"Атасуруда" ашық акционерлiк қоғамының конкурстық массасын сатудың ерекше шарттары мен тәртiбi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 7 қыркүйек N 986

      "Атасуруда" ашық акционерлiк қоғамының ауыр қаржы-экономикалық жағдайына байланысты, өндiрiстiк қызметтің үздіксiздігін сақтау және қамтамасыз ету, "Батыс Қаражал" кенiшiнде жаңа горизонттың құрылысын салу, сондай-ақ Қарағанды облысы Қаражал қаласының әлеуметтік инфрақұрылымын қалпына келтiру мақсатында, "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Z970067_ Заңының 2-бабы 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының экономикасы үшін оның маңызды стратегиялық мәнiн ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігi белгiленген тәртіппен "Атасуруда" ашық акционерлік қоғамын (бұдан әрi - Қоғам) оңалту рәсiмiн тоқтатуға және конкурстық iс жүргiзуiн ашуға бастамашылық жасасын.
      2. Сот конкурстық iс жүргiзудi ашу туралы шешiм шығарған жағдайда мыналарды:
      1) бiртұтас лотпен негiзгi тау-кен қайта өңдеу өндiрiсi түрiндегі оның мүлкiнiң бiр бөлiгiн сатуды;
      2) әкiмшiлiк шығыстардың және бiрiншi, екiншi және үшiншi кезектердегі, сондай-ақ "Салық төлеушiлердi салық есебiне аударым жасау тәсiлiне көшіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 20 маусымдағы N 1001 P971001_ қаулысының 2-тармағына сәйкес салық органдары Қоғамға мерзiмiн ұзартуға рұқсат берген берешек сомасының шегерімімен төртiншi кезектегi кредиторлар талаптарының сомасынан төмен емес бiртұтас лотты сатудың ең төменгi бағасын;
      3) Қоғамның өндiрiстiк қызметiн тоқтатпастан конкурстық iстi жүргiзудi;
      4) заңнамаға сәйкес конкурстық iс жүргізу кезеңiнде бiртұтас лотқа енгiзiлген объектiлерді сенiмгерлiк басқаруды, оның ішінде 1994 жылғы 30 қарашадағы МГ N 62 лицензия бойынша және 1997 жылғы 10 ақпандағы МГ N 10045 (жерасты сулары) лицензия бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын белгілеу туралы "Испат - Қармет" ашық акционерлiк қоғамының немесе оның аффилирленген тұлғасының ұсыныстарын конкурстық басқарушының қабылдауын көздейтiн Қоғамның конкурстық массасын сатудың ерекше шарттары мен тәртiбi белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Жекешелендiру жөнiндегi департаментi қол қойған 1997 жылғы 13 тамыздағы N 04/040-97 сатып алу-сату келiсiм-шартының талаптары бiртұтас лотты сатып алушыға қолданылмайтындығы назарға алынсын.
      4. Сатып алу-сату шартына енгiзу жолымен бiртұтас лотты сатып алушыға мынадай қосымша талаптар белгiленсiн:
      1) сатып алушының бiртұтас лотты сатып алу-сату шартын жасасу сәтiнен бастап одан кейiнгi 12 күнтiзбелiк ай iшiнде 500000 тоннадан кем емес руданы өндіруді қамтамасыз ету;
      2) саны 1000 адамнан кем емес қызметкерлердiң жұмыспен қамтылуын сатып алушының қамтамасыз етуi;
      3) сатып алушының Қарағанды облысының әкiмiмен келiсiм бойынша конкурстық массаға енген Қарағанды облысы Қаражал қаласының әлеуметтік инфрақұрылымы объектілерiнiң тiршiлiк әрекетiн қамтамасыз ету бойынша мiндеттемелерді қабылдауы;
      4) сатып алушының "Испат - Қармет" ашық акционерлiк қоғамына немесе оның аффилирленген тұлғасына 2001 жылғы 1 маусымдағы сенiмгерлiк басқаруға арналған шартқа қол қойылған сәтiнен бастап "Атасуруда" ашық акционерлiк қоғамына салынған және Қоғамның оңалту әрi конкурстық iс жүргiзуiнiң әкiмшiлiк шығыстары сомасына заңнамаға сәйкес енген шығындарды өтеу

 

жөнiндегi мiндеттемелерді қабылдауы.

     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары А.С.Павловқа жүктелсiн.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады