айқындайды.
245-бап. Тауарларды жоюдың кедендiк режимi шарттарын сақтамағаны
үшін жауаптылық
Осы Кодекстiң 425-бабының 3-тармағымен көзделген жағдайды қоспағанда,
тауарларды жоюдың кеден режимiмен орналастырған тұлға кеден режимiнiң
шарттарын сақтамағаны үшiн жауаптылықта болады.
30-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТIҢ ПАЙДАСЫ ҮШIН ТАУАРДАН БАС ТАРТУ
246-бап. Мемлекеттiң пайдасы үшiн тауардан бас тартудың кедендiк
режимiн тағайындау
Мемлекеттiң пайдасы үшiн тауардан бас тарту - тауарлардың қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды қоспағанда, шетелдiк тауарлар мемлекеттiң меншiгіне кедендiк баждарды, салықтарды төлеместен, және тарифтiк емес реттеу шараларын қолданумен өтеусiз берiлетiн кеден режимi.
247-бап. Тауарларды мемлекеттiң пайдасы үшiн тауардан бас тартудың
кедендiк режимiмен орналастырудың шарттары
1. Мемлекеттiң пайдасы үшiн тауардан бас тарту кеден органдары үшiн қандай да бiр шығыстарға әкеп соқтырмауы тиiс.
2. Тауарды мемлекеттiң пайдасы үшiн тауардан бас тартудың кедендiк режимiмен орналастырған тұлғаның кедендiк ресiмдеу аяқталғаннан кейiн көрсетiлген кедендiк режимдi басқаға өзгертуге құқығы жоқ.
3. Мемлекеттiң пайдасы үшiн тауардан бас тартудың кедендiк режимiмен:
1) қару-жарақты, олардың оқ-дәрiлерiн, әскери техниканы, қосалқы бөлшектердi, жинақтаушы бұйымдар мен олардың құралдарын;
2) әскерилендiрiлген ұйымдар жеке құрамының арнайы жабдықтарын және оларды өндiру мен пайдалануға арналған нормативтiк-техникалық өнiмдердi;
3) жарылғыш заттарды, жару құралдарын;
4) зымырандық-ғарыштық кешендердi, байланыс пен әскери мақсаттағы басқару жүйелерін және оларды өндiру мен пайдалануға арналған нормативтiк-техникалық құжаттаманы;
5) зымырандық отынның барлық түрлерiн, сондай-ақ оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен арнайы жабдықтарды;
6) әскери улаушы заттарды, олардан қорғану құралдарын және оларды
өндiру мен пайдалануға арналған нормативтiк-техникалық құжаттаманы;
7) уранды, басқа да бөлшектенетiн материалдар мен олардан жасалған
бұйымдарды;
8) ғылымы-зерттеу және жобалау жұмыстарының, сондай-ақ қару-жарақ пен
әскери техниканы жасау жөнiндегi iргелi iздестiрушiлiк зерттеулерiнiң
нәтижелерiн;
9) шифрлау техникасы мен оларды өндiру мен пайдалануға арналған
нормативтік-техникалық құжаттаманы;
10) есiрткi құралдарын, психотроптық, күштi әсер ететiн, улы
заттарды, сондай-ақ прекурсорларды;
11) радиоактивті материалдардың қалдықтарын;
12) жарылғыш заттардың қалдықтарын;
13) өнеркәсiптік қалдықтарды;
14) энергияның электрлiк, жылулық және өзге де түрлерiн;
15) тұтыну мерзiмi өткен тауарларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгiленген мемлекеттiк стандартқа сәйкес келмейтiн тауарларды орналастыруға рұқсат етiлмейдi.
248-бап. Мемлекет пайдасына тауардан бас тартудың кедендiк режимiн
аяқтау
1. Мемлекеттің пайдасына тауардан бас тартудың кедендiк режимi осы Кодекспен айқындалған тәртiппен және жағдайларда кедендiк ресiмдеудi аяқтайды, бұл ретте, кедендiк ресiмдеудi аяқтаудан кейiн көрсетiлген кеден режимiн өзгертуге жол берiлмейдi.
2. Мемлекет пайдасына тауарлардан бас тартудың кеден режимiне
орналастырылған тауарларды кедендiк ресiмдеудi аяқтаудан кейiн мұндай
тауарлар осы Кодекстiң 71-тарауына сәйкес мемлекеттiк меншiкке айналады.
249-бап. Қосымша ережелер
Тауарлар мемлекеттiк меншiкке айналған жағдайда, осы тараудың
ережелерiне сәйкес кедендiк баждар мен салықтардың төленуiн қамтамасыз ету
өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
250-бап. Мемлекеттiң пайдасы үшiн тауардан бас тартудың кедендiк
режимiнiң шарттарын орындамағаны үшiн жауаптылық
Осы Кодекстiң 425-бабының 3-тармағымен көзделетiн жағдайды
қоспағанда, мемлекеттің пайдасы үшiн тауардан бас тартудың кедендiк
режимiн мәлiмдеген адам кедендiк режимнiң шарттарын орындамағаны үшiн
жауаптылықта болады.
31-ТАРАУ. ЕРКIН КЕДЕН АЙМАҒЫ
251-бап. Еркiн кеден аймағының кедендiк режимiн тағайындау
Еркiн кеден аймағы - бұл шетелдiк және қазақстандық тауарлар
тауарлардың қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптардан басқа, арнайы экономикалық
аймақтың тиiстi аумақтық шекараларында импортталатын тауарларға арналған
акциз алуды қоспағанда, кедендiк баждар, салықтар алынбастан, тарифтiк
емес реттеу шараларын қолданбастан орналасатын және пайдаланылатын
кедендiк режим.
252-бап. Еркiн кеден аймағының режимiмен орналастыруға рұқсат етiлетiн
тауарлар
Арнайы экономикалық аймақтың аумағына еркiн кеден аймағының кедендiк режимiмен еркiн экономикалық аймақ құрудың мақсаттарына жету үшiн қажеттi тауарларды орналастыруға рұқсат етiледi.
Еркiн экономикалық аймақ құрудың мақсаттарына жету үшiн қажеттi тауарлардың тiзбесi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес бекiтiлген арнайы экономикалық аймақ туралы ережеде белгiленедi.
253-бап. Еркiн кеден аймағының кедендiк режимiмен орналастырылған
тауарлармен жүргiзiлетiн операциялар
Арнайы экономикалық аймақтың аумағында еркiн кеден аймағының кедендiк режимiмен орналастырылған тауарлармен мынадай операциялар жасауға рұқсат етiледi:
1) осы тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi;
2) алкоголь өнiмдерiнiң өндiрiсiнде пайдаланылатын тауарларды қайта өңдеу жөнiндегi операцияларды қоспағанда, қайта өңдеу жөнiндегi операциялар.
Арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы еркiн кедендiк аймақтың кедендiк режимiмен орналастырылған тауарлармен жүргiзiлетiн операциялардың қосымша тiзбесi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес бекiтiлген арнайы экономикалық аймақ туралы ережемен айқындалады.
254-бап. Тауарлардың еркiн кедендiк аймақтың кедендiк режимiнде болу
мерзiмдерi
Тауарлар арнайы экономикалық аймақтың жұмыс iстеуi шартымен еркiн
кедендiк аймақтың кедендiк режимiмен мерзiмi шектелместен болуы мүмкiн.
Арнайы экономикалық аймақ таратылған жағдайда, бұрын еркiн кедендiк
аймақтың кедендiк режимiмен орналастырылған тауарлар Қазақстан
Республикасының заңдарымен белгiленген арнайы экономикалық аймақты
таратудың рәсiмдерiн жүзеге асыру мерзiмiнiң iшiнде өзге кедендiк режимге
мәлiмделуi тиiс.
255-бап. Арнайы экономикалық аймақтарда Қазақстан Республикасының
кедендiк заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi
шаралар
Кеден органдары арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы еркiн кеден
аймағының кедендiк режимiмен орналастырылған тауарларды кедендiк бақылауды
жүзеге асырады.
256-бап. Арнайы экономикалық аймақтардағы тауарлардың есебiн жүргiзу
Қызметiн арнайы экономикалық аймақтарда жүзеге асыратын тұлғалар
әкелiнетiн, әкетiлетiн, сақталатын, дайындалатын, өңделетiн, сатып
алынатын және сатылатын тауарлардың есебiн жүргiзедi және кеден
органдарына кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен
келiсiм бойынша орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен олар туралы
есептiлiк ұсынады.
257-бап. Кедендiк баждар, салықтар алу және тарифтiк емес реттеу
шараларын қолдану
1. Шетелдiк тауарларды еркiн кеден аймағының кедендiк режимiмен орналастырған кезде импортталатын тауарларға акциз алуды қоспағанда, кедендiк баждар мен салықтар алынбайды және тауарлардың тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмайды. Көрсетiлген тауарларды арнайы экономикалық аймақтың аумағынан Қазақстан Республикасы кедендiк аумағының қалған бөлiгiне әкелген кезде кедендiк баждар мен салықтар алынады және тарифтiк емес реттеу шаралары мәлiмделген кедендiк режимнiң шарттарына сәйкес қолданылады.
2. Қазақстандық тауарларды еркiн кеден аймағының кедендiк режимiнiң шарттары мен талаптарын сақтай отырып арнайы экономикалық аймақтың аумағына Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлiгiнен әкелу, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтың аумағынан Қазақстан Республикасының қалған кеден аумағына әкету кезiнде кедендiк баждар мен салықтар алынбайды және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмайды. Көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге әкету таңдап алынған кеден режимiнiң шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Тауарлардың арнайы экономикалық аймақтың аумағынан шығарылуы тауарлардың шығарылуы туралы сертификатпен расталады.
Көрсетiлген сертификат болмаған жағдайда тауар:
1) Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерлерге әкету кезiнде - қазақстандық ретiнде әкетулiк кедендiк баждарды алу мен тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану мақсатында;
2) Қазақстан Республикасы кедендiк аумағының қалған бөлiгiне әкелу кезiнде - шетелдiк ретiнде әкелулiк кедендiк баждарды алу, сондай-ақ тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану мақсатында қаралады.
258-бап. Тауарларды кедендік ресiмдеудiң ерекшеліктерi
1. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына әкелiнген және еркiн кеден аймағының кедендiк режимiмен орналастырылған тауарлар кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы белгiлеген тәртіппен кедендiк ресiмдеуге жатады.
2. Еркiн кеден аймағының кедендiк режимi өзге кедендiк режимге өзгертiлген жағдайда, шетелдiк тауарларды кедендiк ресiмдеу, тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану, кедендiк баждар мен салықтарды төлеу таңдап алынған кедендiк режимнiң шарттары мен талаптарына сәйкес жүргiзiледi. Бұл ретте тауарлардың кедендiк құны тауардың еркiн кеден аймағының кедендiк режимiнде болған уақыты iшiндегi тозуы ескерiле отырып айқындалады.
3. Еркiн кеден аймағының кедендiк режимiмен орналастырылған тауарларды, кеден қоймасының кедендiк режимi мен еркiн қойманың кедендiк режимiн қоспағанда, оларды өзге кедендiк режимде мәлiмдеген кезде кедендiк ресiмдеу мұндай тауарларды еркiн кеден аймағының кедендiк режимiмен кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыратын кеден органында жүргiзiледi.
Егер бұрын еркiн кеден аймағының кедендiк режимiмен ресiмделген тауарлар өзге кеден органының қызмет аймағындағы кеден қоймасының кедендiк режимi мен еркiн қойманың кедендiк режимiмен мәлiмделген жағдайда, тауарларды басқа арнайы экономикалық аймақтың аумағына шығару жүзеге асырылған жағдайда, онда мұндай тауарларды кедендiк ресiмдеу таңдап алынған кедендiк ресiмдеуге сәйкес қызмет аймағында кеден қоймалары немесе еркiн қоймалар бар кеден органында жүргiзiледi. Бұл ретте тауарларды өткiзу тауарларды кедендiк бақылаумен жеткiзуге қойылатын талаптарға сәйкес жүргiзiледi.
Бұрын еркiн кеден аймағының кедендiк режимiмен орналастырылған тауарларды бақылаудан алу үшiн негiздеме:
1) кедендiк ресiмдеудi жүргiзген кеден органының кедендiк ресiмдегенi туралы жазбаша хабарламасы;
2) кеден қоймасының немесе еркiн қойманың немесе еркiн кеден
аймағының кеден режимiне сәйкес ресiмделген, кеден органы лауазымды
адамының жеке нөмiрлi мөрiмен расталған жүктiк кедендiк декларацияның
көшiрмесi болып табылады.
259-бап. Еркiн кеден аймағы кедендiк режимiнiң шарттарын сақтамағаны
үшін жауаптылық
Осы Кодекстiң 425-бабының 3-тармағымен көзделетiн жағдайды
қоспағанда, тауарларды еркiн кеден аймағының кедендiк режимiмен
орналастырған тұлға кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеу үшiн
жауаптылықта болады.
32-ТАРАУ. ЕРКIН ҚОЙМА
260-бап. Еркiн қойманың кедендiк режимiн тағайындау
Еркiн қойма - бұл шетелдiк және қазақстандық тауарлар еркiн қойма ретiнде танылған тиiстi үй-жайларда (орындарда) тауарлар қауiпсiздiгi бойынша талаптарды қоспағанда тарифтiк реттеу шараларын қолдана отырып, кедендiк баждар, салықтар алынбастан орналасатын және пайдаланылатын кедендiк режим.
261-бап. Еркiн қоймаға орналастыруға рұқсат етiлетiн тауарлар
Еркiн қоймаларға қайта өңдеуге және пайдалануға арналған тауарларды орналастыруға рұқсат етiледi.
Қазақстан Республикасының Үкiметi еркiн қоймаларға орналастыруға тыйым салынатын тауарлардың тiзбесiн белгiлеуi мүмкiн.
262-бап. Еркiн қоймалардағы тауарлармен жүргiзілетiн операциялар
1. Еркiн қоймаларда мынадай операциялар жасауға рұқсат етiледi:
1) бұл тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша операциялар:
тазалау, желдету, кептiру (оның iшiнде жылу ағынын жасау арқылы), сақтаудың қолайлы температуралық режимiн жасау (суыту, мұздату, жылыту), қорғанышты орамға орналастыру, қорғаныштық май мен консерванттар жағу, дат басудан қорғау үшiн сырлау, алдын алу заттарын енгiзу; тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау бойынша;
партияларды ұсақтау, жөнелтiмдердi жасау, сұрыптау, орау, қайта орау, таңбалау, тиеу, түсiру, қайта тиеу, толық жинақтаумен немесе жұмыс күйiне келтiрумен байланысты қарапайым операциялар, ұтымды орналастыру мақсатында тауарлардың қойманың шегiнде орнын ауыстыру, тауарларды көрсету стендтерiне орналастыру, тестiлеу;
2) қайта өңдеу жөнiндегi операциялар:
оның кезiнде әкелiнген тауарлардың негiзгi сипаттамалары сақталатын құрастыруды, жинауды және қиыстыруды қоса алғанда, басқа тауарды дайындау (өңдеу), оның кезiнде шетелдiк тауарлар қайта өңдеудiң мiндеттi шарты бiрегейлендiру болып табылатын кезде әкелiнген тауарларды қайта өңдеу өнiмдерiнде бiрегейлендiруге мүмкiндiк беретін сипаттамаларды сақтай отырып жеке сипатын жоғалтатын тауардың өзiн қайта өңдеу, оларды қалпына келтiрудi қоса алғанда тауарларды жөндеу, оларды қайта өңдеу процесiнiң барысында толық немесе iшiнара тұтына отырып, қайта өңдеу өнiмдерiн өндiрудi жеңiлдетуге арналған кейбiр тауарларды пайдалану;
3) мыналарды:
тауарларды технологиялық жабдық пен оның қосалқы бөлшектерi ретiнде пайдалануды, тауарларды тиеу-түсiру техникасы, еркiн қоймада пайдаланылатын өзге де техникалық құралдар ретiнде пайдалануды, көрмелер өткiзудi қамтитын операциялар.
2. Осы баптың 1-тармағының 1 және 2-тармақшаларында көрсетiлген еркiн қоймаға орналастырылған тауарлармен операциялар кеден органын құлақтандыра отырып жүргiзiледi және Сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлық номенклатурасы бойынша тауарлардың коды өзгермеуi тиiс.
Еркiн қоймада уақытша сақталудағы тауарлармен осы баптың 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетiлген операциялар жүргiзiлуi мүмкiн.
Еркiн қоймада шетелдiк тауарларды қайта өңдеу жөнiндегi операциялар жүзеге асырылатын кезде қазақстандық тауарларды қайта өңдеу өнiмдерiн өндiру мақсаттары үшiн қоспалар, қосымша құрамдас бөлiктер ретiнде пайдалануға рұқсат етiледi.
Қазақстан Республикасы заңнамаларының сақталуын қамтамасыз ету және
кедендiк бақылауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының
Yкiметi еркiн қоймалардағы тауарлармен операциялар жүргiзуге жекелеген
тыйым салулар мен шектеулер белгiлеуге құқылы.
263-бап. Тауарлардың еркiн қоймаларда болу мерзiмдерi
Тауарлар еркiн қойманың жұмыс iстеуi шартымен еркiн қоймаларда
мерзiмi шектелместен болуы мүмкiн.
264-бап. Еркiн қоймаларда Қазақстан Республикасының кедендiк
заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар
Кеден органдары еркiн қоймалардағы тауарларды кедендiк бақылауды
жүзеге асырады.
Кеден органдары кедендiк бақылаудың Қазақстан Республикасы заңдарының орындалуын қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi болып табылатын нысандарын қолданады.
Еркiн қоймаларға орналастырылған, сондай-ақ еркiн қоймалардан әкетiлетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады.
265-бап. Еркiн қоймалардағы тауарлардың есебiн жүргiзу
1. Еркiн қоймалардың иелерi әкелiнетiн, әкетiлетiн, сақталатын, дайындалатын, қайта өңделетiн, сатып алынатын және сатылатын тауарлардың есебiн жүргiзедi және кеден органдарына кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен олар туралы есептiлiк ұсынады. Еркiн қоймалардың шектерiндегi тауарлармен болатын кез келген өзгерiстер есептiк құжаттарда көрiнiс табуы тиiс.
2. Еркiн қоймада сақталатын, дайындалатын және қайта өңделетiн
тауарлардың есебiн жүргiзу үшiн, мұндай құжаттарда: тауарлардың атауы мен
бiрегейлендiру белгiлерiнiң, олардың саны, тауарлар мен көлiк құралдарының
еркiн қойма шегiндегi қозғалысы туралы мәлiметтердiң, олармен еркiн
қоймада болатын кез келген өзгерiстердiң көрiнiс табуы шартымен
бухгалтерлiк есеп пен есептiлiктi Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес жүргiзу үшiн қолданылатын құжаттар пайдаланылады.
266-бап. Еркiн қойма иесiнiң мiндеттерi
Еркiн қойманың иесi:
1) осы Кодекстiң 140-бабымен белгiленген бiлiктiлiк талаптарды
сақтауға;
2) қоймадағы тауарлардың кедендiк бақылаудан тыс алынбауын қамтамасыз
етуге;
3) еркiн қойманы құруға арналған лицензияның шарттарын сақтауға және
кеден органдары лауазымды адамдарының еркiн қоймадағы тауарларға кiруiн
қамтамасыз етудi, бұл адамдарға кедендiк бақылау мен кедендiк ресiмдеудi
жүзеге асыру үшiн еркiн қоймадан үй-жайларды, жабдықтар мен байланыс
құралдарын берудi қоса алғанда, кеден органдарының талаптарын орындауға
мiндеттi.
267-бап. Кедендік баждар, салықтар алу және тарифтiк емес реттеу
шараларын қолдану
Шетелдiк және қазақстандық тауарларды еркiн қоймаларға орналастырған кезде кедендiк баждар мен салықтар алынбайды және қауiпсiздiк талаптарын қоспағанда тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмайды. Еркiн қоймалардан Қазақстан Республикасы кедендiк аумағының қалған бөлiгiне әкелу кезiнде, қазақстандық тауарларды әкелудi қоспағанда, кедендiк баждар мен салықтар алынады және тарифтiк емес реттеу шаралары мәлiмделген кедендiк режимнiң шарттарына сәйкес қолданылады.
Тауарларды еркiн қоймалардан Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерлерге әкету кезiнде кедендiк баждар мен экономикалық сипаттағы тарифтiк емес реттеу шаралары:
1) шетелдiк;
2) еркiн қоймаларда өндiрiлген;
3) еркiн қоймаларда қайта өңдеуге ұшыраған тауарларға қолданылмайды.
Тауарлардың еркiн қоймалардан шығарылуы шығарылу тауарлардың шығарылуы туралы сертификатымен расталады. Көрсетiлген сертификат болмаған жағдайда тауар:
1) Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерлерге әкету кезiнде -
қазақстандық ретiнде әкетулiк кедендiк баждарды алу мен тарифтiк емес
реттеу шараларын қолдану мақсатында;
2) Қазақстан Республикасы кедендiк аумағының қалған бөлiгiне әкелу
кезiнде шетелдiк ретiнде әкелулiк кедендiк баждар мен салықтарды алу,
сондай-ақ тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану мақсатында қаралады.
268-бап. Еркiн қойманың кедендiк режимiнiң шарттарын сақтамағаны үшiн
жауаптылық
Осы Кодекстiң 425-бабының 3-тармағымен көзделетiн жағдайды
қоспағанда, еркiн қойманың кеден режимiн мәлiмдеушi тұлға кеден режимiнiң
шарттарын сақтамағаны үшiн жауаптылықта болады.
269-бап. Еркiн қойма қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары
Еркiн қойма қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары осы Кодекстiң
140-бабына сәйкес белгiленедi.
270-бап. Еркiн қойманы құруға арналған лицензия
1. Еркiн қойма кеден органының лицензиясы алынғаннан кейiн құрылады. Мұндай лицензия еркiн қойманы құруға арналған алаңдардың меншiк иесi немесе оларға шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында билiк етушi болып табылатын қазақстандық тұлғаға берiледi.
2. Лицензиялаумен байланысты және осы тараумен реттелмеген қатынастар
лицензиялау туралы заңнамамен реттеледi.
3. Орталық кеден органы құрылған және жұмыс iстеп тұрған еркiн
қоймалар туралы ақпаратты мерзiмдi түрде жариялауды қамтамасыз етедi.
4. Еркiн қойманы құруға арналған лицензия басқа тұлғаға берiлуге
жатпайды.
271-бап. Еркiн қойманы құруға арналған лицензия алу үшiн қажеттi
құжаттар
1. Еркiн қойманы құруға лицензия алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
1) тұлғаның лицензияны беру туралы белгiленген нысан бойынша өтiнiшi;
2) өртке қарсы қауiпсiздiк талаптарына, санитарлық және техникалық
нормаларға сәйкестiлiктi растайтын құжаттар;
3) құрылтай және тiркеу құжаттарының нотариалды расталған көшiрмелерi;
4) лицензияны бергенi үшiн алым төлегендiгiн растайтын құжаттар;
5) тиiстi үй-жайлар мен орындарға қатысты меншiк немесе иелiк ету
және пайдалану құқығын растайтын құжаттар;
6) еркiн қойма ретiнде мәлiмделетiн үй-жайлардың жоспарлары,
сызбалары.
2. Осы баптың 1-тармағының 5)-6) тармақшаларында белгiленген өтiнiште және құжаттарда көрсетiлген мәлiметтер өзгерген кезде, лицензиат кеден органын тиiстi өзгерiстер туралы өзгерiстер енгiзiлген күннен бастап отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей хабардар етедi.
272-бап. Еркiн қойманы құруға арналған лицензияның қолданылуын
тоқтата тұру
1. Еркiн қойманың иесi осы Кодекспен белгiленген талаптар мен мiндеттiлiктердi сақтамаған жағдайда, лицензияның қолданылуы орталық кеден органының шешiмi бойынша тоқтата тұрудың себептерi көрсетiле отырып алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтатыла тұруы мүмкiн.
2. Лицензияның тоқтатыла тұруы туралы шешiмдi мұндай шешiмнiң негiздемесi бар басшының бұйрығы нысанында орталық кеден органы қабылдайды.
3. Лицензияның қолданылуы тиiстi шешiм қабылданған күннен бастап тоқтатыла тұрады. Лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған кезде тауарларды еркiн қоймаға орналастыруға рұқсат етiлмейдi. Лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрғанға дейiн еркiн қоймаға орналастырылған тауарлар кедендiк бақылаумен өзге бос қоймаларға орналастырылуы немесе өзге кедендiк режимге орналастырылуы тиiс.
4. Лицензияның қолданылуы ол бойынша оның қолданылуы тоқтатыла тұрған себептер жойылғаннан кейiн, орталық кеден органы лицензияның қолданылуын қайта жаңарту туралы шешiм қабылдаған күннен бастап жаңартылады.
273-бап. Еркiн қойманы құруға арналған лицензияны керi қайтарып алу
1. Лицензияны орталық кеден органы:
1) егер толық және дұрыс ақпарат берiлген жағдайда оның белгiленген тәртiптiң негiзiнде мәлiмдеушiге берiлуi мүмкiн болмаса, ол дұрыс емес мәлiметтердiң негiзiнде берiлген;
2) лицензиат лицензиядағы талаптарды орындамаған;
3) олар бойынша лицензияның қолданылуы бұрын тоқтатыла тұрған себептер жойылмаған жағдайларда керi қайтарып алуы мүмкiн.
2. Керi қайтарып алу туралы шешiм осындай шешiмнiң негiздемесiмен
бiрге орталық кеден органының бұйрығымен ресiмделедi.
3. Лицензияны керi қайтарып алу керi қайтарып алу туралы шешiм
қабылданған күннен бастап әрекет етедi.
4. Лицензия керi қайтарылып алынған жағдайда, еркiн қойманың иесi
керi қайтарып алу туралы шешiмдi алған күннен бастап он бес күнтiзбелiк
күннен кешiктiрмей лицензияның түпнұсқасын орталық кеден органына
қайтаруға мiндеттi.
5. Еркiн қойманы құруға арналған лицензия беру туралы қайталама
өтiнiш керi қайтарып алу үшiн негiздеме болған себептердiң жойылуы
шартымен лицензияны керi қайтарып алу туралы шешiм шығарылған күннен
бастап екi жыл өткеннен кейiн қаралуы мүмкiн.
274-бап. Еркiн қойманы құруға арналған лицензияның қолданылуын
тоқтату
1. Еркiн қойманы құруға арналған лицензия өзiнiң қолданылуын орталық
кеден органының шешiмi бойынша:
1) лицензия қайтарып алынған;
2) еркiн қойма иесiнiң кеден органына жазбаша өтiнiш беруiмен еркiн
қойманың қызметi тоқтатылған;
3) еркiн қойма лицензиясының иесi болып табылатын заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда тоқтатады.
2. Еркiн қойманы құруға арналған лицензияның қолданылуын тоқтату туралы шешiм мұндай тоқтатудың себептерi көрсетiле отырып орталық кеден органының бұйрығымен ресiмделедi.
3. Еркiн қойманың қызметi тоқтатылған, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, еркiн қойманың иесi он бес күндiк мерзiмде лицензияны орталық кеден органына қайтаруға мiндеттi.
4. Еркiн қойманың қызметi тоқтатылған жағдайда, еркiн қойманың кедендiк режимiмен орналастырылған тауарлар лицензияның қолданылуын тоқтату туралы шешiм қабылданғанға дейiн осы Кодекстiң 13-тарауында белгiленген тәртiппен басқа еркiн қоймаға ауыстырылуы мүмкiн, не еркiн қойманың осы тауарларға қатысты кедендiк режимiнiң қолданылуы лицензияның қолданылуын тоқтату туралы шешiм қабылданған күннен кейiнгi отыз күнтiзбелiк күннiң iшiнде аяқталуы тиiс.
Егер еркiн қоймада қайта өңдеу жөнiндегi операцияларға ұшыраған тауарлар болған жағдайда, кеден органы осы тауарларды еркiн қоймаға орналастырған тұлғаны оның таратылғандығы туралы хабардар етедi. Бұл ретте еркiн қойманың осы тауарларға қатысты кедендiк режимi қайта өңдеудiң соңғы операциясы аяқталғанға дейiн сақталады.
33-ТАРАУ. АРНАУЛЫ КЕДЕН РЕЖИМI
275-бап. Арнаулы кеден режимiнiң мақсаты
Арнаулы кеден режимi - тауарлардың жекелеген санаттары кеден баждары мен салықтары алынбастан және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданбастан Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн кеден режимi.
276-бап. Арнаулы кеден режимiмен орналастырылатын тауарлар
1. Арнаулы кеден режимiмен орналастыруға Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн мынадай тауарлар жатады:
1) Қазақстан Республикасы кеден аумағының шегiнен тысқары жерлерге әкетiлетiн және елшiлiктердiң, консулдықтардың, халықаралық ұйымдардың жанындағы өкiлдiктердiң және шет елдердегi Қазақстан Республикасының өзге де ресми өкiлдiктерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге арналған тауарлар;
2) Қазақстан Республикасының кеден аумағында және оның шегiнен тысқары жерлерде орналасқан Қазақстан Республикасының әскери мекемелерiнiң арасында кедендiк шекара арқылы өткiзiлетiн тауарлар;
3) көрсетiлген көлiк құралдарының қалыпты жұмыс iстеуi мен оларға техникалық қызмет көрсетiлуiн қамтамасыз ету, олардың экипажы мен жолаушыларының тiршiлiк ету қызметiн қамтамасыз етуге арналған көлiктiң теңiз, әуе және темiр жол түрлерiнiң көлiк құралдарында өткiзiлетiн борттық запастар мен кеме қорлары;
4) кедендiк шекара арқылы өткiзiлетiн және табиғи зiлзалалар мен өзге де төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға арналған тауарлар, оның iшiнде төтенше оқиғалардың нәтижесінде зардап шеккен адамдарға тегiн тарату үшiн, не осы мақсаттарда коммерциялық емес қайырымдылық ұйымдарына беруге арналған тауарлар, авариялық-құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргiзу мен авариялық-құтқару құрамаларының тiршiлiк ету қызметi үшiн қажеттi тауарлар;
5) бұл шикiзаттың не өнеркәсiптiк өнiмнiң мүмкiн болатын сұранысын анықтау мақсатында зерттеулер жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн шикiзаттың не өнеркәсiптiк өнiмдердiң үлгiлерi. Бұл ретте үлгi тұрғысында мұндай зерттеулердi
(сертификациялауды) жүргiзу үшiн жеткiлiктi коммерциялық құндылығы жоқ
шикiзаттың не өнеркәсiптiк өнiмнiң ең аз саны түсiнiледi.
277-бап. Арнаулы кеден режимiнiң шарттарын сақтамағаны үшiн
жауапкершiлiк
Осы Кодекстiң 425-бабының 3-тармағымен көзделген жағдайларды
қоспағанда арнаулы кеден режимiн мәлiмдеген тұлға кеден режимiнiң
шарттарын сақтамағаны үшiн жауапкершiлiкте болады.
7-БӨЛIМ. АРНАЙЫ КЕДЕНДIК РӘСIМДЕР
34-ТАРАУ. КӨЛIК ҚҰРАЛДАРЫН ӨТКIЗУ
278-бап. Көлiк құралдарына қолданылатын кедендiк режимдер
Осы Кодекстiң 287, 295-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн көлiк құралдары (бостарын қоса алғанда) кедендiк төлемдерден, салықтардан толық босатыла отырып және тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбастан уақытша әкелу мен уақытша әкетудiң режимдерiне сәйкес осы тарауда көзделген оңайлатылған тәртiппен кедендiк ресiмдеуге жатады.
279-бап. Көлiк құралдарын өткiзудiң тәртiбi
1. Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы жол жүретiн көлiк құралдары тек Қазақстан Республикасының Yкiметi анықтайтын өткiзу пункттерi арқылы ғана өткiзiледi және осы Кодексте көзделген кедендiк рәсiмдердi жүзеге асыру үшiн оларда тоқтатылуға және тұруға жатады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген көлiк құралдарының тұру ұзақтығы ең қысқа болуы және кедендiк рәсiмдердiң басталуы мен аяқталуы кеден органдарына байланысты емес себептер бойынша мүмкiн болмайтын жағдайларды қоспағанда, ұлттық темiр жол компаниясымен келiсiм бойынша орталық кеден органы бекiтетiн темiр жол көлiгiне арналған автомобиль және су көлiгi үшiн бiр тәулiк уақыттан аспауы тиiс.
3. Көлiк құралдарының өздерiнiң тұру орындарынан жөнелтiлуi Қазақстан Республикасының кеден аумағына кiруi кезiнде осы Кодекстiң 11-тарауымен және Қазақстан Республикасының кеден аумағынан шығу кезiнде осы Кодекстiң 15-тарауымен көзделген кедендiк рәсiмдер аяқталғаннан кейiн жүргiзiледi.
280-бап. Көлiк құралдарын уақытша әкелу мен уақытша әкетуді
оңайлатылған тәртiппен кедендiк ресiмдеу
1. Көлiк құралдарын тасымалдаушы көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу пунктiне тiкелей келген кезде, оларда көлiк құралы мен жол жүру бағыты туралы мәлiметтердiң болуы шартымен кеден органына Қазақстан Республикасы бекiтетiн көлiк саласындағы халықаралық шарттарында көзделген тасымалдаушының көлiктiк құжаттарын ұсыну жолымен декларациялайды.
2. Көлiк құралдарын уақытша әкелудi немесе уақытша әкетудi кедендiк ресiмдеу тасымалдаушы ұсынған көлiктiк құжатқа кеден органының тиiстi белгiлерiн қою жолымен жүзеге асырылады.
281-бап. Көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеудiң ерекшелiгi
1. Бос автокөлiк құралын уақытша әкелу кезiнде кеден органы нысаны мен толтыру тәртiбiн кеден iсi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы белгiлейтiн "Шетелдiк бос автокөлiк құралын әкелудiң куәлiгi" деген ресiмдеудi жүргiзедi.
2. Қазақстан Республикасының кеден аумағынан автокөлiк құралын керi әкету кезiнде кеден органына автокөлiк құралын Қазақстан Республикасының кеден аумағына уақытша әкелгендiгiн растайтын құжаттар ұсынылуы тиiс.
282-бап. Уақытша әкелiнетiн және уақытша әкетiлетiн көлiк құралдарымен
жасалатын операциялар
1. Уақытша әкелiнетiн және уақытша әкетiлетiн көлiк құралдарымен олар шетелдiк мемлекеттiң аумағында болған не Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылған кезде қажет болатын оларға техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу жөнiндегi әдеттегi операцияларды жасауға рұқсат етiледi.
2. Уақытша әкетiлетiн көлiк құралына Қазақстан Республикасының уәкiлетті органдарында есепке алынуға жататын көлiк құралының бөлiктерiн ауыстырумен байланысты жөндеу жүргізу кезiнде Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жасалған келiсiмнiң шарттарына сәйкес тегiн жөндеудi жүзеге асыру не оның Қазақстан Республикасы кедендiк аумағының шегiнен тысқары жерлерде орын алған аварияның немесе тежеусiз күштер әсерiнiң салдарынан зақымдануынан кейiн көлiк құралын қалпына келтiру үшiн қажеттi жөндеудi жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, ауыстырылған бөлiк жалпы тәртiппен ресiмделуге жатады. Техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу жасау кезiнде ауыстырылған әуе кемелерiнiң бөлшектерiн кедендiк ресiмдеудiң ерекшелiктерi көлiк саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы айқындайды.
3. Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге әкетiлмеген уақытша әкелiнген көлiк құралдарының ауыстырылған қосалқы бөлшектерi мен жабдықтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнбеген уақытша әкетiлген көлiк құралдарының ауыстырылған қосалқы бөлшектерi мен жабдықтары осы Кодексте көзделген жалпы тәртіппен кедендiк ресiмдеуге жатады.
4. Уақытша әкелiнген көлiк құралына меншiк, иелену немесе билiк ету құқығын қазақстандық тұлғаға, не уақытша әкетiлген көлiк құралын шетелдiк тұлғаға берген жағдайда, көлiк құралын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы iс жүзінде өткізуді жүзеге асырған тұлға тауарларды өткiзу үшiн көзделген тауарларға арналған тиiстi кедендiк режимге мәлiмдеуге мiндеттi.
283-бап. Көлiк құралдарын уақытша әкелу мен уақытша әкетудiң
мерзiмдерi
1. Уақытша әкелiнген көлiк құралын қайта әкету оларды жүзеге асыру үшiн осы Кодекстiң 87-бабында көзделген тауарлар мен көлiк құралдарын жеткiзудiң мерзiмдерi ескерiле отырып Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнген тасымалдау операциялары аяқталғаннан кейiн дереу жүзеге асырылуы тиiс.
Уақытша әкелiнген көлiк құралын оны әкелудi жүзеге асырған тұлғаға байланысты емес себептер бойынша белгiленген мерзiмдерде әкету мүмкiн болмайтын жағдайда, көлiк құралын уақытша әкелудiң мерзiмiн кеден органы көлiк құралының Қазақстан Республикасының аумағынан iс жүзiнде әкету басталғанға дейiн оны пайдалану құқығын берместен бiр жылға дейiн ұзарта алады. Көлiк құралын уақытша әкелудiң ұзартылуын ескергендегi жалпы мерзiмi бiр жылдан аспауы тиiс.
2. Уақытша әкелiнген көлiк құралын қайта әкету оны Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан iс жүзiнде әкететiн сәттен бастап бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асырылады.
284-бап. Көлiк құралдарын қайта әкелу және қайта әкету
1. Осы Кодекстiң 284-бабында белгiленген мерзiмдер аяқталғанға дейiн уақытша әкетiлген көлiк құралдары Қазақстан Республикасының кеден аумағына қайтарылуы тиiс, ал уақытша әкелiнген көлiк құралдары Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге әкетiлуi не тауарлар үшiн көзделген кедендiк режимдердiң бiрiне мәлiмделуi тиiс.
Бұл ретте, тауарлар экспортының не тауарларды уақытша әкетудiң кедендiк режимiн мәлiмдеу уақытша әкетiлген көлiк құралы кеден органына ic жүзiнде ұсынылмастан рұқсат етіледi.
2. Көлiк құралдарын қайта әкету және қайта әкелу кедендiк төлемдерден, салықтардан толық босатыла отырып және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмастан оңайлатылған тәртiппен жүзеге асырылады.
285-бап. Кедендiк шекара арқылы халықаралық тасымалдар үшiн
пайдаланылмайтын су кемелерi мен әуе кемелерiн өткiзу
1. Оларды судың биологиялық ресурстарының кәсiбi, теңiз түбi мен оның жер қойнауының минералдық және басқа да өлi ресурстарын барлау мен өндiру, лоцмандық желiлеу, iздестiру, құтқару және тiркеу операциялары, теңiзге батқан мүлiктi көтеру, гидротехникалық, су асты-техникалық және осыған ұқсас басқа да жұмыстар, санитарлық, карантиндiк және басқа да бақылау, теңiздiк ортаны қорғау мен сақтау, теңiздегi ғылыми зерттеулердi жүргiзу үшiн пайдалану мақсатында, оқу, спорт және мәдени мақсаттарда, сондай-ақ теңiзде жүзу саудасымен байланысты өзге де мақсаттарда Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге уақытша әкетiлетiн су кемелерi жеке тұлғалар өткiзетiн көлiк құралдарын қоспағанда, оларды уақытша әкету мен қайта әкелу кезiнде осы тараумен белгiленген тәртiпке сәйкес және шарттарда кедендiк шекара арқылы өткiзiледi.
2. Әскери әуе кемелерiн қоспағанда, тауарлар мен жолаушылардың халықаралық тасымалы үшiн пайдаланылмайтын әуе кемелерi оларды уақытша әкету мен қайта әкелу кезiнде осы тарауда көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiледi.
286-бап. Көлiк құралдарын тауар ретiнде өткiзу
1. Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына оларды қазақстандық тұлғаға уақытша немесе тұрақты пайдалануға, иеленуге немесе қарауына берумен байланысты әкелiнетiн, Қазақстан Республикасының кеден аумағына оларды шетелдiк тұлғаға уақытша немесе тұрақты пайдалануға, иеленуге немесе қарауына берумен байланысты әкетiлетiн көлiк құралдары тауарларға қолданылатын кедендiк режимдерге сәйкес кедендiк бақылау мен кедендiк ресiмдеуге жатады.
2. Оларды бiр шетелдiк тұлғадан екiншi шетелдiк тұлғаға уақытша немесе тұрақты пайдалануға, иеленуге немесе қарауына берумен байланысты Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы транзитпен өткiзiлетiн көлiк құралдары тауарлар транзитiнiң кедендiк режимдерге сәйкес кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылауға жатады.
3. Қазақстан Республикасының аумағына iшкi тасымалдарды (Қазақстан Республикасының кедендiк аумағындағы тиеу және түсiру не жолаушыларды отырғызу мен түсiру пункттерiнiң арасындағы тасымалдарды) жүзеге асыру үшiн әкелiнетiн, сондай-ақ кедендiк шекара арқылы қайта өңдеу мақсаттары үшiн өткiзiлетiн көлiк құралдары тауарларға қолданылатын кедендiк режимдерге сәйкес кедендiк бақылау мен кедендiк ресiмдеуге жатады.
287-бап. Көлiк құралдарын өткiзу шарттарының сақталуы үшiн
жауаптылық
Қойылған талаптарды орындау тежеусiз күштердiң әсерiне байланысты
мүмкiн болмайтын жағдайларды қоспағанда, оны тиiсiнше бастапқы әкелу
немесе әкету кезiнде Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы
көлiк құралын өткізуші тұлға көлiк құралдарын уақытша әкелу мен уақытша
әкетудiң мерзімдерінің, сондай-ақ осы тарауда көзделген басқа да
шарттардың сақталуы үшiн жауаптылықта болады.
35-ТАРАУ. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТАУАРЛАР МЕН КӨЛIК
ҚҰРАЛДАРЫН ӨТКIЗУI
288-бап. Осы тарауда қолданылатын ұғымдар
Осы тарауды қолданудың мақсаттары үшiн мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) өндiрiстiк немесе өзге коммерциялық қызмет үшiн арналмаған тауарлар - жеке тұлға пайда табу мақсатында пайдаланылмайтын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу сипатына, мерзiмдiлiгiне, санына және Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген өзге де белгiлерiне сәйкес келмейтiн тауарлар;
2) жеткiзiп салушысы бар жол жүгi - жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы тiкелей өткiзетiн тауарлар;
3) жеткiзiп салушысы жоқ жол жүгi - тауарды өткiзушi жеке тұлғамен жасалған тасымал шарты бойынша (жол жүктiк түбiртек, тәртiптеме, коносамент және басқа құжаттар бойынша) тасымалдаушы Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзетiн тауарлар;
4) көлiк құралы - осы көлiк құралын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзетiн жеке тұлғаның меншiгiндегi немесе уақытша иелiгiнде болып табылатын, қосалқы бөлшектерiмен және әдеттегi керек-жарақтарымен және жабдықтарымен, оның кәдiмгi бактарындағы жанар-жағар материалдарымен және отынымен бiрге авто-, мото көлiк құралы, тiркеме, су немесе әуе кемесi;
5) декларациялаудың конклюденттiк нысаны - жеке тұлғаның өзiнiң қол жүгi мен жеткiзiп салушысы бар жол жүгiнде мiндеттi жазбаша декларациялауға жататын тауарлардың жоқ екендiгi туралы куәландыратын iс-әрекет жасауы.
289-бап. Жеке тұлғалардың тауарларды өткiзуiнiң тәртiбi
1. Қазақстан Республикасына әкелуге немесе Қазақстан Республикасынан әкетуге тиым салынғандарды қоспағанда, өндiрiстiк немесе өзге де коммерциялық қызметке арналмаған тауарларды Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген шарттар мен нормалар сақталған жағдайда, жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы осы тарауда көзделген оңайлатылған тәртiппен өткiзедi.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген салмақтық және құндық нормалардың шегiнде оларға қатысты жеңiлдiктi тәртiп көзделмеген тауарларды жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы осы тарауда көзделген оңайлатылған тәртiппен өткiзедi.
3. Олардың шетел мемлекеттерiнде үздiксiз болу мерзiмi алты айдан асатын Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметiнiң қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiндегi жұмысы аяқталғаннан кейiн жеке пайдалануға арналған тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары бүкiл жұмыс iстеу кезеңi iшiнде алған жалақы сомасының шегiнде кедендiк баждар төлеместен әкелуге құқығы бар.
4. Оларға қатысты Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы оңайлатылған немесе жеңiлдетiлген тәртіппен өткiзу тәртiбi көзделмеген тауарларға кедендiк ресiмдеудiң осы Кодекспен белгiленген жалпы тәртiбi қолданылады.
290-бап. Жеке тұлғалардың тауарларды мiндеттi жазбаша декларациялауы
1. Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан өтетiн жеке тұлға мiндеттi жазбаша декларациялауға жататын тауарларды өткiзу кезiнде олар туралы мәлiмдеу тауарлар осы Кодексте көзделген жалпы тәртiппен кедендiк ресiмдеуге жататын кездегi жағдайларды қоспағанда, жолаушылардың кедендiк декларациясын толтыру жолымен жүргiзiледi.
2. Тауарларды мiндеттi жазбаша декларациялауға мынадай тауарлар жатады:
1) қару, оқ-дәрiлер және жарылғыш заттар;
2) есiрткi құралдары, психотроптық заттар және олардың прекурсорлары;
3) мемлекет үшiн тарихи, көркем, ғылыми және мәдени құндылығы бар ескiлiктiң және өнердiң әкетiлетiн заттары;
4) улы және күштi әсер ететiн заттар;
5) радиациялық материалдар;
6) олардың Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылуы Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының тарапынан бақылауға жататын әкелiнетiн жоғары жиiлiктi радиоэлектрондық құрылғылар мен байланыс құралдары;
7) сирек коллекциялар және флора мен фаунаның үлгiлерi, олардың бөлiктерi мен олардан алынған өнiмдер;
8) оларға қатысты Қазақстан Республикасының валюталық заңдарымен шектеулер немесе оларды Қазақстан Республикасына әкелудiң және Қазақстан Республикасынан әкетудiң шарттары белгiленген валюта мен валюталық құндылықтар;
9) оларға қатысты Қазақстан Республикасының Yкiметi Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзудiң жеңiлдетiлген тәртiбiн белгiлеген жеке зергерлiк бұйымдарды қоспағанда, қымбат бағалы металдар мен тастар;
10) Қазақстан Республикасының аумағына Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормалардан тыс әкелiнетiн акцизделетiн тауарлар;
11) өндiрiстiк немесе өзге де коммерциялық қызметке арналған тауарлар;
12) өндiрiстiк немесе өзге де коммерциялық қызметке арналмаған, мөлшерi немесе құны Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн нормалардан асатын тауарлар;
13) жеткiзiп салушысы жоқ жол жүгiнде өткiзiлетiн тауарлар;
14) оларды әкелу және әкету кезiнде тауарларды жеңiлдiкпен өткiзу көзделмеген уақытша әкелiнетiн (әкетiлетiн) тауарлар;
15) көлiк құралдары;
16) жеке тұлғаның шетелдiк мемлекеттен Қазақстан Республикасына, не Қазақстан Республикасынан шетелдiк мемлекетке тұрғылықты тұруға қоныс аударуына байланысты Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар.
3. Жолаушылардың кедендiк декларациясының нысанын кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы белгiлейдi.
4. Он алты жасқа толмаған адам өткiзетiн тауарларды жазбаша декларациялауды оны ертіп жүрген адам жүзеге асырады.
5. Жеткiзiп салушысы жоқ жол жүгінде өткiзiлетiн тауарларға қатысты жолаушылардың кедендiк декларациясы тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелу кезiнде және бiр мезгiлде тауарларды кеден органына көрсете отырып оларды әкету кезiнде тауарларды кеден органына көрсеткен күннен бастап он бес күнтiзбелiк күннiң iшiнде берiлуi тиiс.
6. Жеткiзiп салушысы жоқ жол жүгiндегi тауарларды өткiзушi адам немесе тауарларды өткiзушi адамның сенiм хаты бойынша әрекет ететiн кез келген басқа адам декларациялай алады. Тауарларды декларациялаушы адам кеден органына мәлiмделетiн мәлiметтердiң сенiмдiлiгi үшiн жауаптылықта болады.
7. Он алты жасқа толмаған адамның жеткiзiп салушысы жоқ жол жүгiндегі тауарларын оның ата-аналары немесе қамқоршылары, не ата-аналарының немесе қамқоршыларының сенiмхаттары бойынша әрекет ететiн адамдар декларациялауға жатады.
291-бап. Жеке тұлғалардың тауарларды уақытша әкелуi және уақытша
әкетуі
1. Тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты тұратын жеке тұлғалар өздерiнiң шетелдiк мемлекетте уақытша болуы мерзiмiне кедендiк төлемдерден, салықтардан толық босатыла отырып және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмастан уақытша әкете алады.
2. Тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде тұрғылықты тұратын жеке тұлғалар өздерінiң Қазақстан Республикасында уақытша болуы мерзiмiне кедендiк төлемдерден, салықтардан толық босатыла отырып және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмастан уақытша әкеле алады.
3. Қазақстан Республикасының Үкiметі Қазақстан Республикасының кедендік аумағына жеке тұлғалар уақытша әкелетiн тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты жеңiлдетiлген тәртiппен уақытша әкелудiң шектеулi мерзiмдерiн белгiлеуi мүмкін.
4. Жеңiлдетiлген тәртiппен уақытша әкелiнетiн және уақытша әкетiлетiн тауарлар аталған тауарлардың өткiзiлуiне қатысты ауызша декларациялау көзделетiн жағдайларды қоспағанда, жолаушылардың кедендiк декларациясын толтыру жолымен жазбаша нысанда декларацияланады.
5. Уақытша әкелiнетiн және уақытша әкетiлетiн тауарлар табиғи тозудың немесе кемудiң салдарынан болатын өзгерiстердi қоспағанда өзгерiссiз күйде қайта әкетуге және қайта әкелуге жатады.
6. Тауарлар кез келген кеден органы арқылы қайта әкетiлуi және қайта әкелiнуi мүмкін.
7. Қайта әкетiлетiн және қайта әкелiнетiн тауарлар әкету және әкелу кезiнде тиiсiнше ресiмделген жолаушылардың кедендiк декларациясында бұл тауарлар туралы мәлiметтердiң болуы шартымен кедендiк төлемдерден, салықтардан және тарифтiк емес реттеу шараларын қолданудан босатылады.
292-бап. Жеке тұлғалардың көлiк құралдарын уақытша әкелуi және
уақытша әкетуi
1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты тұратын жеке тұлғалар өздерiне тиiстi не оларға уақытша пайдалануға, билiк етуге берiлген, Қазақстан Республикасында тiркелген көлiк құралына кедендiк төлемдерден, салықтардан толық босатыла отырып және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмастан уақытша әкетуге және қайта әкелуге құқылы.
2. Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде тұрғылықты тұратын жеке тұлғалар өздерiне тиiстi не оларға уақытша пайдалануға, билiк етуге берiлген, шетелдiк мемлекеттерде тiркелген көлiк құралын кедендiк төлемдерден, салықтардан толық босатыла отырып және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмастан уақытша әкелуге және қайта әкетуге құқылы.
3. Көлiк құралдарын жеңiлдетiлген тәртiппен уақытша әкетудiң мерзiмi көлiк құралын әкетудi шетелдiк мемлекетте жүзеге асыратын адамның уақытша келу мерзiмiнен аспауы тиiс.
Көлiк құралдарын жеңiлдетiлген тәртiппен уақытша әкелудiң мерзiмi кез-келген жүйелi он екi айлық кезеңде жиынтықты алты айдан аспауы тиiс.
Көлiк құралын оны әкелудi жүзеге асырған тұлғаға байланысты емес себептер бойынша белгiленген мерзiмдерде әкету мүмкiн болмайтын жағдайда, көлiк құралын уақытша әкелудiң мерзiмiн кеден органы көлiк құралының Қазақстан Республикасының аумағынан iс жүзiнде әкету басталғанға дейiн оны пайдалану құқығын берместен бiр айға ұзарта алады.
4. Уақытша әкелiнген көлiк құралдары белгiленген мерзiмдер бiткенше Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге әкетiлуi, не осы Кодекспен көзделген тауарларға арналған кеден режимдерiнiң бiрiне мәлiмделуi тиiс.
5. Көлiк құралдары кез келген кеден органы арқылы қайта әкетiлуi және қайта әкелiнуi мүмкiн.
6. Бұрын уақытша әкелiнген көлiк құралын әкету кезiнде "Көлiк құралын қайта әкету туралы мiндеттеме" ол арқылы көлiк құралын әкету жүзеге асырылатын кеден органында қалады.
7. Осы баптың 4-тармағының шарттары орындалған жағдайда, көлiк құралын тауарлар үшiн көзделген кедендiк режимде ресiмдеудi жүзеге асырған кеден органы немесе ол арқылы көлiк құралының әкетiлуi жүзеге асырылатын кеден органы "Көлiк құрамын қайта әкету туралы мiндеттеменi" ресiмдеген кеден органын көлiк құралын кедендiк ресiмдеудiң не Қазақстан Республикасының кеден аумағынан әкетудiң фактiсi туралы хабардар етедi.
293-бап. Жеңілдетiлген тәртiппен жеке тұлғалардың уақытша әкелiнетiн
және уақытша әкетiлетiн көлiк құралдарын мәлiмдеуi
1. Жеңiлдетiлген тәртiппен уақытша әкелiнетiн және уақытша әкетiлетiн көлiк құралдарын декларациялау жолаушылардың кедендiк декларациясын толтыру және кеден органына көлiк құралын бiрегейлендiретiн, меншiк немесе аталған көлiк құралын иелену құқығын растайтын құжаттарды, сондай-ақ оны өткiзетiн адам тұрғылықты тұратын елдi растайтын құжаттарды ұсыну жолымен жүзеге асырылады.
2. Көлiк құралын уақытша әкелудi декларациялау кезiнде кеден органдары нысанын кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы белгiлейтiн көлiк құралын қайта әкету туралы мiндеттеменi ресiмдеудi жүргiзедi.
3. Жеңiлдетiлген тәртiппен уақытша әкелiнген көлiк құралдарын осы Кодекспен көзделген тауарларға арналған кеден режимдерiнiң бiрiн мәлiмдеместен иелiктен айыру, басқа адамдарға пайдалануға немесе билiк етуге беру мүмкiн емес.
36-ТАРАУ. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЖЕҢIЛДЕТIЛГЕН ЖӘНЕ
ОҢАЙЛАТЫЛҒАН ТӘРТIППЕН ТАУАРЛАРДЫ ӨТКІЗУI
294-бап. Жеке тұлғалардың тауарларды жеңiлдетiлген тәртiппен өткiзуi
1. Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзудiң жеңiлдетiлген тәртiбi осы бапта көзделген шараларды қоспағанда, кедендiк төлемдерден, салықтардан толық босатуды және тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбауды көздейдi.
2. Жеңiлдетiлген тәртiппен өткiзiлетiн тауарларды декларациялауды жеке тұлғалар өздерi Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы жол жүруi кезiнде осы Кодекстiң 290-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, тауарларды бiр мезгiлде ауызша немесе конклюденттiк нысанда кеден органына ұсына отырып жүзеге асырады.
Он алты жасқа жетпеген тұлға өткiзетiн тауарларды мәлiмдеудiң нысанын таңдауды оны ауыстыратын тұлға жүргiзедi.
3. Тауарларды жеткiзiп салушысы жоқ жол жүгiнде Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелу кезiнде өткiзудiң жеңiлдетiлген тәртiбiн қолданудың мiндеттi шарты жеке тұлғаның Қазақстан Республикасына келуi туралы жолаушылардың кедендiк декларациясын кеден органына ұсыну болып табылады.
4. Жеке тұлға ауызша мәлiмдеу кезiнде жазбаша мәлiмдеуге жататын тауарлардың қол жүгiнде немесе iлеспелi жолжүкте жоқтығы туралы мәлiмдейдi.
5. Жеке тұлға өзiнiң қалауы бойынша Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзетiн мiндеттi жазбаша декларациялауға жатпайтын тауарларды жазбаша декларациялауға құқылы.
6. Тауарларды конклюденттiк нысанда декларациялау мүмкiндiктерi мақсатында Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде жеке тұлғалар өтуге арналған, адам тауарларды декларациялау үшiн саналы таңдау жасай алатындай түрде арнайы белгiленген орындар жайластырылады. Осындай орындарды жайғастыруға талаптар кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы айқындайды.
7. Жеке тұлғаның қол жүгiнде немесе жеткiзiп салушысы бар жол жүгiнде жазбаша декларациялауға жататын тауарлары жоқ адамдардың өтуiне арналған арнайы белгiленген орын арқылы өтуi кеден органына көрсетiлген адамда жазбаша декларациялауға жататын тауарлардың жоқ екендігi туралы мәлiмдеме ретiнде қаралады.
8. Ерекше жағдайларда орталық кеден органы мәлiмдеудiң конклюденттiк нысанын қолдануға шектеулердi белгiлеуге құқылы. Мұндай шешiм Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тыйым салынған тауарлар әкетiлуi мүмкiн немесе әкетіле алатын мемлекеттердiң ерекшелiктерiнен, тұлғалар санатынан Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетiн қандай-да бiр ерекшелiктердi, өткiзу пунктiнде қалыптасқан жедел жағдайды ескере отырып қабылданады.
9. Осы Кодекстiң 290-бабының 2-тармағының 1) - 9) тармақшаларында көрсетiлген тауарлар тиiстi уәкiлеттi органдардың Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген рұқсат ету құжаттарының болуы шартымен Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiледi.
10. Жеңiлдетiлген тәртiппен өткiзiлетiн тауарлар iшiнара кедендiк тексеруге жатады.
11. Кеден органы тауарларды өткiзушi адамнан олардың негiзiнде жеңiлдiктер берiлген шарттарға сәйкестiгiн растайтын құжаттар ұсынуды талап етуге құқылы.
12. Жеке тұлғалар тауарларды жеңiлдетiлген тәртiппен өткiзген жағдайда, кеден органдары бұл Қазақстан Республикасының кедендiк заңдарын сақтау үшiн қажет болатын жағдайларды қоспағанда, кеден рәсiмдерiнен көлiк құралынан шықпастан өту мүмкiндiгiн бередi.
295-бап. Жеке тұлғалардың тауарларды оңайлатылған тәртiппен өткiзуi
1. Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзудiң оңайлатылған тәртiбi кедендiк төлемдерден, салықтардан босатпастан және тарифтiк емес реттеу шарларын қолданбастан осы Кодекспен белгiленген тауарларды кедендiк ресiмдеудiң жалпы тәртiбiмен көзделетiн кедендiк рәсiмдердi қолданудан босатуды бiлдiредi.
2. Оңайлатылған тәртiппен өткiзiлетiн тауарларды декларациялау жолаушылардың кедендiк декларациясын толтыру, сондай-ақ тауарларды өткiзушi адамның жеке басын, тауардың құнын, шығарылған елiн, тарифтiк емес реттеу шараларының сақталғандығын растайтын құжаттарды ұсыну жолымен тауарларды бiр мезгiлде кеден органына көрсете отырып жүргiзiледi.
3. Оңайлатылған тәртiппен декларациялау кезiнде тауарлардың кедендiк құны тауарлық чектерде, шоттарда және тауарлардың бөлшек саудасы кезiнде пайдаланылатын басқа да құжаттарда көрсетiлген тауарлардың құны туралы мәлiметтердiң негiзiнде айқындалады.
4. Тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына жеткiзiп салушысы жоқ жол жүгiнде әкелген жағдайда, кедендiк құнға тауарларды әуежайға, теңiз портына немесе тауарлар Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына келетiн өзге де орындарға жеткiзу жөнiндегi шығыстар кiредi.
5. Тауарлардың құнын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, кеден органы жолаушылардың кедендiк декларациясында мәлiмделген тауарлардың кедендiк құнын кедендiк төлемдер мен салықтар есептеуге негiз ретiнде қабылдайды.
6. Мәлiмделген кедендiк құн сенiмдi болып табылмайтындығына негiздемелер болған жағдайда, кеден органы тауарлардың кедендiк құнын осы Кодекстiң 41-тарауына сәйкес өз бетiнше белгiлей алады.
7. Оңайлатылған тәртiппен өткiзiлетiн тауарларға қатысты тауарларды осы Кодекстiң 315-бабында көзделген тәртiппен өткiзу кезiнде төлеуге жататын кедендiк төлемдер мен салықтар қолданылады.
8. Егер оларда аталған тауарлар шығарылған ел туралы ақпарат болған жағдайда, этикеткалар, таңба-жапсырмалар, бұйымдардың төлқұжаттары және тауарларға қоса берiлетiн басқа да құжаттар тауарлардың шығарылған елiн растайтын құжаттар бола алады.
9. Оңайлатылған тәртiппен өткiзiлетiн тауарларға тауарлардың шығарылған елiн растайтын құжаттар болмаған кезде осы Кодекспен белгiленген тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылады.
10. Кедендiк төлемдер мен салықтарды жеке тұлғалар тiкелей тауарларды декларациялау кезiнде төлейдi. Бұл ретте, кеден органының лауазымды адамы нысанын, толтыру тәртібiн және есебiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы айқындайтын кедендік кiрiс ордерiн ресiмдеудi жүргiзедi.
11. Егер әкелiнетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу жеке тұлғалардың кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеу мүмкiндігінiң болмауынан немесе тарифтiк емес реттеу шараларының сақталғандығын растайтын құжаттардың жоқтығынан жедел аяқтау мүмкiн болмаса, оларды тасымалдаушы адамның тiлегi бойынша тауарлар:
1) қайтадан Қазақстан Республикасы кеден аумағының шегiнен тысқары жерлерге жедел әкетілуі;
2) уақытша сақтау қоймаларына орналастырылуы;
3) жiберiлетiн кеден органында кейiн кедендiк ресiмдеу үшiн тауарларды жеткiзудiң iшкi кедендiк транзит рәсiмдерi жөнiндегi шарттарын сақтай отырып жеткiзiлуi мүмкiн.
12. Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы оңайлатылған тәртiппен өткiзiлетiн тауарлар тек тауарларды еркiн айналым үшiн шығару, тауарлардың экспорты немесе тауарлардың транзитi режимдерiмен мәлiмделедi.
13. Жеке тұлға тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк шекара арқылы өткiзудiң оңайлатылған тәртiбiн қолданудан бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда осы Кодекске сәйкес тауарларды кедендiк шекара арқылы өткiзудiң жалпы тәртiбi қолданылады.
37-ТАРАУ. ТАУАРЛАРДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПОЧТА ЖӨНЕЛТIМДЕРIНДЕ ӨТКIЗУ
296-бап. Осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар
Осы тарауда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) халықаралық почта жөнелтiмдерi - Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн почта жөнелтiмдерi;
2) халықаралық почта қызметтерiн көрсететiн ұйым - почта байланысы туралы Қазақстан Республикасының заңдарына және Дүниежүзiлiк почта одағының актiлерiне сәйкес почта байланысы қызметтерiн көрсетушi заңды тұлға;
3) халықаралық почта алмасу орны - функциясына олар бойынша кедендiк ресiмдеу жүргiзiлетiн халықаралық iлеспе құжаттарда ресiмдеу арқылы келетiн және жiберiлетiн халықаралық почтаны өңдеу кiретiн почта байланысының бөлiмшесi.
297-бап. Халықаралық почта жөнелтiмдеріне жататын жалпы ережелер
1. Осы тараудың ережелерi Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы халықаралық почта жөнелтiмдерiнде өткiзiлетiн тауарларды кедендiк бақылау мен кедендiк ресiмдеудiң тәртiбiн реттейдi.
2. Халықаралық почта жөнелтiмдерiне мынадай түрлерi жатады:
1) хаттар - жай, құндылығы жарияланған тапсырысты;
2) почта кәртiшкелерi - жай, тапсырысты;
3) бандерольдер мен "БМ" арнайы қапшықтары - жай, тапсырысты;
4) секограммалар - жай, тапсырысты;
5) шағын пакеттер - тапсырысты;
6) сәлемдемелер - кәдiмгi, құндылығы жарияланған;
7) экспресс-почтаның халықаралық жөнелтiмдерi (жеделдетiлген қабылдау, өңдеу, халықаралық почта жөнелтiмiн Дүниежүзiлiк почта одағының актiлерiне сәйкес EMS жүйесi бойынша жеткiзу).
3. Халықаралық почта жөнелтiмдерiн жiберу Дүниежүзiлiк почта одағының
актiлерiмен көзделген құжаттармен қоса жүруi тиiс.
4. Қазақстан Республикасының халықаралық почта қызметтерiн көрсететiн
ұйымы орталық кеден органымен келiсiм бойынша халықаралық почта алмасу
орнын белгiлейдi.
5. Қазақстан Республикасының халықаралық почта қызметтерiн көрсететiн
ұйымы шарттық негiзде халықаралық почта алмасу орындарындағы кеден
органдарын кедендiк бақылауды жүзеге асыруға арналған қызметтiк
үй-жайлармен, қамтамасыз етуi тиiс.
298-бап. Тауарларды халықаралық почта жөнелтiмдерiнде өткiзудiң
ерекшелiктерi
1. Халықаралық почта жөнелтiмдерiнде:
1) Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелуге және осы аумақтан
әкетуге тыйым салынған;
2) оларды салу Дүниежүзiлiк почта одағының актiлерiне сәйкес тыйым
салынған тауарларды салуға рұқсат етiлмейдi.
2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнуi немесе тиiсiнше осы аумақтан әкетiлуi шектелген тауарларға тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылады.
3. Жеке тұлғаның мекен-жайына жiберiлетiн және өндiрiстiк немесе өзге де коммерциялық қызмет үшiн арналмаған тауарлар Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген шарттар мен шектер сақталған жағдайда, кедендiк төлемдер мен салықтар төлеуден босатыла отырып, және оларға тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмастан өткiзiледi.
4. Почта байланысының ұйымдары зағиптарға арналған открыткаларды, хаттарды, әдебиеттердi қоспағанда, халықаралық почта жөнелтiмдерiн кедендiк тексеру мен кедендiк тексерiс жүргiзу үшiн көрсетедi.
5. Халықаралық почта жөнелтiмдерiн Қазақстан Республикасының почта байланысы ұйымы кеден органдарының рұқсатынсыз оларды алушыларға бере алмайды не Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге жөнелте алмайды.
6. Бағалылығы жарияланған хаттар iлеспе құжаттарын кедендiк ресiмдеместен жөнелтiмдердiң өзiне белгiлер соғу жолымен кедендiк бақылауға жатады.
7. Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған тауарларды алуды кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен жүргiзедi.
8. Қазақстан Республикасының почта байланысы ұйымы халықаралық почта жөнелтiмдерiн жоғалтқаны үшiн, оларды алушыға кеден органдарының рұқсатынсыз бергенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
299-бап. Халықаралық почта жөнелтiмдерiн кедендік ресiмдеу
1. Халықаралық почта жөнелтiмдерiн кедендiк ресiмдеу құжаттар мен мәлiметтердi тексеруден, техникалық бақылау құралдарының көмегiмен жүзеге асырылатын кедендiк қараудан, ал қажет болған жағдайда, почта байланысы ұйымы операторларының оралымдарды тексеру столында аша отырып және кеден органының лауазымды адамына iшiндегiлердi көрсете отырып кедендiк тексеруден басталады.
2. Оларға қатысты Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзудiң жеңiлдетiлген тәртiбiн көздеген тауарларды кедендiк ресiмдеудi қызметiнiң аймағында халықаралық почта алмасу орны орналасқан кеден органы жүзеге асырады.
3. Оларға қатысты жүктiк кедендiк декларация ұсынылатын тауарларды кедендiк ресiмдеудi қызметiнiң аймағында жеткiзудiң ақырғы пунктi не халықаралық почта жөнелтiмiнiң бастапқы пунктi болып табылатын почта байланысының бөлiмшесi орналасқан кеден органы жүзеге асырады.
4. Экспресс-почтаның халықаралық жөнелтiмдерi ең қысқа мерзiмдерде басымдықты тәртiппен кедендiк ресiмдеуге жатады.
5. Аудио-бейне жазбалар мен магниттiк және өзге де тасушылардағы ақпараттарды кедендiк ресiмдеу жөнелтушiнiң ЭЕМ-нiң түрi мен оларды пайдалана отырып жазба жүргiзiлген операциялық жүйе туралы мәлiметтерi болған жағдайда, техникалық құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Мұндай мәлiметтер болмаған жағдайда, алушыға аталған ақпаратты ашу мүмкiндiгi берiледi. Ашу мүмкiн болмайтын жағдайда ақпараттар тасушы жөнелтушiге қайтарылады.
6. Қайтыс болғандардың мәйiтiн кедендiк ресiмдеу медициналық мекеменiң құжаты мен уәкiлеттi органдар берген қайтыс болғандығын растау туралы құжаттары болған жағдайда, оңайлатылған тәртiппен жүргiзiледi. Мәйiтi бар ыдысты кеден органының лауазымды адамы өзге салымдардың жоқтығы туралы мiндеттi түрде белгi соға отырып, пломбылайды.
7. Мемлекеттiк наградаларды (ордендер, медальдар, белгiлер, атаулы заттар) Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы салуға тек мұндай тауарларды халықаралық почта жөнелтiмдерiнде өткiзетiн адамның меншік құқығын растайтын марапаттау туралы құжаттар бойынша ғана рұқсат етiледi.
300-бап. Халықаралық почта жөнелтiмдерiн декларациялау
1. Егер Дүниежүзiлiк почта одағының актiлерiмен көзделген және халықаралық почта жөнелтiмдерiмен қоса жүретiн құжаттарда кеден органдары кедендiк мақсаттар үшiн талап ететiн барлық мәлiметтер болса, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендiк декларация ұсыну талап етiлмейдi.
2. Егер:
1) халықаралық почта жөнелтiмдерiн заңды тұлғалар салса;
2) егер тауарлардың құны жеке тұлғалар тауарларды халықаралық почта жөнелтiмдерiнде өткiзу үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормалардан асса;
3) Қазақстан Республикасының кеден аумағынан, не Қазақстан Республикасының кеден аумағындағы жеке тұлғаның мекен-жайына жеке тұлғалар салған тауарлар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тауарлардың тиiстiлiгiн айқындаудың өлшемдерiне сәйкес өндiрiстiк және өзге де коммерциялық қызметке арналса халықаралық почта жөнелтiмдерiн жүктiк кедендiк декларация беру жолымен декларациялау талап етiледi.
301-бап. Халықаралық почта жөнелтiмдерiн кедендiк бақылау
1. Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы халықаралық почта жөнелтiмдерiнде өткiзiлетiн барлық тауарлар кедендiк бақылауда болады.
2. Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына халықаралық почта жөнелтiмдерiнде салу кезiнде кедендiк бақылау Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан өткен сәттен басталады және тауарларды шығару сәтiнде аяқталады.
3. Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге халықаралық почта жөнелтiмдерiнде салу кезiнде кедендiк бақылау тауарларды кеден органдарына көрсету сәтiнен басталады және Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан өткен сәтiнде аяқталады.
4. Халықаралық почта жөнелтiмдерiнiң жеткiзудiң соңғы пунктi болып табылатын почта байланысы бөлiмшесiне жеткiзiлуiн бақылауды кеден органдары кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен және Қазақстан Республикасы почта байланысының уәкiлеттi ұйымымен келiсiм бойынша орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.
5. Халықаралық почта жөнелтiлiмдерiн қарау мен кедендiк тексерудi жүргiзу кезiнде, кеден органдары кедендiк бақылаудың техникалық құралдарын ең кеп дәрежеде пайдаланады.
6. Халықаралық почта алмасу орнына бүлiнген түрде, салмағы сәйкес
келмей, iшiндегiсi бүлiнген немесе қажеттi iлеспе құжаттарынсыз келiп
түскен халықаралық почта жөнелтiлiмдерi кедендiк тексеруге Қазақстан
Республикасы почта байланысы ұйымының ресiмделген актiсi қоса берiле
отырып ұсынылады.
7. Халықаралық почта жөнелтiмiн кедендiк тексеру кезiнде анықталған
санының сәйкес келмеуi кезiнде және iшiндегiлерiнiң сәйкес келмеуi кезiнде
кеден органының лауазымды адамы почта байланысы ұйымының қызметкерiмен
бiрлесiп, кедендiк тексерудiң актiсiн жасайды.
38-ТАРАУ. ШЕТЕЛДІК ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАРЫНЫҢ
ТАУАРЛАРДЫ ӨТКIЗУI
302-бап. Осы тараудың қолданылу саласы
Осы тарау дипломатиялық, консулдық және шетел мемлекеттерiнiң өзге де ресми өкiлдiктерi, халықаралық ұйымдар, осы өкiлдiктер мен ұйымдардың жеке құрамы, Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзетін тауарларға қатысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бекiткен халықаралық шарттарына сәйкес кеден жеңiлдiктерiн пайдаланатын шетелдiк тұлғалардың жекелеген санаттарының мүлкiне және жеке жүгiне қатысты кеден бақылауының тәртібiн реттейдi.
303-бап. Осы Тарауда пайдаланатын негiзгi ұғымдар
Осы тарауда қолданылатын негiзгi ұғымдар:
1) дипломатиялық өкiлдiк - жеке құрамы Қазақстан Республикасында тiркелген шетел мемлекетiнiң өкiлдiгі;
2) консулдық мекеме - жеке құрамы Қазақстан Республикасында тiркелген кез-келген бас консулдық, вице-консулдық немесе консулдық агенттiк;
3) дипломатиялық өкiлдiктің қызметкерлерi - өкiлдiктiң басшысы және өкiлдiктiң жеке құрамының мүшелері;
4) дипломатиялық өкiлдiктiң жеке құрамының мүшелерi - өкiлдiктiң дипломатиялық, әкiмшiлiк-техникалық және қызмет көрсетушi жеке құрамының мүшелерi;
5) консулдық лауазымды тұлға - бұл салада консулдық функцияларды атқару тапсырылған консульдық мекеменiң басшысын қоса алғанда тұлға;
6) консулдық мекеменiң қызметкерлерi - консулдық лауазымды адамдар, консулдық қызметшiлер (әкiмшiлiк-техникалық мiндеттердi атқаратын адамдар) және қызмет көрсетушi жеке құрамның қызметкерлерi;
7) дипломатиялық өкiлдiктерге теңестiрiлген өкiлдiктер - жеке құрамы Қазақстан Республикасында тiркелген халықаралық ұйымдардың өкiлдiктерi;
8) дипломатиялық почта - мемлекет пен оның шетелдегi дипломатиялық, консулдық өкiлдiктерi арасындағы байланыс түрi;
9) консулдық сағдиян - консулдық мекемелердiң байланыс түрлерiнiң бiрi;
10) дипломатиялық курьер - Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы дипломатиялық почтаны өткiзуге уәкiлеттi тұлға;
11) консулдық курьер - Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы консулдық сағдиянды өткiзуге уәкiлеттi тұлға.
304-бап. Шетел мемлекеттерi дипломатиялық өкiлдiктерiнiң тауарларды
өткiзуi
Қазақстан Республикасының аумағындағы шетел мемлекеттерiнiң дипломатиялық өкiлдiктерi тауарларды бұл үшiн белгiленген орындардан тыс және кеден органдарының жұмыс уақытынан тыс кедендiк ресiмдегенi үшiн, сондай-ақ тауарларды уақытша сақтау қоймаларында немесе кеден органдарының кеден қоймаларында сақтауды жүзеге асыру кезiндегi кеден алымдарын қоспағанда, өкiлдiктердiң ресми пайдалануына арналған тауарларды кеден төлемдерi мен салықтарды төлеуден босата отырып және тауарларға тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбастан Қазақстан Республикасына әкелуi және Қазақстан Республикасынан әкетуi мүмкiн.
305-бап. Шетел мемлекетiнiң дипломатиялық өкiлдігi басшысы мен
өкiлдiктiң дипломатиялық жеке құрамы мүшелерiнің тауарларды
өткізуi
1. Шетел мемлекетi дипломатиялық өкiлдiгiнiң басшысы және өкiлдiктiң дипломатиялық жеке құрамының мүшелерi, сондай-ақ егер Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерi бастапқы жайғасуға қажет тауарларды қоса алғанда, өздерiнiң жеке пайдалануына арналған тауарларды Қазақстан Республикасына бұл үшiн белгiленген орындардан тыс және кеден органдарының жұмыс уақытынан тыс кедендiк ресiмдегенi үшiн, сондай-ақ тауарларды уақытша сақтау қоймаларында немесе кеден органдарының кеден қоймаларында сақтауды жүзеге асыру кезiндегi кеден алымдарын қоспағанда, өкiлдiктердiң ресми пайдалануына арналған тауарларды кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеуден босата отырып және тауарларға тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбастан әкеле алады және Қазақстан Республикасынан әкете алады.
2. Шетел мемлекетiнiң дипломатиялық өкiлдiгi басшысының, өкiлдiктiң дипломатиялық жеке құрамы мүшелерiнiң, сондай-ақ егер олар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң жеке теңдеме жүгі, егер онда өзiнiң пайдалануына арналмаған тауарлар не әкелуiне немесе әкетiлуiне тыйым салынған не Қазақстан Республикасының карантиндiк ережелерiмен реттелетiн тауарлар бар екенiне елеулi негiздер болмаса, кедендiк тексеруден босатылады. Мұндай тексеру тек қана осы адамның немесе оның уәкiлетті өкiлiнiң қатысуымен жүргiзiлуге тиiс.
306-бап. Шетел мемлекетінiң дипломатиялық өкiлдiгiнiң
әкiмшiлiк-техникалық жеке құрамы мүшелерiнiң тауарларды
өткiзуi
Шетел мемлекетi дипломатиялық өкiлдiгiнiң әкiмшiлiк-техникалық жеке құрамының мүшелерi және егер олар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерi жайғасуға арналған тауарларды қоса алғанда, өздерiнiң жеке пайдалануына арналған тауарларды Қазақстан Республикасына бұл үшiн белгiленген орындардан тыс және кеден органдарының жұмыс уақытынан тыс кедендiк ресiмдегенi үшiн, сондай-ақ
тауарларды уақытша сақтау қоймаларында немесе кеден органдарының кеден
қоймаларында сақтауды жүзеге асыру кезiндегi кеден алымдарын қоспағанда,
өкiлдiктердiң ресми пайдалануына арналған тауарларды кедендiк төлемдер мен
салықтарды төлеуден босата отырып және тауарларға тарифтiк емес реттеу
шараларын қолданбастан әкеле алады және Қазақстан Республикасынан әкете
алады.
307-бап. Шетел мемлекетiнiң дипломатиялық өкiлдiгiнiң қызмет
көрсетуi жеке құрамы мүшелерiнiң тауарларды өткiзуi
Шетел мемлекетiмен бекiтiлген халықаралық шарттың негiзiнде осы
Кодекспен кеден жеңiлдiгi берiлген шетел мемлекетi өкiлдiгiнiң
дипломатиялық жеке құрамы мүшелерiне әрбiр жеке шетел мемлекетiне қатысты
өзара сыпайылық қағидасын негiзге ала отырып, осы дипломатиялық өкiлдiктiң
қызмет көрсеткiшi құрамының қызметкерлерiне, сондай-ақ олардың Қазақстан
Республикасының азаматтары болып табылмайтын отбасы мүшелерiне де
қолданылуы мүмкiн.
308-бап. Шетел мемлекеттерiнiң консулдық мекемелерi мен олардың
қызметкерлерiнiң тауарларды өткiзуi
1. Шетел мемлекеттерiнiң консулдық мекемелерiне, консулдық өкiлдiк басшысын қоса алғанда консулдық лауазымды адамдарға және консулдық қызметкерлерге, сондай-ақ егер олар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, олардың отбасы мүшелерiне шетел мемлекеттерiнiң дипломатиялық өкiлдiктерiнiң әкiмшiлiк-техникалық жеке құрам мүшелерi үшiн осы Кодекспен көзделген кеден жеңiлдiктерi берiледi.
2. Шетел мемлекетiмен консулдық мекеменiң қызмет көрсетушi жеке құрамы қызметкерлерiне, сондай-ақ егер олар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, олардың отбасы мүшелерiне арналған бекiтiлген халықаралық шарттың негiзiнде, әрбiр жеке шетел мемлекетiне қатысты өзара сыпайылық қағидасын негiзге ала отырып, шетел мемлекетiнiң дипломатиялық өкiлдiгiнiң қызмет көрсетушi жеке құрамы мүшелерiне осы Кодекспен берiлетiн кеден жеңiлдiктерi қолданылуы мүмкiн.
309-бап. Шетел мемлекеттерiнiң дипломатиялық почтасы мен консулдық
сағдиянын Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы
өткiзу
1. Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн шетел мемлекеттерiнiң дипломатиялық почтасын кеден органдарына ашуға да, ұстап қалуға да жатпайды және тек сыртқы қарауға ғана ұшырайды. Дипломатиялық почтаны құрайтын барлық орындардың олардың сипатын көрсететiн көзге көрiнерлiк сыртқы белгiлерi болуы тиiс және оларда тек дипломатиялық құжаттар мен айрықша ресми пайдалануға арналған заттар болуы тиiс.
2. Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн шетел мемлекеттерінің консулдық сағдия кеден органдарына ашуға да, ұстап қалуға да жатпайды және тек сырттай қарауға ұшырайды. Консулдық сағдиянды құрайтын барлық орындардың олардың сипатын көрсететiн көзге көрiнерлiк сыртқы белгiлерi болуы тиiс және оларда тек ресми хат-хабарлар мен құжаттар немесе айрықша ресми пайдалануға арналған заттар болуы тиiс.
Алайда, консулдық сағдиянда айрықша ресми пайдалануға арналмаған заттар бар деп есептеуге елеулi негiздер болған жағдайда, кеден органы кеден органының лауазымды адамдарының қатысуымен шетел мемлекетi ұсынған уәкiлеттi тұлғалардың сағдиянды ашуын талап етуге құқығы бар. Егер, ұсынатын мемлекеттiң өкiметi ашудан бас тартқан жағдайда, консулдық сағдиян жөнелтiлген жерiне қайтарылады.
3. Дипломатиялық почта және консулдық сағдиян келуiне рұқсат берiлген порт немесе әуежайға бағытталған кеменiң немесе азаматтық ұшақтың командирiне сенiп тапсырылуы мүмкiн. Кеменiң немесе азаматтық ұшақтың командирi почта мен сағдиянды құрайтын орындардың санын көрсетiлген ресми құжатпен жабдықталуы тиiс, бiрақ ол дипломатиялық немесе консулдық курьер болып есептелмейдi.
4. Дипломатиялық өкiлдiк немесе консулдық мекеме өз қызметкерлерiнiң бiрiн тiкелей және кедергiсiз кеменiң немесе ұшақтың командирiнен почтаны немесе сағдиянды қабылдауға жiберуi мүмкiн.
5. Егер дипломатиялық почта немесе консулдық сағдиян тiкелей басқа кеден органының қызметi аймағындағы өкiлдiкке немесе мекемеге шетел мемлекетiнiң автокөлiк құралымен жеткiзiлсе, онда мұндай почтаны және сағдиянды шекаралық кеден органы ресiмдейдi.
310-бап. Шетелдік дипломатиялық және консулдық курьерлердiң
тауарларды өткiзуi
1. Шетелдiк дипломатиялық және консулдық курьерлер кеден органдарының осыған белгiленген орындарынан тыс немесе жұмыс уақытынан тыс кеден операцияларын жасау кезiнде, сондай-ақ тауарларға тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбастан уақытша сақтау қоймалары немесе кеден органдарының кеден қоймаларында тауарларды сақтауды жүзеге асыру кезiнде төлеуге тиiстi тауарларды кедендiк ресiмдегенi үшiн кеден алымдарын қоспағанда, кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеуден босатыла отырып, өздерiнiң жеке пайдалануына арналған тауарларды Қазақстан Республикасына әкелiп және Қазақстан Республикасынан әкете алады.
2. Дипломатиялық және консулдық курьер мәртебесi мен дипломатиялық почта және консулдық сағдиянды құрайтын орындардың санын көрсетiп, ресми курьерлiк парақпен жабдықталады. Курьерлiк параққа почта мен сағдиянды жiберушi мекеме қол қояды және мөр басады.
3. Дипломатиялық почта және консулдық сағдиян осы дипломатиялық почта немесе консулдық сағдиянды ғана тасымалдауға белгiленген және курьерлiк ресми парақпен жарақтанған уақытша дипломатиялық немесе консулдық курьерге сенiп тапсырылуы мүмкiн.
4. Уақытша дипломатиялық немесе консулдық курьерге осы баптың 1-тармағында көзделген кеден жеңiлдiктерi берiледi. Мұндай жеңiлдiктер осы дипломатиялық почта мен консулдық сағдиянды мақсаты бойынша жеткiзген сәттен бастап тоқтатылады.
311-бап. Шетел мемлекеттерiнiң өкiлдерi мен делегациялары мүшелерiнiң
тауарларды өткiзуi
Шетел мемлекеттерiнiң өкiлдерiне, парламент және үкiмет делегацияларының мүшелерiне, сондай-ақ өзара сыпайылық негiзде Қазақстан Республикасына мемлекетаралық келiссөздерге халықаралық конференциялар мен кеңестерге қатысу үшiн немесе басқа да ресми тапсырмалармен келетiн шет мемлекеттер делегацияларының қызметкерлерiне осы Кодексте көзделген шетел мемлекетiнiң дипломатиялық өкiлдiк жеке құрамының мүшелерiне арналған кеден жеңiлдiктерi берiледi. Мұндай жеңiлдiктер осы адамдарға ерiп жүретiн отбасы мүшелерiне де берiледi.
312-бап. Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы транзитпен
өтетiн шетел мемлекеттерi дипломатиялық жеке құрамы
мүшелерiнiң, консулдық лауазымды тұлғалардың, өкiлдiктердiң
және делегациялар мүшелерiнiң тауарларды өткізуі
1. Шетел мемлекеттерi дипломатиялық өкiлдiгiнiң мүшелерi мен консулдық лауазымды тұлғаларына, олардың отбасы мүшелерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы өтетiн транзитпен сол мақсаттар үшiн осы Кодекстiң жоғарыда көрсетiлген бабында аталған адамдарға осы Кодексте шетел мемлекетi өкiлдiгiнiң дипломатиялық жеке құрамының мүшелерi үшiн көзделген кеден жеңiлдiктерi берiледi.
2. Егер әкелу немесе әкету заңнамалармен тыйым салынған не Қазақстан Республикасының карантиндi ережелерiмен реттелетiн тауарлары бар деп есептеуге негіздер болмаса, жоғарыда аталған тұлғалардың, сондай-ақ олармен тұратын отбасы мүшелерiнiң жүктерi кедендiк тексеруден босатылады. Тауарларды мұндай тексеру тек қана осы адамның немесе оның уәкiлеттi өкiлiнiң қатысуымен жүргiзiлуге тиiс.
313-бап. Дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдіктердiң,
консулдық мекемелер мен олардың қызметкерлерiнiң өткізетiн
тауарларын ресiмдеу тәртiбi
1. Дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiктердiң, консулдық
мекемелердiң ресми пайдалануына арналған тауарлары таңдалған кеден
режимiне сәйкес жүк кеден декларациясын кеден органына беру жолымен
кедендiк ресiмдеуге жатады.
2. Дипломатиялық өкiлдiк қызметкерлерi және оған теңестiрiлген
адамдардың, консулдық мекеменiң қызметкерлерiнiң, сондай-ақ олармен бiрге
тұратын отбасы мүшелерiнiң қоса жүрмейтiн жеке жүктерi таңдалған кеден
режимiне сәйкес кеден декларациясын кеден органына беру жолымен кедендiк
ресiмдеуге жатады.
314-бап. Тауарлардың жекелеген санаттарын кедендiк ресiмдеудiң
ерекшелiгi
1. Қазақстан Республикасында тiркелген тұлғалардың ресми және жеке
пайдалануға арналған тауарлардың мына санаттары:
1) көлiк құралдарының барлық түрлерi;
2) дербес компьютерлер және оларға жабдықтар;
3) сателлиталық жабдықтармен теле-радио-видео аппаратура;
4) слайдтар мен фильмдер шығаратын кинокамералар және кинопроекторлар;
5) барлық түрлi жиhаздар;
6) құны 100 айлық есептiк көрсеткiштен жоғары электрлiк тұрмыстық
аспаптар, спорттық жабдықтар, музыкалық аспаптар;
7) бағалы металдар мен асыл тастардан жеке зергерлiк сәндеуiштер Қазақстан Республикасында оларды тiркеу мерзiмi аяқталуы бойынша кейiнгi осы тауарларды әкетумен тиiстi кеден режимiнде кеден органдарында мiндеттi кедендiк ресiмдеуге және есепке алуға жатады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында кеден жеңiлдiктерi жоқ басқа тұлғаға жоғарыда аталған тауарлар үшiн мүлiктiк меншік құқығын беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық тиесiлi кедендiк төлемдер және салықтарды төлеумен кеден органдарында мiндеттi қайта ресiмдеуге жатады.
3. Дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiктер, консулдық мекемелер ресми пайдалану үшiн тоқсан сайын тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбастан - 5000 дана әртүрлi темекі өнiмдерiн (сигар, сигарет және тағы басқалары), 100 литр шарап және ликер-арақ өнiмдерiн Қазақстан Республикасына әкеле алады.
4. Мәдени-тарихи құндылықтары бар шетел тауарлары және оларға
құжаттар кедендiк ресiмдеу мен бақылау үшiн кеден органына берiледi.
5. Мәдени-тарихи құндылықтары бар және Қазақстан Республикасында
сатып алынған тауарлар Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органы
рұқсатының негiзiнде ғана Қазақстан Республикасының аумағынан тыс әкетiлуi
мүмкiн.
8-БӨЛIМ. КЕДЕНДIК ТӨЛЕМДЕР ЖӘНЕ САЛЫҚТАР
39-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
315-бап. Кедендік төлемдер және салықтар
1. Қазақстан Республикасында мынадай кедендiк төлемдер әрекет етедi:
1) кеден баждары;
2) демпингке қарсы баждар;
3) қорғау баждары;
4) өтемақылық баждар;
5) кеден алымдары;
6) алымдар.
2. Төлеушiлер кедендiк төлемдердi есептеу, төлеу және өндiрiп алу тәртiбi, сондай-ақ кедендiк жеңiлдiктер осы Кодексте айқындалады.
3. Демпингке қарсы, қорғау және өтемақылық баждарды қолдану, есептеу мен төлеудiң тәртiбi тауарлардың импорты кезiндегi демпингке қарсы шаралар, iшкi рыноктi қорғау шаралары туралы және субсидиялар және өтемақылық шаралар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
4. Төлеушiлер салықтарды есептеу және төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңнамаларына сәйкес анықталады.
5. Жеке тұлғалар тауарларын жеңiлдетiлген тәртiппен өткiзу кезiнде
кедендiк төлемдер және салықтар Қазақстан Республикасының Үкiметi
белгiлеген жиынтық кедендiк төлем түрiнде төленуi мүмкiн.
316-бап. Кедендiк төлемдер ставкаларының түрлерi
Кедендiк төлемдердiң ставкалары мынадай түрлерге:
1) салық салынатын тауарлардың кеден құны процентiмен
есептелетiн - адвалорлық;
2) салық салынатын тауарлардың бiрлiгi үшiн белгiленген мөлшерде
есептелiнетiн - ерекшелiктi;
3) кедендiк төлемдердiң аталған екi түрiн ұштастыратын - құрамдас
болып бөлiнедi.
317-бап. Кеден баждары
1. Кеден баждары кеден режимдерiнде тауарларды декларациялау кезiнде
төленедi, орналастыру жағдайы Қазақстан Республикасының Кедендiк тарифiне
сәйкес кедендiк баждарды төлеудi белгiлейдi.
2. Қазақстан Республикасының Кедендiк тарифi - бұл Сыртқы
экономикалық қызметтiң тауарлық номенклатурасына сәйкес жүйеленген
Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларға
қолданылатын кеден баждары ставкаларының тiзбесi.
3. Кеден баждарының ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi
белгiлейдi және ресми жарияланғаннан кейiн отыз күнтiзбелiк күн өткеннен
соң күшiне енедi.
318-бап. Кеден алымдары
1. Кеден алымдарына:
1) кедендiк ресiмдеу үшiн кеден алымы;
2) кедендiк сүйемелдеу үшiн кеден алымы;
3) алдын ала шешiм қабылдағаны үшiн кеден алымы;
4) тауарларды сақтағаны үшiн кеден алымы жатады.
2. Көрсетiлген iс-әрекеттердi орындағаны үшiн кеден органдары шығыстарының құны кеден алымдарының мөлшерлерiн анықтау үшiн негiз болып табылады.
319-бап. Кедендiк ресiмдеу үшiн кеден алымы
1. Тауарлар мен көлiк құралдарын негiзгi кедендiк ресiмдеу кезiнде
Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшерде кедендiк ресiмдеу
үшiн кеден алымы алынады.
2. Кеден органдарының осыған белгiленген орындарынан тыс және
(немесе) жұмыс уақытынан тыс тауарларды кедендiк ресiмдеу үшiн екi есе
мөлшерде кеден алымы алынады.
320-бап. Кедендiк сүйемелдеу үшiн кеден алымы
Кеден органдары тауарларды кедендiк сүйемелдегенi үшiн Қазақстан
Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшерде кеден алымдарын алады.
321-бап. Алдын-ала шешім қабылдағаны үшiн кеден алымы
Тауарды жiктеуге, оның кедендiк құнының әдiснамасына және шыққан
елiне қатысты алдын ала шешiм қабылдағаны үшiн Қазақстан Республикасының
Үкiметi белгiлеген мөлшерде кеден алымы алынады.
322-бап. Тауарларды сақтағаны үшiн кеден алымы
Олардың иелерi кеден органы болып табылатын кеден қоймаларында және
уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтағаны үшiн Қазақстан
Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшерлерде кеден алымдары алынады.
323-бап. Алымдар
1. Кеден органы өндiрiп алатын алымдарға:
1) лицензия бергенi үшiн алынатын алым;
2) кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның бiлiктік аттестатын бергенi
үшiн алым жатады.
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген алымдардың мөлшерiн Қазақстан
Республикасының Үкiметi анықтайды.
324-бап. Лицензия бергенi үшiн алым
Лицензия бергенi үшiн алым:
1) кеден қоймасының мекемесi;
2) бажсыз сауда жасайтын дүкеннiң мекемесi;
3) еркiн қойма мекемесi;
4) уақытша сақтау қоймасының мекемесi;
5) кедендiк тасымалдау ретiнде қызметтi жүзеге асыру;
6) кеден делдалы ретiнде қызметтi жүзеге асыру үшiн өндiрiп алынады.
40-ТАРАУ. КЕДЕНДIК ТӨЛЕМДЕР МЕН САЛЫҚТАРДЫ ЕСЕПТЕУ
325-бап. Кедендiк баждарды салуға арналған база
1. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда тауарлардың кеден құны кеден баждарын салу үшiн база болып табылады.
2. Оларға қатысты кеден баждарының ерекшелiк ставкалары белгiленген тауарлар бойынша заттай түрдегi тауарлардың көлемi кедендiк баждарды салуға арналған база болып табылады.
326-бап. Кедендік төлемдер мен салықтарды есептеудiң тәртiбi
1. Кедендiк төлемдер мен салықтарды осы Кодекстiң 296-бабында және осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеушiлер дербес есептейдi.
2. Кеден iсi саласында бұзушылық болған кезде, төлеуге тиiстi кедендiк төлемдер мен салықтарды есептеудi кеден органы жүргiзедi.
3. Кедендiк төлемдер мен салықтарды есептеу осы Кодексте және өзге де заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргiзiледi.
327-бап. Кедендiк төлемдер мен салықтардың ставкасын қолдану
1. Кедендiк төлемдер мен салықтарды есептеу мақсаттары үшiн осы Кодекстiң 329-бабының 1-тармағындағы және 413-бабындағы жағдайларды қоспағанда, кеден органы кеден декларациясын қабылдаған күнге қолданылатын ставкалар қолданылады.
2. Кедендiк баждарды, салықтарды есептеу мақсаттары үшiн 315-баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Кедендiк тарифiне және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы бойынша тауарлар кодына және тауарлардың атауына сәйкес келетiн ставкалар қолданылады.
328-бап. Кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу мақсаттары үшiн
шетел валютасын қайта есептеу
Кедендiк төлемдер мен салықтарды есептеу, соның iшiнде тауарлардың кеден құнын айқындау мақсаттары үшiн шетел валютасын қайта есептеу жүргiзу талап етiлген жағдайларда, кеден органы кеден декларациясын қабылдаған күнге немесе төленуi тауарлардың кедендiк ресiмдеуiмен байланысты емес кеден төлемдерi үшiн төлем күнi Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасына шетел валютасының Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiндегi ресми бағамы қолданылады.
329-бап. Кеден iсi саласында құқық бұзушылық жасау кезiнде кедендiк
төлемдер мен салықтарды есептеу
1. Кеден iсi саласында құқық бұзушылық жасай отырып, Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнген немесе осы аумақтан әкетiлген тауарларға қатысты кедендiк төлемдер мен салықтар тиiсiнше:
1) Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өткен күнге;
2) егер мұндай күн белгiлеу мүмкiн болмаса, онда бұзушылық ашылған күнге қолданылған кедендiк төлемдер мен салықтардың ставкалары ескерiлiп есептеледi.
Кедендiк төлемдер мен салықтарды салуға арналған базасы кедендiк төлемдер мен салықтардың ставкасын қолданған күнi айқындалады.
2. Кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеуден толық немесе бөлшектеп босатуына байланысты өзге де мақсаттарда шартты жiберiлген тауарларды пайдалану кезiнде, төлеуге тиiстi кедендiк төлемдер мен салықтарды есептеу үшiн кеден органы кеден декларациясын қабылдаған күнде қолданылған кедендiк төлемдер мен салықтардың ставкасы қолданылады.
3. Кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеу мерзiмiнiң бұзылуы болған кезде, кедендiк төлемдер мен салықтарды есептеу осы Кодекстiң 375-бабына сәйкес кедендiк төлемдер мен салықтарды уақтылы төлемегенi үшiн өсiмақы есептей отырып жүргiзiледi.
41-ТАРАУ. ТАУАРЛАРДЫҢ КЕДЕН ҚҰНЫН АЙҚЫНДАУ
330-бап. Тауарлардың кеден құны
Тауарлардың кеден құны - Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткiзiлетiн осы тарауға сәйкес анықталатын мынадай мақсаттарда:
1) тауарға кедендiк төлемдер мен салықтарды салу;
2) Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметiн мемлекеттiк реттеудiң өзге шараларын қолдану мақсатында қолданылатын тауардың құны.
331-бап. Әкетiлетiн тауарлардың кеден құнын айқындау
1. Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс әкетiлетін тауарлардың кеден құны экспортқа сату кезiнде iс жүзiнде төленген немесе төлеуге жататын мәмiле бағасының негiзiнде анықталады.
2. Тауардың кедендiк құнын анықтау кезiнде мәмiле бағасына егер олар бұрын енгiзiлмесе, мынадай шығыстар:
1) әуежайға, портқа немесе Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарды әкететiн өзгелей орынға дейiн тауарларды жеткiзу бойынша шығыстар:
көлiкпен тасымалдау құны;
тауарларды тиеу, түсiру, қайта жүктеу және ауыстырып тиеу бойынша шығыстар;
2) сақтандыру құны;
3) сатушы тартқан шығыстар;
комиссиондық және брокерлiк сыйақылар;
егер Сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлық номенклатурасына сәйкес олар бағаланатын тауарлармен бiртұтас ретiнде қаралса, контейнерлердiң немесе басқа көп айналымды ыдыстардың құны;
бума материалдарының құнын қоса алғанда, орама және орау бойынша жұмыстардың құны;
4) егер мұндай роялти және алымдар iс жүзiнде төленген немесе төлеуге тиiстi бағаға қосылмаса, сатушы бағаланатын тауарлардың шарты ретiнде тiкелей немесе жанама төлеуге жататын бағаланатын тауарлармен байланысты лицензиялар бергенi үшiн роялти және алымдар;
5) сатушыға тiкелей немесе жанама кейiннен қайта сатудан түсетін кiрiстiң бiр бөлігі;
6) егер олар Қазақстан Республикасының салық заңнамасына немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарларды әкету кезiнде сатушыға өтемақыға жатпаса, Қазақстан Республикасының кеден аумағында өндiрiлiп алынатын салықтар енгiзiледi.
3. Мәмiле бағасынан тауардың кедендiк құнын анықтау кезiнде олар құжаттай расталған жағдайда мынадай төлемдер мен шығыстар алынып тасталады:
1) жабдықтарды монтаждау, жинау, реттеуге жұмсалатын шығыстар немесе мұндай жабдықты Қазақстан Республикасының кеден аумағынан әкеткеннен кейiн техникалық көмек көрсету;
2) Қазақстан Республикасының кеден аумағынан әкеткеннен кейiн тауарларды жеткiзу жөнiндегi шығыстар;
3) Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарларды өткiзгеннен кейiн оларды жеткiзiп берудiң сақтандыру құны.
4. Мәмiле бағасы болмаған кезде, әкетiлетiн тауарлардың кеден құны әкетiлетiн тауардың өндiрiсiне немесе сатып алынуына, сақтау және тасымалдауына байланысты шығындар туралы экспорттаушы сатушының бухгалтерлiк құжаттамасының көшiрмесiн декларант бергенi ескерiлiп
айқындалады. Бұл ретте, осы баптың 1-тармағында санамаланған шығыстар да
ескерiледi.
5. Әкетiлетiн тауардың мәлiмделген кеден құнын растайтын мәлiметтер
болмаған жағдайда, мұндай тауарлардың кеден құны ұқсас немесе бiртектес
тауарлар бойынша кеден органында бар мәлiметтер, оның iшiнде тәуелсiз
сараптаманың қорытындыларын пайдаланып берiлген ақпараттар негiзiнде
айқындалады.
332-бап. Әкелiнетiн тауарлардың кеден құнын айқындау
Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн тауарлардың кеден
құны Тарифтер мен сауда жөнiндегi бас келiсiмнiң кедендiк бағалауының
жалпы қағидаттарына негiзделедi (бұдан әрi ТСБК/ДСҰ).
333-бап. Кеден құнын айқындау әдiстерi
1. Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн тауарлардың
кеден құнын айқындау төмендегi әдiстердi қолдану жолымен жүргiзiледi:
1) әкелiнетiн тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша;
2) ұқсас тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша;
3) бiртектес тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша;
4) құнды шегеру;
5) құнды қосу;
6) резерв.
2. Әкелiнетiн тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша әдiс кеден
құнын айқындаудың негiзгi әдiсi болып табылады.
3. Негiзгi әдiстi пайдалану мүмкiн болмаған жағдайда аталған әдiстердiң әрқайсысы рет-ретiмен қолданылады. Бұл ретте, егер алдыңғы әдiстi қолдану арқылы кеден құнын айқындау мүмкiн болмаса, онда келесi әдiс қолданылады. Декларанттың өтiнiшi бойынша құнды шегеру және қосу әдiстерi керiсiнше ретпен қолданылады.
4. Егер кеден құны осы баптың 1-тармағында санамаланған бiр әдiстiң көмегiмен айқындалса, онда кейiнгi әдiстер қолданылмайды.
334-бап. Әкелiнетiн тауарлармен жасалатын мәмiленiң бағасы бойынша
кеден құнын белгiлеу әдiсi
1. Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнген тауардың кеден құны Қазақстан Республикасына экспортқа сату кезiнде оған iс жүзiнде төленген немесе төленуге тиiстi баға болып табылады.
2. Кеден құнын белгiлеу кезiнде мәмiле бағасына, егер бұрын қосылмаған болса, мынадай шығыстар енгiзiледi:
1) тауарды әуежайға, портқа жеткiзу жөнiндегi немесе тауарды Қазақстан Республикасының кеден аумағындағы басқа жерге әкелу шығыстары;
тасымалдау құны;
тауарларды тиеу, түсiру, қайта тиеу және басқа көлiкке ауыстыру шығыстары;
2) сақтандыру құны;
3) сатып алушы әкелген шығыстар;
тауарларды сатып алу жөнiндегi комиссиялық төлемдi қоспағанда комиссиялық және делдалдық сыйақылар;
егер олар Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына сәйкес бағаланатын тауарлармен бiртұтас ретiнде қаралатын болса, контейнерлердiң немесе көп айналымға түсетiн ыдыстардың құны;
орама материалдары мен орап-қаттау жөнiндегi жұмыстардың құнын қосқандағы орап-қаттау құны;
4) әкетiлуге арналып бағаланатын тауарларды өндiруге және сатуға байланысты пайдалану үшiн тегiн немесе арзандатылған баға бойынша сатып алушыға тiкелей немесе жанама түрде берiлсе, мынадай тауарлар мен қызметтер құнының тиiстi бөлiгi:
бағаланатын тауарлардың құрамдас бөлiгi болып табылатын шикiзаттар, материалдар, бөлшектер, жартылай өнiмдер және басқа да жинақтаушы бұйымдар;
бағаланатын тауарларды өндiру кезiнде жұмсалған құрал-саймандар, мөрлер, қалыптар мен басқа да осы тәрiздес заттар;
бағаланатын тауарларды өндiру кезiнде жұмсалған материалдар (жағар материалдар, отын және басқалары);
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде жасалған және бағаланатын тауарлар өндiрген кезде тiкелей қажеттi инженерлiк талдамалар, тәжiрибе-конструкторлық, дизайн, көркем безендiру, нобайлар мен сызбалар құнының тиiстi бөлiгi;
5) бағаланатын тауарларды сату шарттары ретiнде сатып алушы тiкелей немесе жанама түрде төлеуге тиiстi бағаланатын тауарларға байланысты лицензия беру үшiн роялти және алымдар, егер мұндай роялти және алымдар нақты төленген немесе төлеуге тиiстi бағаға қосылмаса;
6) бағаланатын тауарларды кейiннен кез-келген қайта сату, беру немесе пайдаланудан сатушының тiкелей немесе жанама түрде тапқан кiрiсiнiң бiр бөлiгiнiң шамасы.
3. Әр түрлi атаудағы тауарларды бiр топтамамен жеткiзген кезде әрбiр әкелiнген тауарлардың және тауарлардың барлық топтамасы үшiн айқындалған кеден құнына кiруге жататын шығыстарды айқындау әр тауардың құнының тауарлар партиясының құнына қатысты айқындалатын мөлшерге барабар жүзеге асырылады.
4. Кеден құнын айқындау кезiнде импортталатын тауарлар үшiн iс жүзiнде төленген және төлеуге жататын бағасынан олар бөлiнген шарты кезiндегi төлемдер мен шығыстар енгiзiлмейдi:
1) монтаж, жинау, орнату жабдықтарды реттеу немесе мұндай жабдықтарды Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелгеннен кейiнгi техникалық көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстар;
2) Қазақстан Республикасының кеден аумағына тауарларды әкелгеннен кейiн жеткiзу бойынша шығыстар;
3) импорт елiнде төленетiн кеден баждары мен салықтар.
5. Әкелiнетiн тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша әдiс тауардың кедендiк құнын анықтау үшiн мынадай жағдайларда пайдаланылмайды, егер:
1) мыналарды қоспағанда, бағаланатын тауарларға сатып алушының иелiк ету немесе пайдалану құқықтарына қатысты шектеулер бар;
Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген шектеулердi;
тауарлар қайта сатылуы мүмкiн географиялық аймақтың шектеулерiн;
тауар құнына елеулi түрде әсер етпейтiн шектеулердi;
2) сатып алу-сату белгiлерi жоқ мынадай мәмiлелер бойынша Қазақстан Республикасына экспорт үшiн тауар сатылды:
тауарды тегiн жеткiзу;
импорттаушыға меншiк құқығына өтпестен Қазақстан Республикасына сату үшін тауарды жеткізуді көздейтiн консигнация шарттарына тауарды жеткiзу;
Қазақстан Республикасының аумағындағы өздерiнiң филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) мекен-жайына шетел заңды тұлғасының тауарларды жеткiзуi;
баспа-бас айырбас немесе өзге де өтемақылық мәмiле шеңберiнде тауарларды жеткiзу;
мүлiктiк жалдау (лизинг) шарты бойынша тауарларды жеткiзу;
уақытша орналасу мақсатында тауарларды жеткiзу;
оларды коммерциялық емес пайдаға асыру мақсатында өндiрiстiң қалдықтарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу;
сатушының кепiлдiк мiндеттемесi есебiне тауарларды жеткiзу;
тауардың сатып алу-сату фактiсi жоқ өзгелей жеткiзулер.
3) сату немесе мәмiленiң бағасы ықпалын есептеп шығару мүмкiн емес шарттарды сақтауға байланысты болса;
4) кеден құны мәлiмденген кезде декларант пайдаланған деректер құжатпен дәлелденбесе не сандық жағынан айқындалмаса және дұрыс болмаса;
5) мәмiлеге қатысушылар өзара тәуелдi тұлғалар болып табылады және мәмiле бойынша құн осы баптың талаптарына сәйкес кеден құнын анықтау үшiн негiз ретiнде қолайлы болып табылмайды. Бұл ретте, өзара тәуелдi адамдар деп мынадай белгiлердiң бiрiне сәйкес келетiн тұлғалар ұғынылады:
мәмiлеге қатысушылардың бiрi немесе мәмiлеге қатысушылардың бiреуiнiң лауазымды адамы, сонымен бiрге мәмiлеге басқа бiр қатысушының лауазымды адамы болса;
мәмiлеге қатысушылар кәсiпорынды бiрлесiп иеленушiлер болса;
мәмiлеге қатысушылар еңбек қатынастарымен байланысты болса;
қандай да бiр тұлға мәмiлеге қатысушылардың әрқайсысының айналымында жүрген дауыс беретін акцияларды немесе мәмiлеге қатысушылардың әрқайсысының жарғылық капиталындағы салымдарды (пайларды) тiкелей немесе жанама иеленсе не бес немесе одан да көп проценттерi бақылауында болса;
мәмiлеге қатысушының екеуi де үшiншi адамның тiкелей не жанама бақылауында болса;
мәмiлеге қатысушылар үшiншi адамды бiрлесiп тiкелей немесе жанама түрде бақылайтын болса;
мәмiлеге қатысушылардың бiрi мәмiлеге екiншi қатысушының тiкелей немесе жанама бақылауында болса;
мәмiлеге қатысушылар немесе олардың лауазымды адамдары жақын туысқандар болса.
6. Мәмiлеге қатысушылардың өзара тәуелдiлiк фактiсi мәмiле бағасын жарамсыз деп есептеуге жеткiлiктi негiз болып табылмайды. Мұндай жағдайда кеден органы мәмiлеге септігін тигiзетiн жағдайды зерделеуi керек және егер өзара тәуелдiлiк бағаға ықпал етпеген болса, оның бағасы тауардың кедендiк құнын анықтау үшiн пайдаланылуы мүмкiн.
7. Егер кеден органы мәмiлеге қатысушылардың өзара тәуелдiлiгi тауар бағасына ықпал еттi деп топшылауға негiз болған жағдайда, осы себеп бойынша декларантқа ұсыным (декларанттың өтiнiшi бойынша жазбаша түрде) берiледi. Бұл ретте, декларантқа мәмiлеге қатысушылардың өзара тәуелдiлiгi тауардың бағасына әсер етпегенiн растайтын қосымша қажеттi ақпарат беру үшiн мүмкiндiк берiледi.
8. Декларанттың бастамасы бойынша тауардың кеден құнын белгiлеу негiзiне, егер декларант шамамен сол уақытта белгiленген мыналардың:
1) Қазақстан Республикасына экспорттау кезiнде өзара тәуелдi болып табылмайтын қатысушылар арасындағы ұқсас немесе бiртектес тауарлармен мәмiле жөнiндегi құнның;
2) құнды шегеру әдiсi бойынша белгiленген ұқсас немесе бiртектес тауарлардың кеден құнының;
3) құнды қосу әдiсi бойынша белгiленген ұқсас немесе бiртектес тауарлардың кеден құнының бiреуiне жақын екендігін дәлелдесе, мәмiле құны қабылдануы мүмкiн.
9. Салыстыру үшiн декларант ұсынған бағалар мыналардағы:
1) коммерциялық деңгейдегi (көтерме, бөлшек саудадағы);
2) санындағы;
3) осы баптың 2) тармағында санамаланған элементтердегi (шығыстардағы);
4) егер сатушы өзара тәуелдi тұлғамен жасасқан мәмiле кезiнде мұндай шығыстарды жүргiзбесе, өзара тәуелдi емес тұлғалар арасындағы мәмiле кезiнде туындайтын сатушының өзге де шығыстарындағы айырмашылықтар ескерiле отырып түзетiледi.
10. Салыстыру үшiн декларант берген ұқсас немесе бiртектес тауарлардың бағасы тауарлардың кеден құнын айқындау үшiн мәмiле бойынша бағаның орнына пайдаланылмайды.
335-бап. Ұқсас тауарлармен жасалатын мәміле бағасы бойынша кеден
құнын анықтау әдiсi
1. Ұқсас тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша бағалау әдiсiн пайдаланған кезде тауардың кеден құнын белгiлеу үшiн негiз ретiнде, осы бапта көрсетiлген шарттар сақтала отырып, ұқсас тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы қабылданады.
2. Бағаланатын тауарлармен барлық жағдайларда да бiрдей ұқсас тауарлар, соның iшiнде мына төмендегi белгiлер бойынша ұқсас тауарлар деп ұғынылады:
1) табиғи сипаттамалары;
2) рыноктағы сапасы мен танымдылығы.
3. Кедендiк бағалау әдiсiн пайдаланған кезде осы баптың негiзiнде:
1) егер олар тауарлар бағаланатын елде шығарылмаған болса, тауарлар бағаланатын тауарлармен ұқсас деп есептелмейдi;
2) бағаланатын тауарларды өндiрушi емес, басқа тұлға өндiрген тауарлар, бағаланатын тауарларды өндiрушi тұлға өндiрген ұқсас тауарлар болмаған жағдайда ғана назарға алынады;
3) тауарлар, егер олардың жобалануы, оларға арналған тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар, олардың көркемдiк безендiрiлуi, дизайны, нобайлары немесе сызбалары:
сатып алушыға сатушы өндiрумен және Қазақстан Республикасына экспортқа сатуға байланысты пайдалану үшiн тегiн немесе төмендетiлген құны бойынша берiлген болса;
Қазақстан Республикасында шығарылған болса, соған байланысты олардың құны осы Кодекстiң 335-бабының 2-тармағы 4) тармақшасының бесiншi абзацы негiзiнде бағаланатын тауарлардың кедендiк құнына енгiзiлмеген болса ұқсас деп саналмайды.
4. Сыртқы түрi бойынша азын-аулақ өзгешелiктер, егер мұндай тауарлар осы баптың талаптарына сай келсе, тауарларды ұқсас деп қараудан бас тарту үшiн негiз болып табылмайды.
5. Кеден құнын айқындау үшiн ұқсас тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы негiзге алынады, егер бұл тауарлар:
1) Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшiн сатылса;
2) бағаланатын тауарлармен бiр уақытта немесе бағаланатын тауарлар әкелiнгенге дейiн тоқсан күнтiзбелiк күннен бұрын емес әкелiнсе;
3) шамамен сол мөлшерде немесе сол коммерциялық деңгейде әкелiнсе (көтерме немесе бөлшек саудада).
6. Егер тауарларды сол мөлшерде және сол коммерциялық деңгейде келу жағдайы орын алмаса, бұл айырмашылықтарды ескере отырып, бағаларды түзетiп басқа мөлшерде және басқа коммерциялық деңгейде әкелiнген ұқсас тауарлардың құны пайдаланылуы мүмкiн.
7. Осы Кодекстiң 335-бабының 2-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетiлген шығыстардың құны ұқсас тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша белгiленетiн арақашықтық және көлiк түрлерiнiң айырмашылығынан бағаланатын тауарлардың мұндай шығыстарының құнынан айтарлықтай ерекшеленетiн болса, ұқсас тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша белгiленетiн кеден құны тиiстi түрде түзетiлуi керек.
8. Осы баптың 6, 7-тармақтарында көзделген түзетулер дұрыс және құжаттармен расталған мәлiметтер негiзiнде жүргiзiлуі тиіс.
9. Егер осы әдiстi қолданған кезде ұқсас тауарлармен жасалатын мәмiленiң бiр бағасынан артық баға анықталса, онда әкелетiн тауарлардың кеден құнын анықтау үшiн осы бағалардың ең төменi қолданылады.
336-бап. Бiртектес тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша кеден
құнын белгiлеу әдiсi
1. Бiртектес тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша бағалау әдiсiн пайдаланған кезде тауардың кеден құнын белгiлеу үшiн негiз ретiнде осы бапта көзделген шарттарды сақтаған кезде әкелiнетiн тауарлармен бiртектес тауарлар жөнiндегi мәмiле бағасы қабылданады.
2. Олар барлық жағынан бiрдей болмаса да, сипаттамасы ұқсас және құрамы ұқсас болғандықтан бiртектес тауарлар деп ұғынылады, оларға бағаланатын тауарлар функциясын атқаруға және коммерциялық тұрғыда бiр-бiрiн алмастыруға мүмкiндiк беретiн ұқсас құрауыштардан тұрады.
3. Тауарлардың бiртектестiлiгiн анықтаған кезде олардың мына төмендегi белгiлерi ескерiледi:
1) сапасы, тауар белгiсiнiң болуы;
2) нарықтағы танымдылығы.
4. Бiртектес тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша кеден құнын белгiлеу әдiсiн пайдаланған кезде осы Кодекстiң 336-бабының 4-7-тармақтарының ережелерi қолданылады.
5. Кедендiк бағалаудың осы әдiсiн пайдаланған кезде:
1) егер тауарлар бағаланатын тауарлар өндiрiлген елде өндiрiлмесе, бағаланатын тауарлармен бiртектi болып саналмайды;
2) бағаланатын тауарларды өндiрушi емес, басқа тұлға өндiрген тауарлар, егер бағаланатын тауарларды өндiрушi тұлға өндiрген бiртектi тауарлар болмаған жағдайда ғана назарға алынады;
3) тауарлар, егер оларды жобалау, оларға арналған тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар, олардың көркемдiк безендiрiлуi, дизайны, нобайлары мен сызбалары:
сатушыға сатып алушы өндiруге және Қазақстан Республикасына экспортқа сатуға байланысты пайдалану үшiн тегiн немесе төмендетiлген құны бойынша берiлген болса;
Қазақстан Республикасында шығарылған болса, соған байланысты олардың құны осы Кодекстiң 335-бабының 2-бабының 4) тармағының бесiншi абзацы негiзiнде бағаланатын тауарлардың кедендiк құнына енгiзiлмеген болса, бiртектi деп саналмайды.
337-бап. Құнды шегеру негiзiнде кеден құнын айқындау әдiсi
1. Егер бағаланатын ұқсас немесе бiртектес тауарлар шығу жағдайын өзгертпестен бастапқы сатылатын болса, құнды шегеру негiзiнде бағалау әдiсi бойынша тауардың кеден құнын айқындау жүргiзiледi.
2. Тауардың кеден құнын айқындау үшiн негiз ретiнде құнды шегеру әдiсiн пайдалану кезiнде бағаланатын ұқсас немесе бiртектес тауарлар сатушымен өзара қатысты болып табылмайтын тұлғаларға бағаланатын тауарлар импортымен бiр уақытта немесе бiр уақытқа жуық мерзiмде барынша жиынтық мөлшерде сатылады.
3. Бұл ретте сату бағаланатын тауарларды әкелумен бiр уақытта, ал мұндай мерзiмдерде сату болмаған кезде - бағаланатын тауарлардың әкелуiнiң неғұрлым жақын күнiне, бiрақ бағаланатын тауарларды әкелу сәтiнен тоқсан күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей жүзеге асырылуы қажет.
4. Тауар бiрлiгiнiң бағасынан мынадай құрауыштар шегерiледi:
1) әдетте төленетiн немесе төлеуге келiсiлген комиссиялық сыйақылар немесе әкелiнетiн тауарлардың сол класын немесе түрiн Қазақстан Республикасында сатуға байланысты пайда түсiру және жалпы шығыстарды жабу мақсатында әдетте есептелетiн үстемеақылар;
2) Қазақстан Республикасына тауарларды әкелуге және (немесе) сатуға байланысты Қазақстан Республикасында төлеуге тиiстi әкелу бажы, салықтар және өзге де төлемдер сомасы;
3) Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын тасымалдау, сақтандыру, тиеу және түсiру жұмыстарына Қазақстан Республикасында төленетiн қарапайым шығыстар.
5. Өнеркәсiптiң жекелеген саласында өндiрiлген тауарлардың тобына не разрядына жататын және ұқсас немесе бiртектес, бiрақ олармен толмайтын тауарларды қосып алатын тауарлар сол класты немесе түрлi тауарлар бiлдiредi.
6. Әкелген сәттегi жағдайда бағаланатын, ұқсас немесе бiртектес тауарларды сату жағдайлары болмаған кезде декларанттың өтiнiшi бойынша қосылған құнды шегерiп осы баптың 2-4-тармақтарының ережелерiн сақтау кезiнде қайта өңдеуге өткен тауар бiрлiгiнiң бағасы қолданылуы мүмкiн.
338-бап. Құнды қосу негiзiнде кеден құнын айқындау әдiсі
Кеден құнын айқындау үшiн негiз ретінде құнды қосу негiзiнде бағалау әдiсiн пайдаланған кезде:
1) бағаланатын тауарды өндiруге байланысты дайындаушы әкелген материалдар мен шығындар құнын;
2) сол класты немесе түрлi тауарларды және Қазақстан Республикасына жеткiзу кезiнде экспорт елiнде өндiрiлген бағаланатын тауарларды сату кезiнде бағаға әдетте қосылатын пайда және жалпы шығыстар сомасы;
3) осы Кодекстiң 334-бабының 2-тармағының 1), 2) тармақшаларында санамаланған шығыстарға құнды қосу жолымен есептелген тауардың бағасы қолданылады.
339-бап. Кеден құнын айқындаудың резерв әдiсi
1. Резерв әдiсi негiзiнде тауардың кеден құны ТСБК/ДСҰ қағидаттары мен жалпы ережелерiне сәйкес кедендiк бағалау бойынша осы Кодекстiң 334-338-баптарында сипатталған әдiстердi неғұрлым икемдi қолдану жолымен анықталады.
2. Кеден құнын айқындау үшiн резерв әдiсiн қолдану кезiнде:
1) әлемдiк бағалар бойынша ақпараттық анықтамаларды;
2) статистикалық деректердi, жалпы қабылданған комиссиялық мөлшерлердi, жеңiлдiктердi, пайдаларды, көлiкке тарифтердi және өзге мәлiметтердi пайдалануға жол берiледi.
Бұл ретте бағаланатын тауарлардың коммерциялық деңгейiн және (немесе) санын ескере отырып, деректердi тиiстi түзету мiндеттi.
3. Тауардың кеден құнын айқындау үшiн резерв әдiсiн пайдалану кезiнде кеден органдарында бар ақпарат, сондай-ақ тәуелсiз сараптаумен ұсынылған ақпарат пайдаланылуы мүмкiн.
4. Осы баптың ережелерiне сәйкес резерв әдiсi бойынша кеден құны:
1) экспорт елiнiң iшкi рыногiндегі тауардың бағасы;
2) екi баламалы құннан неғұрлым жоғары кедендiк мақсат үшiн пайдалануды көздейтiн жүйе;
3) экспорт елiнен үшiншi елге жеткiзiлетiн тауардың бағасы;
4) Қазақстан Республикасының iшкi рыногiндегi тауардың бағасының отандық тауарларға;
5) тауардың еркiн белгiленген немесе сенiмдi расталмаған құны;
6) осы Кодекстiң 338-бабында көзделмеген шығындарды есептеу негiзiнде айқындалатын ұқсас немесе бiртектес тауарлардың құны;
7) ең төмен кедендiк құнның негізiнде айқындалмайды.
340-бап. Тауардың кеден құнын айқындау және бақылау тәртiбi
1. Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы өткiзiлетін тауарлардың кеден құнын осы тарауда белгiленген ережелерге сәйкес декларант мәлiмдейдi.
2. Тауарлардың кеден құнын анықтаудың дұрыстығын бақылауды тауарды ресiмдеудi, оның iшiнде Қазақстан Республикасының Yкiметі белгiлеген тәртiппен жүргiзiлген тәуелсіз сараптауды пайдалана отырып жүргiзетiн кеден органы жүзеге асырады. Кеден бақылауын жүзеге асыру кезiнде осы тауар үшiн төленген немесе төлеуге тиiстi бағаны бағалаудың таңдап алынған әдiсiнiң дұрыстығы, сондай-ақ мәлiмдеген кеден құнының құрылымы мен шамасын анықтаудың дұрыстығы анықталады.
3. Кеден құны декларациясын тексерудi жүзеге асыратын кеден органы декларанттың жеке бастамасы, тапсырмасы немесе өтiнiшi бойынша мәлiмделген кеден құны туралы қандай-да дерек жазуға, аталған декларацияға өзгерiстер, толықтырулар және түзетулер енгiзуге құқығы жоқ.
4. Жекелеген кеден режимдерiн қолдану және өзгерту кезiнде тауарлардың кеден құнын айқындаудың ерекшелiктерi осы Кодекстiң 6-бөлiмiнде көзделген.
5. Оңайлатылған тәртiптi қолдана отырып жеке тұлғалардың өткiзген тауарларына қатысты тауарлардың кеден құны осы Кодекстiң 295-бабына сәйкес айқындалады.
341-бап. Мәлiмделген кеден құнын растау үшiн құжаттарды беру
1. Кеден құны бойынша мәлiмделген мәлiметтердi растау үшiн декларант мына құжаттарды беруге мiндеттi:
1) осы Кодекстiң 342-бабының 5-тармағында белгiленген жағдайларды қоспағанда, кеден құнының декларациясын;
2) шарт (келiсiм-шарт) және оған қосымша келiсiмдер, тауарлардың кеден құнын анықтауға әсер етуi мүмкiн мәлiметтердi;
3) шот-фактураны (инвойс) немесе шот-проформаны (сатып алу-сату мәмiлесiнен бөлек мәмiле үшiн);
4) егер кеден декларациясын беру күнiнде мәмiле бойынша төлем шарттары бойынша ол үшiн төлем толығымен немесе жартылай жүзеге асырылса, тауардың құнын растайтын төлем құжаттарын;
5) егер тасымалдау және сақтандыру бойынша шығыстарды жеткiзу шарттары бойынша сатып алушы жүзеге асыратын болса, көлiк және сақтандыру құжаттарын;
6) тасымалдағаны үшiн шотты және көлiк шығыстары шот-фактураға
енгiзiлмеген, бiрақ сатып алушы әкелген жағдайларда көлiк шығыстары туралы
ресми расталған анықтаманы;
7) егер декларант оны бере алса, жiберушi елдiң кеден декларациясының
көшiрмесiн беруге мiндеттi.
2. Егер мәлiмделген кеден құнын растау үшiн осы баптың 3-тармағында
көрсетiлген құжаттар жеткiлiксiз болған жағдайда, декларант бұл үшiн
қажеттi мына қосымша құжаттарды:
1) тауарды өткiзген тұлғаның құрылтайшы құжаттарын;
2) мәмiлеге қатысы бар үшіншi тұлғамен келiсiм-шартты;
3) сатушы пайдасына үшiншi тұлғаның төлемге есебiн;
4) бағаланатын тауармен мәмiлеге қатысы бар комиссиялық, делдалдық
қызмет көрсетулерге шоттарды;
5) тауардың құнын растайтын бухгалтерлiк құжаттамадан көшiрменi;
6) лицензиялық немесе авторлық келiсiмдi;
7) қоймалық түбiртектердi;
8) жеткiзуге тапсырыстарды;
9) дайындаушы фирманың каталогтерiн, ерекшелiктерiн, баға
прейскурантын (прайс парақтарын);
10) бағаланатын тауарға дайындаушы фирманың калькуляциясын;
11) кеден құны декларациясында мәлiмделген мәлiметтердi растау үшiн пайдаланылуы мүмкiн басқа да құжаттарды бере алады.
342-бап. Тауардың кеден құнын мәлiмдеу шарты
1. Тауарлардың кеден құнын кеден құнының декларациясын толтыра отырып тауарларды декларациялау кезiнде кеден органына декларант мәлiмдейдi. Кеден құнының декларациясын толтыру нысаны мен тәртiбiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы белгiлейдi.
2. Декларант мәлiмдеген кеден құны және ол айқындауға жататын оларға берiлген мәлiмет сенiмдi, шамасы айқындалған және құжатты расталған ақпаратқа негiзделуi қажет.
3. Кеден құнының декларациясы осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, "еркiн айналым үшiн тауарларды шығару" кеден режимiнде Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелетiн барлық тауарларға толтырылады.
4. Кеден құнының декларациясы егер:
1) бiр келісiм-шарт шеңберiнде бiрнеше жеткiзулердi, сондай-ақ түрлi келiсiм-шарттар бойынша бiр алушының мекен-жайына бiр тауарды бiр жiберушiнiң қайталап жiберуiн қоспағанда, тауарлардың әкелiнген партиясының кеден құны 900 айлық есептiк көрсеткiшке бара-бар сомадан
аспаса;
2) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн жеке
тұлғалардың тауарларына Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген норма
мен шарттар сақталса толтырылмайды.
Осы баптың 4-тармағында көрсетiлген жағдайларда, кеден құны кеден
декларациясында мәлiмделедi.
343-бап. Тауарлардың кеден құнын түзету
1. Тауарлардың кеден құнын түзету егер:
1) кеден құнын кедендiк ресiмдеу және бақылау барысында:
осы баптың 3-тармағында белгiленген жағдайды қоспағанда, олардың растауына құжатта көрсетiлген тауарлардың кеден құнының мөлшерi және/немесе құрылымы декларант мәлiмдеген тауарлардың кеден құнын айқындау әдiсiмен сәйкес келмеуi анықталған;
кеден құны декларациясының нысандарында мәлiмделген кеден құнының мөлшерiне әсер еткен техникалық ақаулар анықталған;
осы Кодекстiң 347-бабына сәйкес декларанттың пайдалануына тауарды беру мақсатында шартты кеден құнын қолдану қажеттiгі анықталған;
2) тауар шығарылғаннан, соның iшiнде шартты кеден құнын қолданғаннан кейiн:
декларант берген қосымша ақпарат негiзiнде тауардың түпкiлiктi кеден құнын айқындау кезiнде, не кеден органы жүзеге асырған тауардың кеден құнын қабылдау кезiнде;
кеден құнының мөлшерi және/немесе құрылымына әсер ететiн тауарды мағлұмдау кезiнде орны бар техникалық ақаулар анықталған;
3) кейiнгi тексерудi жүргiзу барысында анықталған сенiмсiз мағлұмдау қолға түскен (кеден органында сақталатын құжаттар пакетiне кейiнгi бақылау кезiндегiдей және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың сыртқы экономикалық қызметiне тексеру жүргiзу кезiнде);
сыртқы сауда келiсiм-шартының (шартының) ережелерiнiң саны және/немесе сапасы бойынша әкелiнген немесе әкетiлген тауардың ауытқуларына байланысты кеден декларациясын қабылдаған күнде орны бар тауарлардың нақты құнының мәлiмделген кеден құнына сәйкес келмеуi анықталған;
4) трансферттiк баға пайда болуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға байланысты мәмiле бағасы өзгерген жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкiн.
2. Тауар санының сәйкес келмейтiнiн растайтын құжаттар:
1) экспорттаушы/импорттаушымен келiсiлген кедендiк төлемдер мен салық салынбайтын тауарлар бойынша экспорттаушы/импорттаушының өкiлiнiң қатысуымен саны бойынша кiнәрат-талап (қабылдау актiсi) және кеден органының жете қарау актiсi;
2) қалған тауарлар бойынша тәуелсiз сараптаманың қорытындысы (актiсi) және кеден органының жете қарау актiсi болып табылады.
3. Кеден құнын мәлiмдеген сәтке дейiн жоғалу немесе бұзылу фактiсi, декларант мәлiмдеген құнның шот-фактурада көрсетiлген мөлшерге сәйкес келмеуi анықталған жағдайда, егер мәлiмделген құн жоғалған немесе бұзылған тиiстi көлеммен мөлшерге шот-фактурада ерекшеленсе, кеден құнын түзетуге әкеп соқтырмайды. Жоғалу немесе бұзылу фактiсiн растайтын құжаттар:
1) егер әкелiнетiн тауарларға кедендiк төлемдер және салық салынған жағдайда, тауардың сақталуы үшiн мәмiле бойынша жауапты тұлғамен келiсiлген (экспорттаушы/импорттаушы, тасымалдаушы, сақтандырушы) тауардың жоғалуы немесе бұзылуы бойынша тәуелсiз сараптама қорытындысы (актi), сондай-ақ кiнәрат-талап;
2) қалған жағдайларда, тауардың сақталуы үшiн мәмiле бойынша жауапты тұлғамен келiсiлген (экспорттаушы/импорттаушы, тасымалдаушы, сақтандырушы) тауардың жоғалуы немесе бұзылуы бойынша кiнәрат-талап;
3) кеден органының жете қарау актiсi болып табылады.
Шартта келiсiлген немесе баға туралы келiсiмде айтылған франшиза сомасының шегiне кiрмейтiн мөлшердiң саны және сапасы бойынша ауытқу бағаны төмендету үшiн негiз ретiнде кеден органы болып танылмайды.
4. Трансферттiк баға белгiлеудi мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға байланысты мәмiле бағасын өзгерткен жағдайда, кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлетті мемлекеттiк органның кедендiк төлемдер мен салықтардың сомасын есептеу туралы шешiмi тауар мәмiлесiнiң бағасын түзетудi растайтын құжаттар болып табылады.
5. Есептелген және нақты төленген төлемдер мен салықтар арасындағы айырмашылықты төлеуге жататын кедендiк төлемдер және салықтарды есептеумен еркiн айналыс үшiн тауарды шығарғаннан кейiн түзету өндiрiсi кезiнде берешектердi төлеген күнде әрекет ететiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаржыландырудың ресми ставкасы бойынша өсiмақы есептеледi. Өсiмақы кеден декларациясын кедендiк ресiмдеуге қабылданған күннен бастап есептеледi.
Кеден құнын түзету декларанттың бастамасы бойынша жүргiзiлген жағдайларда, өсiмақы есептелмейдi. Бұл ретте кеден органдарына тексеру жүргiзу кезiнде қолға түскен кеден құнының мәлiмделген мөлшерiне сәйкес келмеуi бойынша кеден құнын түзету декларанттың бастамасы бойынша жүргізiлген болып қаралады.
6. Кеден құнын түзету нысаны кеден құны және (немесе) кедендiк төлемдер және (немесе) салықтар түзетiлетiн тауарларға ғана толтырылады. Кеден құнын түзетудi толтырудың нысаны мен тәртiбiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы белгiлейдi. Көрсетiлген кеден құнын түзетудiң нысаны кеден декларациясының ажыратылмас бөлiгi болып табылады.
7. Кедендiк ресiмдеуге құжаттарды қабылдағаннан кейiн кеден органы жүргiзетiн барлық декларант мәлiмдеген кеден құнын түзетулер тауарларды кеден бағалауы ретiнде қаралады және белгiленген тәртiппен декларант шағымдануы мүмкін.
344-бап. Тауарлардың кеден құны туралы ақпараттың құпиялылығын сақтау
Тауардың кеден құнын мәлiмдеген кезде декларант беретiн, коммерциялық құпияны құраушы ретiнде айқындалатын немесе құпия болып табылатын ақпаратты кеден орган тек қана кеден мақсаттарында пайдалана алады және осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделгеннен басқа жағдайларда декларанттың арнайы рұқсатынсыз үшiншi жаққа, оның iшiнде өзге мемлекеттiк органдарға бере алмайды.
345-бап. Кеден құнын айқындау кезiндегi декларанттың құқықтары мен
мiндеттерi
1. Декларанттың:
1) кеден құнын айқындау үшiн берген мәлiметтерiнiң дұрыстығына кеден органында күмән туындаған жағдайда олардың дұрыстығын дәлелдеуге;
2) мәлiмделген кеден құнын нақтылау қажеттiгi туған жағдайда, кеден органы жүзеге асырған тауардың кеден бағасына сәйкес кеден баждары мен салықтарын төлеудi қамтамасыз еткен кезде мәлiмделген тауарды алуға құқығы бар. Кедендiк төлемдер мен салықтар салынбайтын тауарлардың мәлiмделген кеден құнын анықтау қажет болған жағдайда кеден органы белгiлеген мерзiмде қажеттi құжаттарды беру жөнiнде мiндеттемелердi тапсырса, мәлiмделген тауарды алуға құқығы бар;
3) кеден органынан тауарлардың мәлiмделген кеден құнын кеден органы қабылдамауы мүмкiн еместiгi себебiн түсiндiрудi жазбаша сұратуға;
4) тауардың кеден құнын анықтауға қатысты кеден органының шешiмiмен
келiспеген жағдайда, бұл шешiмге осы Кодексте белгiленген тәртiппен шағым
беруге құқығы бар.
2. Декларант:
1) кеден құнын мәлiмдеуге және кеден құнын айқындауға қатысты дұрыс,
сандық жағынан анықталған және құжатпен дәлелденген ақпаратқа негiзделген
мәлiметтердi беруге;
2) мәлiмделген кеден құнын дәлелдеу қажет болған жағдайда кеден
органының талап етуi бойынша оған дәлелдеу үшiн қажеттi деректердi беруге;
3) өзi мәлiмдеген кеден құнын нақтылауға не кеден органына қосымша
ақпарат беруге байланысты туындайтын барлық қосымша шығындарды мойнына
алуға мiндеттi.
346-бап. Кеден құнын айқындау жөнiндегi кеден органының құқықтары
мен мiндеттерi
1. Тауарға кедендiк ресiмдеу жүргiзетiн кеден органының:
1) декларант ұсынған құжаттар мен мәлiметтер негiзiнде, сондай-ақ кеден құнын айқындау кезiнде пайдаланылатын ондағы бар ақпараттың негiзiнде декларант таңдаған кеден құнын анықтау әдiсiн пайдалануға жол беру және декларант мәлiмдеген тауарлардың кеден құнын айқындау дұрыстығы туралы шешiм қабылдауға;
2) егер декларант берген құжаттар мен мәлiметтер мәлiмделген кеден құнына қатысты шешiм қабылдау үшiн жеткiлiксiз болса декларанттан қосымша құжаттар және мәлiметтерге жазбаша сұрау салуға және оларды ұсыну үшiн жеткiлiктi мерзiм белгiлеуге құқығы бар. Бұл ретте қосымша құжаттарды берудi талап ету жүк кеден декларациясын тiркеу және тауарлар шығарудан бас тарту үшiн негiз болып табылмайды;
3) декларант мәлiмдеген кеден құнының дұрыстығын айқындайтын құжаттар мен мәлiметтер болмаған кезде не декларант берген мәлiметтер дұрыс емес немесе жеткiлiксiз деп ұйғаруға негіз болған кезде, өзiнде бар мәлiметтер негiзiнде (оның iшiнде ұқсас немесе бiртектес тауарлар бойынша бағалау ақпараты) осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылатын түзетулер енгiзе отырып, осы Кодексте белгiленген тауарлардың кеден құнын анықтаудың әдiстерiн дәйектi түрде қолдана отырып, мәлiмдеген тауардың құнын дербес белгiлеуге құқығы бар.
2. Кеден органы декларанттың жазбаша сұрау салуы бойынша:
1) оны кеден органы айқындаған жағдайда, тауарлардың кеден құнын айқындау құрылымы және әдiстерi туралы ақпаратты;
2) декларант мәлiмдеген кеден құнын кеден органы қабылдамауы мүмкiн емес себебiн түсiндiрудi жазбаша беруге мiндеттi.
347-бап. Тауардың шартты кеден бағасы
1. Кеден құнын айқындайтын құжаттардың болмауына байланысты әдiсiн қолдану мүмкiн болмаған әкелiнетін тауарлармен мәмiленiң бағасы бойынша тауарлардың кеден құнын анықтау әдiсiн пайдалану мүмкiн болмаған кезде, сондай-ақ тауарлардың және кеден құнын айқындаудың қалған әдiстерiне сәйкес декларант мәлiмдеген кеден құнын нақтылаудағы қажеттiлiк болған жағдайда кеден органында бар бағалы ақпаратты ескере отырып, декларант кеден органы жүзеге асырған тауардың шартты кеден бағасына сәйкес кеден баждары мен салықтарды төлеумен қамтамасыз етудi беру шартымен мағлұмдалатын тауарды шартты шығаруды жүргізуге құқығы бар.
2. Кеден органдарындағы бар бағалық ақпаратты қалыптастыру кезiнде сенiмдi, сандық жағынан анықталған және құжатпен расталған ақпараттың негiзiнде, сондай-ақ тәуелсiз сараптау нәтижелерi бойынша ұсынылған ақпараттың негiзiнде ресiмделген жүк кеден декларацияларының статистикалық деректерi пайдаланылады.
3. Кедендiк төлемдер және салықтарды төлеудi қамтамасыз етудiң әрекет ету мерзiмi растайтын құжаттар ретiнде төлем құжаттарын беруi мүмкiн және мәмiле шарттары бойынша төлеу мерзiмi көрсетiлген мерзiмнен асқан жағдайларды қоспағанда, алпыс күнтiзбелiк күндi құрайды.
4. Мәлiмделген кеден құнын растайтын құжаттарды декларант бергеннен кейiн кеден құнын түзету нысанын толтыра отырып, 45-тарауға сәйкес кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеудi қамтамасыз ету ретiнде саналатын соманы қайтарып алу (немесе есепке алу) жүзеге асырылады.
5. Мәлiмделген кеден құнын растайтын қажеттi құжаттарды белгiленген
мерзiм iшiнде бермеу кезiнде, тауардың шартты бағасы қолданылып есептелген
кедендiк төлемдер мен салықтар сомасы тауардың кеден құнына қатысты
түпкiлiктi шешiм болып табылатын кеден құнын түзету нысанын кеден органы
лауазымды тұлғасының толтыруы жолымен бюджет кiрiсiне аударылады.
42-ТАРАУ. КЕДЕНДIК ТӨЛЕМДЕРДI ТӨЛЕУДІҢ МЕРЗIМI ЖӘНЕ ТӘРТIБI
348-бап. Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеушiлер
Кедендiк төлемдердiң төлеушiлерi декларант, сондай-ақ кеден органдары
осы Кодексте көзделген заңды мәнi бар әрекет жасайтын мүддедегi тұлғалар
болып табылады.
349-бап. Кеден баждарын төлеу мерзiмi
1. Кеден баждарын кеден баждарын төлеудiң мерзiмiн өзгерту, жағдайын қоспағанда, кеден декларациясы қабылданғанға дейiн немесе қабылданған күнi төленедi.
2. Егер кеден декларациясы осы Кодекстiң 407-бабына сәйкес
айқындалған мерзiмде берiлмесе, онда кеден баждары мен салықтарын төлеу
мерзiмдерi кеден декларациясын беру мерзiмi аяқталған күннен бастап өтiп
кетедi.
3. Кеден баждарын салудан босатуға байланысты өзге де мақсаттарда
шартты шығарылған тауарларды пайдалану кезiнде кеден баждарын төлеу
мерзiмi тұлға тауарларды пайдалану және иелiк ету бойынша шектеулердi
бұзған күн болып есептеледi. Егер бұзған күндi белгiлеу мүмкiн болмаса,
кеден баждарын төлеу мерзiмi көрсетiлген тауарлардың шартты шыққан күнi
болып есептеледi.
350-бап. Кеден алымдарын төлеу мерзiмi
1. Кедендiк ресiмдеу үшiн кеден алымы:
1) кеден декларациясын қабылдағанға дейiн немесе қабылдаған күнi
төленедi;
2) егер кеден декларациясы Кодекстiң 407-бабына сәйкес айқындалатын мерзiмдерде берiлмесе, онда кеден декларациясын беру мерзiмi өткен күннен бастап төлеу мерзiмдерi өтiп кетедi.
3) кедендiк ресiмдеу үшiн кеден алымдарын салудан босатылуына байланысты өзге де мақсаттарда шартты шығарылған тауарларды пайдалану кезiнде көрсетiлген алымдарды төлеу мерзiмi тұлғаның тауарларды пайдалану және иелiк ету бойынша шектеулердi бұзған күнi болып есептеледi. Егер бұзған күндi белгiлеу мүмкiн болмаса, төлеу мерзiмi көрсетiлген тауарлардың шартты шыққан күнi болып есептеледi.
2. Кедендiк сүйемелдегенi үшiн кеден алымы кедендiк сүйемелдеу туралы кеден органы шешiм қабылдағаннан кейiн, бiрақ кедендiк сүйемелдеудi ұйымдастыру басталғаннан кешіктiрмей төленедi.
3. Алдын ала шешім қабылдауға кеден алымдары алдын-ала шешiм қабылдау үшiн осы Кодексте белгiленген құжаттар мен қажеттi мәлiметтердi кеден органдары қабылдаған күнге дейiн немесе қабылдаған күнi төленедi.
4. Кеден органдары құрған кеден қоймаларында және уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтағаны үшін кеден алымы осындай қоймалардың аумағынан тауарларды әкеткен күнi төленедi.
351-бап. Алымдарды төлеу мерзiмi
Лицензиялар және кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның бiлiктiлiк аттестатын бергенi үшiн алымдар кеден органдары лицензияларды және кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның бiлiктiлiк аттестатын ресiмдегенi үшін осы Кодексте белгiленген құжаттар мен қажеттi мәлiметтердi қабылдағанға дейiн немесе қабылдаған күнi төленедi.
352-бап. Кеден төлемдерiн төлеудiң тәртiбi
1. Кеден төлемдерi қолма-қол және қолма-қол ақшасыз тәртiппен төленедi.
2. Кеден төлемдерiн төлеудi төлеушi не кеден төлемдерi енгiзілетiн төлеушiнi көрсете отырып, үшiншi тұлға жүзеге асыруы мүмкiн. Кеден төлемдерi Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленедi.
3. Шетел валютасын қайта есептеу үшiн Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкi белгiлеген Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына шетел
валютасының ресми бағаны:
1) кеден декларациясын қабылдаған күнiне;
2) төлеу тауарларды кедендiк ресiмдеуге байланысты емес кеден
төлемдерi үшiн төлеу және кеден декларациясын кеден органына беру күнiне
сәйкес қолданылады.
4. Кеден төлемдерi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен
бiрлесiп кеден iсi мәселесi бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындаған
тәртiппен мемлекеттiк бюджетке аударылады.
353-бап. Талап ескiру мерзiмi
Кеден төлемдерi мен салықтарының сомасын қайтарып алу немесе есепке
алу туралы төлеушiлердiң талаптарына талап ескiру мерзiмi бес жылға
белгiленедi.
354-бап. Кеден төлемдерi мен салықтарын төлеуге бақылау
Өндiрiп алу кеден органдарына жүктелген кеден төлемдерi бюджетке
енгiзудiң уақтылығы мен есептеудiң дұрыстығы үшiн бақылауды кеден
органдары жүзеге асырады.
43-ТАРАУ. КЕДЕНДIК ЖЕҢІЛДІКТЕР
355-бап. Кедендiк жеңiлдiктер
1. Кедендiк жеңiлдiктер ретiнде Қазақстан Республикасының кеден шекара арқылы алып өтетiн тауарларға қатысты кедендiк төлемдерден босату түрiндегi жеңiлдiктер, сондай-ақ тарифтiк преференциялар ұғынылады.
2. Кедендiк жеңiлдiктер осы Кодекске өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбiмен берiледi және осы Кодекстің 356, 357-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес сипатта бола алмайды.
3. Кедендiк жеңiлдіктердi Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiмен беруге тыйым салынады.
356-бап. Кеден төлемдерiн салудан босату
1. Кеден бажын салудан мыналар босатылады:
1) жүктердi, теңдеме жүктер мен жолаушыларды үнемi халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдары, сондай-ақ материалдық-техникалық жабдықтау және жасақтау заттары, отын азық-түлiк және жол жүру кезiнде, аралық аялдама мекендерiнде оларды пайдалануға қажеттi немесе осы көлiк құралдарының авариясын (ақауын) жою үшiн шетелдерден алынған басқа да мүлiк;
2) теңiз кәсiпшiлiгiн жүргізетiн қазақстандық немесе қазақстандық кәсiпорындар мен ұйымдар жалдаған (кiреге алған) кемелердiң өндiрiстiк қызметiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының кеден аймағынан тысқары жерге әкетiлетiн материалдық-техникалық жабдықтау және жасақтау заттары, отын, азық-түлiк және басқа мүлiк, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасына әкелетiн кәсiпшiлiк өнiмдерi;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұлттық және шетел валютасы (нумизматиялық мақсаттарда пайдаланылатыннан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздар;
4) Қазақстан Республикасының кеден аумағына iзгiлiк көмек ретiнде әкелiнетiн немесе Қазақстан Республикасының кеден аумағынан әкетiлетiн акцизделетiндерден басқа тауарлар;
5) техникалық жәрдем көрсетудi қоса, мемлекеттер, үкiметтер, халықаралық ұйымдар тарапынан өтеусiз көмек ретінде, қайырымдылық мақсатында Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн немесе Қазақстан Республикасының кеден аумағынан әкетiлетiн арнаулы медициналық мақсатқа арналған жеңiл автомобильдердi қоспағанда акцизделетiндерден басқа тауарлар;
6) шетел инвестициялары туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес кеден бажын салудан босатылған тауарлар;
7) ақша белгiлерiнiң өндiрiсi үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi және оның бөлiмшелерi әкелетiн шикiзат;
8) кеден баждарын салудан босату көзделген кеден режимдерi шегiнде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар;
9) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тауарларды бажсыз әкелу мен әкету нормалары бойынша Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткiзетiн тауарлар;
10) миграция туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден баждарын салудан босатылған тауарлар;
11) Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен сәйкес белгiленген мемлекеттер, мемлекеттер үкiметтерi, сондай-ақ халықаралық ұйымдар желiсi бойынша берiлген гранттар қаражаты есебiнен сатып алынатын тауарлар;
12) ұжымдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мүддесіне орай Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiн орындау үшiн өткiзiлетiн бiтiмгершiлiк немесе өзге де жаттығулар шеңберiнде Қазақстан Республикасының Үкiметі белгiлейтiн тiзбе бойынша Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн немесе Қазақстан Республикасының кеден аумағынан әкетiлетiн тауарлар;
13) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң ресми пайдалануы үшiн, сондай-ақ осы өкiлдiктердiң дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық қызметшiлерiнiң жеке пайдалануы үшiн әкелiнетiн және әкетілетiн, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес босатылатын тауарлар.
14) осы Кодекстiң 289-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағына Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметiнiң қызметкерлерi әкелетiн тауарлар;
15) акцизделетiн өнiмдердi таңбалау үшiн Қазақстан Республикасының кеден аумағына шетелдiк өнiмдерiнiң акцизделетiн таңбалар ретiнде әкелiнетiн, Қазақстан Республикасының кеден аумағынан кейiнгi экспорттауға арналған;
2. Кедендiк ресiмделгенi үшiн кеден алымдарын салудан:
1) осы баптың 1-тармағындағы 1)-5), 7), 9)-12)-тармақшаларында санамаланған тауарлар;
2) кеден органдарының осыған белгiленген орындарынан тыс немесе жұмыс уақытынан тыс тауарларды кедендiк ресiмдеуге кеден алымын қоспағанда, осы Кодекстiң 38-тарауының ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн немесе Қазақстан Республикасының кеден аумағынан әкетiлетін тауарлар;
3) мемлекет пайдасына тауарлардан бас тарту кеден режимiне мәлiмделген тауарлар босатылады.
3. Осы бапта көрсетiлген тауарларды кедендiк ресiмдеу үшiн кеден баждары мен кеден алымдарын салудан босату үшiн құжаттарды берудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
357-бап. Тарифтік преференциялар
1. Тарифтiк преференциялардан кеден бажынан босату не ставкасын төмендету немесе тауарларды преференцияларды әкелуге (әкетуге) квота белгiлеу нысанында мемлекеттерге немесе мемлекеттер тобына Қазақстан Республикасы ұсынған сыртқы экономикалық қызмет саласындағы арнайы преференциясы ұғынылады.
Тарифтiк преференциялар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша берiледi.
2. Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетін және кеден одағы не еркiн сауда аймағын Қазақстан Республикасымен құрылатын мемлекеттерде шығатын тауарлар, сондай-ақ белгiленген мемлекеттерге Қазақстан Республикасының кеден аумағынан әкетiлетiн және Қазақстан Республикасынан шығатын, кеден баждарын салудан босатылады.
3. Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн және Қазақстан Республикасының ұлттық преференция жүйесiн пайдаланатын дамушы мемлекеттерден шығарылатын тауарлар төмендетiлген ставка бойынша кеден бажы салынады. Осындай мемлекеттер мен тауарлардың тiзбесiн, сондай-ақ кеден бажының төмендетiлген ставкасының деңгейiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
4. Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн және Қазақстан Республикасының ұлттық преференция жүйесiн пайдаланатын неғұрлым дамыған мемлекеттерден шығарылатын тауарлар кеден бажын салудан босатылады. Мемлекеттер мен тауарлардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
5. Осы бапта көзделген тарифтiк преференциялар осы Кодекстiң 8-тарауында көзделген шарттарды сақтау кезiнде беріледi.
44-ТАРАУ. КЕДЕН БАЖДАРЫН ТӨЛЕУ МЕРЗIМIНIҢ ӨЗГЕРУI
358-бап. Кеден баждарын төлеудiң мерзiмдерi өзгеруiнiң ұғымы және
шарты
1. Кеден төлемдерiн төлеу мерзiмiнiң өзгерту деп осы Кодекспен белгiленген кеден баждарын төлеу мерзiмiн кешiрек мерзiмге, бiрақ кеден органының жүк кеден декларациясын тiркеу күнiнен бастап үш айға астам емес мерзiмге көшiру танылады. Кеден баждарын төлеу мерзiмiнiң өзгеруi мерзiмiн ұзарту немесе бөлiп төлеу нысанында жүргiзiледi.
Бұл ретте, кеден баждарын төлеудiң мерзiмiн ұзарту, ал қажеттi сома бөлшектеп төленуi қажет кеден баждарын төлеу мерзiмiн қосымша кезеңге ұзарту бөлiп төлеу болып табылады.
2. Кеден баждарын төлеу мерзiмiнiң өзгеруi туралы шешiмдi кеден басқармалары және кедендер қабылдайды.
3. Өндiрiстiк өңдеуге арналған кеден органдары акцизделетiндердi қоспағанда, импортталатын шикiзаттар мен материалдарға кеден бажын төлеу бойынша мерзiмiн ұзарту немесе бөлiп төлеу мерзiмiн бередi.
4. Мерзiмiн ұзарту немесе бөлiп төлеу мерзiмi төлеуге тиiстi кеден бажының барлық сомасына не оның бөлiгiне қатысты берілуi мүмкiн.
5. Мерзiмiн ұзарту немесе бөлiп төлеу мерзiмi осы Кодекстiң 45-тарауында көзделген тәртiпте кеден баждарын төлеумен қамтамасыз ету шарты кезiнде берiледi.
6. Кеден төлемдерiн төлеу жөнiндегi берешегi бар немесе кеден баждарын төлеуден жалтаратын, сондай-ақ оларға қатысты банкроттық рәсiмдеу қозғалған тұлғаларға кеден баждарын төлеу жөнiндегi мерзiмiн ұзарту немесе бөлiп төлеу мерзiмi берiлмейдi.
359-бап. Өндiрiстiк қайта өңдеу
Осы тауардың мақсаттары үшiн шикiзаттар мен материалдарды өндiрiстiк қайта өңдеуден бiрiншi төрт белгiнiң кез-келген деңгейде пайдаланылған шикiзаттар мен материалдардан ерекшеленетiн Сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлық номенклатурасы бойынша сыныптама кодын өнiмдi (тауарды) алу үшiн өндiрiсте пайдалану ұғынылады. Бiрiншi төрт белгiнiң кез-келген деңгейде өнiмнiң (тауардың) сыныптама кодының өзгеруiне қарамастан өндiрiстiк қайта өңдеуге:
1) жай жинау операциялары (тойтарма, пiсiру, жапсыру, жинақтау және басқа да ұқсас операциялар);
2) қоғамдық тамақтандыру кәсiпорындарының азық-түлiк тамақтарын қайта өңдеуi;
3) сату және тасымалдауға тауарларды дайындау бойынша операциялар (партияларды уату, жiберiлiмдi қалыптастыру, сұрыптау, қаттап-орау, қайта орау);
4) Сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлық номенклатураның коды бойынша бiрiншi төрт белгiден кез-келген деңгейде шығысты құрайтыннан ерекшеленетiн алынған өнiмге сипаттама берместен тауарларды, компоненттердi қосу жатпайды.
360-бап. Кеден баждарын төлеу бойынша мерзiмiн ұзарту немесе бөлiп
төлеу мерзiмiн беру үшiн негiздеме
1. Кеден бажын төлеу бойынша мерзiмiн ұзарту немесе бөлiп төлеу мерзiмi әкелiнетiн шикiзаттар мен материалдарды кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыратын кеден органына төлеушiнiң жазбаша өтiнiшi негiзiнде берiледi. Бұл ретте, өтiнiште кеден бажын төлеудi қамтамасыз ету туралы мәлiмет болады.
2. Өтінішпен бiрге төлеушi мынадай құжаттарды:
1) сыртқы экономикалық қызметке қатысушының есептiк карточкасын;
2) әкелiнетiн шикiзаттарға және (немесе материалдарға) жеткiзуге сыртқы экономикалық келiсiм-шарт (шарт);
3) заңды тұлғаның бiрiншi басшысы мен бас бухгалтерi куәландырған әкелiнген тауарларды шикiзаттар мен материалдар ретiнде пайдалана отырып, өндiрiстiң технологиялық сызбасын (өндiрiстiң фрагментiн);
4) егер, әкелiнетiн шикiзат пен (немесе) материалдарды ұқсату лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтiң лицензияланатын түрiне жатса, шикiзат пен материалдарды ұқсату құқығына нотариальды куәландырылған лицензия көшiрмесiн бередi.
3. Кеден баждарын төлеу бойынша мерзiмiн ұзарту немесе бөлiп төлеу мерзiмiн беру үшiн кеден органдары өндiрiстiк қуатты тексеру жүргiзуге құқығы бар.
361-бап. Мерзiмiн ұзарту немесе бөлiп төлеу мерзiмiн беру туралы
шешім
1. Кеден бажын төлеу бойынша мерзiмiн ұзарту немесе бөлiп төлеу мерзiмiн беру туралы шешiм не оны беруден бас тарту туралы шешiм төлеушiнiң өтiнiшiн және осы Кодекстiң 360-бабында көзделген құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей қабылданады.
2. Шешiм екi данада жазбаша түрде жасалады және тиiстi кеден органының бастығы, немесе оның орнын ауыстыратын адамның қолы қойылады. Шешiмнiң бiрiншi данасы кеден органында қалады. Шешiмнiң екiншi данасын кеден органы шешiм қабылдаған күннен бастап келесi күннiң аяқталуынан кешiктiрмей төлеушiге жiбередi.
3. Мерзiмiн ұзарту немесе бөлiп төлеу мерзiмiн беру туралы шешiмде мынадай мәлiметтер болуы тиiс:
1) шешiмнiң тiркеу нөмiрi;
2) кеден бажын төлеу мерзiмiн ұзарту немесе бөлiп төлеу мерзiмiн беру мерзiмi;
3) төлеушiнiң өтiнiшiнде көрсетiлген кеден бажын төлеудi қамтамасыз етудiң тәсiлi;
4) әкелiнетін шикiзат және (немесе) материалдарды жеткiзуге сыртқы экономикалық келiсiм-шарттың күнi, нөмiрi, осындай келiсiм-шарт бойынша шикiзат пен (немесе) материалдарды алушының атауы;
5) кеден бажын төлеу бойынша мерзiмiн ұзарту немесе бөлiп төлеу
мерзiмi берiлгенге қатысты шикiзат және (немесе) материалдардың атауы және
саны;
6) оған қатысты мерзiмiн ұзарту немесе бөлiп төлеу мерзiмi берiлетiн
кеден бажының мөлшерi.
4. Кеден бажын төлеу бойынша мерзiмiн ұзарту немесе бөлiп төлеу
мерзiмiн беруден бас тарту туралы шешiм мұндай бас тартудың уәжi болуы
қажет.
362-бап. Мерзiмiн ұзарту немесе бөлiп төлеу мерзiмi береген соманы
өтеу мерзiмi
1. Кеден бажын төлеу мерзiмдерiнiң өзгеруi кезiнде кеден бажын өтеудi
төлеушi немесе үшiншi тұлға тиiсiнше:
1) мерзiмi ұзартылған мерзiмнiң соңғы күнi аяқталуынан кешiктiрмей
төлеу мерзiмiне ұзарту беру кезiнде;
2) төлеушiмен бiрлесiп кеден органы бекiткен кесте бойынша бөлiп
төлеу мерзiмi берiлген кезде төлеушi жүргізедi.
2. Кеден бажының сомасы уақытылы өтемеген жағдайда, кеден органдары
осы Кодекстiң 47-тарауында көзделген тәртiпте кеден бажының барлық сомасын
өндiрiп алуға шаралар қолданады.
363-бап. Мерзiмiн ұзарту немесе бөлiп төлеу мерзiмiн беру туралы
кеден органдарының шешiмдерiнiң iс-әрекетiн тоқтатуы
Мерзiмiн ұзарту немесе бөлiп төлеу мерзiмiн беру туралы шешiмдердiң
iс-әрекетi:
1) мерзiмiн ұзарту немесе бөлiп төлеудегi белгiленген iс-әрекет
мерзiмiнiң аяқталуы бойынша;
2) кеден бажының барлық сомасын мерзiмiнен бұрын өтеуi кезiнде;
3) өндiрiстік қайта өңдеусiз тауарларды өткiзу кезiнде тоқтатылады.
45-ТАРАУ. КЕДЕНДIК ТӨЛЕМДЕР МЕН САЛЫҚТАРДЫ ТӨЛЕУДI ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
364-бап. Кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеумен қамтамасыз етудiң
жалпы шарттары
1. Кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеудi қамтамасыз ету:
1) осы Кодекстiң 71-бабына сәйкес тұлғаны кеден тасымалдаушысы ретінде қызметке бiлiктiлiк талаптарының сәйкес келуiн қамтамасыз ету үшiн;
2) осы Кодекстің 82-бабына сәйкес iшкi кедендiк транзит рәсiмi бойынша тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау кезiнде;
3) осы Кодекстің 102-бабына сәйкес алушының қоймаларда тауарларын уақытша сақтау кезiнде;
4) осы Кодекстiң 164-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағына тауарларды ұқсату кезiнде;
5) осы Кодекстiң 188-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс тауарларды ұқсату кезiнде;
6) осы Кодекстiң 228-бабына сәйкес акцизделетiн тауарларды қайта экспорттау кезiнде;
7) осы Кодекстiң 234-бабына сәйкес тауарлардың транзиті кезiнде;
8) осы Кодекстiң 347-бабына сәйкес кеден төлемдерi мен салықтар
салынатын тауарларды шарты кедендiк бағалау кезiнде;
9) осы Кодекстiң 358-бабына сәйкес кеден баждарын төлеу мерзiмiнiң
өзгеруi кезiнде;
10) осы Кодекстiң 406-бабына сәйкес кеден декларациясын беру мерзiмiн
ұзарту кезiнде;
11) осы Кодекстiң 426-бабына сәйкес кеден делдалы ретiнде қызметке
бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiлiктi қамтамасыз ету үшiн қолданылады.
2. Кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеудi қамтамасыз ету кеден
режимiне кiретiн тауарлардың шығарылымына дейiн не осы баптың 1-тармағында
көзделген iс-әрекеттердi жүзеге асырғанға дейiн жүргiзiледi.
3. Кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеудi қамтамасыз етудi төлеушi
болмаса үшiншi тұлға жүргiзедi.
365-бап. Кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеудi қамтамасыз
етудiң түрлерi
1. Кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеудi қамтамасыз ету:
1) тауарлар мен көлiк құралдарына кепiл;
2) уәкiлетті банктің кепiлдеме;
3) тиесiлi соманы кеден органының депозитiне енгiзу;
4) сақтандыру шарты (сақтандыру полисi) түрiнде берiлуi мүмкін.
2. Тұлға осы Кодексте көзделген жағдайлардан басқа, осы баптың
1-тармағында көрсетiлген кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеудi
қамтамасыз етудiң кез-келген түрiн таңдауға құқылы.
3. Кедендiк төлемдер мен салықтарды қамтамасыз етудi қолдану тәртібі
орталық кеден органымен кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi
мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша анықталады.
366-бап. Кедендiк төлемдер мен салықтарды қамтамасыз ету сомасын
айқындау
1. Кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеудi қамтамасыз ету сомасының
мөлшерi:
1) мына тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты еркiн айналым үшiн
тауарларды шығарудың кедендiк режимiн мәлiмдеу кезiндегi ретiнде:
iшкi кеден транзитiнiң рәсiмi бойынша өткiзiлген;
алушының қоймасында уақытша сақтауға рұқсат берiлген;
кеден аумағына тауарларды ұқсатудың кеден режимiне орналастырылған;
тауарларды қайта экспорттау кеден режимiне орналастырылған;
тауарлар транзитiнiң кеден режимiне сәйкес Қазақстан Республикасының
кеден аумағы арқылы өткiзу үшiн әкелiнген;
шартты кеден бағалауы қолданылатынға кеден құнын айқындау кезiнде;
олар бойынша кеден бажын төлеу бойынша мерзiмi өзгертiлген;
олар бойынша кеден декларациясын беру мерзiмiн ұзарту жүргiзiлген;
2) мына тауарларға қатысты тауарлар экспортының кеден режимiн
мәлiмдеу кезiндегi ретiнде:
кеден аумағынан тыс тауарларды ұқсатудың кеден режимiне
орналастырылған;
тауарлар транзитiнiң кеден режимiне сәйкес шетел мемлекетiнiң кеден
аумағы арқылы өткiзу үшін әкетiлген төлеуге тиесiлi кедендiк төлемдер мен
салықтардың сомасынан кем болуы мүмкiн емес.
2. Тұлғаны кеден тасымалдаушысы ретiнде қызметке бiлiктiлiк
талаптарының сәйкес келуiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi қамтамасыз ету
сомасының мөлшерi осы Кодекстiң 71-бабына сәйкес анықталады;
3. Кеден делдалы ретiнде қызметке бiлiктiлiк талабына сәйкестiлiктi
қамтамасыз ету үшін қажеттi қамтамасыз ету сомасының мөлшерi осы Кодекстiң
426-бабына сәйкес айқындалады.
367-бап. Тауарлар мен мүлiктiң кепiлi
1. Кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеудi қамтамасыз ету
мақсатындағы кепіл, мыналарды қоспағанда:
1) азаматтық айналымнан алынған мүлiк;
2) Қазақстан Республикасына әкелуге болмаса Қазақстан Республикасынан
әкетуге тыйым салынған тауарлар;
3) электр, жылу және энергияның өзге де түрлерi;
4) тез бұзылатын тауарлар;
5) мүлiктiк құқықтар;
6) Қазақстан Республикасының шегiнде болып табылатын мүлiк;
7) өткiзу мүмкiндiгi шектелген тауарлар және көлiк құралдары үшiншi тұлғалардың мүлiктiк құқығынан бос кез-келген тауарлар мен мүлiк болуы мүмкiн.
2. Кеден төлемдерi мен салықтарын төлеудi қамтамасыз ету мақсатында кепiл заты болып рыноктық құн оны сату бойынша шығыстарды қоса оларды төлеу кепiл мәнiмен қамтамасыз етiлетiн кеден төлемдерi мен салықтар бойынша мiндеттеменiң мөлшерiнен төмен болмауы мүмкiн емес.
3. Егер, кеден органы өзге шешiм қабылдамаса, кепiл кезiнде кепiл
заты кепiл берушiде қалады.
Кепiл берушi оны қамтамасыз етуде кепiл ресiмделген салық төлеушi
қабылдаған мiндеттеменi орындауға дейiн кепiл затына иелiк етуге құқылы
емес.
4. Кепiлдi ресiмдеу азаматтық заңнамаларға сәйкес жүзеге асырылады.
5. Кепiл затын өндiрiп алу Қазақстан Республикасының заңнамаларына
сәйкес жүргiзiледi.
368-бап. Уәкiлеттi банктiң кепiлдемесi
1. Кедендiк төлемдер мен салықтар төлеудi қамтамасыз ету ретiнде
кеден органы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiсiнiң нормативтiк құқықтық
актiлерiне сәйкес ресiмделген уәкiлеттi банктердiң кепiлдемелерiн
қабылдайды.
2. Уәкiлеттi банктiң кепiлдемесiн беру, кепiлгер мiндеттемесiн
орындау мен кепiлдiктiң тоқтауына байланысты құқық қатынастар Қазақстан
Республикасының заңдарымен реттеледi.
369-бап. Қазақстан Республикасы кеден органының депозиттiк шотына
сома енгiзу
1. Кедендiк төлемдер мен салықтар төлеудi қамтамасыз ету ретiнде кеден органының депозиттiк есебiне (бұдан әрi - депозит) ақша енгiзу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында немесе шетел валютасында жүргiзiледi.
2. Кеден органында валюталық шот болмаған жағдайда, депозиттi енгiзу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргiзiледi.
3. Кедендiк төлемдер мен салықтар сомасын төлеуге жататын депозитпен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалмауы кезiнде мiндеттеменi орындамау туралы растау күнiнен кейiнгi күннен кешiктiрмей депозит сомасынан мемлекеттiк бюджетке аударылады.
4. Осы Кодекстiң 373-бабына сәйкес қайтаруға жататын төленген сома депозитпен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындау кезiнде немесе төлеушінiң өтiнiшi бойынша алдағы кедендiк төлемдер мен салықтар есебiне не кеден органының алдындағы басқа мiндеттемелер бойынша кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеудi қамтамасыз ету үшiн есептеледi.
370-бап. Кедендiк төлемдер мен салықтарды қамтамасыз ету ретiнде
сақтандыру шартын қолдану
1. Кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеудi қамтамасыз ету ретiнде кеден органдары Сақтандыру ұйымдарының тiзiлiмiне енгiзiлген сақтандыру ұйымдарымен Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жасалған сақтандыру шарттарын қабылдайды.
2. Тiзiлiмге сақтандыру ұйымдарын енгiзу, оларды Тiзiлiмнен шығару тәртiбi мен шартын, сондай-ақ оны жүргiзу тәртiбiн кеден iсi мәселесi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi айқындайды.
46-ТАРАУ. КЕДЕН ТӨЛЕМДЕРI МЕН САЛЫҚТАРДЫ ҚАЙТАРУ
371-бап. Артық төленген немесе артық өндiрiлiп алынған кеден
төлемдерi мен салықтарын қайтару
1. Артық төленген немесе артық өндiрiлiп алынған кеден төлемдерi мен салықтар сомасы осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес төлеуге тиiстi сомадан мөлшерi асатын нақты төленген немесе өндiрiп алынған кедендiк төлемдер мен салықтар сомасы болып табылады.
2. Артық төленген немесе артық өндiрiлiп алынған кеден төлемдерi мен салықтардың сомасы төлеушiнiң өтiнiшi бойынша қайтаруға жатады. Өтiнiш төленген күннен бастап бес жылдан кешiктiрмей тауарларға кедендiк ресiмдеу немесе заңды мәнi бар әрекет жасаған кеден органына берiледi.
3. Артық төленген немесе артық өндiрiлiп алынған кедендiк төлемдер мен салықтардың сомасын қайтару туралы өтiнiшпен бiр уақытта мынадай құжаттар:
1) соманы төлеудi растайтын төлем құжатының көшiрмесi;
2) ол бойынша кеден төлемдерi мен салықтар есептелген және енгiзiлген кеден органы ресiмдеген кеден декларациясының көшiрмесi. Кеден декларациясын ресiмдеу жағдайында берiледi;
3) оларды жүзеге асыру үшiн кедендiк төлемдер енгiзiлген заңды мәнi бар iс-әрекеттер жасаған кезде кеден органы ресiмдеген басқа да құжаттардың көшiрмелерi берiлуi қажет. Кедендiк төлемдердi төлеу кеден декларациясын ресiмдеместен жүргiзiлген жағдайларда берiледi.
4. Артық төленген немесе артық өндiрiлiп алынған кедендiк төлемдер мен салықтардың сомасын қайтару туралы өтiнiштi қараудың мерзiмi барлық қажеттi құжаттарды қайтару және беру туралы өтiнiштi берген күннен бастап он бес жұмыс күнiнен аспауы қажет.
5. Артық төленген кедендiк төлемдер мен салықтар фактiсiн тапқан жағдайда, кеден органы осындай фактiнi тапқан күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей салық төлеушiге артық өндiрiп алынған немесе артық өндiрiлiп алынған кедендiк төлемдер мен салықтардың сомасы туралы хабарлауға мiндеттi.
6. Осы баптың 4-тармағында белгiленген мерзiмдi бұзу кезiнде қайтару мерзiмiнiң әрбiр бұзылған күнiне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың 1,5 еселiк ресми ставкасы мөлшерiнде өсiмақы есептеледi.
7. Артық төленген немесе артық өндiрiлiп алынған кедендiк төлемдер
мен салықтарды қайтару артық төленген немесе артық өндiрiлiп алынған сома
мөлшерiнде басқа кедендiк төлемдер, салықтар мен оларға өсiмақылар бойынша
төлеушiде берешек болмаған кезде жүзеге асырылады.
8. Артық төленген немесе артық өндiрiлiп алынған кедендiк төлемдер
мен салықтарды қайтару тәртiбi Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлiгiмен бiрге кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк
орган айқындайды.
372-бап. Кедендік төлемдер мен салықтарды қайтарудың өзге де
жағдайлары
1. Кеден баждары мен салықтарын қайтару:
1) кеден декларациясын керi қайтару алу;
2) неғұрлым қолайлы жағдай жасайтын ұлт немесе тарифтiк артықшылықтар
режимiн қалпына келтiру;
3) кеден режимдерiнiң шарты Қазақстан Республикасының кеден аумағының шегінен шетел тауарларын әкету кезiнде не оларды жою, болмаса мемлекет пайдасынан бас тарту немесе Қазақстан Республикасының кеден аумағына қайта өңдеуге қазақстандық тауарлар не өнiмдер әкелу кезiнде кеден баждары мен салықтардың төленген сомасын қайтаруды көздеген;
4) егер қайта таңдалған кеден режимi iшiнде (еркiн айналым немесе экспорт үшiн тауарларды шығарудың кеден режимi) тауарлар орналастыру кезiнде төлеуге тиiстi кеден баждары мен салықтар сомасы бастапқы кеден режимi кезiнде төленген кеден баждары мен салықтар сомасынан кем болмаса, еркiн айналым немесе экспорт үшiн тауарларды шығарудың кеден режимiне бұрын мәлiмделген кеден режимiн өзгерткен жағдайларда да жүргiзiледi.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдайларда, кеден бажы мен салықтарды қайтару артық төленген немесе артық өндiрiлiп алынған кедендік төлемдердi қайтаруға қолданылатын осы Кодекстiң 371-бабына сәйкес жүргiзiледi.
373-бап. Депозиттi қайтару
1. Депозиттi қайтару депозитпен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындау шарты кезiнде жүзеге асырылады. Депозиттi нақты қайтаруды өтiнiшті алған күннен бастап он жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде төлеушiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша кеден органы жүргiзедi.
2. Депозитті қайтару туралы өтiнiш мiндеттеменi орындаған күннен кейiн, бiрақ мiндеттеменiң орындалу күнiнен кейiнгi күннен бастап бес жылдан кешiктiрмей кеден органына берiледi.
3. Депозиттi оның шотына немесе кассасына депозит сомасы енгізiлген кеден органы не осы кеден органы таратылған жағдайда, оның құқықтық мұрагерi қайтарады. Егер төлеушiнiң өтiнiшiнде төлемнiң өзге және төлем жүргiзiлген сол валютада алдын-ала келiсiлмесе оның кеден органының шотына аудару жүргiзiлген төлеушiнiң шотына депозиттi қайтару жүргiзiледi.
4. Депозитті қайтару депозит сомасының мөлшерiнде кедендiк төлемдер,
салықтар және өсiмақыларды төлеу бойынша төлеушiде берешек болған кезде
жүзеге асырылмайды.
5. Депозиттi қайтарған кезде ол бойынша сыйақы төленбейдi, сомасы
индекстелмейдi және банктiк қызметтер көрсеткенi үшiн тарифтер аударылатын
қаражат есебiнен төленедi.
6. Осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарының ережелерi уақытша демпингке
қарсы, қорғау өтемақылық баждарын қайтаруға да қолданылады.
47-ТАРАУ. БЕРЕШЕКТI ЖӘНЕ ӨСIМАҚЫНЫ МӘЖБҮРЛЕП ӨНДIРIП АЛУ
374-бап. Берешектi және өсiмақыны мәжбүрлеп өндiрiп алудың жалпы
ережелерi
1. Белгiленген мерзiмде кедендiк төлемдер мен салықтарды төлемеу
немесе толық төлемеу жағдайында, берешек құралады. Берешектi осы тарауда
айқындалған тәртiпте кеден органдары төлеушiлерден өндiрiп алады.
2. Кеден органдары берешектердi өндiрiп алу үшiн мынадай:
1) осы Кодекстiң 376-бабында көзделген тәртіпте төлеушiнiң
хабарламасы;
2) осы Кодекстiң 377-бабымен көзделген тәртiпте қайтаруға жататын
артық төленген немесе артық өндiрiп алынған сома есебiнен немесе депозит
есебiнен берешектi өндiрiп алу;
3) берешектi өтеудi қамтамасыз етудiң мынадай тәсiлдерiн қолдану:
берешек сомасына өсiмақы есептеу;
төлеушiнiң банктiк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
төлеушiнiң мүлкiне иелiк етуiн шектеу туралы шешiм енгiзу;
4) мынадай тәртіпте мәжбүрлеп өндiрiп алу шараларын қолдану:
төлеушiнiң банктiк шоттарындағы ақша есебiнен;
төлеушiнiң қолма-қол ақшасы есебiнен;
төлеушінiң дебиторлары есебiнен;
төлеушінiң иелiк ету шектелген мүлкiн сату есебiнен iс-әрекеттердi
жүзеге асырады.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген iс-әрекеттер берешек сомасына өсiмақы есептеудi қоспағанда, тiзбектелiп қолданылады.
375-бап. Берешек сомасына өсiмақы есептеу
1. Берешек туындаған кезде төлеушi осы Кодекстiң 377-бабына сәйкес берешектi өтеу жағдайларын қоспағанда, өсiмақы төлейдi.
2. Өсiмақы әрбiр мерзiмi өткен күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде белгiленген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 1,5 еселiк мөлшерiнде төлеу күнiн қоса алғанда, кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеу мерзiмдерi өткен күннен кейiнгi күннен бастап кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеудiң әрбiр мерзiмi өткен күнi үшiн есептеледi.
Өсiмақы кедендiк төлемдер мен салықтарды мәжбүрлеп өндiрiп алу шараларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершiлiктiң өзге де шараларын қолдануға қарамастан есептеледi және төленедi.
3. Өсiмақыны төлеу, өндiрiп алу және қайтару кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеу, өндiрiп алу және қайтаруда қолданылатын осы Кодексте көзделген тәртiпте жүзеге асырылады.
376-бап. Берешектi және өсiмақыны өтеу туралы хабарлама
1. Берешектi және өсiмақыны өтеу туралы хабарлама белгiленген мерзiмде төленбеген кедендiк төлемдер, салықтар мен өсiмақылар туралы, сондай-ақ осы хабарламамен белгiленген мерзiмде кедендiк төлемдер, салықтар мен өсiмақылардың төленбеген сомасы туралы төлеушiге жiберiлген кеден органының жазбаша хабарламасынан тұрады.
Хабарламада оның ресiмделуi үшiн негiздеме, сондай-ақ төлеушiнiң хабарламаны орындамау жағдайында қолданылатын осы Кодекстiң 374-бабында көзделген iс-әрекеттер туралы да мәлiмет болуы қажет.
2. Хабарлама оны әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапкершiлiкке тартуға қарамастан төлеушiге жiберiлуi қажет.
3. Хабарлама берешектiң туындау фактiсiн белгiлеу күнiнен бастап бiр айдан кешiктiрмей төлеушiге жiберiлуi тиiс.
4. Хабарлама төлеушiге жеке қолын қойғызып немесе хабарламаны алу фактiсi мен күнiн растайтын өзге тәсiлмен тапсырылуы қажет. Төлеушi хабарлама алудан жалтарған жағдайда, хабарлама келесi күннен кешiктiрмей почта арқылы тапсырысты хатпен жiберiледi. Хабарлама тапсырысты хатпен жiберiлген күннен бастап жетi жұмыс күн өтуi бойынша алынды деп саналады.
5. Хабарламаға шағымдануды төлеушi осы Кодекстiң 72-тарауымен көзделген тәртiпте және мерзiмде жүргiзедi.
6. Хабарламадағы талаптарды орындау мерзiмi төлеушiнiң осындай хабарламаны шағымдану жағдайларын қоспағанда төлеушiге хабарламаны тапсыру күнiнен кейiнгi күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмейтiндi құрайды.
7. Шағымдану жағдайларын қоспағанда осы баптың 6-тармағымен көзделген мерзiмде хабарламадағы талаптарды орындамау кезiнде кеден органдары осы Кодекстiң 374-бабына сәйкес iс-әрекеттердi қабылдайды.
8. Хабарлама нысанын Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi.
377-бап. Кеден органының есебiнен артық төленген немесе өндiрiп
алынған сома есебiнен не депозит есебiнен берешектi өндiрiп
алу
1. Хабарламадағы талаптарды орындамаған кезде кеден органы қайтаруға тиiстi артық төленген немесе артық өндiрiп алынған сома есебiнен не депозит есебiнен берешектi өндiрiп алуға құқылы.
2. Кеден органы осы бапқа сәйкес өндiрiп алынған берешек пен өсiмақылар туралы өндiрiп алу күнiнен бастап үш жұмыс күнi iшiнде төлеушiге жазбаша хабарлайды.
3. Артық төленген немесе артық өндiрiлiп алынған сома есебiнен берешектi өтеу Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiпте жүзеге асырылады.
378-бап. Төлеушiнiң банк шоттары бойынша шығыс операцияларын
тоқтата тұру
1. Кеден органының шотында немесе берешектi өтеу үшiн депозиттiң артық төленген немесе өндiрiп алынған соманың жетiспеушiлiгi кезiнде төлеушiнiң банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы кеден органының иелiк етуi қойылады.
2. Төлеушiнiң банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру берешек пен өсiмақыны өтеу бойынша операциялардан басқа төлеушiнiң барлық шығыс операцияларына таралады.
3. Төлеушiнiң банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы иелiк ету Қазақстан Республикасының салық заңнамаларында белгiлеген нысан бойынша қойылады және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктiң немесе ұйымның оны алу күнiнен бастап күшiне енедi.
4. Төлеушiнiң банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы иелiк ету банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банк немесе ұйымның сөзсiз орындауына жатады.
5. Төлеушiнiң банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы иелiк ету банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру себебiн жою күнiнен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей осындай иелiк етудi шығарған кеден органы жояды.
379-бап. Берешек пен өсiмақыны төлеу есебiнен төлеушiнiң мүлкiне
иелiк етудi шектеу туралы шешiмдi шығару
1. Төлеушi берешектi және өсiмақыны өтемеген жағдайда, төлеушiнiң банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы иелiк етудiң күшiне ену күнiнен бастап он жұмыс күнiнiң ішiнде төлеушiнiң мүлкiне иелiк етуде шектеу жүргiзiледi.
2. Төлеушiнiң мүлкiн иелiк етуде шектеу туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының салық заңнамаларында белгiленген нысан бойынша кеден органы қояды.
3. Төлеушiнiң мүлкiне иелiк етудi шектеу туралы шешiм оның теңгермелiк және рыноктық құны бағаны айқындау тәсiлiне байланысты берешек пен өсiмақы сомасына сәйкес келетiн меншiк немесе шаруашылық жүргізу құқығына жататын мүлiкке қатысты қойылады.
Қаржы лизингі мен кепiлдi қоса жалға берiлген төлеушiнiң мүлкiне иелiк етудi шектеу туралы шешiм қойылған кезде оны жоюға дейiн және осы мүлiкке қатысты шешiмдi кеден органының қою сәтiнен бастап жалға берушi мен кепiл ұстаушыға осындай мүлiкке меншiк құқығын беруге тыйым салынады.
4. Осындай шешiмнiң негiзiнде кеден органы мүлiктi иелену, пайдалану және иелiк ету шарттарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк туралы ескере отырып Қазақстан Республикасының салық заңнамаларында белгiленген нысанда шектелген мүлiктi иелiк етудiң тізiмдеме актiсi жасалады.
Шектелген мүлiктi иелiк етудiң тiзiмдемесi төлеушiнiң бухгалтерлiк есепке алу деректерi негiзiнде айқындалатын оның бағасын көрсете отырып немесе Бағалау қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңдар актiсiне сәйкес өткiзiлетiн тәуелсiз бағалаумен жүргiзiледi және екi данада жасалған актiмен ресiмделедi.
5. Кеден органы мүлiктiң тізiмдеме актiсiн және мүлiктi иелік етудi шектеу туралы шешiмдi бiр данадан төлеушiге тапсыруға мiндеттi.
6. Мүлiктi иелiк етудi шектеу туралы шешiмдi мүлiктi иелiк етудi шектеу себебiн жою күнiнен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей осындай шешiм шығарған кеден органы жояды.
380-бап. Төлеушiнiң банк шоттарында орналасқан ақша есебiнен кеден
төлемдерi мен салықтарын өндiрiп алу
1. Төлеушiнiң мүлiктi иелiк етудi шектеу туралы шешiм қойылған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде төлеушiнiң берешегiн өтемеу кезiнде кеден органдары даусыз тәртіпте төлеушiнiң банк шоттарынан ақшаны өндiрiп алу туралы шешiмдi қояды.
2. Даусыз өндiрiп алу туралы шешiм қажеттi ақшаны мемлекеттiк бюджетке аудару және төлеушiнiң шотынан есептен шығаруға кеден органының инкассалық иелiк етуi, төлеушiнiң шоты ашылған банкке жiберу нысанында қабылданады.
3. Көрсетiлген банкте олар ашқан төлеушiнiң басқа банк шоттарына кеден органы қойған инкассалық иелiк ету төлеушiнiң бiр банк шотынан берешектi өндiрiп алу туралы кеден органы инкассалық иелiк етуiн банктiң орындауы кезiнде банк егер, мұндай инкассалық иелiк етулердi берешек түрiне және сол сомаға кеден органы қойса, кеден органының инкассалық иелiк ету фактiсiн растайтын төлем құжатының қосымшасымен орындаусыз кеден органына қайтарылады.
4. Даусыз тәртiпте берешектi және өсiмақыны өндiрiп алу шетел валютасындағы және Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы шоттардан жүргiзiледi. Шетел валютасындағы шоттардан берешектi өндiрiп алу өндiрiп алу күнiне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң бағамы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi олар бойынша кеден төлемдерi, салықтар мен өсiмақыларды төлеуге жататын сомаға тең сомада жүргiзiледi.
5. Кеден органының инкассалық иелiк етуiн орындауды банк Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiпте және мерзiмде жүзеге асырады.
381-бап. Қолма-қол ақша есебiнен берешек сомасын және өсiмақыны
өндiрiп алу
1. Қолма-қол ақша есебiнен берешектi және өсiмақыны өндiрiп алу банк шотында ақша болмаған жағдайда жүргiзiледi.
2. Қолма-қол ақша есебiнен берешекті және өсiмақыны өндiрiп алу төлеушiдегi бухгалтерлiк (кассалық) құжаттар бойынша көрсетiлген шетел валютасында және қолма-қол ақшаны кеден органының алуы деп танылады.
3. Қолма-қол ақшаны алу Қазақстан Республикасының салық заңнамаларында белгiленген нысан бойынша алу туралы актiмен ресiмделедi.
4. Төлеушiден алынған қолма-қол ақша алынған күнiнен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей бюджетке аударуға жатады.
382-бап. Дебиторлық шоттарынан төлеушiнiң берешегiн және өсiмақысын
өндiрiп алу
1. Банк шоттарындағы ақша және төлеушiнiң қолма-қол ақшасы болмаған жағдайда кеден органы пайда болған берешек пен өсiмақының шегiнде өндiрiп алуды төлеушiнiң алдында берешегi бар үшiншi тұлғалардың (бұдан әрi - дебиторлар) ақшасына айналдыруға құқығы бар. Бұл ретте, дебиторларға шарттарға сәйкес ағымдағы сәтке дебиторлық берешек сомасы ретінде төлеушi алдындағы дебиторлар деп танылатын сома шегiнде төлеушiнiң төленбеген кеден төлемдерi, салықтар, өсiмдер мен айыппұлдар сомасын өтеу есебiне олардың банк шоттарынан ақшаға өндiрiп алуды жүгiну туралы хабарлама жiберiледi.
Хабарламаны алған сәтiнен бастап жиырма жұмыс күнiнен кешiктiрмей дебитор хабарламаны жiберген кеден органына хабарламаны алу күнiне төлеушiмен бiрге жасалған өзара есеп-айырысулардың салыстыра тексеру актiсiн беруге мiндеттi.
2. Төлеушi мен оның дебиторының арасындағы өзара есеп-айырысуларды салыстыра тексеру актiсi мынадай мәлiметтердi:
1) төлеушi мен оның дебиторының атауын, олардың тiркеу нөмiрiн;
2) төлеушi мен оның дебиторы есепте тұратын кеден органының атауын;
3) төлеушi мен оның дебиторының банк шоттарының деректемелерiн;
4) төлеушi алдындағы дебитор берешегiнiң сомасын;
5) төлеушi мен оның дебиторының заңды деректемелерiн, мөрi мен қолын;
6) салыстыра тексеру актiсiн жасау күнiн қамтуы тиiс.
3. Өзара есеп-айырысуларды салыстыра тексеру актiсiнiң негiзiнде кеден органы дебитордың банк шотына төлеушiнiң берешегiн және өсiмақысын өндiрiп алу туралы инкассалық иелiк етудi дебитордың банк шотына қояды.
4. Дебитор төлеушiнiң банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асырушы банк немесе ұйым осы Кодекстің 380-бабында айқындалған талаптарға сәйкес төлеушiнiң берешек сомасы мен өсiмақысын өндiрiп алу туралы кеден органы қойған инкассалық иелiк етудi орындауға мiндеттi.
5. Осы баптың ережелерiне сәйкес ресiмделген өзара есеп-айырысудың салыстыра тексеру актiсi жоқ болған кезде кеден органы хабарламаны тапсыру сәтiнен бастап тоқсан жұмыс күнiнiң iшiнде кеден органы дебитордың банк шотына берешектi және өсiмақыны өндiрiп алу туралы инкассалық иелiк етудi қоюға мiндеттi.
383-бап. Төлеушiнiң шектелген мүлкiне иелiк етудегi сату есебiнен
берешектi және өсiмақыны өндiрiп алу
1. Кеден органдары төлеушiнiң келiсiмiнсiз оның банк шоттарында ақша, қолма-қол ақша және оның дебиторының банк шоттарында ақша болмаған жағдайда берешек және өсiмақы шегiнде төлеушiнiң шектелген мүлкiне иелiк етудi өндiрiп алуға жүгiнуге құқығы бар.
2. Төлеушi шектеуден алып тастауға дейiн шектелген мүлiктiң сақталуын және тиiстi күтудi қамтамасыз етуге мiндеттi. Көрсетiлген мiндеттердi орындамаған жағдайда, төлеушi аукционға иелiк етуi шектелген мүлiктi дайындау бойынша шығыстарды өтеуге мiндеттi және Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес көрсетiлген мүлiкке қатысты заңсыз iс-әрекет үшiн жауап бередi.
3. Шектелген мүлiктi иелiк етудi сату Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
4. Егер төлеушiнiң шектелген иелiк ету мүлкiн сатудан кейiн берешек
өтелмесе, кеден органы берешектiң барлығы туралы, сондай-ақ осы Кодекспен
көзделген өндiрiп алудың қабылданған шаралары туралы төлеушiнiң тiркеу
орны бойынша салық органына ақпаратты жiбередi.
384-бап. Берешек пен өсiмақыны өтеу тәртiбi
Берешек пен өсiмақыны өтеу кезектiлiгi Қазақстан Республикасының
салық заңнамасына сәйкес айқындалады.
9-БӨЛIМ. КЕДЕНДIК РЕСIМДЕУ
48-ТАРАУ. КЕДЕНДIК РЕСIМДЕУГЕ ЖАТАТЫН НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР
385-бап. Осы тарауды қолдану саласы
Осы тараумен көзделген ережелер, талаптар мен шарттар Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты кеден мақсаты үшiн кеден құжаттарын ресiмдеумен байланысты барлық кеден операцияларына таралады.
386-бап. Кеден ресiмдеуiн жүргiзудiң тәртiбi
1. Кедендiк ресiмдеу осы Кодекспен айқындалатын және оларға сәйкес
кеден iсi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлермен қабылданатын
тәртiппен жүргiзiледi.
2. Кедендiк ресiмдеудi оңайлату және жеделдету мақсатында халықаралық
шарттарға сәйкес кедендiк ресiмдеу үшiн пайдаланылатын басқа
мемлекеттердiң кедендiк құжаттары қолданылуы мүмкiн.
387-бап. Кедендiк ресiмдеудi жүргiзу технологиясы
1. Кедендiк ресiмдеудi жүргiзудiң тәртiбi мен технологиясы мыналарға
байланысты қаралады:
1) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн
тауарлардың санаттары;
2) осындай өткiзу үшiн пайдаланылатын көлiк түрi;
3) тауарларды өткiзетiн тұлғалар.
2. Кеден рәсiмдерi тауарлардың шыққан, жiберу және нысаналы елiне
қарамастан бiрдей қолданылады.
388-бап. Кедендiк ресiмдеудiң басталуы мен аяқталуы
1. Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты құжаттарды кеден органына беру сәтiнен, ал осы Кодекспен көзделген жағдайларда - тұлғаның кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыру ниетi туралы куәландыратын өзге iс-әрекеттердi жасау немесе ауызша өтiнiшiнен басталады.
2. Ветеринариялық, фитосанитарлық және мемлекеттiк бақылаудың басқа да түрлерiне қатысты кедендiк ресiмдеу осындай бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органдармен келiскеннен кейiн ғана аяқталуы мүмкiн.
3. Кедендiк ресiмдеу кеден рәсiмдерiн тауарларға қолдану, кеден режимiне тауарларды орналастыру, сондай-ақ, кеден төлемдерi мен салықтарын есептеу және өндiрiп алу үшiн осы Кодекске сәйкес қажеттi кеден операциялары жасалғаннан кейiн аяқталады.
389-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын негiзгi кедендiк ресiмдеу
бойынша операцияларды жасаудың орны мен уақыты
1. Негiзгi кедендiк ресiмдеу тауарлар мен көлiк құралдарын мәлiмдеу және оларды белгiлi кедендiк режимге орналастыру бойынша iс-әрекет деп түсiнiледi.
2. Тауарларды негiзгi кедендiк ресiмдеу бойынша кедендiк операциялар кеден органдарының орналасқан жерiнде және олардың жұмыс уақытында жасалады.
3. Декларанттың дәлелдi сұрау салуы бойынша тауарларды негiзгі кедендiк ресiмдеу бойынша кедендiк операциялар осы Кодекстiң 20-22-баптарына сәйкес кеден органдарының орналасқан жерiнен тыс және жұмыс уақытынан тыс жасалуы мүмкін.
4. Алушы тiркелген кеден органы қызметiнiң аумағынан тыс тауарларды негiзгi кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыру кезiнде тауарларды жiберушi немесе олардың құрылымдық бөлiмшелерi, декларант басқа кеден органының қызмет аумағында кеден операцияларын жасау туралы хабарлама беруге мiндеттi.
Хабарлама хабарламаны беру сәтiнен бастап төрт сағаттан аспайтын мерзiмде кеден органында тiркеуге жатады. Хабарламаны тiркеу нысаны мен тәртiбiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы белгiлейдi.
390-бап. Құжаттар мен мәлiметтер
1. Осы Кодекспен айқындалған тұлғалар кедендiк ресiмдеудiң өндiрiсi кезiнде кеден органдарына кедендiк мақсат үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi беруге мiндеттi.
2. Кеден органдары орындалуына бақылау кеден органдарына жүктелген заңнама талаптарын сақтауды қамтамасыз ету үшiн қажеттi сол құжаттар мен мәлiметтердi ғана талап етуге құқылы.
Кеден мақсаты үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi және оларды беру мерзiмi осы Кодекспен белгiленедi.
3. Кеден органдары кедендiк ресiмдеу кезiнде кеден органдарының шешiмдерiн қабылдауға әсер ететiн негiзгi деректердiң құжаттардағы мазмұнына әсер етпейтiн қате басулар, техникалық және грамматикалық қателердiң болуынан құжаттарды қабылдауда бас тартуға құқылы емес.
4. Кеден органдарына кеден мақсаты үшiн қажеттi құжаттар электрондық түрде берiлуі мүмкiн. Бұл құжаттарды беру мен сақтау шартын кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы айқындайды.
391-бап. Кедендiк ресiмдеу кезiнде өкiлеттi тұлғалардың және олардың
өкiлдерiнiң қатысуы
1. Тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiктерi бар тұлғалар және олардың өкiлдерi кедендiк ресiмдеу кезiнде қатысуға құқылы.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген тұлғалар және олардың өкiлдерi кеден органының дәлелдi талап етуi бойынша кедендiк ресiмдеу кезiнде қатысуы және оның өндiрiсiнде кеден органдарының лауазымды тұлғаларының жәрдем көрсетуi мiндеттi.
392-бап. Кедендiк ресiмдеу жүргiзiлетiн тіл
Кеден мақсаты үшiн құжаттарды толтыруды қоса кедендiк ресiмдеу осы Кодекспен көзделген жағдайларды қоспағанда мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде жүргiзiледi.
Кеден iсi мәселелерi бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы кеден органдарының лауазымды тұлғалары бiлетiн шетел тiлдерiнде жасалған құжаттар мен мәлiметтердiң кеден мақсаты үшiн қабылдауы және пайдалануы мүмкiн өзге жағдайларды айқындауға құқылы.
393-бап. Тауарлармен жүк және өзге де операциялар
Тауарлармен жүктiк және өзге операциялар егер, осы Кодекс пен өзге көзделмесе, кеден органдарының рұқсатымен ғана жүргiзiлуi мүмкiн және кеден органы үшiн қандай-да бiр қосымша шығындарға алып келмеуi керек.
394-бап. Оларға қатысты кедендiк ресiмдеу аяқталмаған тауарлар мен
көлiк құралдарын пайдалану және иелiк ету
Ешкiм осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда оларға қатысты кедендiк ресiмдеу аяқталмаған тауарлар мен көлiк құралдарын пайдалануға және иелiк етуге құқылы емес.
395-бап. Тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу
1. Кеден бақылауындағы тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн кеден органының рұқсатымен тауарларға қатысты өкiлеттiктерге ие тұлғалар, олардың өкiлдерi және оны жүзеге асыру мақсатында мемлекеттiк бақылаудың басқа да органдары ала алады.
2. Сынамалар мен үлгiлер осы сынамалар мен үлгiлердi зерттеу мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн ең аз мөлшерлерде алынады. Кеден бақылауындағы тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу туралы орталық кеден органы белгiлейтiн нысан бойынша акт жасалады.
3. Тауарларға қатысты өкiлеттiктерге ие тұлғалар және олардың өкiлдерi кеден органы және мемлекеттiк бақылаудың басқа да органдарының лауазымды тұлғалары тауарлардың сынамасы мен үлгiлерiн алу кезiнде қатысуы мүмкiн. Кеден органының лауазымды тұлғалары мемлекеттiк бақылаудың басқа органдары, сондай-ақ тауарларға қатысты өкiлеттiктерге ие тұлғалар және олардың өкiлдерi сынамалар мен үлгiлердi алу кезiнде қатысады.
Көрсетiлген тұлғалар және олардың өкiлдерi кеден органдарының лауазымды тұлғаларына олардың тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алуы кезiнде жәрдем көрсетуге, оның iшiнде өз есебiнен сынамалар мен үлгiлер алу үшiн қажеттi жүк және өзге операцияларды жүзеге асыруға мiндеттi.
4. Кеден органдары басқа уәкiлеттi органдар алған тауарлардың үлгiлерi мен сынамаларына өткiзiлген зерттеу нәтижелерi туралы құлақтандырылуы тиiс.
5. Кеден органдары тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу нәтижесiнде тұлғада туындайтын қандай-да бiр шығыстарды өтемейдi.
6. Тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу тәртiбiн, оларды зерттеу мерзiмi мен тәртiбiн кеден iсi жөнiндегi уәкiлетті мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы белгiлейдi.
49-ТАРАУ. КЕДЕНДIК РЕСIМДЕУГЕ ЖАТАТЫН ҚОСЫМША ЕРЕЖЕЛЕР
396-бап. Тауарлардың жекелеген санаттарын кедендiк ресiмдеудiң
басым тәртібі
1. Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелу және зiлзала, аварияларды, апаттарды, сондай-ақ, тез бұзылатын тауарларды, тiрi жануарларды, радиоактивтiк материалдарды, жарылғыш заттарды, жүктердiң - экспрессi, iзгiлiк және техникалық көмектi, бұқаралық ақпаратты мақсаты үшiн хабарламалар мен материалдар және осындай тауарларды жою үшiн қажеттi тауарларды осы аумақтан әкету кезiнде кедендiк ресiмдеу басым тәртiпте жүргiзiледi.
2. Жүк экспрессi деп кеден делдалы ретiнде қызмет атқаруға лицензиясы бар, мамандандырылған жүк-экспедициялық ұйымдарымен алушыға дейiн жеткiзу мақсатымен жетпiс екi сағат iшiнде көлiктiң кез-келген түрiмен өткiзiлетiн тауарлар түсiнiледi.
3. Кедендiк ресiмдеудiң басым тәртiбi кеден органына толық кеден декларациясын кеден органына одан кейiнгi берумен уақытша кеден декларациясы ретiнде қаралатын өтiнiш және тауар iлеспе құжаттарын беру қаралады.
Өтінiште тауарларды жiберушiлер мен алушылар, жiберу елдерi және тауарлардың нысандары, тауарлардың атауы, суреттеуi, саны, брутто салмағы және құны туралы, тауарларды пайдалану мақсаты туралы, сондай-ақ мәлiмделетiн тауарларды орналастыру болжанатын олардың кеден режимi туралы мәлiмет, кеден мақсаты үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi, кеден декларациясының белгiленген мерзiмiн беру туралы мiндеттеме болуы тиiс.
4. Толық кеден декларациясы тауардың шартты шығу күнiнен бастап 30 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей кеден органына берiледi.
Кедендiк ресiмдеу кезiнде декларанттың өтiнiшi және тауар iлеспе құжаттарын кеден органында тiркеу күнiне iс-әрекет еткен нормативтiк құқықтық актiлер қолданылады.
Кеден төлемдерiмен және салықтарымен салық салынатын тауарлар кеден төлемдерi мен салықтарын төлеудi қамтамасыз ету шарты кезiнде ғана басым тәртiппен ресiмделедi.
5. Авариялық жағдай туындау кезiнде электроэнергиясының жеткiзiлiмдерi кезiнде уақытша кеден декларациясын авариялық жағдай туындау сәтiнен бастап үш сөтке iшiнде кеден органына берiлетiн диспетчерлiк өтiнiш қаралады.
397-бап. Кеден ресiмдеуiнiң арнаулы оңайлатылған рәсiмдерi
1. Кедендiк ресiмдеудiң арнаулы оңайлатылған рәсiмiн оларға қатысты ең көбiрек мейлiнше кедендiк қолайлылық режимi белгiленген тұлғалар үшiн кеден органдары белгiлейдi.
Кедендiк ресiмдеудiң арнаулы оңайлатылған рәсiмi мыналардан тұрады:
осы тұлғалардың объектiлерiнде кедендiк ресiмдеу өткiзу;
осындай уақыт iшiнде мұндай тауарлар кеден шекарасы арқылы өткiзiлген белгiлi мерзiм үшiн тауарларға бiрыңғай кеден декларациясын беру;
оларды бiрегейлендiру үшiн қажеттi мәлiметтердiң ең аз көлемiн беру кезiнде тауарларды шығару.
Кедендiк ресiмдеудiң арнаулы оңайлатылған рәсiмiн қолдану тәртiбiн
кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм
бойынша орталық кеден органы белгiлейдi.
2. Кедендiк ресiмдеудiң арнаулы оңайлатылған рәсiмдерi кеден
төлемдерi мен салықтарын төлеудiң толықтығы мен уақтылығы, тарифтiк емес
реттеу шараларын, сондай-ақ кеден режимдерiнiң шарттары мен талаптарын
сақтау бөлiгiнде кеден iсi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлермен
және осы Кодекспен белгiленген талаптар мен шарттарды сақтаудан тұлғаларды
босатпайды.
50-ТАРАУ. ТАУАРЛАРДЫ МӘЛIМДЕУ
398-бап. Мәлiмдеуге жататын тауарлар
Тауарлар Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы олардың өткiзiлуi, кеден режимiнiң өзгеруi кезiнде сот шешiмi бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылғаннан басқа жағдайларда кеден органдарының мәлiмдеуiне жатады.
399-бап. Мәлiмдеу орны
Тауарларды мәлiмдеу егер, Қазақстан Республикасының кеден
заңнамасымен өзге белгiленбесе, тауарларды кедендiк ресiмдеу жүргiзiлетiн
кеден органында жүргiзiледi.
Кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм
бойынша орталық кеден органы бұл кеден бақылауының тиiмдiлiгін қамтамасыз
ету үшiн қажеттi шара болып табылатын жағдайда ғана тауарлардың жекелеген
санаттарын мәлiмдеу үшiн кеден органы айқындағандарды белгiлеуге құқылы.
400-бап. Декларант
Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарларды өткiзушi
мына тұлғалар:
1) қазақстандық тұлғалар;
2) жеке тұлғалар (оңайлатылған немесе жеңiлдетiлген тәртiппен өткен
кезде);
3) осы Кодекстiң 38-тарауына сәйкес кеден жеңiлдiктерiн пайдаланатын
шетелдiк тұлғалар;
4) кеден органдарының уақытша әкелу, транзит, сондай-ақ осындай өкiлдiктiң өз мұқтажы үшін әкелiнетiн тауарлардың еркiн айналымы үшін шығаруда өтiніш кезінде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген шетел ұйымдардың өкiлдiктерi декларант болуы мүмкiн.
401-бап. Декларант құқығы
Тауарларды мәлiмдеу және кедендiк ресiмдеу кезiнде өзге кеден операцияларын жасау кезiнде декларант мыналарға:
1) кеден мақсаты үшiн қажеттi құжаттар мен кеден декларациясын беруге дейiн кеден органының рұқсатымен Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн тауарларды қарауға және өлшеуге; сыныптамалар мен үлгiлердi алуға;
Тауарлардың сыныптамалары мен үлгiлерiне жеке кеден декларациясы олар
тауарларға кеден декларациясында көрсетiлуi тиiс шарт кезiнде берiлмейдi;
2) кеден органдары лауазымды тұлғаларының кеден бақылауын өткiзуi
кезiнде олардың сыныптамалар мен үлгілердi алуы кезiнде қатысуына;
3) кеден органдары алған сыныптамалар мен үлгiлердi өткiзiлген
зерттеу нәтижелермен танысуға;
4) осы Кодекспен белгiленген тәртiпте оның құқығы бұзылған кезде,
кеден органдарының шешiмiне, кеден органдары лауазымды тұлғасының
iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдануға.
402-бап. Декларанттың мiндеттерi
Декларант тауарларды мәлiмдеу кезiнде мыналарға:
1) тауарлар мен көлiк құралдарына мәлiмдеу жүргiзуге;
2) кеден органының талабы бойынша мәлiмделетiн тауарлар мен көлiк
құралдарын көрсетуге;
3) кеден органына кеден мақсаты үшiн қажеттi құжаттар мен
мәлiметтердi беруге;
4) осы Кодекстің 8-бөлiмiне сәйкес оларды төлеудi қамтамасыз етуге
немесе кеден төлемдерi мен салықтарын төлеуге;
5) Кеден Кодексiмен көзделген кеден органдарының өзге талаптарын
орындауға міндетті.
403-бап. Декларанттың жауапкершiлiгi
Декларант мыналарға:
кеден декларациясында және өзге берiлетiн құжаттарда көрсетiлген
мәлiметтердiң жалғандығы үшiн;
осы Кодекспен көзделген жағдайларды қоспағанда кеден төлемдерi мен
салықтарын төлемегенi үшiн;
осы Кодекстiң 404-бабымен көзделген құжаттардың түпнұсқасын уақтылы
ұсынбағаны үшiн жауапкершiлiкте болады.
2. Кеден органына кеден декларациясын бермегенi үшiн тауарларды өткiзетiн тұлға немесе шарт бойынша осы тұлғаның уәкiлеттi кеден брокерi жауапты болады.
404-бап. Мәлімдеу нысаны
1. Мәлiмдеу тауарлар туралы дәл мәлiметтер, олардың кеден режимi және кедендiк мақсат үшiн қажеттi басқа да мәлiметтер туралы белгiленген нысан (жазбаша, ауызша, конклюденттiк, электрондық) бойынша кеден органына өтiнiштi беру жолымен жүргiзiледi.
2. Тауарларды мәлiмдеудiң электрондық нысанын қолданудың нысаны және
тәртiбiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен
келiсiм бойынша орталық кеден органы айқындайды.
3. Кеден декларациясында көрсетуге жататын мәлiметтер тiзбесi
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын қолдану және кеден
статистикасын қолдану, кеден төлемдерi мен салықтарын есептеу және өндiрiп
алу мақсаты үшiн қажеттi тек сол мәлiметтермен ғана шектеледi.
405-бап. Кеден декларациясы
1. Тауарларды мәлiмдеу кезiнде кеден декларацияларының мынадай
түрлерi қолданылады:
1) жүк кеден декларациясы;
2) кеден құнының декларациясы;
3) жолаушы кеден декларациясы.
2. Жүк кеден декларациясы - декларант беретiн және тауарлар мен көлiк құралдары туралы, олардың кеден режимi және кеден мақсаты үшiн қажеттi басқа да мәлiметтер туралы мәлiмет бар құжат.
Кеден жүк декларациясы, егер мына жағдайларда:
1) тауардың мәлiмделетiн партиясының кеден құны тоқсан айлық есептiк көрсеткiштен асса;
2) тауарларға қатысты тарифтiк емес реттеу шаралары белгiленсе;
3) осы Кодекспен көзделген өзге жағдайларда берiледi.
Жүк кеден декларациясы алдын-ала мәлiмдеу кезiнде, сондай-ақ уақытша, толық емес немесе мерзiмдiк кеден декларациясы ретінде қолданылуы мүмкiн.
Уақытша, толық емес немесе мерзiмдiк кеден декларациясы ретінде жүк кеден декларациясын қолдану жағдайлары осы Кодекстiң 413-416-баптарымен көзделген тәртiппен белгiленедi.
Жүк кеден декларациясы ретiнде пайдалануға еркiн нысанда жасалған және (немесе) сәйкестендiру және тауарларды шығару үшiн қажеттi мәлiметтер бар орталық кеден органы айқындайтын көлiк, коммерциялық немесе өзге құжаттарда өтiнiшке жол берiледi.
3. Кеден құнының декларациясы - осы Кодекспен көзделген тәртiппен жүк кеден декларациясымен бiр уақытта кеден органына декларант беретiн және белгiлi кеден режимiне орналастырылған тауарлардың кеден құны туралы мәлiмет бар құжат.
4. Жүк кеден декларациясы - осы Кодекспен көзделген оңайлатылған немесе жеңiлдетiлген тәртiппен қолданумен тауарлар мен көлiк құралдары Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзетiн жеке тұлғаның кеден органына толтыратын және беретiн құжаты.
5. Кеден декларацияларының нысандарын және оларды толтыру тәртiбiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы белгiлейдi.
406-бап. Жүк кеден декларациясын беру мерзiмi
1. Қазақстан Республикасының кеден аумағынан әкелiнетiн тауарларға жүк кеден декларациясы осы баптың 3-тармағымен көзделген жағдайларды қоспағанда кеден органына нысаналы тауарларды беру күнiнен бастап қоса есептегенде он бес күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей берiледi.
Егер жүк кеден декларациясын беру мерзiмiнiң аяқталуы кеден органының жұмыс емес күнiне келсе, осы мерзiмнiң аяқталу күнi деп кеден органының одан кейiнгi келесi жұмыс күнi саналады.
2. Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс әкетiлетiн тауарларға жүк кеден декларациясы оларды нақты әкетуге дейiн берiледi.
3. Декларанттың дәлелдi жүгiнуi бойынша кеден органы декларацияны беру мерзiмiн ұзартады. Жүк кеден декларациясын беру мерзiмiн ұзарту әкелiнетiн тауарларға кеден төлемдерi мен салықтарын төлеудi қамтамасыз ету шарты кезiнде кедендiк ресiмдеу жүргiзiлетiн кеден органында жүзеге асырылады.
4. Кеден декларациясын беру мерзiмiн ұзарту тауарларды уақытша сақтау мерзiмiн бұзуға алып келмейдi.
407-бап. Есепке алу мақсатында құжаттарды беру
1. Кеден органдарындағы есептiк тiркеу және сыртқы экономикалық қызметке қатысушының санатын растайтын құжат сыртқы экономикалық қызметке қатысушы ретінде тiркеуге тұрғызу кезiнде ресiмделетiн сыртқы экономикалық қызметке қатысушының есеп карточкасы болып табылады.
2. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушының есептiк карточкасын кеден органы мынадай құжаттарды беру кезiнде бiр жұмыс күнi iшiнде бередi:
1) заңды тұлғалар:
заңды тұлғаны немесе оның құрылымдық бөлiмшесiн мемлекеттiк тiркеу туралы нотариальды куәландырылған куәлiк;
статистикалық басқарма беретiн статистикалық карточка көшiрмелерi;
заңды тұлғаның банктiк шотын ашу туралы банктен анықтама;
салық органы берген салық төлеушi куәлiгінiң көшiрмесi;
2) оларды мәлiмдеу кезiнде жүк кедендiк декларация қолданылатын Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарларды өткiзудi жүзеге асыруға ниеттенген жеке тұлғалар:
жеке тұлғаның жеке куәлiгі;
салық органы берген салық төлеушi куәлiгiнiң көшiрмесi;
егер жеке тұлғаның банкте шоты болса, банктiк шотты ашу туралы банктен анықтама.
3. Есепке алу үшiн берiлетiн құжаттардағы мәлiметтер өзгерген кезде декларант өзгертiлген мәлiметтердi растайтын құжатты он бес күнтiзбелiк күн iшiнде сыртқы экономикалық қызметтiң есептiк карточкасын берген кеден органына беруге мiндеттi.
408-бап. Тауарларды мәлiмдеу кезiнде құжаттарды беру
1. Жүк кеден декларациясын беру осы баппен көзделген кеден мақсаты үшін қажеттi құжаттарды және оның электрондық көшірмесiн кеден органына берумен iлесе жүруi тиiс.
Жүк кеден декларациясының электрондық көшiрмесiнiң құрылымын кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы белгiлейдi.
2. Декларант егер құжат түпнұсқасы тауарларды шығару туралы шешiмдi қабылдау үшiн мiндеттi болып табылса, кеден декларациясын тексеру мерзiмiнiң iшiнде тиiстi құжаттың түпнұсқасын беру туралы мiндеттеменi салық органына берумен көрсетiлген мәлiметтердi растайтын құжаттар көшiрмесiн беруi мүмкiн.
Жекелеген құжаттардың түпнұсқалары декларанттың дәлелдi өтiнiшi бойынша көрсетiлген мерзiмде берiлмейтiн жағдайда кеден органдары оларды қабылдау үшiн қажеттi, бiрақ кеден декларациясын тiркеуден кейiн отыз күнтiзбелiк күннен кешіктiрмейтiн мерзiмде осындай құжаттардың түпнұсқаларын одан кейiнгi берумен олардың көшiрмесiн беруге рұқсат етедi. Декларант белгiленген мерзiмдерде құжаттардың түпнұсқаларын немесе құжаттардың бұрын берiлген көшiрмелерiнде рас емес мәлiметтердегi рас емес өтiнiште бермегенi үшiн жауапкершiлiкте болады.
Егер, кеден органына тауарлардың одан кейiнгi партияларын кедендiк ресiмдеу жүргiзiлетiн олар бойынша құжаттардың түпнұсқалары бұрын берiлген жағдайда, онда осындай құжаттардың көшiрмелерiн беру жеткiлiктi.
3. Егер, кеден органының iстерiнде тауарларды шығару туралы шешiм қабылдау үшiн міндеттi құжаттардың түпнұсқалары қалған жағдайда, онда декларант үшiн кеден органы осы құжаттардың көшiрмелерiнде түпнұсқа қалатын кеден органын көрсете отырып жазба жүргiзiледi. Бұл жазба кеден органы лауазымды тұлғасының жеке нөмiрлiк мөрiмен куәландырылады.
4. Келiсiм-шарттардың, шот-фактуралардың (инвойстардың), көлiк құжаттарының, кеден төлемдерi мен салықтарын төлеудi растайтын құжаттардың түпнұсқалары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиялары тауарларды шығарғаннан кейiн декларантқа қайтаруға жатады.
Бұл ретте, осы құжаттардың түпнұсқасымен бiрге кедендiк ресiмдеу мақсаты үшiн декларант куәландырған көшiрме берiлуi тиiс.
5. Кеден декларациясын беру оның негiзiнде кеден декларациясы толтырылатын және мыналарды растайтын құжаттарды кеден органына берумен жүргiзiледi:
1) өз атынан кеден декларациясын беруге декларанттың өкiлеттiгi:
декларанттың штатында орналасқан жеке тұлғаға сенiмхат;
немесе брокерлiк қызмет көрсетуге шарт және кедендiк ресiмдеу бойынша маманның бiлiктiлiк аттестаты;
2) кедендiк ресiмдеуге жататын тауарлардың меншiк, иелiк ету немесе пайдалану құқығы:
кедендiк ресiмдеуге жатпайтын тауарларға иелiк ету немесе пайдалану құқығына сатып алу-сатуға немесе айырбасқа сыртқы сауда келiсiм-шарты (шарт), келiсiм немесе өзге құжат;
3) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарларды өткiзу:
көлiк құжаттары;
4) тауарлардың кедендiк құны:
осы Кодекстiң 41-тарауына сәйкес тауарлардың кеден құнын айқындау және мәлiмдеу үшiн көзделген шот-фактура (инвойс), шот-проформа, спецификация және өзге де құжаттар;
5) тауарлардың шығуы:
осы Кодекстiң 47, 48-баптарына сәйкес тауарлардың шығуы туралы декларация, не тауарлардың шығуы туралы сертификат;
6) кеден төлемдерi мен салықтарын төлеу бойынша жеңiлдiктiң бар
екендiгi және кеден режимiнiң шартына қарамастан кеден төлемдерi мен
салықтарды төлеудi қамтамасыз ету немесе төлеу:
қолма-қол ақшасыз тәртiпте төлемнiң орындалуы туралы банктiң
белгiсiмен төлемдiк тапсырма;
немесе қолма-қол ақшамен төлеу кезiнде - банктiң, кеден органының
кiрiс кассалық ордерiне түбiртек;
немесе уәкiлеттi банктiң кепiлдiгi;
немесе кепiл туралы шарт;
немесе сақтандыру шарты;
немесе осы Кодекстiң 365-бабының 1-тармағымен көзделген өзге де
құжаттар;
осы Кодекстiң 43-тарауына сәйкес кеден төлемдерi мен салықтарын төлеу
бойынша жеңiлдiктердi берудi растайтын құжаттар;
кеден төлемiн, қосылған құн салығын төлеу бойынша мерзiмiн ұзартуды
(кейiнге қалдыру) берудi растайтын құжаттар;
7) нысаналы орнына тауарларды жеткiзу:
осы Кодекстiң 13-тарауымен көзделген жеткiзудi бақылаудың құжаты;
немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес
өзге де құжаттар;
8) валюталық бақылау саласындағы талаптарды сақтауды растау:
валюталық заңнамаға сәйкес талап етiлетiн құжаттар;
9) кеден режимдерiнде мәлiмделгенiне қарамастан тауарларды әкелу кезiнде стандарттардың мiндеттi талаптарына сәйкестiгiн растау:
фитосанитарлық (карантиндiк) сертификат, ветеринарлық сертификат. Көрсетiлген сертификаттар оларға сертификаттар беру мiндеттi тауарлар үшiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi белгiленген жағдайларда ғана берiледi;
10) сыртқы экономикалық қызметке қатынасушының санатын растау:
сыртқы экономикалық қызметке қатынасушының есепке алу карточкасы.
6. Таңдалған кеден режимдерiне сәйкес берiлген құжаттардың тiзбесi осы Кодекстiң 409-бабымен айқындалған.
409-бап. Кеден режимдерiнiң таңдалған талаптарына сәйкес
құжаттарды беру
Кеден режимдерiнiң таңдалған талаптарына сәйкес осы Кодекстiң 408-бабында көрсетiлген құжаттарға қосымша мынадай құжаттар берiледi:
1) еркiн айналым үшiн тауарларды шығарудың кеден режимi:
сәйкестiлiк сертификаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олар үшiн сертификат беру мiндеттi тауарларға қауiпсiздiк өнiмiне декларация-өтiнiш;
уәкiлеттi органдардың тиiстi рұқсаты және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен көзделген жағдайлардағы өзге де құжаттар:
лицензия - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялауға және квоталауға жататын тауарлар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экспорттық бақылауға жататын өнiм үшiн;
2) тауарлар экспортының кеден режимi:
Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен көзделген жағдайлардағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың тиiстi рұқсаттары және өзге де құжаттары:
лицензия - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялауға және квоталауға жататын тауарлар үшiн;
3) тауарлар реимпортының кеден режимi:
Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарларды әкетудi растайтын кеден декларациясы;
сәйкестiлiк сертификаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес олар үшiн сертификат беру мiндеттi тауарларға қауiпсiздiк өнiмiне
декларация-өтiнiш;
әкелiнетiн кеден баждарын қайтаруды қамтамасыз ету үшiн әкетiлетiн
кеден баждарын төлеудi растайтын құжат;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экспорттық бақылауға
жататын тауарларға рұқсат;
4) тауарлар транзитiнiң кеден режимi:
осы Кодекспен көзделген жағдайларда кеден мөрлерi мен пломбаларына
тауарларды жеткiзу үшiн көлiк құралын (контейнердi) жiберудi растайтын
құжаттар;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экспорттық бақылауға
жататын тауарлар транзитiне рұқсат;
5) кеден қоймасының кеден режимi:
тауарларды сақтауға кеден қоймасының иесiмен шарт;
6) бажсыз сауда дүкенiнiң кеден режимi:
сәйкестiлiк сертификаты немесе өтiнiш - заңнамамен белгiленген
тәртiпте уәкiлеттi орган таныған шетел сертификаты, өнiмнiң қауiпсiздiгiне
декларация;
7) кеден аумағына тауарларды ұқсатудың кеден режимi:
тауарларды ұқсатудың орындылығы туралы Қазақстан Республикасы
уәкiлеттi органының қорытындысы;
8) еркiн айналым үшiн тауарларды ұқсатудың кеден режимi:
тауарларды ұқсатудың орындылығы туралы Қазақстан Республикасы
уәкiлеттi органының қорытындысы;
9) кеден аумағынан тыс тауарларды ұқсатудың кеден режимi:
тауарларды ұқсатудың орындылығы туралы Қазақстан Республикасы
уәкiлетті органының қорытындысы;
10) уақытша әкелудiң кеден режимi:
тауарларды әкету туралы мiндеттеме;
сәйкестiлiк сертификаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес олар үшiн сертификат беру мiндеттi тауарларға қауiпсiздiк өнiмiне
декларация-өтiнiш;
11) тауарларды уақытша әкетудiң кеден режимi:
тауарларды әкелу туралы мiндеттеме;
12) еркiн кеден аймағының кеден режимi:
сәйкестiлiк сертификаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес олар үшiн сертификат беру мiндетті тауарларға қауiпсiздiк өнiмiне
декларация-өтінiш;
13) еркiн қойманың кеден режимi:
тауарларды сақтауға еркiн қойма иесiмен шарт;
мәлiмделетiн тауарларды пайдаланумен ұқсату бойынша операцияларды өткiзу мүмкiндiгiн растайтын кәсiпорынның технологиялық құжаттамасы;
сәйкестiлiк сертификаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олар үшiн сертификат беру мiндеттi тауарларға қауiпсiздік өнiмiне декларация-өтiнiш;
14) тауарлардың реэкспортына кеден режимi:
Қазақстан Республикасының кеден аумағына тауарларды әкелу кезiнде ресiмделген кеден декларациясы немесе уақытша сақтау орындарында орналасқан тауарларды мәлiмдеу кезiнде қысқаша декларация;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экспорттық бақылауға жататын тауарларға рұқсат;
Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар көрсетiлген рұқсаты болуы кезiнде реэкспортқа жол берiлетiн жағдайларда тауарлар реэкспортына тауарлардың шыққан елiне уәкiлеттi органның рұқсаты;
15) тауарларды жоюдың кеден режимi:
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша уәкiлеттi органның қорытындысы;
16) мемлекет пайдасына тауардан бас тартудың кеден режимi:
сәйкестiлiк сертификаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олар үшiн сертификат беру мiндетті тауарларға қауiпсiздiк өнiмiне декларация-өтiнiш;
17) арнаулы кеден режимi:
осы Кодекстiң 277-бабының 1), 2)-тармақшаларында көрсетiлген Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар бойынша уәкiлеттi орган растаған тауарлардың тiзбесi;
осы Кодекстiң 277-бабының 3)-тармақшасында көрсетiлген тауарлар бойынша көлiк ұйымы растаған тауарлар тiзбесi;
осы Кодекстiң 277-бабының 4)-тармақшасында көрсетiлген мақсат үшiн тауарлардың арналуын көрсете отырып тауар iлеспе құжаттары;
осы Кодекстiң 277-бабының 5)-тармақшасында көрсетiлген мақсатта тауарларды әкету туралы уәкiлеттi органның растауы.
410-бап. Жүк кеден декларациясын қабылдау және тiркеу
1. Белгiленген тәртiпте толтырылған жүк кеден декларациясын (оның электрондық көшiрмесiмен бiрге), сондай-ақ кеден мақсаты үшiн құжаттарды декларант кеден органына бередi.
2. Кеден мақсаты үшiн қажеттi жүк кеден декларациясы мен құжаттарды кеден органдарына қабылдаудың күнi мен уақыты кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы айқындайтын тәртiппен ресiмделетiн қоса берiлген құжаттардың тiзiмiнде кеден органы лауазымды тұлғасының жеке номерлiк мөрiмен куәландырылады және көрсетiледi. Куәландырылғаннан кейiн тiзiмдеме декларантқа қайтарылады.
3. Кеден органы мына жағдайлардан басқа, жүк кеден декларациясын тiркеуде бас тартуға құқылы емес:
1) декларацияны декларант болып табылмайтын тұлға берсе;
2) декларацияда осы Кодекстiң 405-бабының 5-тармағымен көзделген талап етiлетiн мәлiметтер көрсетiлмесе;
3) кеден декларациясына тиiстi жолмен қол қойылмаса немесе куәландырмаса немесе белгiленген нысан бойынша емес жасалса;
4) мәлiмделетiн тауарларға қатысты кеден баждары мен салықтарының мерзiмiн беру немесе мерзiмiн ұзарту, сондай-ақ есепке алу әдiсiмен қосылған құн салығын төлеу кезiндегi жағдайларды қоспағанда оларды төлеу қамтамасыз етiлмеген немесе кеден төлемдерi мен салықтары төленбесе;
5) ол туралы мәлiметтер жүк кеден декларациясының арнаулы бағанында көрсетiлген барлық құжаттар берiлмесе.
4. Кеден декларациясын тiркеу немесе тiркеуден бас тарту жүк кеден декларациясын қабылдау сәтiнен бастап екi сағаттан кем емес мерзiмде жүргiзiледi.
5. Кеден декларациясын тiркеуден бас тарту жағдайында кеден органының лауазымды тұлғасы берiлген қосымшалармен бiрге және кеден декларациясын тiркеуден бас тарту парағын толтырады, көрсетiлген парақты жүк кеден декларациясын берген тұлғаға бас тартуды бередi.
Кеден декларациясында бас тарту парағын ресiмдеу нысаны мен тәртiбiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы белгiлейдi.
6. Қабылданған жүк кеден декларациясы тiркелген уақыттан бастап заңды күшi бар құжат болып табылады.
411-бап. Кеден декларациясында көрсетiлген мәлiметтердi өзгерту,
толықтыру және кеден декларациясын керi шақыртып алу
1. Кеден органының рұқсатымен және декларанттың жазбаша дәлелдi себебi бойынша жүк кеден декларациясында көрсетiлген мәлiметтер өзгертілуi немесе толықтырылуы мүмкiн, ал кеден органы қабылдаған кеден декларациясы керi шақыртып алынуы мүмкiн.
2. Жүк кеден декларациясында көрсетiлген мәлiметтердi өзгертуге және толықтыруға тауарларды қарауды бастамаған немесе кеден декларациясын тексерудi аяқтамаған кеден органы декларанттың жүгiнуiн алу сәтi шартында кеден органы рұқсат етеді.
3. Кеден декларациясын өзгерту немесе толықтыру оның қызмет саласын кеңейте немесе қысқарта алмайды, кеден органы қабылдаған декларацияда көрсетiлуi тиiстi басқа тауарлар туралы мәлiметтер өтiнішке алып келмейдi.
4. Қате деректердi сызу немесе тиiстi мәлiметтердiң үстiнен жазу жолымен декларанттың ауызша өтiнiшi бойынша кедендiк ресiмдеу кезiнде кеден органдарының шешiмдерiн қабылдауға әсер ететiн деректер негiзiнде жүк кеден декларациясындағы өзгермейтiн қате жазуларды, техникалық немесе грамматикалық қателердi (үш жағдайдан астам емес) түзетуге жол беріледi. Әрбiр мұндай түзету уәкiлеттi тұлғаның қол қоюымен және декларанттың мөрiмен куәландырады.
5. Кеден органдарының лауазымды тұлғалары тұлғаның бастамасы, тапсырмасы немесе сұрау салуы бойынша кеден органдарының құзыретiне жататын сол мәлiметтердi жүк кеден декларациясына енгiзудi қоспағанда жүк кеден декларациясында көрсетiлген мәлiметтердi өзгертуге немесе толықтыруға, жүк кеден декларациясын толтыруға құқылы емес.
6. Декларанттың дәлелдi жүгiнуi бойынша жүк кеден декларациясы олардың тауарды шығаруына дейiн керi шақыртып алынуы мүмкiн. Кеден органы декларацияны керi шақырту кезiнде тауарлардың уақытша, алдын-ала, мерзiмдiк, толық емес рәсiмiн пайдалану жағдайларын қоспағанда керi шақыртып алуға рұқсатты беру күнiнен бастап он бес күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс жаңа кеден декларациясын беру үшiн мерзiм белгiлейдi. Декларацияны керi шақыртып алу кеден баждарын, салықтарды төлеу мерзiмiн ұзартпайды.
7. Керi шақырылып алынатын декларация Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс оларды әкетудiң мақсаты үшiн тауарларға берiлген жағдайда, жүк кеден декларациясы Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан тыс оларды нақты әкетуге дейiн керi шақыртып алынуы мүмкiн. Осы тауарларға жаңа жүк кеден декларациясын беру үшiн мерзiм белгiленбейдi.
Бұл ретте, керi шақыртып алынған жүк кеден декларациясы күшiн жоюға жатады.
8. Осы баптың 3-тармағымен көзделген талаптарды орындау шарты кезiнде тауарларды шығару күнiнен бастап бiр ай iшiнде орталық кеден органының шешiмiмен айрықша жағдайларда декларанттың дәлелдi сұрау салуы бойынша жүк кеден декларациясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге жол берiледi.
51-ТАРАУ. ТАУАРЛАРДЫ МӘЛIМДЕУГЕ ҚАТЫСТЫ ҚОСЫМША ЕРЕЖЕЛЕР
412-бап. Алдын-ала мәлiмдеу
1. Жүк кеден декларациясы егер, декларант тауарлардың кедендiк ресiмдеуi үшiн қажеттi құжаттарды берсе, кеден органына оларды нысаналы беруге дейiн отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей тауарларға қатысты берiлуi мүмкiн. Кеден төлемдерi, салықтар кеден органына кеден декларациясын берумен дейiн немесе бiруақытта төленедi.
2. Егер кеден мақсаты үшiн тауарларды iлестiретiн көлiк немесе коммерциялық құжаттар пайдаланылса, кеден органы декларант куәландырған осы құжаттардың көшiрмелерiн немесе осы құжаттардан мәлiметтi қабылдайды және тауарлар келгеннен кейiн құжаттардың түпнұсқаларындағы бар көрсетiлген құжаттармен салыстырады.
3. Жүк кеден декларациясы егер, тауарлар оны тiркеу күнінен бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде алдын-ала декларациясын қабылдаған жүк кеден органына берiлмесе, күшiн жояды.
4. Тауарларды алдын-ала мәлiмдеу кезiнде кеден декларациясын кеден органының тiркеу күнiне қолданылатын нормативтiк құқықтық актiлер пайдаланылады.
5. Бұрын мәлiмделгеннен (бұрын берiлген тауар iлеспе құжаттарының көшiрмелерi негiзiнде) өзге құндық, сандық немесе салмақтық көрсеткiштер өзгерген жағдайда құнның, санның немесе салмақтың (коммерциялық актiлер, Сауда-өнеркәсiп палаталарының актiлерi) өзгеруiн растайтын құжаттар мiндеттi түрде берiледi.
6. Егер, тауарлар келгеннен кейiн бұрын мәлiмделген құндық, сандық немесе салмақтық көрсеткiштерге сәйкессiздiк табылса, декларант осы Кодекспен көзделген тәртіппен алдын-ала декларацияны керi шақыртып алуға құқылы.
7. Алдын-ала мәлiмдеу рәсiмiн пайдалану кезiнде кеден органының арнайы рұқсаты талап етiлмейдi. Тауарларды алдын-ала мәлiмдеудiң рәсiмiн қолдану кезiнде кеден декларациясын толтыру тәртiбiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органымен келiсiм бойынша орталық кеден органы белгiлейдi.
413-бап. Уақытша кеден декларациясы
1. Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарларды әкету кезiнде уақытша кеден декларациясын беру жолымен тауарларды мәлiмдеуге жол берiледi.
2. Уақытша кедендiк декларацияда белгiлi уақыт кезеңiнiң iшiнде тауарлардың шамаланған санын өткiзу туралы ниет етуiн ескерiп мәлiметтердi көрсетуге жол берiледi. Тауар құнын декларант сатып алу-сатудың сыртқы сауда мәмiлесiнiң бағасын ескерiп көрсетуi мүмкiн. Егер, келiсiм-шартта (шартта) тауардың кесiмдi (дәл, түпкiлiктi) бағасы жоқ және оны айқындау шарты ғана белгiленсе, сондай-ақ егер, кеден декларациясын беру күнiне өткiзiлетiн тауардың сапасы мен саны туралы дәл ақпарат жоқ болса, онда тауарды шартты бағалау үшiн кеден органының иелiгіндегi өткiзiлетiн тауардың бағалық ақпаратының шартты бағасы немесе келiсiм-шартта тiркелген алдын-ала белгiленген баға пайдаланылады.
Уақытша кеден декларациясын толтыру және оны пайдаланумен кедендiк ресiмдеу тәртiбiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы айқындайды. Бұл кеден рәсiмi кезiнде, кеден органының уақытша кеден жүк декларациясын тiркеу күнiне қолданылатын нормативтiк құқықтық актiлер қолданылады.
3. Уақытша кедендiк декларация жоспарланатын жеткiзудiң алдыңғы айына бiр ай iшiнде кеден органына берiледi.
4. Кедендiк төлемдер, салықтар кеден органына уақытша кеден декларациясын беруге дейiн немесе бiр уақытта төленедi.
5. Декларант тауарлардың уақытша кедендiк декларациясында мәлiмделген жеткiзуден кейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмейтiн мерзiмде толық және тиiстi жолмен толтырылған кеден декларациясын беруге мiндеттi. Көрсетiлген мерзiм коносаменттi, қабылдау-тапсыру актiсiн немесе бағасы мен санын айқындау үшiн пайдаланылатын басқа құжатты ресiмдеу күнiнен бастап, бiрақ уақытша кеден декларациясын кедендiк ресiмдеу күнiнен бастап алпыс күнтiзбелiк күннен астам еместе есептеледi.
6. Уақытша кеден декларациясының мәлiмделген санынан, бiрақ он проценттен астамға емес тауарлардың нақты санынан асуына жол берiледi.
7. Кеден төлемдерi мен салықтарын қосып төлеу немесе артық төленген кеден баждарын, салықтарын қайтару уақытша кеден декларациясына сәйкес осы Кодекстiң 8-бөлiмiне сәйкес жүзеге асырылады.
414-бап. Құбыр өткiзу және электр беру желiлерiн пайдаланумен
тауарларды әкету кезiнде уақытша кедендiк декларацияны
берудiң ерекшелiктерi
1. Электр энергиясы үшiн уақытша кедендiк декларация жоспарланатын жеткiзудiң алдағы тоқсанына - бiр ай iшiнде кеден органына берiледi.
2. Декларант тауарлардың уақытша кедендiк декларациясында мәлiмделген жеткiзуден кейiн отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмейтiн мерзiмде толық және тиiстi жолмен толтырылған кеден декларациясын беруге мiндеттi. Көрсетiлген мерзiм көлiк құжаттарын ресiмдеу күнiнен бастап есептеледi. Табиғи газ бен электр энергиясы үшiн толық кеден декларациясын беру мерзiмi жеткiзу айының соңғы күнiнен бастап есептеледi.
Толық кедендiк декларацияны берудiң жалпы мерзiмi уақытша кедендiк декларацияда көрсетiлген тауарларды жеткiзудiң айы аяқталуы күнiнен бастап үш айдан аспауы тиiс.
415-бап. Мерзiмдiк кеден декларациясы
1. Кеден органы бiр және сол тұлғаның бiр және сол тауарларды кеден шекарасы арқылы тұрақты өткiзуi кезiнде уақыттың белгілi кезеңi iшiнде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн барлық тауарларға бiр кеден декларациясын беруге рұқсат етуi мүмкiн.
2. Тауарлар, егер олар Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы бойынша тоғыз белгi деңгейiнде бiрдей бiлiктiлiк коды болатын бiр және солар қарастырылады.
3. Тауарлар егер, бiр және сол тұлға бiр күнтiзбелiк ай iшiнде бiр және сол тауарды жеткiзудiң үш және одан да астамын жүргізсе, бiр және сол тұлға Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тұрақты өткiзiлетiнi ретінде қаралады.
4. Бiртұтас партия ретiнде кеден мақсаты үшiн жеке жеткiзулердiң санына қарамастан бiр сыртқы сауда шарты бойынша бiр күнтiзбелiк ай iшiнде бiр және сол өткiзу пунктi арқылы өткiзiлетiн бiр және сол тауарлар қаралады.
5. Кезеңдiк мәлiмдеу рәсiмiн қолданумен тауарларды кедендiк ресiмдеу кезiнде мерзiмдiк кеден декларациясын кеден органының тiркеу күнiне қолданылатын Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi қолданылады.
6. Кезеңдiк мәлiмдеу жеткiзудiң алдағы айына айдағы кезеңдiк кеден декларациясын беру жолымен жүргiзiледi. Бұл ретте, кезеңдiк кедендiк декларация тауарлардың бiртұтас партиясына толтырылады.
7. Кезеңдiк мәлiмдеу рәсiмiн қолданумен тауарларды өткiзу жүргiзiлген күнтiзбелiк айдың аяқталуынан кейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей әкелiнген немесе әкетiлген тауарлардың нақты санын ескере отырып толтырылған толық кедендiк декларация берiледi.
8. Кезеңдiк жүк кедендiк декларациясында мәлімделген көлемдерден өзгеше көлемдердегi тауарларды әкелу жағдайында толық кедендiк декларация әкелiнген тауарлардың нақты санын ескере отырып толтырылады. Бұл ретте, кезеңдiк жүк кедендiк декларация келесi айға осындай өзгерiстердi ескере отырып толтырылады.
9. Кезеңдiк мәлiмдеу рәсiмiн қолданумен тауарларды кедендiк ресiмдеу тәртiбiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы айқындайды.
416-бап. Кедендiк мәлiмдеуге рәсiмдi пайдалануға рұқсатты беру тәртiбi
1. Кезеңдiк мәлiмдеудiң рәсiмiн пайдалануға рұқсатты (бұдан әрi - рұқсат) алу үшiн мүдделi тұлға кеден органына мынадай мәлiметтердi көрсете отырып тауарларды өткiзетiн тұлғаның басшысы қол қойған еркiн нысанда органына мынадай мәлiметтердi көрсете отырып тауарларды өткiзетiн тұлғаның басшысы қол қойған еркiн нысандағы өтiніш берiледi:
1) тоғыз белгi деңгейiндегi Сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлық номенклатурасы бойынша бiлiктiлiк кодын көрсете отырып тауарлардың атауы;
2) бiр күнтiзбелiк ай iшiнде тауарларды өткiзудiң болжанатын жиiлiгi мен көлемi;
3) тауарлардың шыққан елi;
4) сыртқы сауда шартының немесе оның негiзiнде тауарларды кедендiк ресiмдеу жүргiзiлетiн өзге құжат деректемелерi (күнi мен нөмiрi);
5) тауарлардың шамамен кедендiк құны;
6) әкелу кезiнде тауарларды жiберушiнiң, әкету кезiнде тауарларды алушының атауы;
7) әкету кезiнде - ол арқылы тауарларды әкету жүзеге асырылатын өткiзудiң кеден пунктi.
2. Өтiніштi алу сәтiнен бастап үш күннен аспайтын мерзiмде кеден органы өтiнiштi қарайды. Кеден органы басшысының рұқсатымен көрсетiлген мерзiм он күнтiзбелiк күнге ұзартылуы мүмкін.
3. Әкелiнетiн тауарларға қатысты рұқсат тауарлардың жiктемесiне қатысты алдын-ала шешiмдi қабылдау шарты кезiнде берiледi.
4. Рұқсат берiлмейдi:
1) тауарлардың болжанатын өткiзуi кезеңдiк мәлiмдеу рәсiмiн пайдалану талаптарына жауап бермейтiн жағдайда;
2) сот тәртiбiмен кеден ережелерiн бұзғаны үшiн жазаға ұшыраған тұлғаларға;
3) кеден төлемдерi мен салықтарын төлеу бойынша берешегi бар тұлғаларға.
5. Рұқсат кеден органының депозиттiк шотына кеден төлемдерi мен салықтарды төлеудiң алдын-ала сомасының түсу сәтiнен бастап қолданылатын деп саналады.
6. Рұқсат сыртқы сауда шартының немесе оның негiзiнде тауарларды
кедендiк ресiмдеу жүргiзiлетiн өзге құжаттың қолданылу мерзiмiне берiледi.
7. Рұқсат мынадай жағдайларда керi қайтарылуы немесе оның қолданылуы
тоқтатыла тұруы мүмкiн:
1) олар бойынша iстердi соттар қарайтын кеден ережелерiн бұзуларды
тұлғаның жасауы;
2) кедендiк төлемдер мен салықтар бойынша берешектiң тұлғада
туындауы, сондай-ақ кеден органының депозитiне ай сайынғы кеден төлемдерi
мен салықтар сомасын енгiзу;
3) осы Кодекспен белгiленген кезеңдiк мәлiмдеу рәсiмiн пайдалану
талаптарын сақтамау.
52-ТАРАУ. ТАУАРЛАРДЫ ШЫҒАРУ
417-бап. Тауарларды шығару үшiн негiздемелер
Мынадай шарттар сақталған жағдайда:
1) тауарларды кедендiк ресiмдеу мен тексеру кезiнде кеден органдары анықтаған жолсыздықтар жойылған, ал жолсыздықтың объектiсi болып табылатын тауарлар алуға немесе тәркiлеуге жатпайтын не Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес заттай айғақ ретiнде одан әрi талап етiлуi мүмкiн болмайтын жағдайларды қоспағанда, кеден iсi саласындағы құқық бұзушылықтар анықталмаса;
2) кеден органына Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тауарларды шығару үшін қажеттi лицензиялар, сертификаттар, рұқсаттар ұсынылса;
3) тұлғалар осы Кодекске сәйкес тауарларды таңдап алған кедендiк
режимге орналастыру немесе тиiстi кедендiк рәсiмдi қолдану үшiн қажеттi
талаптар мен қарттарды сақтаса;
4) тауарларға қатысты кедендiк төлемдер, салықтар төленсе не осы
Кодекстiң 42, 45-тарауына сәйкес олардың төлемi қамтамасыз етiлсе кеден
органдары тауарларды шығаруды жүзеге асырады.
418-бап. Тауарларды шығарудың мерзiмдерi
Кеден органдары тауарлар шығаруды жүргiзедi не құжаттарды тексеру
және тексеру өткiзу аяқталғаннан кейiнгi күннен кешiктiрмейтiн мерзiмде
тауарларды шығарудан бас тартады.
419-бап. Құжаттарды, тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн зерттеу
не сарапшының қорытындысын алу қажет болған жағдайда
тауарларды шығару
1. Егер, кеден органдары кедендiк декларацияда немесе кеден органдарына ұсынылған өзге де құжаттарда көрсетiлген мәлiметтердің дұрыстығын тексеру мақсатында тауарлардың сынамаларын немесе үлгiлерiн, егжей-тегжейлі техникалық құжаттаманы зерттеу немесе сараптама жүргiзу қажеттiгi туралы шешiм қабылдаса, тауарларды шығару декларант кедендiк сараптамалар жүргiзудiң нәтижелерi бойынша қосымша есептелуi мүмкiн кедендiк төлемдердiң, салықтардың төленуiн қамтамасыз етуi шартымен кедендiк сараптамалардың нәтижелерiн алғанға дейiн жүргiзiледi.
2. Тауарларды шығару тек кеден органдары тауарларға тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылуы мүмкiн болатындығын көрсететiн белгiлердi анықтаған және декларант олардың сақталғандығын растайтын айғақтар ұсынбағанда ғана жүргiзiлмейдi.
420-бап. Кеден iсi саласындағы әкімшiлік құқық бұзушылықтың
белгiлерi анықталған жағдайда тауарлар шығару
Кеден iсi саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың белгiлерi анықталған жағдайда тауарларды шығару кеден органы басшысының шешiмi бойынша жолсыздықтың объектiсi болып табылатын тауарлардың тәркiлеуге жатпауы, одан әрi заттай айғақтар ретiнде талап етiлуiнiң мүмкiн болмауы және iстi қараудың нәтижелерi бойынша есептелуi мүмкiн кедендiк төлемдердiң, салықтардың, сондай-ақ айыппұлдардың не iс бойынша өзге де жазалау шараларының төленуiнiң қамтамасыз етiлуi шартымен iс бойынша iс жүргiзу немесе оны қарау аяқталғанға дейiн жүзеге асырылуы мүмкiн.
53-ТАРАУ. КЕДЕН ДЕЛДАЛЫ
421-бап. Кеден делдалы
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған және Қазақстан Республикасында мекен-жайы бар, кеден делдалы ретiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған орталық кеден органының лицензиясын алған заңды тұлға кеден делдалы бола алады.
Кеден делдалы өз қызметiн Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларына сәйкес жүзеге асырады.
422-бап. Кеден делдалының қызметi
1. Кеден делдалының қызметi өз атынан кедендiк ресiмдеу, алдын ала операциялар жөнiндегi iс-әрекеттердi жасаудан және өкiлдiк берушi тұлғаның есебiнен және оның тапсыруы бойынша басқа да кеден iсi саласында бiтiстiрушiлiк функцияларды орындаудан тұрады.
2. Кеден делдалының функциясына:
1) тауарлар мен көлiк құралдарын декларациялау;
2) кеден органына кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттар мен қосымша мәлiметтер ұсыну;
3) кеден органына декларацияланатын тауарлар мен көлiк құралдарын ұсыну;
4) Қазақстан Республикасының кедендiк және салықтық заңдарында декларацияланатын тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты көзделген кедендiк төлемдер мен салықтардың төленуiн қамтамасыз ету;
5) декларацияланатын тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiктерi бар тұлға ретінде кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылау үшiн қажеттi iс-әрекеттер жасау кiредi.
Көрсетiлген функцияларды кеден делдалы тек жиынтықта ғана орындай алады. Кеден делдалының көрсетілген функцияларды не операцияларды бiр функцияның шектерiнде iшiнара орындауына рұқсат етiлмейдi.
3. Кеден делдалының өкiлдiк беруші тұлғамен өзара қарым-қатынасы осы Кодекске сәйкес жазбаша шарттың негiзiнде құрылады. Өкiлдiк берушi тұлға кеден делдалына осы баптың 2-тармағында көрсетiлген кеден iсi саласындағы функцияларды тек жинақтылықта ғана орындауға тапсырма бере алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгедей белгiленбесе, оның тапсырмасы бойынша әрекет ететiн кеден делдалы, оларға қатысты ең болмағанда бiр заңды мәнi бар әрекет жасаса негізiнен тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеуге өкiлдiк берушi тұлға қатыспайды.
4. Кеден делдалы мен өкiлдiк берушi тұлғаның арасында кедендiк ресiмдеу жөнiндегi әрекеттердi жүргiзу кезiнде жасалған шартты өзгерту немесе бұзу кеден делдалын жауапкершiлiктен босатпайды.
5. Кеден делдалы мен өкiлдiк беруші тұлғаның арасындағы даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.
6. Кедендiк операцияларды жасау кезiнде кеден делдалы үшiн осы Кодекске сәйкес декларант немесе өзге де тұлғалар кедендiк операцияларды жасау кезiнде белгiленетiндерден және қойылатындардан төмен жағдайлар белгiленбеуі немесе неғұрлым қатаң талаптар қойылмауы тиiс.
423-бап. Кеден делдалының қызмет сапасын шектеу
1. Кеден делдалы өз қызметiнiң саласын сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлық номенклатурасына, көлiктiң және аймақтың түрлерiне сәйкес тауарлардың белгiлi бiр санаттарымен шектеуге құқылы. Бұл шектеулер кеден делдалы ретiндегi қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензияда көрсетiледi.
2. Қызметiн көрсетiлген шектеулердiң шегінен тыс жүзеге асыруға рұқсат етiлмейдi.
424-бап. Кеден делдалының құқықтары
1. Кеден делдалы оны өз мүдделерiн кеден органдарымен өзара қарым-қатынаста бiлдiруге уәкiлеттілендiретiн тұлға сияқты сол құқықтар мен сол мiндеттерге ие болады.
2. Өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде кеден делдалы:
1) кеден органдарының лауазымды адамдары мұндай тауарларды кедендiк ресiмдеу мақсатында тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу кезiнде, тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алуы кезiнде қатысуға;
2) кеден органының рұқсатымен және кеден органы лауазымды адамының қатысуымен тауарлар мен көлiк құралдарын тексерудi жүргiзуге, оларды өлшеуге және мөлшерiн өзгедей анықтауға, сондай-ақ тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алуға. Егер көрсетiлген операциялар кедендiк ресiмдеу басталғанға дейiн жасалса Қазақстан Республикасының аумағынан әкететiн тауарларға қатысты мұндай рұқсат талап етiлмейдi;
3) кеден органы жүргiзген тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу зерттеулерiнiң (сараптамаларының) нәтижелерiмен танысуға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз қаражатының есебiнен немесе өкiлдiк берудi тұлғаның қаражаты есебiнен тауарлардың алынған сынамалары мен үлгiлерiне зерттеу (сараптама) жүргiзуге не осындай зерттеудiң (сараптаманың) жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге;
5) кеден органының келiсiмiмен кедендiк бақылау аймағына ену құқығы бар өз қызметкерлерiнiң тiзiмiн бекiтуге және аталған аймақтарда кедендiк ресiмдеу жөнiндегi операцияларды жасау үшiн қажеттi қызметтiк үй-жайларды иеленуге;
6) осы Кодекске сәйкес кеден органдарының кеден мәселелерi жөнiндегi ақпаратын және консультацияларын алуға;
7) кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен олар кедендiк мақсаттар үшiн осы Кодекстiң 26-бабында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, қажеттi ақпараттарды автоматтандырылған өңдеу, деректердi электрондық жолмен беру үшiн пайдаланатын кеден органдарының ақпараттық желiлерiне қол жеткiзуге;
8) өкiлдiк берушi тұлғадан кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi, оның iшiнде коммерциялық, банктiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпиялары бар не жасырын ақпарат болып табылатын ақпаратты талап етуге және осы Кодексте белгiленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ететiн мерзiмдерде осындай құжаттар мен мәлiметтердi алуға;
9) алдын ала операциялар, кедендiк рәсiмдер мен кедендiк режимдер кезiнде кедендiк төлемдер мен салықтардың төленуiн қамтамасыз ету бөлiгiнде өкiлдiк берушi тұлға үшiн кеден органдарының алдында кепiлге алушы немесе төлеушi ретiнде болуға;
10) өкiлдiк берушi тұлғамен шарт жасасудың шарты ретiнде осы тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес мiндеттерiн орындауын қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды белгiлеуге;
11) осы Кодексте белгiленген тәртiппен кеден органдарының шешiмдерiне, кеден органдары лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдануға құқылы.
425-бап. Кеден делдалының мiндеттерi мен жауаптылығы
1. Кеден делдалының мiндеттерi:
1) осы Кодекспен және кеден iсi саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген тәртiппен тауарлар мен көлiк құралдарын мәлiмдеу;
2) кеден органының талабы бойынша декларацияланатын тауарлар мен көлiк құралдарын ұсыну;
3) кеден органына кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттар мен қосымша мәлiметтер ұсыну;
4) кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты есептi және есептiлiктi жүргiзу;
5) кеден органдарын анықталған кедендiк бiрегейлендiру құралдарының кез келген өзгерiсi, жойылуы, бүлiнуi немесе жоғалуы, ыдыс пен орамның бүлiнуi, тауарлардың олар туралы көлiктiк, коммерциялық және өзге де құжаттардағы мәлiметтерге сәйкес келмеуi, әртүрлi құжаттардағы тауарлар туралы мәлiметтердiң сәйкес келмеуi және кеден iсiне қатысы бар осыған ұқсас жағдаяттар туралы уақытылы хабардар ету;
6) кеден делдалының штатында тұратын кедендiк ресiмдеу жөнiндегi мамандардың осы Кодекспен көзделген талаптарды сақтауына бақылау жасау;
7) кеден органына кеден делдалының штатында тұратын кедендiк ресiмдеу жөнiндегi мамандар туралы мәлiметтердi, сондай-ақ осы тұлғалардың жеке нөмiрлiк мөрлерi мен қолдарының үлгiлерiн ұсыну болып табылады.
8) осы Кодекстiң 45-тарауына сәйкес өткен күнтiзбелiк жыл үшiн кеден делдалы ресiмдеген тауарларға қатысты есептелген кеден төлемдерi мен салықтардың орташа тоқсандық сомасының жиырма бес проценттен кем емес, бiрақ 1000-еселiк белгiленген айлық есептiк көрсеткіштен кем емес сомасына кеден төлемдерi мен салықтарды төлеудi қамтамасыз ету.
2. Кеден делдалы қызметiнiң әрбiр жылының аяқталуы бойынша орталық кеден органы кеден делдалы мiндеттемелерiн қамтамасыз ету сомасын қайта есептеу туралы шешiм қабылдайды.
3. Кеден делдалы өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде декларанттың барлық мiндеттерiн орындайды және өзi тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өз бетiнше өткiзетiнi сияқты толық көлемдегi жауаптылықта болады.
4. Кеден делдалының кедендiк ресiмдеу, алдын ала операциялар және өзге де кедендiк рәсiмдер кезiндегi мiндеттерi мен жауаптылығы осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының кеден iсi саласындағы тауарларды кедендiк режиммен орналастыру немесе кедендiк рәсiм үшiн қажеттi өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен белгiленетiн талаптармен және шарттармен келiсiледi. Мұндай операцияларды жасау фактiсi кеден делдалына кедендiк режимдi қолданудың аяқталуымен байланысты операцияларды жасау жөнiндегi мiндеттердi, сондай-ақ осы Кодекске және Қазақстан Республикасының кеден iсi саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес тек тауарларды өткiзетiн тұлғаға жүктеледi.
5. Кедендiк декларацияны бергенге дейiн немесе онымен бiр мезгiлде осы Кодекске сәйкес төлеуге жататын кедендiк төлемдердiң төленуі үшiн кеден делдалы өкiлдiк берушi тұлғамен бiрге тең жауаптылықта болады.
6. Кеден делдалының кеден органдарының алдындағы мiндеттерi мен жауаптылығы өкiлдiк берушi тұлғамен жасалған шартпен шектелуi мүмкiн емес.
7. Кеден делдалының құқықтары, мiндеттерi жауапкершiлiгi барлық кеден делдалдары үшiн бiрдей болып табылады. Жекелеген кеден делдалдары үшiн жеке сипаты бар жеңiлдiктер, ерекше (эксклюзивтiк) құқықтар және өзге де артықшылықтар беруге тиым салынады.
426-бап. Кеден делдалы ретiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк
талаптары
Заңды тұлға кеден делдалы ретiндегi қызметтi жүзеге асыру үшiн мынадай бiлiктiлiк талаптарына жауап беруi тиiс:
1) штатында кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның белгiленген тәртiппен бiлiктiлiк аттестатын алған кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның болуы;
2) кеден органдары пайдаланатын бағдарламалық өнiмдермен қосылған бағдарламалық өнiмдердiң болуы;
3) өткен жыл үшiн кеден делдалы ресiмдеген немесе кедендiк төлемдер мен салықтарды осы Кодекстiң 45-бабына сәйкес кеден делдалы ресiмдейтiн, бiрақ 10000 еселенген белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен төмен емес, тауарларға қатысты есептелген кедендiк төлемдер мен салықтардың орта тоқсандық сомасынан жиырма бес проценттен кем емес сомаға төлеудi қамтамасыз етудiң болуы.
427-бап. Кеден делдалы ретiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына
арналған лицензия
1. Заңды тұлға орталық кеден органының осындай қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясын алғаннан кейiн кеден делдалы ретiндегi қызметiн бастай алады.
2. Лицензия алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
1) заңды тұлғаның белгiленген нысан бойынша өтiнiшi;
2) өтiнiште көрсетiлген мәлiметтердi және өтiнiш берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар, атап айтқанда:
тiркеу құжаттарының нотариалды расталған көшiрмелерi;
осы Кодекстiң 426-бабымен белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiлiктi растайтын құжаттар;
3) лицензия бергенi үшiн алым төлегендiгiн растайтын құжаттар.
3. Осы Кодекспен реттелмеген лицензиялармен байланысты қатынастар лицензиялау туралы заңдармен реттеледi.
428-бап. Кеден делдалы ретiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына
арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру
1. Кеден делдалы кеден делдалы ретіндегi қызметке қойылатын талаптар мен мiндеттердi сақтамаған жағдайда, сондай-ақ кеден делдалы өз құқықтарын терiс пайдаланатындығына жеткiлiктi негiздемелер болған жағдайда, лицензияның қолданылуы орталық кеден органының шешiмi бойынша тоқтата тұрудың себептерi көрсетiле отырып, алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтатыла тұруы мүмкiн.
2. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмдi орталық кеден
органы мұндай шешiмдi негiздей отырып бұйрық нысанында өздiгiнен не кеден
органының ұсынысының негiзiнде қабылдайды.
3. Лицензияның қолданылуы тиiстi шешiм қабылданған күннен бастап
тоқтатыла тұрады.
4. Лицензияның қолданылуы олар бойынша қолданылуы тоқтатыла тұрған
себептер жойылғаннан кейiн, орталық кеден органы лицензияның қолданылуын
жаңғырту туралы шешiм қабылдаған күннен бастап жаңғыртылады.
5. Лицензияның қолданылуы кеден делдалының дәлелдi жүгiнуi бойынша
тоқтатыла тұруы мүмкiн.
429-бап. Кеден делдалы ретiндегі қызметті жүзеге асыру құқығына
арналған лицензияны қайтарып алу
1. Орталық кеден органы лицензияны:
1) егер толық және сенiмдi ақпарат ұсынылған жағдайда белгіленген тәртiптiң негiзiнде ол өтiнiш берушiге берiлуi мүмкiн болмаса, ол сенiмсiз мәлiметтердiң негiзiнде берiлген;
2) бiлiктілік аттестаты жоқ маманның, бiлiктiлiк аттестаты қайтарып алынған маманның немесе бiлiктiлiк аттестатының қолданылуы соттың шешiмi бойынша тоқтатыла тұрған не бұл қызметпен айналысу құқығынан айырылған маманның қызметтерiн пайдаланған;
3) олар бойынша бұрын лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған себептер жойылмаған жағдайларда қайтарып алуы мүмкiн.
2. Қайтарып алу туралы шешiм орталық кеден органының бұйрығымен
мұндай шешiмдi негiздей отырып не кеден органының дәлелдi ұсынысының
негiзiнде ресiмделедi.
3. Лицензияның қайтарып алуы қайтарып алу туралы шешiм қабылданған
күннен бастап қолданылады.
4. Лицензияны қайтарып алған жағдайда кеден делдалы қайтарып алу
туралы шешiмдi алған күннен бастап он бес күннен кешiктiрмей оны орталық
кеден органына беруге мiндеттi.
5. Кеден делдалы ретіндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған
лицензия беру туралы қайта өтiнiш оны қайтарып алуға негiз болған
себептердiң жойылуы шартымен лицензияны қайтарып алу туралы шешiм
шығарылған күннен бастап екi жыл өткеннен кейiн қаралуы мүмкiн.
430-бап. Кеден делдалы ретiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына
арналған лицензияның қолданылуын тоқтату
1. Лицензия өзiнiң қолданылуын:
1) лицензия қайтарып алынған;
2) кеден делдалы ретiндегi қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;
3) кеден делдалы орталық кеден органына жазбаша нысандағы тиiстi өтiнiшiн ұсына отырып кедендiк қызмет көрсету жөнiндегi қызметтi тоқтатқан жағдайларда тоқтатады.
2. Кеден делдалы ретiндегi қызметтi тоқтатқан жағдайда, заңды тұлға өзi кеден делдалы ретiндегi қызметтi тоқтатқанға дейiн қабылдаған барлық мiндеттемелердi орындауға мiндеттi.
3. Кеден делдалы ретiндегi қызметтi тоқтату туралы шешiм заңды тұлғаның кеден делдалы ретiндегi қызметiн тоқтатуының себептерi көрсетiле отырып орталық кеден органының бұйрығымен ресiмделедi.
Заңды тұлғаның кеден делдалы ретiндегi қызметi лицензиясын қайтарып алумен байланысты тоқтатылған жағдайда, қызметiн тоқтату туралы жеке бұйрық шығарылмайды.
Заңды тұлғаның кеден делдалы ретiндегi қызметi тоқтатылған жағдайда, лицензия он бес күннiң iшiнде орталық кеден органына қайтарылуға жатады.
431-бап. Кеден делдалы қызметiне қосымша ережелер
1. Лицензияға енгiзiлмейтiн, лицензия алуға арналған өтiнiште көрсетiлген кеден делдалы туралы мәлiметтер өзгерген жағдайда, кеден делдалы өзгерiстер жүрген сәттен бастап бiр айлық мерзiмде бұл туралы орталық кеден органына хабардар етуге мiндеттi.
2. Кеден делдалының лицензияда көрсетiлген атауы, мекен-жайы өзгерген жағдайда, ол бiр айдың iшiнде көрсетілген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге міндетті.
Орталық кеден органы кеден делдалы тиiстi жазбаша өтiнiш берген күннен бастап он күннiң iшiнде белгiленген тәртiппен жаңа лицензия беру жолы мен лицензияны қайта ресiмдейдi.
3. Кеден делдалы лицензияда көрсетілген қызметтің шектеулi саласын кеңейту туралы шешiм қабылдаған жағдайда, оны алудың белгiленген тәртiбiне сәйкес жаңа лицензия алу қажет. Бұрын берiлген лицензияның қолданылуы жаңа лицензия берiлген сәттен бастап тоқтатылады.
4. Лицензия жоғалған жағдайда кеден делдалының өтiнiш бiлдiрген күнiнен бастап он күннiң iшiнде телнұсқа алуға құқығы бар. Бұл ретте қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн Қазақстан Республикасының салық заңдарымен белгiленген тәртiппен және мөлшерде лицензиялық алым төленедi.
5. Кеден органдарының лицензиялаумен байланысты шешiмдерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағымдалуы мүмкiн.
6. Кеден делдалдары мен өкiлдiк берушi тұлғалардың арасындағы қатынастар тоқтаған жағдайда, лицензияларды қайтарып алу және тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
432-бап. Кеден делдалдарының тiзiлiмi
Орталық кеден органы кеден делдалдарының тiзiлiмiн жүргiзедi және оның ай сайын жариялануын, оның iшiнде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жариялануын қамтамасыз етедi.
433-бап. Кедендiк ресiмдеу жөнiндегі маман
1. Орталық кеден органының бiлiктiлiк аттестаты бар маманның кеден делдалының атынан кеден құжаттарын ресiмдеу жөнiндегi iстердi жүргiзуге құқығы бар.
Кеден делдалы мен кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалатын жеке еңбек шартының негiзiнде құрылады. Кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маман кеден делдалымен жеке еңбек шартын жасасқан сәттен бастап кеден делдалының атынан кедендiк ресiмдеу жөнiндегi әрекеттердi жүзеге асыруға құқылы. Мұндай шарт бұзылған жағдайда, кеден делдалы үш күннiң iшiнде орталық кеден органын хабардар етуге мiндеттi.
2. Екi және одан да көп заңды тұлғалардың штатында бiр мезгiлде бiр маманның кедендiк ресiмдеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруына рұқсат етiлмейдi.
3. Кеден делдалы кеден органдарының алдында маманның кедендiк құжаттарды ресiмдеу жөнiндегi мiндеттерiн шектей алмайды.
4. Өтiнiштердi қараудың және бiлiктiлiк аттестатын берудiң тәртiбiн, кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманға жүргiзiлетiн аттестация тәртiбiн, оларға қойылатын талаптарды кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы айқындайды. Орталық кеден органы кедендiк ресiмдеу жөнiндегi мамандардың тiзiлiмiн жүргiзедi.
434-бап. Кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның бiлiктiлiк аттестатын
тоқтата тұру және қайтарып алу
1. Аттестаттың қолданылуын екi ай мерзiмге орталық кеден органы тоқтата тұруы мүмкiн:
1) кеден iсiнiң құқықтық реттелуi елеулi түрде өзгерген жағдайда, бiр айлық мерзiмде маман жаңа талаптарға өз бiлiмдерiн растамаған жағдайда;
2) егер маманның ұсынылатын талаптарға сәйкестiгiн растау мақсатында аттестация өткiзу кезiнде бiр айлық мерзiмде маман аттестациядан өтпесе.
2. Аттестаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмдi орталық кеден органы бұйрық нысанында қабылдайды және оны қабылдау күнiнен бастап қолданылады.
3. Аттестаттың қолданылуы бұйрық түрiнде ресiмделген орталық кеден органдарының шешiмi бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетiлген негiздемелер бойынша тоқтатыла тұрған, - орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен аттестациядан өткеннен кейiн қайта жаңғыртылады.
4. Кеден iсiн құқықтық реттеудiң елеулi өзгерiстерi туралы және көрсетiлген негiздеме бойынша аттестаттардың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмдi орталық кеден органы қабылдайды және жариялауға жатады.
5. Аттестаттың қолданылуын тоқтата тұру үшiн негiздеме болып табылатын маманның жолсыздықтарды анықтаған кеден органы бұл туралы орталық кеден органына кешiктiрмей хабарлайды.
6. Егер аттестат өтiнiш берушi ұсынған аттестат беру туралы шешiм қабылдау үшiн елеулi мәнi бар толық емес немесе күмәндi мәлiметтер негiзiнде берiлсе, сондай-ақ егер аттестат өтiнiш берушiге беру тәртiбiн бұза отырып берiлсе орталық кеден органы кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның бiлiктiлiк аттестатын қайтарып алуы мүмкiн.
7. Бiлiктiлiк аттестатын беру туралы қайталап берiлген өтiнiш ол қайтарып алынған немесе жарамсыз деп танылған күннен бастап алты ай өткен соң, осыған негiз болған себептер жойылған жағдайда қаралуы мүмкiн.
8. Бiлiктiлiк аттестатын қайтарып алу, жарамсыз деп тану немесе қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағымдануға болады.
435-бап. Кеден делдалы мен оның қызметкерлерiнiң өкiлдiк берушi
тұлғадан алынған ақпаратқа қатысы
Кеден делдалы мен оның қызметкерлерiнiң өкілдік берушi тұлғадан алған
ақпараты тек кеден мақсаттары үшiн пайдаланылуы мүмкiн.
Өкiлдiк берушi тұлғаның құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерiне
заңсыз залал келтiруге жол берiлмейдi.
Өкiлдiк берушi тұлғаның коммерциялық, банктiк немесе заңмен
қорғалатын өзге де құпиясын, сондай-ақ жасырын ақпаратын кеден делдалы мен
оның қызметкерлерiнiң өз мақсаттарында жариялауы, пайдалануы, үшiншi
тұлғаларға, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына беру осы
Кодексте тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мүмкiн болмайды.
10-БӨЛIМ. КЕДЕН ОРГАНДАРЫНЫҢ САНАТКЕРЛIК МЕНШIК
ОБЪЕКТIЛЕРIНIҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ
54-ТАРАУ. КЕДЕН ОРГАНДАРЫНЫҢ САНАТКЕРЛIК МЕНШIК
ОБЪЕКТIЛЕРIНIҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ YШIН НЕГIЗДЕМЕ
436-бап. Осы бөлiмде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы бөлiмде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) контрафактылы тауарлар - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қорғалатын, құқық иеленушiнiң құқықтары бұзыла отырып кедендiк шекара арқылы құрылған және (немесе) өткiзiлген, санаткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарлар;
2) құқық иеленушi - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес санаткерлiк меншiк объектiлерiн пайдаланудың ерекше құқығына ие тұлға;
3) шығаруды тоқтату - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетін, таңдап алынған кедендiк режимге сәйкес олар контрафактылы тауарлар болып табылатын тауарларды шығару туралы шешiм қабылданған мерзiмдi кеден органдарының ұзартуы;
4) санаткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарларды тiзбесi - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қорғалатын санаткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарлардың тiзiмi.
437-бап. Кеден органдарының санаткерлiк меншiк объектiлерiнiң
құқығын қорғау
Кеден органдары өз құзыры шегiнде осы Кодексте белгiленген тәртіппен санаткерлiк меншiк объектiлерiнiң құқығын иеленуiн қорғау бойынша шараларды қабылдайды.
438-бап. Орталық кеден органының санаткерлiк меншiк объектiлерi бар
тауарлардың тiзiлiмi
1. Орталық кеден органы кедендiк бақылау мақсатында санаткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарлардың тiзiлiмiн (бұдан әрi - тiзiлiм) жүргiзедi және оның мерзiмдi жариялануын қамтамасыз етедi.
2. Тiзiлiмдi жүргiзудiң және кеден органдарына жеткiзудiң тәртібі және өтiнiш берушiнi орталық кеден органы анықтайды.
439-бап. Санаткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарды тiзiлiмге
енгiзудiң және мұндай тауарды тiзiлiмнен шығарудың тәртiбi
1. Тiзiлiмге енгізудi санаткерлiк меншiк объектiлерiне құқығы бар тұлғаның өтiнiшi бойынша орталық кеден органы жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы тауарларды өткiзу кезiнде жеткiлiктi негiздеме бар деп санайтын немесе санаткерлiк меншiкке оның құқығы бұзылуы мүмкiн құқық иесi немесе құқық иесiнiң мүддесiн бiлдiретін өзге тұлға (бұдан әрi - өтiнiш берушi), санаткерлiк меншiк құқығын қорғау туралы орталық кеден органына өтiнiш беруге құқылы.
3. Өтiнiште мынадай мәлiметтер бар болуы тиiс:
1) санаткерлiк меншiк объектiлерiнiң құқығын қорғау туралы өтiнiш берушiнiң өтiнiмi;
2) өтiнiш берушi туралы мәлiмет;
3) санаткерлiк меншiк объектiсiн қорғау туралы, құқық иесiнiң пiкiрiнше оған оның құқығын қорғауда кеден органдарының жәрдемi қажет деп санайтын мерзiм туралы ақпарат; санаткерлiк меншiк объектiсi бар тауарлардың сипаттамасы; заңды экспорттаушылар мен импорттаушылар туралы ақпарат; кеден органдарына контрафактылы тауарларды ашуға мүмкiндiк беретiн өзге де мәлiметтер;
4) декларанттың және өзге тұлғаның зиянының орнын толтыру туралы өтiнiш берушiнiң мiндеттемесi, егер тауарлар контрафактылы болып табылмайды деп белгiленсе, оларға қатысты контрафактылы болып табылады деп саналатын санаткерлiк меншiк объектiсi бар тауарларды шығаруды тоқтатуға байланысты туындауы мүмкiн кеден органдарының шығындары;
5) санаткерлiк меншiк құқығының бар-жоғы және тиесiлігі туралы мәлiмет.
4. Өтiнiшке санаткерлiк меншiк құқығының бар-жоғы және тиесiлігін растайтын құжат (куәлiк, санаткерлiк меншiктiң осы объектiсiн пайдалану құқығына арналған рұқсат немесе лицензиялық шарт немесе өзге құжаттар) және өтiнiш берушiнiң жауапкершiлiгiн сақтандыру шартын, оның мүддесiн бiлдiретiн құқық иесi тұлғасына берiлген сенiмхат.
Бұл орайда сақтандыру сомасы 1000 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аз болмауы тиiс.
Мүмкiндігiнше бiр мезгiлде өтiнiш бере отырып санаткерлiк меншiк объектiсi бар тауардың және контрафактылы тауардың үлгілерiн ұсынады.
5. Орталық кеден органы өтiнiш түскен күннен бастап отыз күннен аспайтын мерзiмде оны қарайды және санаткерлiк меншiк объектiсi бар тауарды тiзiлiмге енгiзу туралы шешiм қабылдайды. Негiздеме жеткiлiктi болған жағдайда орталық кеден органы өтiнiштi қарау мерзiмiн ұзартуға, бiрақ үш айдан аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы.
6. Көрсетiлген өтiнiште не оған қоса берiлген құжатта мәлiметтер өзгерген жағдайда өтiнiш берушi орталық кеден органына он бес күндiк мерзiм iшiнде хабарлауға мiндеттi.
7. Санаткерлiк меншiк объектiсi бар тауарлар:
1) санаткерлiк меншiк объектiсiне өтiнiш берушiнiң өтiнiмi бойынша;
2) тiзiлiмге енгiзу кезiнде толық емес және жалған мәлiметтер ұсынылған жағдайда;
3) өтiнiште көрсетiлген мәлiметтердiң өзгертiлгендiгi туралы белгiленген мерзiмде хабарланбаған жағдайда;
4) санаткерлiк меншiк объектiсiне арналған құқықтың әрекетi тоқтатылған жағдайда;
5) өтiнiш берушi осы бөлiмнiң ережелерiн сақтамаған жағдайда тiзiлiмнен шығарылуы мүмкiн.
8. Орталық кеден органы тауарлардың тiзiлiмнен шығарылғандығы туралы өтiнiш берушiге үш жұмыс күнi iшiнде хабарлайды.
9. Санаткерлiк меншiк объектiсiне арналған құқық тоқтатылған жағдайда құқық иесi бұл туралы үш жұмыс күнi iшiнде орталық кеден органына хабарлауға мiндеттi.
440-бап. Құқық қорғау мерзiмi
Құқық иесiнiң құқық қорғау мерзiмiн кеден органы өтiнiш берушi көрсеткен мерзiмдi, ескере отырып санаткерлiк меншiк объектiсiн құрайтын тауарды тiзiлiмге енгiзу туралы шешiм қабылдаған кезде, бiрақ көрсетiлген тауар тiзiлiмге енгiзiлген күннен бастап екi жылдан аспайтын мерзiмге
орталық кеден органы белгiлейдi.
Көрсетiлген мерзiмдi орталық кеден органы өтiнiшi берушiнiң ол туралы
өтiнiшi бар болған жағдайда ұзартады.
Құқық қорғаудың жалпы мерзiмi санаткерлiк меншiк объектiсiне арналған
құқық әрекетiнiң мерзiмiнен ұзақ болмауы тиiс.
55-ТАРАУ. САНАТКЕРЛIК МЕНШIК ОБЪЕКТIЛЕРI БАР ТАУАРЛАРДЫ
КЕДЕНДIК РЕСIМДЕУДIҢ ЖӘНЕ КЕДЕНДIК БАҚЫЛАУДЫҢ
ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
441-бап. Санаткерлiк меншiк объектiсi бар тауарларды Қазақстан
Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткізу. Мұндай
тауарларды кедендiк ресiмдеу және кедендiк бақылау
1. Санаткерлiк меншiк объектiсi бар тауарларды кедендiк шекара арқылы өткiзу осы Кодекске және санаткерлiк меншiк саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Санаткерлiк меншiк объектiсi бар тауарларды кедендiк ресiмдеу және кедендiк бақылау осы Кодекспен белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
442-бап. Санаткерлiк меншiк объектiсi бар тауарларды шығаруды
тоқтата тұру
1. Егер тiзiлiмге енгiзiлген тауарларды кедендiк ресiмдеудi және кедендiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде тауарлар контрафактiлi болып табылды деген белгiлерiн кеден органы ашса, ондай тауарлар тоқтатыла тұрады.
2. Он жұмыс күнiне дейiнгi мерзiммен шығаруды тоқтата тұру туралы шешiмдi кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыратын кеден органының басшысы не оның орнын алмастырушы қабылдайды. Өтiнiш берушiнiң өтiнiмi бойынша көрсетiлген мерзiм он жұмыс күнiнен артық емес мерзiмге ұзартылуы мүмкiн.
3. Кеден органы санаткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарларды шығаруды тоқтата тұру туралы шешiм қабылданған күннен кейiнгi жұмыс күнiнен кешiктiрмей тоқтата тұру және оның себептерi туралы өтiнiш берушiнi және декларантты хабардар етедi, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң атауы мен мекен-жайын декларантқа хабарлайды, ал өтiнiш берушiге - декларанттың мекен-жайын хабарлайды.
443-бап. Кеден органдарының шығындарын қайтару
Кеден органдарының шығындарын қайтару:
1) декларантпен - тауарларды контрафактiлi деп танылған жағдайда;
2) өтiнiш берушiмен - санаткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарларды өтiнiш берушiнiң құқығын бұзбаған деп танылған жағдайда жүргiзiледi.
444-бап. Ақпараттарды ұсыну. Сынамалар мен үлгiлер алу
1. Кеден органы тауарлардың контрафактiлi белгiлерi анықталғандығы туралы, оларға қатысты шығаруды тоқтата тұру туралы шешiм қабылданғандығы туралы ақпаратты өтiнiш берушiге және декларантқа ұсынады.
2. Осы бапқа сәйкес өтiнiш берушiнiң немесе декларанттың алған ақпараты құпия болып табылады және осы Кодекс және Қазақстан Республикасының заңдық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда ол жария етiлмеуi, үшiншi адамға берiлмеуi тиiс.
3. Кеден органының рұқсатымен өтiнiш игерушi және декларант не олардың өкiлдерi контрафактiлi белгiлерi бойынша шығаруды тоқтата тұру туралы шешiм қабылданған тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн кедендiк бақылаумен алуға және оларға зерттеулер жүргiзуге құқылы.
445-бап. Шығаруды тоқтата тұру туралы шешiмді жою
1. Егер шығаруды тоқтата тұру туралы шешiмнiң әрекетi мынадай мерзiм iшiнде:
1) кеден органына шығаруды тоқтата тұру туралы шешiмдi жою туралы өтiнiш берушiден өтiнiш түссе;
2) санаткерлiк меншiк объектiсi осы Кодекстiң 439-бабына сәйкес тауарлардың тiзiлiмiнен алынып тасталса;
3) егер өтiнiш берушi санаткерлiк меншiк объектiсi бар тауарларды шығаруды тоқтата тұру мерзiмiнде әкiмшiлiк немесе сот өндiрiсiн қозғау туралы, ұсталған тауарларды әкелу немесе әкету фактiлерiне байланысты санаткерлiк меншiкке арналған құқықты бұзғандығы туралы дәлелдемелер ұсынбаса шығаруды тоқтата тұру туралы шешiм жоюға жатады.
Көрсетiлген жағдайларда осы Кодексте анықталған тәртіппен тез арада кедендiк ресiмдеуге және шығаруға жатады.
2. Шығаруды тоқтата тұру туралы шешiмдi жоюды осындай шешiм қабылдаған кеден органының бастығы не оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
3. Тауарларды шығару санаткерлiк меншiк объектiсiне арналған оның құқығын қорғау туралы Қазақстан Республикасының уәкiлеттi заң органдарына құқық иесiнiң өтiнiш бiлдiруiне кедергi бола алмайды.
446-бап. Оларға қатысты кеден органы шығаруды тоқтата тұрған
санаткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарларды беру
Сот iсiн жүзеге асырумен байланысты оларға қатысты кеден органы шығаруды тоқтата тұрған санаткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарлар заттай айғақ ретiнде танысу немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге шешiмдi қабылдау үшiн сот органдарына берiледi.
447-бап. Кеден органдарының санаткерлiк меншiк құқығын қорғау
жөнiндегi шаралар қолданылмайтын санаткерлiк меншiк
объектiлерi
Санаткерлiк меншiк объектiсi бар және Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларға қатысты санаткерлiк меншiк құқығын қорғау бойынша шаралар кеден органдарымен қабылданбайды:
1) жеке тұлғаларға немесе халықаралық почтамен жiберiлетiн
тауарларға, егер мұндай тауарлар коммерциялық мақсаттарға арналмаса және
Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнсе немесе кедендiк
баждан, салықтан толық босатылып осы аумақтан әкетiлсе, егер осы Кодекспен
өзге жағдайлар белгiленбесе;
2) тауарлардың транзитті кеден режимiне сәйкес.
11-БӨЛIМ. КЕДЕНДIК СТАТИСТИКА. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ
56-ТАРАУ. КЕДЕНДIК СТАТИСТИКАНЫ ЖҮРГІЗУ
448-бап. Сыртқы сауданың кедендiк статистикасы
1. Қазақстан Республикасының экспорты мен импорты туралы деректердiң есебiнiң толықтығын және шынайылығын, Қазақстан Республикасының сыртқы саудадағы жағдайын, қарқынын және бағытын талдауды, кедендiк төлемдер мен салықтардың мемлекеттiк бюджетке түсуiн бақылауды, валюталық бақылауды, төлем балансын жасауды қамтамасыз ету мақсатында кеден органдары сыртқы сауданың кедендiк статистикасын қалыптастырады, сондай-ақ заңдарға сәйкес кедендiк статистиканың деректерiн ұсынады және жариялайды.
Кеден iстерi жөнiндегі уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кедендiк статистиканың деректерiн халықаралық ұйымдарға ұсынады.
2. Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының кедендiк статистикасы осы
Кодекске және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
3. Сыртқы сауданың кедендiк статистикасы Қазақстан Республикасының
және оның сыртқы сауда әрiптестерiнiң өзара сауда-саттық деректерiн
салыстыруды қамтамасыз ететiн әдiстемеге сәйкес жүргiзiледi.
449-бап. Арнаулы кедендiк статистика
Кеден органдарына жүктелген мiндеттердi шешу мақсатында бұл органдар
арнаулы кедендiк статистиканы жүргiзедi.
450-бап. Статистикалық мақсаттарға арналып пайдаланылатын құжаттар
мен деректер
Статистикалық мақсаттарға арналып пайдаланылатын құжаттар мен
деректер кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылау өндiрiсiнiң тәртібі туралы
осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес ұсынылады. Статистикалық мақсаттар үшiн
ұсынылған ақпараттарға осы Кодекстiң 26-бабының әрекетi қолданылады.
57-ТАРАУ. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
451-бап. Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық технологияларды қолдану
және оларды қамтамасыз ету құралдары
1. Осы Кодексте көзделген кедендiк операциялар ақпараттық жүйелердi және ақпараттық технологияларды, оның iшiнде ақпаратты берудiң электрондық тәсiлдерiне негізделгендердi, сондай-ақ осы тарауға сәйкес оларды қамтамасыз ету құралдарын пайдалана отырып, жүзеге асырылады.
2. Ақпараттық жүйелердi және ақпараттық технологияларды енгiзу тиiстi халықаралық стандарттарды ескере отырып жүзеге асырылады.
3. Кеден iсiнде:
1) кеден органдары даярлайтын, шығаратын және сатып алатын;
2) кеден iсi саласындағы мiндеттердi шешуге қатысатын тұлғалардың меншiгiндегi ақпараттық жебе, ақпараттық технологиялар және оларды қамтамасыз ету құралдары қолданылады.
Бұл орайда кеден органына бағдарламалық құрал-жабдықтар ұсынатын тұлғалардың олардың бағдарламалық құрал-жабдықтарының көмегiмен жасалатын ақпараттық ресурстарға қатынауға құқығы жоқ.
4. Кеден органдары даярлайтын, шығаратын және сатып алатын ақпараттық жүйелер, ақпараттық технологиялар, сондай-ақ оларды қамтамасыз ету құрал-жабдықтары мемлекеттiк меншiкте болады және олардың құзырының және билiгiнiң шегiнде иелiк ету құқығы көрсетiлген өнiмге қатысты жүзеге асырылатын кеден органы мүлкінің құрамына енгізіледі.
5. Кеден iсi саласындағы мәселелердi шешуге қатысатын тұлғалардың меншiгiндегi ақпараттық жүйелердi, ақпараттық технологияларды және оларды қамтамасыз ету құрал-жабдықтарын кеден органдарының пайдалануына байланысты қатынастар шарттық негiзде құрылады.
6. Кеден iсi саласындағы мәселелердi шешуге қатысатын тұлғалардың меншiгiндегi кеден iсiнде қолданылатын ақпараттық жүйелердi, ақпараттық технологияларды және оларды қамтамасыз ету құрал-жабдықтары кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттік мемлекеттiк орган белгiлейтiн талаптарға сәйкес келуi тиiс және кедендiк операцияларды жасау кезiңде кеден органдары пайдаланатын ұқсас өнiммен үйлесiмдi болуы тиiс. Ақпараттық жүйелердiң, ақпараттық технологиялардың және оларды қамтамасыз ету құрал-жабдықтарының белгiленген талаптарға сәйкестiгін тексерудi кеден органдары жүзеге асырады. Бұл орайда, көрсетiлген тексерулердi жүргiзуге байланысты шығындарды төлеу оны жүргiзу туралы өтiнiш бiлдiрген тұлғаға жүктеледi.
7. Ақпараттық жүйелердi, ақпараттық технологияларды, сондай-ақ оларды қамтамасыз ету құрал-жабдықтарын кедендiк мақсаттар үшiн пайдалану мүмкiндiгi, бұл өнiмдi қолданудың тәртiбi мен шарттарын кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы анықтайды.
452-бап. Ақпараттық жүйелердi, ақпараттық технологияларды және
оларды қамтамасыз ету құрал-жабдықтарын сертификаттау
1. Ақпараттық жүйелер, ақпараттық технологиялар және оларды қамтамасыз ету құрал-жабдықтары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және тәртiппен сертификаттауға жатады.
2. Сертификатталмаған ақпараттық жүйелердi, ақпараттық технологияларды және оларды қамтамасыз ету құрал-жабдықтарды пайдалануға, сондай-ақ сертификатталмаған жүйелерден алынған ақпараттарды пайдалануға байланысты қатер жүктелетiн адамдар тобы Қазақстан Республикасының заңдарымен анықталады.
453-бап. Кеден органдарының ақпараттық ресурстары
1. Кеден органдарының ақпараттық ресурстары кеден операцияларын жасау кезiнде берiлетiн құжаттар мен мәлiметтердi, сондай-ақ оларды жасау үшiн қажеттi құжаттарды қалыптастырады.
Кеден органдарының ақпараттық ресурстары деп кеден органдарының ақпараттық жүйелерiнде құрылатын, өңделетiн және жинақталатын деректер базасын және ақпараттың басқа массивiн енгiзетiн құжатталған ақпараттың ұйымдастырылған жиынтығы түсiнiледi.
2. Кеден органдарының ақпараттық ресурстары мемлекеттiк меншiк болып табылады, мүлiк құрамына енгізiледi және олардың құзыретiне сәйкес кеден органдарының иелiгiнде болады.
3. Берiлуi осы Кодексте немесе олар айқындаған тәртiпте көзделген құжаттарда, оның iшiнде кедендiк декларация кеден iсi мәселелерi бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайтын жағдайларда оларды қуаттау туралы талаптарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген өзге талаптарды сақтау кезiнде ақпаратты алмасудың электрондық тәсiлдерi арқылы берiлуi мүмкiн.
4. Осы баптың ережелерi ақпарат, ақпараттандыру және ақпаратты қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бастамасы бойынша құжатталған ақпаратты мiндеттi беру негiзiнде мемлекеттiк ақпараттық ресурстарды қалыптастыру жағдайына таралмайды.
454-бап. Ақпараттық ресурстарды пайдалану
1. Кеден органдарының иелiгiнде орналасқан ақпараттық ресурстар Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiне сәйкес ақпаратқа ену шектелген жағдайды қоспағанда ашық және жалпы енуге мүмкiндiкте болады.
2. Кеден органдары пайдалану үшiн ашық ақпараттық ресурстардың тiзбесiн, сондай-ақ оған ену деңгейiн жариялауды жүзеге асырады.
3. Ақпаратқа ену шектелмеген жағдайда тұлға, сондай-ақ орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар кеден органдарының ақпараттық ресурстарынан оны алуға құқығы бар және олардың алдында сұралатын ақпаратты алу қажеттiлiгiн негiздеуге мiндеттi емес.
4. Кеден органдарының иелiгiнде орналасқан ақпараттық ресурстарды пайдалану тәртiбi осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.
455-бап. Ақпаратты, ақпараттық процестер мен ақпараттандыруға
қатысатын субъектiлер құқықтарын қорғау
1. Ақпараттық процестерде және ақпараттандыруда қатысатын субъектiлердiң құқықтарын, ақпаратты қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.
2. Қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте сертификациялауға жататын ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологияларды қамтамасыз етудiң құралдарымен сәйкес келетiн ақпаратты қорғаудың арнайы бағдарламалық-техникалық құралдарын енгiзумен және пайдаланумен қамтамасыз етiледi.
3. Ақпаратты қорғау құралымен қамтамасыз етiлетiн ақпаратты қорғау деңгейi ақпараттың санатына сәйкес келуi тиiс. Белгiлi санаттағы ақпаратты қорғау деңгейiнiң сәйкестiгi олардың иелiгiнде ақпараттық ресурстар орналасқан кеден органдары қамтамасыз етедi.
4. Ақпаратты қорғау құралдарын пайдалану және ақпаратты қорғауға талаптарды сақтауға бақылау кеден iсi мәселелерi бойында уәкiлеттi мемлекеттiк орган және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
456-бап. Халықаралық ақпараттық алмасуға кеден органдарының қатысуы
Кеден органдары мен кеден iсi мәселелерi бойынша уәкiлеттi
мемлекеттiк орган кеден органдарымен халықаралық ақпараттық алмасуға,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен Қазақстан
Республикасының заңнамасы айқындайтын тәртiпте және жағдайда өзге де
органдармен және шетелдiк мемлекеттердiң ұйымдарымен және мемлекеттiк
ұйымдармен өз құзыретi шегiнде қатысады.
12-БӨЛIМ. КЕДЕНДIК АУДИТ
58-ТАРАУ. КЕДЕНДIК АУДИТ НЕГIЗДЕРI
457-бап. Негiзгi ұғымдар
Осы тарауда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
1) кедендiк аудит - Қазақстан Республикасының заңнама талаптары мен халықаралық шарттарға жүргiзiлген кеден операцияларының сәйкестiлiгiн кеден аудиторлары мен кедендiк аудиторлық ұйымдарының тәуелсiз бағасы;
2) кедендiк аудитор - Бiлiктілік комиссиясы аттестациядан өткiзген және "кедендiк аудитор" деген бiлiктiлiк беру туралы куәлiк алған жеке тұлға;
3) кедендiк аудиторлық ұйым - ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамдарды, өндiрiстiк кооперативтердi және мемлекеттiк кәсiпорындарды қоспағанда, кез-келген ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы кедендiк аудитты жүзеге асыру үшiн құрылған коммерциялық ұйым;
4) кедендiк аудиттiң стандарттары - кедендiк аудит жүргiзу тәртiбiне
қойылатын бiрыңғай талаптарды белгiлейтiн нормативтiк құжаттар;
5) кедендiк аудитордың аудиторлық қорытындысы - кедендiк аудиттiң
стандарттары негiзiнде жасалған, кедендiк аудитордың кеден операцияларының
Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес келетiндiгi туралы
және кеден органдарына ұсынылған мәлiметтердiң сенiмдiлiгi туралы пiкiрiн
бiлдiретiн құжат.
458-бап. Кедендiк аудиттiң негiзгi қағидаттары
Кедендiк аудиттiң негiзгi қағидаттары:
1) тәуелсiздiк;
2) объективтiлiк;
3) кәсіптік құзыреттілік;
4) құпиялылық болып табылады.
459-бап. Кедендiк аудиттiң мiндеттерi
Кедендiк аудит мынадай мiндеттердi шешуге:
1) кеден iсi саласындағы туындайтын қатерлердi талдау және бағалау;
2) сыртқы экономикалық келiсiм-шарттарды және құжаттарды бағалау;
3) жүргiзiлген кеден операцияларының Қазақстан Республикасы
заңдарының және халықаралық шарттар талаптарына сәйкестiгiн бағалауға
бағытталған.
59-ТАРАУ. КЕДЕН АУДИТIН ӨТКIЗУ
460-бап. Кедендiк аудиторлардың палатасы
1. Кедендiк аудиторлардың палатасы коммерциялық емес, тәуелсiз, кәсiби және өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады.
2. Кедендiк аудиторлардың палатасын кеден аудиторлары және кедендiк аудиторлық ұйымдар қалыптастырады.
3. Кедендiк аудиторлардың палатасы оның мүшелерiнiң жалпы жиналысында қабылданатын жарғының негiзiнде әрекет етедi.
4. Кедендiк аудиторлар палатасының мынадай өкiлеттiктерi бар:
1) кедендiк аудиттiң дамуына және жетiлдiрiлуiне жәрдемдеседi;
2) кедендiк аудиттiң стандарттарын әзiрлейдi;
3) кедендiк аудиторлар арасындағы кеден аудитi мәселелерi бойынша дауларын қарайды;
4) кеден аудиторлары мен кедендiк аудиторлық ұйымдарды Қазақстан Республикасының заңдар актiлерiмен және кеден аудитiн жүзеге асырумен байланысты әдiстемелiк құжаттармен қамтамасыз етедi;
5) кеден аудиторлары мен кедендiк аудиторлық ұйымдардың жұмыс тәжiрибесiн талдайды, қорытындылайды және таратады;
6) кеден аудиторлары мен кедендiк аудиторлық ұйымдардың мүдделерiн мемлекеттiк, қоғамдық, шетелдiк және халықаралық ұйымдарда бiлдiредi;
7) кеден аудиторларына үмiткерлердi аттестациялауға оқыту мен дайындауды, кеден аудиторларының бiлiктiлiгiн көтерудi ұйымдастырады;
8) Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарға қайшы келмейтiн өзге де қызметтi жүзеге асырады.
461-бап. Кедендiк аудиторларды аттестациядан өткiзу және аттестация
бойынша бiлiктiлiк талаптары
1. Кедендiк аудиторларды аттестациядан өткiзудi Кедендiк аудиторларды аттестациядан өткiзу жөнiндегi бiлiктiлiк комиссиясы жүргiзедi.
2. Аттестацияға жоғары бiлiмi және экономикалық, қаржылық, кедендiк, есеп-талдау, бақылау-тексеру немесе құқықтық мамандықтар бойынша үш жылдан кем емес жұмыс тәжiрибесi бар адамдар жiберiледi.
3. Кеден аудиторларына үмiткерлер Қазақстан Республикасының Үкiметі айқындайтын уәкiлетті мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша кеден аудиторларын аттестациядан өткiзу бойынша Бiлiктiлiк комиссиясы бекiткен бағдарлама бойынша бiлiктiлiк емтихандарын тапсыруы тиiс.
4. Аттестациядан өткен адамдар "кедендiк аудитор" деген бiлiктiлiк беру туралы куәлiк алады.
5. Аттестациядан өтпеген тұлғалар алты айдан кейiн ғана қайта аттестациядан өтуге жiберiледi.
462-бап. Кедендік аудиторларды аттестациядан өткiзу жөнiндегi
бiлiктiлiк комиссиясы
1. Кедендiк аудиторларды аттестациядан өткiзу жөнiндегi бiлiктiлiк комиссиясы кедендiк аудиторлар және кеден iсi мәселелерi бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк органдар белгiлеген тәртіппен мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң тең санынан құрылады.
2. Кедендiк аудиторларды аттестациядан өткiзу жөнiндегi бiлiктiлiк комиссиясының төрағасы кеден аудитiмен айналысатын оның мүшелерiнен кеден аудиторы сайланады.
3. Кедендiк аудиторларды аттестациядан өткiзу жөнiндегi бiлiктiлiк комиссиясы кеден iсi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша Кедендiк аудиторлардың палатасы бекiткен Ереже негiзiнде қызмет етедi.
463-бап. Кеден аудиторы бiлiктiлiк куәлiгiнiң күшiн жоюы
1. Кеден аудиторының бiлiктiлiк куәлiгі мына жағдайларда:
1) кеден аудиторларына үмiткерлердi аттестацияға жiберу үшiн
Бiлiктiлiк комиссиясына берiлген мәлiметтердiң рас еместiгін белгiлеу;
2) кеден аудиторының қабiлетсiздiгiн тану;
3) кеден аудиторының әдейi жалған немесе бiлiкті емес аудиторлық
қорытындыны беруi;
4) кәсiби қызметiн жүзеге асыру кезiнде кеден аудитi стандарттарының
негiзгi талаптарын сақтамау және өзге заңдарды бұзушылығы күшiн жояды.
2. Бiлiктiлiк комиссиясы кеден аудиторының бiлiктiлiк куәлiгiнiң
күшiн жояды.
Бiлiктiлiк комиссиясы кеден аудитiн жүзеге асыруға лицензия берген
мемлекеттiк органға кеден аудиторының бiлiктiлiк куәлiгiн жою туралы
хабарлайды.
3. Кеден аудиторы сот тәртiбiмен Бiлiктiлiк комиссиясының шешiмiне
шағымдануға құқылы.
464-бап. Кедендік аудиттi лицензиялау
1. Кедендiк аудиторлар мен кедендiк аудиторлық ұйымдарға лицензияларды Қазақстан Республикасының Үкiметі белгiлеген уәкiлеттi мемлекеттiк орган бередi.
2. Кедендiк аудиттi жүзеге асыруға лицензия тұрақты болып табылады және Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.
3. Кедендiк аудитті жүзеге асыруға лицензияны беру, тоқтата тұру және қайтарып алу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
465-бап. Кедендiк аудиттi жүзеге асыру
1. Кедендiк аудитор, кедендiк аудиторлық ұйым және аудиттiк
субъектiнiң арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес шарттардың негiзiнде құрылады.
2. Кедендiк аудиттi жүргiзу кедендiк аудиттың стандарттарына сәйкес
жүзеге асырылады.
3. Кедендiк аудиттiң нәтижелерi бойынша кедендiк аудитордың
аудиторлық қорытындысы жасалады. Аудиторлық қорытындыны ұсынудың нысаны
мен тәртiбi кедендiк аудитордың стандарттарымен белгiленедi.
4. Кедендiк аудиттiң стандарттарын кеден iсi мәселелерi жөнiндегi
уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтедi.
466-бап. Кедендiк аудиторлар мен кедендiк аудиторлық ұйымдардың
құқықтары мен мiндеттерi
1. Кедендiк аудиторлар мен кедендiк аудиторлық ұйымдар:
1) кедендiк аудиттi жүргiзудiң әдiстерiн өз бетiмен белгiлеуге;
2) коммерциялық құжаттар мен сыртқы экономикалық операцияларға
жататын басқа да ақпараттарды алуға;
3) кеден органының рұқсатымен кедендiк бақылауды жүргiзу кезiнде
қатысуға;
4) кедендiк аудиттi жүргiзуге қатысуға шарттық негізде басқа да
мамандарды тартуға;
5) аудиттелетiн субъект кедендiк аудиттi жүргiзуге арналған
келiсiмнiң шарттарын бұзған жағдайда кедендiк аудиттер жүргiзуден бас
тартуға құқылы.
2. Кедендiк аудиторлар мен кедендiк аудиторлық ұйымдар:
1) кедендiк аудиттi өткiзудiң мүмкiн еместiгi туралы хабарлауға;
2) кедендiк аудиттi жүргiзу кезiнде алынған құжаттардың сақталуын
қамтамасыз етуге;
3) кедендiк аудиттiң қорытындылары бойынша аудиттiк қорытынды жасауға;
4) кедендiк аудиттi жүргiзу кезiнде алынған ақпараттың құпиялылығын
сақтауға мiндеттi.
467-бап. Аудиттелетiн субъектiнiң құқықтары мен мiндеттерi
1. Аудиттелетiн субъект:
1) кедендiк аудитордан немесе кедендiк аудиторлық ұйымдардан кедендiк аудиттi жүргiзуге қатысты талаптар туралы толық ақпарат алуға;
2) кедендiк аудитордан немесе кедендiк аудиторлық ұйымдардан ұсынымдар, кедендiк операциялардың Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес еместігін анықтау туралы ақпарат алуға;
3) кеден мәселелерi бойынша дауларды шешу кезiнде кедендiк аудитордың қорытындысын пайдалануға;
4) олар шарттың жағдайларын бұзған жағдайда, кедендiк аудитордың немесе кедендiк аудиторлық ұйымдардың қызметтерiнен бас тартуға құқылы.
2. Аудиттелетiн субъект:
1) кедендiк аудиторға немесе кедендiк аудиторлық ұйымдарға қажеттi құжаттар мен ақпарат беруге, ауызша және жазбаша нысанда түсiнiктер беруге;
2) кедендiк аудитке жататын мәселелердiң шеңберiн шектеу мақсатында кедендiк аудитордың немесе кедендiк аудиторлық ұйымдардың қызметiне араласпауға мiндеттi.
468-бап. Кеден аудиторлары мен кедендiк аудиторлық ұйымдардың
жауапкершiлiгi
Заңдарды, сондай-ақ шарт жағдайын бұзғаны үшiн кеден аудиторлары мен
кедендiк аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiне
сәйкес жауапкершiлiкте болады.
469-бап. Аудиттелетiн субъектiнiң жауапкершiлiгi
1. Аудиттелетiн субъект кеден аудитiн жүргiзу үшiн кеден аудиторы
немесе кеден аудиторлық ұйымына берiлген құжаттар мен басқа да
мәлiметтердiң толықтығы мен растығы үшiн жауапкершiлiк бередi.
2. Аудиттелетiн субъектiге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарын
бұзу кеден аудитi барысында анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының
заңдар актiлерiмен көзделген шаралар қабылданады.
13-БӨЛIМ. КЕДЕН IСI САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ
60-ТАРАУ. КЕДЕН IСI САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАР ЖӘНЕ
ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ЖАСАҒАНЫ ҮШІН
ЖАУАПКЕРШIЛIК. КЕДЕН ОРГАНДАРЫНЫҢ ТЕРГЕУ ЖҮРГIЗУI
470-бап. Кеден ici саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасағаны
үшін жауапкершілiк
Кеден iсi саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн
жауапкершiлiк "Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан
Республикасының Кодексiне сәйкес туындайды.
471-бап. Кеден iсi саласындағы әкiмшілiк құқық бұзушылықтар жөнiндегi
істер бойынша iс жүргiзу
Кеден iсi саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жөнiндегi iстер
бойынша iс жүргiзу "Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
472-бап. Кеден iсi саласындағы қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілiк
Кеден iсi саласындағы қылмыстар жасағаны үшiн жауапкершiлiк Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес туындайды.
473-бап. Кеден органдарының тергеу жүргiзуi
Кеден органдары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-iс жүргiзу
кодексiнiң олардың тергеуге жатқызылған қылмыстары туралы iстер бойынша
тергеудi жүргізеді.
Қылмыс белгiлерi болуы кезiнде кеден органы Қазақстан Республикасының
қылмыстық-iс жүргiзу нормаларына сәйкес кеден органдарының құзыретiне
жататын тергеудi жүргiзедi.
3. АРНАЙЫ БӨЛIК
14-БӨЛIМ. КЕДЕНДIК ӘКIМШIЛIКТЕНДIРУ
61-ТАРАУ. КЕДЕНДIК ӘКIМШIЛIКТЕНДIРУ
474-бап. Кедендiк әкiмшiлiктендiрудiң жалпы ережелерi
Кедендiк әкiмшiлiктендiру осы Кодекске және Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес кеден органдары жүзеге асыратын ұйымдастырушылық,
құқықтық, рәсiмдiк және өзге де iс-әрекеттердiң жиынтығынан тұрады.
475-бап. Кедендiк әкiмшiлiктендiру
Кедендiк әкiмшiлiктендiру кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық
және өзге қызметке қатынасушылардың Қазақстан Республикасы заңының
орындалуына кеден органдарының бақылауы түрiнде жүзеге асырылады.
62-ТАРАУ. КЕДЕНДIК БАҚЫЛАУ
476-бап. Кедендiк бақылауды жүргiзу
Кедендiк бақылауды кеден органдарының лауазымды адамдары:
1) Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн
тауарлар мен көлiк құралдарына;
2) оларды ұсыну осы Кодекспен көзделген тауарлар мен көлiк құралдары
туралы кедендiк декларацияға, құжаттар мен мәлiметтерге;
3) кеден делдалы ретiндегi тұлғалардың, кедендiк тасымалдаушылардың,
сондай-ақ жекелеген кедендiк режимдердiң шеңберiнде және уақытша сақтау
бойынша кеден қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асырушылардың
қызметiне;
4) тауарларды пайдалануға және билiк етуге белгiленген шектеулердiң
сақталуына;
5) кедендiк төлемдер мен салықтарды есептеуге және төлеуге қатысты
жүргiзедi.
477-бап. Кедендiк бақылаудағы тауарлар мен көлiк құралдары
1. Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнген тауарлар мен көлiк құралдары Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан өткен сәттен бастап:
1) осы Кодекстiң 14-бабына сәйкес шартты шығаруды қоспағанда еркiн айналым үшiн шығарылғанға;
2) жойылғанға;
3) мемлекеттiң пайдасы үшiн бас тартқанға не оларды мемлекеттiк меншiкке айналдырғанға;
4) тауарларды, көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан тысқары жерлерге iс жүзiнде шығарғанға дейiн кедендiк бақылауда болады.
2. Қазақстандық тауарлар мен көлiк құралдары оларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге шығару кезiнде кедендiк декларацияны берген немесе тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге шығаруды жүзеге асыруға тiкелей бағытталған өзге де әрекеттер жасаған сәттен бастап Қазақстан
Республикасының кедендiк шекарасын кесiп өткенге дейiн кедендiк бақылауда
болады.
3. Кеден органдары тұлғалардың қазақстандық тауарлар мен көлiк
құралдарын не оларды қайта өңдеу өнiмдерiн осы Кодексте көзделген
тәртіппен кедендiк режимдердiң шарттарына сәйкес қайта әкелу туралы
мiндеттемелерiн орындауына кеден бақылауын жүзеге асырады.
478-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын шығарғаннан кейiн кедендiк
бақылау
Кеден органдары тауарлар мен көлiк құралдарын шығарғаннан кейiн осы
Кодексте белгiленген тәртiппен және шарттармен кедендiк бақылауды жүзеге
асыруға құқылы.
479-бап. Кедендiк бақылауды жүргiзудiң қағидаты
Кедендiк бақылауды жүргiзу кезiнде кеден органдары iрiктеулiк қағидатты негізге алады және Қазақстан Республикасы кедендiк заңдарының нормаларын сақталуды қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi нысандармен шектеледi.
480-бап. Кедендiк бақылаудың аймақтары
1. Тауарлар мен көлiк құралдарын, олардың сақталуы мен кедендiк қадағалаумен өткiзiлуiн қарау және (немесе) кедендiк тексеру жолымен кедендiк бақылауды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы бойында, кедендiк ресiмдеу, алдын ала операцияларды жүргізу орындарында, тауарларды қайта тиеу, оларды қарау мен кедендiк тексеру орындарында, кедендiк бақылаудағы тауарларды тасымалдайтын көлiк құралдарын уақытша сақтау, тұру орындарында, кеден қоймаларында, арнайы экономикалық аймақ аумағында, еркiн қоймаларда, бажсыз сауда дүкендерiнде, кеден органдары орналасқан орындарда кедендiк бақылау аймақтары құрылады.
2. Кедендiк бақылау аймақтары оларда кедендiк бақылауға жататын тауарлар жүйелi түрде болған жағдайларда тұрақты немесе тауарларды олар анықталған және осындай операцияларды жүргiзу кезiне құрылған орында қарауды жүзеге асырудың қажеттiлiгi жағдайында уақытша болуы мүмкiн.
3. Кедендiк бақылау аймақтарын құру мен белгiлеудiң тәртiбiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган келiсiмiмен орталық кеден органы айқындайды.
4. Осындай аймақтардың шекаралары арқылы және олардың шектерiнде өндiрiстiк немесе өзге де коммерциялық қызметтi, тауарларды, көлiк құралдарын және өзге мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарын қоса алғанда, адамдарды өткiзу тек кеден органының рұқсатымен және оның бақылауымен ғана рұқсат етiледi.
481-бап. Кедендiк бақылау үшін қажеттi құжаттар мен мәлiметтер
ұсынудың мiндеттiлiгi
1. Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзушi не оны бақылау кеден органдарына жүктелетiн қызметтi жүзеге асырушы тұлғалар осы органдарға кедендiк бақылау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi ауызша және (немесе) жазбаша және (немесе) электронды нысанда ұсынуға мiндеттi.
2. Кеден органы кедендiк бақылау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi ауызша және (немесе) жазбаша және (немесе) электронды түрде сұратуға құқылы.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тұлғалар кеден органына құжаттар мен мәлiметтердi тез арада, ал оларды басқа тұлғалардан алу қажет болатын жағдайларда, - отыз күннен кешiктiрмей ұсынуға мiндеттi.
4. Кедендiк бақылауды жүргiзу үшiн кеден органдары банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардан, экспорттық және (немесе) импорттық мәмiлелер бойынша жүзеге асырылатын ақша операциялары туралы мәлiметтерi мен анықтамаларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алуға құқылы.
5. Тауарлар мен көлiк құралдары шығарылғаннан кейiн кедендiк бақылауды жүзеге асыру мақсатында кеден органдары коммерциялық құжаттарды, бухгалтерлiк есеп пен есептiлiктiң құжаттарын, оның iшiнде бұл тауарлармен және көлiк құралдарымен сыртқы экономикалық қызметке жататын, ал Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнетiн тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты және сондай-ақ кейiнгi операцияларға жататын электронды түрдегi ақпаратты декларанттан немесе тауарлармен және көлiк құралдарымен жасалатын операцияларға тiкелей немесе жанама түрде қатысы бар немесе көрсетiлген құжаттар мен мәлiметтерге иелiк етушi кез келген тұлғадан сұратуға немесе алуға құқылы.
6. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, салық қызметi органдары және өзге де бақылаушы органдары, банктер мен банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, ұйымдарды тiркеудi жүзеге асыратын органдар, нотариустар кеден органдарының сұрау салуы бойынша кеден органдарын Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда және тәртiппен кедендiк бақылау үшін қажеттi мәлiметтер туралы хабардар етуге мiндеттi.
7. Кедендiк бақылау үшiн қажеттi құжаттарды тұлғалар осы Кодекстiң 477-бабына сәйкес кеден бақылауымен тауарлар мен көлiк құралдарының орналасуының аяқталу сәтiнен бастап бес жылдан кем емес уақыт сақтауы тиiс. Кеден делдалдары мен кедендiк бақылаудағы тауарларға қатысты кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын өзге де тұлғалар құжаттарды ол кезең iшiнде бұл тауарлармен кедендiк операциялар жүргiзiлген жылдан кейiн бес жыл бойы сақтауы тиiс.
482-бап. Кедендік бақылау жүргiзуге жәрдем көрсету үшiн мамандар мен
сарапшылар тарту
1. Кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден бақылауын өткiзуге жәрдем көрсету үшiн шарттық негiзде мемлекеттiк және өзге де ұйымдардың мамандарын және сарапшыларды тартуға құқылы.
2. Мемлекеттiк және өзге органдардан тартылған мамандар мен сарапшылар белгiленген мәлiметтер құпиясын сақтауға мiндеттi.
483-бап. Кедендiк бақылауға жататын тауарлар мен көлiк құралдары
1. Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн барлық тауарлар мен көлiк құралдары кедендiк бақылауға жатады.
2. Кеден органдары көлiк құралдарын тоқтатуға, сондай-ақ шетелдiк кемелер мен басқа мемлекеттердiң аумағындағы кемелердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан кеден органының рұқсатынсыз аттанып кеткен су және әуе кемелерiн мәжбүрлеп қайтаруға құқылы.
484-бап. Кедендiк бақылаудың iрiктеушiлiгi
1. Кедендiк бақылауды жүргiзу кезiнде кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының сақталуын қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi болып табылатын белгiленген нысандарды пайдаланады.
2. Кедендiк бақылау нысанын iрiктеу кезiнде осы Кодекстiң 66-бабында көзделген қауiптердi бағалау мен басқару пайдаланылады. Кедендiк бақылаудың басқа нысандарын қолданбау не олардан босату тұлғаның осы Кодекстiң ережелерiн сақтау мiндеттiлiгiнен босатылатындығын бiлдiрмеуi тиiс.
3. Қажет болған жағдайда, кеден органдары осы Кодекстiң 520-бабында
көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, кедендiк бақылаудың осы Кодексте
белгiленген барлық нысандарын пайдалана алады.
485-бап. Кедендiк бақылауды жүргiзу орны
Кедендiк бақылау кедендiк бақылау аймағында, сондай-ақ кеден
органдары айқындаған тауарлар, көлiк құралдары және олар туралы оның
iшiнде электронды түрдегi мәлiметтерi бар құжаттар орналасқан басқа да
орындарда жүзеге асырылуы мүмкін.
486-бап. Кедендiк декларация мен өзге де құжаттарды тексерудiң және
тауарларды кедендiк ресiмдеу кезiнде кедендiк қараудың
мерзiмдерi
1. Кедендiк ресiмдеу, алдын ала операциялар және өзге де кедендiк рәсiмдер кезiнде кеден органдары кедендiк декларацияның рәсiмделуiнiң дұрыстығына және ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының кедендiк заңдарымен белгiленген талаптарға сәйкестiгiне көз жеткiзу үшiн қажеттi iс-әрекеттердi жүргiзедi.
2. Кедендiк декларацияны, құжаттарды тексерудi және тауарлар мен көлiк құралдарын қарауды, ал тауарларды алдын ала, уақытша декларациялау кезiнде - кедендiк декларация мен құжаттарды тексерудi кеден органдары тауарларды шығару үшiн қажеттi барлық құжаттар ұсынылған жағдайда, кеден органы кедендiк декларацияны тiркеген күннен бастап екi күннен кешiктiрмей жүзеге асырады.
3. Көрсетiлген мерзiмдi кедендiк декларацияны қабылдаған сәттен бастап он күнге дейiн, ал тауарларды су көлiгiмен тасымалдау кезiнде жиырма күнге дейiн ұзарту декларантқа оның талап етуi бойынша тапсырылатын кеден органы басшысының жазбаша рұқсатымен рұқсат етiледi.
4. Тауарлар шығарылғанға дейiн кеден органдары тауарлардың атауының, шығу тегiнiң, саны мен құнының кедендiк декларацияда және кедендiк мақсаттар үшiн пайдаланылатын құжаттарда көрсетiлген мәлiметтерге сәйкестiгiн белгiлеу үшін қажеттi операцияларды жүргiзедi. Егер кеден органдарына тауарлардың олар туралы мәлiметтерге сәйкестiгiн белгiлеу үшiн қажеттi операцияларды жүргiзуге мүмкiндiк бермейтiн бiр тауарлар партиясында алуан түрдегi және атаулардағы тауарлар көрсетiлсе, және мұндай тауарларға қатысты оларды жеке орау орындарына бөлу жүргiзiлмесе, тауарлардың орамдарына таңбалау мен орам және таңбалау туралы мәлiметтер қойылмаса және тауарларға арналған коммерциялық және көлiктiк құжаттарда таңбалау көрсетiлмесе мұндай тауарларды кедендiк тексеру мерзiмi кеден
органы басшысының жазбаша рұқсатымен қажет болған жағдайда, тауарлар
партиясын жекелеген тауарларға бөлу үшiн қажеттi уақытқа ұзартылады.
5. Басқа мемлекеттiк органдар бақылауға жататын тауарларға кедендiк
тексерудi жүргiзсе, кеден органдары мұндай әрекеттердi үйлестiру және
оларды бiр уақытта жүргiзудi қамтамасыз етедi.
63-ТАРАУ. КЕДЕНДIК БАҚЫЛАУДЫ ЖҮРГIЗУДIҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ТӘРТIБI
487-бап. Кедендiк бақылаудың нысандары
Кедендiк бақылаудың нысандары:
1) кедендiк декларацияны, құжаттар мен мәлiметтердi тексеру;
2) ауызша сауалнама;
3) түсiнiктер алу;
4) кедендiк қадағалау (көзбен шолып қарау, оның iшiнде кеден органы
қызметкерлерiнiң кедендiк бақылаудағы тауарлар мен көлiк құралдарын
тасымалдалуын, оларға жүктік және өзге де операциялардың жасалуын
техникалық құралдарды қолдана отырып тексеруi);
5) тауарлар мен көлiк құралдарын қарау;
6) тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк тексеру;
7) жеке тексеру;
8) тауарларды арнаулы таңбалармен таңбалау не осы Кодексте және
Қазақстан Республикасының салықтық заңдарында көзделген жағдайларда,
оларға бiрегейлендiрген белгiлер соғу;
9) тауарлар мен көлiк құралдарының есебi мен олар бойынша есептілiгi
жүйесiн тексеру;
10) тауарлар мен көлiк құралдарының есебiн жүргiзу;
11) үй-жайлар мен аумақтарды тексеру болып табылады.
488-бап. Кедендiк декларацияны, құжаттар мен мәлiметтердi тексеру
1. Кеден органдары құжаттардың түпнұсқалылығын және мәлiметтердiң дұрыстығын белгiлеу мақсатында тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу кезiнде ұсынылған кедендiк декларацияны, құжаттарды және мәлiметтердi тексередi.
2. Кеден органына кедендiк ресiмдеу кезiнде ұсынылған мәлiметтердiң дұрыстығын тексеру оларды басқа көздерден алынған ақпаратпен салыстыру, арнаулы кедендiк статистиканың мәлiметтерiн талдау, мәлiметтердi бағдарламалық құралдарды пайдалана отырып өңдеу жолымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiмен тиым салынбаған басқа да тәсiлдермен жүзеге асырылады.
3. Кедендiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде кеден органы кедендiк декларациядағы ақпараттарды тексеру мақсатында жазбаша түрде тұлғалардан қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi сұратуға құқылы.
4. Кеден органдарының iрiктеп тексеру негiзiнде құжаттар мен мәлiметтердi тексеруiне рұқсат етiледi.
489-бап. Ауызша сауалнама
Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарына кедендік ресімдеуді жүргiзу, алдын ала операциялар мен өзге де кедендiк рәсiмдер кезiнде кеден органдарының лауазымды адамдары көрсетiлген тұлғалардың түсiнiктерiн жазбаша түрде ресiмдеусiз тұлғаларға ауызша сауалнама жүргiзуге құқылы.
490-бап. Түсiнiктер алу
Түсiнiктер алу - кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларды өткiзушi тұлғалардан, декларанттардан, және кедендiк бақылауды жүзеге асыру үшiн мәнi бар жағдаяттар туралы мәлiметтерге ие өзге де адамдардан қажеттi ақпараттар алуы.
Түсiнiк жазбаша түрде ресiмделедi. Адамды түсiнiк алу үшiн шақыру туралы хабарламаға кеден органының басшысы қол қояды. Адамды түсiнiк алу үшiн шақыру туралы құлақтандыру құралы мен түсiнiк алу орнын кеден органының кедендiк бақылауды жүргiзуге лауазымды тұлғасы белгiлейдi.
491-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын қарау
1. Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлар мен көлiк құралдарын, оның iшiнде халықаралық почта жөнелтiмдерiн, жеке тұлғалардың қол жүгiн қарауы кедендiк бақылаудағы тауарлардың сипаты, шығу тегi, жай-күйi, мөлшерi туралы, тауарларда, көлiк құралдарында және олардың жүктiк үй-жайларында кедендiк пломбалардың, мөрлердiң және бiрегейлендiрудiң басқа да қойылған құралдарының бар екендiгi туралы мәлiметтердiң растауын алу үшiн жүзеге асырылады.
2. Тауарлар мен көлiк құралдарын қарау - егер мұндай қарау көлiк құралы мен оның жүктiк үй-жайларын ашумен және тауарлардың орамдарын бұзумен байланысты болмаса, кедендiк бақылау мақсаттары үшiн тауарларды, жеке тұлғалардың қол жүгін, көлiк құралдарын, жүктiк ыдыстарды, кедендiк пломбалардың, мөрлердiң және тауарларды бiрегейлендiрудiң өзге құралдарының бар-жоқтығын сырттай көзбен шолып қарау.
3. Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк бақылау аймағында қарау көрсетiлген адамдар қарау кезiнде қатысуға тiлек бiлдiретiн жағдайларды қоспағанда, декларанттың, тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiктерi бар өзге де адамдардың және олардың өкiлдерiнiң қатысуынсыз жүргізiлуi мүмкiн.
4. Тауарлар мен көлiк құралдарын қараудың нәтижелерi бойынша кеден органдарының лауазымды адамдары, егер мұндай қараудың нәтижелерi кеден мақсаттарында пайдаланылуы мүмкiн болса, белгiленген нысан бойынша акт жасайды. Кеден органының қызметкерлерi тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiктерi бар адамның талабы бойынша акт жасауға мiндеттi. Кедендiк қарау жүргiзiлгендiгi туралы актiнiң екiншi данасы тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiктерi бар адамға тапсырылады.
492-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендiк тексеру
1. Кедендiк тексеру - тауарлардың орамдарын немесе көлiк құралының жүктiк үй-жайын не ыдыстарды, контейнерлердi және тауарлар бар немесе болуы мүмкiн өзге де орындарды ашумен байланысты тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты кеден органдары лауазымды тұлғаларының iс-әрекетi.
Кедендiк тексеру тауарларды кеден мақсаттары үшiн бiрегейлендiру, мәлiмделетiн мәлiметтердiң растығын белгiлеу не осындай ақпаратты тексеру мақсатында Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзу туралы ақпарат болған кезде, сондай-ақ кедендiк бақылауды iрiктеулiк тексерудiң негiзiнде жүргiзу мақсатында жүргiзiледi.
2. Декларант, тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiктерi бар өзге де тұлғалар және олардың өкiлдерi өздерiнiң бастамасы бойынша осы баптың 3-тармағымен белгiленген жағдайды қоспағанда тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк тексеру кезiнде қатысуға құқылы.
3. Тұлғалар кеден органы лауазымды адамдарының талабы бойынша тексеру кезiнде қатысуға және кеден органының лауазымды адамдарына қажеттi жәрдем көрсетуге мiндеттi. Тасымалдаушы арнайы уәкiлеттендiрген өкiл болмаған жағдайда, мұндай адам көлiк құралын басқаратын жеке тұлға болып табылады.
4. Кеден органы декларант, тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiктерi бар өзге де адамдар және олардың өкілдерi болмағанда, мынадай жағдайларда:
1) көрсетiлген адамдар тауарлар мен көлiк құралдары ұсынылғаннан кейiн он күн өткен соң келмеген жағдайда;
2) мемлекеттiң қауiпсiздiгiне, адамның, жан-жануарлар мен өсiмдiктердiң, қоршаған ортаның өмiрi мен денсаулығына Қазақстан Республикасы халықтарының көркем, тарихи және археологиялық игiлiгiне қауiп болған жағдайда және кейiнге қалдыруды күтпейтiн басқа да жағдаяттарда;
3) тауарларды халықаралық почта жөнелтiмдерiнде салу кезiнде;
4) тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк режимдi бұза отырып Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында қалдырған жағдайда тауарлар мен көлiк құралдарына кедендiк тексеру жүргiзуге құқылы.
Тауарлар мен көлiк құралдарын көрсетiлген жағдайларда кедендiк тексеру екi куәгерлердiң қатысуымен жүргiзiледi және кедендiк тексерудiң кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы бекiткен нысаны бойынша актiмен ресiмделедi.
5. Егер кедендiк тексеруге кедендiк декларацияда көрсетiлген тауарлардың бөлiгi бiр атаудың тауарлары ретiнде ұшыраған болса, онда мұндай тексерудiң нәтижелерi кедендiк декларацияда көрсетiлген барлық тауарларға таратылады.
6. Кедендiк тексерудiң нәтижелерi бойынша екi данада акт жасалады. Кедендiк тексерудiң жүргiзiлгендiгi туралы актіде мынадай мәлiметтер көрсетiледi:
1) кедендiк тексерудi жүргiзген кеден органының лауазымды тұлғалары мен оны жүргiзу кезiнде қатысқан адамдар туралы мәлiметтер;
2) декларанттың, тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiктерi бар өзге де адамның қатысуынсыз кедендiк тексеру жүргiзудiң себептерi;
3) кедендiк тексерудiң нәтижелерi.
Актiнiң екiншi данасы тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiктерi бар адамға не оның өкiлiне тапсырылады.
493-бап. Жеке тексеру
1. Кедендiк бақылаудың ерекше нысаны ретiндегi жеке тексеру Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өтетiн не кедендiк бақылау аймағындағы немесе халықаралық әуежайдың транзит аймағындағы жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу объектiлерi болып табылатын тауарларды өзiнде жасырып, бермей тұр деп санауға жеткiлiктi негiз болған жағдайда, кеден органы бастығының немесе оның орынбасарының жазбаша шешiмi бойынша жүргiзiледi.
Жеке тексерудi жүргiзумен байланысты рәсiм мен жеке тексерудi жүргiзу туралы шешiмнiң нысанын кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы белгiлейдi. Бұл ретте жеке тексеруді жүргiзу тәртібі шешімде жеке тұлғаның құқықтары мен жеке тексерудi жүргізудiң тәртібі көрсетілуі тиiс.
2. Жеке тексеру басталардың алдында кеден органының лауазымды адамы жеке тұлғаға кеден органы бастығының немесе оның орнындағы адамның жеке тексерудi жүргiзу туралы шешiмiн көрсетуге, жеке тұлғаны оның мұндай тексерудi жүргiзу кезiндегi құқықтарымен және мiндеттерiмен таныстыруға және жасырған тауарларын өз еркiмен беру туралы ұсыныс жасауға мiндеттi.
3. Кеден органы лауазымды адамының жеке тексерудi жүргiзу кезiндегi iс-әрекетi жеке тұлғаның намысы мен беделiне нұқсан келтiрмеуi тиiс.
4. Өзiне қатысты жеке тексеру жүргiзiлiп отырған жеке тұлғаның:
1) жеке тексерудi жүргiзу басталғанға дейiн жүргiзу тәртiбiмен және жеке тексерудi жүргiзу туралы шешiммен танысуға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу объектiлерi болып табылатын өзiнде жасырған тауарларын өз еркiмен беруге;
3) жеке тексерудi жүргiзетiн кеден органының лауазымды адамдарына мәлiмдеме жасап, оны жеке тексерудi жүргiзу тәртiбi туралы хаттамаға мiндеттi түрде енгiзуге;
4) жеке тексерудi жүргiзу нәтижелерiмен және iс жүргiзу құжаттарымен танысуға;
5) осы Кодекске сәйкес кеден органы лауазымды адамдарының әрекеттерiне шағым жасауға;
6) адвокаттың қызметтерiн пайдалануға құқығы бар.
5. Жеке тексеру жүргiзуден жеке тұлға бас тартқан кезде, Қазақстан Республикасының кеден шекарасын кесiп өтуден бас тартуға құқылы. Негiз болған кезде және Қазақстан Республикасының заңдар актiлерiмен көзделген тәртiппен осы тұлға тоқтатылуы мүмкiн.
6. Өзiне жеке тексеру жүргiзiлген жеке тұлғаға жеке тексерудiң жүргiзiлгенi туралы хаттаманың көшiрмесi, тауарлардың алынып қойғаны туралы актi берiледi.
7. Жеке тексерудi кеден органының тексеруден өтуiмен бiр жыныстағы лауазымды адамдары сол жыныстағы екi куәгердiң қатысуымен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келетiн оқшауланған үй-жайда жүргiзедi. Бұл үй-жайға басқа жеке тұлғалардың енуiне және олардың тарапынан жеке тексерудiң жүргiзiлуiн байқау мүмкiндiгiне жол берiлмеуге тиiс. Тексерiлетiн адамның дене мүшелерiн тексерудi қажет болған жағдайда, арнайы медициналық техниканы пайдалана отырып маман дәрiгер жүргiзедi.
Маман дәрiгер Қазақстан Республикасының заңдар актiлерiмен көзделген жағдайларды қоспағанда жеке қарауды жүргiзу туралы кеден органы басшысы немесе оны ауыстыратын тұлға шешiмнiң орындалуынан жалтаруға құқылы емес.
8. Жеке тексерудiң жүргiзiлгендiгi туралы кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы бекiткен нысан бойынша хаттама жасалады.
Хаттамаға жеке тексерудi жүргiзген кеден органының лауазымды адамы, оған қатысты тексеру жүргiзiлген жеке тұлға, куәгерлер, ал тексеру жүргiзген кезде - дәрiгер қолдарын қояды.
494-бап. Тауарларды арнаулы таңбалармен таңбалау, оларға
бiрегейлендiрiлген белгiлер соғу
1. Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген жағдайларда кедендiк бақылауды кеден органдары тауарларда (орамдарда) арнаулы таңбалардың, бiрегейлендiрiлген белгiлердiң немесе оларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелудiң заңдылығын растау үшiн пайдаланылатын тауарларды белгiлеудiң өзге де тәсiлдерiнiң бар-жоқтығын тексеру жолымен жүзеге асырады.
2. Тауарларда арнаулы таңбалардың, бiрегейлендiрiлген белгiлердiң немесе тауарларды белгiлеудiң өзге де тәсiлдерiнiң болмауы егер өзiнен мұндай тауарлар табылған адам, декларант не өзге де мүдделi адам керiсiнше дәлелдемесе, тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына кедендiк ресiмдеу мен тауарлар шығаруды жүргiзбестен әкелгендігі фактiсiн растау ретiнде қаралады.
495-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын есепке алу және олар бойынша
есептілiк жүйесін тексеру
1. Кедендiк бақылаудың нысаны ретiндегi тауарлар мен көлiк құралдарын есепке алу және олар бойынша есептiлiк жүйесiн тексеру мынадай жағдайларда:
1) тұлғаның осы Кодекстің ережелерiне сәйкес кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған рәсiмдерiн қолдануы туралы өтiнiшi жағдайында;
2) мұндай тауарлар Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалатын тәртіппен есепке алынатын кезде тауарлар шартты түрде шығарылған жағдайда;
3) қызметiн кедендiк делдалдар, кедендiк тасымалдаушылар ретiнде жүзеге асыратын, сондай-ақ жекелеген кедендiк режимдердiң шеңберiнде және уақытша сақтау бойынша кедендiк қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын адамдарды тексеру кезiнде;
4) кедендiк бақылаудағы тауарларға қатысты сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тексеру кезiнде қолданылуы мүмкiн.
2. Осы бапта көрсетiлмеген жағдайларда, есеп пен есептiлiк жүйесiн тексеру сыртқы экономикалық және кеден iсi саласындағы өзге де қызметтi тексерудi пайдаланумен кедендiк бақылауды жүргiзу кезiнде жүргiзiлуi мүмкiн.
496-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарының есебiн жүргiзу
1. Шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлiк құралдарын, тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шаралары белгiленген тауарларды бақылауды қамтамасыз ету мақсатында кеден органдары осы Кодекске сәйкес кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылау кезiнде тұлғалар беретiн мәлiметтердiң негiзiнде кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен және нысандарда Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарының есебiн жүргiзедi.
2. Қазақстан Республикасының аумағында шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлiк құралдарын пайдаланатын тұлғалар және осы Кодексте белгiленген өзге де тұлғалар олардың есебiн жүргiзуге және кеден органдарына кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен есептiлiк ұсынуға мiндеттi.
497-бап. Үй-жайлар мен аумақтарды қарау
1. Кеден бақылауын жүргiзу мақсатында кеден органының лауазымды тұлғалары қызметтiк куәлiктi көрсету кезiнде және кеден органы басшысының жазбаша рұқсат етуi негiзiнде кеден бақылауына жататын тауарлар мен көлiк құралдары, кеден бақылауы үшiн қажетті құжаттар болатын не болуы мүмкiн аумақ пен үй-жайларға енуге құқығы бар не Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiмен көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден бақылауында орналасқан тауарларға қатысты қызметтi жүзеге асырады.
2. Кеден органдарының лауазымды адамдарының енуiн қамтамасыз етуден бас тартқан жағдайда, тұрғын үй-жайларын қоспағанда, аумаққа және үй-жайға екi куәгердiң қатысуымен қарсылықтың жолын кесу мен жабық үй-жайларды ашу арқылы кiруге құқылы. Үй-жайларға қарсылықтың жолын кесу мен жабық үй-жайларды ашу арқылы кiрудiң барлық жағдайлары туралы кеден органдары жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорды хабардар етедi. Кеден органдарының лауазымды адамдарының осы аумақ пен үй-жайларына енуге қарсылық көрсеткен тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiне сәйкес жауапкершiлiкте болады.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiнде мемлекеттік органдар лауазымды адамдарының жекелеген объектiлерге енуiнiң өзге тәртiбi белгiленсе, кеден органдарының лауазымды адамдары көрсетiлген объектiлерге осы заңнама актiлерiнде белгiленген тәртіппен енуге құқылы.
4. Кедендiк бақылаудағы, оның iшiнде шартты түрде шығарылған тауарлардың бар-жоқтығын растау мақсатында жүргiзiлетiн үй-жайлар мен аумақтарды қарау уақытша сақтау қоймаларында, кеден қоймаларында, бажсыз сауда дүкенiнiң үй-жайларында, сондай-ақ оларда осы Кодекспен көзделген кедендiк рәсiмдердiң немесе кедендiк режимдердiң шарттарына сәйкес тауарлар болуы тиiс тұлғаларда жүргiзiледi. Үй-жайлар мен аумақтарды қарау тауарлардың жоғалғандығы, олардың иелiктен айырылғандығы не осы Кодекспен белгiленген талаптар мен шарттарды бұза отырып өзге де тәсiлмен билік етілуi туралы ақпарат болған жағдайда, осындай ақпаратты тексеру үшiн, сондай-ақ iрiктеулiк тексерудiң негiзiнде жүргiзiледi.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетiлмеген тұлғалардың үй-жайлары мен аумақтарын қарауды кеден органдары осындай үй-жайларда немесе аумақтарда Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына осы Кодекспен көзделген тәртiптi бұза отырып әкелiнген тауарлардың бар екендiгi туралы ақпарат болған жағдайда, осындай ақпаратты тексеру үшiн жүргiзедi. Қараудың нәтижелерi бойынша кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы бекiткен нысан бойынша акт жасалады, екiншi данасы өзiнде тексеру жүргiзiлген тұлғаға берiледi.
6. Осы Кодекстiң 97, 112, 140, 156, 266-баптарымен белгiленген бiлiктiлiк талаптары мен шарттарына сәйкестiгiне үй-жайларды және аумақтарды қарауды кеден органдары жүзеге асырады және ол бойынша орталық кеден органы айқындайтын нысан бойынша қорытынды жасалады.
64-ТАРАУ. КЕДЕНДIК САРАПТАМА
498-бап. Кедендiк сараптаманы тағайындау
1. Кедендiк сараптаманың мақсаты Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлардың сандық және сапалық құрамын анықтау үшiн, Сыртқы экономикалық қатынастың тауарлық номенклатурасына сәйкес дұрыс жiктеу үшiн зерттеулердi жүргiзу болып табылады.
2. Кедендiк сараптаманы кеден органдары:
1) кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде;
2) алдын ала шешiм қабылдау;
3) кеден iсi саласында бұзушылықтарды анықтау кезiнде тағайындауы мүмкiн.
3. Тауарлар, кедендiк және өзге де құжаттардағы тауарлар туралы мәлiметтер, кедендiк бiрегейлендiрудiң белгiлерi кедендiк сараптамалардың объектiлерi болып табылады.
4. Кедендiк сараптаманы кедендiк зертханалардың сарапшылары жүргiзедi. Кеден сараптамасын жүргiзу үшiн:
1) кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылаудың сатысында кедендiк сараптамаға жолдама;
2) кеден iсi және анықтау саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша - кедендiк сараптама тағайындау туралы қаулы негiз болып табылады.
Қаулыда немесе жолдамада:
1) кедендiк сараптама жүргiзу үшiн негiздеме;
2) кедендiк сараптама жүргiзiлуi тиiс кеден зертхананың атауы;
3) сарапшының алдына қойылған мәселелер;
4) сарапшының қарауына берiлетiн материалдар көрсетiледi.
5. Кеден сараптамасын тағайындаған кеден органының лауазымды адамы декларантты кедендiк сараптама тағайындау туралы қаулымен немесе жолдамамен таныстыруға, осы Кодекстiң 396, 397-баптарында көзделген құқықтар және мiндеттердi түсiндiруге мiндеттi. Қаулыда немесе жолдамада танысқандығы туралы белгi соғылады және декларант қол қояды.
499-бап. Кедендiк сараптаманы жүргiзудiң тәртiбi
1. Кедендiк сараптама егер бұл зерттеу сипаты бойынша не зерттеу
өзектiсiн сараптауға жеткiзу мүмкiн болмауына байланысты зертхананың
үй-жайында да, одан тысқары жерлерде де өткiзiледi. Сарапшы кеден
зертханасы бастығының жазбаша өкiмi бойынша ғана кедендiк сараптаманы
жүргiзуге кiрiседi.
2. Кедендiк сараптаманың нәтижесi бойынша сарапшының қорытындысы
берiледi.
3. Кедендiк сараптаманы кеден зертханаларында жүргiзу тәртiбiн және
қорытынды нысанын кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк
органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы бекiтедi.
500-бап. Сарапшының құқықтары мен мiндеттерi
1. Сарапшы:
1) кедендiк сараптама жүргiзу үшiн қажеттi қосымша материалдар беру
туралы қолдаухат беруге;
2) өзiнiң құзыретiне енбейтiн сұрақтарға жауап беруден бас тартуға;
3) қорытындыға олар бойынша сұрақтар қойылмаған iс үшiн мәнi бар
жағдайлар туралы қорытындыларын енгiзуге;
4) кедендiк сараптама мәселелерi жөнiнде сыртқы экономикалық қызметке
қатысушыларға консультациялар беруге құқылы.
2. Сарапшы:
1) кедендiк сараптамаға жататын материалдармен танысуға;
2) кедендiк сараптамаға ұсынылған тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiне зерттеу жүргiзуге және зерттеулердiң нәтижелерiн толық, жан-жақты және объективтi бағалаудың негiзiндегi қорытындыны ұсынуға;
3) iс жүргiзуiнде немесе қарауында кеден iсi саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iс бар тұлғаның шақыруы бойынша түсiнiк беру немесе өзi берген қорытындыны толықтыру үшiн жауапқа келуге;
4) кедендiк сараптама нәтижесiнде алынған мәлiметтердi жария етпеуге мiндеттi.
501-бап. Сарапшының қорытындысы
1. Сарапшы қорытындыны жазбаша нысанда өзiнiң атынан бередi және өзiнiң қорытындысы үшiн дербес жауап бередi.
2. Сарапшының қорытындысында өзi жүргiзген зерттеулер және қойылған сұрақтарға негiздi жауаптары жазылады.
3. Күрделi сараптамалық зерттеулердi жүргiзу қажет болатын жағдайларда, кеден зертханасы бастығының шешiмi бойынша бiр мамандықтағы бiрнеше сарапшыға тағайындалған комиссиялық сараптама жүргiзiледi. Сарапшылар арасында келiспеушiлiк болған кезде, олардың әрқайсысы немесе бiр бөлiгi жеке қорытынды беруге құқылы.
4. Зерттеулердi өз құзыреттерiнiң шегiнде әр түрлi мамандықтағы сарапшылар жүргiзу қажет болатын жағдайда, кешендiк сараптама тағайындалады. Әр сарапшы қорытындының зерттеу жүргiзген бөлiгiне қол қояды.
5. Берiлген материалдар бойынша қорытынды беру мүмкiн болмаған кезде бас тарту дәлелiн көрсете отырып, сарапшы кеден сараптамасын тағайындаған кеден органына бұл туралы жазбаша хабарлайды.
502-бап. Қосымша және қайталама кедендік сараптама
1. Қосымша кедендiк сараптама жаңадан ашылған жағдаяттар бойынша тағайындалады. Қосымша кедендiк сараптаманы жүргiзу бастапқы сараптаманы орындаған сарапшыға немесе басқа сарапшыға тапсырылуы мүмкiн.
2. Қайталама кедендiк сараптама алдыңғы қорытындыға декларант шағымданған жағдайларда сол объектiлердi зерттеу және сол мәселелердi шешу үшiн тағайындалады. Қайталама кеден сараптамасын тағайындау кезiнде жiберуде немесе қаулыда бұрынғы сараптама нәтижелерiмен келiспеу себебi көрсетiлуi тиiс.
3. Қайталама кедендiк сараптама бойынша жүргiзу орталық кеден органы айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
503-бап. Тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу
1. Кеден органдары кеден зертханаларында сараптама жүргiзу мақсатында тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алуға құқылы.
2. Сынамалар мен үлгiлер оларды сынамалар мен үлгiлердi iрiктеу нормаларын көздейтiн нормативтiк-техникалық құжаттамаға сәйкес зерттеу мүмкiндiгін қамтамасыз ететiн ең аз мөлшерде алынады. Кедендiк бақылаудағы тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу туралы орталық кеден органы белгiлеген нысан бойынша акт жасалады.
3. Декларант кеден органдарының лауазымды адамдары тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алуы кезiнде қатысуға құқылы. Декларант кеден органдарының лауазымды адамдарына тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу кезiнде жәрдем көрсетуге, оның iшiнде өзiнiң есебiнен сынамалар мен үлгiлер алу үшiн қажеттi жүктiк және өзге де операцияларды жүзеге асыруға мiндеттi.
Декларант болмағанда, тауарлар ұсынылғаннан кейiн он күнтiзбелiк күннен соң ол келмеген жағдайда, сондай-ақ кейiнге қалдыруды күтпейтiн жағдаяттар кезiнде тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн кеден органдары тартып алуы мүмкiн. Мұндай жағдайда, тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу кезiнде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алу туралы акті жасалу арқылы екі куәгердің қатысуымен жүзеге асырылады.
4. Мұндай сынамалар мен үлгiлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жойылуға немесе кәдеге жаратуға жататын немесе декларанттың ниетi бойынша тауарлардың сынамалары мен үлгiлерi кеден зертханаларына коллекция үшiн берiлетiн жағдайларды қоспағанда декларантқа қайтарылады.
65-ТАРАУ. КЕДЕН IСI САЛАСЫНДАҒЫ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ТЕКСЕРУ
504-бап. Кеден ici саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де
қызметтерге қатысушыларды тексеру
1. Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушыларды тексеру кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсе отырып орталық кеден органы белгiлеген тәртіппен оның сақталуын бақылау кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарының нормаларын қамтамасыз ету мақсатында кеден органдары жүзеге асырады.
2. Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушыларды тексеру қажет болған жағдайда мемлекеттiк органдарды тарта отырып кеден органдары жүргiзедi.
505-бап. Кеден iсi саласында қызмет көрсететiн тұлғалардың
қызметiн тексеру
Кеден делдалы, кедендiк тасымалдаушы, уақытша сақтау қоймасының, кеден және еркiн қойманың, сондай-ақ бажсыз сауда дүкенiнiң иесi ретіндегi қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тексеру кеден iсi мәселелерi жөнiндегi өкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсе отырып орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен кеден органдары жүзеге асырады.
506-бап. Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де
қызметтерге қатысушыларды тексеру үшiн негіздеме
1. Орталық кеден органы және (немесе) кеден басқармасы, кеден берген
нұсқама тексерудi жүргiзу үшiн негiздеме болып табылады.
2. Нұсқамаға кеден органының басшысы немесе оның орнындағы адам қол
қойған, елтаңбалық мөрмен расталған, кеден iсi мәселелерi жөнiндегi
өкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсе отырып, орталық кеден органы
белгiлеген тәртiпке сәйкес арнайы журналда тiркелуi тиiс.
3. Нұсқама Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес прокуратура
органдарында тiркелуi тиiс.
4. Кеден органының нұсқамасында мынандай деректемелер болуы тиiс:
1) нұсқаманың кеден органында тiркелген күнi мен нөмiрi;
2) нұсқаманы енгізген кеден органының атауы;
3) сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушының толық
атауы;
4) салық төлеушi куәлiгiнiң көшiрмесi;
5) тексерудiң мақсаты;
6) кеден органын тексерушi адамдардың лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң
аты;
7) тексеру жүргiзудiң мерзiмi.
507-бап. Кеден ici саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де
қызметтерге қатысушыларды тексерудi бастау
1. Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушыларға мiндеттi түрде қызмет куәлiгiн көрсете отырып нұсқаманы тапсыру сәтi тексерудiң басталғаны болып саналады.
2. Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушылардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ресiмделген нұсқаманы алудан бас тартуы тексерудi тоқтату үшiн негiздеме болып табылмайды.
3. Тексерудi жүргiзу кезеңiнде кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушыларға тексеру кезеңiндегi тексерiлетiн құжаттарға өзгерiстер мен толықтырулар енгізуге рұқсат етiлмейдi.
508-бап. Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де
қызметтерге қатысушыларды тексерудiң мерзiмi және кезеңдiгi
1. Нұсқамада көрсетiлген кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушыларды тексерудiң мерзiмi, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда нұсқаманы тапсырған сәттен бастап отыз жұмыс күнiнен аспауы керек.
2. Тексерудi жүргiзетiн кеден органы қызметiнiң аймағынан тыс құрылымдық бөлiмшелерi бар кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушыларды тексеру кезiнде алпыс жұмыс күнiне дейiн ұзартылуы мүмкін.
3. Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушыларды тексеру мынандай кезеңдiлiкпен жүргiзiледi:
1) кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтердiң барлық бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының кеден заңын сақтауын тексеруден тұратын кешендiк - жылына бiр реттен жиi емес;
2) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайлардан қоспағанда, кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтердiң барлық бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының кеден заңын сақтауын тексеруден тұратын тақырыптық - бiр және сол мәселе бойынша жарты жылда бiр реттен жиi емес.
4. Осы баптың 3-тармағында көзделген шектеулер Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргiзу заңы негізiнде жүргізілетiн тексерулерге қолданылмайды.
509-бап. Кеден органы лауазымды адамдарының сыртқы экономикалық
және кеден iсі саласындағы өзге де қызметтi тексеру жүргiзу
үшiн аумаққа немесе үй-жайға енуi
1. Сыртқы экономикалық және кеден iсi саласындағы өзге де қызметке қатысушы осы Кодекстiң 497-бабына сәйкес кеден органының лауазымды адамдарының аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайларынан басқа) енуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Тексеру жүргiзушi кеден органының лауазымды адамдарының көрсетiлген аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайларынан басқа) енуiн қамтамасыз етуден бас тартқан жағдайда, хаттама жасалады.
3. Хаттамаға екi куәгердiң қатысуымен тексеру жүргiзетiн кеден
органының лауазымды тұлғасы қол қояды.
4. Сыртқы экономикалық және кеден iсi саласындағы өзге де қызметке
қатысушының егер:
1) нұсқама тапсырылмаған не белгiленген тәртiппен ресiмделмеген;
2) нұсқамада көрсетiлген тексерудiң мерзiмдерi басталмаған немесе
өтiп кеткен;
3) аталған тұлғалар нұсқамада көрсетiлмеген жағдайларда кеден
органының лауазымды адамдарының тексеру жүргiзу үшiн аумаққа немесе
үй-жайға енгiзуден бас тартуға құқығы бар.
510-бап. Кеден органдары лауазымды адамдарының сыртқы экономикалық
және кеден iсi саласындағы өзге де қызметтi тексерудi
жүргiзу кезiндегi өкiлеттiгi
1. Сыртқы экономикалық және кеден iсi саласындағы өзге де қызметке қатынасушылар тексеру жүргiзу кезiнде кеден органдарының лауазымды адамдары:
1) кедендiк бақылаудағы тауарлар мен көлiк құралдарының болуын тексеруге және жүзеге асыруға;
2) сыртқы экономикалық және кеден iсi саласындағы өзге де қызметке қатысты құжаттарды тексеруге;
3) сыртқы экономикалық және кеден iсi саласындағы өзге де қызметтi жүзеге асыруға қатысты құжаттарды, анықтамаларды, жазбаша және ауызша түсiнiк берулердi тұлғалардан алуға;
4) тауарлар мен көлiк құралдары бар үй-жайларға сүргi салуға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалған тәртiппен кеден iсi саласындағы құқық бұзушылықтарды куәландыратын және кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге қызметке қатысты құжаттардың түпнұсқасын алып қоюға, бұл ретте, кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге қызметке қатысушы алып қойылған құжаттардың көшiрмелерiн жүргiзуге құқылы.
2. Алынған құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қайтарылады.
3. Көрсетiлген шаралар кеден iсi саласындағы құқық бұзушылықтарға алып келуi мүмкiн ерекше жағдайларда сүргiлеу мен алып қою жүзеге асырылады.
511-бап. Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де
қызметтерге қатысушыларды тексерудiң аяқталуы
1. Тексеру аяқталғаннан кейiн кеден органының лауазымды адамдары:
1) тексерудiң жүргiзiлген орнын, акт жасау күнiн;
2) тексеру жүргiзушi кеден органының лауазымды адамдарының лауазымын, тегiн, атын, әкесiнiң атын;
3) кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушының тегiн, атын, әкесiнiң атын не толық атауын;
4) кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушының мекен-жайын, банктiк деректемелерiн;
5) кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушының кедендiк және бухгалтерлiк есептiлiк, кедендiк төлемдер мен салықтар үшiн жауапты басшысы мен лауазымды адамдарының тегiн, атын, әкесiнiң атын;
6) мұның алдындағы тексеру мен бұған дейiн ашылған Қазақстан Республикасы кеден заңдарын бұзушылықтарды жою жөнiнде қабылданған шаралар туралы мәлiметтердi;
7) кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушы тексеру үшiн ұсынған құжаттары туралы мәлiметтердi;
8) Қазақстан Республикасы кеден заңдарының тиiстi нормасына сiлтеме жасай отырып кеден iсi саласындағы құқық бұзушылықтарды егжей-тегжейлi сипаттап көрсете отырып акт жасалады.
2. Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушыға тексеру актiсiн тапсырған күн тексеру мерзiмiнiң аяқталған күнi болып саналады.
3. Егер тексеру аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасының кедендiк заңдарын бұзу анықталмаған жағдайда, тексеру актiсiнде тиiстi жазба жүргiзiледi.
4. Тексеру актiсiне құжаттардың көшiрмелерi, есептер және тексеру барысында алынған басқа да материалдар қоса берiледi.
5. Тексеру актiсi тексерудi жүргiзушi кеден органының лауазымды адамы қол қойған үш данада жасалады.
6. Тексеру актiсi нөмiрленген, байлап-қайымдалған және кеден органының мөрiмен бекiтiлген тексеру актiлерiн тiркеудiң арнаулы журналында тiркеледi.
7. Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушы тексерудiң нәтижелерiнiң толық немесе iшiнара заңды екендiгiн танудан бас тартқан жағдайда, кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушының басшысы немесе уәкiлеттi лауазымды адамы тексеру актiсiне тиiстi жазба жасайды.
512-бап. Кеден ici саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де
қызметтердi тексерудiң нәтижелерi бойынша шешiм
1. Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтердi тексеру аяқталғаннан кейiн тексеру актiсiнде көрiнiс тапқан нәтижелердiң негiзiнде кеден органы орталық осы Кодекстiң 376-бабында көзделген нысанда кедендiк төлемдер мен салықтардың және өсiмдердiң есептелген сомалары туралы хабарлама шығарады.
2. Хабарлама осы Кодекстiң 376-бабында көзделген тәртiппен кеден iсi
саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушыларға
жiберiледi.
3. Кедендiк төлемдердiң, салықтардың және өсiмдердiң есептелген
сомалары туралы хабарлама алған кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық
және өзге де қызметтерге қатысушы оны осы Кодекстiң 376-бабында
белгiленген мерзiмде.
4. Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге
қатысушы осы Кодексте көзделген тәртiппен және мерзiмде тексерудiң
нәтижелерi не шағымдануға құқылы.
66-ТАРАУ. ҚАТЕРДI БАҒАЛАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ
513-бап. Жалпы ұғымдар және қатердi басқаруды қолданудың мақсаттары
1. Қатер - мемлекет үшiн шығындарға, ысыраптарға және залалға әкелiп соқтыруы мүмкiн Қазақстан Республикасының кедендiк заңдарын сақтамаудың ықтималдық дәрежесi.
Қатердi бағалау - қатердiң деңгейiн бағалау және алдын ала айқындалған стандарттармен салыстыру жолымен қатердi басқарудың басымдықтарын жүйелi түрде анықтау.
Қатердi басқару - қатердiң алдын алу үшiн бақылаудың әдiстерiн айқындауға мүмкiндiк беретiн алдын алу шараларын қолдану техникасы.
2. Қатердi басқаруды қолданудың мақсаттары:
1) жоғары қатер салаларына назар аудару және демек, қолда бар
ресурстардың неғұрлым тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету;
2) кеден iсi саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау жөнiндегi
мүмкiндiктердi арттыру;
3) Қазақстан Республикасының кедендiк заңдарын сақтайтын сыртқы
экономикалық қызметке қатысушыларға Қазақстан Республикасының кедендiк
шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзу үшiн қолайлы
жағдайлар жасау болып табылады.
514-бап. Қатерлер санаттары
Қатерлер санаттары:
1) тауарлардың түрi;
2) Сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлық номенклатурасына сәйкес
тауарлардың коды;
3) тауарлар шыққан ел;
4) тауарлар жөнелтiлетiн ел;
5) тауарлар тағайындалған ел;
6) көлiк құралы;
7) кедендiк құн;
8) тауарларды өткiзудiң бағыты;
9) сыртқы экономикалық қызметке қатысушы;
10) кедендiк ресiмдеу үшiн көрсетiлген құжат болып табылады.
515-бап. Қатердi бағалау және басқару жөнiндегі кеден органдарының
қызметi
1. Орталық кеден органы олар бойынша тексеру жүргiзудiң сатысында тұрған, сондай-ақ олар бойынша iс жүргiзушiлiк шешiм қабылданған құқық бұзушылықтардың барлық фактiлерiн қоса алғанда, кеден iсi саласында жасалған құқық бұзушылықтар туралы статистикалық және жедел ақпаратты жинауды, жалпылауды және талдауды жүргiзедi.
2. Орталық кеден органы осы Кодекстiң 516-бабының 1-5-тармақтарында көрсетiлген өлшемдердiң негiзiнде қатерлер көрсеткiштерiнiң тiзбелерiн белгiлейдi.
3. Қатер көрсеткiштерiнiң белгіленген тiзбелерiн кеден органдары жоғары назар аудару объектiлерiн iрiктеуге арналған кедендiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде пайдаланады және тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлуiн шектеу үшiн негiздеме болып табыла алмайды. Осы тiзбелер құпия ақпарат болып табылады.
4. Кеден басқармалары мен кедендердiң ұсынысы бойынша қалыптасқан
жедел жағдайды ескере отырып, қатер көрсеткiштерiнiң тiзбесi олардың
қолданылуының барлық уақыты iшiнде өзгеруi мүмкiн.
516-бап. Қатер көрсеткiштерiн айқындаудың өлшемдері
1. Тауарлардың түрлерi:
1) Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы заңсыз
өткiзудiң неғұрлым жиi нысанасы болып табылатын;
2) қоршаған ортаның көрсеткiштерiне қарай физикалық көлемiн өзгерту
қасиетi бар.
2. Сыртқы экономикалық қызметтiң тауарларлық номенклатурасына сәйкес
тауарлардың кодтары:
1) оларға қатысты Қазақстан Республикасының заңдарымен тарифтiк емес
реттеу шараларын қолдану көзделген;
2) акциз салуға жататындар;
3) кедендiк төлемдердiң мөлшерлерiн төмендету, сондай-ақ тарифтiк
емес реттеу шараларын қолданудан жалтару үшiн пайдаланылуы мүмкiн.
3. Оларға қатысты тарифтiк преференциялар көзделген тауарлардың
шыққан елдерi.
4. Тауарлар жөнелтiлетiн елдер:
1) оларға қатысты тарифтiк преференциялар көзделген;
2) наркотрафиктердiң, сондай-ақ террористiк көрiнiстердiң көздерi
болып табылатын.
5. Оффшорлық аймақтары бар тауарлар жөнелтiлетiн елдер.
6. Көлiк құралдары:
1) зауыттықтардан ерекше конструктивтiк өзгерiстерi немесе өңдеулерi
бар;
2) олардың iс жүзiндегi иелерi болып табылмайтын адамдар өткiзетiн;
3) бұрын тауарларды заңсыз өткiзу үшiн пайдаланылған.
7. Кедендiк құн:
1) оны растайтын коммерциялық құжаттар ұсынылмастан мәлiмделген;
2) сенiмдiлiгi күдiк туғызатын коммерциялық құжаттардың негiзiнде мәлiмделген (құжаттардың ксеро көшiрмелерi, сатушының және (немесе) сатып алушының деректемелерi жоқ құжаттар, Қазақстан Республикасының шекара маңындағы өткiзу пункттерiнiң де, шекаралас мемлекеттердiң кедендiк қызметтерiнiң де кедендiк бақылау жүргiзгендiгi туралы белгілерi жоқ
құжаттар);
3) кеден органдары осы Кодекстiң 333-бабында көзделген кеден құнын
айқындау әдiстерi негiзiнде белгiлеген кедендiк құннан неғұрлым төмен
болып табылатын.
8. Тауарларды өткiзудiң бағыттары:
1) қолайлылардан қашықтығы бойынша немесе жолдың жағдайы бойынша
ерекшеленетiн;
2) Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы заңсыз өткiзудi
жүзеге асыру үшiн неғұрлым жиi пайдалынатын.
9. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар:
1) бiрiншi рет экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыратын;
2) Тауарлардың коммерциялық партияларын өткiзетiн жеке тұлғалар және
Қазақстан Республикасының салық органдарында жеке кәсiпкерлер ретiнде
тiркелмегендер;
3) жоғары мөлшердегi қатер санатына жатқызылғандар.
10. Кедендiк ресiмдеу үшiн ұсынылатын жеңiлдiктердi немесе тарифтiк преференцияларды пайдалану құқығын растайтын құжаттар.
517-бап. Ең аз және ең жоғарғы мөлшердегi қатер санаттарының сыртқы
экономикалық қызметке қатысушыларын айқындау
1. Ең аз мөлшердегi қатер санатына жатқызылған сыртқы экономикалық қызметтiң қатысушыларын айқындау тәртiбi кеден басқармалары мен кедендердiң өзiн-өзi реттейтiн кеден iсi саласындағы ұйымдармен бiрiгiп әзiрленген ұсыныстардың негiзiнде кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы бекiтедi.
2. Кеден басқармалары мен кедендер бiр жыл iшiнде тауарлар мен көлiк құралдарын тәркiлеуге байланысты жауаптылыққа әкеп соқтырған кеден iсi саласында екi және одан артық құқық бұзушылық жасаған кезде не осы кезең iшiнде кеден iсi саласындағы жасалған құқық бұзушылықтар саны олар осы кезеңде ресiмдеген жүк кеден декларацияларының жалпы санының бес пайызынан асып кетсе, ең жоғарғы мөлшердегi қатер санатына сыртқы экономикалық қызметке қатысушыны жатқызады.
3. Кеден басқармалары мен кедендер осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тәртiпке сәйкес ең аз мөлшердегi қатер санатына жатқызылған сыртқы экономикалық қызметтiң қатысушыларын айқындайды.
4. Орталық кеден органы ай сайын барлық кеден органдарына ең аз және ең жоғарғы мөлшердегi қатер санаттарына жатқызылған сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының жинақталған тiзiлiмiн жiбередi. Бұл ретте, ең аз және ең жоғарғы мөлшердегi қатер санаттарына жатқызылған сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының тiзiлiмi тек кеден мақсаттарына ғана пайдаланылады және құпия болып табылады.
5. Кеден органдары осы баптың 4-тармағында көрсетiлген тiзiлiмдердiң негiзiнде ең аз мөлшердегi қатер санаттарына жатқызылған сыртқы экономикалық қызметтiң қатысушыларына барынша кедендiк қолайлылық режимiн, ең жоғарғы мөлшердегi қатер санаттарына жатқызылған сыртқы экономикалық қызметтiң қатысушыларына ерекше кедендiк бақылау режимiн қолданады.
Ең аз және ең жоғарғы мөлшердегi қатер санаттарына жатқызылған сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының тiзiлiмiне енгiзiлмеген басқа сыртқы экономикалық қызметтiң қатысушысына осы Кодексте белгiленген жалпы кеден рәсiмдерi қолданылады.
6. Ең жоғарғы мөлшердегi қатер санатына жатқызылған тұлғаның сұрау
салуы бойынша кеден органдары мұндай айқындаманың негiздемесiн ұсынады.
Тұлға кеден органының өзiн ең жоғарғы мөлшердегi қатер санатына қосу
туралы шешiмiне шағымдана алады.
518-бап. Ең жоғары кедендiк қолайлылық режимi
1. Ең жоғары кедендiк қолайлылық режимi:
1) тауарларды жеткiзiлетiн жерiне дейiн кедендiк қамтамасыз етудiң
шараларын қолданбастан жеткiзудi;
2) алушының қоймаларында тауарларды уақытша сақтауды;
3) партиядағы тауарларды iрiктеулiк тексерудi не тауарлардың
iрiктеулiк партияларын тексерудi жүргiзудi;
4) тауарларды бiрiншi кезектегi тәртiппен кедендiк ресiмдеудi
жүргiзудi;
5) осы Кодекстiң 397-бабына сәйкес кедендiк ресiмдеудiң арнайы
рәсiмдерiн қолдануды;
6) кеден iсi мәселесi бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы айқындайтын өзге де преференциялық рәсiмдердi қамтиды.
2. Ең аз мөлшердегi қатер санатының сыртқы экономикалық қызметке қатысушысының жазбаша өтiнiшi сәйкестiгiн тексерудi бастау үшiн негiздеме болып табылады.
3. Тексеру өтiнiш берiлген күннен бастап бiр айдың iшiнде жүзеге асырылады.
4. Ең аз мөлшердегi қатер санатының сыртқы экономикалық қызметке қатысушысы сәйкес деп танылған кезде тексеру жүргiзген кеден органы орталық кеден органын ақпараттандыру жолымен тиiстi тiзiлiмге сыртқы экономикалық қызметке қатысушыны қосады.
5. Кеден iсi саласындағы құқық бұзушылық ең аз мөлшердегi қатер санатына жатқызылған сыртқы экономикалық қызметке қатысушы оны бұл санатқа сәйкестiктен алып тастайтын дәлелдi жолсыздық жасаған жағдайда, жолсыздықты анықтаған кеден органы бұл туралы аталған тұлғаны тиiстi тiзiлiмнен алып тастау үшiн орталық кеден органын кешiктiрмей хабардар етедi.
6. Мейлiнше кедендiк қолайлылық режимiн негiздi себептер бойынша қайтарып алу бiр жылдың iшiнде өтiнiштi қайталап беру мүмкiндiгiн жоққа шығарады.
7. Тауарлардың мейлiнше кедендiк қолайлылық режимiнде тауарлардың
өткiзiлуiне кедендiк бақылау сыртқы экономикалық қызметке тексерудi жүзеге
асыру жолымен жүзеге асырылады.
8. Мейлiнше кедендiк қолайлылық режимi кеден органдарының кеден iсi
саласындағы құқық бұзушылықтың жасалғаны немесе дайындалып жатқандығы
туралы ақпарат немесе күдiк болған жағдайда кедендік бақылаудың кез-келген
нысанын пайдалану мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.
519-бап. Ерекше кедендiк бақылау режимi
1. Ерекше кедендiк бақылау режимi:
1) тек кедендiк алып жүрудi қолдана отырып автомобиль көлiгi мен
тауарлар жеткiзудi;
2) осы Кодекстiң 103-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда кедендiк ресiмдеу аяқталғанға дейiн тауарларды уақытша сақтау қоймасында мiндеттi орналастыруды және сақтауды;
3) тауарларды толық тексерудiң басым жүргiзiлуiн;
4) кезеңдiк декларациялаудың рәсiмiн қолдануды жоққа шығаруды қамтиды.
2. Ең жоғарғы мөлшердегi қатер санатына жатқызылған сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының тiзiлiмдерiнен алып тастауды кеден органдары оны тиiстi тiзiлiмге енгiзгеннен кейiн алты айдың iшiнде тауарлар мен көлiк құралдарын тәркiлеуге байланысты жауаптылыққа әкеп соқтырған кеден iсi саласындағы бiрде-бiр құқық бұзушылық жасамауы, не осы кезең iшiнде кеден iсi саласындағы жасалған құқық бұзушылықтардың саны осы кезеңде ресiмдеген жүк кеден декларацияларының жалпы санының бес пайызынан асып кетпеуi шарты кезiнде сыртқы экономикалық қызметке қатысушының өтiнiшiнiң негізiнде жүргiзедi.
67-ТАРАУ. КЕДЕНДIК БАҚЫЛАУҒА ҚАТЫСТЫ ҚОСЫМША ЕРЕЖЕЛЕР
520-бап. Кедендік бақылаудың белгiлi бiр нысандарынан босату
1. Кеден органдарының кедендiк бақылаудың белгiлi бiр нысандарын қолданудан босату тек осы Кодекспен белгiленедi.
2. Қазақстан Республикасының Президентi мен онымен бiрге жол жүретiн оның отбасы мүшелерiнiң жеке қол жүктерi кедендiк тексеруге жатпайды.
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты Төрағасының, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсi Төрағасының, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Төрағасының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының, Қазақстан Республикасының Үкiметi мүшелерiнiң, Қазақстан Республикасының Сенаты мен Мәжiлiсi депутаттарының жеке қол жүгi, егер көрсетiлген адамдар Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан өздерiнiң тиiстi депутаттық немесе қызметтiк мiндеттерiн орындаумен байланысты өтсе, кедендiк тексеруден босатылады.
4. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгедей көзделмесе, өздiгiнен жол жүретiн шетелдiк әскери кемелер, әскери әуе кемелерi мен әскери техника кедендiк тексеруден босатылады.
521-бап. Кедендiк бақылауды жүргiзу кезiнде кеден органдарының
тұлғалар туралы ақпарат жинауы
1. Кедендiк бақылау жүргiзу мақсатында кеден органдары Қазақстан Республикасы кедендiк шекара арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзумен байланысты сыртқы экономикалық қызметтi, не кедендiк бақылаудағы тауарларға қатысты кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпараттарды, тiркелуi, мекен-жайы туралы деректердi, сондай-ақ азаматтардың жеке деректерiн, атап айтқанда, тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi мен жерi, жынысы, тұрғылықты жерiнiң мекен-жайы туралы деректердi жинауды жүзеге асыруға құқылы.
2. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың кеден органдарындағы өздерi туралы құжатталған ақпаратпен танысуға және оның толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында бұл ақпаратты нақтылауға құқығы бар.
3. Тұлғалар туралы ақпарат жинауды кеден органдары Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу кезiнде, сондай-ақ көрсетiлген ақпаратты салық органдарынан, iшкi iстер органдарынан, мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органдардан алу жолымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен тиым салынбаған басқа да тәсiлдермен жүзеге асырады.
522-бап. Кедендiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде техникалық
құралдарды пайдалану
Кедендiк бақылау жүргiзу уақытын қысқарту және оның оңтайлылығы мен тиiмдiлiгін арттыру мақсатында кеден органдары тiзбесi мен қолдану тәртiбiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы белгiлейтiн техникалық құралдарды пайдалануы мүмкiн.
Көрсетiлген техникалық құралдар адамның, жануарлар мен өсiмдiктердiң өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiпсiз және адамдарға, тауарларға және көлiк құралдарына зиян келтiрмейтiн болуы тиiс.
523-бап. Кедендiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде кеден органдарының
кемелерiн пайдалану
1. Қазақстан Республикасының аумақтық теңiзi мен iшкi суларының шектерiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасына жақын орналасқан аумақта тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк бақылау кеден органдарының су және әуе кемелерiн пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
2. Теңiз, өзен және әуе кемелерiн пайдалана отырып кедендiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде кеден органдары:
1) көлiк құралында кедендiк бақылауға жататын тауарларды заңсыз өткiзудiң белгiлерi анықталған жағдайда, көлiк құралын тоқтатуға және оған тексеру жүргiзуге;
2) анықтау органдары ретiндегi кеден органдарының құзыретiне қатысты және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа жататын қылмыс жасаған көлiк құралындағы адамдарды ұстауға;
3) егер iзiне түсу Қазақстан Республикасының iшкi суларында, аумақтық теңiзiнде бұл сигналды көруге немесе естуге мүмкiндiк беретiн қашықтықтан тоқтау туралы көру немесе есту сигналы берiлгеннен кейiн басталса және үзiлiссiз жүрсе, Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан кеден органдарының рұқсатынсыз Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасына жақын орналасқан аумаққа аттанған cy кемелерiн олар өз елiнің немесе үшiншi мемлекеттiң аумақтық теңiзiне енгенге дейiн Қазақстан Республикасының аумақтық теңiзiнiң шегiнен тысқары жерлерде iзiне түсуге және ұстауға;
4) кеден iсi саласында құқық бұзушылықтар жасалған жағдайда, көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiне сәйкес оларды алу үшiн ұстауға;
5) осы Кодексте көзделген жағдайларда, көлiк құралдарын, соның iшiнде оларға кеден органдарының лауазымды адамдарын орналастыра отырып алып жүруге құқылы.
3. Қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде кеден органдары кемелерiнiң экипаждарына:
1) олардың тиiстiлiгi мен арналуына қарамастан Қазақстан Республикасының су және әуе кеңiстiгiн, Қазақстан Республикасының аумағындағы теңiз және өзен порттарының айдындарын, сондай-ақ әуежайларды, әуеайлақтарды (қону алаңдарын) пайдалануға;
2) Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органымен келiсiлген тәртiппен портқа кiруге және порттан шығуға;
3) навигациялық, гидрометеорологиялық, гидрографикалық және кеден органдарына жүктелген мiндеттердi шешу үшiн қажеттi өзге де ақпаратты алуға құқықтар берiледi.
524-бап. Тауарлармен және көлiк құралдарымен жүргiзiлетiн жүктік
және кедендiк бақылау үшiн қажеттi өзге де операциялар
1. Декларант, қойманың иесi, кеден делдалы және тауарларға қатысты өкiлеттiктерi бар өзге де тұлға кеден органының талабы бойынша тауарларды тасымалдауды, өлшеудi немесе мөлшерiн өзге де анықтауды, кедендiк бақылауға жататын тауарларды тиеудi, түсiрудi, қайта тиеудi, бүлiнген орамды түзетудi, орамды ашуды, сондай-ақ үй-жайларды, ыдыстарды және мұндай тауарлар бар немесе болуы мүмкiн басқа да орындарды ашуға мiндеттi.
2. Тасымалдаушы өзi тасымалдайтын тауарлармен және көлiк құралдарымен жүктiк және өзге де операциялардың жүргiзiлуiне ықпал етуге мiндеттi.
3. Тауарлармен және көлiк құралдарымен жүретiн жүктiк және өзге де операциялар кеден органы үшін қандай да бiр қосымша шығындарға әкеп соқтырмауы тиiс.
525-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын, үй-жайларды және басқа да
орындарды бiрегейлендiру
1. Көлiк құралдарын, үй-жайларды, ыдыстарды және кедендiк бақылауға жататын тауарлар мен көлiк құралдары бар және болуы мүмкiн басқа да орындар мен оны бақылау кеден органдарына жүктелетiн қызмет жүзеге асырылатын орындарды, сондай-ақ кедендiк бақылаудағы тауарлар мен көлiк құралдарын кеден органдары бiрегейлендiре алады.
2. Бiрегейлендiру пломбылар, мөрлер салу, сандық, әрiптiк және өзге де маркiлеу, бiрегейлендiру белгiлерiн салу, мөртаңбалар қою, сынамалар мен үлгiлер алу, тауарларды егжей-тегжейлi сипаттап жазу, сызбалар жасау, масштабтық бейнелер, фотосуреттер, иллюстрациялар жасау, тауарға iлеспе және өзге де құжаттаманы пайдалану жолымен және өзге де тәсiлдермен жүргiзiледi.
3. Бiрегейлендіру құралдарын қолдану мен дайындаудың тәртібiн, сондай-ақ олардың стандарттарын кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы белгiлейдi. Кедендiк мақсаттарға арналған бiрегейлендiру құралдары ретiнде пломбылар, мөрлер немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шетелдiк мемлекеттердiң кеден органдары салған өзге де бiрегейлендiру құралдары танылуы мүмкiн.
4. Бiрегейлендiрудiң құралдары, егер тауарлар мен көлiк құралдарының жойылуының, қайтарымсыз жоғалуының немесе елеулi түрде бүлiнуiнiң нақты қаупi болса, тек кеден органдары немесе олардың рұқсатымен ғана өзгеруi, алынып тасталуы немесе жойылуы мүмкiн. Кеден органына бiрегейлендiру құралдарының өзгерiстерi, алынып тасталуы немесе жойылуы туралы тез арада
хабарланады және көрсетiлген қатердiң бар екендігіне айғақ берiледi.
526-бап. Кедендiк бақылаудағы тауарлар мен көлiк құралдарын түгендеу
Кеден органдары кедендiк бақылаудағы тауарлар мен көлiк құралдарына,
сондай-ақ оларға қатысты кедендiк төлемдер мен салықтар төленбеген немесе
кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеу бөлiгiнде жеңiлдiктер берiлген
тауарларға кез-келген уақытта түгендеу жүргiзуге құқылы.
527-бап. Тұлғалардың кедендiк бақылау жүргiзу уақытының ең қысқа
кезеңi туралы талаптарды сақтауы
Тұлғалар кедендiк бақылау жүргiзу үшiн қажеттi уақыттың ең қысқа
кезеңi туралы талаптарды сақтауға мiндеттi. Тұлғаға өзiнiң мұндай
талаптарды сақтамауының салдарынан келтiрiлген зиян орнын толтыруға
жатпайды.
528-бап. Кедендiк бақылау жүргiзген кезде заңсыз зиян келтiруге жол
бермеушілiк
Кедендiк бақылауды жүргiзу кезiнде тасымалдаушыға, декларантқа,
олардың өкiлдерiне, уақытша сақтау қоймаларының, кеден қоймаларының, еркiн
қоймалардың иелерiне, бажсыз сауда дүкендерiнiң иелерiне және кедендiк
бақылауды жүргізу кезiнде кеден органдарының әрекеттерiмен
(әрекетсiздiктерiмен) және шешiмдерiмен мүдделерi қозғалатын өзге де
тұлғаларға, сондай-ақ тауарлар мен көлiк құралдарына заңсыз зиян келтiруге
жол берiлмейдi.
15-БӨЛIМ. ВАЛЮТА ЖӘНЕ ЭКСПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ КЕДЕНДIК БАҚЫЛАУ
68-ТАРАУ. КЕДЕНДIК ОРГАН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ВАЛЮТАЛЫҚ БАҚЫЛАУ
529-бап. Кеден органы валюталық бақылау органы ретiнде
1. Кеден органы валюталық бақылау органы болып табылады және өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес валюталық реттеудi жүзеге асырады.
2. Орталық кедендiк орган кеден органының функциялары мен өкiлеттiктерiн анықтайды, өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес валюталық бақылау саласында нормативтiк құқықтық актiлер шығарады.
530-бап. Кеден органының валюталық бақылау саласындағы құзыретi
1. Валюталық реттеу нормаларын сақтау мақсатында кеден органы
тұлғалардың тауарларды өткiзу және осы тұлғалардың өз мiндеттерiн орындау
бөлiгiнде валюталық бақылауды жүзеге асырады.
2. Орталық кеден органы Қазақстан Республикасындағы валюталық
реттеудiң негiзгi органына ұсыныстар енгiзу арқылы экспорттық-импорттық
операцияларды валюталық бақылауды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды
жетiлдiредi.
531-бап. Кеден органының валюталық бақылауды жүзеге асыру кезiндегi
өкiлеттiктерi
Кеден органдары валюталық бақылауды жүзеге асырған кезде:
1) сыртқы экономикалық қызметтің қатысушыларының валюталық заң
нормаларын сақтауы бойынша тексеру жүргiзуге;
2) мемлекеттiк органдардан, банктерден және өзге де ұйымдардан сыртқы экономикалық мәмiлелердi жасау және мiндеттемелердiң атқарылуы туралы ақпаратты қамтитын, оның iшiнде банктiк және коммерциялық құпияны құрайтын құжаттар мен мәлiметтердi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес сұратуға және алуға;
3) анықталған валюталық бұзушылықтарды жою туралы талаптар (жазбаша
өкiм) жiберуге;
4) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес тұлғаларды
жауапкершiлiкке тартуға құқылы.
532-бап. Кеден органдары валюталық бақылауды жүзеге асырған кезде
анықтаған құқық бұзушылықтар үшiн жауапкершiлiк
Кеден органдары валюталық бақылауды жүзеге асыру барысында Қазақстан
Республикасының валюталық заңдарын бұзушылықтар анықталған кезде тұлғалар
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
69-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЭКСПОРТТЫҚ
БАҚЫЛАУҒА ЖАТАТЫН ӨНIМДЕРДI ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
КЕДЕНДIК ШЕКАРАСЫ АРҚЫЛЫ ӨТКIЗУ
533-бап. Кеден органы экспорттық бақылау органы ретiнде
1. Кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз құзыретi шегiнде экспорттық бақылау саласындағы реттеудi жүзеге асырады.
2. Орталық кеден органы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз құзыретi шегiнде экспорттық бақылау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi шығару жолымен кеден органдарының функциялары мен өкiлеттiктерiн анықтайды.
534-бап. Кеден органдарының экспорттық бақылау саласындағы құзыреті
1. Кеден органдары экспорттық бақылауға жататын тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы әкелiнуi мен әкетiлуiн кедендiк бақылауды жүзеге асырады.
2. Кеден органдары экспорттық бақылау саласындағы нормативтiк
құқықтық базаны қалыптастыруға қатысады экспорттық бақылауға жататын
өнiмдердi Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы заңсыз
өткiзiлуiн алдын алады және жолын кеседi.
535-бап. Ақпараттың құпиялылығын сақтау
Экспорттық бақылауды жүзеге асыруға өкiлеттiк берiлген кеден
органдарының лауазымды тұлғалары сыртқы экономикалық қызметтiң
қатысушыларынан және өзге де уәкiлеттi органдардан өздерi алған ақпараттың
құпиялылығын сақтауға мiндеттi.
536-бап. Кеден органдары экспорттық бақылауды жүзеге асырған кезде
анықталған құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік
Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңдарын бұзған
жағдайда тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауап
бередi.
16-БӨЛIМ. ТАУАРЛАР МЕН КӨЛIК ҚҰРАЛДАРЫН МЕМЛЕКЕТТIК
МЕНШIККЕ АЙНАЛДЫРУ
70-ТАРАУ. ТАУАРЛАР МЕН КӨЛIК ҚҰРАЛДАРЫН МЕМЛЕКЕТТIК
МЕНШIККЕ АЙНАЛДЫРУ
537-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын мемлекеттiк меншiкке айналдыру
Тауарлар мен көлiк құралдары мемлекеттiң меншiгiне:
1) кедендiк iс саласында құқық бұзушылық туралы iстер бойынша
тәркiлеу қолданған кезде сот шешiмiнiң;
2) мемлекеттiң пайдасына тауардан бас тарту кеден режимiнде
ресiмделген кедендiк декларацияның және тауарларды немесе көлiк құралдарын
қабылдап алу-беру актiсiнiң негiзiнде айналдырылады.
538-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын сот шешiмi бойынша мемлекеттiк
меншiкке айналдыру тәртiбi
1. Тауарлар мен көлiк құралдары егер олар кедендiк iс саласында құқық
бұзушылықтар бойынша, сот шешiмi күшiне енген күннен бастап мемлекеттiң
меншiгiне айналады.
2. Кеден органы сот шешiмiнiң негiзiнде қабылдап алу-беру актiсi
бойынша тәркiленген тауарларды немесе көлiк құралдарын уәкiлеттi органға
бередi.
539-бап. Мемлекеттiң пайдасына тауардан бас тарту кеден режимiнде
ресiмделген тауарлар мен көлiк құралдарын мемлекеттiк меншiкке
айналдыру тәртiбi
1. Тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзген тұлға мемлекеттiң пайдасына
тауардан бас тарту кеден режимiнде ресiмделген кедендiк декларацияны кеден
органына мәлiмдейдi және ұсынады.
2. Мемлекеттiң пайдасына тауардан бас тарту кеден режимiнде
ресiмделген тауарлар мен көлiк құралдары кедендiк декларация және қабылдап
алу-беру актiсi бойынша тауарларды немесе көлiк құралдарын уәкiлеттi
органға берген сәттен бастап мемлекеттiң меншiгiне айналады.
71-ТАРАУ. КЕДЕН ОРГАНДАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIҢ МЕНШIГIНЕ
АЙНАЛДЫРҒАН ТАУАРЛАР МЕН КӨЛIК ҚҰРАЛДАРЫНА БИЛIК ЕТУ ТӘРТIБI
540-бап. Мемлекеттiң меншiгiне айналған тауарлар мен көлiк құралдарына
билiк ету
Мемлекеттiң меншiгiне айналдырылған тауарлар мен көлiк құралдарына
билiк ету Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiпте және
шарттарда жүргiзiледi.
541-бап. Мемлекеттiң меншiгiне айналған тауарлар мен көлiк құралдарына
билiк ету тәсiлдерi
1. Тауарлар мен көлiк құралдарына билiк ету оларды iске асыру, жою
немесе кәдеге жарату жолымен жүргiзiледi.
2. Тауарлар мен көлiк құралдарын жою немесе кәдеге жарату егер
тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты Қазақстан Республикасының
заңнамаларында өзгеше көзделмеген жағдайда, тауарды өткiзетiн тұлғаның
есебiнен, егер ол тұлға белгiленбесе - меншiк иесiнiң немесе иесiнiң
есебiнен, ал олар болмаған кезде - мемлекеттiк бюджет есебiнен жүзеге
асырылады.
542-бап. Сот шешiмi бойынша мемлекеттiң меншiгiне айналдырылған
тауарлар мен көлiк құралдарын сату
1. Мемлекеттiң меншiгiне айналдырылған тауарлар мен көлiк құралдарын сату сот шешiмi күшiне енген сәттен бастап жүзеге асырылады.
2. Көрсетiлген тауарлар мен көлiк құралдарын сату Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
543-бап. Мемлекеттiң пайдасына тауарлардан бас тарту кеден режимiнде
ресiмделген тауарлар мен көлiк құралдарын сату
1. Кеден органы мемлекеттiң пайдасына тауарлардан бас тарту кеден
режимiнде ресiмделген кедендiк декларацияға және тауарлар мен көлiк
құралдарын қабылдап алу-беру актiсiне сәйкес көрсетiлген тауарлар мен
көлiк құралдарын қабылдап алу-беру актiсi ресiмделген сәттен бастап үш
жұмыс күні iшiнде уәкiлеттi органға тапсырады.
2. Мемлекеттiң пайдасына тауарлардан бас тарту кеден режимiнде
ресiмделген тауарлар мен көлiк құралдарын сатуды уәкiлеттi орган жүзеге
асырады.
544-бап. Мемлекеттiң меншiгiне айналған тауарлар мен көлiк құралдарын
сатудан түскен қаражаттар
Мемлекеттiң меншiгiне айналған тауарлар мен көлiк құралдарын сатудан
түскен қаражат тиiстi бюджетке түседi.
17-БӨЛIМ. ШАҒЫМДЫ ҚАРАУ ЖӘНЕ ОЛ БОЙЫНША ШЕШIМ ҚАБЫЛДАУ
72-ТАРАУ. КЕДЕН ОРГАНЫНЫҢ ШЕШIМIНЕ ШАҒЫМ ЖАСАУ,
КЕДЕН ОРГАНЫНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАСЫНЫҢ ӘРЕКЕТI (ӘРЕКЕТСIЗДIГI)
545-бап. Шағымдану құқығы
1. Кез келген тұлға, сондай-ақ олардың уәкiлеттi өкiлдерi, кеден органының әрекетiне (әрекетсiздiгiне), кеден органының лауазымды тұлғаның әрекетiне (әрекетсiздiгiне), егер осындай шешiмiмен және әрекетiмен (әрекетсiздiгiмен) осы тұлғаның құқықтары және мүдделерi бұзылса, оларды iске асыруға кедергiлер немесе заңсыз қандай-да болмасын мiндет жүктелсе шешiмдi шағымдануға құқығы бар.
2. Кеден органдарының кеден органдарына оның iшiнде жоғарыда тұрған кеден органына не кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға және (немесе) сотқа өтiнiм жасау арқылы iске асыруы мүмкiн.
3. Орталық кеден органы шығарған кеден саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес шағымданыла алады.
4. Сотқа жiберiлетiн шағымды беру, қарау және шешу тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес анықталады.
546-бап. Шағым беру тәртiбi
1. Кеден органы лауазымды тұлғасының шешiмiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым лауазымды тұлға қызмет ететiн кеден органына, ал кеден органы басшысының шешiмiне, әрекетiне немесе (әрекетсiздiгiне) - жоғары тұрған мемлекеттiк органға, не кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға берiледi.
2. Егер берiлген шағым жоғары тұрған кеден органының қарауына жататын болса, кеден органы оны растайтын материалдармен және шағым бойынша қорытындымен, шағым берген тұлғаның хабарламасымен бiрге оның түскен күнiнен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей жоғары тұрған кеден органына жiбередi.
3. Шағымды тiкелей жоғары тұрған кеден органына берген кезде, осы орган ол түскен күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей оның немесе шағым берiлген лауазымды тұлғаның шешiмiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) жасалған шағым бойынша растайтын материалдарды және қорытындыларды кеден органынан сұратады.
547-бап. Шағым беру мерзiмi
1. Кеден органының шешiмiне, кеден органы лауазымды тұлғасының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым 1 жылға дейiнгi мерзiмде берiлуi мүмкiн:
1) тұлғаға кеден iсi саласында оның құқығының бұзылуы, оларды iске асыруға кедергiлер жасауы не Қазақстан Республикасының кедендiк заңдарында көзделмеген қандай да болмасын мiндеттемелердi жүктеу туралы белгiлi күнiнен бастап;
2) кеден органы немесе осы органның лауазымды тұлғасы Қазақстан
Республикасының кеден заңдарында көзделген шешiмдердi қабылдау үшiн
белгiленген мерзiм өткен күннен бастап.
2. Орынды себеп бойынша жiберiлген шағым беру мерзiмiн шағымданған
тұлғаның жазбаша өтiнiшiнiң негiзiнде шағымды қарауға құқық берiлген орган
қалпына келтiре алады.
548-бап. Шағымның нысаны және мазмұны
1. Шағым жазбаша түрде берiледi.
2. Шағымда мыналар:
1) кеден органының атауы немесе кеден органы лауазымды тұлғасының лауазымы, тегі, аты және әкесiнiң аты (егер олар белгiлi болса), шағымданатын адамның шешiмi, әрекетi (әрекетсiздiгi);
2) шағым беретiн тұлғаның тегi, аты және әкесiнiң аты, оның тұратын орны немесе орналасқан орны;
3) кеден органының шағымданатын шешiмiнiң мәнi, кеден органы лауазымды тұлғасының әрекеті (әрекетсiздiгі);
4) оның негiзiнде тұлға кеден органының шағымданатын шешiмiмен, кеден органы лауазымды тұлғасының әрекетiмен (әрекетсiздігімен) оның құқығы бұзылған, оларды iске асыруға кедергiлер жасалған не заңсыз қандай да болмасын мiндеттер жүктелген деп есептейтiн жағдайлар;
5) шағым беретiн тұлғаның немесе оның өкiлiнiң қолы;
6) кеден органы шешiмдерiнiң, кеден органы лауазымды тұлғасы
әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) заңсыздығын растайтын құжаттар және (немесе)
материалдар көрсетiлуi тиiс.
549-бап. Шағым берудiң салдарлары
Шағым беру шағымды қарайтын жоғары тұрған кеден органы немесе кеден
iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган кеден органының
шағымданатын шешiмi немесе кеден органы лауазымды тұлғасының әрекетi
Қазақстан Республикасының кеден заңдарының нормаларына сәйкес келмейдi деп
ұйғаруға жеткiлiктi негiзi болған жағдайды қоспағанда, кеден органының
немесе кеден органы лауазымды тұлғасының шағымданатын шешiмiн немесе
әрекетiн (әрекетсiздiгiн) орындауды тоқтатпайды.
73-ТАРАУ. КЕДЕН ОРГАНЫНЫҢ ЖӘНЕ КЕДЕН ОРГАНЫ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАСЫНЫҢ
ӘРЕКЕТIН (ӘРЕКЕТСIЗДIГIН) ШЕШIМIНЕ ШАҒЫМДЫ ҚАРАУ
550-бап. Шағымды қарайтын органдар
1. Кеден органы шешiмiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымды бағынушылық тәртiппен жоғары тұрған кеден органы немесе кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлетті мемлекеттiк орган қарайды.
2. Кеден органы лауазымды тұлғасының шешiмiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымды осы лауазымды тұлға қызмет ететiн кеден органы, ал кеден органы басшысының шешiмiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) - жоғары тұрған кеден органы, кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган қарайды.
3. Кеден органының атынан шағым бойынша шешiмдi осы кеден органының басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қарайды. Бұл ретте шағымдарды қарауды шешiм қабылдаған, әрекет (әрекетсiздiк) жасаған кеден органының лауазымды тұлғасы немесе оған қарағанда төмен тұрған лауазымды тұлға жүргiзе алмайды.
4. Белгiленген тәртiппен берiлген тұлғаның шағымы түскен күнi тиiстi органда мiндеттi тiркеуге жатады.
551-бап. Шағымды қарауға қабылдаудан бас тарту үшiн негiз
1. Шағымды қарайтын жоғары тұрған кеден органы, кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган мынадай:
1) белгiленген шағымдану мерзiмi сақталмаған және кешiрiмдi себеп бойынша өтiп кеткен жағдайларды қоспағанда, тұлға өткен мерзiмiн қалпына келтiру туралы өтiнiшпен не өткен мерзiмiн қалпына келтiру кейiнге қалдырылғандығы туралы өтiнiшпен өтiнiш жасамаған;
2) шағымға қол қойылмаған немесе тиiстi түрде өз өкiлеттiктерiн растамаған тұлға немесе оның өкiлi қол қойған;
3) шағымның нысаны немесе мазмұны туралы талаптар сақталмаған;
4) шағымның мәнi кеден iсi саласында құқық өкiлеттiлiгi жоқ өзге органның шешiмi, әрекетi (әрекетсiздiгi) болып табылған жағдайда шағымды қарауға қабылдамайды.
2. Жаңа дәлелдер немесе жаңадан ашылатын жағдайлар келтiрiлмеген қайта берiлген шағымдар егер ол бойына егжей-тегжейлi материалдар бар болса және шағым берген тұлғаға белгiленген тәртiппен жауап берiлген жағдайда қарауға жатпайды.
3. Шағымды қарауға қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама бас тарту себептерi көрсетiле отырып оның тiркелген күнiнен бастап үш жұмыс күнi iшiнде шағым жасаған тұлғаға жiберiледi.
552-бап. Шағымды қайтарып алу
1. Шағым берген тұлға, кез келген сатысында шағым бойынша шешiм қабылданғанға дейiнгi кез келген сәтте қайтарып ала алады.
2. Қайтарып алу шағымды қайтарып алуға негіз болған дәлелдердi көрсете отырып, жазбаша нысанда ресiмдейдi.
553-бап. Шағым қарау мерзiмдерi
1. Шағымды қосымша зерделеудi және (немесе) тексерудi талап ететiн шағымдарды қоспағанда, жоғары тұрған кеден органы, кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган қарауы және ол бойынша шешiм қабылдауы тиiс.
2. Қосымша зерделеудi және (немесе) тексерудi талап ететін шағым түскен күнiнен бастап бiр айға дейiнгi мерзiмде қаралуы тиiс.
554-бап. Шағым бойынша шешiм
1. Шағымды қарау нәтижелерi бойынша жоғары тұрған кеден органы немесе кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган:
1) кеден органының немесе кеден органы лауазымды тұлғасының шешiмiн, әрекетiн (әрекетсiздiгiн) заңды деп таниды;
2) кеден органының немесе лауазымды тұлғаның шешiмiн, әрекетiн (әрекетсiздiгiн) толық немесе iшiнара заңсыздығын таниды.
2. Егер шағымды қарайтын кеден органы немесе кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган оны қажеттi деп санаса, онда бiр шағым бойынша бiрiн бiрi алып тастамайтын осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген бiрнеше шешiм қабылдануы мүмкiн.
3. Егер кеден органының немесе оның лауазымды тұлғасының шағымданатын шешiмi, әрекетi (әрекетсiздiгi) заңсыз деп танылған жағдайда, шағымды қарайтын орган кеден органы немесе оның лауазымды тұлғасы қабылдаған шешiмдi толығымен немесе iшiнара күшiн жояды және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның құзыретiнiң шегiнде жаңа шешiм қабылдауға мiндеттейдi.
4. Шағымды қарайтын орган кеден органының лауазымды тұлғасы заңсыз шешiм, әрекет (әрекетсiздiк) жасаған немесе осы тұлға өзiне жүктелген лауазымдық мiндеттерiн тиiсiнше орындамаған жағдайда лауазымды тұлғаны тәуiптiк, әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнiндегi шаралар
қолданады.
5. Шағымды қарайтын жоғары тұрған кеден органының немесе кеден iсi
мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмi жазбаша түрде
қабылданады және мыналарды қамтуы тиiс:
1) шағымды қараған органның атауы;
2) шағым бойынша шешiм қабылдаған органның лауазымды тұлғасының
қызметі, тегi және аты-жөнi;
3) шағым жасаған тұлғаның тегi және аты-жөнi немесе атауы;
4) шағымның қысқаша мәнi;
5) шағым бойынша қабылданған шешiм;
6) қабылданған шешiмнiң дәлелдемелерi және негiздерi;
7) кеден iсi саласында бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғаға
қатысты қолданылған шаралар;
8) қабылданған шешiмдердi шағымдану тәртiбi туралы мәлiметтер.
6. Осы Кодекстiң 553-бабында белгiленген мерзiмдерде шағым берген
тұлғаға шағымды қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмiнiң көшiрмесі
жiберiледi.
555-бап. Шағымды қараудың аяқталуы
Тұлғаның шағымын қарау шағымды қарайтын орган онда қойылған
мәселелердi шешкен, қажеттi шаралар қабылдаған және жазбаша жауап берген
кезде аяқталған болып есептеледi.
74-ТАРАУ. КЕДЕН ОРГАНЫНЫҢ ШЕШIМДЕРIН, КЕДЕН ОРГАНЫ
ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАСЫНЫҢ ӘРЕКЕТIН (ӘРЕКЕТСIЗДІГІН)
ШАҒЫМДАНУДЫҢ ЖЕҢIЛДЕТIЛГЕН ТӘРТIБI
556-бап. Кеден органының шешімдерiн, кеден органы лауазымды
тұлғасының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымданудың
жеңiлдетiлген тәртiбi
1. Тұлға жеңiлдетiлген тәртiппен кеден органының шешiмiн жоғары тұрған кеден органының басшысына, ал кеден органы лауазымды тұлғасының әрекетiн (әрекетсiздiгiн) - кеден органының басшысына немесе әрекетi (әрекетсiздiгi) шағымданатын лауазымды тұлға қызмет ететiн оны алмастыратын тұлғаға шағымдануға құқылы.
2. Егер өткiзуге байланысты тауарлар мен көлiк құралдарының құны шешім қабылданған, тұлға шағымданған әрекет жасалған немесе әрекетсiздiк орын алған, сондай-ақ тұлғаның пiкiрiнше жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын шығындарға әкеп соқтырған өзге әрекеттер жасалған жағдайда кеден органының шешiмi, кеден органы лауазымды тұлғасының әрекетi (әрекетсiздiгi) шағымдануы мүмкiн.
3. Кеден органының шешiмiне, кеден органы лауазымды тұлғасының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымды жеңiлдетiлген тәртiппен қарау және ол бойынша шешiм қабылдау осы Кодексте көзделген тәртiппен және мерзiмдерде шағым беру үшiн кедергi болып табылмайды.
557-бап. Жеңiлдетiлген тәртiппен шағымдану және шешiм қабылдау тәртiбi
1. Кеден органының шешiмiн, кеден органы лауазымды тұлғасының әрекетiн (әрекетсiздiгiн) шағымданудың жеңiлдетiлген тәртiбi тұлғаның кеден органының басшысына жазбаша шағыммен өтiнiш жасауынан тұрады.
2. Жеңiлдетiлген тәртіппен берiлген шағым тез арада қарауға жатады
және ол бойынша шешiм шағым берiлген күнi қабылдануы тиiс.
3. Шағымды қарайтын кеден органының басшысы жеңiлдетiлген тәртiппен
шағымды қараған кезде шағым жасаған тұлға туралы мәлiмет, шағымның қысқаша
мазмұны және қабылданған шешiм көрсетiлетiн жеңiлдетiлген тәртiппен
шағымды қарау туралы актi жасайды.
4. Шағымды қарау туралы актiге шағымды қараған кеден органының
басшысы және шағым жасаған тұлға қол қояды. Шағымды қарау туралы актiнiң
көшiрмесi шағым жасаған тұлғаға берiледi.
18-БӨЛIМ. КЕДЕН ОРГАНДАРЫНДА ҚЫЗМЕТТЕН ӨТУ ТӘРТIБI
76-ТАРАУ. КЕДЕН ОРГАНДАРЫНДА ҚЫЗМЕТТЕН ӨТУ ТӘРТIБI
558-бап. Кеден органдарындағы қызмет
1. Қызмет органдарындағы қызмет Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес кеден органдарының мiндеттерiн, құқықтарын және мiндеттемелерiн, сондай-ақ құқық қорғау органдарының функцияларын iске асыру жөнiндегi кәсiби қызметтi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттiк қызметiнiң арнаулы түрi болып табылады.
2. Кеден органдарында қызметтен өту тәртiбi осы Кодекспен, мемлекеттiк қызмет туралы және еңбек туралы заңнамаларымен реттеледi.
559-бап. Кеден органдарына қызметке қабылдау
1. Кеден органдарының лауазымды тұлғалары өзiнiң жеке, моральдiк, iскерлiк, кәсiби санаттары, оларға жүктелген мiндеттердi орындауға денсаулығы, дене бiтiмiнiң дамуы және бiлiм деңгейi бойынша қабiлеттi кеден органына қызметке қабылданған Қазақстан Республикасының еңбекке жарамды азаматтары болып табылады.
2. Кеден органдарына қызметке қабылдау үшiн:
1) қызметке жарамдылығы туралы медициналық қорытындының болуы;
2) мiндеттi арнаулы тексерудiң болуы;
3) кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген бiлiктiлiк талаптарға сәйкес болуы қажет.
3. Кеден органдарына қызметке орналасқаннан кейiн арнайы атақты берусiз үш айға дейiн сынақ мерзiмi белгiленедi.
560-бап. Кеден органына қызметке жас мамандарды қабылдау
Кеден органына қызметке орналасқан жас мамандар кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлетті мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен кеден бекеттерiнде, кедендерде және кеден басқармаларында мiндеттi тағлымдамадан өтедi.
561-бап. Қызметке тағайындау және қызметiнен босату тәртiбi
1. Орталық кеден органының басшысын кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган басшысының ұсынысы бойынша Қазақстан республикасының Үкiметi қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады.
2. Орталық кеден органы басшысының орынбасарын орталық кеден органы басшысының ұсынымы бойынша кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады.
3. Кеден органдарының басқа лауазымды тұлғалары кеден iсi мәселелерi
жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен қызметке
тағайындалады және қызметiнен босатылады.
4. Кеден органдарының лауазымды тұлғаларына кеден iсi мәселелерi
жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден
органы белгiлеген тәртiппен куәлiктер мен жеке номерлiк мөрлер берiледi.
562-бап. Кеден органы лауазымды тұлғасының анты
Кеден органының лауазымды тұлғасы орталық кеден органы белгiлеген
тәртiппен ант қабылдайды.
563-бап. Кеден органы лауазымды тұлғасының арнайы атақтары
1. Кеден органының лауазымды тұлғасына атқаратын қызметiне және
қызмет өткеретiн жылдарына сәйкес белгiленген тәртіппен мынадай арнайы
атақтар берiледi:
1) кiшi басшы құрам:
кеден қызметiнiң прапорщигi;
кеден қызметiнiң аға прапорщигi;
2) орта басшы құрам:
кеден қызметiнiң кiшi лейтенанты;
кеден қызметiнiң лейтенанты;
кеден қызметiнiң аға лейтенанты;
кеден қызметiнiң капитаны;
3) аға басшы құрам:
кеден қызметiнiң майоры;
кеден қызметiнiң подполковнигi;
кеден қызметiнiң полковнигі;
4) жоғары басшы құрам:
кеден қызметiнiң генерал-майоры;
кеден қызметiнiң генерал-лейтенанты;
кеден қызметiнiң генерал-полковнигi.
2. Арнайы атақтар берiлген кеден органдарының лауазымды тұлғалары
тиiстi үлгiлерi мен нормаларын Қазақстан Республикасының Yкiметi, ал оны
кию ережесiн орталық кеден органы анықтайтын пiшiмдi киiммен тегiн
қамтамасыз етiледi.
3. Осы баптың ережелерi, сондай-ақ арнайы мекемелердiң басшылары мен
мамандарына да қолданылады.
564-бап. Кеден органдарының лауазымды тұлғаларына арнайы атақтар
беру тәртiбi
1. Кеден органдарының лауазымды тұлғаларына берiлетiн арнайы атақтар
бiрiншi, кезектi және шектiге бөлiнедi.
2. Кеден органының лауазымды тұлғаларына бiрiншi арнайы атақ кеден органы лауазымды тұлғасының неғұрлым жоғары әскери және (немесе) арнайы атағы болған жағдайды қоспағанда, сынақ мерзiмi өткеннен кейiн атқарып отырған қызметiне сәйкес берiледi.
3. Кезектi арнайы атақ осы Кодекстiң 565-бабына сәйкес белгiленген алдыңғы арнайы атағында болу мерзiмi аяқталғаннан кейiн кезектi тәртіппен берiледi.
Осы атқарып отырған лауазым үшiн көзделген бiрнеше кезектi арнайы
атақтар болған кезде соңғы арнайы атақта болу мерзiмi анықталмайды.
4. Шектi арнайы атақ белгiленген алдағы арнайы атақтарында болу
мерзiмi өткеннен кейiн осы Кодекстiң 565-бабында көзделген атқаратын
қызметiне сәйкес берiледi.
5. Бiрiншi, кезектi және шектi арнайы атақ лауазымды тұлғаларға
атқарып отырған қызметiне сәйкес мынадай тәртiппен берiлудi:
орталық кеден органында:
___________________________________________________________________________
Лауазымы Арнайы атағы
_______________________________________________________
Бiрiншi Кезекті Шекті
___________________________________________________________________________
төраға Кеден қызметiнiң Кеден қызметiнiң Кеден
генерал-майоры генерал- қызметiнiң
лейтенанты генерал-
полковнигi
Төрағаның орынбасары Кеден қызметiнiң Кеден қызметiнiң Кеден
полковнигi генерал-майоры қызметiнiң
генерал-
лейтенанты
Бас басқарманың Кеден қызметiнiң Кеден қызметiнiң Кеден
бастығы, дербес майоры подполковнигi, қызметiнiң
басқарманың бастығы Кеден қызметiнiң генерал-
полковнигi майоры
Бас басқарма, дербес Кеден қызметiнiң Кеден қызметiнiң Кеден
басқарма бастығының майоры подполковнигi қызметiнiң
орынбасары, Бас полковнигi
басқармадағы басқарма
бастығы
бөлiм бастығы Кеден қызметiнiң Кеден қызметiнiң Кеден
капитаны майоры қызметiнiң
подполковнигi
бөлiмшенiң бастығы, Кеден қызметiнiң Кеден қызметiнiң Кеден
бас инспектор аға лейтенанты капитаны қызметiнiң
майоры
жетекші инспектор Кеден қызметiнiң Кеден қызметiнiң Кеден
кішi лейтенанты лейтенанты, аға қызметiнiң
лейтенанты капитаны
инспектор (орта Кеден қызметiнiң Кеден қызметiнiң Кеден
арнайы бiлiмiмен) прапорщигi аға прапорщигi қызметiнiң
аға
прапорщигi
___________________________________________________________________________
2) кеден басқармаларында, кедендерде, арнайы мекемелерде, кеден
бекеттерiнде және бақылау-өткiзу пункттерiнде:
___________________________________________________________________________
Лауазымы Арнайы атағы
_______________________________________________________
Бiрiншi Кезекті Шекті
___________________________________________________________________________
кеден басқармасының Кеден қызметiнiң Кеден қызметiнiң Кеден
бастығы подполковнигi подполковнигi қызметiнiң
генерал-
майоры
кеден басқармасы Кеден қызметiнiң Кеден қызметiнiң Кеден
бастығының майоры подполковнигi қызметiнiң
орынбасары, кеден подполковнигi
бастығы, арнайы
мекеме жетекшiсi
кеден бастығының Кеден қызметiнiң Кеден қызметiнiң Кеден
орынбасары, арнайы капитаны майоры қызметiнiң
мекеменiң жетекшiсi, подполковнигі
кеден бекетiнiң
бақылау-өткiзу Кеден қызметiнiң Кеден қызметiнiң Кеден
пунктiнiң бастығы, аға лейтенанты капитаны қызметiнiң
кеден бекетiнiң майоры
бастығының
орынбасары,
бөлiм бастығы
бөлiмшенiң бастығы, Кеден қызметiнiң Кеден қызметiнiң Кеден
инспектор лейтенанты аға лейтенанты қызметiнiң
капитаны
аға инспектор Кеден қызметiнiң Кеден қызметiнiң Кеден
кiшi лейтенанты лейтенанты қызметiнiң
аға
лейтенанты
инспектор Кеден қызметiнiң Кеден қызметiнiң Кеден
прапорщигi аға прапорщигi қызметiнiң
кiшi
лейтенанты
кiшi инспектор Кеден қызметiнiң Кеден қызметiнiң Кеден
прапорщигi аға прапорщигi қызметiнiң
аға
прапорщигi
___________________________________________________________________________
6. Кеден қызметi аға прапорщигiнiң, полковнигiнiң, генерал-майорының және генерал-лейтенантының бiрiншi, кезектi және шектi арнайы атақтарында болу мерзiмi белгiленбейдi.
7. Кеден органы лауазымды тұлғаларының кiшi басқарушы құрамының арнайы атақтарын орталық кеден органының басшысы бередi.
8. Кеден органы лауазымды тұлғаларының орта және аға басқарушы құрамының арнайы атақтарын кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсім бойынша орталық кеден органының басшысы бередi.
9. Жоғары басшы құрамының арнайы атақтарын кеден iсi мәселелерi
жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органының ұсынымы бойынша Қазақстан
Республикасының Президентi бередi.
565-бап. Арнайы атақтарда болу мерзiмдерi
1. 564-баптың 6-тармағында анықталған лауазымды тұлғаларды қоспағанда
кеден органдары лауазымды тұлғалары үшiн арнайы атақтарда болудың мынадай
мерзiмi белгiленедi:
1) кеден қызметiнiң прапорщигi 5 жыл;
2) кеден қызметiнiң кiшi лейтенанты 1 жыл;
3) кеден қызметiнiң лейтенанты 2 жыл;
4) кеден қызметiнiң аға лейтенанты 3 жыл;
5) кеден қызметiнiң капитаны 3 жыл;
6) кеден қызметiнiң майоры 4 жыл;
7) кеден қызметiнiң подполковнигi 5 жыл.
2. Кеден органдарының лауазымды тұлғаларына кезектi арнайы атақ осы
Кодекстiң 566, 575-баптарында белгiленген тәртiппен мерзiмiнен бұрын
берiлуi мүмкін.
566-бап. Кезектi арнайы атағын мерзiмiнен бұрын беру тәртiбi
1. Кеден органының лауазымды тұлғасына кезектi арнайы атақ:
1) кеден қызметiнiң белгіленген бiрiншi арнайы лейтенант атағында болу мерзiмi өткенге дейiн, бiрақ кеден органдарында қызмет атқаратын төрт жыл немесе одан жоғары оқу мерзiмiмен жоғары оқу орындарының бiтiрушiлерiне беру сәтiнен бастап кемiнде бiр жыл;
2) белгiленген атқару мерзiмi өткенге дейiн және алдағы арнайы атағында болу мерзiмiнiң жартысынан кем емес, бiрақ қызметтегi мiндеттерiн адал атқарғаны үшiн қолдау ретiнде тиiстi атқаратын қызметiнiң кезектi арнайы атағынан асырылмай мерзiмiнен бұрын беруi мүмкiн.
2. Кеден органдарында кезектi арнайы атақты мерзiмiнен бұрын кеден органдарында атқаратын қызметi бойынша барлық кезең iшiнде кемiнде екi рет беруге жол берiледi.
567-бап. Кезектi арнайы атақты берудi тоқтата тұрудың тәртiбi
1. Оған тәртiптiк жаза қолданылған (ауызша жарияланғаннан басқа), не оған қатысты қылмыстық iс қозғалған немесе олардың қызметтiк тәртiптi бұзу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактiлерi бойынша қылмыстық тексеру жүргiзiлiп жатқан кеден органының лауазымды тұлғасына кезектi арнайы атақ беру, тәртiптiк жаза алынғанға не ақтау негiзi бойынша қылмыстық iс тоқтатылғанға немесе қызметтiк тексерiс аяқталғанға дейiн тоқтатыла тұрады.
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген жағдайлардан басқа, кеден органының лауазымды тұлғасына негiзсiз кезектi арнайы атақ берудi тоқтата тұрған кеден органының басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiптiк жауап бередi.
568-бап. Кеден органы лауазымды тұлғасының ауысу тәртiбi
1. Кеден органы лауазымды тұлғасының сол кеден органында не басқа кеден органына сол жерде немесе басқа жерге қызметке ауысуы кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган анықтаған тәртiпке сәйкес жүзеге асырылады.
2. Кеден органының лауазымды тұлғасы басқа жерге қызметке ауысқан кезде лауазымды тұлғаға өтемақы және өзге де шығындар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
76-ТАРАУ. КҮШ, АРНАУЛЫ ҚҰРАЛДАР МЕН АТЫС ҚАРУЫН ҚОЛДАНУ
569-бап. Күш, арнаулы құралдар мен атыс қаруын қолдану бойынша
негiзгi ережелер
1. Осы Кодексте көзделген жағдайлар мен тәртiппен кеден органдарының лауазымды тұлғаларының күш, арнаулы құралдар мен атыс қаруын қолдануға құқықтары бар.
2. Кеден органының лауазымды тұлғасы күш, арнаулы құралдар мен атыс қаруын қолданғанда:
1) күш, арнаулы құралдар мен қаруды қолдануды кешеуiлдету өзiнiң өмiрi мен денсаулығына тiкелей қатер төндiретiн, өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғатын, тұтқиылдан болған немесе қарулы шабуыл жасаған, әскери техника, кемелер мен көлiк құралдарын пайдаланумен жасаған шабуыл кезiнде немесе өзге де жағдаяттарда, егер осындай ескертудiң қалыптасқан жағдайда орынсыз болған немесе мүмкiн болмаған жағдайларды қоспағанда, оларды қолдану туралы ескертуге;
2) дене жарақатын алған адамдарға дәрiгер келгенге дейiнгі көмек көрсетудi қамтамасыз етуге және болған оқиға туралы кеден органының басшысына немесе оның мiндетiн атқарушы адамға дереу хабарлауға;
3) құқық бұзушылықтың сипаты мен оны жасаған адамдардың қауiптiлiк деңгейiне, сондай-ақ көрсетілген қарсы әрекеттің күшiне қарай қауiптi жою кез келген залалдың мейлiнше төмен болуына ұмтылуға;
4) кеден органының басшысы немесе оның мiндетiн атқарушы адам атыс қаруын қолдану, кiсi өлiмi немесе дене зақымдарын түсiрудiң жағдайлары туралы прокурорға және iшкi iстер органдары мен жоғары тұрған кеден органының басшысына шұғыл хабарлауға мiндеттi.
3. Қарулану құралдарын, арнаулы құралдар мен қызметтiк жануарларды есепке алуды жүргiзу, сақтау және пайдалану тәртiбiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық кеден органы айқындайды.
4. Күш, арнаулы құралдар мен атыс қаруын белгiленген тәртiптi бұзуы мен қолдану Қазақстан Республикасы заңдарымен көзделген жауапкершiлiкке әкеп соғады.
570-бап. Күш қолдану
1. Кеден органдарының лауазымды тұлғалары күш, соның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн тек кеден органдарына жүктелген мiндеттердi зорлық тәсiлдерiнсiз орындауды қамтамасыз ету мүмкiн болмаған жағдайларда қолдануға құқығы бар.
2. Күш:
1) кеден iсi саласындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу;
2) құқық бұзушылықты жасаған адамдарды ұстау;
3) кеден органдарының лауазымды тұлғалардың заңды өкiмi немесе талаптарына күш қарсылығын тойтару;
3. Әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi анық байқалған адамдарға және кәмелетке толмағандарға қарсы, олар адамдардың өмiрiне қатер төндiретiн қарулы қарсылық көрсеткен және (немесе) топтасып шабуыл жасаған жағдайларды қоспағанда, арнайы күш қолдануға тыйым салынады.
571-бап. Арнаулы құралдарды және қызмет иттердi қолдану
1. Қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде кеден органдарының лауазымды тұлғалары: кiсендер, резеңке таяқтар, жас аққыш заттар, үй-жайларды ашу үшiн құрылғылар, көлiктi мәжбүрлеп тоқтату үшiн арнаулы құралдарды, сондай-ақ мынадай жағдайларда басқа да арнайы құралдарды және техниканы қолданады:
1) кеден органдарының лауазымды тұлғаларға және өзге де адамдарға жасалған шабуылдарға тойтарыс беру үшiн;
2) кеден органдарының иелiгiндегi немесе пайдалануындағы үйлерге, үй-жайларға, ғимараттар мен көлiк құралдарына, кеден бақылауындағы тауарлар мен көлiк құралдарына жасалған шабуылға тойтарыс беру үшiн, сондай-ақ басып алынған жағдайда аталған объектiлердi босату үшiн;
3) кеден органының лауазымды тұлғасына күш қарсылығын көрсетудi тыю үшiн;
4) егер бұл тұлғалар күш қарсылығын немесе өзге қарсы әрекет көрсетсе, құқық бұзушыларды ұстау, кеден органына немесе Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына жеткiзу үшiн;
5) көлiк құралына қатысты кеден iсi саласында құқық бұзушылық объектiсi болып тапқанға негiз болғанда аталған көлiк құралын тоқтату үшiн.
2. Әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi анық байқалған адамдарға және кәмелетке толмағандарға қарсы, олар адамдардың өмiрiне қатер төндiретiн қарулы қарсылық көрсеткен және (немесе) топтасып шабуыл жасаған жағдайларды қоспағанда, арнаулы құралдарды қолдануға тыйым салынады.
3. Кеден органдарының лауазымды тұлғалары қолданатын арнаулы құралдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
572-бап. Атыс қаруын алып жүру, сақтау және пайдалану
1. Атыс қаруын өзiмен бiрге алып жүру, сақтау және пайдалану құқығы берiлген кеден органдарының лауазымды тұлғаларының санаттарын, сондай-ақ атыс қаруы мен оқ-дәрi түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
2. Атыс қаруы осы Кодекстiң 573-бабында айқындалған жағдайда қаруын қолданылады.
3. Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды тұлғалары қарулар мен оқ-дәрiлердi жоғалтқаны, салақ сақтағаны, оларды күзету жөнiндегi мiндеттерiн лайықты орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауап бередi.
573-бап. Атыс қаруын қолдану және пайдалану
1. Кеден органдарының лауазымды тұлғалары атыс қаруын мынадай жағдайларда:
1) кеден органдарының лауазымды тұлғаның және олардың отбасы мүшелерiне жасалған топтасып және (немесе) қарулы шабуылға тойтарыс беру сонымен қатар кеден органдарының лауазымды тұлғаларының қаруын тартып алмақ әрекетiнiң жолын кесу үшiн;
2) кеден органдарының иелiгiндегi немесе пайдалануындағы үймереттерге, үй-жайларға, ғимараттарға, кемелер мен көлiк құралдарына, сондай-ақ кеден бақылауында тұрған тауарлар мен кеден бақылауында тұрған тауарлар мен көлiк құралдарына қарулы әрекет жасау жағдайларда жасалған қарулы шабуылға тойтарыс беру үшiн;
3) қарулы қарсылық көрсеткен не ауыр қылмыс жасау үстiнде қолға түскен тұлғаларды, сондай-ақ қаруды тапсыру туралы заңды талапты орындаудан бас тартқан қарулы адамды ұстау үшiн;
4) егер көлiк құралын жүргiзетiн тұлға кеден органдарының лауазымды тұлғаларының заңды талаптарына бағынбаса, көлiк құралдарын оларды iстен шығару арқылы тоқтату үшiн;
5) аңдардың шабуылынан қорғану үшiн;
6) қару қолданатындығы туралы ескерту, дабыл белгiсiн беру немесе көмекке шақыру үшiн;
7) қажеттi қорғау мен аса қажеттiлiктiң өзге жағдайында қолдануға құқылы.
2. Әйелдерге, мүгедектiк белгiсi анық көрiнiп тұрған тұлғаларға және кәмелетке толмағандарға қатысты, олар қарулы қарсылық көрсеткен, қарулы немесе топтық шабуыл жасаған жағдайлардан басқа кезде, сондай-ақ қару қолдану басқа азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiруi мүмкiн жағдайларда атыс қаруын қолдануға тыйым салынады.
3. Атыс қаруын қолданудың барлық жағдайларында кеден органының лауазымды тұлғасы айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, зардап шеккендерге жедел дәрiгерлiк көмек көрсету үшiн қажеттi шаралар қолдануға, прокурорды және жоғары тұрған кеден органын хабардар етуге мiндеттi.
77-ТАРАУ. КЕДЕН ОРГАНДАРЫНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫН
МАТЕРИАЛДЫҚ ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ
574-бап. Кеден органдарының лауазымды тұлғаларға еңбек ақы төлеуi
1. Кеден органдарының лауазымды тұлғаларын ақшалай жабдықтау Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасының органдары қызметкерлерiнiң бiрыңғай еңбекақы төлеу жүйесiнiң негiзiнде белгiленедi және өзiне Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленетiн тәртiпте қызметте өткерген ерекше жағдайлары үшiн ақшалай қаражат, үстемеақыны қосады.
2. Кеден органының лауазымды тұлғаларының ақшалай жабдықтарына
лауазымдылық қызмет ақысы мен арнаулы атақ үшiн қосымшалардан тұрады.
3. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн лауазымдылық қызмет ақыға қосымшаны
алуға және қосымша төленетiн демалыс ұсынуына құқық беретiн қызмет өтiлiне:
1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде және құқық қорғау
органдарында;
2) мемлекеттiк қызметiнде;
3) соттарда;
4) Қазақстан Республикасының өкiлдiк органдарында сайланбалы
қызметiндегi қызмет мерзiмi есептеледi.
575-бап. Кеден органдарының лауазымды тұлғаларын көтермелеу
1. Мiндеттерiн үлгiлi орындағаны және қызметте қол жеткiзген жоғары
нәтижелерi үшiн кеден органдарының лауазымды адамдарына көтермелеудiң
мынадай түрлерi:
1) алғыс жариялау;
2) бiр жолғы ақшалай сыйақы беру;
3) бағалы сыйлықпен марапаттау;
4) Құрмет грамотасымен марапаттау;
5) "Кеден органдарындағы үздiк қызметi үшiн" омырау белгiсiмен
марапаттау;
6) "Кеден қызметiнiң еңбек сiңiрген қызметкерi" Құрмет белгiсiмен
марапаттау;
7) кезектi арнаулы атақты мерзiмiнен бұрын беру;
8) атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделгеннен бiр саты жоғары
арнаулы атақ беру көзделедi.
9) Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген өзге де көтермелеу
нысандары.
2. Мерзiмiнен бұрын көтермелеу ретiнде бұрын салынған тәртiптiк
жазаны алып тастаудың қолданылуы мүмкiн.
576-бап. Кеден органы лауазымды тұлғасының демалысы
Кеден органдарының лауазымды тұлғаларына екi лауазымдық айлықақысы
мөлшерiнде сауығу үшiн жәрдемақыны төлеумен ұзақтығы отыз күнтiзбелiк
күндiк жыл сайынғы демалыстар берiледi.
577-бап. Кеден органдары лауазымды тұлғаларын зейнетақылық
қамтамасыз ету
Кеден органдарының лауазымды тұлғаларын зейнетақылық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
578-бап. Кеден органдары лауазымды тұлғаларының құқықтық және
әлеуметтiк қорғалуы
1. Кеден органдарының лауазымды тұлғалары мемлекеттiк өкiмнiң өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
2. Кеден органының лауазымды тұлғасы қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда қаза тапқан адамның асырауындағыларға және мұрагерлерiне кеден органының атқарған соңғы қызметi бойынша қаза тапқанның алпысжылдық ақшалай қамтамасыз ету мөлшерiнде бiр уақыттағы өтемақы төленедi.
3. Кеден органының лауазымды тұлғасы қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты, ол үшiн өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн одан әрi жүзеге асыруға мүмкiндiк бермейтiн, мертiккен не денсаулығы өзге де зақымданған кезде белгiленген тұлғаға республикалық бюджеттiң қаражатынан бiр жолғы өтемақы:
1) 1 топ мүгедегiне - отыз айлық ақшалай үлес көлемiнде;
2) 2 топ мүгедегiне - он сегiз айлық ақшалай үлес көлемiнде;
3) 3 топ мүгедегiне - алты айлық ақшалай үлес көлемiнде;
4) мүгедектiгi белгiленбестен еңбек қабiлетiн жоғалтудың тұрақтылығы
анықталған кезде - бiржарым айлық ақшалай үлес мөлшерлерiнде төленедi.
4. Егер кеден органының лауазымды тұлғаның қаза табуы (қайтыс болуы),
жарақат алуы, жаралануы (мертiгуi), ауруы қызметтiк мiндеттерiн атқаруына
байланысты емес мән-жайлардан болғандығы Қазақстан Республикасының
заңнамаларында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, бiр жолғы өтем төленбейдi.
78-ТАРАУ. КЕДЕН ОРГАНЫ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАСЫНЫҢ ТӘРТIПТIК
ЖАУАПКЕРШІЛIГI
579-бап. Кеден органдарының лауазымды тұлғаларына қолданылатын
тәртiптiк жазаның түрлерi
1. Осы баптың 2-тармағын қоспағанда, заңсыз шешiм, әрекет (әрекетсiз)
шешiмi, өз қызметтiк мiндеттерiн тиiстi орындамағаны үшiн кеден
органдарының лауазымды тұлғаларына жазаның мынадай түрлерi:
1) ескерту;
2) сөгiс;
3) қатаң сөгiс;
4) қызметiне толық сәйкес келмейтiнi туралы ескерту жасау;
5) кеден органдарынан босату қолданылады.
2. Қазақстан Республикасы кеден заңына жекелеген нормаларын бұзған
үшiн кеден органдарының лауазымды тұлғаларына осы Кодекстiң 580-588-баптарымен белгiленгеннен төмен емес тәртiптiк жаза қолданады.
3. Осы баптың 2-тармағымен белгiленбеген тәртіп бұзушылықтар бойынша кеден органдарының лауазымды тұлғаларына Қазақстан Республикасының заңымен белгiленген тәртiппен тәртiптiк жаза қолданады.
580-бап. Кеден органының лауазымды тұлғасының алдын ала шешiм
қабылдау туралы өтiнiшiн қарау мерзiмiн бұзуы
Осы Кодекстiң 56-бабымен белгiленген алдын ала шешiм қабылдау туралы өтiнiштi қараудың мерзiмiн бұзғаны үшiн кеден органының тұлғасына сөгiс түрiндегi тәртiптiк жаза қолданады.
581-бап. Кеден органының лауазымды тұлғасының кеден ici саласындағы
кейбiр қызмет тәртiптерiн бұзуы
Кеден брокерi, кеден тасымалдаушысы, бажсыз сауда дүкенi, кеден қоймасы, еркiн қойма ретiнде қызметiн жүзеге асыру лицензияларын берудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн, тоқтата тұру және керi қайтарып алу, сондай-ақ осы Кодекспен белгiленген уақытша сақтау қоймасын ашу және кедендiк
ресiмдеу жөнiндегi маманға бiлiктiлiк аттестатын берудi бұзғаны үшiн кеден
органының лауазымды тұлғасына сөгiс түрiндегi тәртiптiк жаза қолданады.
582-бап. Кеден органының лауазымды тұлғасының тауарлардың ішкi
кедендiк транзитiн рәсiмдеуден негiзсiз бас тартуы
Осы Кодекстiң 82-бабымен белгiленген тауарлардың iшкi кедендiк
транзитiн рәсiмдеуден бас тартқаны үшiн кеден органының лауазымды
тұлғасына сөгiс түрiндегi тәртiптiк жаза қолданады.
583-бап. Кеден органы лауазымды тұлғаларының Қазақстан
Республикасының кедендiк заңдарында көзделген құжаттарға
мөрлер мен мөртабандарды қоймауы
Белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының кедендiк заңдарында
көзделген құжаттарға мөрлер мен мөртабандарды қоймағаны үшiн кеден
органының лауазымды тұлғасына сөгiс түрiнде тәртiптiк жаза қолданылады.
584-бап. Декларантқа кедендiк режимдi таңдауға заңсыз бас тарту
Декларантқа осы Кодекске сәйкес таңдалған кедендiк режимге сәйкес тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзуге заңсыз бас тартқаны үшiн кеден органының лауазымды тұлғасына сөгiс түрiнде тәртiптiк жаза қолданылады.
585-бап. Кеден органының хабарламауы
Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу бекетiнде орналасқан кеден органы жөнелту кеден органын осы Кодекстiң 123-бабында белгiленген мерзiмде Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды iс жүзiнде өткiзу туралы хабарламағаны үшiн кеден органының лауазымды
тұлғасына қатаң сөгiс түрiнде тәртіптiк жаза қолданылады.
586-бап. Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу
бекетiнде көлiк құралдарын заңсыз ұстау
Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу бекетiнде
көлiк құралдарын осы Кодекстiң 279-бабында белгiленген мерзiмдерден артық
заңсыз ұстағаны үшiн кеден органының лауазымды тұлғасына қатаң сөгiс
түрiнде тәртiптiк жаза қолданылады.
587-бап. Кеден органы лауазымды тұлғасының кеден декларациясын
тiркеуден заңсыз бас тартуы
Кеден декларациясын тiркеуден заңсыз бас тартқаны үшiн кеден
органының лауазымды тұлғасына қатаң сөгiс түрiнде тәртiптiк жаза
қолданылады.
588-бап. Кеден декларациясын, қосымша мәлiметтер мен құжаттарды
тексеру мерзiмдерiн заңсыз бұзу
Қазақстан Республикасының кедендiк заңдарында белгiленген кеден
декларацияларын, қосымша мәлiметтер мен құжаттарды тексеру мерзiмдерiн
заңсыз бұзғаны үшiн кеден органының лауазымды тұлғасына қатаң сөгiс
түрiнде тәртiптiк жаза қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.