Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзiлiк метеорологиялық ұйым арасындағы мүшелiк жарналарды төлеу жөнiндегi берешектi өтеу туралы келiсiм жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 20 тамыз N 925

      "Бүкiл дүниежүзiлiк метеорология ұйымының Конвенциясына қосылу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1992 жылғы 18 желтоқсандағы N 1791-XII қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Дүниежүзiлiк метеорологиялық ұйым арасындағы мүшелiк жарналарды төлеу жөнiндегi берешектi өтеу туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны

 

қорғау министрi Андар Мәулешұлы Шоқпытовқа Келiсiмнiң жобасына қағидатты

сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгізуге рұқсат ете отырып,

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң атынан Қазақстан Республикасының Yкiметi

мен Дүниежүзiлiк метеорологиялық ұйым арасындағы мүшелiк жарналарды төлеу

жөнiндегi берешектi өтеу туралы келiсiм жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


                                                Қазақстан Республикасы

                                                      Үкiметiнiң

                                                2002 жылғы 20 тамыздағы

                                                   N 925 қаулысымен

                                                      мақұлданды

          ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ YКIМЕТI МЕН ДҮНИЕЖҮЗIЛIК

          МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ ҰЙЫМ АРАСЫНДАҒЫ МYШЕЛIК ЖАРНАЛАРДЫ

            ТӨЛЕУ ЖӨНIНДЕГI БЕРЕШЕКТI ӨТЕУ ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ


 
       Осы жерде және бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым,
      XII Дүниежүзiлiк метеорологиялық конгресте (Женева, 1995 жылғы 30 мамыр 21 маусым) қабылданған 35-қарардың (Кг-ХII) ережелерiне сәйкес әрекет ете отырып,
      XIII Дүниежүзiлiк метеорологиялық конгресте (Женева, 1999 жылғы 4-26 мамыр) қабылданған Дүниежүзiлiк метеорологиялық ұйымның Қаржылық жарғысының жарналарды есептеу мен төлеуге, сондай-ақ Айналым қаражаты қорына берiлетiн аванстарға қолданылатын тиiстi ережелерiн ескере отырып,
      қазiргі уақытта Қазақстан Республикасына қатысты қолданылатын қаржылық мiндеттемелердi орындамауына байланысты мүше елдердi уақытша шеттетуге қатысты XI Дүниежүзiлiк метеорологиялық конгресте (Женева, 1991 жылғы 1-23 мамыр) қабылданған 37-қарардың (Кг-ХI) ережелерiн назарға ала

 

отырып,

     төмендегiлер туралы келiстi:

                                 1-бап

     Қазақстан Республикасының Үкiметi 2002 жылғы 1 қаңтардағы жағдай

бойынша Дүниежүзiлiк метеорологиялық ұйымның бюджетке мүшелiк жарналарды

төлеу жөнiндегi берешек сомасы 611 299, 40 швейцар франкiн (алты жүз он

бiр мың екi жүз тоқсан тоғыз швейцар франкi қырық сантим) құрайтынын

таниды.

                                 2-бап

     Қазақстан Республикасының Үкiметi 611 299, 40 швейцар франкi

сомасындағы берешектi 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап он жылдық кезең iшiнде

тең жарналармен төлеуге мiндеттеме алады.

                                 3-бап

     Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Келiсiмнiң 2-бабында

көрсетiлген кезеңнiң әрбiр қаржы жылына есептелетiн жарнаны бiр уақытта

толық көлемде төлеуге мiндеттенедi.

                                 4-бап


 
       Қазақстан Республикасының Үкiметi Дүниежүзiлiк метеорологиялық конгресс шешiмiне сәйкес Айналым қаражаты қорына енгiзуге қажеттi авансты тиiстi күнi төлеуге мiндеттенедi.
 

                                5-бап



 
 
       Екi Тарап та осы Келiсiмге қол қойғаннан кейiн Дүниежүзiлiк метеорологиялық Ұйымның Бас хатшысы Дүниежүзiлiк метеорологиялық ұйымның Атқару кеңесiнен немесе оның атынан әрекет ететін Дүниежүзiлiк метеорологиялық ұйым Президентінен 30 күн iшiнде 37-қарар (Кг-ХI)

 

ережелерiнiң Қазақстан Республикасына қатысты қолданысын тоқтата тұруына

қол жеткiзуге мiндеттенедi. Дүниежүзiлiк метеорологиялық ұйым Қазақстан

Республикасының Үкiметiне қабылданған шешiм туралы дереу хабарлайды.

                                 6-бап

     Келiсiм Дүниежүзiлiк метеорологиялық ұйымның пайдасына берешектiң

соңғы жарнасы төленгенге дейiн күшiнде қалады.

                                 7-бап


 
       Осы Келiсiмнiң 2, 3 және 4-тармақтарында көзделген төлемдердегi кез келген үзiлiс, егер мұндай орын алса, тек сол уақытта Қазақстан Республикасының екi жылдан астам кезең үшiн берешегi болмаса, одан әрi хабарлаусыз 37-қарардың (Кг-ХI) Қазақстан Республикасына ережелерiн қолдануға әкеп соқтырады. Бұл жағдайда осы Келiсiмнiң қолданысы

 

тоқтатылып, егер екi Тарап та берешектi өтеу тәртiбiн өзгерту туралы

келiсiмге келсе, оның ережелерi қалпына келтiрiледi.

                                 8-бап

     Осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар Тараптардың осы Келiсiмнiң

ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделетiн өзара

келiсiмi бойынша енгiзiледi.

                                 9-бап

     Осы Келiсiмнiң екi Тарап та қол қойған сәтiнен бастап уақытша күшi

болады және Қазақстан Республикасы оның күшiне енуi үшiн қажеттi

мемлекетiшiлiк рәсiмдердi өткiзгенi туралы Дүниежүзiлiк метеорологиялық

ұйым жазбаша хабарлама алған күнiнен бастап түпкiлiкті күшiне енедi.

     2002 жылғы "___"________ әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс

тiлдерiндегi екi түпнұсқа данада жасалды және де барлық мәтiндердiң бiрдей

күшi бар. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушiлiктер

туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгiнедi.

         ҚАЗАҚСТАН                               ДҮНИЕЖҮЗІЛІК

      РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ                           МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ

       ҮКIМЕТI ҮШIН                                ҰЙЫМ ҮШІН




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Омарбекова А.Т.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады