"Қазпочта" ашық акционерлiк қоғамын дамытудың 2002 жылға арналған жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Реcпубликасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 2 тамыз N 863

      "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2002 жылға арналған индикативтiк жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегі N 1199  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
 

      1. Қоса беріліп отырған "Қазпочта" ашық акционерлік қоғамын дамытудың 2002 жылға арналған жоспары бекiтiлсiн.
 

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                             2002 жылғы 2 тамыздағы                                                 N 863 қаулысымен   
                                                     бекітілген    

"Қазпочта" ашық акционерлік қоғамын дамытудың 2002 жылға арналған жоспары

1. Кiрiспе

      Қазақстан почтасы Қазақстан Республикасы көлiк-коммуникациялар кешенiнiң стратегиялық маңызды буыны болып табылады және мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады. Нарықтық экономиканы дамыту және қоғамды ақпараттандыру кезеңiнде почта байланысы кәсіпкерлікті, қаржылық қызметтi, бағалы қағаздар рыногын дамытуға, ақпарат алмасуға септігін тигiзетiн ақпараттық инфрақұрылымның маңызды элементiне айналып отыр. 
      Осы "Қазпочта" ААҚ-ты (бұдан әрі - Қоғам) дамыту жоспары "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2002 жылға арналған индикативтiк жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегi N 1199 қаулысына сәйкес әзiрлендi. 

2. Мақсаттар мен түйiндi мiндеттер

        Почта-жинақ жүйесi жаңа үлгiдегi экономиканы құру мен елдi ақпараттандырудың өмiрлiк маңызды және ақиқатты түрде қажеттi шарты болып табылады. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 15 қарашадағы N 1716  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының почта саласын дамытудың және почта-жинақ жүйесiн қалыптастырудың бағдарламасына сәйкес Қоғамды дамыту стратегиясы почталық, қаржылық және агенттiк қызметтердiң кең ауқымын ұсынатын почта-жинақ жүйесiн құру болып табылады.
      Қоғамды дамытудың 2002 жылға арналған мақсаттары: 
      почта байланысының тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуын қамтамасыз ету; 
      почталық, банкілiк қызметтер рыногында олардың ауқымын кеңейту және қызмет сапасын жақсарту жолымен Қоғамның үлесiн арттыру; 
      Қоғамның тиiмдi қызметi үшiн ұтымды материалдық-техникалық база жасау, қаржылық ақпаратты сенiмдi басқару жүйесiн және қауiпсiздiгiнiң жоғары дәрежесiн қамтамасыз ететiн технологиялық жарақтандыру деңгейiн көтеру. 
      Түйiндi мiндеттерi: 
      1) Қазақстанның почта желiсiн одан әрі компьютерлендiру және ақпараттандыру; 
      2) почта жөнелтiмдерiн өңдеу және бақылау сапасын жақсарту үшiн қазiргi заманғы технологияларды енгiзу; 
      3) ықтимал рыноктарды зерделеу және Қоғам қызметiнiң перспективалық бағыттарын айқындау жөнiндегi жұмысты жандандыру арқылы қызмет түрлерiн кеңейту және жаңа өнiмдердi дамыту; 
      4) нормативтiк құқықтық базаны жетілдiру, Қоғамның жаңа қызмет түрлерiн ұсыну жөнiндегi қызметiн реттейтiн әдiстемелiк базаны қалыптастыру; 
      5) көлiк бағыттарын оңтайландыру және почта қауiпсiздiгi жүйесiн жетiлдiру; 
      6) Қоғамның маркетингілік стратегиясын қалыптастыру және дамыту; 
      7) Қоғамның персоналын оқыту және бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi көп деңгейлi бағдарламаны жүзеге асыру.

3. Қоғамның дамуының қазiргi жай-күйi 

      Қазiргi уақытта Қоғам почталық қызмет рыногындағы өзiнiң тұғырын сақтау қажеттiлiгiн, сондай-ақ почта-жинақ жүйесiнiң тұрақты жұмыс iстеуiн және одан әрi дамуын қамтамасыз етудi алдыңғы қатарға шығарып отыр. Қоғамның почталық, қаржылық және агенттiк қызметтер рыногындағы басты артықшылығы Қазақстан Республикасының аумағын, әсiресе, аудандар мен ауылдық жерлер деңгейiнде толық қамтуға мүмкiндiк беретiн тармақталған филиалдар желiсi болып табылады. 
      Почталық қызметтер рыногындағы көш бастаушылық жағдайына қарамастан, Қоғам тарифтер бойынша да, аумақтық қамту бойынша да қол жеткiзiмдiлiгiн ескере отырып, почта қызметтерiн жоғары сапалы деңгейде ұсынуды мақсат тұтып отыр. Екiншi жағынан, жаңа, сапасы анағұрлым жоғары және дәстүрлi емес қызмет түрлерiнiң шеңберiн кеңейту почта қызметiн коммерцияландырудың негiзiн қалайды. 
      Курьерлiк қызмет саласында Қоғамға "DHL" ЖАҚ, "UPS" ЖАҚ, "Pony Express" ЖШС, "Direkt Delivery" ЖШС, "Милицер и Мюнх" ЖШС ("Federal Express" компаниясының өкiлi), "РТД" ЖШС ("TNT" компаниясының өкiлi) сияқты белгiлi курьерлiк компаниялар бәсекелестiк орта құрып отыр. Солай бола тұрса да, Қоғам EMS Kazpost жедел почтасының тиiмділігiн арттыру үшiн тиiстi шаралар қолдануда. "DHL" компаниясымен Қоғамның осы компанияға қатысты сырттан кiрген жөнелтiмдердi Қазақстан бойынша таратуға және республикадан шығатын ЕМS-жөнелтiмдердi дүние жүзi бойынша компанияның өкiлдiктерi желiсiмен жеткiзу жөнiнде келiсiм жасалды. 
      Бұдан басқа, 2001 жылдан бастап Алматы почта тасымалдау бөлiмшесiнің базасында жедел жөнелтiмдердi ұдайы бақылау және қадағалауды жүзеге асыруға мүмкiндік беретiн жүйенiң пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. 
      Қазiргi уақытта Қоғам Қазақстан Республикасының аумағында почта-қаржылық қызметi қалалар мен ауылдық жерлерде енгiзуге мүмкiндiк беретiн неғұрлым кең тармақталған филиалдар желiсiне ие болып отыр. Дегенмен де, банк қызметтерi рыногында Қазақстанның коммерциялық банктерi тарамнан қатаң бәсекелестiк сезiнуде, ал олардың халық депозитке орналастыратын жинақтары бойынша сыйақылар саласындағы артықшылықтары үстем екенi айқын, себебi Қоғамның бұл бағыттағы қызметi мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырумен ғана шектелген. 
      Банк қызметтеріне қарағанда почта-қаржылық қызметтер, табыс деңгейi мен тұрғын аймағына қарамастан, халықтың көптеген жiктерi үшiн қол жеткiзiмдi. Қоғам қазiрдiң өзiнде мемлекеттiң халыққа зейнетақы мен әлеуметтiк жәрдемақы төлеу, жеке тұлғалар мен мемлекеттiк органдар өкілдерiнiң салық және бюджетке төленетiн басқа да төлемдерiн қолма-қол ақшамен қабылдау, бюджеттік ұйымдар мен экономиканың көлiк-коммуникациялар секторындағы кәсiпорындарға жалақы төлеу жөнiндегi сенiмдi агентi болып отыр. 
      2001 жылы почта бөлiмшелерiнде "Қазақтелеком" ААҚ және бiрқатар бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне жалақы төлеу жұмысы жүргiзiле басталды. Облыстық филиалдар коммуналдық қызмет пен электр энергиясын жеткiзушілермен шарт жасау жөнiнде жұмысты жалғастыруда, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен жеке тұлғалар мен мемлекеттiк органдар өкілдерiнiң салық және бюджетке төленетiн басқа төлемдерiн қолма-қол ақшамен қабылдау жөнiнде Агенттiк келiсiмге қол қойылды, почта желiсi арқылы салық жинау жөнiнде 13 облыста тендер ұтып алынды. 
      Қолайлы деңгейдегi қаржылық қызметті толыққанды ұсыну үшiн қазiр "Аманат-почта" бағдарламалық қамтамасыз ету енгiзiлуде, ол келiп түскен ақпаратты орталықтандырылған өңдеудi қамтамасыз етедi, сондай-ақ "Банктiң операциялық күнi" міндетiн шешу үшiн Пост бағдарламалы интерфейсi бар. Ақпаратты жинау мен өңдеудi екi деңгейлi схемада ұйымдастыру есептiк деректер жасауды жеделдету мен деректердiң сенiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiк бередi. 
      Қоғам қызметiнiң басым бағыттарының бiрi капиталдандыру деңгейiн арттыру және почта саласын одан әрi дамыту, негiзгi қорларды жаңғырту мен қайта жаңарту үшiн қажеттi қаражат тарту болып табылады. Борышкерлiк мiндеттемелер рыногы бұл мақсат үшiн дәл осы кезеңде тартымды болып тұр. Қаражатты жеке инвесторлар арасында корпоративтiк облигациялар орналастыру арқылы тарту қажеттiлiгi, сырттан қарыз тартудан басқа, халықаралық стандартқа сай қызмет сапасын қамтамасыз ету үшiн почта байланысын жаңғыртуға аса мұқтаждықтан туындап отыр.

4. Өндiрiстiк бағдарлама 

      Почталық қызметтер рыногындағы көп жылдық жұмыс тәжiрибесiн негiзге ала отырып және өзiнiң институциональдық даму үрдiсiн, клиенттердiң қажеттiлiгiн, қаржылық, агенттiк қызметтер рыногының мүмкiндiктерiн ескере келе, Қоғам 2002 жылы мынадай өндiрiстiк бағдарламаны iске асыруды жоспарлайды. 
 
         4.1. Почталық қызметтер мен өнiмдер
      2002 жылы Қоғам жазбаша хат-хабарлар көлемiнiң төмендеуiн еңсерудi, сондай-ақ 2000-2001 жылдары белең алған сәлемдемелер мен мерзiмдiк басылымдар бойынша почтамен алмасудың өсу үрдiсiн сақтауды болжап отыр. 
      Дүниежүзілік почта одағының XII Конгресi қабылдаған почта стратегиясын iске асыру мақсатында көпшiлiк қолды почта қызметiн ұсыну жағдайын почталық жөнелтiмдердi өңдеу, жөнелту және жеткiзу мерзiмiн қысқарту, почта байланысы қызметiне қол жеткiзудi жеңiлдету және икемдi тариф саясатын қолдану есебiнен жақсарту жөнiнде бiрқатар iс-шаралар жоспарланып отыр. 2002 жылдың iшiнде Почта қызметтерiнiң сапасын арттыру бағдарламасын әзiрлеу, сондай-ақ қолданылып жүрген почта ережелерiн жетілдiру жоспарланып отыр. 
      Филателияны дамытып, алға жылжытуға және қазақстандық маркаларды шетел рыноктарында насихаттауға айрықша көңiл бөлiнетiн болады. 
      Почта байланысы магистральдық желiсi жұмыс iстеуiнiң жоғары шығындары проблемасын шешудiң бiр бағыты почта жөнелтiмдерiн жеткiзу жүйесiн темiр жол, авиация мен автомобиль көлiгiн оңтайлы үйлестiру арқылы құру болмақ. 
      Көрсетiлетiн қызмет көлемiн арттыру және почта өнiмдерi рыногын кеңейту, маркетингілік рыноктық мүмкiндiктерге ие қызметтер ассортиментiн кеңейту жөнiндегi жұмысты одан әрi жандандыру арқылы мүмкiн болады. 2002 жылы басым бағыттары ретiнде халықаралық және iшкi жеделдетiлген почтаға (ЕМS-Каzроst), соның iшiнде "Алматы-Астана" бағыты бойынша хат-хабарларды 24 сағат iшiнде жеткiзу, аралас почта, электрондық почта, директ-мейл, директ-маркетинг сияқты қызмет түрлерiн дамытуға айрықша көңiл бөлу жоспарлануда. 
      Республика бойынша ЕМS-жөнелтiмдердi қадағалау жүйесiн жасау және iске қосу көзделуде, келiп түсетiн халықаралық жедел жөнелтiмдердi жеткiзу туралы "Милицер и Мюнх" ЖШС-пен ("Federal Ехрrеss" курьерлiк компаниясының Қазақстандағы өкiлеттi өкiлi) және "UРS"-пен келiсiмдерге қол қою, жеке зейнетақылық шоттардан көшiрмелердi, шот-хабарламаларды және жарнамалық материалдарды жеткiзу жөнiнде корпоративтiк клиенттермен шарттар жасасу жоспарлануда. 
 
         4.2. Қаржылық қызметтер
        Қоғам 2002 жылы почта-жинақ жүйесiн дамыту, операциялардың көлемдерi мен табыстылығын арттыру жөнiндегi жұмыстарды одан әрi жалғастыратын болады. 
      Почта-жинақ жүйесi банк секторының қызметiне балама ретiнде, толық сақталуына кепілдiк бере отырып, елдiң шалғай аймақтарында тұратын халықтың көптеген жiктерiне барынша қол жеткiзетiндей жолмен қаржылық қызмет көрсету арқылы халықтың жинақтарын тарту тәсiлiн ұсынады. "Почта байланысының республикалық мемлекеттiк кәсiпорны тартатын жеке адамдардың қаражатын орналастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 17 маусымдағы N 794  қаулысына сәйкес Қоғам жеке тұлғалардың депозит ретiнде тартылған қаражатын мемлекеттiк бағалы қағаздардың бастапқы және қайталама рыноктарында ғана орналастырады. 2002 жылы Қоғам тәуекел дәрежесi төмен, тұрақты кiрiстi қамтамасыз ететiн корпоративтiк бағалы қағаздармен жұмыс iстеуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясын алуды жоспарлап отыр. 
      Почта саласының әлеуметтiк функцияларын iске асыру ауылдық жерлердегi тұрғындарға зейнетақылар мен жәрдемақыларды уақтылы жеткізу, сондай-ақ бюджеттік мекемелер мен көлiк-коммуникациялар кешенiнiң кәсiпорындары қызметкерлерiнiң жалақыларын төлеу арқылы қамтамасыз етіледi. 
      Бұл бағытта мүдделi министрлiктердiң қолдауымен Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықпен республиканың ауылдық аудандардағы тұрғындарына зейнетақылар мен әлеуметтiк жәрдемақылар төлеуге байланысты Қоғам шығыстарын республикалық бюджеттен өтей отырып, зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеу туралы тiкелей келiсiм жасалды. 
      Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банк заңнамасында көзделген операцияларды теңгемен және шетел валютасында жүргiзуге арналған 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 14 лицензиясының негiзiнде депозиттiк өнiмдердiң жаңа түрлерiн енгiзу, пластикалық карточкаларға қызмет көрсету бойынша желi құру, есеп айырысу-кассалық қызмет бойынша клиенттік базаны кеңейту, коммуналдық және бюджеттiк төлемдердi қабылдау жөнiндегi операциялар көлемiн арттыру, тасымалдау қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, сондай-ақ тиiстi жабдықтармен және көлiкпен жарақтандыру арқылы ақшалар мен құндылықтарды тасымалдау және инкассациялау жөнiндегi қызмет сапасын арттыру жоспарлануда. 
 
         4.3. Агенттiк қызметтер және бөлшек сауда 
      Агенттiк қызметтер ассортиментiн кеңейту - корпоративтiк клиенттер шеңберiн кеңейту жөнiндегi жұмысты жандандыруды, маркетингілік зерттеулер жүргiзудi және технологиялық процестердi жетілдiрудi көздейдi. 
      Бұл бағытта: 
      зейнетақылық шарттар жасасу және салымшыларға жеке зейнетақылық шоттардың көшiрмелерiн жеткiзу жөнiнде зейнетақы жинақтаушы қорлармен; 
      сақтандырудың түрлерi бойынша шарт жасасу жөнiнде сақтандыру компанияларымен; 
      шот-хабарламаларды жеткiзуге ұтқыр байланыс ұйымдарымен және коммерциялық банктермен әріптестiк қатынастарды сақтау және одан әрi нығайту, 
      сондай-ақ жаңа корпоративтiк клиенттердi iздестiру және тарту жоспарлануда. 
      Мерзiмдiк басылымдарды және филателия өнiмдерiн сату нүктелерiнің желiсiн кеңейту, ұсынылатын тауарлар ассортиментiн жақсарту арқылы бөлшек сауданы дамытуға және Қоғамның тауар айналымын арттыруға қол жеткiзiлетiн болады. 
     Почта операторлары мен табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына өзгерiстер енгiзу кезiнде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бағалы қағаздар рыногындағы трансфер-агенттердiң қызметiн реттейтiн ережелердi әзiрлеуi шартымен, қор рыногында трансфер-агенттiк қызметтердi дамыту көзделіп отыр. 

5. Почта қауiпсiздiгi 

      Қазақстан почтасының беделi, көбiнесе почта сервисiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiне тәуелдi. Қоғамның почта қауiпсiздiгi қызметi күзет қызметiн, почта жөнелтімдерiн iздестiру iс-шараларын және жоғалған жөнелтiмдер бойынша тергеу iс-шараларын жетiлдіру мәселелерiне ерекше көңiл бөледi. 
      2002 жылы мынадай iс-шаралар почта және ақпарат қауiпсiздiгi жүйесiн дамытудың перспективалық бағыттары болады: 
      1) келiп түсетiн почтаның сақталу деңгейi мен сапасын арттыру мақсатында шетелдiк почта әкiмшiліктерiнiң почта қауiпсiздiгi қызметтерiмен байланыс орнату. Дүниежүзiлiк почта одағының ұсынымы бойынша, ТМД және Балтық жағалауы елдерi аумағында, Байланыс саласындағы аймақтық ынтымақтастық шеңберiнде почта қауiпсiздiгiнiң аймақтық желiсiн құру туралы мәселе қаралуда. Почта қауiпсiздiгi бөлiмшелерi тұлғасында почта қызметтерi үшiн көрсетiлетiн қызмет сапасын, почта байланысы жүйесiнiң сенiмдiлiгi мен тұтастығын арттырудың нақты құралына ие болады. Осыған байланысты Қазақстан почтасының өкiлi ТМД және Балтық елдерiнiң почта байланысы мүдделерiн қорғау жөнiндегi негiзгi бағыттарды әзiрлейтiн Почта қауiпсiздiгi бойынша iс-әрекет тобының құрамына ендi; 
      2) "Қазпочта" ААҚ құрылымдық бөлiмшелерiнде почталық құндылықтардың сақталуын, халықаралық почта алмасудың толықтығын, почта жөнелтiмдерiне тарифтердiң дұрыс қолданылуын және жөнелтiмдердiң ұрлануын болдырмауды қамтамасыз ету бөлiгiнде тексерудi ұйымдастыру және жүргiзу; 
      3) почта жөнелтiмдерiнiң және ақша сомаларының жоғалу және ұрлану фактілерi бойынша тексеру жүргiзу, тексеру материалдарын тергеу органдарына беру; 
      4) бөлiмшелердiң почта қауiпсiздiгi құралдарымен техникалық жабдықталуын жақсарту жөнiндегi шараларды iске асыру, почта байланысы объектiлерi мен мүлкiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша әдiстемелік және практикалық көмек көрсету. 

6. Ақпараттық технологиялар 

      Ғылыми-техникалық iлгерiлеу және күннен күнге артып келе жатқан бәсекелестiк орта ақпараттандыру және ақпарат беру мен өңдеу жұмыстарында, қаржы және тауар ағындарын басқаруда қазiргi заманғы технологиялық жетiстiктер негiзiнде почта байланысын автоматтандыруға алғышарт жасауда. 
      2002-2003 жылдар iшiнде Қоғам ақпарат пен қаржы ағындарын басқарудың қазiргi заманғы жүйесiн енгiзу арқылы Қазақстан почта желiсiн ақпараттандыруды, электрондық, аралас почта мен ақпараттық-анықтама қызметтерiн қоса алғанда, қазiргi заманғы телекоммуникациялық қызметтер мен өнiмдер әзiрлеудi және енгiзудi аяқтауды жоспарлайды. 
      Почта байланысын ақпараттандыру, деректер берудiң сенiмдiлiгi және жылдамдығы жоғары және қорғалған жүйесiн ұйымдастыруға, жаңа қызмет түрлерiн игеруге, почта жөнелтiмдерiнiң жүрiп өтуiн бақылауды арттыруға, басқарушылық шешiмдер қабылдаудың және оларды iске асырудың жаңа қағидаттарына көшуге бағытталады. 
      Осыған байланысты Қоғам таяу болашақта почта желiсiн одан әрi ақпараттық және техникалық тұрғыдан жаңғыртуға, сапалы және тұтастырылған қызмет көрсетуге күш-жiгерiн бағыттауды жоспарлап отыр. 
      Осы мақсатпен Қоғамның орталық аппараты мен құрылымдық бөлiмшелерi, аймақтар арасында ақпарат берудiң, жинаудың және өңдеудiң екi деңгейлi схемасы түрiндегi ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылымды кезең-кезеңiмен құру жүрiп жатыр, мұның өзi басты кеңседе бiрыңғай ақпараттық база жасауға, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң төлем жүйесi арқылы төлемдердi жүзеге асыруға және басқа банк түсiмдерiн қабылдауға, мәлiметтердi жедел қалыптастыруға және ең қысқа мерзімде iшкі қаржылық және статистикалық есептер жасауға мүмкiндiк бередi. 
      Барлық аудандық және облыстық филиалдарда "Аманат-почта" бағдарламалық кешенi орнатылған, оның негiзiнде Қоғам бөлiмшелерi депозиттерге қызмет көрсетудi, салықтар мен коммуналдық төлемдердi қабылдауды және мерзiмдiк басылымдарға жазылуды жүзеге асырады. 
      2002 жылы Қоғамның орталық аппараты мен облыстық филиалдарын бiрiктiретiн бiртұтас корпоративтiк желi құру жөнiндегі жұмысты аяқтау көзделедi. Бұл жобаның мақсаты - халықаралық сөйлесулер мен ақпараттар беру шығындарын азайту үшiн жылдамдығы жоғары арна және екi дауысты арналар орнату болып табылады. Жыл бойы "Операциялық күн" бағдарламасы жетiлдiріліп, статистикалық және бухгалтерлiк есептер үшiн бағдарламалық өнiмдер жетiлдірiлетiн болады. 
      2002 жылы байланыс бөлiмшелерiн компьютерлендiру және жұмыс орындарын автоматтандырумен қатар, талдау жұмыстарын жүзеге асыру үшiн сапалы, сенiмдi статистикалық және қаржылық деректердi жедел түрде алуды қамтамасыз ететiн корпоративтiк ақпарат жүйесiн құруға кірiсу көзделуде, мұның өзi түпкі нәтижесiнде, Қоғамның басқарушылық шешiмдi уақтылы қабылдауына мүмкiндiк туғызады. Сонымен қатар, жоғарыда аталған iс-шаралар Қоғам құрылымын оңтайландыруға, персоналдың жұмыс уақытын анағұрлым тиiмдi пайдалануға жәрдемдесуi тиiс.

7. Тариф саясаты 

      Баға белгiлеудiң оңтайлы стратегиясын құру Қоғамның аса маңызды мiндетi болып табылады, өйткенi тарифтер баға белгiлеу құралы ретiнде кәсiпорынның ағымдағы шығындарын жабу және пайда түсiру үшiн өндiрiстi дамыту және технологиялық процестердi жаңғырту көзi ретiнде табыс құрау негiзi болып табылады. 
      Почта саласы үшiн тарифтiк саясатты қалыптастыру ерекшелiгi халықтың әлеуметтiк маңызды қызметтерге қол жеткізуiн және клиенттердiң ұсынылатын қызметтерге қажеттiлiктерiн қанағаттандыру дәрежесiн арттыруға жәрдемдесудi қамтамасыз ету болып табылады. 
      Бағалардың қол жетiмдiлiгiне жету бағытындағы басты көзқарас ретiнде почта қызметтерiнiң операциялық орташа шығындарын анықтау, ал сосын осы шығындарға негiзделген почта қызметтерiнiң бағасын белгiлеу болып табылады. Сонымен бiр мезгілде, әлеуметтiк-маңызды қызметтер бойынша Қоғам халық үшiн қол жетiмдiлiк саясатын жалғастырады. 
      Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiнiң 2002 жылғы 15 наурыздағы N 57-ОД бұйрығының шығуы тарифтiк саясатты оңтайландыру бағытында маңызды қадам болды, онымен 2002 жылғы 1 сәуiрден бастап республика iшiнде почта байланысы қызметтерiне арналған жаңа тарифтер қолданысқа енгiзілдi. 
      Агенттiктiң бұйрығына сәйкес почта байланысы қызметтерiне арналған тарифтер мынадай тұғырлар бойынша көбейтiлдi: 
      жай хатты жiберу тарифi 15%-ға және 23 теңгенi құрады; 
      жай бандерольдi жiберу тарифi 66%-ға және 25 теңгенi құрады; 
      тапсырыстық және құнды бандерольдi жiберу тарифi 50%-ға және 30 теңгенi құрады; 
      әрбiр қосымша толық және толық емес 50 гр жай, тапсырыстық, құнды бандерольдердi жiберу тарифi 66%-ға және 5 теңгенi құрады; 
      сәлемдеменi жер бетiндегi және әуе көлiгiмен жiберу тарифi бүкiл тарифтiк белдеулер бойынша 30%-ға өстi. 
      Қоғам рентабельдi емес қызмет түрлерiн рентабельдiлер есебiнен тоғыстыра қаржыландырудан алшақтауға тырысады. Алайда, зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу, мемлекеттiк мекеме қызметкерлерiне жалақы және басқа да төлемдердi төлеу, бюджетке төлемдердi қабылдау жөнiндегi қызметтердi қоса алғанда, қаржылық қызметтер саласындағы сыйақы ставкалары, олардың көп бөлiгi ауылдық жерлерде қызметтердi ұсыну есебiнен қалыптасатынын ескерсек, нақты шығын деңгейiне сәйкес келмейдi. Сонымен бiр мезгiлде, Қоғам жоғарыда аталған әлеуметтiк-маңызды қызметтердi ұсынудан бас тарта алмайды, осыған байланысты таяу болашақта комиссиялық сыйақы ставкаларын нақты шығын деңгейiне дейiн көтеру арқылы қолданылып жүрген тарифтердi сәйкестiкке келтiру қажет. 
      Қызметтердiң басқа түрлерi бойынша тарифтiк саясат өндiрiстi дамыту және көрсетiлетiн қызметтердiң бәсекеге қабiлетiн арттыру үшiн ресурстық базаны арттыруға бағытталады. 

8. Қызметтiң қаржылық нәтижесiн болжау 

      Почта саласын дамытудың қалыптасқан үрдiсi мен өндiрiстiң жоспарланған көлемiн басшылыққа ала отырып, 2002 жылы Қоғам мынадай негiзгi экономикалық көрсеткiштерге (1-кесте) қол жеткiзудi жоспарлап отыр:
      жиынтық кiрiс - 3830,1 млн. теңге, бұл 2001 жылғы деңгейден 7,6 % жоғары, оның iшiнде:
      негiзгi қызметтен кiрiс - 3689,5 млн. теңге, бұл 2001 жылдың нақты деңгейiнен 11,6 % жоғары;
      негiзгi емес қызметтен кiрiс - 140,6 млн. теңге, бұл 2001 жылдың нақты деңгейiнен 44,9 % төмен (Қоғамның есеп саясатындағы өзгерiстерге байланысты).
      Жиынтық шығыстар - 3703,4 млн. теңге (45,8 млн.теңге сомасындағы табыс салығы бойынша шығыстарды есепке алғанда), оның iшiнде:
      өнiмнiң негiзгi түрлерiнiң өзiндiк құны - 2287,5 млн. теңге, бұл 2001 жылдың нақты деңгейiнен 12,1 % жоғары, оның iшiнде:
      материалдар - 201,0 млн. теңге;
      өндiрiстiк қызметкерлер жұмыскерлерiнiң еңбекақысын төлеу - 1209,3 млн. теңге;
      үстеме шығыстар - 393,2 млн. теңге;
      басқа шығыстар - 258,5 млн. теңге.
      Кезең шығыстары - 1332,4 млн. теңге, бұл 2001 жылдың нақты деңгейiнен 1,9 % жоғары.
      Негiзгi емес қызметке байланысты шығыстар - 37,8 млн. теңге, бұл 2001 жылдың нақты деңгейiнен 49,4 % төмен.
      Табыс салығы бойынша шығыстары - 45,8 млн. теңге, бұл 2001 жылдың нақты деңгейiнен 71,1 % жоғары.
      Қоғамның таза табысы 2001 жылмен салыстырғанда 14,4 % ұлғайып, 126,6 млн. теңгенi құрайды.
      Қызметкерлердiң нақты (орташа жалақыны есептеу үшiн алынатын) саны 2001 жылмен салыстырғанда 7,3 % артады және 12057 адамды құрайды, орташа айлық жалақы мөлшерi 12675 теңгенi құрайды, бұл 2001 жылдың деңгейiнен 22,6 % жоғары. 

9. Бюджетпен өзара қатынастары. Дивиденд саясаты

      Қоғам әр түрлi салық төлемдерi мен алымдарды төлеушi болып табылады. Мысалы, 2002 жылы жалпы мемлекеттiк және жергiлiктi салық пен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi шамамен 552,4 млн. теңге төлеу жоспарлануда, оның iшiнде: 
      заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы - 45,8 млн. теңге; 
      әлеуметтiк салық - 362,6 млн. теңге; 
      басқа да салық төлемдерi - 144,0 млн. теңге. 
      Қоғамның 2001 жылғы кредиторлық берешегi 2818,7 млн. теңгенi құрады және 2000 жылмен салыстырғанда 9 % жоғарылады. 2002 жылы болжамдық деректер бойынша ол 2922,1 млн. теңгенi құрайды немесе 2001 жылғы деңгейден 3,7 % жоғары. 
      1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шығын сомасы 289,5 млн. теңгенi құрады, ол Қоғамның 2000 және 2001 жылдардағы қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижесi бойынша 149,6 млн. теңге төмендедi және 2001 жылдың қорытындылары бойынша 139,9 млн. теңгенi құрады. 
      2002 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Жарғылық капиталдың шамасы 1169 млн. теңгенi құрады. 2002 жылы 643,1 млн. теңгеге акциялардың келесi эмиссиясын шығару жоспарлануда, содан кейiн жарғылық капиталдың мөлшерi 1812,1 млн. теңгенi құрайды. 
      Өткен жылдардың шығындарын жапқаннан кейiн "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi Заңына сәйкес Қоғамның жарияланған жарғылық капиталының 15 % мөлшерiнде, яғни 271,8 млн. теңгеге тең сомада резервтiк капитал құру қажет. 
      Осыған орай, Қоғам 2002 жылы акциялардың мемлекеттiк пакетiне дивидендтердi төлеудi жоспарламай отыр, өйткенi 2002 жылы Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижесінде түскен таза табыстың барлық сомасы өткен жылдардың шығындарын жабу үшiн резервтiк капиталды құруға жұмсалатын болады (1-Кесте).

10. Инвестициялық бағдарлама 

      2002 жылы негiзгi мақсаты - сервистiң жоғары сапасын, ақпараттық қауiпсiздiк кепiлдiгiн қамтамасыз ету мен почталық, қаржылық және агенттік қызметтердiң жаңа түрлерiн ұйымдастыру үшiн Қазақстанның почта байланысын ақпараттық және техникалық жағынан жаңғырту болып табылатын, Қазақстан Республикасының почта байланысын жаңғырту және почта-жинақ жүйесiн қалыптастыру бағдарламасын iске асыруды жалғастыру болжанып отыр. Аталған бағдарламаны iске асыру почта саласын қазақстандықтардың әл-ауқатын және тұтас алғанда, мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық дамуын арттыратын нақты құрал ретiнде тиiмдi почта-жинақ жүйесiне одан әрi реформалауды жалғастыруға да мүмкiндiк бередi. 
      Таяу болашақта Қоғам DialAway IP(Gilat) технологиясы бойынша корпоративтiк ақпарат желiсi негiзiнде құрылған, Интернет-қызметтер, электронды почта, электронды жеделхат және басқалар сияқты жаңа қызметтердi енгiзудi жоспарлап отыр. Сондай-ақ, осы желi бiрыңғай корпоративтiк ақпарат желiсi (КАЖ) үшiн көлiк ортасы да болып табылады. 
      "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi Қоғамның жарғылық капиталын ұлғайтуға республикалық бюджеттен жалпы сомасы 643,1 млн. теңге қаражат бөлдi, оның 141,2 млн. теңгесi телекоммуникациялар саласындағы почта жүйесiн жаңғыртуға жұмсалады. Қоғамның жарғылық капиталын ұлғайту есебiне акциялардың қосымша эмиссиясын шығарудан түсетiн қалған қаражат мынадай мақсаттарға жұмсалады: 
      57,4 млн. теңге сомасына техникалық қауiпсiздiк және өрт сөндiру кешендi жүйелерiн сатып алу; 
      194,8 млн. теңгеден астам сомасына касса, айырбастау пункттерi мен инкассаторлық қызмет үшiн құрал-жабдықтар сатып алу; 
      249,7 млн. теңге сомасына ғимараттарды, почта вагондарын күрделi жөндеу, касса тораптарын күрделi жөндеудi жүзеге асыру. 
      Байланыс бөлiмшелерiн компьютерлендiру, жұмыс орындарын автоматтандырумен қатар талдау жұмысын жүзеге асыру үшiн сапалы, шынайы статистикалық және қаржылық деректердi жедел алуды қамтамасыз ететiн корпоративтік ақпарат желiсiн құру Қоғамға, тұтас алғанда, басқарушылық шешiмдердi дер кезiнде қабылдауға мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа, жоғарыда аталған iс-шаралар Қоғамның құрылымын оңтайландыруға, қызметкерлердiң жұмыс уақытын анағұрлым тиiмдi пайдалануына жәрдемдесуi тиiс. 
      Почта саласын жаңғырту және почта-жинақ жүйесiн қалыптастыру бағдарламасын одан әрi қаржыландыру үшiн 2002 жылы кезең-кезеңiмен инвестициялар тарту болжанып отыр. Осы мақсатта жабдықтарды сатып алуға және ғимараттарды күрделi жөндеуге арналған "Қазақстан Халық Банкi" ААҚ-тың 4 млн. АҚШ доллары сомасындағы қолданыстағы кредит желiсi шеңберiнде ресурстарды игеру жалғастырылады. 
      Сатып алынатын жабдық Қоғамның барлық көрсетiлетiн қызмет түрлерiн ұсынуы жөнiндегi бiрыңғай технологиялық кешен шеңберiнде пайдаланылатын болады. 
      Бұдан басқа, 2002 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiмен 9 млн. АҚШ доллары сомасында сыртқы қарыз тарту жөнiндегi жұмысты жалғастыру жоспарлануда. Осы мақсатта Қоғам: 
      шынайы басқарушылық ақпаратты уақтылы берудi қамтамасыз ететiн ақпаратты басқарудың қазiргi заманғы жүйесiн енгiзудi; 
      бухгалтерлiк есептiң халықаралық стандарттарына толық көшудi; 
      ұйымдық құрылымды қайта құрылымдауды және персоналды дамытуды; 
      клиенттердiң қажеттiліктерiне сәйкес жаңа қызмет түрлерi мен өнiмдердi уақтылы енгiзудi көздейтiн қазақстандық почтаны институционалдық дамытудың стратегиялық жоспарын әзiрлеу үшiн 230 мың АҚШ доллары сомасына техникалық көмек грантын тартуы қажет. 

11. Корпоративтiк мәдениеттi қалыптастыру 

      Почта-жинақ жүйесiнiң табысты жұмыс iстеуi және дамуы, сондай-ақ рынокқа жаңа қызмет түрлерiн тиiмдi енгiзу үшiн Қоғам iшкi және сыртқы оң келбетiн қалыптастыруға мұқтаж. 
      Осы мақсатта Қоғам жүйе элементтерi мен оларды қоршаған орта арасында өзара байланыс орнату үшiн бiрыңғай салалық стильдi енгiзу және РR-құралдары мен оларды технологияларды iске қосу жұмысын жалғастыруды жоспарлап отыр. 
      Жүйенiң жұмыс iстеуiне ықпал ету тұтқасы ретiнде оның қазiргі жай-күйiн бағалауға және жетiлдiру жоспарын тұрақты негiзде анықтауға мүмкiндiк беретiн, компанияның корпоративтiк жоспарлауды дамыту жөнiндегi қызметiн жандандыру көзделiп отыр. 
      Әр түрлi деңгейдегi менеджерлердiң шешiмдер жоспарлау мен қабылдауға, iске асырылатын бағыттардың перспективалық екендiгiн түсiндiруге тиiмдi қатысуына түрткi болу қолданылып отырған корпоративтiк iс-әрекеттер туралы уақтылы ақпарат берiлуiн қамтамасыз етедi және компанияның iшіндегi өзара қатынастарды ретке келтiредi.
      2002 жылы жарнама науқанын өткiзуге, Қоғамның wеb-сайтын дамытуға аса көңiл бөлiнедi.
      Қоғамның келбетiн жақсарту үшiн компанияның коммерциялық байланыс орнату және өзара тиiмдi ынтымақтастық нысандарын дамыту үшiн көрмелерге және халықаралық форумдарға қатысу жөнiндегі қызметiн жандандыру жоспарлануда.
      Қоғам 2002 жылы халықтың әлеуметтiк қорғалмаған бөлiгiн демеушiлiк қолдау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруды жалғастырады.

12. Еңбек ресурстарын дамыту

       12.1. Персоналды дамытудың басым бағыттары
      Қоғам персоналдың кәсiби даму мәселелерiн оның қызметiн жақсартатын аса маңызды факторлардың бiрi ретiнде қарайды.
      Кадр саясатының негiзгi қағидаттары:
      почта байланысы желiсiнiң барлық деңгейiн басқару жүйесiнiң кешендi және тұтастық сипатын қамтамасыз ету;
      аса тиiмдi уәжді еңбекке, шығармашылық қайтарымдылыққа және жаңалық енгiзуге қабiлеттi персоналды қалыптастыру.
     Кадр жұмысының тиiмділігiн арттыру, олардың кәсiби шеберлiкке жетiп, почталық және қаржылық қызмет рыногындағы бәсекелестiк қабілетiн қолдау мақсатында персоналмен жұмыс жүйесiн, ұйымдық құрылым мен штаттық лауазым жүйесiн жетiлдiруге бағытталған жұмыс жалғастырылады. Почта персоналдың кәсiби дамуы мен олардың сапалық сипаттамасын жақсартудың негiзгi құралдары қызметкерлердi оқыту, қайта даярлау және бiліктiлігiн көтеру болып табылды. 
      2002 жылы еңбек ресурстарын дамытуда менеджменттiң тиiмдiлiгiн көтеру, басқару мен жоспарлаудың қазiргi заманғы әдiстерiн енгiзу, басқарушы қызметкерлердiң кәсiби сапасын дамыту айрықша орын алмақ. Менеджердің адамдармен қарым-қатынас жасауы, талдаушылық қабiлетi, ұйымдастырушылық күш-жiгерi мен жұмысқа шығармашылық көзқарасы сияқты қасиеттерiне ерекше көңiл бөлiнетiн болады. Еңбек ресурстарын дамыту орта буындағы басшылармен қатар өндірістік персонал үшін де семинарлар, тренингтер, курстар ұйымдастырып, өткізуді көздейді. 
      Бұдан басқа, почта-жинақ қызметiн сатушылардың назарын клиенттердiң қажеттілiгiн қанағаттандыруға, әлеуметтiк-этикалық маркетинг қағидаттарын және әлемдiк почта әкiмшіліктерiнiң озық тәжiрибелерiн енгізуге бағыттауға едәуiр күш жұмсалмақ.
 
         12.2. Қоғам персоналын оқытудың үдемелi бағдарламаларының салалары
      1. Қоғам жүйесiндегi ақпараттық технологиялар:
      қазiргi заманғы телекоммуникациялық жабдықтарды енгiзу;
      "Аманат-почта" бағдарламалық өнiмiн пайдалану практикасы;
      желілік әкiмшiлер үшiн компьютер желiсi, қазiргi заманғы  телекоммуникациялық ақпараттық жүйелердiң аппараттық-бағдарламалық  құралдары.
      2. Менеджменттi дамыту:
      өзгерiстердi басқару және корпорация iшiндегi өзара қарым-қатынасты құру;
      басқару психологиясы(ұжымдағы өзара қатынастар, тартыстарды басқару);
      персоналдың дамуын басқару;
      PR практикасы, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара iс-қимыл жасау.
      3. Қызметтер:
      дәстүрлi емес почта өнiмдерiн ендiру;
      жаңа қызметтер мен өнiмдердi әзiрлеу және енгiзу;
      маркетингілiк қызметтi және корпоративтiк клиенттермен өзара қатынастарды жетiлдіру;
      сервис сапасын арттыру.
      4. Бухгалтерлiк есеп, экономикалық талдау және жоспарлау:
      бухгалтерлiк есептiң халықаралық стандарттары;
      салық салу және салық есебi;
      бюджет процесiн ұйымдастырудың қазiргi заманғы әдiстерiн енгiзу.

13. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар

      Қоғам өзiнің даму процесiнде почта байланысы қызметiн жүзеге асыру нәтижесiнде қоршаған ортаға терiс әсерiн жұмсарту жөнiнде бiртұтас iс-шаралар кешенiн жүзеге асыруды көздеуде. 
      Осындай iс-шаралардың қатарына жабдықтардың, соның iшiнде көлiк құралдарының технологиялық паркiн жаңартуды, сүзгiлер мен катализаторлар орнатуды, отынның басқа түрлерiне көшудi жатқызуға болады. Қазiргi заманғы почта жабдықтарының және көлiк құралдарының соңғы модельдерiнiң жоспарлы сатып алынуы анағұрлым жоғары экологиялық стандарттардың талаптарын қанағаттандырады. 
      Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруда экологиялық қауiпсiз технологиялар пайдалануды енгiзу және қоршаған ортаға жанама әсер етпейтiн технологияларды қолдану маңызды рөл атқарады. 

14. Қорытынды 

      Осы Даму жоспарында Қоғамның 2002 жылға арналған саясаты тұжырымдалып, қаржылық мақсаттары мен белгiленген мiндеттердi iске асыру үшiн қажеттi ресурстар айқындалды.
      2002 жылдың нәтижесi бойынша почталық, қаржылық, агенттiк қызметтер рыноктарында Қоғамның тұғыры нығайып, почта байланысын одан әрi ақпараттандыру және автоматтандыру, қазақстандық почтаның институционалдық және инвестициялық мүмкiндiктерiнiң дамуы күтiледi.
      Қоғамды дамытудағы басты бағыт одан әрi де Қазақстанның почта-жинақ жүйесiн қалыптастыру мен дамытуға, сервис сапасын жақсартуға, нормативтiк құқықтық базаны жетілдiруге, Қоғамның корпоративтiк мәдениетiн дамытуға және Қоғамның "келбеттiк" кеңiстiгiн кеңейтуге бағытталған, белгiленген мiндеттердi iске асыру болмақ.

                                            1-кесте (1 HK нысаны)

           "Қазпочта" ААҚ-ты дамытудың 2002 жылға арналған
                             ЖОСПАРЫ
____________________________________________________________________
                           Өлшем      2001 ж.   2002 ж.  оның ішiнде
                          бiрлiгi      есеп      баға                                                                         1-тоқсан
Өндiрiлген өнiм (жұмыстар, 
қызметтер) көлемі                                              
1. Барлығы:
   оның iшiнде түрлерi 
   бойынша:                 саны
____________________________________________________________________
   жазбаша хат-хабар            млн. дана   14,4      14,5       3,9
   ақша аударымдары             млн. дана    0,7      0,75      0,16
   зейнетақылар мен жәрдем.     млн. дана   17,1      17,4      4,30
   ақыларды төлеу 
 
     жолдама заттар               млн. дана    1,3       1,3       0,3
   мерзiмдi басылымдар          млн. дана   81,9      82,5      21,0

2. Экспорттың барлығы:         млн. доллар
   оның ішiнде ТМД елдерi          " 
   алыс шетел                      "
   өнiм түрлерi бойынша:           " 
   зат түрiнде                   саны

3. Импорттың барлығы:          млн. доллар
   соның iшiнде ТМД елдерi         "
   алыс шетел                      "
   өнiм түрлерi бойынша:           "
   зат түрінде                   саны

4. Барлық қаржыландыру көздерi 
   есебiнен негiзгі капиталға 
   инвестициялар - барлығы:     млн. теңге  558,4    890,8
   оның iшiнде мемлекеттiк 
   бюджет қаражаты                 "                 643,1
   сыртқы қарыз есебiнен           "        558,4    247,7 
   өз қаражаты есебiнен            "         

5. Кiрiс - барлығы:             млн. теңге  3561,0   3830,1    896,9
   Негiзгi қызметiнен кiрiс,       "        3305,6   3689,5    864,7
   барлығы
   Негiзгi емес қызметiнен         "         255,4    140,6    32,2
   кiрiс,

6. Шығыстар - барлығы                       3423,6   3657,6    874,7

   Өнiмнiң (жұмыстар,   
   қызметтер) негiзгi              "        2041,4   2287,5    534,2
   түрлерiнiң өзiндiк құны 
   - барлығы:
   оның ішiнде:
   материалдар                     "         211,8    201,0     49,0
   қызметкерлердiң                 "         971,9   1209,3    266,0
   (өнд. персонал)
   еңбекақысын төлеу
   қызметкерлердiң (өнд.           "         192,0    225,5     49,6
   персонал) еңбекақысынан 
   аударымдар
   өндiрiс ақаулары                " 
   үстеме шығыстар                 "         415,3    393,2    103,4
   басқа да шығыстар               "         250,4    258,5     66,2
   Кезең шығыстары:                "        1307,5   1332,4    330,6
   Негiзгi емес қызметке           "          74,7     37,8     10,0
   байланысты шығыстар

7. Салық салынатын табыс                    137,4     172,5     22,2

8. Табыс салығы бойынша                      26,77     45,80     5,9
   шығыстар

9. Таза табыс (шығын)              "        110,6     126,6     16,3

10. Акциялардың мемлекеттiк        "          
    пакетiне дивидендтер

11. Персоналдың нақты саны      адам        11238     12057    11186
    (орташа жалақы есептеу
    үшiн)

12. Жалақы қоры               мың.теңге 1447700,0 1835400,0 409400,0
 
  13. Орташа айлық жалақы       теңге     10342,0    12675,0   12200,0
 

  14. Өнім (жұмыстар, қызметтер)  бiр бiрлiк
    бiрлiгiне арналған          үшін теңге
    тарифтер (бағалар) 
    почта карточкасын жiберу       "          15,0    15,0     15,0   
   салмағы 20 г дейiн жай хатты   "          20,0    23,0      20,0 
   жiберу
 
     салмағы 20 г дейiн             "          35,0    35,0      35,0
   тапсырысты хатты жiберу

   салмағы 20 г дейiн бағалы      "          45,0    45,0      45,0
   хатты жiберу
 
     салмағы 50 г дейiн бағалы      "          15,0    25,0      15,0
   бандерольдi жіберу
 
     салмағы 50 г дейiн             "          20,0    30,0      20,0
   тапсырысты бандерольдi
   жiберу
 
     салмағы 50 г дейiн бағалы      "          20,0    30,0      20,0
   бандерольдi жiберу
 
     жолдама заттарды жiберу        "       6-28,75    8-36      8-36
   (әрбiр толық және толық
   емес 500 г үшiн)
   ақша аударымдары            аударым
                              сомасынан %

    ҚР бойынша (100 мың            "           3-5     3-5       3-5
    теңгеге дейiн және 
    одан жоғары)
    ТМД және алыс шетелге          "          10-15  10-15    10-15 

15. Өткен жылмен салыстырғанда  бiр бiрлiк
    тарифтердiң (бағалардың)    үшін теңге
    өзгеруi 
    почта карточкасын жiберу       "                   
    салмағы 20 г дейiн жай         "                   15,0 
    хатты жiберу
    салмағы 20 г дейiн             "                   
    тапсырысты хатты жiберу
    салмағы 20 г дейiн бағалы      "                   
    хатты жiберу
    салмағы 50 г дейiн жай         "                   66,7
    бандерольдi жiберу
    салмағы 50 г дейiн             "                   50,0
    тапсырысты бандерольдi 
    жiберу
    салмағы 50 г дейiн бағалы      "                   50,0
    бандерольдi жiберу
    жолдама заттарды жiберу        "                   25,2
    (әрбiр толық және толық 
    емес 500 г үшiн)
    ақша аударымдары
       ҚР бойынша (100 мың теңгеге "                   
       дейiн және одан жоғары)
       ТМД және алыс шетелге       "                   
16. Кредиторлық берешек        мың теңге  2818712  2922095,1 2670902

17. Ұзақ мерзімді дебиторлық    мың теңге     3448       4020   3510
    берешек
____________________________________________________________________

таблицаның жалғасы     
____________________________________________________________________
                                      оның ішінде            2002 ж.
                                                             2001 ж.
                            2 тоқсан   3 тоқсан  4 тоқсан  сал-нды %
Өндiрiлген өнiм (жұмыстар, 
қызметтер) көлемі
1. Барлығы:
   оның iшiнде түрлерi 
   бойынша:                     
____________________________________________________________________
жазбаша хат-хабар             3,4         3,3       3,9     100,7%   ақша аударымдары              0,17        0,21      0,21    107,1% 

зейнетақылар мен жәрдем.      4,32        4,38      4,40    101,8%
ақыларды төлеу 

жолдама заттар                0,3         0,3       0,4     100,0% 

мерзiмдi басылымдар          20,0        20,0      21,5     100,7%

2. Экспорттың барлығы:
   оның ішiнде ТМД елдерi
   алыс шетел
   өнiм түрлерi бойынша:
   зат түрiнде                  

3. Импорттың барлығы:
   соның iшiнде ТМД елдерi
   алыс шетел
   өнiм түрлерi бойынша:
   зат түрінде                  

4. Барлық қаржыландыру көздерi
   есебiнен негiзгі капиталға 
   инвестициялар - барлығы:     890,8                        159,5%

   оның iшiнде мемлекеттiк
   бюджет қаражаты
   сыртқы қарыз есебiнен        643,1
   өз қаражаты есебiнен         247,7

5. Кiрiс - барлығы:             964,3       961,5    1007,4   107,6%
   Негiзгi қызметiнен кiрiс,    930,0       924,5     970,3   111,6%
   барлығы
   Негiзгi емес қызметiнен       34,3        37,0      37,1    55,1%
   кiрiс,

6. Шығыстар - барлығы           934,8       925,8     922,3   106,8%
   Өнiмнiң (жұмыстар,
   қызметтер) негiзгi
   түрлерiнiң өзiндiк құны 
   - барлығы:                   586,9       584,2     582,2   112,1%
   оның ішiнде:
   материалдар                   49,0        51,0      52,0   94,9%
   қызметкерлердiң              320,5       320,5     302,3   124,4%
   (өнд. персонал)
   еңбекақысын төлеу          
   қызметкерлердiң (өнд.         59,8        59,8      56,3   117,4%
   персонал) еңбекақысынан 
   аударымдар
   өндiрiс ақаулары
   үстеме шығыстар               92,4        89,9     107,5   94,7%
   басқа да шығыстар             65,2        63,0      64,1   103,2%
   Кезең шығыстары:             338,7       332,3     330,8   101,9%
   Негiзгi емес қызметке          9,3         9,3       9,2   50,6%
   байланысты шығыстар   

7. Салық салынатын табыс         29,5        35,7     85,1    125,5%

8. Табыс салығы бойынша           7,8         9,5     22,6    171,1%
   шығыстар

9. Таза табыс (шығын)            21,6        26,2     62,5    117,4%

10. Акциялардың мемлекеттiк 
    пакетiне дивидендтер

11. Персоналдың нақты саны      12485       12320    12237    107,3%
    (орташа жалақы есептеу 
    үшiн)

12. Жалақы қоры                475300,0   475300,0  475400,0  126,8%

13. Орташа айлық жалақы         12690,0    12860,0   12950,0  122,6%

14. Өнім (жұмыстар, қызметтер)  
    бiрлiгiне арналған          
    тарифтер (бағалар) 
    почта карточкасын жiберу     15,0        15,0      15,0   100,0%
    салмағы 20 г дейiн жай       23,0        23,0      23,0   115,0%
    хатты жiберу
    салмағы 20 г дейiн           35,0        35,0      35,0   100,0%
    тапсырысты хатты жiберу
    салмағы 20 г дейiн бағалы    45,0        45,0      45,0   100,0%
    хатты жiберу
    салмағы 50 г дейiн бағалы    25,0        25,0      25,0   166,7%
    бандерольдi жіберу
    салмағы 50 г дейiн           30,0        30,0      30,0   150,0%
    тапсырысты бандерольдi
    жiберу
    салмағы 50 г дейiн бағалы    30,0        30,0      30,0   150,0%
    бандерольдi жiберу
    жолдама заттарды жiберу      8-36        8-36      8-36   125,2%
    (әрбiр толық және толық
    емес 500 г үшiн)
    ақша аударымдары            аударым
                                сомасынан %

    ҚР бойынша (100 мың          3-5         3-5       3-5    100,0%
    теңгеге дейiн және 
    одан жоғары)
    ТМД және алыс шетелге       10-15        10-15    10-15   100,0%

15. Өткен жылмен салыстырғанда 
    тарифтердiң (бағалардың)   
    өзгеруi почта карточкасын 
    жiберу

    салмағы 20 г дейiн жай 
    хатты жiберу
 
      салмағы 20 г дейiн 
    тапсырысты хатты жiберу

    салмағы 20 г дейiн бағалы
    хатты жiберу

    салмағы 50 г дейiн жай 
    бандерольдi жiберу

    салмағы 50 г дейiн
    тапсырысты бандерольдi 
    жiберу

    салмағы 50 г дейiн бағалы
    бандерольдi жiберу
 
      жолдама заттарды жiберу
    (әрбiр толық және толық 
    емес 500 г үшiн)
    ақша аударымдары

       ҚР бойынша (100 мың 
       теңгеге дейiн және 
       одан жоғары)

       ТМД және алыс шетелге

16. Кредиторлық берешек       2 872 142  2 856 662  2 922 095 103,7%

17. Ұзақ мерзімді дебиторлық      3 680     3 840      4 020  116,6%
    берешек
____________________________________________________________________

                                                             2-кесте

       Барлық қаржыландыру көздерi есебiнен негiзгi капиталға                    инвестициялар (күрделi салым)

Кәсiпорынның атауы: "Қазпочта" ААҚ                        мың теңге
____________________________________________________________________
                            2002 жылға
____________________________________________________________________
                                               оның iшiнде
                                     _______________________________
                                     2002 ж.   1-     2-     3-   4-
                                         тоқсан тоқсан тоқсан тоқсан
____________________________________________________________________
Барлығы:                              890803          890803     

1. Акциялардың қосымша эмиссиясын 
   сатып алудан түскен қаражат        643123          643123

2. Жергiлiктi бюджет қаражаты
 
  3. "Қазпочта" ААҚ өз қаражаты

4. Мемлекеттiк емес сектор 
   кәсiпорындарының өз қаражаты

5. Шетел инвесторларының қаражаты, 
   оның iшiнде:

   Үкiмет кепiлдiк бермеген 
   кредиттер мен қарыздар

   Үкiмет кепiлдiк берген қарыздар

6. Резидент банктердiң кредиттерi     247680          247680

7. Басқа ұйымдардың қарыз қаражаты

8. Халық қаражаты

9. Лизинг (жылдық жарна сомасы).

10. Басқалар     
____________________________________________________________________

                                                         3-кесте

          Инвестициялық және институционалдық бағдарламалар

Кәсiпорынның атауы: "Қазпочта" ААҚ
Жобаның атауы: ҚР почта байланысын жаңғырту және почта-жинақ жүйесiн қалыптастыру
                              2002 жылға

                                                        мың теңге
____________________________________________________________________
Көрсеткiштердiң атауы        2002 ж. Оның iшiнде тоқсандар бойынша                                          1-     2-     3-     4-
                                       тоқсан тоқсан тоқсан тоқсан
____________________________________________________________________
1. Жобаның жалпы құны оның iшiнде:    935695          890803  44892
   қаржыландыру көздерi бойынша:

1.1. акциялардың қосымша эмиссиясын   643123          643123
     сатып алудан түскен қаражат
1.2. Жергілікті бюджет                      
1.3. ҚР Үкiметi кепiлдiк беретiн
     қарыздар мен кредиттер
1.4. ҚР Үкiметi кепiлдiк бермейтiн 
     кредиттер мен қарыздар
1.5. Гранттар                         35604                   35604 
2. Мемлекеттiк кәсіпорындар мен        9288                    9288
   ұйымдардың өз қаражаты
3. Мемлекеттiк емес сектор 
   кәсiпорындары мен ұйымдарының 
   өз қаражаты
4. Резидент банктердің кредиттерi     247680          247680
5. Басқалар
5.1. Облигациялардың эмиссиясы
____________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады