Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 90 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
"Бюджеттiк бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың 034 "Орта кәсіптік бiлiм мекемелерi" "Жас ұлан" республикалық мектебi" деген кiшi бағдарлама кестесiнiң 5 және 6-бағандары мынадай мазмұндағы 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20 және 21-тармақтармен толықтырылсын:
"10. Заттай мүлік үлестерін, дәрі-дәрмектер мен жыл бойы
медициналық мақсаттағы басқа да құралдарды,
шаруашылық, кеңсе және тауардың бір бiрлiгi
үшiн құны 40 ең төменгі есептiк көрсеткiштен
аспайтын басқа да тауарларды сатып алу
11. Ғимараттарды жылыту үшiн отын, қосалқы жыл бойы
бөлшектер сатып алу
12. 4 компьютер сатып алу жыл бойы
13. Өрт күзетi дабыл қаққышын орнату жыл бойы
14. Байланыс қызметiне және оқушыларды каникулға жыл бойы
шығу демалысы орындарына тасымалдау жөнiндегi
көлiктiк қызметтерге ақы төлеу
15. Оқу кабинеттерін, көрнекi үгiт құралдарын, жыл бойы
тестiлеудi безендендiру, бланкілiк және
полиграфия өнiмдерiн дайындау жөнiндегі
қызмет көрсетулерге ақы төлеу
16. Мәдени-ағарту іс-шараларын ұйымдастыру жыл бойы
17. Оқушыларды тамақтандыруға байланысты жыл бойы
қызмет көрсетулердi ұйымдастыру
18. Жабдықтарды жөндеу және оларға сервистiк жыл бойы
қызмет көрсету
19. Ғимаратты дезинфекциялау жөнiндегi қызмет жыл бойы
көрсетулерге ақы төлеу
20. Мерзiмдi басылымдарға жазылу жыл бойы
21. Негiзгi құралдарды (тұрғын үй) сатып алу жыл бойы";
2) көрсетiлген қаулыға 3-қосымшада:
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың 034 "Жоғары бiлiм мекемелерi" деген кiшi бағдарлама кестесiнiң 5 және 6-бағандары мынадай мазмұндағы 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55 және 56-тармақтармен толықтырылсын:
"49. Жоғары оқу орындарындағы оқу-материалдық жыл бойы
базаны жетілдiру
50. Оқу орындарындағы жауынгерлiк даярлықты жыл бойы
қолдау үшiн авто, броньды және инженерлiк
техникаға жабдықтар, қосалқы бөлшектер
сатып алу
51. Оқу орындарындағы материалдық құндылықтардың жыл бойы
сақталуын қамтамасыз ету мақсатында
қоймаларда, қару-жарақ бөлмелерiнде,
кабинеттерде және сыныптарда өрт-күзет дабыл
қаққыштарын қайта жабдықтау және орнату
52. Оқу орындарында тәрбие жұмыстарын өткiзу үшiн жыл бойы
мәдени-ағарту қорларын сахна костюмдерiмен,
музыкалық аспаптармен, теледидар, бейне,
музыкалық техникамен толықтыру үшiн сатып алу
53. 43 бiрлiк компьютер, 9 бiрлiк принтер, 5 бiрлiк жыл бойы
көшiру-көбейту аппараттарын сатып алу
54. Оқу процесiн қамтамасыз ету үшiн арнайы, жыл бойы
спорттық заттар және басқа да мүлiктi сатып
алу
55. Қызметтiк үй-жайлар үшiн стендтер, оқу жыл бойы
құралдарын, сондай-ақ басқа да жабдықтар
мен жиhаздар дайындау және сатып алу
56. Заңнамада белгiленген тәртiппен оқу жыл бойы
орындарындағы тiршілiк пен оқу процесiн
қолдау үшiн оқу корпустарына, казармалық
қорға және басқа да үй-жайларға, полигон
жабдықтарына ағымдағы және күрделi жөндеу
жүргізу ";
3) көрсетiлген қаулыға 4-қосымшада:
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың 044 "Әскери қызметшiлердi, құқық қорғау органдарының қызметкерлерi мен олардың отбасы мүшелерiн емдеу жөнiндегi мекемелер" деген кішi бағдарлама кестесiнiң 5 және 6-бағандары мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
7. Ғимараттар мен құрылыстарды ағымдағы жөндеу жыл бойы
8. Дабыл қаққышты монтаждау және оған сервистiк жыл бойы";
қызмет көрсету
4) көрсетiлген қаулыға 12-қосымшада:
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың 040 "Жауынгерлiк даярлықты қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шаралар" деген кiшi бағдарлама кестесiнiң 5 және 6-бағандары мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
7. Бөлiмдер мен құрамалар жауынгерлiк 2002
даярлығының оқу-материалдық базасын жылдың
жетілдіру үшін техникалық оқу құралдарын, 3-4
баспахана жабдықтарын сатып алу тоқсаны";
5) көрсетiлген қаулыға 13-қосымшада:
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың:
041 "Қарулы Күштердiң инфрақұрылымы тiршiлiк әрекетiнiң негiзгi функцияларын қамтамасыз ету" деген кiшi бағдарлама кестесiнiң 5-бағанының 3-тармағы:
"сатып алуға" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ отынды қабылдау, тиеп түcipу, сақтау және тасымалдау бойынша қызмет көрсетулерге ақы төлеу жөнiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
11. Жиhаздар, казарма мүкәммалы мен сейфтер жыл бойы";
сатып алу
6) көрсетiлген қаулыға 15-қосымшада:
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:
031 "Әскери бөлiмдердi ұстау" деген кiшi бағдарламаның 5 және 6-бағандары мынадай мазмұндағы 14, 15 және 16-тармақтармен толықтырылсын:
"14. Әдебиет сатып алу жыл бойы
15. Шағын автобустар (13 орынды) жыл бойы
сатып алу - 6 дана
16. Шкода "Октавия" автомобильдерiн жыл бойы";
сатып алу - 20 дана
032 "Әскери бөлiмдердi тасымалдаумен қамтамасыз ету" деген кiшi бағдарламаның 6-бағанындағы "2002 жылдың 1 жарты жылдығы" деген сөздер "жыл бойы" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) көрсетiлген қаулыға 18-қосымшада:
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:
2-тармақтың 5-бағанында:
"МИ-8 MTB-5 тiкұшақтарымен" деген сөздер "МИ-17 B5 тiкұшақтарымен және ұшу мен жер бетi құрамын "Қазан тiкұшақ зауыты" AAҚ-тың оқу орталығында оқытқаны үшiн қызметтерге ақы төлеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Урал 4320-10, жүк автомобильдерiмен - 14 дана" деген сөздер "Урал, жүк автомобильдерiмен - 34 дана" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Урал 4320-10, жүк автомобильдерiмен - 14 дана" деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
"- УАЗ - 2206 - 20 дана;
- ВАЗ - 21213 - 38 дана;
- Автобус (40 - 60 орынды) - 2 дана";
"П 198 M телефонды коммутаторы - 3 дана" деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
"- дыбысы қатты конференциялық байланыс жүйесi - 1 т-ж;
- дыбысы қатты хабарлау жүйесi - 1 т-ж;
- "Айком" радиостанциясы - 1 дана;
- "Эриксон" АТС - 1 дана".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі