"Қазақстан Республикасының Кеден кодексін қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 24 шілде N 825

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     "Қазақстан Республикасының Кеден кодексін қолданысқа енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті

Мәжілісінің қарауына енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                                                     Жоба


                    Қазақстан Республикасының Заңы


                      Қазақстан Республикасының

               Кеден кодексін қолданысқа енгізу туралы


     1-бап. Қазақстан Республикасының Кеден кодексі 2003 жылғы 1 сәуірден

бастап қолданысқа енгізілсін.


 
       2-бап. "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шілдедегі Z952368_ Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 13; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 18, 367-құжат; 1997 ж., N 11, 144-құжат; N 12, 189-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 4, 46-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 20, 717-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 142-құжат; N 10, 244-құжат; N 18, 338-құжат; 2001 ж., N 15-16, 224-құжат; N 20, 257-құжат; N 23, 309-құжат; 2002 ж., N 6, 74-құжат) 2003 жылғы 1 сәуірден бастап күші жойылды деп танылсын.
      3-бап. "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Кеден кодексін қолданысқа енгізгенге дейін жасалған, оларды жасасу сәтінде қолданылған келісім-шарттар негізінде берілген жеңілдіктер оларды бұзбаған жағдайда осы келісім-шарттарда белгіленген мерзімге дейін өз қолданысын сақтайды.

 

     4-бап. Қазақстан Республикасының Кеден кодексін қолданысқа енгізу

сәтінде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар

жеке және заңды тұлғалар ол қолданысқа енгізілген күнінен бастап алты ай

мерзімде өз қызметін Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне  сәйкес

келтіруге міндетті.


     Қазақстан Республикасының

             Президенті


     Мамандар:

       Қасымбеков Б.А.

       Икебаева Ә.Ж.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады