Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесi ұйымдарында ақылы медициналық қызметтер көрсету ережесiн және оларды көрсетуден түскен қаражатты пайдалану тәртiбiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 25 шілде N 828. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.10.06. N 965 қаулысымен.

       Ескерту. Атауына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 20006.01.06.  N 14  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
     1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесi  ұйымдарында ақылы медициналық қызметтер көрсету ережесi және оларды көрсетуден түскен қаражатты пайдалану тәртiбi бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 20006.01.06.  N 14  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.  
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.     

      Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы       
Үкiметiнiң              
2002 жылғы 25 шілдедегі       
N 828 қаулысымен          
бекітілген              

       Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесi ұйымдарында ақылы
       медициналық қызметтер көрсету ережесi және оларды
         көрсетуден түскен қаражатты пайдалану тәртiбi

       Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20006.01.06.  N 14  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесi ұйымдарында ақылы медициналық қызметтер көрсету ережесi және оларды көрсетуден түскен қаражатты пайдалану тәртiбi (бұдан әрi - Ереже) мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесi ұйымдарында (бұдан әрi - денсаулық сақтау ұйымдары) ақылы медициналық қызметтер көрсету және оларды көрсетуден түскен қаражатты пайдалану тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Денсаулық сақтау ұйымдары азаматтар жүгiнген сәттен бастап заңнамада белгiленген тәртiппен оларға ақылы медициналық қызметтердiң уақтылы әрi сапалы көрсетiлуiне жауапты болады.

      3. Ақылы медициналық қызметтер Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрi - емделушiлер) олардың тұрғылықты жерiне қарамастан көрсетiледi. 

      4. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемi (бұдан әрi - ТМККК) - Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына көрсетiлетiн және тiкелей республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының бүкiл аумағындағы бiрыңғай медициналық көмектiң көлемi;
      2) ақылы медициналық қызметтер - ТМККК тiзбесiне кiрмейтiн және халықтың жеке қаражатының, жұмыс берушi, ерiктi медициналық сақтандыру жүйесi қаражатының есебiнен, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерден төленетiн медициналық қызметтер;
      3) негiзгi (өмiрлiк маңызы бар) дәрiлiк заттардың тiзiмi - денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн, қауiпсiздiгi мен тиiмдiлiгi бойынша қолданыстағы ұқсастарының алдында артықшылықтары бар, ауруларды емдеу кезiнде мейлiнше жиi қолданылатын және ТМККК шеңберiнде тегiн дәрiлiк көмек көрсетуге арналған дәрiлiк заттардың тiзiмi;
      4) ақылы бөлiмшелер (палаталар) - ақылы негiзде ТМККК тiзбесiне кiрмейтiн медициналық қызметтер көрсетуге арналған денсаулық сақтау ұйымдарындағы бөлiмшелер (палаталар).

  2. Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесi ұйымдарының ақылы медициналық қызметтер көрсету тәртiбi

      5. Денсаулық сақтау ұйымдары денсаулық сақтау бюджеттiк бағдарламалары әкiмшiсiмен келiсiм бойынша өздерi көрсететiн Ақылы медициналық қызметтер көрсету ережесiн бекiтедi (бұдан әрi - Ереже), онда мыналар болуы тиiс:
      1) денсаулық сақтау ұйымдарының ақылы медициналық қызметтер көрсетуге құқығын регламенттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдерге сiлтемелер;
      2) денсаулық сақтау ұйымдары көрсететiн, құны көрсетiлген ақылы медициналық қызмет түрлерiнiң тiзбесi;
      3) бюджет қаражаты есебiнен ТМККК шеңберiнде денсаулық сақтау ұйымдары көрсететiн медициналық қызметтер түрлерiнiң тiзбесi;
      4) ақылы медициналық қызметтер көрсететiн медицина қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгi туралы мәлiметтер;
      5) ақылы медициналық қызметтер, оның iшiнде стационарлық медициналық көмек пен сервистiк қызметтер көрсету шарттары;
      6) азаматтардың жекелеген санаттарына арналған жеңiлдiктер туралы мәлiметтер;
      7) ақылы медициналық қызметтер көрсеткенi үшiн есеп айырысу рәсiмi;
      8) ақылы медициналық қызметтер көрсету бойынша есеп пен есеп берудi жүргiзу тәртiбi;
      9) ақылы медициналық қызметтер көрсетуге қатысатын медицина қызметкерлерiне еңбекақы төлеу шарттары.
      Ереже денсаулық сақтау ұйымдарының тiркеу орындарында, қабылдау бөлiмшелерiнде (бөлiмдерiнде) және барлық басқа бөлiмшелерiнде көрнекi ақпарат орындарына орналастырылады.

      6. Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы медициналық қызметтер көрсету үшiн дәрiгерлер мен орта медицина қызметкерлерiнiң жеке штат бiрлiктерi бөлiнедi, оларды ұстау ақылы медициналық қызметтер көрсетуден алынған қаражат есебiнен жүзеге асырылады. ТМККК шеңберiнде медициналық қызмет көрсететiн медицина қызметкерлерi ақылы медициналық қызметтер көрсетуге де қатыса алады.
      Ақылы медициналық қызметтер көрсетуге қатысатын медицина қызметкерлерiне еңбекақы төлеу шарттық негiзде белгiленедi.
      Емделушiлердiң талабы бойынша оларға ақылы медициналық қызметтер көрсетуге қатысатын медицина қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн растайтын құжаттар ұсынылуы тиiс.

      7. Ақылы медициналық қызметтер стационарларда ақылы негiзде жатқызылған, сондай-ақ ТМККК шеңберiнде ем алатын емделушiлерге ТМККК тiзбесiне кiрмейтiн медициналық қызметтер үшiн көрсетiледi.

      8. ТМККК шеңберiнде емдеуде жүрген емделушiлерге ақылы медициналық қызметтер көрсетудiң әрбiр жағдайы, оның iшiнде денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен Негiзгi (өмiрлiк маңызы бар) дәрiлiк заттардың  тiзiмiне  енгiзiлмеген дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету медициналық құжаттамада (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2005 жылғы 8 шiлдедегi N 332 бұйрығымен бекiтiлген стационарлық науқастың 003/у нысаны бойынша медициналық картасы, 096/у нысаны бойынша босану тарихы, амбулаториялық науқастың 025/у нысаны бойынша медициналық картасы, 111/у нысаны бойынша жүктi және босанатын әйелдердiң жеке картасы, 004/1у нысаны бойынша дәрiгерлiк тағайындаулар парағы) көрсетiлуi және негiзделуi тиiс.
      Емделушiлердi Негiзгi (өмiрлiк маңызды) дәрiлiк заттардың тiзiмiне енгiзiлмеген дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету емделушiнiң жазбаша келiсiмiмен ақылы негiзде жүзеге асырылады.

      9. Емделушiлердi ақылы негiзде емдеуге жатқызу денсаулық сақтау ұйымдарының ақылы бөлiмшелерiнде (палаталарында) жүзеге асырылады. Ақылы бөлiмшенiң (палатаның) төсектерiнiң саны денсаулық сақтаудың бюджеттiк бағдарламалары әкiмшiлерiнiң келiсiмi бойынша айқындалады.
      Ақылы негiзде емдеуге жатқызу кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша емделушiмен шарт жасалады, онда стационарда болудың ережесi мен шарттары, емдеудiң құны мен ақы төлеу тәртiбi, тараптардың құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi көрсетiледi.

      10. Бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған медициналық жабдық денсаулық сақтаудың бюджеттiк бағдарламалары әкiмшiсiмен келiсiм бойынша денсаулық сақтау ұйымының бiрiншi басшысы белгiлеген кесте бойынша белгiлi бiр уақытта ақылы медициналық қызметтер көрсету үшiн пайдаланылуы мүмкiн.

      11. Ақылы медициналық қызметтер көрсету кезiнде статистикалық есеп пен есепке алу-есеп беру медициналық құжаттамасын жүргiзу денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген нысандар бойынша жүзеге асырылады.

      12. Мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, ақылы медициналық қызметтер көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдары денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен есеп саясатына сәйкес ТМККК мен ақылы медициналық қызметтер көрсету бойынша жеке-жеке бухгалтерлiк есеп пен есеп беру жүргiзедi.

      13. Ақылы медициналық қызметтердiң бағалары медициналық, сервистiк қызметтер көрсетуге және өзге де қосымша шығыстарға байланысты шығындардың барлық түрлерi ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады және жарты жылдықта көп дегенде бiр рет қайта қаралуы мүмкiн.
      Ақылы медициналық қызметтердiң бағалары ТМККК үшiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi белгiлейтiн ұқсас медициналық қызметтердiң тарифiнен төмен белгiленбейдi.

      14. Емделушiлермен қолма-қол ақша арқылы жүзеге асырылатын есеп айырысу фискальды жадысы бар бақылау-касса машиналарын мiндеттi түрде қолданып және емделушiге бақылау чегiн бере отырып, денсаулық сақтау ұйымының кассасы арқылы, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша - денсаулық сақтау ұйымының "Ақылы қызметтерден түскен қаражат" ағымдағы шотына аудару жолымен жүргiзiледi.

      15. Ақылы негiзде медициналық көмек алған емделушiлерге денсаулық сақтау ұйымы:
      амбулаториялық-емханалық жағдайларда медициналық көмек көрсету кезiндегi тиiстi медицина қызметкерлерiнiң қорытындысын;
      стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету кезiнде ауру тарихынан үзiндi көшiрменi;
      көрсетiлген медициналық көмек үшiн шығыстар туралы ақпаратты ұсынады.

  3. Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесi ұйымдарының ақылы медициналық қызметтер көрсету шарттары

      16. Ақылы медициналық қызметтердi денсаулық сақтау ұйымдары аурудың бейiнi мен медициналық және дәрiгерлiк қызметке арналған лицензия сәйкес келген кезде көрсетедi.

      17. Денсаулық сақтау ұйымдары ақылы медициналық қызметтер көрсетудi мынадай жағдайларда жүзеге асырады: 
      1) емделушiлердiң бастамасы бойынша, оның iшiнде бастапқы медициналық-санитарлық көмек пен денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының жолдамасынсыз диагностикалық және емдеу қызметтерiн көрсету кезiнде;
      2) Негiзгi (өмiрлiк маңызды) дәрiлiк заттардың тiзiмiне енгiзiлмеген дәрiлiк заттармен емдеу кезiнде;
      3) ТМККК тiзбесiне енбеген қымбат тұратын медициналық зерттеулер жүргізу кезiнде;
      4) шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға ТМККК-ден тыс медициналық көмек көрсету кезiнде;
      5) тиiстi жолдамасыз санаторийлiк емдеу кезiнде;
      6) медициналық көрсетiмдерсiз медициналық-генетикалық зерттеулер кезiнде;
      7) жұмысқа орналасу және оқуға түсу үшiн азаматтарды медициналық тексеру кезiнде;
      8) кәсiпорынмен шарт бойынша, оның iшiнде ерiктi медициналық сақтандыру бойынша медициналық көмек көрсету кезiнде;
      9) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейтiн стандарттардың сыртында қосымша сервистiк қызметтер көрсету кезiнде.

  4. Ақылы медициналық қызметтер көрсетуден түскен қаражатты пайдалану тәртiбi

      18. Ақылы медициналық қызметтер көрсетуден түскен қаражатты жұмсау үшiн денсаулық сақтау ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленетiн тәртiппен денсаулық сақтаудың бюджеттiк бағдарламаларының әкiмшiсi бекiтетiн шығыстар сметасын жасайды.

      19. Ақылы медициналық қызметтер көрсетуден алынған қаражат мынадай тәртiппен шығындарды өтеуге жiберiледi:
      ақылы медициналық қызметтер көрсетуге тiкелей қатысатын қызметкерлерге еңбекақы төлеуге, сондай-ақ қосымша ақшалай төлемдерге;
      өтемақы сипатындағы ақшалай төлемдерге;
      iссапар шығыстарын төлеуге;
      дәрi-дәрмектердi, шығыс материалдарын және медициналық мақсаттағы өзге де құралдарды сатып алуға;
      тамақ өнiмдерiн сатып алуға;
      коммуналдық қызметтерге, байланыс қызметiне, жылуға, электр энергиясына, ғимаратқа қызмет көрсету жөнiндегi қызметтерге, көлiк қызметтерiне ақы төлеуге;
      жабдықтар мен мүккәммалды, ғимараттарды ұстауға және ағымдағы жөндеуге;
      кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру мен қайта даярлауға (ақылы медициналық қызметтер көрсетуден алынатын қаражаттың жалпы көлемiнiң кемiнде 5 (бес) %-ы);
      күрделi сипаттағы шығындарға (ақылы медициналық қызметтер көрсетуден алынатын қаражаттың жалпы көлемiнiң 15 (он бес) %-ынан аспайтын).

      20. Денсаулық сақтау ұйымының бiрiншi басшысы ақылы қызметтер көрсетуден түсетiн қаражатты қатаң түрде мақсаты бойынша пайдалануға жауапты болады.

Мемлекеттiк денсаулық сақтау     
          жүйесi ұйымдарында ақылы медициналық
қызметтер көрсету ережесiне    
және оларды көрсетуден түскен   
қаражатты пайдалану тәртiбiне   
қосымша             

  Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесi ұйымдарында ақылы медициналық қызметтер көрсетуге арналған үлгi шарт

      ____________________          ____ ж. "___"____________
        (Орналасқан жерi)

      Бұдан әрi Тапсырыс берушi деп аталатын
__________________________________________________________________,
(емделушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты, жеке басын куәландыратын
құжаттардың деректерi)

бiр тараптан және бұдан әрi Қызметтер көрсетушi деп аталатын _____
__________________________________________________________________
                   (Жарғы, Ереже және т.б)

негiзiнде әрекет ететiн __________________________________________
___________________________________________________________ атынан
    (мемлекеттiк медициналық ұйымның толық атауы)

__________________________________________________ екiншi тараптан
(уәкiлеттi адамның лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты)

мына төмендегiлер туралы осы Шартты (бұдан әрi - Шарт) жасасты:

  1. Шарттың мәнi

      1. Қызметтер көрсетушi Шартқа __ қосымшаға сәйкес ақылы медициналық қызметтер көрсетедi.
      2. Тапсырыс берушi Шартқа ___ қосымшаға сәйкес тарифтер бойынша Қызметтер көрсетушiге шығындарды өтеудi жүзеге асырады.    

   2. Ақылы медициналық қызметтер көрсеткенi үшiн өзара есеп айырысу рәсiмi

      3. Шарттың сомасы _____________________ теңгенi құрайды.

      4. Тапсырыс берушi Қызметтер көрсетушi ұсынған шотқа сәйкес iс жүзiнде көрсетiлген медициналық көмектiң көлемi бойынша Қызметтер көрсетушiнiң қызметтерiне ақы төлеудi жүзеге асырады.
      5. Шартты жасасқан сәтте Шарттың жалпы сомасының 80 пайыздан аспайтын мөлшерiнде Қызметтер көрсетушiге аванс беруге рұқсат етiледi, қалған сома шотты ұсыну бойынша стационардан шыққан сәтте төленедi.
      6. Қажет болған кезде iс жүзiнде көрсетiлген медициналық көмектiң көлемi ескерiле отырып, емдеу процесiнде шарттың сомасын түзетуге жол берiледi, қосымша сома мен оны төлеу тәсiлi емделушiмен келiсiледi және шартқа қосымша келiсiм түрiнде ресiмделедi.
      7. Қызметтер көрсетушi Тапсырыс берушiге қолма-қол ақшаны қабылдағанын растайтын құжат (фискальдық чек, кассалық кiрiс ордерi) бередi.
      8. Ем алу курсы мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайда Қызметтер көрсетушi Тапсырыс берушiге науқастың стационарда болудың белгiленген режимiн бұзуына орай мерзiмiнен бұрын шығару жағдайларын қоспағанда, төленген сома мен көрсетiлген медициналық көмектiң iс жүзiндегi құны арасындағы айырманы төлейдi.

  3. Тараптардың мiндеттерi

      9. Қызметтер көрсетушi:
      ауруларды диагностикалау мен емдеудiң мерзiмдiк хаттамаларына сәйкес, хаттамалар болмаған кезде жалпыға бiрдей қабылданған тәсiлдерге сәйкес медициналық көрсетiмдер бойынша медициналық қызметтер көрсетудi қамтамасыз етуге;
      емделушiлердiң емдеу нәтижелерiне қанағаттанушылығының ең жоғары деңгейiн қамтамасыз ету үшiн барлық шараларды қабылдауға;
      жүргiзiлiп жатқан ем шеңберiнде осы немесе өзге де қызметтердi көрсетуге арналған жағдайлар болмаған жағдайда, осы қызметтi көрсетудi басқа медициналық ұйымда ұйымдастыруға және оған ақы төлеуге;
      көрсетiлген медициналық және сервистiк қызметтердiң түрлерiн көрсете отырып, Тапсырыс берушiге белгiленген мерзiмде шот ұсынуға;
      Тапсырыс берушiге осы Шарттың орындалуына тексеру жүргiзу үшiн барлық қажеттi медициналық және қаржылық құжаттаманы ұсынуға мiндеттi.
      10. Тапсырыс берушi:
      дәрiгерлiк ұйғарымдарды орындауға, аурухана режимiн сақтауға;
      көрсетiлген медициналық көмек үшiн ақы төлеудi уақтылы жүргiзуге мiндеттi.

  4. Тараптардың құқықтары

      11. Тапсырыс берушiнiң:
      ақылы бөлiмшеде (палатада) жұмыс iстейтiндердiң iшiнен емдеушi дәрiгердi таңдауға;
      жүргiзiлген емнiң сапасы мен дәрiгерлiк тағайындаулардың негiздiлiгiне сараптаманы жүзеге асыруға құқығы бар.
      12. Қызметтер көрсетушiнiң:
      Тапсырыс берушi аурухана режимiн бұзған және дәрiгерлiк ұйғарымдарды орындамаған жағдайда емдеудi мерзiмiнен бұрын тоқтатуға құқығы бар.

  5. Тараптардың жауапкершiлiгi

      13. Қызметтер көрсетушi:
      ақылы медициналық қызмет көрсету бойынша тәртiп бұзушылық жағдайларына жол бергенi үшiн (тиiстi көлемдегi және сападағы медициналық қызметтер көрсетпеу, тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiне кiретiн қызметтер үшiн азаматтардан ақы алу, нақ сол медициналық қызметтi көрсеткенi үшiн екi рет: емделушiден және бюджет қаражатынан ақы алу) жауаптылықта болады.
      14. Тапсырыс берушi Қызметтер көрсетушiге iс жүзiнде көрсетiлген медициналық көмек үшiн шығындарды уақтылы өтемегенi үшiн жауапты болады.
      15. Қызметтер көрсетушi тарапынан Медициналық көмек көрсету жөнiндегi шарт талаптарының бұзылуы Шарттың күшiн жоюға және Шарт сомасының _______ мөлшерiнде Қызметтер көрсетушiнiң тұрақсыздық айыбын төлеуiне әкеп соқтыруы мүмкiн.
      16. Тапсырыс берушi тарапынан Медициналық көмек көрсету жөнiндегi шарт талаптарының бұзылуы Шарттың күшiн жоюға және Шарт сомасының _____ мөлшерiнде Тапсырыс берушiнiң тұрақсыздық айыбын төлеуiне әкеп соқтыруы мүмкiн.

  6. Шартты өзгерту және бұзу

      17. Осы Шарттың талаптары тараптардың жазбаша келiсiмi бойынша өзгертiлуi және толықтырылуы мүмкiн.
      18. Шартты мерзiмiнен бұрын бұзу ниетi туралы тараптар бiр-бiрiн алдын ала хабардар етуге мiндеттi.

  7. Қорытынды ережелер

      19. Тараптардың бiрде-бiрiнiң өздерiнiң осы Шарт бойынша мiндеттемелерiн екiншi тараптың жазбаша келiсiмiнсiз үшiншi тарапқа беруге құқығы жоқ.
      20. Осы Шарт бiрдей заң күшi бар екi данада жасалған, бiр данасы - Тапсырыс берушiде, екiншiсi Қызметтер көрсетушiде болады.
      21. Осы Шарт тараптар оған қол қойған күнiнен бастап күшiне енедi және тараптар осы Шарт бойынша барлық мiндеттемелердi орындаған сәтке дейiн қолданылады.

  8. Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелерi:

      Қызметтер көрсетушi:                 Тапсырыс берушi:
      __________                           __________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады