Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 4 қыркүйек N 970. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1116 қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн. <*>
       Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.08.20. N 837   қаулысымен .

      2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiне - төрт, оның iшiнде - бiр бiрiншi вице-министрi болуына рұқсат етiлсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiн ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөнiндегi агенттiгiн, Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiн және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiн ұстауға республикалық бюджеттен көзделген, берілетiн штат саны шегiндегi қаржының есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

     4. <*>
      Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.01. N 314   қаулысымен.  

      5. "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 165  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 54-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы      
Үкiметінiң           
2002 жылғы 4 қыркүйектегi    
N 970 қаулысымен        
бекiтiлген        

  Қазақстан Республикасының
Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлігі туралы
ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) басшылықты және заңнамада көзделген шекте. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi бағыттарын әзiрлеудi салааралық және өңiраралық үйлестiрудi, Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарларын және Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын (бұдан әрi - стратегиялық және индикативтiк жоспарларын), мемлекеттiк қаржыны, лицензиялау жүйесiн басқаруды, орта мерзiмдi кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттiң болжамды көрсеткiштерiн және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобасын қалыптастыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. <*>
       Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.08.20. N 837   қаулысымен .
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.02.11. N 167   қаулысымен .

      2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясы  мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тілде өз атауы жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық органдарында және банктерде шоттары болады.
      Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      Министрлiктiң, егер заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берілсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      4. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      5. Министрлiктiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 33-үй.

      6. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi" мемлекеттiк мекемесi.

      7. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.

      8. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады.
      Министрлiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кірiсiне жiберiледi.

  2. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi, функциялары және
құқықтары

      9. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарын және басымдықтарын, негiзгi бағыттарын қалыптастыру;
      2) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуын экономикалық талдау, макроэкономикалық болжамдау және реттеу мен реформалардың барысын бағалау;
      3) стратегиялық, индикативтiк және бюджеттiк жоспарлау жүйесiн қалыптастыру және жетілдiру;
      4) мемлекеттiң ақша-кредит саясатымен өзара қарым-қатынаста мемлекеттiк салық-бюджет және инвестициялық саясатты, сондай-ақ халықаралық экономикалық және қаржылық қатынастар саласындағы саясатты қалыптастыру және iске асыру;
      5) мемлекеттiк активтердi тиiмдi басқару саясатын әзiрлеуге және оны iске асыруға қатысу;
      6) мемлекеттiк басқару жүйесiн жетілдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
      6-1) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiне ол Мемлекет басшысының қарауына ұсынуы үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетi есебiнен ұсталатын органдар қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi бойынша ұсыныстар енгiзсiн;<*>
      6-2) мемлекеттік инновациялық саясатты iске асыруға қатысу;<*>
      6-3) лицензиялау жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;<*>
      6-4) жұмылдыру даярлығы мен жұмылдыру саласындағы негiзгі бағыттарды әзiрлеу және бірыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзу; <*>
      6-5) бағдарламалар бойынша уәкiлеттi органның функцияларын жүзеге асыру; <*>
      7) оған заңнамамен жүктелген өзге де мiндеттер. 
       Ескерту. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.08.20. N 837   қаулысымен .
       Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.02.11. N 167   қаулысымен .

      10. Министрлiк заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
      2) стратегиялық жоспарларды iске асыру бойынша мемлекеттiк органдардың қызметтерiн талдау және үйлестiру;
      3) Қазақстан Республикасында стратегиялық, индикативтiк және бюджеттiк жоспарлау жүйесiн жетілдiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу;
      4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Бағдарламасын және оны iске асыру жөнiндегi Іс-шаралар жоспарын орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қатысуымен стратегиялық жоспарлардың негiзiнде қалыптастыру, олардың атқарылу мониторингiн жүзеге асыру және оларды түзету бойынша ұсыныстар енгiзу;
      5) әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын қамтитын орта мерзiмдi индикативтiк жоспарларды орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қатысуымен әзiрлеу;
      6) мемлекеттiк инвестициялардың басым бағыттарын орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қатысуымен қалыптастыру;
      7) мемлекеттiк, салалық (секторлық) бағдарламаларды әзiрлеу бойынша мемлекеттiк органдардың қызметтерiн үйлестiру;
      7-1) мемлекеттік органдардың лицензиялау мәселелері жөнiндегi қызметiн үйлестiру; <*>
      7-2) мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу бойынша мемлекеттiк органдардың қызметiне әдiснамалық басшылық жасау;
      7-3) Қазақстан Республикасында қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тiзбесiн қалыптастыру және одан әрi жүргізу;
      7-4) мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың орындалуын жалпы бақылауды жүзеге асыру;
      7-5) мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламаларды iске асырудың тиiмдiлiгiн (нәтижелiлiгiн) бағалауды жүргізу; <*>
      8) Қазақстан Республикасы орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының қатысуымен тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетiнiң алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткiштерiн әзiрлеу; <*>
      9) елiмiздiң, Қазақстан Республикасының аймақтары мен салаларының әлеуметтiк-экономикалық даму мониторингiн, әлемді экономиканың жағдайы мен дамуына талдау жүргiзу;
      10) экономикалық қауiпсiздiк мәселелерінің мониторингі;
      11) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын талдау;
      12) стратегиялық жоспарларды iске асырудың барысы туралы ақпараттық-талдау материалдарын дайындау және Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму нәтижелерi және Үкiмет Бағдарламасы мен оны iске асыру жөнiндегi Іс-шаралар жоспарының iске асырылу барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне хабарлау;
      13) әлеуметтiк-экономикалық даму индикативтiк жоспарларының, мемлекеттiк, салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламалардың әзiрленуiн және iске асырылуын әдiснамалық қамтамасыз ету;
      14) инвестициялық ахуалды жақсарту жөнiнде шаралар әзiрлеу, мемлекеттiк бағдарламаларды және басым инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн шетелдiк инвестицияларды тартуға ықпал ету;
      15) мемлекеттік инвестициялардың жүзеге асырылуын әдiстемелiк қамтамасыз ету, әзiрленуiн ұйымдастыру мен оның мониторингi;
      16) өз құзыреті шегiнде инвестициялық бағдарламалардың сараптамасын қоса алғанда, инвесторлармен жасалатын келiсiм-шарттардың экономикалық сараптамасын жүргiзуге қатысу;
      17) республикалық бюджеттен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын жүргiзу;
      18) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң регламентiне сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларына сараптама жүргiзудi жүзеге асыру;
      19) мемлекеттiк қаржыны және мемлекеттiк меншікті басқару саласында мемлекеттiк саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын айқындауға қатысу;
      20) республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсетiн түсімдердi болжамдау;
      21) жергiлiктi атқарушы органдарға ерекше маңызды бюджеттiк бағдарламалар бойынша шығыстардың ең аз мөлшерлерiн жеткiзу; <*>
      22) республикалық және жергiлiктi бюджеттер үшiн бiрыңғай бюджеттiк сыныптамалар мен қаржылық есептiлiктiң бiрыңғай нысанын әзiрлеу және бекiту;
      23) бюджеттiк процеске әдіснамалық басшылықты жүзеге асыру, мемлекеттiк шығыстардың бюджеттiк бағдарлама жасау әдiстерi мен функционалдық талдау әдiстемесiн енгiзу;
      24) мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу саясаты мен кредит саясатын әзiрлеу;
      25) мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борыш пен қарыз алуды жоспарлау және оның мониторингiн жүзеге асыру;
      26) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп мемлекеттiк және мемлекет кепілдiк берген борыш пен қарыз алуды алдағы 10 жылдық кезеңге арналған жыл сайынғы болжамдау мен бағалауды жүзеге асыру;
      27) халықаралық экономикалық ынтымақтастық жөнiндегі мемлекеттiк органдардың жұмыстарын үйлестiру, халықаралық қаржы және экономикалық ұйымдармен, донор елдермен, рейтингтік агенттiктермен өзара әрекет ету;
      28) халықаралық қаржы және экономикалық ұйымдардан және донор елдерден қаржылық және техникалық көмектердi тартудың және пайдаланудың басым бағыттарын айқындау және оның үйлестiрілуiн жүзеге асыру;
      29) атқарушы билiк органдарының құрылымдары мен өзара әрекет етуiн жетілдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу, мемлекеттiк органдармен бiрлесе отырып атқарушы билiк органдарының қаржы-экономикалық функциялары мен өкiлеттiктерiн анықтайтын нормативтiк кесiмдердi әзiрлеуге қатысу;
      30) Министрлiктiң құзыретiне енетiн бағыттар бойынша мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламаларды әзiрлеу;
      31) конкурстық негiзде қолданбалы ғылыми-техникалық зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыру;
      31-1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасының Жұмылдыру жоспарын әзiрлеу және оны iске асыруды үйлестiру; <*>
      31-2) жұмылдыру даярлығы мен жұмылдыруды ғылыми және әдiстемелiк қамтамасыз ету; <*>
      32) өз қызметi саласында заңнаманың қолданылу тәжiрибесiн талдау және қорытындылау, оны жетілдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, заңнамалық және өзге нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын дайындауға қатысу, оларды Үкiметтiң қарауына енгiзу;
      33) Қазақстан Республикасының және басқа да елдердiң ұйымдарымен келiссөздер жүргiзу және шарттар жасасу;
      33-1) республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк органдардың штат кестелерiне талдау жүргiзу; <*>
      33-2) еңбекақы төлеу жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды iске асыруға арналған шығыстарға есептемелер жүргiзу және оларды жоспарлау; <*>
      33-3) заңнамада белгiленген тәртiппен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары ұсынған болжамды көрсеткiштердi:
      жергiлiктi бюджетке түсетiн түсiмдердi;
      тиiстi қаржы жылының соңына облыс, Астана және Алматы қалалары жергілiктi атқарушы органының борышы көлемiн;
      облыс, Астана және Алматы қалалары жергiлiктi атқарушы органының борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығындар көлемiн келiседi; <*>
      34) оған заңнамамен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
       Ескерту. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.08.20. N 837   қаулысымен .
       Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.02.11. N 167   қаулысымен .

      11. Министрлiктiң өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар енгiзуге;
      2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың индикативтi жоспарлардың, Үкiмет Бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарларының iске асырылуын бақылауды жүзеге асыруға;
      3) Қазақстан Республикасының Үкiметiне Yкiмет Бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын түзету жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      3-1) мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламаларды одан әpi iске асырудың орындылығы туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Yкiметiне енгiзуге; <*>
      4) өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажеттi ақпаратты сұрауға және алуға;
      5) өз құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық кесiмдер шығаруға;
      6) өз құзыретi шегiнде келiссөздер жүргiзуге және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуға, сондай-ақ шетелдiк заңды тұлғалармен келiсiмдер жасасуға;
      7) сараптамалар мен консультациялар жүргiзу үшiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың мамандарын, сондай-ақ тәуелсiз сарапшыларды тартуға;
      8) Министрліктің қарауындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындармен мемлекеттiк басқару органы болып әрекет етуге;
      9) Министрлiкке ғылыми зерттеулерге бөлiнген қаражаттың шегiнде маңызды ғылыми қаржы-экономикалық жұмыстардың тiзбесiн анықтауға, белгiленген тәртiппен Министрлiктiң құзыретiне енетiн мәселелердi әзiрлеу үшiн ғылыми-зерттеу ұйымдарын, сондай-ақ жекелеген мамандарды тартуға;
      10) оған заңнамамен жүктелген өзге де құқықтарға құқығы бар.
       Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.02.11. N 167   қаулысымен .

  3. Министрлiктiң мүлкі

      12. Министрлiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
      Министрлiктiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптасады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Министрлiктiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.

      13. Министрлiкке бекiтiлген мүлiк республикалық меншікке жатады.

      14. Министрлiктiң өзiне бекітiлген мүлiктi және егер заңнамалық кесiмде өзгеше белгiленбесе, оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өздiгiнен иелiктен айыруға немесе өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

  4. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру

      15. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Министр басқарады.
      Министрдің өзiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкіметi лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын орынбасарлары (вице-министрлерi) оның iшiнде бiр бiрiншi вице-министрi болады.

      16. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшiн дербес жауаптылықта болады.

      17. Министр осы мақсатта:
      1) өзiнiң орынбасарлары мен Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкілеттіктерiн айқындайды;
      2) заңнамаға сәйкес Министрлiктiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) заңнамада белгiленген тәртiппен Министрлiктiң қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады;
      4) Министрдiң бұйрықтарына қол қояды;
      5) өз құзыретi шегiнде Министрлiктiң құрылымын және құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi бекiтедi;
      6) барлық мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Министрлiктi білдiредi;
      7) Министрлiк жұмысының регламентiн бекiтедi;
      8) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      18. Министрлiк қабылдайтын шешiмдер Министрдiң бұйрықтарымен ресiмделедi.

      19. Министрлiктiң Министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының қатарынан Министр бекiтедi.

  5. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату

      20. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату заңнамада белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

      Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң          
2002 жылғы 4 қыркүйектегi   
N 970 қаулысымен       
бекiтiлген          

       Ескерту. Қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.08.20. N 837   қаулысымен ("Экономикалық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорынына қатысты 2002 жылғы 1 қарашадан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданады).

Қазақстан Республикасы Экономика және
бюджеттiк жоспарлау министрлiгінiң қарамағындағы
ұйымдардың тізбесі

      1. <*> 
       Ескерту: 1-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.08.03. N 825  қаулысымен
      2. "Экономикалық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргізу құқығында).
      3. "Арнайы бағдарламалардың ғылыми-әдiстемелiк орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады