"Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының Yкiметi Тәжiкстан Республикасының Үкiметiне берген мемлекеттiк несиенi қайта құрылымдау туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 19 тамыз N 919

 


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

     1. "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының

Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының Үкiметi Тәжiкстан

Республикасының Үкiметіне берген мемлекеттiк несиенi қайта құрылымдау

туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының

       Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының Үкiметi Тәжiкстан

         Республикасының Үкiметiне берген мемлекеттiк несиенi қайта

                құрылымдау туралы келiсімді бекiту туралы

                     Қазақстан Республикасының Заңы


     Алматы қаласында 2002 жылғы 8 сәуiрде жасалған Қазақстан

Республикасының Yкіметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы

Қазақстан Республикасының Үкiметi Тәжiкстан Республикасының Үкiметiне

берген мемлекеттiк несиенi қайта құрылымдау туралы келiсiм бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

          Президентi


      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының

          Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының Үкiметi

             Тәжiкстан Республикасының Yкiметiне берген

            мемлекеттiк несиенi қайта құрылымдау туралы

                            КЕЛIСIМ


     Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен

Тәжiкстан Республикасының Үкiметi,


 
       - Қазақстан Республикасының Үкiметi, Халықаралық Валюта Қоры, Дүниежүзілік Банк және тұтас алғанда әлемдiк қоғамдастық қолдаған Экономикалық реформалардың бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi Тәжiкстан Республикасы халқының күш-жiгерiн бөлiсе отырып;
      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы 1992 жылдың және 1993 жылдың қаңтар-тамызының қорытындыларына қатысты техникалық несиелер бойынша берешектi Тәжiкстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк несиесiне қайта ресiмдеу туралы 1993 жылғы 26 тамыздағы келiсiмге (бұдан әрi - 1993 жылғы 26 тамыздағы келiсiм) және Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы Тәжiкстан Республикасының Қазақстан Республикасының алдындағы борыштық мiндеттемелерiн қайта ұйымдастыру шарттары туралы 1995 жылғы 22 қарашадағы келiсiмге (бұдан әрi - 1995 жылғы 22 қарашадағы келiсiм) сәйкес қазақстан Тарапы оған берген мемлекеттiк несие бойынша тәжiк Тарапының берешек проблемаларын жеделдетiп реттеу қажеттiгiн тани отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:
 
                               1-БАП
 
      Тараптар Қазақстан Республикасының Тәжiкстан Республикасының алдындағы берешектерiн ескере отырып, 1993 жылғы 26 тамыздағы келiсiмге сәйкес, сондай-ақ 1995 жылғы 22 қарашадағы келiсiмге сәйкес 1997 жылы 3 желтоқсанда корреспонденттік шоттар ашылғанға дейiн Қазақстан Республикасы мен Тәжiкстан Республикасы банктерiнiң арасындағы 1992 жыл үшiн өзара есеп айырысуларды түпкiлiктi мұқият тексеру кесiмiне сәйкес тәжік Тарапына берiлген мемлекеттiк несиенi қайта құрылымдауды жүзеге асыруға келiстi.
 
                                2-БАП
 
      2.1. Тараптар Қазақстан Республикасының Үкiметi Тәжiкстан Республикасының Yкiметiне берген қайта құрылымданған несие сомасы 12 136 645-80 (он екі миллион жүз отыз алты мың алты жүз қырық бес - 80) АҚШ долларын құрайды деп келiстi.
      Осы сома 1995 жылғы 22 қарашадағы келiсiмнiң 2-бабына сәйкес 18 286 092-00 (он сегiз миллион екі жүз сексен алты мың тоқсан екi) АҚШ доллары сомасынан 1993 жылғы 26 тамыздағы келiсiмнiң 7-бабына сәйкес безбенделген орташа бағам бойынша 2 751 434-60 (екi миллион жетi жүз елу бiр мың төрт жүз отыз төрт - 60) АҚШ долларына баламалы 728,8 миллион рубль (жетi жүз жиырма сегiз миллион сегiз мың рубль) мөлшерiндегi соманы, сондай-ақ 1997 жылғы 3 желтоқсанда корреспонденттiк шоттар ашылғанға дейiн Қазақстан Республикасы мен Тәжiкстан Республикасы банктерiнiң арасындағы 1992 жыл үшiн өзара есеп айырысуларды түпкілiктi мұқият тексеру кесiмiне сәйкес 3 398 011-60 (үш миллион үш жүз тоқсан сегiз мың он бір - 60) АҚШ долларына баламалы 900 065 319-00 рубль 78 тиын (тоғыз жүз миллион алпыс бес мың үш жүз он тоғыз рубль жетпiс сегiз тиын) мөлшерiндегі соманы алып тастау жолымен анықталды.
      Тәжікстан Республикасына Халықаралық Валюта Қоры ұсынатын барлық несие берушi елдер үшiн ортақ шарттармен қайта құрылымдалатын Тәжiкстан Республикасына берген мемлекеттiк несиенiң шарттарына сәйкес тәжiк Тарапы 2002 жылғы 30 маусымға дейiн қазақстан Тарапына 1997 жылдан бастап 2000 жыл кезеңiнде 29 817-59 АҚШ доллары сомасында пайыздық төлемдердiң артық төленген сомасын шегере отырып, 2001 жыл үшін 344 545-89 (үш жүз қырық төрт мың бес жүз қырық бес - 89) АҚШ доллары мөлшерiндегi есептелген пайыздық төлемдердiң сомасын жылдық 2,8 (екі бүтiн оннан сегiз) пайыздық ставка бойынша төлеуге мiндеттенедi және тәжiк Тарапы 314 728-30 АҚШ доллары мөлшерiндегi соманы төлеуге тиiс.
      2.2. Қазақстандық Тараптың 12 136 645-80 (он екі миллион жүз отыз алты мың алты жүз қырық бес - 80) АҚШ доллары мөлшерiндегi қайта құрылымдалған несиесi тәжiк Тарапына 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап 15 (он бес) жыл мерзiмге берiлдi деп есептеледі, олардың iшiнде алғашқы 5 (бес) жылы тәжiк Тарапы қайта құрылымдалған несие бойынша есептелген пайыз сомасын өтейтiн төлемдi төлеу жүргiзiлетiн жеңсiк кезеңiн құрайды.
 
                              3-БАП
 
      3.1. Тәжік Тарапы қайта құрылымдалған несие бойынша 12 136 645-80 (он екі миллион жүз отыз алты мың алты жүз қырық бес-80) АҚШ доллары мөлшерiндегi негiзгi борыш сомасын 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап 2015 жылғы 31 желтоқсан кезеңiнде өтеуге мiндеттенедi.
      3.2. Негiзгi борыш сомасын өтеуге арналған төлемдер қайта құрылымдалған несие сомасының қырықтан бiр бөлiгi мөлшерiндегi тең үлестермен тоқсан сайын осы Келiсiмнiң, қосымшасына сәйкес жүргiзiледi.
      3.3. Негiзгi борыш сомасын өтеуге төлем жүргiзу күнi әр тоқсанның соңғы айының 30-шы (отызыншы) күнi болып белгiленедi.
      3.4. Осы баптың 3.3-тармағында көрсетiлген мерзiмде жүргiзiлмеген төлем негiзгi борыш сомасын өтеудiң мерзiмi өткен төлемi болып саналады.
      Тәжiк Тарапы негiзгi борыш сомасын өтеудiң алғашқы төлемiн 2006 жылғы 30 наурызда жүргiзедi.
      3.5. Тәжiк Тарапы қазақстан Тарапының келiсiмiмен негiзгi борыштың сомасын мерзiмiнен бұрын өтей алады.
 
                              4-БАП
 
      4.1. Тәжiк Тарапы қайта құрылымданған несиенi пайдаланғаны үшiн пайыздық есептелген сомасын төлеудi 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап 2015 жылғы 31 желтоқсан кезеңiнде жүргiзедi.
      Пайыздық төлем сомасын есептеу жылына 360 күн есебiнен есептелген тоқсандағы iс жүзiндегі күндердiң саны бойынша өтелмеген негiзгi борыштың сомасына арналған жылдық 2,8 (екi бүтiн оннан сегіз) пайыздық ставка бойынша осы Келiсiмнiң қосымшасына сәйкес жүргiзіледi.
      Төлемнiң орындалған күнi қазақстан Тарапының уәкілетті банкiнiң шотына сома түскен күн болып есептеледi.
      Есептелген пайыздарды өтеуге арналған төлемдер тоқсан сайын жүргiзіледi.
      Есептелген пайыздардың сомасын өтеуге арналған төлем жүргiзу күнi әрбiр тоқсанның соңғы айының 30-шы (отызыншы) күнi болып белгiленедi.
      4.2. Осы баптың 4.1-тармағында көрсетiлген мерзiмде жүргiзiлмеген төлем қайта құрылымдалған несиенi пайдалану үшін есептелген пайыздарды өтеудiң мерзiмi өткен төлемi болып саналады.
 
                              5-БАП
 
      Негiзгi борышты өтеуге және/немесе есептелген пайыздардың сомасын өтеуге арналған мерзiмi өткен төлемдердiң сомасына жылына 360 күн есебiнен АҚШ долларындағы алты айлық депозиттер үшiн LIВОR+4 (ЛИБОР қосу төрт) жылдық пайыздық ставкасы бойынша төлемдердiң әрбiр мерзiмi өткен күнi үшiн айыппұл пайызы есептеледi.
      Айыппұл пайыздарын есептеу бойынша жалпы мерзiмдi санау негiзгi

 

борыштың және/немесе есептелген пайыздардың төлемiн жүргiзген күннен

кейiнгi күннен басталады және берешектi iс жүзiнде өтеу күнiмен (ic

жүзiндегi өтеу күнiн қоса алғанда) аяқталады.

     Тәжiк Тарапы мерзiмi өткен төлем сомасына есептелген айыппұл

пайыздарын төлеудi қазақстан Тарапының жазбаша хабарламасынсыз-ақ

жүргiзедi.


                             6-БАП


     Негізгi борышты, пайыздық және айыппұл борыштарын өтеу төлемдерiн

тәжiк Тарапы АҚШ долларында жүргiзедi.


                             7-БАП



 
       7.1. Егер осы Келiсiм бойынша белгiлi бiр төлем мерзiмдерi бойынша Тараптар мемлекеттерiнiң аумағында банктiк жұмыс күнi болып табылмайтын күнмен сәйкес келсе, мұндай төлем келесi жұмыс күнi жүргізiледi.
      7.2. Қосымша Келiсiмге сәйкес анықталатын Тараптардың уәкілеттi банктерi:
      - осы Келiсiмнiң шарттарынан туындайтын есеп айырысуларды жүзеге асырудың және шоттарды жүргiзудiң техникалық тәртiбiн бiр айлық мерзiмде бiрлесiп әзiрлеуге және оны банкаралық келiсiм түрiнде ресiмдеуге,
      - жоғарыда көрсетiлген есеп айырысуларды жүзеге асырудың және

 

шоттарды жүргiзудiң техникалық тәртiбiн өз мемлекеттерiнiң Қаржы

министрлiктерiмен келiсуге,

     - есептi тоқсан аяқталған күннен бастап 10 (он) күннiң iшiнде есептi

тоқсан аяқталған күнгi Тараптар шоттарының жай-күйi туралы өз Тарапының

Қаржы министрлiгiне ресми түрде есеп берудi ұсынуға мiндеттенедi.


                            8-БАП


     Осы Келiсiм бойынша Тараптардың мiндеттемелерi сөзсiз болып табылады

және ол бойынша барлық төлемдер Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтарында

алынатын барлық салықтардан, комиссиялардан және алымдардан босатылады.


                            9-БАП


     Осы Келiсiмнiң ережелерi олар қатысушылары болып табылатын басқа да

халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен

мiндеттемелерiн қозғамайды.


                             10-БАП


     Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде немесе қолдануда даулар мен

келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды консультациялар мен

келiссөздер арқылы шешетiн болады.


                             11-БАП



 
       Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, ол осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделедi.
 
                              12-БАП
 
      Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшiне енедi.
      Осы Келiсiм өзiнiң қолданылуын Тараптар осы Келiсiм бойынша өз мiндеттемелерiн толық орындаған күннен бастап тоқтатады.
 
                               13-БАП
 
      Осы Келiсiм күшiне енген күннен бастап барлық үкiметаралық келiсiмдер және осы Келiсiмнiң 1-бабында көрсетiлген 1997 жылғы 3 желтоқсандағы корреспонденттiк шоттар ашылғанға дейiн Тараптар мемлекеттерiнiң банктерi арасындағы 1992 жыл үшiн өзара есеп айырысуларды түпкiлiктi мұқият тексеру кесiмi және сол сияқты осы келiсiмдер мен кесім бойынша Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерi күшiн жояды және Тараптардың бiр-бiрiне қаржылық немесе өзге де талап қоюы үшiн негiз қызметiн атқара алмайды.
      Алматы қаласында 2002 жылғы 8 сәуiрде әрқайсысы қазақ, тәжiк және орыс тілдерінде екi түпнұсқа данада жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн Тараптардың түсiндiруi кезiнде келiспеушiлiктер болған жағдайда, Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.
 

     Қазақстан Республикасының         Тәжікстан Республикасының

           Үкіметі үшін                       Үкіметі үшін



                                   Қазақстан Республикасының Үкіметі мен



                            Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы

                                       Қазақстан Республикасының Үкіметі

                              Тәжікстан Республикасының Үкіметіне берген

                             мемлекеттік несиені қайта құрылымдау туралы

                                                               келісімге

                                                                 қосымша




 

     Қайта құрылымданған несиенің сомасы              12 136 645,80

     Пайыздарды өтеудің басталуы               2001 жылғы 31 наурыз

     Пайыздарды өтеудің соңғы күні          2015 жылғы 31 желтоқсан

     Негізгі соманы өтеудің басталуы           2006 жылғы 31 наурыз

     Негізгі соманы өтеудің соңғы күні      2015 жылғы 31 желтоқсан

     Пайыздық ставка                                            2,8

     Жеңілдікті кезең                                             5

     Борышты өтеу (жеңілдікті кезеңді қоса алғанда)              15

     Жылына төлемдер саны                                         4


                                                          АҚШ долларымен

_________________________________________________________________________

         Күні          Борыштың     Борыштың    Пайыздарды    Төлемдердің

                       негізгі       негізгі       төлеу          жалпы

                       сомасы        сомасын                      сомасы

                                     төлеу

_________________________________________________________________________

2001 жылғы 31 наурыз   12 136645,80          0,00   84 956,52     84 956,52

2001 жылғы 30 маусым   12 136645,80          0,00   85 900,48     85 900,48

2001 жылғы 30 қыркүйек 12 136645,80          0,00   86 844,44     86 844,44

2001 жылғы            

31 желтоқсан           12 136645,80          0,00   86 844,44     86 844,44

2002 жылғы 31 наурыз   12 136645,80          0,00   84 956,52     84 956,52

2002 жылғы 30 маусым   12 136645,80          0,00   85 900,48     85 900,48

2002 жылғы 30 қыркүйек 12 136645,80          0,00   86 844,44     86 844,44

2002 жылғы            

31 желтоқсан           12 136645,80          0,00   86 844,44     86 844,44

2003 жылғы 31 наурыз   12 136645,80          0,00   84 956,52     84 956,52

2003 жылғы 30 маусым   12 136645,80          0,00   85 900,48     85 900,48

2003 жылғы 30 қыркүйек 12 136645,80          0,00   86 844,44     86 844,44

2003 жылғы            

31 желтоқсан           12 136645,80          0,00   86 844,44     86 844,44

2004 жылғы 31 наурыз   12 136645,80          0,00   85 900,48     85 900,48

2004 жылғы 30 маусым   12 136645,80          0,00   85 900,48     85 900,48

2004 жылғы 30 қыркүйек 12 136645,80          0,00   86 844,44     86 844,44

2004 жылғы            

31 желтоқсан           12 136645,80          0,00   86 844,44     86 844,44

2005 жылғы 31 наурыз   12 136645,80          0,00   84 956,52     84 956,52

2005 жылғы 30 маусым   12 136645,80          0,00   85 900,48     85 900,48

2005 жылғы 30 қыркүйек 12 136645,80          0,00   86 844,44     86 844,44

2005 жылғы             

31 желтоқсан           12 136645,80          0,00   86 844,44     86 644,44

2006 жылғы 31 наурыз   12 136645,80    303 416,15   84 956,52    388 372,67

2006 жылғы 30 маусым   11 833229,66    303 416,15   83 752,97    387 169,11

2006 жылғы 30 қыркүйек 11 529813,51    303 416,15   82 502,22    385 918,37

2006 жылғы            

31 желтоқсан           11 226397,37    303 416,15   80 331,11    383 747,26

2007 жылғы 31 наурыз   10 922981,22    303 416,15   76 460,87    379 877,01

2007 жылғы 30 маусым   10 619565,08    303 416,15   75 162,92    378 579,07

2007 жылғы 30 қыркүйек 10 316148,93    303 416,15   73 817,78    377 233,92

2007 жылғы            

31 желтоқсан           10 012732,79    303 416,15   71 646,67    375 062,81

2008 жылғы 31 наурыз    9 709316,64    303 416,15   68 720,39    372 136,53

2008 жылғы 30 маусым    9 405900,50    303 416,15   66 572,87    369 989,02

2008 жылғы 30 қыркүйек  9 102484,35    303 416,15   65 133,33    368 549,48

2008 жылғы

31 желтоқсан            8 799068,21    303 416,15   62 962,22    366 378,37


2009 жылғы 31 наурыз    8 495652,06    303 416,15   59 469,56    362 885,71

2009 жылғы 30 маусым    8 192235,92    303 416,15   57 982,83    361 398,97

2009 жылғы 30 қыркүйек  7 888819,77    303 416,15   56 448,89    359 865,03

2009 жылғы

31 желтоқсан            7 585403,63    303 416,15   54 277,78    357 693,92

2010 жылғы 31 наурыз    7 281987,48    303 416,15   50 973,91    354 390,06

2010 жылғы 30 маусым    6 978571,34    303 416,15   49 392,78    352 808,92

2010 жылғы 30 қыркүйек  6 675155,19    303 416,15   47 764,44    351 180,59

2010 жылғы

31 желтоқсан            6 371739,05    303 416,15   45 593,33    349 009,48

2011 жылғы 31 наурыз    6 068322,90    303 416,15   42 478,26    345 894,41

2011 жылғы 30 маусым    5 764906,76    303 416,15   40 802,73    344 218,87

2011 жылғы 30 қыркүйек  5 461490,61    303 416,15   39 080,00    342 496,14

2011 жылғы

31 желтоқсан            5 158074,47    303 416,15   36 908,89    340 325,03

2012 жылғы 31 наурыз    4 854658,32    303 416,15   34 360,19    337 776,34

2012 жылғы 30 маусым    4 551242,18    303 416,15   32 212,68    335 628,83

2012 жылғы 30 қыркүйек  4 247826,03    303 416,15   30 395,56    333 811,70

2012 жылғы

31 желтоқсан            3 944409,89    303 416,15   28 224,44    331 640,59

2013 жылғы 31 наурыз    3 640993,74    303 416,15   25 486,96    328 903,10

2013 жылғы 30 маусым    3 337577,60    303 416,15   23 622,63    327 038,78

2013 жылғы 30 қыркүйек  3 034161,45    303 416,15   21 711,11    325 127,26

2013 жылғы

31 желтоқсан            2 730745,31    303 416,15   19 540,00    322 956,14

2014 жылғы 31 наурыз    2 427329,16    303 416,15   16 991,30    320 407,45

2014 жылғы 30 маусым    2 123913,02    303 416,15   15 032,58    318 448,73

2014 жылғы 30 қыркүйек  1 820496,87    303 416,15   13 026,67    316 442,81

2014 жылғы

31 желтоқсан            1 517080,73    303 416,15   10 855,56    314 271,70

2015 жылғы 31 наурыз    1 213664,58    303 416,15    8 495,65    311 911,80

2015 жылғы 30 маусым      910248,44    303 416,15    6 442,54    309 858,68

2015 жылғы 30 қыркүйек    606832,29    303 416,15    4 342,22    307 758,37

2015 жылғы

31 желтоқсан              303416,15    303 416,15    2 171,11    305 587,26

___________________________________________________________________________

Жиыны                               12 136 645,80  3489777,88   15626423,68

___________________________________________________________________________




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қобдалиева Н.М.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады