"Отель Астана" Қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны" ашық акционерлiк қоғамы тартқан мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың кейбiр мәселелерi туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 19 тамыз N 923

     Ескерту. Мәтіндегі сөздер алмастырылды - ҚР Үкіметінің 2002.12.25. N 1366 , 2003.12.18. N 1267 қаулылырымен.

      Мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындау және қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында "Отель Астана" Қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны" ашық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - "Отель Астана" ААҚ) төмен төлем қабiлеттiлiгiн назарға ала отырып Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен "Оңалту және активтерді басқару компаниясы" акционерлік қоғамымен (бұдан әрі - "Оңалту және активтерді басқару компаниясы" АҚ) (келiсiм бойынша) және "Отель Астана" ААҚ-пен (келiсiм бойынша) бiрлесiп, келiсiмге (бұдан әрi - келiсiм) қол қоюды қамтамасыз етсiн, онда мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындауға республикалық бюджеттен бағытталатын қаражатты "Отель Астана" ААҚ-тың қайтару тәртiбiн, оның iшiнде:
      2005 жылдан бастап 2022 жылды қоса алғанда негiзгi борыштың және сыйақының қайтарылуын;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832  қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк (мерзiмдiк және жылдық) нысандарын жүргiзу жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiне сәйкес сыйақы есептеудi, бұл ретте 2004 жылды қоса алғанда есептелген сыйақыны негiзгi борышқа капиталдандыруды;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен акциялардың жыл сайынғы қосымша эмиссиясын жүргiзу және оларды мемлекеттiк меншiкке беру жолымен "Отель Астана" ААҚ-тың жарғылық капиталын арттыруды;
      акциялардың мемлекеттiк пакетiн "Отель Астана" ААҚ-тың бас директорына сенiмгерлiк басқаруға берудi;
      "Отель Астана" ААҚ-тың қаржы-шаруашылық қызметiнен түсетiн таза кiрiстi тек қана келiсiмдi орындауға жiберудi;
      "Отель Астана" ААҚ-тың республикалық бюджет алдындағы мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету мақсатында тиiстi кепiл келiсiмiн ресiмдеудi;
      қарыз алушы - "Отель Астана" ААҚ-тың қаражаты есебiнен "Оңалту және активтерді басқару компаниясы" АҚ" ЖАҚ-қа агенттiк сыйақы төлеудi көздесiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.29 N 465 Қаулысымен.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi А.С.Павловқа жүктелсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады